Дәріс кешені глоссарий (анықтама, сөздік)



бет1/6
Дата23.01.2022
өлшемі31,88 Kb.
#113324
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
03cd0131-589b-11e5-884b-f6d299da70eeлекция


ДӘРІС КЕШЕНІ


Глоссарий (анықтама, сөздік): 

Атмосфера - Жерді қоршап тұрған газды орта;

Озон тесіктері - тірі организмдерге өте қауіпті ультраrүлгін сәлелерді өзіне сіңіріп, жерге өткізбей тұратын озоносфераның озоны азайған (50%) аймақтары

Фреондар – хлорфторсинтетикалық органикалық молекулалар;

Смог – түтін мен тұманның қоспасы. 

Біріншілей ластағыштар - тікелей ластағыш көзден шығып жататын ластағыштар

Екіншілей ластағыштар – біріншілей ластағыштардың атмосферада әр түрлі реакциялар нәтижесінде пайда болған өнімдері. 

Қыщқыл жауын – шашындар деп атмосфераның антропогендік химиялық ластауының нәтижесінде қышқылдығы жоғары жауын – шашындар;

«Жылыжай эффектісі» (парниктік эффект) - ауадағы антропогенді түрде пайда болған химиялық заттардың күн энергиясын өзіне сіңіруі нәтижесінде атмосфераның қызып, жер бетінің орташа температурасының көтерілуі. 

Педосфера - литосфераның ең маңызды компоненттерінің бірі я топырақ. Топыраққа педосфера деген атты академик Вернадский 1936 жылы береді.

Топырақтың буферлік қасиеті – қандай да бір салмақты немесе жүктемені көтере алу, кері әсерді жұмсарту.

Ақпаратты жинақтаушы қасиеті – ақпаратты генетикалық горизонттарда жаңа түзілістер қосындылар түрінде мыңдаған жылдарға дейін сақтау;

Минералдық қаңқа - аналық жыныс (топырақ түзуші тау жынысы) бұзылып үгілуінен пайда болған бейорганикалық компонент. 

Коллоидты бөлшектер - өлшемі 1мкм-ден төмен бөлшектер 

Тұздану дәрежесі - топырақ суларда еріген тұздардың жалпы үлесі . 

Литосфера – жер қыртысының қатты қабаты(грек тілінен аударғанда «литос» - тас, «сфера» - қабықша). Құрамына жер қыртысы мен мантияның жоғарғы бөлігі кіреді. 

«Мохоровичич беті» немесе қысқаша «Мохо»- жер қыртысын жоғарғы мантиядан бөліп тұратын қабат.

Гумус - топырақтың органикалық қосылыстары, (латынша гумус – жер, топырақ), өлі органиканың және тірі ағзалардың экскреттері мен фекациялары ыдырау нәтижесінде пайда болған қосылыстар. 

Құнарлылық - өсімдіктердің қоректік затқа, ауаға, биотаға, жылу режиміне, физика-химиялық ортаға деген қажеттіліктерін өтей алу қабілеті.

Топырақ шіріндісі -толық ыдырамаған органикалық зат. 

Магмалық жыныстар дегеніміз жер қойнауында немесе жер бетінде магмалардың (силикатты, кейде силикатты емес балқымалар) кристаллизациясы кезінде пайда болған табиғи минералды агрегаттар. 

Метаморфтық жыныстар – жоғарғы температура және қысым әсерінен өзгерген жыныстар. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет