1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе



Pdf көрінісі
бет61/61
Дата04.11.2022
өлшемі4,71 Mb.
#156557
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
1-ші та ырып. аза станны азіргі заман тарихына кіріспе

7.
 
Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және 
өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. 
Біз өз жетістіктерімізді қорғауға тиіспіз. Ұлттық қауіпсіздікті нығайту 
әрбір азаматтың, өз елі патриотының қасиетті парызы болып саналады. 
Бейбітшілік пен келісім идеясын ілгерілете отырып, еліміздің халықаралық 
аренада мойындалған беделін нығайта түсетін боламыз. Мәңгілік Елдің 
қастерлі құндылықтарын басшылыққа аламыз. 
Бүкілқазақстандық 
бірліктің 
бірегей 
моделін 
қалыптастыруда 
Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) маңызды рөл атқарады. ҚХА басты 
міндеті 
мемлекеттік 
ұлттық 
саясатты 
іске 
асыру, 
Қазақстан 
Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету
мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық 
қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып 
табылады. 
Мемлекет мәртебесін өсіріп, ұлт абыройын асқақтату жолында 
Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаев ел-жұртын өрге 
сүйреп, өзінің өміршең ойларымен, жаңашыл бастамаларымен, ұтымды 
саясатымен тәуелсіз мемлекеттің нығайуына және халықаралық аренада 
беделді позицияда орналасуына қол жеткізді. «Мәңгілік Ел» мұраты зайырлы 
қоғам құру болып саналады. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қабылдап, 
бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енуді 2050-стратегиясының басты 
міндеті санаған Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың атқарған еңбегі қазақ тарихының 
алтын беттерінде жазылады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың 12 сәуірінде Қазақстан 
халқына жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты 
бағдарламалық мақаласын жариялады. Елбасының мақаласында қазіргі 
Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан. 
Елбасының стратегиялық міндеттерді шешудің жолдарын көрсеткен 
мақалада Қазақстан халқының ХХІ ғасырдағы рухани жаңғыру бағдарламасы 
нақты айтылады. Жаңа дәуірдегі қоғамдық сананы жаңғырутудың жолының 
алты бағдарын ұсынған. 


Мемлекет басшысының мақаласы, бұл – ең алдымен XXI ғасырдағы 
шынайы өмірдегі ұлттық сананы білдіретін және қоғамда қалыптасқан 
сананы өзгерту жолындағы дүниетанымдық мақала. Елбасымыз бұл 
жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл 
жаңғырудың маңыздылығына тоқталды. Саяси, экономикалық реформаларда 
тәуелсіз, егеменді еліміз көптеген бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізгені 
барша халыққа мәлім. Ол – адами құндылықтар, жастарға білім беру, 
жастарды 
тәрбиелеу, 
олардың 
бойына 
сіңіру 
болып 
табылады. 
Елбасымыздың рухани жаңғыруға, білім мен ғылымға маңыз беруі – үлкен 
көрегендік. Бұл жаңғыру – егемен, тәуелсіз еліміздің болашағы мен келешегі 
үшін жасалған ең үлкен жұмыс. Сондықтан рухани байлығымыздың 
маңыздылығы – яғни, бұл әрбір жеке тұлғадан құрылған қоғам, туған еліміз, 
жеріміз үшін де өте маңызды үдеріс болып табылады. Мемлекет басшысы 
Н.Ә. Назарбаевтың ғасырдағы ұлттық сананы кеңінен дамытудың, 
жаңғыртудың бірнеше бағытын ұсынды: 1. Бәсекелік қабілет 2. Прагматизм 
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау 4. Білімнің салтанат құруы 5. Қазақстанның 
революциялық емес, эволюциялық дамуы 6. Сананың ашықтығы. 
Елбасының мақсаты – ұлттың ұлы мұраты. Ол – Ұлы Дала елінің 
бойында белгілі тарихи себептермен қалғып кеткен прагматизмді ояту 
арқылы ұлттық, қоғамдық ойға, іске сілкініс әкелу, тәуелсіз елдің санасын 
жаңғырту. Мемлекет басшысы қазақтың ежелгі «дәстүрдің озығы бар, 
тозығы 
бар» 
қағидасын 
мықтап 
ұстануға 
шақырады: 
«Мен 
қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына 
барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, 
ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына 
кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек». Мемлекет 
басшысы нұсқап отырған ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, заман ағымына 
қарай оның сипаттарын өзгерту, «білім культін» қалыптастыру, мемлекет пен 
қоғамды революциялық емес, эволюциялық жолмен дамыту, ең бастысы, 
сананың ашықтығын, яғни әлемдік озық жаңалықтарға, ғылым-білімге 
құшақты айқара ашу идеялары ұлттың рухани-мәдени қалыбы болмақ. Әрі 
жаңа дәуір сынақтарын бәсекелік қабілеті ерекше ел ғана еңсере алады. Осы 
тұрғыда Елбасының мемлекет пен қоғам алдына қойып отырған нақты 
міндеттері рухани саладағы түбегейлі реформалардың бастауына айналарына 
күмән жоқ. 
Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы 
болса, «Туған жер» бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-
сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, 
ұлтжандылықтың кепілі болмақ. 
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған 
жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынып: «Туған жердің әрбір сайы мен 
қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні 
туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар», - деп туып-өскен 
аймағымыздың жер-суын құрметтеуге шақырды. Жер-су атаулары - ұлттық 
тарихи санамыздың қайнар көзі. Сондықтан ол асығыстықты емес 


абайлауды, тездетуді емес, тиянақтылықты, сабыр мен сарабдалдықты талап 
етеді. Сондай-ақ,«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы 
жалпыұлттық қасиетті орындарды және аса қастерлі жерлерді сақтауға, әрі 
елдегі туристік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді. «Жаһандағы 
заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру Қазақстанды өз 
шығармашылығы арқылы дүние жүзіне танытатын көптеген таланттарға жол 
ашады.
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы бүгінгі замандастарымыздың 
түрлі салалардағы жетістіктерін дәріптеуді қамтамасыз етеді және жастарды 
адамгершілікке тәрбиелеудің жарқын үлгісі болады. Бұл тапсырмалар 
мемлекеттің және азаматтық қоғамның барлық идеологиялық жұмысының 
орта мерзімді перспективадағы негізі болады. 
Елбасы өз мақаласында қазіргі жаһандану заманында ұлттық 
бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің етістіктерін алу туралы өте құнды 
пікірлер айтты. 

Document Outline

  • Қосымша әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет