1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе


Азаматтық-саяси қайшылықтар



Pdf көрінісі
бет4/61
Дата04.11.2022
өлшемі4,71 Mb.
#156557
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
1-ші та ырып. аза станны азіргі заман тарихына кіріспе

Азаматтық-саяси қайшылықтар 
 
Уақытша үкіметтің халық күткен аграрлық мәселені шеше алмауы
халықтарға өзін-өзі билеуі немесе автономия алу мәселесін күн тәртібіне қоюға 
тырыспауы, жұмысшыларға 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу сияқты көкейкесті 
мәселелерді шешпеуі халық наразылығын одан әрі күшейтті. 1917 ж. жазының 
соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның Уақытша 
үкіметке деген қарсылығы өсе түсті. Бұл Кеңестердегі большевиктердің 
ықпалының артуына жағдай жасады. Ал Корнилов бүлігінің талқандалуы 
большевиктер беделін біржола көтерді. Осындай жағдайда большевиктер 
партиясы халықты қарулы көтеріліске, Уақытша үкіметті құлатуға, пролетариат 
диктатурасын орнатуға шақырды. 
1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. 
Келесі күні көтерілісшілер қаланың ең маңызды объектілерін басып алды. 1917 
ж. 25 қазанда (7 қарашада) Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің 
билігінің жойылғандығын жариялады. Осылайша Қазан төңкерісі жеңіске 
жетті. 
Қазан қарулы көтерілісінің Петроградта жеңіске жетуі, сондай-ақ 
Қазақстанмен іргелес Ташкент, Омбы, Орынбор, Астрахань тәрізді ірі 
қалаларда Кеңес өкіметінің орнауы Қазақстанда да биліктің Кеңестердің 
қолына өтуіне ықпал етті. Алайда Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату төрт айға, 
1917 ж. соңынан 1918 ж. наурызына дейін созылды. Бұл процесс аймақтың 
әлеуметтік-экономикалық 
және 
мәдени 
баяу 
дамуымен, 
ұлтаралық 
қатынастардың күрделілігімен, жұмысшылар мен большевиктік ұйымдардың 
аздығымен шиеленісе түсті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауына Ленин 
бастаған большевиктердің халыққа бейбітшілік, жұмысшыларға зауыт пен 
фабрика, шаруаларға жер, ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен бостандық беру 
жөніндегі уәдесі өз септігін тигізді. Кеңес үкіметін орнатуға Орал, Жетісу, 
Сібір, Орынбор казак әскерлері мен құлаған Уақытша үкіметтің жақтастарының 
табанды қарсылық көрсетуі жағдайды одан әрі шиеленістіре түсті. 
Кеңес өкіметі Уақытша үкіметтің жақтастары қарулы қарсылық көрсете 
алмаған Сырдария, Ақмола облыстары және Бөкей Ордасында бейбіт жолмен 
орнады. Ал, Торғай, Орал, Орынбор, Семей және Жетісу облыстарында Кеңес 
өкіметін орнату үшін қиян-кескі күрес болды. Облыстық орталықтар мен уездік 
қалаларда кеңес өкіметі қызыл гвардиялық отрядтардың және жергілікті 
горнизондар солдаттарының қарулы көтерілісі арқылы орнады. Перовск 
(Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 ж. 30 қазанда 
(12 қараша) өз қолына алды. Ташкентте Кеңес үкіметі 1917 жылы 1 қарашада 
кескілескен ұрыс нәтижесінде орнады. Ал 1917 жылдың қараша айының орта 
кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша-желтоқсан 
айларында Кеңес өкіметі Әулиеатада, Түркістанда, Қазалыда, Арал 
поселкесінде және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде бейбіт жолмен 
орнады. Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Өскемен уездерінде казак-орыс 
әскерлерінің басым болуынан Кеңес өкіметі үшін күрес біраз қиындыққа 


кездесті. Кеңес өкіметі 1918 ж. наурыз айында Жаркентте, Сергиопольде 
(Аягөзде), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады. 
1917 ж. соңы мен 1918 ж. наурызы аралығында Кеңес өкіметі Қазақстанда 
негізінен қалалар мен басқа да ірі халық тығыз орналасқан жерлерде орнады. 
Кеңес өкіметін орнатумен бірге өлкенің шаруашылығы мен мәдениетін қайта 
құру шаралары қатар жүргізілді. Өнеркәсіп орындарында, мәселен Спасск 
зауытында, Қарағанды шахтасында, Успен кенішінде, Ембі мұнай 
кәсіпорындарында бақылау қойылып, сондай-ақ банктер мемлекет меншігіне 
көшірілді. Кеңестердің 2- Бүкілресейлік съезінде қабылданған Жер туралы 
декрет бойынша алғашқы шаралар жүргізіле бастады. 
Қазан төңкерісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ облыстық және уездік 
орталықтарда да жұмысшылар мен шаруалардың өкіметін нығайту ісі, ауылдық 
және селолық Кеңестерді құру ісімен бірге жүргізілді. Алайда ауылдың 
экономикалық 
және 
мәдени 
жағынан 
артта 
қалуынан 
туындаған 
қиыншылықтар, әлі де күшті рулық байланыстар қазақ ауылдары мен 
болыстарында Кеңес өкіметінің органдарын ұйымдастыру жөніндегі 
жұмыстарын қиындатты. 1918 жылдың күзінен бастап басқарудағы ала-
құлалық жойылып, билік Кеңес атқару комитеттері қолына алына бастады. 
Сонда да болса, ауыл-селоларда әлі Кеңестер күш ала алмай жатты. Кеңес 
өкіметінің нұсқау, жарлықтарын іске асыруға қарсылық күшті болды. Халық 
азық-түлік тапшылығынан зардап шекті. Кеңес өкіметіне қарсы күштер бас 
көтерді. Кеңеске қарсы күштердің қарсылығын басу үшін, жергілікті жерлерде 
өкімет билігін нығайту қажет болды. Кеңес өкіметін нығайту жолындағы 
күресте облыстық және уездік кеңестер съездері көп рөл атқарды. Облыстық, 
уездік, болыстық кеңестерде жер, азық-түлік, шаруашылық, сот, бақылау, 
қаржы бөлімдерінің жұмысын жолға қоюға бағытталған шаралар іске 
асырылды. Кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б. бөлімдері 
ашылды. Кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істей бастады. 
Осындай төңкерістік шараларды іске асыру барысында, асыра сілтеушілік, 
солақайлық, теріс әрекеттер орын алып, Кеңес өкіметіне деген сенімсіздік 
күшейді. 
Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін ұлттық, ең алдымен ұлттық-мемлекеттік 
құрылыс мәселелері өткір сипат алып, талқылана бастады. Кеңес өкіметінің 
ұлттық саясатының негізгі принциптері маңызды екі құжатта - 1917 ж. 2 (16) 
қарашада қабылданған «Ресей халықтары құқықтарының Декларациясында» 
және 1917 ж. 20 қарашада жарияланған Кеңес өкіметінің «Барлық Ресей және 
Шығыс мұсылман еңбекшілеріне» үндеуінде көрініс тапты. 1918 ж. қаңтарда 
кеңестердің Бүкілресейлік 3-съезінде В.И.Лениннің дайындаған «Еңбекшілер 
мен қаналған халықтардың құқықтары Декларациясы» қабылданды. Бұл 
құжатта Коммунистік партияның кеңес республикасының мемлекеттік 
құрылымы түріндегі кеңестік федерацияны ымырасыз жақтайтыны айқын 
көрсетілді. Декларацияда «Кеңестік Ресей Республикасы еркін ұлттар одағының 
негізіндегі кеңестік ұлттық республикалардың федерациясы түрінде құрылады» 
делінген. 


РКФСР құрылғаннан кейін елдің Шығысында жаңа автономиялық 
республикаларды құруға дайындық жұмыстары басталды. Большевиктік 
ұйымдар, Қазақстан және Түркістанның Кеңестері кеңестік бүкілқазақ, 
бүкілтүркістандық съездерін шақыруға дайындала бастады. 1918 ж. көктемінде 
еліміздің шығысында Түркістан автономиялық Кеңестік социалистік 
республикасы құрылды. Оның құрылуы 1918 ж. сәуірдің 20-нан 1 мамырға 
дейін Ташкент қаласында өткен Түркістан өлкесі Кеңестерінің V съезінде іске 
асты. Қазіргі Қазақстанның оңтүстік аймағы (бұрынғы Сырдария және Жетісу 
облыстары) Түркістан автономиясының құрамына кірді. Бірақта 1918 ж. 
қаңтарда кеңестердің 3-ші Бүкілресейлік съезі Ленин дайындаған «Еңбекшілер 
мен қаналушы халықтар құқықтарының Декларациясында» өзге ұлттардың 
өзін-өзі билеу құқы жоққа шығарылды. Осылайша, әуелі 1918 ж. 5 қаңтарында 
Бүкілресейлік құрылтай жиналысы, одан кейін 5 ақпанда Ташкент кеңесі 
шешімімен Қоқан қаласы шабуылмен алынып, Түркістан автономиясы күшпен 
таратылды. Қазақстанның қалған жерінде - Торғай, Орал, Ақмола, Семей 
облыстарында және Маңғыстауда қазақ кеңестік мемлекеттілігін құруға 
дайындық жөніндегі күрделі жұмыс одан әрі жалғастырылды. Қазан 
төңкерісінен бұрын-ақ қазақ либералдық-демократиялық қозғалысының 
жетекшілері Қазақстанда кеңестердің бүкілқазақ съезін шақыруға дайындық 
жұмыстары кеңес өкіметін нығайту процесімен қатар жүргізілді. Мұның өзі 
шын мәнінде кеңестік мемлекеттікті құру және оны бекіту үшін күрес екендігін 
көрсетті. Қазақ зиялылары мемлекет құру процесінің кеңестік жолмен 
шешілуімен келісе алмады. Мұндай қарсылықтың себептері мынада еді: бірінші 
- қазақ зиялылары әуел бастан тәуелсіз ұлттық автономия құруды жоспарласа, 
екінші - олар Қазан төңкерісін қабылдамады, сөйтіп Кеңес үкіметін 
мойындамады, оны заңсыз орнаған үкімет деп есептеді. Сондықтанда «Алаш» 
зиялылары ұлттық мемлекет құру үшін күрес жүргізді. Ә.Бөкейхан, 
А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Е.Ғұмаров, Е.Тұрмұхамедов, Ғ.Жүндібаев, 
Е.Бірімжанов құрастырған бағдарламаның жобасы «Қазақ» газетінің 1917 ж. 21 
қарашадағы санында жарияланды. Бағдарламаның жобасы он тармақтан тұрды. 
Осы бағдарлама Құрылтай жиналысына сайлауда «Алаш» партиясының ірі 
табысқа жетуін қамтамасыз етті және 1917 ж. 5-12 желтоқсанда Орынборда 
өткен Екінші жалпықазақтық съезде қазақ халқының әртүрлі топтарының 
өкілдерін біріктірді. Төралқа төрағасы Бақтыгерей Құлманов және 
орынбасарлары Әлихан Бөкейхан, Әзімхан Кенесарин, Халел Досмұхамедов 
және Омар Қарашев басқарған съезд Қазан төңкерісіне байланысты тез өзгеріп 
жатқан саяси жағдайдағы «Алаш» партиясының міндеттерін, қазақ 
автономиясын құру және оның үкіметін қалыптастыру мәселелеріне бірінші 
кезекте көңіл бөле отырып, қарастырды. 
Съезде қазақ автономиясы құрамына Бөкей ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, 
Семей, Жетісу облыстары және Закаспий облысы мен Алтай губерниясының 
қазақтар мекендеген аудандары енуге тиіс деп шешті. Съезд Уақытша үкімет 
құлатылғаннан кейін қалалар мен селоларда, далада қазақтардың өмір сүруіне 
қауіп-қатер туғызған бей-берекеттік күннен-күнге күшейіп бара жатқандығын 
атап көрсетті. Сондықтан съезд қазақ халқын «аман алып қалу мақсатымен» 


«Уақытша Халық Кеңесі» түріндегі билік құру, оған Алаш-Орда (Алаш 
автономиясының үкіметі) деген ат беру жөнінде шешім қабылдап және бүкіл 
қазақ халқына «бағынатын үкіметіміз осы деп сеніп... басқа үкіметті 
мойындамай, өз үкіметінің әмірін екі қылмай орындау керектігі» баса 
ескертілді. Съезд қазақ милициясын құру жоспарын жасады. Оның әрбір облыс 
бойынша белгілі бір сандық құрамы, уездер бойынша үйрету мен жабдықтау 
шаралары белгіленді. Милицияны қару-жарақпен қамтамасыз етуді орталық 
әкімшілік салық салу арқылы алынатын қаржы есебінен жүзеге асыруға тиіс 
болды. 
Ұлттардың өзін-өзі билеу құқығын талап етуін заңды процесс ретінде 
түсінген «Алаш» азаматтары Кеңес өкіметімен келіссөздер жүргізіп, ұлттық 
автономия мәселесін шешуді қолға алды. Осы мақсатта 1918 ж. наурызында 
Алашорда үкіметінің тапсыруымен Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер 
Оралдан Мәскеуге барып, Халық Комиссары Кеңесінің төрағасы В.И. 
Ленинмен және Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В. Сталинмен 
кездесіп, оларға 1917 ж. желтоқсанда өткен ІІ - ші қазақ-қырғыз съезінің 
қаулысын табыс етті. И.В. Сталин қаулымен танысқаннан кейін 1918 жылы 19-
20 наурызда Семейдегі Ә.Бөкейхан және X. Ғаббасовпен телефон арқылы 
сөйлесті. Сөз Алашорда автономиясының мәртебесі туралы болды. Телефон 
арқылы сұхбаттасудағы И.Сталиннің сөзі «Сарыарқа» газетінің беттерінде 
қазақ тіліне аударылып жарияланды. Газетте: «Ресейдегі халықтардың 
құқықтары туралы халық комиссарлары шығарған белгілі ережесі бұл күнге ұлт 
мәселесі тақырыбын кеңес өкіметінің негізгі қызмет жобасы етіп келеді. 
Үшінші советтер съезі осы ережені жалғастыруға қаулы қылды. Өзінің бізге 
тапсырып отырған жалпықазақ съезінің қаулысы түгелімен жоғарғы жобаға сай 
келеді. Бірақ жалғыз-ақ шарт қоямыз: егер сіздің съездің қаулысы 
өкілдеріңіздің совет өкіметін тануға қарсы болмаса болғаны. Үшінші советтер 
съезі советтік федерация жобасын жасап, бұл жоба Советтер съезінің бекітуіне 
салынсын деп қаулы қабылданды. Бұған қарағанда енді сөзді қойып, іске кірісу 
керек, яғни тұрмысы бір, салты басқа халықтар жергілікті советтермен 
қосылып, автономия, федерациялау, тегінде басыбайлы бөлініп кету секілді ұлт 
ниеттерін жарыққа шығаруға съезд шақыратын комиссия құруға тырысу керек. 
Біз ойлаймыз, жалпы қазақ-қырғыздың өкілдері тез қамданып, ыңғайлы 
уақытты өткізбей, жергілікті Советтермен бірігіп, әлгідей комиссияны кұрар. 
Сізден өтінетініміз, біздің осы жобамызды Алашорданың Кеңесіне салып жауап 
қайтарсаңыздар екен», - деген мазмұнда болды. 
Бұл берілген Сталин сөзіндегі ең елеулі нәрсе оның жалпы қазақ съезі 
қаулысы мен Ресей халықтарының құқығы туралы декларацияның өзара үндес 
екендігін мойындауы еді. Міне, осы үндестік Кеңес өкіметіне Алашорданы 
мойындауға негіз болатындығын білдіріп, Сталин тек жалғыз ғана шарт қояды. 
Ол өз ретінде Алашорданың Кеңес өкіметін мойындайтындығын мәлімдеуі 
болатын. И.Сталиннің сөзінен тағы бір жағдайды анық аңғаруға болады. Кеңес 
өкіметі «басыбайлы бөлініп кету секілді ұлт ниеттерін жарыққа шығару» үшін 
ең алдымен оны мойындау қажеттілігін талап етті. Сонымен бірге автономия 
алу мәселесі орталықта шешілетіндігін ескертті. Алашордашылар үшін мұндай 


жағдай қиындық тудырғанымен олар И.Сталиннің ұсынысын талқылап, 
автономияға қатысты өз шешімдерін мәлімдеді. Ол қаулы төмендегідей еді: 
1918 жылы наурыздың 21-інде Алашорданың мүшелері ұлт жұмысын 
басқарушы халық комиссары Сталиннің Алаш автономиясы туралы айтқан 
сөзінен кейін Кеңес өкіметін Ресейдегі барлық автономиялы халықтардың 
кіндік өкіметі деуге қаулы қылып, төмендегі өз шарттарын білдіріп: 
«Желтоқсанның 5-нен 13-іне дейін Орынборда болған ІІ-ші жалпы қазақ 
съезінің 
қаулысы 
бойынша 
тоқтаусыз 
Алаш 
автономиясын 
жариялайтындықтарын, Алаш автономиясының құрамына: Семей, Ақмола, 
Торғай, Орал, Сырдария, Ферғана, Жетісу, Бөкей ордасы, Закаспий облысының 
Маңғышлақ уезі, Самарқанд облысының Жизақ уезі, Әмудария бөлімі, Алтай 
губерниясына қараған Бийскі, Барнауыл, Змеиногор уездеріндегі қазақтар 
мекендеген аудандар енуге тиістін, Алаш автономиясында заң шығаратын, ел 
билейтін үкімет Алашорда болатындығын, Қазақ-қырғыз істері туралы елші 
ретінде совет өкіметінің қасында болуға Алашорда мүшелері Халел һәм 
Жаһанша Досмұхамедовтар жіберілетіндігін ескертіп, жергілікті Советтердің 
бұйрығы бойынша ұсталып, абақтыда жатқан Алашорданың мүшелерін 
тоқтаусыз босатып, мұнан былай оларды өтірік шағым, жаламен қуғын-сүргінге 
ұшыратуды тоқтатуды» талап етті. 
Өкінішке орай, Ұлт істері жөніндегі халық комиссары Алашорданың қойған 
талап-шарттарына 
тікелей 
ресми 
түрде 
жауап 
бермеді. 
Себебі, 
алашордалықтардың автономия құру жөніндегі талаптары Кеңес өкіметінің 
мүддесіне қайшы келетін еді. Ұлт мәселесін пролетарлық диктатураның 
құрамдас бөлігі ретінде қарастыратын кеңес өкіметіне алаштықтардың 
ұсынысы керағар болғандығын аңғару қиын емес. Сондықтан да 1918 жылдың 
28 наурызында Мәскеуден Семейдегі Қазақ комитетіне И.Сталин және 
мұсылмандар ісі бойынша комиссар Вахитов қол қойған жеделхат келді. 
Жеделхатта «қырғыз істері бойынша Комиссариат құру үшін тез арада өкілдер 
жіберу» жөнінде айтылды. Мұның өзі Кеңес өкіметінің өлкедегі барлық істі өз 
қолдарына алғандығын көрсетті. 
Осы жылдың 29-наурызында Семейге Х.Ғаббасовтың атына Мәскеудегі 
Алашорда үкіметінің өкілдері Халел және Жаһанша Досмұхамедовтерден 
жеделхат келді. Онда Кеңес өкіметінің тұтқынға алынған қазақ қайраткерлерін 
тегіс босату туралы облыстық кеңестерге әмір бергендігі және Алашорда 
өкіметінің қойған талаптарына таяу арада жауап беруге уәде еткендігі айтыл-
ды. Жеделхатта Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты жанынан қазақ 
бөлімі ашылып, оның құрамына қазақ халқының өкілдерін сайлау құқығы 
Алашордаға берілетіндігі де айтылған. «Сырдария» газетінде жарияланған 
осындай мәліметтер шындыққа жанасады. Оған дәлел ретінде Алашорда 
атынан РКФСР-дің Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И. Сталинмен 
Семейден тура телеграф сымы арқылы келіссөз жүргізген Халел Ғаббасовтың 
1929 жылғы қарашаның 10-ында ОГПУ-дің тергеушісіне берген жауабын 
келтіруге болады. Онда былай делінген: «Келіссөздерде мен Совет өкіметінің 
декларациясының идеяларына сәйкес қазақ халқының өзін-өзі билеу 
құқығының кедергісіз жүзеге асырылуын талап еттім. Барлығы есімде жоқ, 


дегенмен де мен он төрт тармақтан тұратын талаптар қойдым. Олардың 
жадымда қалған негізгілері: таратылған қазақ мекемелерін қалпына келтіру, 
Совет өкіметі жағдайындағы ұлттық автономияны құру, қазақ халқының 
тұтқынға алынған қайраткерлерін босату. Сталиннің жауабының мазмұны 
Алашорда Совет өкіметін мойындағанда ғана Қазақстанның Құрылтай съезін 
шақыруға әрекеттер жасалады дегенге сайды... Біз Сталинге телеграф арқылы 
Совет өкіметін мойындайтынымызды мәлімдеп, сол кезде Москвада жүрген 
Досмұхамедовтерге Орталық үкімет алдында біздің мүдделерімізді қорғауды 
тапсырдық». Осылайша Халел және Жаһанша Досмұхамедовтердің Мәскеуге 
Кеңес үкіметі басшыларымен кездесулері мен телеграф арқылы Сталинмен 
жүргізген келіссөздерінде кеңес үкіметінің ұлттық тұтастық негіздегі қазақ 
мемлекеттігін мойындамайтындығын, тек кеңестік негіздегі автономия беруге 
даяр екендігін көрсетіп берді. Қысқасы Кеңес үкіметінің бұл мәселе жөніндегі 
ұстанымы: «Өзін-өзі билеу принципі социализм үшін күрес құралы болу керек 
және социализм мүдделеріне бағындырылуы тиіс», - дегенге сайды. Кеңес 
өкіметінің мұндай ұстанымы Семей облысынан өзге де кеңестерге В.И. Ленин 
мен И.Сталиннің атынан жолданған жеделхаттардан айқын көрінді. Мәселен, 
Ақмола Кеңесі Мәскеуден келіссөздер жүргізу нәтижесінде орталықтан 
мынадай мазмұндағы жеделхат алған, онда: «Кеңес билігі большевиктердің 
қабылданған бағдарламасына сәйкес патша өкіметі кезінде қаналған барлық 
халықтарға автономия береді. Қазақ халқы өз территориясына лайық автономия 
құруға дайындала берсін», - делінген. 
Әйтсе де іс жүзінде Кеңес өкіметі Алашорда үкіметінің өзін де, талаптарын 
да мойындағысы келмеді. Сондықтан да Х.Ғаббасов 1918 жылдың 1 сәуірінде 
РКФСР Халық Комиссарлары мен Ұлт істері жөніндегі комиссариатқа 
жеделхат жолдап, қазақ халқының ұлттық тұтастық мүддесін көздейтін 
Алашорда өкіметін тез арада ресми түрде мойындауын тағы да талап етті. 
Кеңес өкіметі мұндай талаптарды жауапсыз қалдырды. Осылайша 
алаштықтардың Кеңес үкіметі шеңберінде біртұтас ұлттық мемлекет құруға 
талпынысы нәтижесіз аяқталды. Большевиктердің Қазақ жеріндегі ең елеулі 
саяси қарсыластары Алаш партиясы еді. Сондықтан Ленин мен Сталин Алаш 
көсемдерінің талабын қабылдамады. 
Азамат соғысы үкімет үшін күрестің жалғасы болды, сол себепті де 
революция мен азамат соғысы арасында ешбір дәл шекара болған емес. Кеңес 
үкіметінің белсенді әрекеттеріне қарамастан, Қазақстанда азамат соғысының 
ошақтары өте тез пайда болды: 1917 ж. қарашаның аяғында Орынборда атаман 
Дутовтың басшылығымен ақ гвардия әскерлері Орынбордағы Кеңес күштерін 
шегіндіріп, билікті басып алды. Сол айда Жетісуда казак әскерлері кеңесінің 
«әскери үкіметі» және революцияға қарсы ошақ Оралда да құрылды. Құрылған 
облыстық әскери үкімет көп ұзамай жергілікті кеңесті таратып, өкіметті басып 
алды. Сөйтіп, Верныйда және Орал қалаларында ақгвардия диктатурасы 
орнатылды. Бұл үш «әскери үкімет» Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы 
қозғалыстың басты күші болып табылды. Олар ақгвардиялық офицерлерге, 
ауыл-село шаруаларына сүйенді және «Алаш» партиясының жетекшілерінен 
қолдау тапты. 


Жоғарыда атап көрсеткендей 1918 жылдың көктемінде кеңестік билік 
тарапынан түсінушілік пен қолдау табудан күдер үзген Алашорда, енді 
большевиктерге қарсы ымырасыз күрес жүргізуге ұйғарып, Сібір Уақытша 
үкіметі (Омбы) мен Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы мүшелерінің (Комуч) 
Самар комитеті қолдауына сүйеніп, Алаш автономиясын жүзеге асыруға кірісті. 
Сөйтіп, азамат соғысының бастапқы кезеңінде алашордашылар ақтармен 
одақтасып, қызылдарға қарсы соғысты. 1918 ж. шілде мен тамы- зында 
Ә.Бөкейхан, Ә.Ермеков пен әскери бөлім меңгерушісі капитан Қ.Тоқтамысов 
Самар мен Омбыда Комуч пен Сібір уақытша үкіметтері әскери ведомстволары 
өкілдерімен кездесіп, Алаш орданың қарулы күштерін құру жөнінде 
келіссөздер жүргізді. Алашорда Батыс бөлімінің басшылары Халел мен 
Жаһанша Досмұхамедовтар Комуч арқылы Самарадан 600 винтовка мен 
пулемет алды және таяу уақытта 2000 адамнан қазақ отрядтарын 
ұйымдастыруға уәде береді. Торғай тобына 300 мылтығы, 20000 патрон, әскери 
киім-кешек бөлінді. Дутовтың көмегімен екі атты Алаш полкі: біріншісі - 
Қостанайда, екіншісі - Ырғызда құрыла бастады. 1918 жылы тамызда Семей 
қаласында құрамында 38 офицері мен 750 жауынгері бар Бірінші Алаш атты 
әскер полкі ұйымдастырылды. Ақ гвардияшылардың көмегімен асығыс 
үйретілген Алаш отрядтары көп ұзамай Қызыл Армияға қарсы шайқастарға 
қатысты. 
1918 ж. жазында азамат соғысы өршіп, кең етек алды. Сібір мен Оралда 
шоғырланған Чехословакия корпусының офицерлері бүлік шығаруына 
байланысты әскери қақтығыстар күшейе түсті. Бұл корпус революцияға дейін 
Австро-венгрияның тұтқын солдаттарынан - чехтар мен словактар қатарынан 
құрылған еді. Осы корпустың бөлімдері революцияға қарсы ішкі күштермен 
қоян-қолтық бірлесіп, Ақмола, Петропавл, Атбасар, Қостанай қалаларын басып 
алды. 
1918 ж. 2 шілдеде Дутов басқарған әскер Орынборды екінші рет басып алды 
да, Түркістанды орталық Ресейден бөліп тастады. Қызыл Армия бөлімі (10 мың 
адамға жуық) Орынбор қаласын тастап 2 топқа бөлінді. В.Г. Блюхер және Н. 
Каширин отрядтары солтүстікке кетіп, Шығыс майданның негізін құрды. Басқа 
бөлімдер Ақтөбе және Орск қалаларына шегініп, 1918 жылы шілде айында Г.В. 
Зиновьевтің басшылығындағы бір армияға бірікті. Қызыл Армия күштері қанды 
қақтығыстар жүргізіп Орскіні ұстап тұрды. 
Орынборды алу операциясына Ақтөбе майданының әскерлері мен Шығыс 
майданының әскерлері қатысты. 1918 ж. 29 желтоқсанда ауа райының 
қиындығына қарамастан шабуыл басталды, Дутов ақ гвар- дияшылары екі 
майданның әскерлерінің қысымынан жеңіліп, толық талқандалды. 1919 ж. 22-
қаңтарында Орынбор қаласы алынып, Түркістан аудандары мен Орталық Ресей 
арасындағы қатынасты қалпына келтірді. Осымен Ақтөбе майданының 
тарихтағы 1-кезеңі аяқталды (1918 шілде - 1919 қаңтар). 
Алашорданың Батыс бөлімімен бірлесіп әрекет еткен Дутов бөлімдері 
Орал-Гурьев ауданында генерал Толстов басқарған ақтардың негізгі 
күштерімен бірікті. 1918 ж. күзінде Орал ақтарымен күресу үшін «Ерекше 
армия» (кейінгі шығыс майданының 4-ші армиясы) құрылды. Жыл бойы 


Шығыс майданындағы Колчак әскерлерінің шешуші жеңісіне дейін Орал 
аймағы қолдан-қолға өтті. Орал облысында «Бірінші ерекше атты әскер» 
бригадасы құрылып, кейін Қызыл армияның 4-армиясының құрамына кірді. 4-
Армияның қолбасшысы болып М.В.Фрунзе тағайындалды. Оралды босату 
операциясына В.И.Чапаев басқарған 2-Николаев дивизиясы қатысты. 1919 ж. 
24-қаңтарда қала босатылды. Сөйтіп большевиктер үшін азамат соғысының 
алғашқы кезеңі сәтті аяқталды. 
1919 ж. көктемде Колчактың шабуылдауына байланысты Шығыс 
майданында жағдай бұрынғыдан да қиындай түсті. Колчак армиясы Орынбор 
мен Оралды алғаннан кейін Оңтүстік майдандағы генерал Деникинге қосылу 
қажет болды. Сондықтан бұл аудандағы әскери қимылдар М.В.Фрунзе 
басқарған Шығыс майданының Оңтүстік әскери бөліміне тапсырылды. 
Партиялық ұйымдар «Бәріміз Колчакқа қарсы күреске» деген ұранмен 
жұмысшылар, шаруалар, теміржолшыларды мобилизациялап, соғысқа 
аттандырды. Ақтөбе майданына Түркістан майданынан жүздеген ұлт өкілдері 
бар армия келіп қосылды. Майдан Түркістан АКСР-іне бағындырылды. 
П.Кобозев басқарған ТүрЦИК комиссиясы мен Жиляев арасындағы әскери 
келіспеушілік нәтижесі майдандағы жағдайды қиындата түсті. 1919 ж. шілде 
аяғында шабуылға шыққан ақ гвардияшылар кеңес әскерлерін ескі Арал 
теңізіне шегіндірді. Бұл кезде Шығыс майданының әскери бөлімдері 
Түркістанға көмекке келді. 
М.В.Фрунзенің ұсынысымен оңтүстік әскери топ Түркістан майданы болып 
бөлінді, олардың алдында: Орал мен Орынборды босату және Түркістанға 
экспедиция жіберу мақсаты тұрды. 1919 ж. 30 тамызы мен 1 қыркүйекте 
қарсыластар Ақтөбе майданына шабуыл бастады. 1919 ж. қыркүйегінде 
Түркістан, Ақтөбе майдандары Мұғалжар станциясында бірікті. Оңтүстік 
Колчак армиясының негізгі күші талқандалып, Түркістанға жол ашылды. 
1919 ж. жазында Шығыс майдандағы Колчак армиясының негізгі күшінің 
күйреуі батыс, солтүстік, солтүстік-шығыс Қазақстан мен Жетісуды азат етуге 
жағдай жасады. 1919 ж. аяғында Қазақстанның негізгі аумағы Дутов пен 
Анненковтың армияларының қалдықтарынан босатылып, 22 наурызда кеңес 
әскерлері Қапалды, 28 наурызда Арасан станциясын азат етті. 22 наурызда 
Үржар станциясын, 27 наурызда Бақты станциясын, 25 наурызда атаман 
Анненковтың ставкасы тұрған Үшаралды, 29 наурызда Қапал гарнизонын тізе 
бүктіріп, атаман Анненков және Дутов бастаған ақ гвардияшылардың 
қалдықтарын Қытайға қарай қуды. 1920 ж. 29 наурызында ең соңғы майдан 
Солтүстік Жетісу майданы жойылып, Кеңес үкіметі қайтадан қалпына 
келтірілді. 
Сонымен, 1920 жылы азамат соғысы аяқталып, онда қызылдар ақтарды 
талқандап, жеңіске жетті. Азамат соғысы жылдарындағы қызылдардың 
жеңісінің себептері: біріншіден, Кеңес өкіметіне қарсы күштер ұйымдасып, 
бірлесіп қимыл жасай алмады; екіншіден, ақ гвардияшылар өкіметі орнаған 
жерлерде Бұқара халыққа қарсы бағытталған шаралар жүзеге асырылып, оған 
керісінше Кеңес өкіметі тарапынан ұлттардың өзін-өзі билеу құқығының сөз 
жүзінде болса да мойындалуы; үшіншіден, Кеңес өкіметінің орта шаруалар- 


мен одақ құруы және 1919 жылы шілдеде Казревком құрылғанда қазақтардың 
жерге мұқтаждығын өтеу жөнінде сөз болып, Қазақстанға қоныс аударуды 
тоқтату мәселесі қойылды. Түбірлі революцияық сипатта болмағанмен бұл 
шаралар большевиктерге азамат соғысы кезінде ақтар мен қызылдар арасында 
ауытқыған қазақтардың көмегіне сүйенуге жағдай жасады; төртіншіден, 1919 
жылдың көктемінен бастап, Ахмет Байтұрсынұлы бастаған алашордашылар 
қызылдар жағына шықты. Себебі, олардың Колчактық орыс шовинистік 
көзқарастарынан үміттері үзілді. Ақтар билеушілері қазақ халқына ұлттық 
автономия бергісі келмеді, тіпті, өздерінің қолдап жүрген Алашорда үкіметін де 
мойындамады. Сібірдегі уақытша Бүкілресейлік үкімет 1918 жылы 22 қазан - 4 
қарашадағы грамотасымен Алашорда Халық Кеңесі үкіметін таратып жіберді. 
Сонымен қатар, Сібір үкіметі Алаш автономиясын қазақтың аумақтық 
мемлекеттігі деп танудан бас тартты. Оған қоса, 1919 жылы жазға қарай ақтар 
Сібірде жеңіліске ұшырады. 
Алаш көсемдері қазақ мемлекеттілігін құрудың жаңа жолдарын іздеуге 
мәжбүр болды. Қазақ зиялылары ендігі жерде Кеңес үкіметімен ымыраға келу 
жолдарын қарастырды. 1919 ж. басында Алашордалықтар Кеңес үкіметімен 
арадағы келіссөздерін қайта жандандыра бастады. Келіссөздер Алашорда 
атынан емес, Ахмет Байтұрсынұлы басқарған Торғайлық тобының атынан 
жүргізілді. Ахмет Байтұрсынұлы ең әуелі Ә.Жангелдинмен, одан кейін 
Мәскеуде Сталинмен келіссөздерді жалғастырды. 1919 ж. наурызда 
Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті Алашордаға амнистия (кешірім) жа- 
риялады. Алашорда басшыларының бірі Ахмет Байтұрсынұлы, оның 
жақтастарының үлкен тобы Кеңес үкіметінің жағына шықты. 1919 ж. желтоқсан 
айында Әлихан Бөкейхан бастаған Алашорданың Шығыс бөлімі толығымен 
Кеңес үкіметін мойындады. 
Азамат соғысы шет аймақтар халықтарының ұлттық мемлекеттігі туралы 
идеясымен санаспауға болмайтынын большевиктерге тағы да көрсетті. Кеңес 
үкіметі кеңестік негізде Қазақ Автономиясын құру жөнінде дайындық 
жұмысын жүргізе бастады. РКФСР ХКК-нің 1918 ж. 12 мамырдағы қаулысына 
сәйкес, ҚазАКСР-н құруға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру үшін Ұлттар 
ісі халық комиссариаты жанынан алғашқы арнайы саяси орган - қырғыз (қазақ) 
бөлімі ашылды. Алайда, азамат соғысы басталып кеткендіктен бұл жұмыстар 
кейінге қалдырылды. Қазақ съезі шақырылып, Қазақ республикасының 
автономиясы жарияланғанша өлкені әскери- әкімшілік басқару үшін 1919 ж. 10-
шілдеде РКСФР Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В.И. Лениннің қол 
қоюымен «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқаратын төңкеріс комитеті (Ревком) 
туралы уақытша ереже» жарияланды. 
Ереженің 3-бабына сәйкес, Қазақ автономиялыреспубликасының аумағы 
Түркістан республикасымен, Қырғыз съезі және Орталық Кеңес үкіметімен 
келісіліп анықталғанға дейін Қазревком қүзырына «Астрахань губерниясымен 
Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарының территориялары қарайды» 
делінген. 
Қазревкомның бірінші құрамына: С.Пестковский (төраға), Ахмет 
Байтұрсынұлы (Қазревкомның орынбасары), В.Лукашев, Ә.Жангелдин, 


М.Түнғаншин, С.Меңдешев, Б.Қаратаев кірді. Әртүрлі уақытта Қазақ 
ревкомының мүшесі болып: Ә.Әйтиев, С.Арғыншиев, А.Авдиев, Ғ.Әлібеков, 
Б.Қаралдин еңбек етті. Әйтсе де Алашордалықтардың Кеңес үкіметінің жағына 
шығуы оңай болмады. Алашордаға жасалған кешірімге қарамастан оның 
басшыларына деген сенімсіздік сақталды. Ал Кеңес үкіметінің Қазақстандағы 
кейбір өкілдері Алашорда жетекшілеріне жау ретінде қарады. Кешірім 
жасалғанға қарамастан Алашорда жетекшілері саяси тұрғыда оқшаулануға тиіс 
болды. Қазревкомның 1920 жылғы 5 наурыздағы «Алашорданың батыс бөлімін 
тарату туралы» қаулысында «Ұлттық Алашорда үкіметінің батыс бөлімінің 
жауапты жетекшілері қырғыз өлкесінде Кеңес үкіметі толық негізде 
орныққанша халық Бұқарасынан оқшауландырылсын» - деп ашып айтылды. 
1920 ж. 9 наурызда Алашорда таратылды. 
Осылайша біртұтас тәуелсіз ұлттық мемлекетті құруға талпынған қазақ 
зиялыларының пәрменді әрекеті нәтижесіз аяқталды. Кеңес үкіметі 
мойындамаған Қазақ Ұлттық Автономиясы қазақ зиялыларының өркениетке, 
тәуелсіздікке қол созған әрекеттері ретінде тарихта ғана қалды. 
Қазревком Қазақстанда әскери-азаматтық билікті қолға алып, кеңестердің 
бүкілқазақстандық 1-съезін шақыруды ұйымдастыру, Қазақ автономиясы 
туралы ереже жобасын дайындап, съезд талқысына ұсыну, РКФСР, Түркістан 
Кеңестік Республикасы және Қазақ өлкесі арасындағы қарым-қатынастарды 
реттеу, қазақтың байырғы жерін бір қолға жинау, яғни болашақ қазақ кеңес 
мемлекетінің аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету міндеттерін өз қолына 
алды. 
Алғашқы күннен Қазревком әрекет-қимылда жүрген армияны азық-
түлікпен жабдықтау, астықты және басқа тамақ өнімдерін Орталыққа, 
Түркістан АКСР-на жеткізу, яғни «соғыс коммунизм» саясатының басты 
мәселесін шешу ісімен айналысты. Бұл саясаттың мәні - өнеркәсіпті жаппай 
национализациялау, басшылықты орталықтандыру, тіршілік үшін маңызды 
тауарлардың бәрін бөлу, азық-түлік салғыртын, карточкалық жабдықтау 
жүйесін, жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігін, еңбекке бір мөлшерде ақы 
төлеуді енгізу, тауар-ақша қатынастарын жою болды. 
Осының ішінде еңбекші халық әсіресе, шаруалар үшін ең ауыры азық-түлік 
салғырты болды. 1919 жылы қаңтарда астықты дайындау мен бөлу 
монополиясына азық-түлік салғырты қосылды. Өлкенің адам және материал 
ресурстарын жұмылдыру экономикалық әдіске жатпайтын күштеу әдістерімен 
жүргізілді. Кеңес үкіметі қала халқын және соғысып жатқан қызыл әскерді 
азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін астық өнімдерін, мал-мүліктерін 
қаруланған азық-түлік отрядтарын жіберіп, халықтан күшпен тартып алып 
отырды.
1920 ж. тамызында Мәскеу қаласында қазақ әскери төңкеріс комитеті және 
Түркістан майданының әскери-төңкеріс кеңесі, РКП(б) Түркістан өлкелік 
комитетінің партия және кеңестік ұйымдардың өкілдері қатысқан Қазақ АКСР-
н құру туралы бірнеше мәжілістер өткізді. Соңғы мәжіліске В.И.Лениннің өзі 
төрағалық етті. Нәтижесінде 1920 ж. 17 тамызында РКФСР Халық 


Комиссарлары Кеңесі Қазақ Республикасы жөніндегі Декреттің жобасын қарап 
қолдады.
1920 ж. 26 тамызында Ленинмен Калинин қол қойған БОАК және РКФСР 
ХКК-нің құрамыпда, астанасы Орынбор қаласында болатын «Қырғыз (қазақ) 
Кеңестік Автономиялы Республикасын құру туралы» тарихи Декреті 
жарияланды. 1920 ж. 4 - 12 қазанында Орынбор қаласында өткен Қазақстан 
Кеңестерінің Құрылтай съезі, Қырғыз (қазақ) Кеңестік Автономиялық 
социалистік республикасы еңбекшілері құқықтарының Декларациясын 
қабылдады, ол Декларация РКФСР құрамыпа жеке автономия болып кіретін 
ҚазАКСР-нің кұрылуы жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, 
қызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті. 
С.Меңдешевті бас етіп, Орталық Атқару Комитетін (ОАК) және В.Радус-
Зеньковичті бас етіп Халық комиссарлары Кеңесін (ХКК) сайлады. 
1920 жылғы қаңтар-наурызда өлкенің губерниялары мен уездерінде партия 
конференциялары өтіп, оларда халық шаруашылығын қалпына келтіру 
мәселелері талқыланды. Өлкенің Соғыстан зардап шекпеген жері кемде-кем еді. 
Қиыншылықтар мен ауыртпалықтарға қарамастан, Қазақстан еңбекшілері 
күйзелушілікке қарсы күресті. Басты шарттардың бірі - отын өндіруді арттыру 
және кәсіпорындарды жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өнеркәсіп пен 
транспортты қалпына келтіру болды. Өнеркәсіпке отын беру үшін Орал-Ембі 
мұнай кәсіпшіліктері қалпына келтіріліп, Ембі-Атырау мұнай қүбыры бірнеше 
шақырымға тартылды. 1920 жылғы наурыз-маусым айларында Ембі мұнай 
кәсіпшіліктерінен көліктің барлық мүмкіндіктерімен және су жолы арқылы 
17452 пұт мұнай тасылды. Қарағанды мен Екібастұздың шахталары қалпына 
келтіріліп, 1920 жылы Қарағанды мен Екібастұздың шахтерлары 3 млн. пұттан 
астам көмір өндірді. Екібастұз зауытында, Риддер кенішінде қорғасын 
концентраттарының қорынан қорғасын қорыту жұмысы жолға қойылды. Семей 
және Ақмола губернияларының кәсіпшіліктерінде жыл ішінде 8,5 млн. пұт тұз 
өндірілді. Оралда, Қостанайда, Семейде, Ақмолада электр станциялары жұмыс 
істей бастады. 
Жылдың аяғына қарай республикадағы 59 электр станциясының 45-і 
қалпына келтіріліп, пайдаланылуға берілді. Шойын және мыс құймамен, арбаға 
арналған металл бұйымдары мен ауылшаруашылық құрал-саймандармен 
қамтамасыз ететін металл өңдейтін 6 зауыт іске қосылды. Тамақ, жеңіл және 
қолөнер кәсіпорындары қалпына келтіріліп жатты. Губерния орталықтарының 
бәрінде диірмендер, былғары, тері, сабын қайнату, кірпіш зауыттары, аяқ-киім, 
ер-тұрман шығаратын шеберханалардың жұмысы қайта басталды. Жергілікті 
өкімет органдары орасан зор зиян шеккен темір жол транспортын қалпына 
келтіруге айрықша көңіл бөлді. 1920 жылдың жазына қарай негізгі 
магистральдарда көпірлер, жол шаруашылығы, байланыс желілері қалпына 
келтірілді. 1920 жылдың аяғына таман республика өнеркәсібінде 162 кәсіпорын 
жұмыс істеді. Өнеркәсіп халық қажеттерін қанағаттандыра алмады. Еңбек 
өнімділігі төмен болды, шикізат пен отын жетіспеді. Азық-түлік тапшылығы 
қатты байқалды. 


Қазақстанның кеңес органдары совхоздар, артельдер, жерді бірлесіп өңдеу 
серіктестіктерін ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды қиыншылықтарға 
қарамастан жалғастыра берді. 1920 жылдың күзіне қарай Қазақстанда Жетісу 
облысын қосқанда 1039 коллективтік шаруашылық болды. Сол жылдары 
алғашқы ауылшаруашылық артельдері, коммуналар, совхоздар пайда болды. 
1920 жылдың аяғында (Жетісу мен Оңтүстік облыстарды қоспағанда) 939 
колхоз, оның ішінде 132 коммуна, 779 артель, 28 жерді бірлесіп өңдейтін 
серіктестік (ТОЗ), 348 тұтыну қоғамы жұмыс істеді. Бірақ бұлардың бәрі әлсіз 
болып, оларда құрал-сайман, күш-көлік, тұқымдық астық, айналым қаржы 
жетіспеді. 
Азамат соғысының қиын-қыстау жылдарында кеңес органдары жергілікті 
жерлерде мәдени құрылысты да жүргізіп, саяси үгіт қатаң нысаналы сипатта 
болды. 1919 жылы сәуірде уездік және губерниялық Халық ағарту бөлімдерінің 
жанынан мәдени-ағарту ұйымдары құрылды. Оқу үйлері, кітапханалар, 
сауатсыздықты жою мектептері жұмыс істеді. Сол жылдары республикада 199 
көпшілік кітапханасы, 196 клуб, 83 халық үйі, 1478 оқу үйі болды, үгіт қызыл 
керуендерін, ал темір жол бойында - үгіт вагондарын ұйымдастырды. 
Қорыта келгенде, Қазақстанда Кеңес үкіметі негізінен және көпшілігінде 
күштеп орнатылды. Қазақ халқы Қазан төңкерісінің мәнін, Ленин бастаған 
большевиктер партиясының бағдарламасын түсінген де жоқ, қабылдаған да 
жоқ. Әлеуметтік революцияға Қазақстанда ешқандай негіз жоқ болатын. Орта 
Азия мен Қазақстанның жергілікті халықтары үшін Қазан революциясының 
мән-мағынасы орыс үстемдігі жойылып, тартылып алынған жер-суымыз 
өзімізге қайтарылады деген үмітке ғана сайды. 
1918-1920 жылдардағы азамат соғысы Қазақстан өлкесінің экономикалық 
жағдайын көптеген жылдарға кері шегерді. Өндіріс орындары жұмыс істемеді. 
1913 жылмен салыстырғанда Қазақстанда мұнай өндіру 4 есеге, көмір өндіру 5 
есеге кеміді, ал мыс рудасын өндіру мүлде тоқтады. Халық шаруашылығының 
жалпы өнім өндіруіндегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы бар болғаны 6,3 
процент болды. 
Ауыл шаруашылығы да өте күшті дағдарысқа ұшырады. Орал 
губерниясында егістік жерлер 2 есеге, ал Жетісу аймағында 3 есеге кеміді. Ең 
бірінші кезекте ұлттық байлықтың негізгі көзі болып саналатын мал 
шаруашылығы құлдырады. Соғыс жылдарында мал саны 10,8 млн. басқа кеміді, 
оның 2 млн-ы жылқы, 6,5 млн-ы ұсақ мал болды. Сонымен қатар 1921 жылы 
ҚазАКСР-ң жеті губерниясының бесеуі құрғақшылыққа душар болды. Осыған 
байланысты 1921 ж. бұл аймақтарда астықтың жалпы түсімі 5 млн. пұт 
деңгейінде ғана болды. Ал жергілікті халықтың бір жылғы астық пен астық 
тұқымдығына мұқтаждығы 22 млн. пұт көлемін қамтиды, яғни залал 17 млн. 
пұтты құрады. Ауа райының қолайсыздығы мал шаруашылығын бұдан да қиын 
жағдайға душар етті. 1920-1921 жылдар аралығындағы жұттан кейінгі мал басы 
1917 жылмен салыстырғанда 75% кеміді. 
Азамат соғысының аяқталуына және елдің әлеуметтік-экономикалық 
жағдайының ауыр күйзелісіне қарамастан, Кеңес үкіметі күштеуге негізделген 
азық-түлік саясатын одан әрі жалғастырды. Орталық үкіметтің 1920 жылы 20 


шілдедегі «Сібірдегі артық астықты алу туралы» декретінің күші Қазақстанның 
солтүстік аудандары мен Семей губерниясына да тарады. Осы декретке сай 
1921 жылдың тамыз айына дейін бүкіл елдегі шаруаларға 119 млн. пұт (РКФСР 
көлемінде 423 млн.пұт) төтенше салғырт төлеу жүктелсе, соның ішінде 35 млн. 
пұт Солтүстік Қазақстанға міндеттелді. Тапсырманың 26 млн пұты Семей 
облысына міндеттелінсе, тек Қостанайдың өзінен 6 млн пұт астық алынды. 
Артық өнімдер ғана емес, азыққа қолданылып отырған астық және тұқым қоры 
да тәркіленіп отырды. Астық салығы мал шаруашылығымен ғана айналысып 
отырған аудандарға да салынды. Оны төлеу үшін олар малдарын сатып астық 
сатып алуға мәжбүр болды. 
Кеңес үкіметінің солақай саясатының нәтижесінде Республиканы сұрапыл 
аштық жайлады. Бөкей губерниясында - 100 мың, Оралда - 400 мың, Семей 
губерниясында - 500 мың, Орынбор - 445, Ақтөбеде - 360 мың адам ашықты. 
Көшпелілер арасында өлім ересек тұрғындардың 30 процентін қамтыса, ал 
кейбір аудандарда халықтың 75 проценті қырылған. Әулиеата уезінде 
халықтың қатты қырылғандығы соншалық, бұрынғы бірнеше болысты 
біріктіріп, бір болыс ұйымдастыруға тура келді. Жалпы зерттеушілер 2 млн 300 
мыңнан аса адам ашықты, 1 млн-ға жуығы аштық пен аурудан өлді деген 
мәліметтерді келтіреді. 
Мұсылман зиялы қауымы арасынан мұндай сорақылыққа қарсы шыққан 
Т.Рысқұлов болды. Ол аштықпен жүйелі түрде күресу үшін, құрамына бірнеше 
комиссариаттардың өкілдерін кіргізіп, арнайы ұйым құруды талап етеді. 
Түрікатқару комитеті Т.Рысқұловтың талабын қолдап, аштықпен күресті 
өздерінің қызмет жағдайына сәйкес республиканың азық-түлік, жер 
шаруашылығы, денсаулық сақтау, қаржы, темір жол комиссариаттарына 
жүктейді. Аштықпен күресті тікелей басқаратын ерекше Орталық комиссия 
ұйымдастырылады. Оның төрағасы болып Т.Рысқұлов тағайындалады. Бұл 
ұйым алғаш жұмысқа кіріскенде көптеген объективті қиындықтармен қатар, өзі 
тектес азық-түлік ісіне қатысы бар басқа ұйымдар тарапынан жасалған қасақана 
іріткі салу әрекеттеріне кездесті. Т.Рысқұлов жалпы Орталық комиссияның 
құрылуының өзін «дені дұрыс құбылыс емес», үкіметтің құрамында аштықпен 
күресуге міндетті толып жатқан «экономикалық органдар бола тұра, мұндай 
ерекше ұйым құруға мәжбүр болудамыз» дейді. 
Өткір пікір таластардан кейін, яғни Т.Рысқұловтың аса зор еңбегінің 
арқасында Түрікатқару комитеті мен ХКК-і бұл Орталық комиссия қорына 
құнсызданған болса да 42 млн. сом қағаз ақша бөледі. Орталық комиссияның 
облыстар мен уездерде, болыстар мен қалаларда жергілікті мекемелері мен 
бөлімшелері ашылады, олардың басына сауатты мамандар отырғызылады. 
Аштықпен күрес комиссиясының жұмысына есеп берген баянда- масында 
Т.Рысқұлов Түркістан өлкесінің байырғы халықтарының сұрапыл аштыққа 
ұшырап, қатты қырылуына революциядан бұрынғы патша өкіметінің 
отаршылдық саясаты мен әсіресе, революциядан соң орнаған кеңес өкіметінің 
шовинистік саясаты басты себепкер болғандығын ашық атап көрсетеді. 
Қазақ Орталық Атқару Комитеті (ҚОАК) де аштыққа ұшыраған аудандарға 
өз тарапынан көмек көрсету шараларын ұйымдастырды. ҚОАК-ті жанынан 


аштыққа ұшырағандарға көмек көрсету үшін комиссия құрылады. 
Республикалық комиссияны ҚОАК-нің төрағасы С.Мендешев басқарды. 
Қазақстандағы ауыр жағдайды ескере отырып, КазАКСР ОАК-і ашыққандарға 
көмек беруші Орталық Комиссияның шешіміне сәйкес, бұл аудандардың 
тұрғындарын астық, картоп т.б. мемлекеттік салықтардан босатты. 
Қазақ қоғамын жайлаған аштықты Орталықтағы Кеңес үкіметі 
мойындамады. Республиканың кейбір басшылары мен орыс жұртшылығы 
негізінен өлкенің көшпелі тұрғындарын қамтыған сұрапыл аштықты 
«кездейсоқ, тұтқиылдан тап болған зобалаң» ретінде бағалады. Өлке халқының 
мұндай нәубетті бұрын-соңды басынан кешпегендігі Орталық үкіметті 
ойландырмады да. Мұндай жағдай Кеңес өкіметінің өзі жүргізіп отырған 
саясатқа еш күмән келтірмей, оны толық дұрыс деп есептегендігінің айғағы еді. 
Республиканың экономикасындағы ауыр дағдарыс, яғни мемлекеттің 
күштеу саясатына негізделген азық-түлік саясаты 1920-1921 жылдары 
шаруалардың Кеңес үкіметіне қарсы стихиялы қарулы көтерілістерінің тууына 
әкелді. Көктем-жаз айларында басталған шаруалардың наразылықтары «Азық-
түлік салғырты жойылсын!», «Большевиктерсіз Кеңестер үшін!», «Ерікті 
саудаға жол берілсін»,- деген ұрандармен басталып, қарулы көтерілістерге 
ұласты. Өскемен, Павлодар, Семей, Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Ақмола, 
Атырау, Орал, Шымкент уездерінде ашық түрдегі көтеріліс кеңінен орын алды. 
1921 жылы наурызда Қазан төңкерісінің орталықтарының бірі болған 
Кронштадта матростар көтеріліске шықты. Кронштадтықтар негізінен Ресей 
селоларынан келген, флотта әскери міндетін өтеп жүрген шаруалар еді. Олар 
Азамат соғысының аяқталуына байланысты армияны таратуды, шаруаларға жер 
мен онда өндірілген өнімді пайдалануға бостандық беруді, ақшаның 
тұрақтылығын қамтамасыз етуді және жұмысшыларға жалақы төлеуді талап 
етті. 
Қазақстанды да қамтыған басқа да көтерілістер ұйымдасуы және қару-
жарақпен қамтамасыз етілуі нашар болғандықтан Қызыл Армия әскерлерінің 
күшімен талқандалды. Қазақстандағы көтерілісшілердің кей бөліктері Қытайға 
өтіп кетті. Елде көтеріліске қатысқаны үшін мыңдаған адамдар тұтқындалып, 
олардың 932-сі сотқа тартылды. Кеңес үкіметі бұл қарсылықтардың бәрін 
«контрреволюциялық баскөтерулер» деп бағалады. 
Алайда большевиктер өздерінің биліктен айырылып қалу қаупінің 
күшейгенін, осыған орай шаруашылық саясаттың мүлде жаңа принциптеріне 
көшу қажеттігін айқын сезді. Партияның X съезі (8 наурыз, 1921 ж.) 
көтерілісшілерді айыптағанмен, экономикалық саясатты өзгертуге мәжбүр 
болды. Съезд шаруашылық мүддені іске қосудың жаңа жүйесін жасаудың 
шараларын белгіледі, яғни «Соғыс коммунизм» саясатынан жаңа экономикалық 
саясатқа көшу туралы шешім қабылдады. 
Партияның X съезінде қабылданған жаңа экономикалық саясаттың мәні 
неде? 
Кеңес үкіметі мемлекеттің қолында ірі өндіріс орындарын, банкті 
қалдырып, жеке капиталды өндіріске ендіруге рұқсат берді. Мемлекеттік 
жерлер, кішігірім мемлекеттік кәсіпорындар белгілі мерзімге жеке шетел 


ұйымдары мен тұлғаларға жалға берілді. Сауда бостандығы жүзеге асырылды, 
яғни мемлекеттің бақылауымен жеке саудаға рұқсат берілді. Сауда негізінен 
ауыл мен қаланың ортасындағы негізгі байланыс көзіне айналып, сонымен 
қатар мемлекеттік және кооперативтік сауда да дамуы тиіс болды. Жеке ауыл 
шаруашылық қожалықтарына, жеке меншіктегі кішігірім кәсіпорын иелеріне 
жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілді. Еңбекке деген міндеткерлік 
және еңбек армиялары жойылды. Өндіріс орындарын жұмысшы күшімен 
қамтамасыз ету еңбек биржалары арқылы жүзеге асырылатын болды. Елдегі 
ақша жүйесін нығайту, ақысыз қызмет көрсетуді жою, еңбекке ақшалай жалақы 
төлеу міндеттелді. 
Жаңа экономикалық саясаттың аясында қабылданған міндеттердің ішіндегі 
ең маңыздысы - азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру туралы 
шешім болды. Азық-түлік салғырты кезінде шаруа қожалықтары өндірілген 
өнімнің өзін қамтамасыз етуге қажетті үлесінен артығын мемлекетке тапсыруға 
міндетті еді. Азық-түлік салығының ендірілуі, яғни белгіленген мөлшердегі 
ғана салықты өтеуге байланысты, олар өндірілген өнімнің артығын өз еркімен 
пайдалану құқығына ие болды. Бұл ендірілген салық жүйесіндегі өзгеріс 
өндіруші шаруа қожалықтарына өте қолайлы болды. Себебі, олар өндірілген 
өнімнің белгілі мөлшерін ғана мемлекетке тапсырып, қалған өнімді сатуға 
немесе өзінің басқа қажеттерін өтеуге мүмкіндік алды. Осыған байланысты енді 
шаруа қожалықтары егістік көлемін үлғайтуға, сөйтіп өнімді көп өндіруге, яғни 
еңбек өнімділігін арттыруға ынталы болды. 
Енді осы жаңа экономикалық саясаттың қазақ өлкесінде ендірілу әдістері 
мен жолдарын қарастырып көрейік. РКФСР ХКК-нің арнайы декреті бойынша 
бірыңғай азық-түлік салығы мал шаруашылығымен айналысатын аудандарға да 
ендірілді. Қазақстан ауылы мен деревнясында жаңа экономикалық саясаттың 
алғашқы азық-түлік салығы науқаны өте қиын жағдайда жүргізілді. Оның 
себебі, ЖЭС ендірілген жылы да партия, кеңес және азық-түлік органдары 
азық-түлік салғырты саясатын жалғастырды да, ол бойынша дайындалған 
өнімдерді Орталыққа жіберу жөніндегі Еңбек жә- не Қорғаныс кеңесінің 
тапсырмасын орындаумен айналысты. Мысалы, көшпелі мал шаруашылығы 
аудандарында алғашқы бірыңғай азық-түлік салығы 131,9% көлемінде 
орындалды. Бұл әрине, соғыс коммунизм саясатының әрі қарай жалғасуы 
болды. 
Сөз жүзінде ЖЭС ендірілгенімен Кеңес үкіметі іс жүзінде баяғы қарқынмен 
экономикаға өзінің бақылауын жүргізуді тоқтатпады. Бірнеше ай бойы 
мемлекет қала мен деревня арасындағы айырбасты кооперация арқылы 
бақыламақ болды. 1921 жылы 7-сәуірде мемлекет өзінің арнайы декретімен 
кооперацияға фабрика-зауыттық өнімдерді ауыл шаруашылық өнімдеріне 
айырбастауды міндетті тапсырма етіп берді. Бірақ бұл мәселені жүзеге асыру 
өте қиын болды. Оның себебі мемлекеттің бақылауымен жүргізіліп отырған 
тауар айырбасы жеке саудамен жарысқа түсе алмады. Оның үстіне мемлекеттік 
тауар айырбасы ЖЭС-тың принциптеріне сай келмеді, яғни сауда 
бостандығына кедергі келтірді. Мұндай жағдай халықтың жаңадан ендірілген 
шаруашылық саясатына деген сенімсіздігін тудырды. 


Жоғарыдағы аталған кемшіліктер біртіндеп азық-түлік салығы саясатының 
кең ендірілуі барысында жойыла бастады. 1924-1925 жылдары ауыл 
шаруашылық салығынан КазАКСР бүкіл шаруашылығының 32,7%-і босатылса, 
1925-26 жылдары - 33,8% босатылған еді. Әсіресе, 1924-1925 жылдары мал 
өсіруші шаруашылықтың 72%-ке жуығы алым-салықтан босатылды. Көшпелі 
жеке қазақ шаруашылықтарына 3-5 жылдық мерзімдерге жеңілдіктерге 
негізделген несиелер берілді. Сонымен қатар мемлекет тарапынан 
ауылшаруашылық машиналары мен құралдарын сатып алуға негізделген 
несиелер де белгіленді. Осының бәрі ұсақ тауар өндірушінің материалдық 
жағдайын арттырды, оның өз шаруашылығындағы қорларына иелік ету 
еркіндігін күшейтті. 
ЖЭС-тің аясында нарықтық қатынастардың күшеюі сауданың дамуына 
ықпал етті. Ал ол болса ақшаның тұрақтануына әсерін тигізді. Осы жағдайға 
байланысты ЖЭС-тің алғашқы кезінде ендірілген салықтың натуралды түрін 
партияның XII съезі (1923 ж. сәуір) ақшалай түрде де өтеуге мүмкіндік берумен 
алмастырды. Ал 1924 жылы салықты өтеудің тек ақшалай түріне толық 
көшірілді. 
Осы жылы ақпан айында Кеңес үкіметі ақша реформасын жүргізіп, кеңестік 
ортақ жаңа ақша өлшемі тұрақты сомды енгізді. Осы жағдайлар Қазақстанда 
жәрмеңкелік сауданың кең өрістеуіне жол ашты. 1926 жылы Қазақстанда 128 
жәрмеңке жұмыс істеді. Бұл кездегі ірі жәрмеңкелер қатарына - Ойыл, Қоянды, 
Қарқара, Темір, Көкшетау, Атбасар жәрмеңкелерін жатқызуға болады. Осы 
кездегі жәрмеңке саудасының жалпы айналымы 20-23 млн. сомды құрады. 
Сондай-ақ, 
осы 
өркендей 
бастаған 
жәрмеңкелік 
сауда 
да 
ауыл 
шаруашылығының дамуына ықпалын тигізді. 
Қазақстанда 1921-22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілген шаралардың бірі 
жер-су реформасы болды. Реформаның негізгі міндеті 1920 жылы құрылған 
ҚазАКСР-нің аумағында қазақ жерлерін біріктіру болды. Патшалық биліктің 
жүргізген саясаты нәтижесінде Қазақстанда жер мәселесі өте күрделі 
мәселелердің біріне айналған еді. Осыған байланысты қазақ автономиясы 
құрамында жер саясатын жүргізуші жетекші орган - Жер комитеті құрылды. Ол 
қазақ автономиясы аясында қазақ жерлерін біріктіру мақсатымен 1921 жылы 7 
ақпанда декрет қабылдады. Қазақ АКСР-нің Жер комитеті қабылдаған бұл 
декрет бойынша кезінде көш-қон қорына (переселенческий фонд) тартып 
алынып, пайдаланылмай тұрған Семей, Ақмола, Торғай және Орал 
облыстарындағы бос жатқан жерлер, олардың 1917 жылға дейін алынғанына 
қарамастан қазақтарға қайтарылады. 1921 жылы 19 сәуірде Жер комитеті 
кезінде патша үкіметінің Сібір және Орал орыс-казак әскерлерінің тартып алған 
жерлерін қазақтарға қайтару туралы шешім қабылдады. Осы декретке сай 
қазақтар Ертіс өзені бойында 177 мың, Орал өзені жағалауында 208 мың 
десятинадан астам жерлерді қайтаруға тиіс болды. 
1922 жылы 26 тамызда Федералды Жер комитеті мен БОАК-ті 
«Қазақстанда негізгі еңбекпен жерді пайдалану туралы» заң қабылдады. Ол заң 
31 тамызда күшіне енді. Бұл заң бойынша әркімнің өз жерінде қалуға және ол 
жерді пайдалануға құқығы болды. Жер заңға сәйкес құжатталған жағдайда ғана 


оны пайдаланушы сол жердің иесі болады. Ал даулы жерлерге заңға 
негізделген съездің немесе жер органдарының шешімі қажет болды. 
Алайда осы негізгі заңнан соң 1922 жылы 30 қазанда Кеңес үкіметі Ресей 
аумағын түгел қамтыған «Жер кодексін» қабылдады. Осы кезден бастап жер 
туралы бүкіл мәселенің бәрі мемлекеттің идеологиялық құндылықтарына 
негізделген құқыққа ие болды. Бұл кодекс бойынша жермен тұрғылықты халық 
қамтамасыз етілуі керек болды. Сонымен бірге автономияларға қосымша 
ұсыныстар мен негіздемелер жасауға рұқсат етілді. Бұл кодекс отырықшы-
егіншілікпен айналысатын аудандарды қамтыды да, көшпелі аудандар мүлде 
кірмей қалды. Соның салдарынан қазақ қоғамы жермен толық қамтамасыз 
етілмеді. 
Кеңес үкіметі патшалық үкіметтің жер мәселесіндегі отарлық саясатын 
жойғысы келгенімен, іс жүзінде жерді пайдалануды таптық тұрғыдан шешті. 
Соның нәтижесінде жергілікті қазақ халқы мен қоныс аударушылардың құқығы 
теңестірілді. Оның үстіне патша үкіметі кезінде жерге орналасқан басқа ұлт 
өкілдері ол жерден айырылғысы келмей үлкен қарсылық көрсетті. Сонымен 
қатар олар өз иеліктеріндегі жердің межеленбеуін, яғни шекараларының 
айқындалмауын пайдаланып, жаңа жерлерді тартып алды. 
Осы жағдайлар жер және жерге орналастыру мәселесін шешуді өте 
қиындатқанымен, жаңа экономикалық саясат шеңберінде азық-түлік 
салғыртының азық-түлік салығымен алмастырылуы 3-4 жыл ішінде қазақ 
ауылы мен деревнясын дағдарыстан шығара бастады. 1925 ж. егістік жердің 
көлемі 3 млн. гектар болса, 1928 жылы 4 млн. гектарға жетті, яғни бұл 1913 
жылдың (4,4 млн. га) деңгейіне жеткендігін көрсетеді. 1925 ж. 92 млн. пұт 
астық жиналса, 1927 ж. астықтың жалпы түсімі 104 млн. пұтты құрады. 1925 ж. 
мал саны 1922 ж. салыстырғанда екі есе өссе, 1925-1928 ж. аралығында жыл 
сайын 5%-ке артып отырды. 
Қазақстанның өнеркәсібі саласында да едәуір өзгерістер болды. Қазақстан 
халық шаруашылығы орталық кеңесі (ВСНХ) сегіз (Балық, Тері, Илецктұз, 
Павлодартұз, Батысалтын, Ақжалалтын, Сексеул, Спирт) трестерді және 
сантонин зауыты мен Қарғалы шұға комбинатын біріктірді. Губерниялық 
кеңестің құзырына жергілікті деңгейдегі өндірістер бағынды. Олардың көбі 
жалға берілді. Сонымен бірге Қазақстанның көптеген өндіріс орындарын 
одақтың қорғанысына қажетті, оның мүддесін дүниежүзілік ры- нокта қорғайды 
деген желеумен бүкілодақтық деңгейдегі трестерге біріктірді. КазАКСР-де 
одақтық деңгейдегі Ембімұнай, Алтайполиметал, Атбасарцветмет сияқты 
трестер құрылды. Олар республика бюджетіне белгілі мөлшерде ғана қаржы 
бөліп тұрды. Ал қалған табыстардың бәрі орталықтың иелігінде болды. Мұндай 
жоғарғы дәрежеде өндірістерді орталықтандыру саясаты кейін де үстем болды. 
Сөйтіп, Кеңес үкіметінің елдің өнеркәсібін қалпына келтіру мақсатында 
жүргізілген шаралары кейін республика экономикасына орталықтың 
үстемдігінің мейілінше күш алуына әкелді. Өндіріс орындарын орталықтанған 
трестерге біріктіру, сонымен бірге өндіргіш күштерді региондарға 
орналастыруда кемшіліктерге жол ашты, яғни Қазақстан экономикасының ұзақ 
мерзімге шикізаттық сипатын айқындады. 


ЖЭС аясында Республиканың халық шаруашылығында болған өзгерістер 
елдің дағдарыстан шыққанын, экономикалық дамуда жаңа үрдістің кең етек 
жайғанын көрсетеді. Елдің шаруашылық жүйесі нарықтық экономика 
қатынасына біртіндеп енді. Өлкенің экономикасы көпукладты сипатқа ие бола 
бастады, яғни әртүрлі меншік түрлерінің қатар өмір сүру мүмкіндігі пайда 
болды. Меншіктің әртүрлі түрлерінің қалыптасуы, олардың арасындағы 
бәсекелестік 
пен 
ұдайы 
өндірістегі 
бірін-бір 
толықтыруы 
халық 
шаруашылығының алға даму бағытын айқындады. 
Большевиктер таптық мүддені қорғау принциптерінен ажырамаса да, жаңа 
экономикалық саясат аясында мемлекеттің экономикаға араласуы шектелді. 
Мемлекет белгілі мөлшерде ғана көпукладты ұдайы өндірісті кредит, салық 
жүйелері арқылы ғана реттеп отырды. Экономикалық өмірдің нақты дамуын 
қамтамасыз ететін мұндай саясат өте орынды еді. 
Алайда ірі өнеркәсіп саласын мемлекеттік монополизациялау нәтижесінде 
олар өз өнімдерін тұтынушыларға өте жоғары бағамен ұсынды. Ұзақ әлеуметтік 
даму барысында қалыптасқан дәстүрлі тауарлы шаруашылық мемлекет 
тарапынан ендірілген мұндай реттеуші бақылауға сәйкес келмеді. Мемлекет 
тарапынан жүргізіліп отырған мұндай саясат ұсақ ауыл шаруашылық өнімдерін 
өндірушілер тарапынан қарсылық тудырды. Олар өндірген өнімдерін төменгі 
бағамен сатудан бас тартты. Алайда бұл қарсылықты мемлекет өзі жүргізіп 
отырған саясаттың кемшілігінен деп есептемеді. Керісінше ол қарсылықты тап 
жауларының іс-әрекеті деп бағалады. Мемлекет тарапынан жеке шаруа 
қожалықтарына қарсы бақылауды күшейтті. Ұсақ тауар өндірушілерді 
әкімшілік жолмен бақылау мен ығыстыру саясаты сауданы шектеуге, яғни 
ЖЭС-тің шектелуіне экелді. 
Мұндай жағдай «соғыс коммунизм» саясаты тұсындағы әкімшілік басқару 
әдістерін жандандырды. Экономикалық даму жүйесіне әкімшілік тұрғыдан 
араласу большевиктердің негізгі жұмыс әдісіне айналды. Таңдау мүмкіндігі, 
еркіндік, шаруашылық еріктілік туралы заңдар тек қағаз жүзінде қалып отырды. 
Экономиканы жоспарлы түрде дамыту идеясы күш алды. Дағдарыстардың бәрі 
осы жоспарлаудағы кемшіліктерден деп есептелді. Жергілікті партия және 
кеңес органдары кооперацияны басқаруда әкімшілік әдіске жиі сүйенді. Алайда 
экономиканы мемлекеттің тарапынан жоспарлы түрде дамыту мен әкімшілік 
басқару әдістері нарықтық қатынаспен сәйкес болмады. Соған қарамастан 
таптық идеологияны ту еткен Кеңес үкіметі экономиканы жоспарлы түрде 
дамыту идеясына сүйеніп, 1925 жылдың аяғында өнеркәсіп өндірісін халық 
шаруашылығының жетекші саласы етіп белгіледі және оның жоғары 
қарқынмен дамуын қамтамасыз етті. Бұл ЖЭС аясында қалыптасқан 
көпукладты ұдайы өндірістік жүйенің қатар даму барысын шектеді, яғни 1920-
жылдардың аяғында ұсақ тауар өндірушілерге қарсы күресті күшейтті. Соның 
нәтижесінде нарықтық қатынас тоқырады, яғни ЖЭС тоқтатылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет