|
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан
|
бет | 1/6 | Дата | 06.02.2022 | өлшемі | 1,68 Mb. | | #81400 |
| Байланысты: Абай оленедери - Күз
- Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
- Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
- Білмеймін тойғаны ма тоңғаны ма,
- Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
- Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
- Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
- Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
- Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
- Біреу малма сапсиды, салып иін,
- Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
- Енесіне иіртіп шуда жібін,
- Жас қатындар жыртылған жамайды үшін.
- Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,
- Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
- От жақпаған үйінің сұры қашып,
- Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.
- Мазмұны:
- 1.Ғылым таппай мақтанба.
- 2.Күз
- 3.Қыс
- 4.Шегіртке мен құмырсқа
- 5.Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы
- 6.Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
- 7.Он үшінші қара сөз
- 8.Он төртінші қара сөз
- 9.Он бесінші қара сөз
- 10.Он жетінші қара сөз
- Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
- Өлсем , орным қара жер сыз болмай ма?
- Өткір тіл бір ұяшық қыз болмай ма?
- Махаббат, ғадауат пен майдандасқан
- Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?
- Амалсыз тағдыр бір күн кез болмай ма?
- Біреуге жай, біреуге тез болмай ма?
- Асау жүрек аяғын шалыс басқан
- Жерін тауып артқыға сөз болмай ма?
- Сонда жауап бере алман мен бишара,
- Сіздерге еркін тиер, байқап қара.
- Екі күймек бір жанға әділет пе?
- Қаны қара бір жанмын, жаны жара.
- Жүрегіңнің түбіне терең бола,
- Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
- Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсітім,
- Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|