Сабақ жоспары Тақырыбы: «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі



Дата07.11.2016
өлшемі51,42 Kb.
#1195
Бекітемін № 6 орта мектеп

__________



Ашық сабақ

жоспары
Тақырыбы: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі

Сыныбы: 9 «В»

Пәні: Қазақ әдебиеті

Пән мұғалімі: Сартаева Айзат

Күні: 29.01.2016 ж.

Сыныбы: 9 «В»




Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбайұлы

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі



Сілтеме

Жоспар

Әдебиет оқулығы, 9-сынып



Жалпы мақсаты

Өлең туралы түсініктерін кеңейту, ойлау, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, Абай Құнанбаевтың өлеңдерін жете түсіне білуге үйрету.

Оқыту нәтижесі

Тақырып туралы жан-жақты мәлімет алады, тақырыпты игереді.

Күтілетін нәтиже

Топпен жұмыстарды ұйымдастыру, бір-бірімен кеңесу, тақырып бойынша түсініктерін одан әрі дамытуға қалыптасады.

Негізгі идея

Теориялық білім мен іс-әрекетті қатар алып жүреді. Жаңа тақырыптың ашылуын жүзеге асырады. Топтық жұмыс арқылы өзара пікір алмасады, бірін-бірі оқытады.

Әдіс-тәсілі

Топтық, жұптық, жеке жұмыс, баяндау, сұрақ-жауап, «Өрмекші торы» әдісі.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Кіріспе



Сәлемдесу, оқушылардың қатысымын бақылау. Топқа бөледі. (Сурет қиындылары арқылы)

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Мұғаліммен сәлемдеседі, кезекші мәлімет береді.

Оқушылар сурет қиындыларын таңдайды, құрастырады.

Құралған сурет бойынша топқа бөлініп отырады.

Оқу құралдарын алып сабаққа әзірленеді.


Үй тапсырмасын тексеру

Өтілген тақырып бойынша білімді пысықтау.

Абай Құнанбайұлының өмірбаяны, шығармашылығы туралы, «Ескендір»поэмасы бойынша сұрақтар қояды. Оқушылардың білімін тексереді.

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев қай жылы дүниеге келді?

Абай қайда білім алды?

Абай қай жылдан бастап шығармашылықпен еркін айналыса бастады?

Абай шығармашылығы неше саладан тұрады? Қандай?

Абай қандай поэмалар жазды?

“Ескендір” поэмасындағы Ескедір неше жасында патша болды?

Ескендірдің ұстазы кім?

Ескендір қандай кейіпкер?

Аристотель қандай кейіпкер?

Поэмадағы символдық бейнелер?




Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.



Ой қозғау

Сөзжұмбақ шешу арқылы арқылы ой шақыру.
Поэзия туралы түсінік беру.

Поэзия –өлең үлгісіндегі әдеби туындылар.

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі



Әр оқушы өз жауабын береді. Оқушылардың жауаптары арқылы жаңа тақырып ашылады.

Негізгі бөлім

Сергіту.



Топтық жұмыс.

Топтарға тапсырма береді.

1-топ. Ойшылдар

Өлеңнің шығуы, жариялануы.

2-топ. Батырлар

Өлеңнің мазмұны


Бейнекөрсетілім көрсету.


Қосымша мәліметтермен ақпараттандырады.

(Сөздің көп мағыналылығы)

Алдымен көп мағыналы сөздерге түсінік беру.

Көп мағыналылық – сөздің екі немес одан да көп мағынаға ие болуы.

Жұптық жұмыс

Әдебиет теориясы бойынша

Абай өлеңдерінен көпмағыналы сөздерді табу.

Жеке жұмыс

Оқушыларға таратпа қағаздарын береді.

«Бес жолды өлең» әдісі арқылы жұптасып орындайды.

1.Зат есім

2.Сын есім

3.Етістік

4.Синоним

5.Түйінді ой


Оқушылар алдымен бірігіп талқылайды. Топпен бірге постер жасайды. Әр топ өз постерлерін қорғайды.
Бағалау

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

2 оқушы бірлесіп, бір өлеңді талқылайды. Абай өлеңдерінен көп мағыналы сөздерді тауып, мағыналарын ажыратады.
Бағалау «Бағдаршам» арқылы жүргізіледі.

Оқушылар өз бетінше шығармашылық жұмыс орындайды.

Бағалау

жұлдызша арқылы жүзеге асырылады.




Рефлексия



«Өрмекші торы» әдісі

Оқушылар бір-біріне бүгінгі тақырып бойынша сұрақ қояды.


Бағалау



Мадақтау арқылы бағалау.

Бағалау 2 топ бір-бірін смайлик арқылы бағалайды

Үйге тапсырма


Ізденуге тапсырма беру.

«Әуелде бір суық мұз- ақыл зерек» өлеңіне байланысты ізденіс


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет