Атмосфера қабаттары: тропосфера, стратосфера, термосфера, мезосфера, ионосфера және экзосфераның физика-химиясы. Қабаттарға тән процестер. Атмосфераның тарихы: біріншілей, екіншілей, үшіншілей және заманауи атмосфера. Олардың химиялық құрамы және оны анықтайтын факторлар. Газдардың эмиссиясы мен имиссиясы. Ауа сапасын нормалау көрсеткіштері: ШРК, ШРД, АЛИ туралы түсінік.
Өзін өзі бақылау сұрақтары:
Атмосфера қабаттарының физика-химиясы;
Атмосфераның тарихы мен химиялық құрамы.
Газдардың эмиссиясы мен имиссиясы.
Ауа сапасын нормалаудың негізгі көрсеткіштері.
Негізгі әдебиеттер: 1-11
Қосымша әдебиеттер: 12-21
9-тақырып. Атмосфераның экологиялық проблемалары: жылыжай эффектісі және смог.
Дәріс мақсаты:Атмосфераның экологиялық проблемалары: жылыжай эффектісі және смог туралы түсінік беру.
«Жылыжай эффектісі» (парниковый эффект) деп ауада антропогендік себептен пайда болған химиялық заттардың күн энергиясын өздеріне сіңіруі нәтижесінде атмосфераның қызып, жер бетінің орташа температурасының көтерілуін айтамыз.
Американдық эколог Б.Небел «жылыжай эффектісі» нәтижесінде климаттың жылынуын болашақтың үлкен катастрофасы деп қарастырады. Оның пайымдауынша осыдан 60 млн. жыл бұрын көптеген жануарлар мен өсімдіктердің түрлері осындай катастрофадан жойылып кеткен. Бұл катастрофа Жерге астероидтың түсуімен байланысты болып және тек қана ағзалардың бірнеше жеке түрлерін ғана жойса, ал «жылыжай эффектісі» бүкіл биосфераға әсер етеді. Қазір 200-ге жуық жылыжай эффектісін туғызатын газдар белгілі. Негізгі жылыжай газына көміртек диоксиді жатады. Бұл газдың жылыжай эффектісіндегі үлесі шамамен 50-60%. Басқа жылыжай газдарының үлесі мынадай: метан (20%), азот тотықтары (шамамен 5%), озон, фреондар (хлорфтор-көміртектер) және басқа газдар (10-25%). Жылыжай эфектісінің экологиялық салдары.
Смог туралы түсінік. Біріншілей және екіншілей ластағыштар. Лондон немесе дымқыл смогтың пайдаболу жағдайлары және экологиялық салдары. Екіншілей ластағыштардың пайда болу жағдайлары. Негізгі фотооксиданттардың түзілу реакциялары: формальдегид, сірке альдегиді, озон, метан, ПАН, бензоапирен. Фотохимиялық смогтың экологиялық салдары.
Өзін өзі бақылау сұрақтары:
Жылыжай газдары
Температуралық инверсия
Жылыжай эфектісі
Дымқыл немесе Лондон смогы
Фотохимиялық немесе Лос-Анджелес смогы
Негізгі әдебиеттер: 1-11
Қосымша әдебиеттер: 12-21
10-тақырып.Атмосфераның экологиялық проблемалары: озоносфера проблемасы.