Мемлекет басшысы



Дата21.09.2023
өлшемі124,16 Kb.
#181904
Байланысты:
дип. Садық


КІРІСПЕ


Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2017 жылдың 12 сәуірінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жариялаған болатын. Президент мақаласында жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты-сол ұлттық кодыңды сақтай білу екеніне тоқталды[1]. Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерді табысты жаңғыртудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет екенін көрсетті. Осындай кодты сақтаушысы және жүзеге асырушы -билер болды. Би, ең алдымен-сот (судья). Бидің өзі де билігі де түп тамыры халықтың тарихына байланысты. Сол себепті, ол беделді, дәстүрлі билік қатарында болды. Сан ғасырлар бойына қазақ халқының қоғамдық өмірінде әділеттілікті сақтау мен құқықтық қатынастарды дамытуда, құқықтық саяси сана мен мәденитеттің дамуына билер белсенді ықпал етті. Шын мәніндегі билер -қазақ халқының тарихында қайталанбас ерекше, біртуар тарихи тұлғалар, өз заманында халық би деп танығандар- әділдігі зор қоғам қайраткерлері еді. Бүгінгі қоғамға осындай өз заманында мойындалған тұлғалар қажеттігін атап өткен жөн.
Тақырыптың өзектілгі. Ұлттық тарихымызды талдау, саралау барысында зерттеудiң негiзгi нысаны ретiнде қандай да бiр жалаң, абстрактiлi өндiрiс тәсiлiн емес, қоғамдық дамудың әлеуметтiк-мәдени қырынан келгендегi ұдайы өндiрiсiн қарастыру тиiмдi. Кез келген қоғамдық құбылыстың сан-салалы талдамасы оның туындау, пайда болу және әрi қарайғы дамуының iшкi мүмкiншiлiктерiн байқататын басты белгiлерi айқындала бастайтын уақыттан бас алады десек, болашақ билер институты үшiн мұндай белгi - көшпелi қоғамға тән қарым-қатынастардың бүкiл жиынтығын құрайтын ру-тайпалық құрылым едi. Еуразия даласының геосаяси жағдайы, сондай-ақ әлеуметтiк-демографиялық, шаруашылық-экономикалық және саяси жағынан қуатты рулар мен тайпалардың жүйелi түрде бiрi бiрiнiң орнын басып, алдыңғы қатарға кезектесе шығып отыруы көшпелi ру-тайпалардың үстiнен қарап, олардың iшкi және сыртқы саясатын бiр iзге түсiретін iрi саяси-әлеуметтiк құрылымның пайда болуына алып келiп отырды. Осылайша аталмыш кеңiстiкте болашақ көшпелi мемлекеттердiң iргетасына айналған саяси бiрлестiктер - тайпалық одақтар қалыптасқан-ды. Мұндай бiрлестiктердiң басында ру және тайпа басшыларының бас қосуларында сайланған ықпалды және саяси қабiлетi мол харизмалы жетекшiлер тұрды да олардың әу бастағы қоғамдық қызметі сыртқы саясат мәселелерiне қатысты болды. Саяси бiрлестiктiң өз iшiнде болса, олар әлеуметтiк-саяси қарым-қатынастарды реттеумен қатар, қандай да бiр ортақ әлеуметтiк құндылықтар төңiрегiне топтасу тенденциясына да қызмет еттi.
Билердiң саяси ықпалы олардың сан жағынан басымдылығы мен қарамағындағы рулардың қуаттылығымен анықталып отырды.
Қазақ ұлыстарында билер ерекше құқыққа ие болды: олар сот, әкiмшiлiктiк және әскери билiктi iс жүзiне асыра, сұлтандармен қатар жалпымемлекеттiк басқару iстерiне араласып отырған. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы билер институты өкілдерінің бойына тән негізгі төрт лауазымды қасиеттер: әскери қолбасшы, әкiмшiлiктiк тұлға, төрешi, дала аристократиясының өкiлi. Билердiң саяси салмағы едәуiр болғаны соншалық, кей жағдайда, тіпті ханның өзі аталмыш институттың беделді өкілдерімен, ақылдаса отырып, хан кеңесiнде қарастырылған мәселелер шешімін біріге қабылдап отырған. Бұл туралы академик Салық Зиманов өзінің төрт тілде шыққан «Қазақтың билер соты – бірегей сот жүйесі» деген кітабында: «Қазақтың билер соты өзіне жүгінген тараптардың дауларын қарастыра отырып, тараптардың арасында, рудың арасындағы бітімгершілікке және бірлікке қол жеткізуге тырысатын. Билер сотының осы асқақ мұраттарының талабына жауап беру үшін билер дала даналарының мектебінен өтуге, алдыңғы ұлы билердің сынынан сүрінбеуге тиіс болған» дейді[2]. Би институтының ықпалынан қазақ қоғамы бiр қалыпты күйде қызмет етiп, дағдарысқа ұшырамады. Бұған септiгiн тигiзген келесi факторлар: билер қазақ елiнiң бүкiл аумағы бойынша тармақталған саяси институт болды, сол себептен олардың iс-әрекетi қоғам мүшелерiнiң басым көпшiлiгiн қамтып отырды.
Патша үкiметiнiң қазақ даласында кеңiнен жүргiзе бастаған саяси-әкiмшiлiк реформалары жағдайында, билер институты негiзiнен сырттан таңылған, қазақ қоғамының саяси-әлеуметтiк психологиясына жат құқықтық нормаларға балама тұжырымдар ұсыну және көп ретте өз пiкiрiмен санасуға мәжбүр ету арқылы қазақтың дәстүрлi құқықтық сана-сезiмiн сақтауға, дамытуға ұмтылғанды. XVIII ғасырдың аяғынан бастап билер сотымен қатар қазақ жеріне ресми ресейлік сот билігі кіргізіліп, қазақ халқы өзін-өзі басқару құқығынан айырылды. XIX ғасырдың бас кезіне дейін қазақтардың өздеріне тəн бірегей дəстүрлі билер соты болды. Ол көшпелі жəне жартылай көшпелі өмір салтына бейімделген еді. XIX ғасырдың 20-жылдарынан бастап патша үкіметі билер сотын біртебірте жоя бастады. Империяның саясаты сот құқығы саласында негізгі бағыт қазақтардың билер сотын шектеу, патша өкіметінің заңдарын тереңдеп ендіру. Сот билігі патша өкіметінің əкімшілік аппаратының жазалау бөлігі болды. Осы бағытта ол күшейе түсті. Ресей империясының отарлау саясаты салдарынан билер соты өзінің демократиялық құқықтық институт ретіндегі дəстүрлі мəн маңызын жоғалтты. Үш сатылы билер сотын (жеке-дара сот, болыстық жəне төтенше съездер) сот төрелігінің жаңа жүйесін енгізіп, құқықтық құзіретін шектеу оның қызметін елеулі дəрежеде өзгертті. Ол қазақ даласындағы отаршылдық басқару əкімшілігінің бір тармағына айналды.
Қазақ елінің мыңдаған жылдардан бері ғасырдан - ғасырға ұласып келе жатқан мемлекеттік билігінде билер сотының алар орны ерекше. Шынайы халықтық үлгіде құрылып, ежелден елдік әдет-ғұрыпқа негізделген дәстүрлі құқық нормаларын берік ұстанған бұл сот жүйесі ұлттық санамыздағы ұзақ жылғы даму эвалюциясында тек әділдік пен ақиқаттың айқын көрінісі ретінде мызғымай келді. Ұлтымыздың өзіне тән осындай құқықтық мәдениеті, оның халық алдындағы беделі мен рөлінің жоғары болуына билер сіңірген өлшеусіз еңбекті барлық қырынан танып білу қажет.
Тақырыптың зерттелу деңгейі осы тақырыпқа қатысты зерттеулер аясы өте кең. Тарихшылар, заңгерлер тарапынан арнайы зерттеулер жүргізілген.
Ресейдің отарлау саясаты қазақ даласының құқықтық жүйесін тану арқылы жүзеге асты. Билер институты туралы ресейлік шенеуліктер мен арнайы зерттеулерде мәліметтер берілді. Олардың арасынан билік тәртібі мен қатар, би мәртебесіне қатысты жан-жақты түсінік бергендер А. И. Левшин, Л.Ф. Балюзек, П.Е. Маковкцкий, Н.И. Гродековтың[3] болды.
XIX ғасырдаңы ірі тұлғалары Ш.Уәлиханов «Сот реформасы жайында жазба» мақалсында, А.Құнанбаев билер соты жөніндегі қалдырған көзқарастары осы жұмысчтың басты мазмұнын ашуда қолданылды[4].
Кеңестік дәуірде Қазақстанның Ресей империясының отарына айналу үдерісіне арналағн зерттеулерде осы мәсле көтерілді. Оның ішінде қазақ даласындағы саяси-әкімшілік басқару жүйесінің өзгеруі тарихшы Е.Б.Бекмахановтың, В.Я Басин, Р.Б.Сулейменов, заңгерлер С.З.Зимановтың Т.М.Күлтелеев еңбектерінде талданды[5].
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде билер институты арнайы зерттеулерге арқау болды. Жеке билердің тұлғасы және олардың қазақ қоғамындағы қызметіне ерекше мән берді. Дәстүрлі қоғамдағы билер институтына арналған А.И.Оразбаеваның монографиясы жарық көрді[6]. Заң ғылымы саласында да осы бағыттағы зерттеулер конферецияларда талданып Х томдық жинақтың жариялануына арқау болды[7].
Диплом жұмысында тарихшыларға тұжырымдық бағытын айқындайтын академиялық оқулық «Қазақстан тарихы» басшылыққа алынды[8].
Жұмысытың мақсаты және міндеті қазақ елінің қоғамдық құрлысына, мемлекетті билік ісіне әлімсақтан қызмет көрсеткен билер институтының тарихын айшықтап, империялық отарлау саясаты тұсында өзгеріске ұшыруының салдарын дәйектеу жұмыстың мақсаты болып табылады.
Осы мақсатты ашуда төмендегі міндеттер қойылды:

  • билер ежелгі заманнан бері ел басқаруда мемлекеттік биліктің барлық түрлерін атқаруға үздіксіз үлес қосқанын көрсету;

  • қазақтың билер соты өзінің шынайылығымен халыққа ең жақын құқықтық орган ретінде сипаттау;

  • билер институтының отарлық саясатқа тосақауыл ретінде қарастырылуы талдау;

  • билер иснтитутының құқытық, әділдік сипатының өзгеруін ашу;

  • империялық сот жүйесіне қазақ даласының енуін көрсету;

Тақырыптың деректік негізі жұмысты жазу барысында ауызша тарих мәліметтері би мәртебесін ашуға мүмкіндік туғызды. Мәдени мұра бағдарламасы аясында жарияланған деректер жинағында атауға болады[9]. Қазақстан Республиаксы Ұлттық Ғылыми академиясының Орталық ғылыми кітапханасының қолжазба қорында сақталған дәптерлерде билердің дау шешу рәсімі туралы мәліметтер сақталған.
Сонымен қатар, қазақ-орыс қатынастарының мұрағаттық қордан алынған жариялынған деректер жинағының маңызы ерекше. Кеңестік дәуірде және қазіргі кездегі жинақталған мұрағаттық мәліметтер жұмыста барынша қолданылды[10].
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Дипломдық жұмыс өз зерттелу нәтижесін мына жаңа көзқарастармен қорытындылайды: билер ежелгі заманнан бері ел басқаруда мемлекеттік биліктің барлық түрлерін атқаруға үздіксіз үлес қосқанын көрсетті. Қазақтың билер соты өзінің шынайылығымен халыққа ең жақын құқықтық орган ретінде сипатталды. Империялық сот жүйесіне қазақ даласының ену процесі ашып көрсетілді.
Диплом жұмысының хронологиялық және территориялық шеңбері XVIII-XIX ғасырлар аралығындағы саяси-әкімшілік-құқықтық өзгерістер қамтиды, империяның құрамындағы қазақ даласындағы оқиғалар қамтылады.
Зерттеу жұмысының пәні империялық кезеңдегі билер институты мен сот жүйесінің өзгеріске ұшырауы мен салдары.
Жұмыстың теориялық-әдіснамалық негіздері. Диплом жұмыcын жaзy бapыcындa, тaқыpыптың мәнiн aшy үшiн зepттeyшiлep eңбeктepiнiң жинaқтay, тaлдay, caлыcтыpып – capaптay, жүйeлiлiк cияқты әдicтep қoлдaнылды. Зepттey жұмыcын жaзy бapыcындa нaқтылық, oбъeктивтивтiлiк пpинциптepi қoлдaнылды
Жұмыстың теориялық-практикалық маңызы құқықтық құрылымы және сот ісін жүргізуде өзіндік қалыптасқан бай тарихы бар, әлемдік үлгідегі классикалық соттарға қай жағынан да үйлесе алатын бірегей сот жүйесін қазақ даласындағы тәжірибесін бүгінде қолдану. Билер алқасы мен жергілікті жерде құқықтық мәселелерде бітімгерлікке жүгіну жартылау ену үстінде. Соттарды тағайындаудан сайлауға көшу, оның төменнен жоғары қарай емес, көлбеулік сиаптында қарауды ұсынуға болады.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспе, үш бөлім және қортынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмыстың сыннан өтуі. Дипломдық жұмыс әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Тарих, археология және этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасында дайындалып, қорғауға ұсынылды.

1. БИЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ТАРИХИ БАСТАУЛАРЫ МЕН ДАМУЫ


1.1 Би мәртебесі - мемлекеттік биліктің тұғыры

Тарихи институттарды, тұлғаларды зерттегенде оларды өмiр сүрген нақтылы дәуiрдiң шеңберiнде қарастыру әр зерттеушiге шарт болып табылады. Себебi, сол дәуiрдегi саяси, құқықтық, экономи-калық, әлеуметтiк қарым-қатынастардың ерекшелiгiн, деңгейiн ескерiп барып қана зерттеу нысанының iшкi табиғатын, құбылысын ойдағыдай ашып көрсетуге болады. Зерттеудегi осы бiр ерекшелiктi академик С.Зиманов былай айтады: “Өткен дәуiрде өмiр сүрген қайраткерлердiң көзқарастарын зерттеудiң өзiне тән қиыншылықтары бар. Қиындық-қайраткер өмiр сүрген және туындылар жасаған сол дәуiр мен кезеңнiң бiртұтастық көрiнiсiн азды-көптi болса да қалпына келтiру, өзiне қоғам дамуының бағытын және қажеттiлiгiн ұғынуы, атап айтқанда, әлеуметтiк қатынастар саласында, саясатта және идеологияда. Сомдап айтқанда, зерттеушi тарихқа кiруi қажет. Бұл оңай мiндет емес. Бiрақ, мұндай түсiнiксiз өткен құбылысты нақтылы-тарихи ыңғай туралы айту қиын-ақ. Кейде бiзден алшақта қалған қоғамдық-саяси қайраткерлерге баға беруде сол кезеңнiң тарихын және жағдайларын зерттемей, бiлмей ынта бiлдiретiн фактiлермен де кездесiп қаламыз. Осыдан мәселелердi ашуда субъективизм және догматика туындайды” [10, 5 б.]. Мiне, бұл баға жетпес құнды пiкiр қазақ қоғамындағы “билер институтын” зерттеуде басты қағида болып табылады. Жалпы билер институтының пайда болуы белгiлi бiр қоғамның қалыптасуымен, дамуымен байланысты. Қазақ рулары мен ұлыстары қалыптасқаннан берi, өз замандастарынан озған озат ойлы, шебер тiлдi адамдар болғаны күдiк туғызбайды. Сондықтан да билер институтының пайда болуы мен қалыптасуы қоғамның белгiлi бiр даму сатысымен, шешендердiң шығуымен, олардың сөздерiмен байланысты.


Қазақ қоғамындағы билер институтына тоқталмас бұрын, бiрiншi, “би” сөзiнiң этимологиясына тоқталайық. “Би” сөзiнiң этимологиясы туралы нақты тұжырымды пiкiр әліде дұрыс қалыптаса қойған жоқ. Себебi бұл терминдi әр түрлi кезеңдерде зерттеген ғалымдардың пiкiрлерi бiр жерден шықпай отыр. Көрсетiлген терминге алғаш көңiл аударғандар қатарында Ш.Уәлиханов, В.Радлов, А.Леонтьев, Н.Березин, А.Добросмыслов, Л.А.Словоохотов және т.б. бар.
В.Радлов өзiнiң зерттеулерiнде “би” сөзiнiң үш түрлi мағынасын келтiредi. Яғни, бiрiншiден, “би”-князь, патша, қожайын; екiншiден, “би”-сот(судья); үшiншiден, “би”-“өзiнiң шешiмдерiнде ақылды, дана адам”,-деген анықтама бередi [11, 109-110].
Ал, А.И.Добросмыслов осы сөздiң мәнiн зерттей келе, “би” сөзiнiң шығуын “билейдi” деген етiстiкпен байланыстырса [12, 7], осы сияқты А.Леонтьев те “би” сөзiн “билеу” етiстiгiнен туындата келiп, оның “басқарушы” мағынасында қолданылғанын айтады [13, 118]. Осындай тұжырымдарды И.Березин де қолдап, “бек” және “би” сөздерi ақылды, дана адам дегендi бiлдiредi, ал “би” сөзiнен “билеу” деген етiстiк шығып, ол “сот” деген мағынаны бiлдiретiнiн көрсетедi [14, 247].
Көрсетiлген терминнiң этимологиясына байланысты Л.А.Словоохотовта ерекше көзқарас ұстанды. Оның айтуынша: “Бий-мудрый в решениях, краснобой; по Будагову-князь, господин. От бий пройзошли бöйк-высокый, бöйле-управлять”,-дей келе, әрi қарай “И хотя термин бий указываеть на лицо судебной профессии, а аксакал на переклоннасть возраста, но в существе дела эти названия, взаймно дополняя друг друга, обозначают один и тот же судящий персонал степного кочевья”,-дедi [15, 74].
Жоғарыда көрсетiлiп кеткен ғалымдар сияқты В.Бартольд та “би” терминiне өзiнше түсiнiк бередi. Оның пiкiрiнше, “би”-түрiктерше “бек” түрiнде айтылып, белгiлi бiр лауазым иесiн бiлдiредi. Ал, Осман түркiлерiнде “би” түрiнде айтылып, бiрiншiден, қарахалықтан да, билеушi топтан да бөлек тұрған “беделдi адамдарды”, екiншiден, салыстырмалы түрде үлкен мемлекеттердi басқаратын билеушiге, ханға қарағанда орташа тайпалар мен рулардың жетекшiсi “князьдi”, үшiншiден, сөздiң кең мағынасында қандай да болмасын “басқарушыны” бiлдiретiндiгiн айтады [16, 502].
Аталмыш терминнiң шығу тегi кейiнгi зерттеушi ғалымдар арасында да қызу талас тудырды. Мысалға алсақ, “би” терминiнiң шығу төркiнiне байланысты профессор Е.Бекмаханов: “…бий восходит к далекому прошлому, согласно восточным авторам, слово “бий” образовано от слова “бек” или “биюк”, что в переводе означает глава одного рода или старшина рода, или бек города”,-деп көрсетеді [17, 40].
Ал С.Аманжолов болса, берiк және бек сөздерiнiң түбiрi бiр, берiк сөзiнен “бек” сөзi туындап, ол белгiлi, қайырымды, бекзат дегендi бiлдiредi және одан “би” сөзi туындап ол-“сот, судья, билеушi (правитель, владыка)”,-деген мағынаны қамтитындығын көрсетедi [18, 88 б].
Ал С.Толыбеков терминнiң пайда болуы туралы былай дейдi: “…пройсхождения термина “бий” была связано с появлением постоянной распорядительной функций известных лиц в общественной жизни”,-деп жазды [19, 76].
Айтылған пiкiрдi Н.Г. Аполлова да қолдай келе, өз ойын былайша бiлдiредi: “би мен бек - бiр мәндi термин, ол тек қазақ қоғамының әлеуметтiк терминологиясында ғана бар термин емес. Бұхара мен Хиуада облыстардың жоғарғы әкiмшiлiк шенеулiктерi мен билеушiлерi бектер деп аталды. Сонымен қатар, бектер ақсүйектер тобының өкiлi ретiнде VI ғасырдағы Түрiк қағанатының қоғамдық құрамында да болды” [20, 65 б].
Осы терминдi зерттеген бiр топ отандық зерттеушiлер де “би” деген термин бастапқы кезде рулар мен тайпалардың басшыларын, ал кейiнiрек юридикалық функциялары бар адамдарды бiлдiру үшiн қолданды”,-дей келе, әрi қарай осы “би” терминi XV ғасырдан ертеректегi деректемелерден кездеспейдi”,-деген пiкiр айтад [21, 345 б]. Айтылған ойды әрi қарай дамытқан Т.Сұлтанов: “…билердi ру мен тайпалардың жетекшiлерi”,- дей келе,-“би” сөзi ежелгi түркiнiң байырғы “бек” деген сөзiнiң кейiнiрек өзгерген түрi және бұл орайда терминнiң XV-ғасырға дейiнгi деректерден мүлдем ұшыраспай-тындығын айта келе, ал түрiктiң “бек” сөзi моңғолдың “ноян” және арабтың “әмiр” сөздерiнiң синонимi болып табылатынын және оның ерте кездегi деректерде кездесетiнiн атап көрсеттi” [22, 351 б]. Өз кезегiмiзде бiз мұндай пiкiрмен келiсе алмаймыз, бiздiң пайымдауымыз бойынша, “би” сөзiнiң бастауы түркi дәуiрiнен де ертерек заманға келедi. Мысалға алсақ, б.з.д. III ғасырдағы үйсiндердiң ел билеушiсiн “Күнби” деп атаған. Мұнда “би” деген сөз - әрi билеушi, әрi “бiр” деген мағына ретiнде қолданылды [23, 19]. Кейбiр деректер бойынша, осы Үйсiн елiнiң басшысы “Күн-мо” деп те аталады. Оны бiз Қойшығара Салғариннiң еңбектерiнен кездестiре аламыз. Мысалы: “у-сұнның билеушiсi өзiн “күн-мо (ми)” деп атаған. Бұл түрiк тiлiнде “күн” (кум) деген ұғымды бiлдiредi, “ми”-“бимен” дыбыстық жақындығы бар, оның мағынасы билеушi немесе елбасы дегенге келедi. Сондықтан “күн-мо” мен “күн-ми” деген “күнби” яғни күн сияқты билеушi деген мағынада” [24, 92 б]. Осындай пiкiрдi Жапония ғалымы Бәй-ниау-кужи өзiнiң “у-сұндар жөнiнде дерек” атты мақаласында да келтiредi: “ол у-сұн мемлекетiнiң билiк атауында “ми” иероглифi көп кезiгетiнiн айтады. Мысалы, Нәндыу-ми, Ле-жиау-ми, Ниән-шүй-ми, Ни-ми, Вiнжиу-ми, Иуәнгуй-ми, Шиң-ми, Цы-су-ми, Ишi-ми, Әнли-ми және т.б. Бiрiншiден, “ми” иероглифi түрiк тiлiндегi “би” мағынасында (қолданылып-А.Н.), бұл-ел басы деген ұғымды бiлдiредi” [24, 99 б]. Сонымен қатар, өз зерттеулерiнде Қытай ғалымы Су Бэйхай мынандай мәлiметтер келтiредi: “Үйсiндер ертеде көк аспанға, жерге, күн мен айға және басқа да аспан денелерiне тәу ететiн. Әсiресе күндi құдiреттi Тәңiрге балап, киiз үйлерiнiң есiгiн шығысқа қаратып тiгiп, күннiң шығуына ерекше ықылас бiлдiретiн. Үйсiн қағаны сол үшiн өзiн Гуньмо (Күнби) атады. “Гуньмо” сөзiнiң алдыңғы буыны “Гунь” немесе “Күн” деген ұғымды, кейiнгi буыны “мо” (немесе “ми”, “бо”, “би”) билеушi, хан, патша дегендi бiлдiретiн. Сөйтiп “Гуньмо” (күнби) деген сөздiн шын мағынасы “күндей биiк әмiршi” деген ұғымды бiлдiредi” [25, 7-8 б]. Айтылған пiкiрлердi саралап қарасақ, “би” сөзiнiң пайда болу кезеңi ерте кездегi үйсiндердiң заманына тiрелетiнiн көремiз. Бұл дәуiрде “би” терминi ел басы, билеушi деген мағынада қолданылған.
Өз кезегiнде осы терминдердiң, ұғым-түсiнiктердiң, атаулардың тарихын, даму эволюциясын сонау түркi дәуiрiнен берi салыстыра зерттеген белгiлi заңгер ғалым Ғ.Сапарғалиев олардың әлi күнге дейiн iшкi мән-мазмұнындағы сабақтастықтың сақталғанын айта отырып: “…осы саяси құқықтық терминдер мен ұғымдар бiздiң дәуiрге дейiн жетiп, қазақ халқының саяси және құқықтық мәдениетiнен өзiне лайықты орын алып отыр”,-деп жазды [26, 14]. Бiрақ өкiнiшке орай, қазақ қоғамындағы құқықтық көзқарастар, ұғым-түсiнiктер, қағидалар, терминдер жайлы мәселе әлi күнге дейiн ғылыми әдебиетте арнайы көтерiлiп қойылған жоқ. Олар ғылыми зерттеудiң жеке дара нысанасына айналып, өз дәрежелерiне сай ой зердесiне салынып, еленiп-екшеленбедi. “Халқымыздың құқықтық мәдениетi-нiң сүбелi бөлiгi болып табылатын құқықтық көзқарастар, ұғым-түсiнiктер, қағидалар, терминдер бүгiнге дейiн өздерiнiң ғылымдағы “ақтандақ” қалпынан арыла алмауда” [27, 23].
Құқықтық мәдениетiмiздегi осы ұғым-түсiнiктер, терминдерге келетiн болсақ, бұларды зерттеуде, мәнiн ашуда оқиғалар жиынтығына сүйене отырып, мәселенi шешiп алу керек, өйткенi оқиғаларды сипаттау үстiнде осынау қиын да күрделi сөздер әртүрлi үйлесiмде кездесiп отырады.
Мысалы, V-VI ғасырларға жататын көне түркi жазбаларын зерттеген ғалымдарға “би” сөзi кездеспегенiмен, “бек” сөзi жиi кездеседi. Мысалға алсақ, “Бiлге қағанға” қойылған ескерткiштiң үлкен жазуында: “Барс бег ертi”, “қаған ат бунта”,-деп жазылған. Аударғанда: “Барс бег болды. Бiз оған қаған (хан) лауазымын бердiк”-деген [28, 294]. Осыдан көрiп отырғанымыздай, бұл жерде “бек” қағаннан кейiнгi лауазымды бiлдiрiп тұрғаны айқын. Ежелгi түркi қоғамының әлеуметтiк жүйесiнде қаған (хан) әулетiне жататын ақсүйек тархандар, буруктар, ябғулар және шадтармен қатар халықтың қайнаған ортасынан шыққан бектердiң де болғаны белгiлi жағдай. Осы тұрғыда келгенде, бiр топ заңгер ғалымдар бектердi VI ғасырдағы түрiк қағанатындағы ру-тайпа жетекшiлерi деп атап көрсетiп, “бектер буруктармен және тархандармен бiрге, қағанаттағы сот билiгiн жүргiзiп отырды”,-дедi [29, 19].
Л.Гумилев ежелгi түркi қоғамының әлеуметтiк құрылымын зерттеу барысында бектердi әскербасы немесе ел басы ретiнде сипаттайды. Мұны негiздеуге көне түркi жазуларын дәлелге келтiредi: “turk boglar budun”, аударғанда “түрiк бектерiнiң халқы” немесе “түркi бектерi және халық” деп аударылады. Мұнда “бектер” мен “будын” үнемi қосақтала аталуы будынның қара халықты және қатардағы жауынгерлердi бiлдiретiнiн, ал бектердi әскербасылар құрамын құрайтындығы көрсетiледi”,-деп жазды [30, 60]. Осы сияқты А.Н.Бернштамда: “…Бег является основной фигурой в тюркском обществе, политической фигурой. Буюрики и тарканы (bujurug и targan) имеют в титуле приставку бег [31, 111] дей келе” “Буюрук” этимологически она значит “тот, кому приказывает хан” как бы “приказчик”. Так назывались подчиненные хану, начальники отдельных отрядов, которым давались иногда и самостоятельные поручения, наместники хана и тому подобные люди. Возможно также, что буюруки были той частью бегства, которая служила своеобразными казиями (судьями), также в большинстве своем выходцами из господствующего класса” [31, 113], - деген деректер келтіреді.
Сонымен қатар, X ғасырдың ортасында қазiргi Қазақстан территориясының Шығыс және Оңтүстiк аудандарында мекендеген Қараханидтер мемлекетiнде де, бектер барлық әкiмшiлiк, соттық және әскери билiктi өз қолдарына шоғырландырып тек қана ханға ғана бағынып отырды. “Бектер Қараханид мемлекетiнде сот билiгiн жүргiзе отырып, даулы мәселелердi шешкенде, әдет-ғұрып құқығына сүйендi, ал қалалық жерлерде әдет-ғұрып құқығымен қатар шариат қағидаларына да сүйенiп дауларды шешiп отырды” [29, 21]. Мұнда бектердiң әдет-ғұрып құқығымен қатар шариат қағидаларын қолдануы бұл екi заңның нормалары бiр-бiрiне қайшы келмей, қайта бiрiн-бiрi толықтырып, жетiлдiрiп отырғандықтан болғандығын байқаймыз.
XI ғасырда нұсқасы жазылған және Орта Азияны жайлаған халықтардың тарихы мен қоғамындағы әлеуметтiк құрылысы туралы көптеген мәлiмет берерлiк маңызды дерек көзi болып табылатын Махмуд Қашқаридың “Диуани лұғат ат-түрк” яғни “Түркi тiлдерiнiң сөздiгi” атты кiтабында “бек” сөзiнiң мағынасы белгiлi бiр лауазым иесiн бiлдiретiнi нақты көрсетiлген. Мысалы:
Алблар бiрлә урушма,
Беглар бiрлә турушма.
Яғни аударғанда:
Батырлармен ұрыспа,
Бектермен тұрыспа [32, 61]
Сонымен қатар, алып Ер Тоңаны жоқтау жырында, бектердi:
“Бектердiң бегiн сұлатты,
Жауға шабар бектерiм”,-деп сипаттайды [33, 42].
Осы деректерден V-XII ғасырлар кезеңiнде түркi дәуiрiндегi мемлекеттердiң әлеуметтiк құрылымында бектер маңызды орын алғанын көруге болады.
Бiздiң дәуiрге дейiнгi сақтар қоғамының әлеуметтiк құрылымында да ру-тайпа жетекшiлерi маңызды орын алғанын көптеген ғалымдар атап көрсетедi. Мысалға алсақ, А.И.Треножкин сақтарда ру-тайпалардың басында ақсақалдар тұрғанын, ал соңғыларының арнайы жиналатын кеңесiнде көршi елдермен қарым-қатынас және қоғамдық өмiрдегi дау-дамайларды шешу тәрiздi мәселелермен айналысқанын айтады [34, 47].
“Сақ дәуiрiндегi көшпелi тайпалардың қоғамдық құрылысы әскери демократия түрiнде болды” [28, 9-10]. Жоғары мемлекеттiк билiк ханның қолында шоғырланды. Осы сақ қоғамындағы ханның билiгiн Б.Н.Граков былай сипаттайды: “…считается, что власть царя скифов было весьма деспотической. В его руках соединились функций военначальника и верховной судьи. Как судья царь распологал правом вынесения смертного проиговора. Однако царская власть у скифов было какой-то степени ограничена советом старейшин” [35, 18-21]. Бұл ойды А.Ш.Қадырбаевта қолдай келе, осы ақсақалдар кеңесi туралы ойды әрi қарай былай деп жалғастырады: “…Скорее всего власть царя у саков было ограничена решениями так называемого “народного собрания”-всех взрослых мужчин племени, где тон, вероятно задавали “могушественные мужи скифской земли, то есть военно-племенная аристократия” [36, 28].
Ал грек тарихшысы Лукиан Самосатский сақтардың ру-тайпа жетекшiлерiн былай сипаттайды: “…если кто ударить кого-либо из равных или, напав повалить на землю, или разарвет платье, то старейшины налагают за это большие наказание, даже если обида будет нанесена при немногих свидетелях…” [37, 183].
Байқап отырғанымыздай, сақтардың ру-тайпа жетекшiлерi мен ру iшiндегi беделдi адамдар кеңес құрып, қоғамдық қатынастардағы тәртiптiң бұзылмауын қадағалап, өз мiндетiне сот (судьяның) функцияларын алып, сақ қоғамында маңызды рөл атқарғанын байқау қиын емес. Ру-тайпа жетекшiлерiнiң бұлай жиналып, елдiң маңызды мәселелерiн шешуi, сақ дәуiрiнде басталса да, бұл дәстүр әрi қарай өз жалғасын тауып отырды. Мәселен, Үйсiндерде “Билер кеңесi” болған және ол ел үшiн iргелi қызметтер атқарған [24, 19]. Сол сияқты, мұндай ел билеу дәстүрi түрiк дәуiрiнде де болған. Мұндай кеңестер ел iшiндегi маңызды iргелi мәселелердi шешiп отырған. Мысалға алсақ, жалпыхалықтық хан сайлау, көршi елдермен қарым-қатынас жасау, соғыс ашу, бейбiтшiлiк келiсiмiн жасау, ел iшiнде болып тұратын даулы мәселелердi шешу және тағы басқадай сол сияқты iстердi қарап отырған. Ру-тайпа жетекшiлерiнiң жиналып кеңес құрып сот функциясын атқаруы ерте кездегi ғұндар қоғамында да болған, мұны Н.Я.Бичуриннің жазып кеткен мына бір деректерінен байқауға болады: “…кто храбр, силен и способен разбирать спорные дела, тех поставляют старейшинами” [38, 142]. Байқап отырғанымыздай, ғұндар қоғамында даулы iстердi шеше алатын, ақылды, жаужүрек адамды ғана ру-тайпа жетекшiсi ретiнде танығанын көруге болады.
Сақтар мен Түркiлердiң дәуiрiнен кейiн қазақ жерiнде бiрнеше ұсақ хандықтарға бөлiнген ұлыстардың басын бiрiктiрiп, үлкен империя құрған Шыңғысханның қағандық дәуiрiне XII-XIII ғасыр-лардың өң бойына ой жүгiртсек, сол қоғамдағы “бек”, “би” институт-тары о бастағы бағытынан адаспай, ел iшiндегi саяси-құқықтық қатынастарды және билiктi ұйымдастыруда маңызды рөлдi атқарып, кемелдене түскенiн аңғарамыз. Оған мысал ретiнде қазақ, қарақалпақ, қырғыз, өзбек, түрiкпен, татар халықтарының бас биi болған Майқы бидi алсақ, жеткiлiктi. Ол кiсi Шыңғысханның замандасы әрi оны ақ киiзге отырғызып хан көтерген он екi бидiң төбе биi болса керек. Ол жөнiнде дана Абай былай айтады: “…монғолдан Шыңғыс хан шыққанда, қазақтан құтты болсынға барыпты. Бiрақ қай жерге барғаны мағлұм емес, сөйтсе де осы Шыңғыс тауында, әскерi Қарауыл өзенiнiң бойында жатып, он екi рудан он екi кiсi монғолдың өз заңы бойынша “хан” деген үлкен биiктiң басында, ақ киiзге Шыңғысты отырғызып хан көтерген-дейдi. Сол он екi кiсiнiң бiрi қазақтың Майқы би деген кiсiсi екен” [39, 492]. Бiр ғажабы, осы Майқы би мен Шыңғысханның есiмi тең аталып, мемлекет басқаруда бiрiнiң iсiн бiрi толықтырып тұрған. Дәлiрек айтқанда, “Майқы би тек қана шешендiк сөздiң майталманы, бiлгiр би, сот үкiм-кесiмдерiне байланысты билiк айтып қана қоймай, сонымен қатар ол сол дәуiрдегi түркi тiлдес халықтарының мемлекет басқару iсiне өлшеусiз үлес қосқан, саяси мәселелердi түйiндеп, шешiмiн шығара бiлген мемлекет қайраткерi болды” [40, 16-17].
Дегенмен де, XII-XIV ғасырлар аралығындағы монғол үстемдiгi тұсында, халықтың қайнаған ортасынан шығып беделге ие болған бек пен билер қатаң әскери-әкiмшiлiк жүйенiң тасасында қалып қойды. Себебi, Шыңғыс хан алып монғол империясын құра отырып, егер төре тұқымдарының арасында алауыздық бола қалған жағдайда, ру-тайпа жетекшiлерiнiң тарапынан төнетiн қатердi жақсы түсiнсе керек. Сондықтан да Шыңғыс хан өзiне тәуелдi ру-тайпа жетекшiлерiнiң өз бетiнше билiк етуге шектеу қойды. Бiрақ та “…тарихи қалыптасқан қоғамдық құрылымды бұза алмайтынын жақсы түсiнген Шыңғысхан, монғол империясының әлеуметтiк-қоғамдық өмiрiнiң негiзгi бөлiгi ретiнде ондық, жүздiк, мыңдық және түмендiк сияқты қатаң сатылы әскери жүйенi енгiздi” [29, 30]. Осы әскери құрылымдарды басқаруды өзiнiң туысқандары мен балаларына берген хан билiгi шексiз болды. Хан билiгiнiң шексiз болуына Шыңғысханның заңдар жинағы “Ұлы яссының” да елеулi ықпал еткенi айқын. Мысалға алсақ, “яссының” бiр бабында ру-тайпа басшыларының ең беделдi дегенiнiң өзi қылмыс жасап, кiнәлi болған жағдайда, ханның жазалау үшiн жiберген қызметшiсiне қарсылықсыз бағынуы тиiс деп көрсетiлген [41, 185].
Байқап отырғанымыздай, Шыңғыс ханның билiк құрған кезiнде бек, би институттары қоғам өмiрiнде өздерiнiң дәстүрлi үлес-салмағын төмендетiп алғанмен де, өздерiнiң ғасырлар бойы қалыптас-қан бағытынан адаспай, ел iшiндегi тәртiптi сақтап, даулы мәселелер бойынша билiк шешiмдерiн шығарып келдi.
Уақыт өте келе, төре тұқымдарының билiк үшiн, тақ үшiн бiр-бiрiмен таласқа түсуi, халық арасынан шыққан билердiң беделiнiң күшеюiне әкелдi. Өйткенi, әрқайсысы өз алдына жеке-жеке хандық құрып, билiк жүргiзгiсi келген төре тұқымдары, халық ортасынан шығып, беделге ие болған билерсіз халықтың қолдауына ие болмайтынын жақсы түсiндi. Мұндай жағдай қоғамдағы билердiң ел iшiндегi беделiн арттырды. Осы тұрғыдан келгенде, Алтын Орда ыдырағаннан кейiн оның орнына келген Ноғай ордасының саяси билiк жүйесiндегi ерекшелiгi орданы Шыңғыс хан әулетiнен шыққан төрелер емес, Едiге бидiң әулетiнен шыққан адамдар басқарды. Бұл жағдайды ғалымдар былай деп сипаттайды: “Орда управлялась бием (князем), избираемым мурзами из числа представителей замкнутого сословия правящего дома Едиге. Высшим органом власти являлся большой совет (курултай), состоявший из высших чиновников и “братьев, племянников бия”. Этот орган избирал бия, ограничивал его власть. Центральная власть в лице совета, бия, высших правителей (“чинов”) осуществляла следующие функции: Верховное распоряжение пастбищными территориями, назначение на высшие должности, осуществления высшей судебной функции. При бие имелся постоянный орган управления-карадуван. Он находился постоянно при зимней ставке г.Сарайчик. Этот орган исполнял судебные решения и приговоры, осуществлял фискальные и полицейские функции, а также многие частные поручения бия” [29, 34-35]. Байқап отырғанымыздай, Ноғай ордасындағы басты билiк билердiң қолында шоғырланып орданы төрелер емес, билер басқарды. Мұның өзi билер институтының сол кезеңдегi жағдайын көрсетедi. Ал ендi XV-XVI ғасырларға келетiн болсақ, бұл уақыт аралығында бек, би институттары бiраз кемелденiп, өсе түстi. Осы кезеңдегi би институтына халықпен тығыз байланыстылық, қоян-қолтық араласу, жаугершiлiк заман талабына бейiмдеушiлiк сияқты көрiнiстер тән. Осы кезеңдегі билер туралы азды-көптi деректер халықтың ауызша айту дәстүрi бойынша бiздiң заманымызға дейін жеткен. Осындай деректiң бiрi қазақ мемлекетiнiң құрылуына байланысты болып келедi. Оның өзi де “билер институтының” көрнектi өкiлi Ақжол бидiң атымен байланысты.
XV ғасырдың 50-60 жылдарындағы Өзбек хандығының билеушiсi Шейбан ұрпағы Әбiлхайырдан Орда-Ежен ұрпақтары Керей мен Жәнiбектiң өз алдына мемлекет құрып бөлiнiп кетуi - арғын руының биi, әдiлеттiгi үшiн Ақжол би атанып кеткен Дайырқожаның атымен тығыз байланысты. Осы оқиға туралы Шәкәрiм Құдайбердiұлы былай дейдi: “…Әбiлқайырға өкпелеген себебiн бiздiң қазақ былай айтады. Бiздiң осындағы арғындардың арғы атасы Дайырқожа ханның сүйiктi қазысы екен, әдiл айтқандықтан Ақжол атаныпты. Және қара Қыпшық Қобыланды батыр да сүйiктi екен. Екеуi iшiнен жауласып жүргенде, бiр күнi далада Қобыланды батыр Дайырқожаны өлтiрiп кетiптi. Мұны әз-Жәнiбек хан бiлiп, Қобыландыны шариғат бойынша қысас қылып өлтiруге сұрапты. Әбiлқайыр хан берейiн десе, қара Қыпшақ бұзылатұғын болған соң, бере алмай үш кiсiнiң құның алып бiтiм қыл деген соң, әз-Жәнiбек хан өкпелеп Есен-бұғы билеп тұрған Шағатай ұлысына қарасты Шу мен Қозыбасты төңiрегiне көшiп кетсе керек” [42, 22-23].
Көрсетiлген кезеңде қазақ қоғамындағы билер институты басқа әлеуметтiк құрылымдардан бөлек, өз алдына жеке құрылым деп айтуға келмейдi. Өйткенi, билер “қара қылды қақ жарған” әдiлеттiгi-мен де, суырып салма жыраулығымен де би, батыр, жырау, шешен, ақын ұғымдарын бiр басына сыйғыза бiлген қоғамдық-саяси қайраткер болды. Осы туралы шығыстанушы ғалым Н.Өсерұлы өзiнiң “Шариат” атты зерттеу еңбегiнде “билер өз елiнiң тарихын, шежiресiн жетiк бiлген заңгер ғана емес, сонымен бiрге әрi ақын, әрi жырау болған”,-деп жазды [43, 242]. Әдетте билерден шешендер саны көбiрек болған. Әр ауыл сайын би болуға қажеттiлiк те болмаған. Ал шешендер әр ауылдан табылған, кейде тiптi бiреу емес, бiрнешеуi болған. Осыған байланысты шешен атаулының бәрi де шетiнен би атанбаған, ондай құрметтi атаққа екiнiң бiрi ғана қолдарын жеткiзген. Ал би атанғанның бәрi дерлiк заңгер де, шешен де, ақын да, жырау да, ал тiптi кейбiреулерiнiң iшiнде қол бастаған батыр да болған.
Осы XV-XVI ғасырлардағы билер институтының көрнектi өкiлдерi болып табылатын Бәйдiбек би /1365-1419/, Асан қайғы /шамамен 1370-1466 жылдар аралығында өмiр сүрген/, Қазтуған жырау /XV ғасырларда өмiр сүрген/, Шалкиiз жырау /1465-1560/, Дос би /1570-1627/, Жиембет жырау /XV-XVII ғасырлар аралығында өмiр сүрген/ өз дәуiрiндегi атақты билер, жыраулар, батырлар болып, тек ел iшiнде болып тұратын құн дауы, жер дауы, жесiр дауы, мүлiк дауында әдiл билiк айтып қана қоймай, сонымен қатар сол кездегi хандардың ақылшысы, ел басқарған саяси қайраткерлер болған. Мысалға алсақ, Майқы бидiң алтыншы ұрпағы болып табылатын атақты Асан қайғы тек қана ел қамын ойлап, қайғы шеккен жырау емес, ол сонымен қатар әз-Жәнiбектiң ақылгөй биi болғаны белгiлi [44, 93].
Алтын Орданың ыдырауы дәуiрiнде /XV ғасыр/ өмiр сүрген Асан-қайғы алдымен Сарайда, кейiн Қазанда Ұлық-Мұхаммед ханның ықпалды билерiнiң бiрi болған. Егде тартқан шағында Дештi Қыпшаққа қайтып оралады, өмiрiнiң соңғы кезеңi жаңа құрылған қазақ мемлекетiнде Керей мен Жәнiбек хандардың төңiрегiнде өтедi [45, 501]. Алтын Ордадан бөлiнген рулар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң, ел iргесi берiк, ағайын арасы тату болу жолында күрескен Асан-қайғы, ең алдымен хандық билiктi күшейту және елдiң қорғаныс қабiлетiн арттыру қажет деп санап, Жәнiбек ханды: “уақытша табысқа масаттанып кеттiң, қазақ халқының болашағын жете ойламайсың” деп сөгедi. Оны мына бiр өлең жолдарынан көруге болады:
“Ай, хан, мен айтпасам бiлмейсiң,
Айтқаныма көнбейсiң
Ай, Жәнiбек ойласай”,-деп Жәнiбек ханды азғантай табысқа масаттанбай, мемлекеттi күшейту жолында жұмыс iстеу керектiгiн айтады [46, 24]. Асан қайғы туыстас руларды бiр орталыққа бағынған мемлекет етiп ұйымдастыруда, қазақ хандығын нығайту жолында елеулi еңбек жасаған саяси қайраткер болды. Бiздiң заманымызға жеткен толғауларынан оның өз дәуiрiнде болып жатқан саяси өзгерiстердi жете түсiнгенi, Алтын Орданың орнында пайда болған ұсақ хандықтардың бәрi де құрып бiтетiнiн болжай алғандығы көрiнедi.
Осы кезеңдегi билер институтының тағы бiр белгiлi өкiлi - 1570-1627 жылдары Ташкент шаһарында дүниеге келген Досмұхамбет би де өз дәуiрiнде тапқырлығымен, шешендiгiмен, әдiл билiгiмен, қайырымдылығымен халықтың құрметiне ие болған. Оның әдiлдiгi мен қамқорлығын көп көрген ел оны өзiне жақын тартып, ақылгөй басшы санап, “Дос би” деп атаған. Дос би сонымен қатар Тәуекел ханның ақылшысы және оның дербес биi де болған [47, 44-46].
Өз кезегiнде Шалкиiз, Жиембет жыраулар тек қана ақын-жырау емес, сонымен қатар ел билеуге араласқан саяси қайраткер ретiнде халық жадында сақталған. Мәселен, Жиембет жырау Еңсегей бойлы ер Есiмнiң кiшi жүздегi елдi басқарған биi және әскербасы қызметiн атқарған. Есiмнiң көршi хандықтармен арадағы соғыстарында ерлiгiмен, iскерлiгiмен танылып, батыр атанған мемлекеттiк қайраткер болған [48, 51].
Ал мұнан кейiн, XVII-XVIII ғасырларда сот рәсiмiн терең бiлiп, өздерiнiң әдiл шешiмдерiмен, өнегелi сөздерiмен, қол бастаған батырлығымен халықтың қайнаған ортасынан шығып, әлейiм жұртқа танылған, саяси-қоғамдық қайраткерлердiң бiр тобы келгендiгi белгiлi. Олар: Ақтамбердi жырау (1675-1768 жж. өмiр сүрген), Тәттiқара ақын (туған-қайтыс болған жылдары белгiсiз), Бұхар жырау /1668-1781жж./, Үмбетей жырау (1706-1778жж.), Жанақ ақын (1770-1856 жж.) Шал ақын (1748-1819 жж.) және тағы басқалары.
Бұл саяси қайраткерлер өз заманында ел басына күн туған қиыншылық кезде де, ел жиналған айт, ас, той тұсында жер дауы, жесiр дауы, құн дауы, мүлiк дауы көтерiлген кезде ел тағдырын “тура жолдан таймай” әдiлдiкпен шешiп отырған. Билер қазақ хандығындағы iшкi саяси-құқықтық қатынастарды реттеп қана қоймай, сонымен қатар хандықтың сыртқы қарым-қатынастарын реттеуде де үлкен үлес қосқан мемлекеттiк қайраткерлер болды. Көрсетiлген кезеңдегi билер өз заманында даналықтары тасқан, шешендiктерi асқан, өз заманында тек құқықтық iстермен айналысқан адамдар емес, сонымен қатар бұлар дипломаттар, мемлекет қайраткерлерi, замана даналары, қазақ мемлекетiнiң бүкiл еуразиялық биiгiне көтерiлуге үлес қосқан адамдар болды.


Билер институты XVII-XVIII ғасырлардағы қазақ қоғамындағы өзiне ғана тән классикалық түрiне келiп, қоғамда белгiлi бiр әлеуметтiк құрылым болғанға дейiн бiрнеше сатыдан өттi. Билер институтының құқықтық бастаулары сақтар дәуiрiне сай келдi. Яғни сақтар дәуiрiндегi ру-тайпа жетекшiлерi, ақсақалдар қоғамдағы саяси-құқықтық қатынастарда үлкен де маңызды орын алды. Бұл кезенде ру басылар, ақсақалдар сот iсiн, ру iшiндегi әр түрлi шаруашылық iстердi және де соғыс пен бiтiм жариялау мәселелерiн қарастырып отырды. Уақыт өте келе, халық санының өсуi және қоғамдық қатынастардың жандануы, шаруашылықтың ұлғаюы адамдар арасындағы келiспеушiлiктiң, даулардың көбейуiне себеп болды. Мұндай жағдай осы дауларды басқа мәселелерден жеке дара алып қарауды және онымен кәсiби түрде шұғылданатын адамдар болуын қажет еттi. Бұл адамдар топ iшiнде шешен сөйлей алатын және өзiне дейiнгi дауларды шешуде қолданған әдет-ғұрыптарды, әдiстердi есiнде сақтауға мiндеттi болды. Ал бұл өз кезегiнде бек, би институттарының нұсқасының жасалуының алғашқы түрi болып табылды. Ежелгi түркiлер дәуiрiндегi VI-XI ғасырлардағы Қарлұқ мемлекетi, Түргеш қағандығы, Қарахан мемлекетi тәрiздi саяси бiрлестiктердiң әлеуметтiк құрылымынан орын алған бектер мен билер қоғамдағы қатынастарға бiршама араласып қоғамда туындап тұратын дауларды шешумен және де әскери қызметтермен айналысып отырды. Бұл билер институтының жеке құрылым ретiнде бiртiндеп дамып келе жатқан үлгiсi болды. Түркiлер дәуiрiнен кейiн қазақ жерiнде бiрнеше ұсақ хандықтарға бөлiнген ұлыстардың басын бiрiктiрiп, үлкен империя құрған Шыңғысханның қағандық дәуiрiнде билер институты бiраз кемелдене түстi. Бұл дәуiрде билер институтының көрнектi өкiлдерi Майқы би, Бәйдiбек би сияқты тұлғалар айқындалды;
-XIV-XVI ғасырларда халық ортасынан шыққан билердiң беделi күшейе түстi. Өйткенi, әрқайсысы өз алдына хандық құрып, билiк жүргiзгiсi келген төре тұқымдары, халықтың қайнаған ортасынан шыққан бектер мен билерсiз халықтың қолдауына ие болмайтынын жақсы түсiндi. Ал мұндай жағдай өз кезегiнде бектер мен билердiң қоғамдағы маңызын арттырды;
-Ал мұнан кейiнгi XVII-XVIII ғасырларда билер институты өзiне ғана тән классикалық үлгiсiне жетiп, өз алдына тәуелсiз институт болды. Олар қазақ қоғамындағы iшкi тәртiптерден бастап, адамдардың өзара мәмiлесiнiң бұзылуын және сол кезенде болып тұратын құн, жесiр, жер, мал-мүлiк дауларын қарап өз шешiмдерiн берiп отырған. Бұл тұстағы билер институтының функциясы тек қана iшкi саяси-құқықтық қатынастарды реттеумен шектелiп қана қоймай, сонымен қатар сыртқы саяси қарым-қатынастарды реттеуде де маңызды рольдi атқарған саяси тетiк те болып табылды.
Бұл кезеңде “би” ретiнде халыққа танылудың өзi оңай болған жоқ. Екiнiң бiрi “би” бола алмады. Бұл жөнiнде көрсетiлген кезеңдерде қазақ елiнiң әдет-ғұрып құқығын зерттеген орыс ғалымдары “би” атағын былай сипаттайды: “Бий это звание в сознание народном, принадлежить тем немногим, которые с природным умом и даром красноречия соединяють в себя глубокие познания в коренных обычаях народа и в исторических о нем преданиях” [48, 225]. Айтылған ойды академик С.Зиманов толықтыра келе, былай дейдi: “…если могущество султанов было обусловлено их богатством и происхождением от ак-суйек, то сила и влияние бийской группы, выросшей из недр караши, кроме ее экономически господствующего положения в обществе, обьяснялись и личными качествами ее членов, как-то: знанием адата, традиций, остроумием в словопрениях, умением зашищать и отстаивать интересы общин и т.д. ” [49, 193], дей келе, “…звание, бия считалось личным. Не все богачи могли быть биями. Для того, чтобы заслужить это почетное звание, надо было, как уже говорилось, обладать определенными личными качествами и способностями. Представители знати, после нескольких успешных выступлений на суде, советах, сборах, показав, что они этими способностями обладают, приобретали известность как бии” [49, 196-197]. Байқап отырғанымыздай, қазақта би болу үшiн немесе би атағын алу үшiн қазақ азаматына бай болу немесе хандықтың басында тұрған адамның /ханның, сұлтанның/ ықпалы қажет болмады. Тек халықтың әдет-ғұрпы мен сот заңдарын терең бiлiп, оны өзiнiң көркемсөз әлде көсемсөз өнерiмен, яғни сөзуарлық талантымен көпшiлiк алдында сынға түсетiн адамды аса құрметпен “би” атағы дәрежесiне жеткiзетiн. Бұл құрметтi атаққа жету үшiн ол әлгi өнерлерiн, яғни құқықтану бiлiмiн және сот iсiнiң шеберi екенiн халық алдында әлденеше рет көрсетуге тиiстi едi. Сонда оның атағы ел арасына тез жайылып, халыққа танылады. Осылай би атағы мен дәрежесi бiр жағынан халық данасы болса, екiншi жағынан сот пен адвокат қызметiн атқаратын едi [50, 149].
Өз кезегiнде “би” болу туралы Ш.Уәлиханов былай дедi: “қазақтарда құрметтi би атағы халық тарапынан қандай да сайлау жолымен немесе халықты билеп отырған өкiметтiң бекiтуiмен емес, тек сот рәсiмiн терең бiлетiн, оған қоса шешендiк өнерiн меңгерген қазаққа ғана берiлген. Би атану үшiн қазақ халық алдында әлденеше рет шешендiк сайысқа түсiп, өзiнiң заң-жораны бiлетiндiгiн, шешен-дiгiн танытатын болған. Мұндай адамдардың есiмi желдей есiп, әлейiм жұртқа таралып, бiрiне емес бәрiне де танылған” [51, 135]. Дәл осыған ұқсас пiкiрдi Абай да айтады: “…бұл билiк деген бiздiң қазақ iшiнде әрбiр сайланған кiсiнiң қолынан келмейдi. Бұған бұрынғы “Қасым ханның қасқа жолын”,“Есiм ханның ескi жолын” әз-Тәукенiң Күлтөбенiң басында күнде кеңес болғандағы “Жетi жарғысын” бiлмек керек. Һәм, ол ескi сөздердiң қайсысы заман өзгергендiктен ескiрiп, бұл жаңа заманға келмейтұғын болса, оның орнына татымды толық билiк шығарып, тiлеу саларға жарарлық кiсi болса керек” [39, 442]. Ш.Уәлиханов пен Абайдың бұл пiкiрлерiне қарағанда қазақ қауымында “би” атағын алу үшiн адамға екi шарт қойылғанын байқаймыз. Бiрiншiсi, әдет-ғұрып заңын жетiк бiлу және заман өзгергендiгiне байланысты уақыт талабына сай жаңа заң нормасын шығара алатындай болу керек. Екiншiсi, алдына келген адамдарды сөзбен үйiрiп алып кететiн табиғи шешендiк қабiлетi болу керек болды. Шын мәнiнде би атану оңай шаруа болмаған. Би болу, Әйтеке би сөзiмен айтар болсақ “дұрыс сөзге тоқтай бiлген, басқаны сөзге тоқтата бiлген” өнерлi адамның қолынан келген. Ол үшiн кейiнгi билер өзiнiң алдында өмiр сүргендердiң тәлiм-тәжiрибесiн үйренген, ретi келсе халыққа әдiлдiгiмен, данышпандылығымен көзге түскен дуалы ауыз билерден бата алуға тырысқан. Бата алу сол би болар адамның болашақта би атануына, оны халықтың мойындауына үлкен септiгiн тигiзген. Өйткенi, беделдi билер екiнiң бiрiне бата бермеген. Олар алдына келген адамға сұрақтар қойып, оның ойлау қабiлетiн сынаған. Сұраққа ойға қонымды жауап берген адамға ғана батасын берiп, дұрыс жолдан таймауына тiлеулестiк бiлдiрген.
Қазақта би болудың екi жолы танылған. Соның бiрi ата жолын қуу дәстүрi. Яғни, бұл жол бойынша атасы, әкесi би болған бала осы қасиеттi бойына сiңiрiп, әкесiнен тәлiм-тәрбие алып, оның iсiн әрмен қарай жалғастырып отырған. Мысалға алсақ, XVIII ғасырда Орта жүздегi Қаракесек руынан шыққан белгiлi Қазыбек бидiң үшiншi ұрпағына дейiн осынау құрметтi би атағы сақталған. Осыдан адамды “би” деп тануға, оның ата-бабасының “би” болғаны да үлкен септiгiн тигiзгенiн байқауға болады. Осыған байланысты белгiлi заңгер ғалым Т.М.Культелеев: “…звание биев хотя и не было строго наследствен-ным, однако бийское пройсхождение имело весьма важное значение для его приобретения” [52, 62],-деген сөздерi жоғарыдағы пiкiрiмiздi нақтылай түседi. Сонымен қатар “би” деп тану үшiн ата-бабасының “би” болуы мiндеттi де болмады. “Кей-кейде өте дарынды адамдар, халықтың әдет-ғұрпын бiлетiндiгiмен және асқан шешендiгiнiң арқасында би атанатын.” [53, 43]. Яғни, ата-бабасы “би” болмаған адамдар да өздерiнiң табиғи қабiлетiнiң арқасында, бiлiмдар болып, қазақтың әдет-ғұрып құқығымен сот iсiн жақсы меңгерiп, ел iшiнде болып тұратын даулы мәселелердi шешуге араласып, бiр емес бiрнеше рет әдiл билiк айтып көзге түскендерге халық “би” деп қараған. Мұндай адамдар “би” деген атаққа ата-бабасы “би” болмаса да өз күштерiмен, дарындылығымен жетiп отырған. Бұл жөнiнде академик С.Зиманов: “…бывали отдельные случаи, когда выходцы из простого народа, в упорной борьбе преодолевая громадные трудности блогодаря своей природной одаренности добивались звания бия”,-дедi [49, 193].
Би деп халқы мойындап, елi танығаннан кейiн би қоғамдық қатынастардың барлығына араласқан. Олар: құн дауы мен жесiр дауы, жер дауы мен мал дауы, ар мен намыс дауына әдiлеттi кесiмдерiн айтып, дауласқан екi жақты татуластырып отырған. Қоғамдық қатынастардағы барлық дау дамайды қиын болса да, сабырлықпен, көптiң қатысумен, игi жақсылардың төрелiк етуiмен, билердiң билiк құруымен шешiп отырған. Ешкiм түрмеге отырғызылмаған, елде абақты, түрме дегенге қажеттiлiк болмаған. Бiтiм, құн беру, келiсiмге келу, ағайыншылық жолдармен талай күрделi мәселелердiң күрмеуi шешiлiп отырған. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев айтқандай: “Атырау мен Алтайдың арасындағы алып даланы жайлап жатқан мемлекеттiң реттеушi тетiктерi толық iске қосылмай тұрған кездiң өзiнде ешқашанда, еш жерде қазақта жүз бен жүз, тайпа мен тайпа тұрмақ, ру мен ру соғысып көрмеген. Өмiр болған соң кездеспей қоймайтын жер дауы, жесiр дауының, барымта мен сырымтаның аяғы ат-тон айыппен, әрi кеткенде билер кеңесiнде құн төлетумен бiтiм тауып отырған” [54, 2].
Билердiң билiк айту тәжiрибесi қараған iстерiнiң саны өсiп, сапасы жақсарған сайын арта түскен. Бұл тәжiрибе қорытындыларын бiр жерде бас қосқан билер мәжiлiс жасап, талқылаған сайын қоғамға ең қажеттi деген шешiмдердi үлгiге алып, жалпы ереже ретiнде қабылдап отырған. Атақты билердiң шешiмдерi басқаларға үлгi-өнеге қызметiн атқарған. Маңызды да әдiл төрелiгi берiлген шешiмдер ауыздан-ауызға тарап, халық жадында ұзақ сақталған.
Көрсетiлген XVII-XVIII ғасырларда билер институты құрылымдық жүйесi бойынша бiрнешеге бөлiндi. Мәселен, сол кезеңдегi қоғамдағы беделi мен орнына қарай, билер: ата би, төбе би, қатар би, жеке би, төтен би, бала би болып бөлiндi. Бұлардың әрқайсысы құқықтық қатынастарда өзiне тиесiлi әр түрлi қызметтер мен мiндеттердi атқарды. Ендi әрқайсысына жеке-жеке тоқтала кетейiк.
Ата би-бұрын билiк құрған, талай iстер мен даулардың тағдырын шешiп елге танылған, қартайғандықтан билiк тiзгiнiн iзiнен ерген кiшi билерге тапсырған адам. Ол билiктен қарттығына байланысты қалғанымен, кейiнгi билер қауымы оны ақылшы, кеңесшi ретiнде тұтынып, бата алып отырған [55, 8]. Сонымен қатар ата би: - “Өзiм болдым, өзiм толдым, кейiнгiлерi өздерi бiлсiн” деп кем ойламаған жан болған. Әр ата би өзiнен кейiнгi ұрпақтың, елдiң жоғын жоқтайтын, ел ұйтқысы боларлықтай ер азаматтардың жетiлуiн ешқашан да ойларынан шығармаған. Мүмкiндiгiнше жас ұрпаққа өздерiнiң ақылдарын айтып тәжiрибелерiмен бөлiсiп отырған. Мұнда, мысалы, барлық билердiң пiр тұтар ұстазы Әнет баба өз заманында iнi буынға жол көрсетiп, ақыл айтар ағасы болған. Өз кезегiнде Әнет баба Төле биге, Қазыбек биге, Әйтеке биге ақыл-кеңестер берiп, оларды қазақ халқының бiрлiгiн, елдiгiн нығайтатын жан болып қалыптасуына көп еңбек сiңiргенi белгiлi.
Төбе би - елдiк немесе аймақтық аумақта сайланып қойылатын қаламыш билер. Төбе билердi сайлайтын халық емес, билер болған [56, 72]. Әрине, дау болған кезде дауласушы жақтар төбе бидi өздерiнiң арасынан сайлаған немесе сырттан екi жаққа да қатысы жоқ бидi төбе би етiп сайлаған. Белгiлi бiр дауда төбе би болу үшiн дауласушы жақтың билерi сөзбен жарысқан, өздерiнiң шешен екендiктерiн көрсеткен. Бұл сайыста шағым берушi жақ пен жауап берушi жақ та және олардың араға салар адамдары да (талапкер билер) жолдарының үлкендiгiн айтып, төбе би болуға өздерiнiң ұсынған адамдарының құқығы барын дәлелдеуге тырысқан.
Сонымен қатар, әрбiр ауылда, кiшi рулық бөлiнiстерде өздерiнiң жеке билерi болған. Жеке билер өзiнiң шешендiк қабiлетiмен, ұнамды өнегелi iсiменен елге танылған, билiк ету iсiнде сыналған азаматтар-ды би деп санап, мойындаған, сөйтiп олар ел сенiмiне сай билiк iсiн жүргiзiп отырған [56, 72]. Жеке билер ауылдағы, кiшi рулық бөлiнiс-тердегi кiшiгiрiм кикiлжiңдердi, талас-тартысты үлкен дауға айналмай тұрғанда мәселенi сол арада iзiн суытпай шешiп отырған. Билердiң құрылымдық жүйесiндегi бұл түрi дәстүрлi қазақ қоғамында кең тараған түрi болып табылады.
Құрылымдық жүйедегi билердiң келесi бiр түрi - төтен би (төтенше би деп те аталған). Бұл екi ел арасындағы билерден таңдамалы билер тобын құрып, өкiлеттi етiп жiберiлетiн билердi атаған. Бұл тұрақты би емес, мұндай мәртебенi билердiң кеңесуiмен ғана берiлген. Өздерi “мына мәселеде пәленшенiң бiлiгi бар, соны белгiлесек” деген ұйғарымға келiп отырған [56, 14]. Мұндай төтенше би тобын екi жақ өзiнше құрып, кездесуге жiберетiн. Уағдаласқан жерге екi жағынан төтен билер келiп, мәселенi талқылап, тиiстi келiсiм-шешiмiн (билiгiн) қабылдайтын болған. Аталған билер тобы көбiнесе ұзаққа созылған даулы iстердi шешiп келу үшiн iрiктелiп жiберiлетiн [56, 73].
Билердiң құрылымдық жүйесiндегi соңғы бiр түрi бұл - бала би болып табылады. Бала би билiк дәрежесiн әлi иеленбеген, билiк айтуға талап қылып, өзiн әр жерде көрсете бастаған жеткеншек [56, 73]. Әдетте, қадiрлi билердiң алдын көрiп, iлтифатына бөленген жасты ел бала би ретiнде таниды. Бала би ретiнде танылу сахара жұртында билер мектебiнiң алғашқы баспалдағы iспеттес болған. Бала билердi үлкен билер қастарына алып жүрген. Билiк iсi жүрiп жатқанда, бала би бәрiн мұқият тыңдай отырып, билiктiң жетiмсiз жақтары болса немесе билiк айтушы би қожырап қалса, жедел сөзге араласып, өз шешiмiн айтатын болған [60, 72]. Осылай бiрте-бiрте елге танылып, шешен билердiң бiрi болып кеткендер аз емес. Негізінен, қазақтың әдет-ғұрып құқығында би болудың белгілі бір жас шамасы көрсетілмеген. Яғни, егер жас та болса да өзінің табиғи дарындылығының арқасында ел арасында туындайтын дауларды шеше алатындығын көрсете алған адамдарға халық "би" деп қарайтын болған. Мәселен, өз кезегiнде Төле би тоғыз жасында бала би атанса, Қазыбек би жетi жасында би ретiнде халыққа танылып, ал он сегiз жасында Жоңғар елiнiң қоңтайшысына барған елшiлер тобының тең құқылы мүшесi ретiнде елшiлiкке барған. Кiшi жүзге төбе би болған Әйтеке би де, жетi - сегiз жасында өзiнiң көрегендiгiмен, ақылымен бала би ретiнде танылған.
Ал ендi XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырға келетiн болсақ, бұл кездегi қазақ қоғамындағы би институтына тән бiрнеше ерекшелiктер байқалады. Мәселен, билердiң хандарды, сұлтандарды батыл сынап, халық алдында әшкерелеп, тiптi қол жинап қарсы шығуы да болды. Мысалға алсақ, кiшi жүзде Бекболат Қазыбекұлының Абылай ханға, сол сияқты өз кезегiнде шешен, би, батыр болған Сырым Датұлының Нұралы ханға қарсы шығуы, олардың қарсылық сөздерi соны көрсетедi. Екiншi жағынан, бұл көрсетiлген кезеңдерде билердiң қоғамдағы рөлi бiртiндеп түсе бастады. Мұның себебi де белгiлi едi, өйткенi билердiң қоғамдағы алатын орнының айрықша екенiн Ресей өкiметi өзiнiң Қазақстанды отарлау саясатының алғашқы жылдарында -ақ байқап, қайткенде де билердiң қоғамдық қатынастарындағы рөлiн төмендету саясатын жүргiзуге жанталасып бақты.
Патша өкiметi өзiнiң отарлау саясаты негiзiнде XIX ғасырдың басында хандық билiктi жойды. Бұл, негiзiнен, билерге елдегi билiктi өз қолдарына шоғырландыруға жақсы жағдай жасап мүмкiндiк берсе де, бiрақ патша өкiметi Шыңғыс тұқымынан шыққан хан мен сұлтандардың қоғамдағы рөлiн төмендетуге билердi қолданса да, бiрақ та олардың (билердiң) қоғамдағы үлес - салмағын өсiргiсi келмедi.
Жоғарыда айтылған ойларды қорытындылай келе, ендi би атағын өзiнiң ақылымен, ойының жүйрiктiгiмен, шешендiгiмен, қазақтың әдет-ғұрып құқығы мен сот iсiн жақсы бiлетiн және сол сияқты тағы басқадай дара қасиеттерiмен би атанғандар емес, пара беру арқылы халықтың емес, қара басының құлқынын ойлайтын мансапқорлардың ала бастауы, “би” атағын алуды Ресей өкiметiмен мемлекеттендiру саясаты билердiң әлеуметтiк құрылым ретiнде өздерiне тән ерекшелiктерiн жоғалтуына әкелдi.


1.2 Билер институтының шынайылығы мен құқықтық сипаты


Өз өркенін, екі бірдей отырықшы дүниенің арасын жалғауға дәнекер болған, еуразия далалық аумағының көшпелілер өркениетінен өрбітуші ортағасырлық дәстүрлі қазақ қоғамының бүгінгі заманғы тікелей мирасқоры болып табылар Сіз бен Бізге жеткен атамұра ұшан-қиыр. Десек те, Өзгенің дауы жоқ, шынайы қазақи, төл-де дербес саяси-әлеуметтік құрылым, мәдениәлеуметтік құндылықтар қатарындағы дәстүрлі қазақ қоғамына тән билер институты. Отырықшылыққа негiзделген мемлекеттiк құрылымдармен салыстырғанда көшпелi саяси бiрлестiктердiң территориясы оны құрайтын тайпалардың территорияларына сәйкес келмейтiн-дi. Себебi, iрi әлеуметтiк организм ретiнде тайпаның өзi iрiлi-уақты иерархияны құрайтын ұсақ бөлшектерден - рулардан тұратын. Қоғамдық өмiрдi тарихи түрде дендеп алған ру-тайпалық құрылым жекелеген әлеуметтiк организмдердi басқаратын тұлғалар арасында өз саяси ықпалын күшейту үшiн күрестiң ерекше үлгiсiн қалыптастырды. Осының әсерiнен, әрбiр ру-тайпалық бiрлестiк iшiнде бiр жағынан әлеуметтiк-саяси бiрлiктi сақтауға деген ұмтылыс, екiншi жағынан азды-көптi тәуелсiздiкке қол жеткiзiуге тырысқан саяси шашыраңқылық тенденциясы қатар өмiр сүрдi[61, 18]. Мұндай қарама-қайшылықты саяси-әлеуметтiк ұмтылыстар, алғашында тайпалық одақтың, кейiннен мемлекеттiң орталық басқару буынындағылар (хандар) мен тайпалық одақты құраушы жекелеген әлеуметтiк-саяси құрылымдар жетекшiлерi (билер) арасындағы саяси бақталастықтың әсерiнен тiптi күрделенiп, күшейiп отырды. Ағымдағы мәселелер, рулар мен тайпалардың анағұрлым ықпалды жетекшiлерi, яки билер арқылы шешiлдi. Соғыстарға, ауа көшу немесе қоныс аударуларға байланысты тұрақсыз кезеңдерде, көшпелi қоғамдық құрылымдар жылдам және сапалы түрде қайта құрылып, әскери-саяси мүдделер алдыңғы қатарға шықты да, шаруашылық-экономикалық мүдделiлiктер, оның iшiнде әлеуметтiк негiздегi руаралық және тайпааралық қақтығыстар жоққа сайып отырды. Осыдан келiп рулардың, тайпалардың бiрлiгi күрт жоғарылап, бүкiл көшпелi организм бiртұтас күшке айналды. Орталықтандырылған билiк, басқару аппараты пайда болды. Сондықтан да болар, ру-тайпалық әлеуметтiк құрылым келе-келе мемлекет тәрiздi табиғаты аса күрделi қоғамдық құбылыстың өзiне әсер етiп, рухани-дүниетанымдық ықпалы бар күшке айналды. Тап осы руханишылдық және дүниетанымдық қасиет ру-тайпалық немесе жүздiк форманың өмiршеңдiгiне соқтырды. Осы тұрғыдан келгенде, қазақтардың орта ғасырлар мен iшiнара жаңа замандағы саяси қарым-қатынастарының бүкiл мазмұны, ру-тайпалық әлеуметттiк құрылымдар мен мемлекет институты арасындағы тепе-теңдiктi сақтауға негiзделген десе болады.
Ру-тайпалық құрылымға негізделген дәстүрлі қазақ қоғамындағы ру мен ру, тайпа мен тайпа, жүз бен жүз арасындағы шаруашылық-экономикалық себеп-салдарлы қақтығыстарды реттеп отырушы бiрден-бiр күш — билер институты болған-ды [9, 75].
XVIII-ғасырдағы дәстүрлі қазақ қоғамына тән классикалық үлгiсiне дейiн билер институты бiрнеше сатыдан өттi:
- қазiргi Қазақстан территориясында қалыптасқан көшпелi қоғамдардың ерте кезеңiндегi, ақсақалдар кеңесi, ру-тайпалық құрылымның өзiн-өзi басқару тәрiздi қоғамдық тетiгi ретiнде бек, би институтарының пайда болуының негiзгi алғы шарты болып табылды;
- ерте орта ғасырларда бек, яки билер институты ру-тайпалардың бетке ұстар игi-жақсыларынан құралып, бекзадалық қаған билiгi жүйесiнде халық тарапынан өкiлдiк етушi әлеуметтiк тетiк рөлiн атқарды. Бұл тұста бек, яки билер институтының аражiгi әлеуметтiк өмiрдiң жоғарғы сатысында тұрғандардан да, төменгi сатысында орналасқандарынан да нақты ажырамаған;
- орта ғасырлардағы көшпелi қоғамдар үшiн билер институты - бекзадалық хан билiгiнiң халық тарапынан қолдау көруiн қамтамасыз етушi саяси тетiк. Алайда, бұл дәуiрде билер институты хандық институтынан iргесi ажыраса да, бұқара халықтан әлi нақты бөлiне қоймаған-ды, сондықтан да сөз болып отырған кезеңде би институты «батыр», «жырау» институттарымен тығыз астасып жатыр;
- кейiнгi орта ғасырлар үшiн хандық институтына да тәуелсiз, халықтың қалың топтарынан да дербес билер институты тән.
Бұл тұстағы билер институтының тарихи функциясы - бiр жағынан ру-тайпалық қарым-қатынастарды реттеп отырушы әлеуметтiк тетiк, екiншi жағынан аристократиялық хан билiгi мен демократиялық халық билiгiн теңдестiрiп отырушы саяси тетiк.
Көшпелi қоғам жағдайындағы сонау ерте замандардан бас алатын ғұрыптық сот билiгiнiң бүкiл тарихи тәжiрибиесiнiң жинақталып, саяси-әлеуметтiк тиiмдiлiгi барынша жетiлдiрiлген, классикалық түрi - XVIII-ғасырдағы дәстүрлі қазақ қоғамына тән билер институты болып табылады. ХVIII-ғ. қазақ қоғамындағы билер институтының аса елеулi маңызы әлсiн-әлсiн жиналып отырған халық құрылтайларынан көрiнiс табады. Осындай құрылтайлардың бiрiнде қазақ тарихының ежелгi дәуiрлерiнен бастап ауызша тарих айту дәстүрі арқылы берiлiп келе жатқан дағдылы әдет-ғұрып нормаларының, оның iшiнде «Есiм ханның ескi жолы», «Қасым ханның қасқа» жолы тәрiздi ауызекi ғұрыптық құқыққа негiзделе отырып жүйеленген, әркелкi ғұрыптық нормалар бiр iзге түсiрiлiп, реттелген заңдар ережесi «Жетi жарғы» қабылданғаны белгiлi. «Жетi жарғының" пайда болуына Жетiсудың жау қолына өтуi себептi қазақ ұлыстарының (жүздерiнiң) тарылып кеткен жайылымдық жерлер үшiн өзара қырқысы және береке-бiрлiгiнен айрылған елдiң басын қайта қосып, бiр орталықтандыру мақсатында әрекет еткен Тәуке ханнның белсендiлiгi алғышарт болды. Десек те, ақсүйек тұқымдарының өзара қырқысынан берекесi кетiп, күйзелген халықтың басын қосып, ру-тайпа, жүзаралық дау-дамай, жанжалдарды тиып, «Алтын ғасыр» орнатқан Тәуке хан, елдi өзi Түркiстанда отырып, ұлы жүзге тағайындалған Төле би, Орта жүзге қойылған Қазыбек би, Кiшi жүзге бас етiлген Әйтеке билер, ал қалған ұлыстарды ұлыс билерi арқылы басқарған. Алайда орыс тарихшысы А. И. Левшин аталған үш бидiң хан тарапынан тағайындалып қана қоймай, халық тарапынан сайланғанын да айтып өтедi [10, 165]. Соған қарағанда, Тәуке хан, қазақ қоғамының дәстүрлi әдет-ғұрып құқығына ғана емес, ел басқару үлгiсiне-де үлкен жаңалық енгiзген. Себебi, әңгiме, ақсүйек хан тұқымдарының қарадан шыққан ел көсемдерiн мойындап, ел басқару тiзгiнiн алғаш рет өз еркiмен бөлiсуi туралы болып отыр. Билердiң халық тарапынан сайлануын Қазанғап Байболұлының «Төле бидiң тарихы» дастанында [15, 185] келтiрiлетiн мәлiметтерде растай түседi. Патша шенеунiгi Д.Андренiң жазбаларына қарағанда, бидiң мақсаты «кiнәлiнi жазалау емес, тәртiпке шақырып, дау-дамай, жанжалдардың ушығып кетуiне жол бермеу, ауылдың, елдiң тыныштығын сақтау… Одан басқа, сот-билердi, әскербасы-билермен шатастыруға болмайды. Соңғыларының мiндетi бiлгiрлiгiмен қол бастап, халықтың қамын ойлау, отандастарын жаудан қорғау» [16, 124–125]. Мемлекеттiң саяси және әлеуметтiк құрылымының ғұрыптық құқық негiзiнде жүзеге асырылуын қамтамасыз етушi бiрден-бiр әлеуметтiк құрылым ретiнде билер институты қоғамдық күштердiң арасалмағын теңдестiрушi тетік рөлiн атқарып, қоғам дамуындағы бүкiл саяси-әлеуметтiк қарым-қатынастарды реттеп отырған. Сонымен бiрге, қазақ қоғамындағы билер институтының ерекшелiгi, оның мемлекеттiк басқару институттарымен тығыз байланыса келiп, билеушiлер мен бұқара халықтың белгiлi бiр саяси-әлеуметтiк құндылықтар төңiрегiнде топтасуын қамтамасыз етуімен сипаттала алады.
Яғни, билер институтының дәстүрлi қазақ қоғамындағы тарихи қызметі негiзгi үш саланы қамтыған деуге толық негiз бар:
- қоғам iшiндегi көлбеу қарым-қатынастарды реттеушi әлеуметтiк құрал - бұл билер институтының әлеуметтiк өлшемi;
- қоғам мен оның мемлекеттiк жүйесi арасындағы жоғарылы-төменді қарым-қатынастарды реттеушi саяси құрал - бұл билер институтының саяси өлшемi; - қоғамының дәстүрлi рухани мәдениетiн сақтауды, жаңғыртуды және одан әрi дамытуды қамтамасыз етушi мәдени және рухани құрал — бұл билер институтының идеологиялық өлшемi.
Дәстүрлі қазақ қоғамына тән билер институты, көшпелi қоғам жағдайындағы сонау ерте замандардан бас алатын ғұрыптық сот билiгiнiң бүкiл тарихи тәжiрибиесiнiң жинақталып, саяси-әлеуметтiк тиiмдiлiгi барынша жетiлдiрiлген түрi болып табылады. Билер институт-дәстүрі тек қана ғұрып құқығы мен әдет заңдарына ғана емес, сонымен қатар белгiлi бiр дәрежеде жазба құқықтық жүйеге келтiрiлген билiк шешiмдерi үлгiлерiне арқа сүйеген құқықтық институт-деңгейiнен көрiне алды. Билердiң қолында әскери, саяси-әкiмшiлiктiк, сот және заң шығарушы билiк тетiктерiнiң шоғырлануының өзi хандық билiктi тежеуге ықпалын тигiзiп отырды; - Құрылтайда әрбiр жүз немесе ру-тайпаның мүддесiн белгiлi бiр би қорғағандықтан, аумақтық мүдделердiң өзара тепе-теңдiлiгi қамтамасыз етiлетiн; - Билер қоғам мүшелерiн сот үкiмiнiң шешiмiн бұлжытпай орындауға жоғарыдан «қысым көрсетiп» мiндеттемеген.
Көшпелi қазақ қоғамында заңның орны айрықша болды. Даналықты пiр тұтқан қазақ халқы заңды немесе халықтық дәстүрлердi тұрақтылықтың көзi және тәртiптiң алғышарты ретiнде қарастыратын. Заң әдiлеттiлiк, ар, ұят, намыс немесе адалдық сияқты түсiнiктерге пара-пар басты құндылық болды. Содан болар, қазақ халқы парасаттылық пен имандылыққа табынып, адамгершiлiктiң «ала жiбiн» аттамауды ұрпақтан ұрпаққа аманат-өсиет етiп келедi. Қазақ халқының құқықтық мәдениетiнiң берiк iргетасы — әдет-ғұрып құқығы нормалары. Бұл нормалар өз кезегiнде, ұлттық ой-түсiнiк жүйесiнiң бейнесi болып табылады. Осы орайда Ұлы Абайдың ықшамдап, өлеңге келтiрiп айтқан қағидасын еске алуға болады: «малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы». Яғни, көшпелiлердiң құқықтық мәдениетi халық тұрмысы мен тiршiлiгiне, iшкi ұлттық болмысына лайықтанып жаратылған күнделiктi өмiрдiң бiр бөлiгi болды, өйткенi заңдар белгiлi бiр дәлме-дәл iске асып қолдануға арналған болатын. Құқықтық нормалардың қайнар көзi - мемлекет емес, ал сол қоғам мүшелерiнiң өздерi. Қандай да заң, я ереже болмасын ол халықтың сынынан өтiп, нақты қалыптасқан жағдайдың талабына жауап беруi тиiс едi. Қазақтың әдет-ғұрып құқығы нормаларына «адамгершiлiктiк» сипаттың тән болуы осыдан. Қазақтың құқықтық мәдениетi жөнiнде сөз қозғағанда, ұлттық құндылықтар жүйесi туралы айтпай кету мүмкiн емес.
Қарапайым көшпелi үшiн ең басты өмiрлiк құндылық ол - оның ар-намысы, абыройы, ожданы және iшкi дүниетанымы. Сондықан, заңдар, ең алдымен, осы адамгершiлiктiк құндылықтарды қорғауға бағышталды. Ал, байлық - адамның рухани болмысының өлшемi ретiнде танылмады. Керiсiнше, «батыр - бiр оқтық, бай - бiр жұттық" дегендей, дәулет мәңгі құндылықтар қатарына жатқызылмады. „Ер намысы - ел намысы“ деген қағидаға сәйкес, әрбiр көшпелi туған халқының ар-намысы үшiн өзiнiң өмiрiн құрбан етуге даяр болу қажет едi. Мысалы, бiрде жоңғар басқыншылары қазақ даласының бiраз жерiн иеленiп, елге үлкен қатер төндiредi. Күлтөбенiң басына жиналған халыққа Қарабек батыр, жауға тiзе бүгiп, мойынсұну қажет деп өз сөзiн айтады. Алайда, Төле би: Атадан ұл туса игi, Ата жолын қуса игi. Өзiне келер ұятын, Өзi бiлiп тұрса игi, Жаудан бұққан неменi, Ортасына қуса игi, — деп оның сөзiн қайтарып тастайды. Содан соң: Уа, көсiле шабар жерiң бар, Ту көтерген ерiң бар, Қол боларлық елiң бар, Атадан қалған сара жолың бар, Құлдық ұрсаң дұшпанға, Арылмайтын сорың бар. Құлдық ұрсаң дұшпанға, Еркек болып туды деп, Мына сенi кiм айтар? — деп толғайды……[Бабалар сөзі деген кітапты көрсетіңіз] Қазақтың әдет-ғұрып құқығының басты нормасы әдiлеттiлiк. Онсыз қоғамда немесе мемлекеттi басқару iсiнде тепе-теңдiлiктi орнату мүмкiн емес. Соттың қабылдаған шешiмi, я болмаса ханның шығарған үкiмi айыпталушының iстеген iсiне сәйкес болып, халықтың мүддесiне қайшы келмеуi тиiс. Қазақ халқында әдiлеттiлiктiң күшi жөнiнде сөз қозғағанда, әдетте былай дейдi: „әдiлдiгiмен қара қылды қақ жарған“. Осы сөздiң өзi, ақ көшпелiлердiң әдiлеттiлiкке бас иiп, оны ерекше қастерлегенiн айғақтап тұр. Қазақ халқының құқықтық мәдениетiнiң тағы бiр көрiнiсi - ол айыпталушының ақыр сөз айтуға құқығы (дат). Шын мәнiсiнде „дат“ түсiнiгiнiң ұғымы кең және оның түп астарында үлкен әлеуметтiк мағына жатыр. „Дат“- басқа халықтардың ұлттық мәдениетiнде кездесе бермейтiн ерекше норма. Әрбiр адам, тегi мен жасына, кәсiбi мен әлеуметтiк статусына қарамастан сот шешiмiне келiспеушiлiгiн жариялап, өзiнiң қарсы пiкiрiн бiлдiрiп, абыройын, ақтауға құқылы болатын. Қазақта осы жөнiнде келелi сөз бар: „Бас кеспек болса да тiл кеспек жоқ“. Соған қарағанда, қазақ халқының түсiнiгiнде соттың басты мiндетi үкiм шығарып, айыпталушыны қайткен-де жазалау емес, төрелiк етiп, әдiлеттiлiктi орнату. Осының өзi-де қазақ халқына тән болған ерекше ойлау үрдiсi болса керек. Дегенмен-де, соттың шығарған үкiмiне хан мен сұлтанның өзi-де бас иiп, бағынуы тиiс едi. Себебi, мемлекеттiк билiктiң бiр тармағы болып есептелетiн сот билiгiнiң мәртебесi қазақ жұртында жоғары бағаланатын. Бидiң қаруы — сөз, ал сөзге тоқтамау - ең ауыр қылмыс саналған. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы билер институтының руханишылдық, өркениеттілік астары ең алдымен, ғасырлар бойы қалыптасып, тұрақталған шаруашылық, саяси, әлеуметтiк және мәдени-рухани қоғамдық қарым-қатынастар шеңберiнде қарастырырылуы керек болады. Мәселен, дәстүрлi көшпелi қоғамдарға, оның iшiнде дәстүрлі қазақ қоғамына тән дау-дамай, талас-тартыстардың барлығы негiзiнен екi мәселе - „жер дауы“ мен „жесiр дауы“ - төңiрегiнен өрбiп отырғандығын есте ұстар болсақ, мұның алғашқысы шаруашылық стереотиптерден, кейiнгiсi - дәстүр, әдет-ғұрып стереотиптерiнен келiп туындайтыны айдан анық. Екеуiнiң де шешiмi, шешiм болғанда да барынша тиiмдi шешiмi, тек билер институты арқылы ғана мүмкiн едi. Бұл жерде атап айтуды қажет ететiн нәрсе сол, билер институтының аясында „жер дауы“ мен „жесiр дауы“ қоғам өмiрiнiң iшкi өмiрiне тән тар мағынасын ғана бiлдiрмейдi. Билер институты үшiн „жер дауы“ - отан қорғау, отаншылдық, ал „жесiр дауы“ - атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа қалдырылып келе жатқан рухани құндылықтарды қорғау - рухани жасампаздық мәселесiне айналып кететiнi бар. Халық ауыз әдебиетi билердiң жер дауына байланысты ұтымды айтылған билiк үлгiлерiне аса бай. Тiптi, Төле бидiң он бес жасында-ақ даңқын шығарған оның осындай кезектi жер дауына байланысты айтқан байламы болатын. Шу өзенiнiң Балқашқа жақын жайылым алқабына үйсiн мен арғын тайпалары таласып, пәтуаға келе алмай-ақ қойғанда: „Ақты, ақ деп бағалар! О, игi жақсы, ағалар!“- деп сөз бастай берген Төленi төрдегi төбе би: „Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без! Ана тұрып қыз сөйлегеннен без!,„ — деп тоқтата берген көрiнедi. Сонда Төле: — О, би, аға, он үште отау иесi демес пе, Кiнәм қайсы, келiп қалмас он беске? Сөз сөйледiм, бұйырмаңыз айыпқа. Ала көздiк, ағайынға лайық па? — деп суырып салып, — Жасы кiшi деме“ дер, Ақылы асса, аға ғой“,- деп қателiгiн мойындаған төбе бидiң ризашылығын алып, мынадай билiк айтыпты: өзен бiреу болса да, жаға екеу. Шудың оң жағын үйсiн, сол жағын арғын жайласын [17, 48–49]!- деген екен. Қазақта жер дауынан кейiнгi көп аса ушықты болып келетiн жесiр дауы деген болатынбыз. Бұл да болса XVIII-ғ. би институтының көп араласып, бiршама жол-жоралғылардың iзiн салып кеткен мәселе. Ұлы жүз бен Орта жүз арасындағы осындай бiр жесiр дауында үйсiн Төле би Қаз дауысты Қазыбек биге: - Артымнан ерген еркемсiң, ағаның көзi тiрi ғой, жеңгеңдi неге ертесiң, — деп кiнәләй сөйлесе керек. Қазыбек би-де ренжи жауап қайтарыпты: - Аға болып алдымен туасың, Алдымен тағы жылқымды неге қуасың». Екеуiн тыңдап отырған Әйтеке би сонда: - Сабыр, билер, сабыр! Кiсi бiрге туыспау керек, туысқан соң сөз қуыспау керек. Сөз қуған пәлеге жолығады, жол қуған олжаға жолығады. Төле сен жылқыны қайыр, Қазыбек, сен жесiрiн қайыр[18, 146] ! - деп екi елдi ұтымды табыстырған.
XVIII-ғ. қазақ қоғамына тән, болғанда да билер институтының әлеуметтiк ролiн айқындай түсiп, танытатын тағы бiр мәселе — құн дауы. Сөз болып өткен жер дауы болсын, жесiр дауы болсын кейде ушығып, қарулы қақтығыстарға, кiсi өлiмiне соқтырып жататыны аз кездеспейдi. Мұндай күрделi жанжалдардың да түйiнi билер институты арқылы шешiлiп отырған. Мәселен, 1748 жылдың тамыз айында Барақ сұлтан Кiшi жүздiң ханы Әбiлхайырды өлтiрiп, қолына қарайтын елмен Орта жүзге қарай ауа көшкенде, орта жолдан Қаз дауысты Қазыбек көлденең тұрып: «… ханыңды қарадай өлтiрсең, халқыңды қынадай қырарсың… сылтауратып сытыла алмайсың, бұлталақтап құтыла алмайсың…" дей келiп, билер сотына мойынсұнуға мәжбүр еткен[18, 81–82]. Бiр қызығы, хан тұқымы Барақ қарадан шыққан Қазыбектiң айтқанына көнiп қана қоймай, өзiнiң iсiн қарайтын билердi-де өзi таңдап алыпты: «Алшын-төртқара Қаратоға би, Қаракесек-қозанай Мәмбет би, Найман-бағаналы Өтебай би. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы билер институтының сыртқы қарым-қатынастардағы алар орны мен атқарар рөлi жөнінде баяндар болсақ, тарихи деректере қазақ-орыс байланыстары болсын, қазақ-жоңғар қарым-қатынастары яки басқалай iс-әрекеттердің алдыңғы легiнде билер институтының өкiлдерi жүргендiгiн мәлiмдейдi. Мәселен, 1715 жылы Уфаға аттандырылған қазақ елшелiгiне Тайқоңыр би жетекшiлiк еткенi белгiлi. Сол сияқты, Әз-Тәукенiң қазасынан соң хан сайланған Қайып хан да Тобылдағы Сiбiр генерал-губернаторына елшiлiк аттандырып, оны Бекболат пен Байдәулет билер басқарғаны[19, 110], ал мұнан кейiн екi жылдан соң Қазан қаласына жоғарыдағы Тайқоңыр би тағы келгенi мәлiм. Билер институтының өкiлдерi сыртқы жаудан қорғану барысында да аса маңызды рөл атқарған. Жоңғарларға соққы беру жолында белсендi әрекет еткен бiрқатар билер мен батырлардың табандылығы, Төле мен Қазыбек билер қатысқан 1710 жылғы Қарақұм құрылтайынан соң Бөгенбай бастаған қазақ әскерiнiң жоңғарларға берген алғашқы соққысы — осының дәйегi. Ал үш жүздiң Қарақұм құрылтайындағы кесiмiн аттап өтiп, ел бiрлiгiн бұзған, сөйтiп сыныққа сылтау iздеген жоңғардың тыныш жатқан қазаққа аттануына түрткi болған Қайыпты хан атағынан айыруды талап еткен былайғы хандар мен билер көп кешiкпей Қайыпты емес, оны өлтiрген „қанiшер Абылайды“ хан атынан айыруға мәжбүр болды. Назар аударуға тұрарлық нәрсе сол, „қанiшер Абылайдың" хан атынан айырған алты би делiнедi [20, 6] Ал бұл оқиға Әз-Тәуке өлген соң үш жылдан кейiн, яғни 1718 жылы орын алғанын есте ұстар болсақ, бұл алты бидiң М. Тынышпайұлы келтiретiн Тәуке заманындағы „алты алаш“ билерi — Төле, Қазыбек, Әйтеке, Қоқым, Сасық және Қатаған мен тағы басқа майда рулардың есiмi белгiсiз биi екендiгiнде күмән жоқ.[20, 161] Себебi, ақсүйек төре әулетiнiң өкiлiн хан атағынан айыру халық атынан сөйлеуге толық құқы бар бiр емес, бiрнеше кiсiлердiң қолынан ғана келмек. Қазақ даласы мен Ресейдің патша өкiметi арасындағы қарым-қатынастарда тек хана хан әулетi емес, елдiң „хан ұлынан кем емес“ беделдi билерi-де бiршама елеулi рөл ойнағанға ұқсайды. Мәселен, Орынбор әкiмшiлiгi мен Орта жүз өкiлдерiнiң арасындағы келiссөздерге Қазыбек би-де араласқаны белгiлi. Қазыбек би алысты болжап, саяси мәселелердiң аужайын дұрыс, аңғара бiлетiн дипломат ретiнде көрiнедi. Оның дипломатиялық дарыны Орта жүздiң сұлтаны Абылайды жоңғар тұтқынынан босатып алу барысында аса тамаша көрiнген-дi. Айта кету керек, ұлы жүздiң Ресей қол астына кiруi туралы мәселе сонау 1733 жылы-ақ күн тәртiбiне қойылып, ұлы жүз билерi Қодар мен Төле-де орыс патшайымына хат жазғаны белгiлi [21, 102–103] XVIII ғ. екiншi жартысындағы қазақ-қытай қарым-қатынастары „екi мемлекет арасындағы әдеттегiдей байланыстар“ [22, 82], ендеше әдеттегiдей дипломатиялық қарым-қатынастар шеңберiнен шыққан жоқты-ты. Ал мұндай дипломатиялық өкiлеттiк, жоғарыда айтып өткенiмiздей, көп аса билер институтының өкiлдерiне тиесiлi болғандығы тiптi-де кездейсоқ емес. Мәселен, 1755–1799 жж. аралығында қазақтар Қытайға жиырма алты елшiлiк аттандырған болса, оның тоғызына аузын айға бiлеген билер бас болған: Өмiртай би, Досай би, Құттыбай би, Мамық би, Байтұрған би, Отаршы би, Бұқар жыраудың баласы Жарылғап би, Қаратоқа би және т.б. Қазақ елшiлiктерiн басқарған билерге әрқашан iлтипатпен қарап, қайта-қайта әрi молынан сый-сыйапат көрсетуiне қарағанда, Цин өкiметi билердiң ел iшi, халық арасындағы саяси-әлеуметтiк үлес-салмағын жақсы түсiнген ұқсайды. Мұның кезектi дәлелi сол, Қытай боғдыханы бұрынғы жоңғар иелiктерiнен жер беремiн деп хан тұқымы Абылаймен қатар қарадан шыққан Қазыбек биге-де сөз салатыны бар. Сол сияқты, XVIII ғ. ортасы мен аяғына қарай маңызы арта түскен Орта Азия хандықтарымен арадағы қарым-қатынастар да белгiлiсi бар, белгiсiзi бар, әйтеуiр билердiң аралық ағайындық жасауы арқылы реттелiп отырғаны байқалады.
Мысалы, аты аталған Байтұрған би 1764 ж. Қытайға қарсы одақтас iздеген Абылай ханның Ауғанстан астанасы Кабулға жiберген елшiлiгiне жетекшiлiк жасаған. Билер институтының рухани жасампаздығының тағы бiр айғағы - оның халық ауыз әдебиетiне қосқан орасан зор қомақты үлесiнде. Жалпы, қазаққа тән, ақын-жырау, шежiре-шешендiк өнерi өзi көтерiлген шырқау шыңы үшiн билер институтына қарыздар десек артық айтқандық емес. Осы тұрғыдан келгенде, көшпелi қоғамдардағы, оның iшiнде көшпелi қазақ қоғамындағы билер институтының себеп-салдарлы талдамасы, халық ауыз әдебиетiнің аңыз-әңгiме, жыр, терме, мақал-мәтелдер, шешендiк сөздер тәрiздi аса құнарлы әрi құнды үлгiлерiнсiз мүмкiн емес. Бұл жерде мәселе тек олардың деректiк мән-маңызы ғана емес, сол сияқты қазақтың жалпы дәстүрлi рухани мәдениетiнен алар орны мен үлес-салмағы жайында болып отыр. Дәстүр дегенiмiздiң өзi - мәдени құндылықтардың уақыт iшiндегi үздiксiздiгiн қамтамасыз ететiн бiрден-бiр тетiк. Өткен кезеңнiң, замана сағымының элементi болса да, рухани мұра атаулыны жаңғырта бiлуде дәстүрден артық даналықты табу әсте қиын. Әрине, дәстүрдiң даналығы тек жекелеген тұлғалар немесе әлеуметтiк институттар арқылы қамтамасыз етiлiп, тек белгiлi бiр кеңiстiк және уақыт шеңберiнде жүзеге асырылады. Ендеше, рухани болмыстың тарихи үздiксiздiгi мен дәстүр жалғастылығы процесiнде билер институтының орны айрықша. Мәселен, қазақтың көркем сөз hәм шешендiк өнерiн алар болсақ, би мен шешен халық ұғымында бiрiнен бiрi ажырағысыз тел түсiнiктер. Бисiз -көркем сөз болмақ емес, шешен сөйлей алмайтын адам — би болмақ емес. Екеуiне-де бiрдей тән қасиет - белгiлi бiр үрдiс, дәстүрге бағынушылық.
Тап осы дәстүрге бағынушылықтан келiп би институты өкiлдерiнiң белгiлi бiр қоғамдық талапқа сәйкес келу қажеттiгi туындайды:
- бiрiншiден би сайланбалы лауазым; екiншiден;
- би сайлану үшiн дүние-малға бай дәулеттi болу мiндеттi емес;
- ақыл-парасатты, кешiрiмдi-де турашыл болу керек;
- тектi атаның, яки, бұл жерде би тұқымынан болуы тиiс.
Әдiлеттiлiгiмен аты шығып, турашылдығымен жұрт көңiлiнен шыққан көптеген өкiлдерiнiң мұраты да мақсаты да бiр - елдiң бiрлiгiне нұқсан келтiрмей, ағайын арасын алшақтатпау. Ендеше, билер институтының ру, тайпа, жүз аралық қарым-қатынастарды реттеп, жүйеге түсiрiп отырушы әлеуметтiк рөлiнен оның тағы бiр көлеңкелi қалтарысы - идеологиялық функциясы туындайды. Дәстүрлі қазақ қоғамының идеологиялық iргетасының өзi билер институтынан нәр алып жатыр десек артық айтқан емес. Шын мәнiнде, „Алтау ала болсын, ауыздағы кетедi. Төртеу түгел болса, төбедегi келедi… Бiрлiк түбi - береке. Береке түбi -мереке. Ақ бiлектiң күшiмен, ақ найзаның ұшымен, ел болуды ойлаңдар“[17,15], -деген түгел сөздiң түп атасы, Майқы бидi былай қойғанда, „Арғымақ баптап не керек, жабы қуып жеткен соң. Ағайын-туған не керек, аңдысып күнi өткен соң“, немесе: „Жалғанда ойлап тұрсаң бiрлiк керек, бiрлiктi ойлаған соң тiрлiк керек. Ағайынға ала көз бола қалсаң, аузыңдағы несiбеңдi бiреу жемек“,- деген Төле би-де, „Алтын ұя“ - Отан қымбат. Құт береке“ - атаң қымбат. Аймалайтын анаң қымбат. Мейiрiмдi апаң қымбат. Ұят пенен ар қымбат», немесе: «Бiр дегенiңiз - бiрлiгi кеткен ел жаман. Екi дегенiңiз — егейiп өткен ер жаман -деп нақылдатқан Қазыбек би-де, «Ашу деген, ағын су, алдын ашсаң арқырар. Ақыл деген дария, алдын тосса» тоқырар," немесе: «Жақсылардың белгiсi сол емес пе, қара қылды қақ жарған әдiл болса»[17,132–133], - деп келтiретiн Әйтеке би-де, тоғыса, тоғыстыра келе ел мен ерлердiң береке-бiрлiгi, отан сүйгiштiк, патриотизм, азаматтық, ерлiк, ақыл-парасаттылық, ар-ұжданға тәуелдiлiк тәрiздi этикалық маңызы еш жоғалмайтын жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттаушы идеологтар ретiнде көрiнедi. XVIII-ғасырдағы билер институты ел мен ерлердiң береке-бiрлiгi, отан сүйгiштiк, азаматтық, ерлiк, ақыл-парасаттылық, ар-ұжданға тәуелдiлiк тәрiздi этикалық маңызы еш жоғалмайтын жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттаушы идеологтар ретiнде көрiнедi. Мұндай сарын XVIII-ғасырда өмiр сүрген билер мен, ақын-жырауларға тегiс тән. Бұл жолда билер институты үшiн Шыңғыстан тарайтын төре тұқымы да, малға дәулеттi бай тұқымы да кедергi бола алған емес. Сондықтан да, қазақ қоғамындағы билер институтының руханишылдық астары жайлы сөз бола қалған күннiң өзiнде оны ең алдымен ғасырлар бойы қалыптасып, тұрақталған шаруашылық, саяси, әлеуметтiк және мәдени-рухани қоғамдық қарым-қатынастар шеңберiнде қарастыру керек болады.
Қорытындылай келе, билер институты, оның iшiнде дәстүрлі қазақ қоғамына тән билер институтының өркениеттілік ерекшелігі, оның қоғам өмiрiнiң саяси, әлеуметтiк және рухани салаларын ұлттың ғасырлар бойғы арман-мұраты - тәуелсiздiк жолындағы тынымсыз күреске жұмылдыра бiлген қоғамдық тетiктердiң бiрi ғана емес, бiрегейi ретінде бағалана алынуымен айқындалса керек. Нақ осы себепті, замануи қоғамымыздың идеологиялық негізін нығайту бағытындағы мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған іс-шараларды жандандыру мақсатында, ұлтымыздың Үштағаны іспеттес: Сөз-Билік-Заң секілді құндылықтар құдіретін бірдей ұштастыра білген қазақ билері үлгісі қоғамымызда іргелі түде кеңінен насихатталып, танылғаны дұрыс.

2. РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНА ЕНГІЗГЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІ


2.1 Ресей империясы тарапынан құқтық ескерткіштердің жинақталуы

XVIII ғасырда Ресей империясына енген қазақ далалары, Кіші және Орта жүз жерлері, өздерінің жергілікті өзін-өзі басқару органдары еркіндігін сақтап қалды. Бұл көшпелі қауымдастықтың автономиялық басқарылуына мүмкіндік берді. Қазақ халқының көшпелі қоғамы тайпалық пирамиданы құрады. Ол бірнеше факторлармен анықталды, ең алдымен гененалогиялық тұрғыдан. Қазақтар екі әлеуметтік топқа бөлінді: «ақ сүйек» және ашық индивидтік топ оның құрамына шыңғыс ұрпақтары және басқалары да кіреді.
Ашық индивидтік топ әр түрлі болды: онда батырлар мен билер , және қарапайым көшпенділер кірді. Бұл топта ең беделді қоғам мүшелері-билер, оның сипаттамасы әртүрлі деректерде кездеседі (парсы, араб, батыс, моңғол және т.б.).
Билер институтының тарихына қатысты негізгі дерек көздері болып (XVI ғ.) орыс-қазақ байланыстарының басталуынан, 1917 жылғы оқиғаларға дейінгі көптеген ресейлік материалдарды қамтиды.
Билер сотына қызығушылық төмендегі жағдайларға байланысты туындады. Империялық аумақтық кеңейуі нәтижесінде, əрбір аймақ үшін жекелеген ережелер арқылы əртүрлі облыстарды жеке субъектілермен басқару арзан әрі оңай жүзеге асатына анық. Жаңа қазақ жерін орыс империясының қатарына қосу, үкімет басқару мәселелерін шешу және тәртіпті қамтамасыз етуге шешім қабылдады. Жергілікті институттарға дифференциалды көзқараспен қарады. Бұл тәсіл біртіндеп қазақтардың әлеуметтік нормаларын жаңғыртуға мүмкіндік берді, уақыт өте келе Ресейдің құқықтық кеңістігіне кіргізу жоспарланды. Бұл процесс барысында қоғамдық-саяси пікірталастар болды, билер соттың келешегі сот жүйесінің проблемаларына әсер етті.
Билер институтына қатысты зерттеулер шартты түрде тарихнамада екі кезеңге бөлінуі мүмкін: бірінші кезең - XVIII ғ. - 1820 жылға дейін, эмпирикалық материалдарды жинау уақыты (оны сипаттау кезеңі деп атайық). Қазақ даласы қарқынды ғылыми зерттеу объектісі олып табылған кезең. Солардың бірі И.И. Кириллов, В. Н. Татищев т.б. бастаған Орынбор шекаралық экспедициясы, кейінірек 1760-1770 жылдары П.С. Паллас, И.И. Лепехин, И.П. Фальк, И.Г.Георги, Н.П. Рычков және басқалары ауызша мәліметтерді жинады, олар аймақтың сипаттамасынан басқа (орналасуы, климаты, табиғи байлығы, тұрғындары және т.б.) әлеуметтік қатынастарын зерттеді. XVIII ғасырдағы ғылыми еңбектер практикалық сипаттама, шынайы қызығушылықты ашып көрсетуге тырысты, Ресей қоғамы «тағы» көшпенділердің белгісіз әлемі, көшпелі әлемнің басқаларынан өзгеше екенін көрсетті, шаруашылығының құндылықтары (өркениетті) және осы негізде бағынышты ұстанымға ие Еуропалық (ресейлік) мәдениетпен салыстырды.
Екінші кезең - 1820 жж. - 1917 жж. - сипаттаудан практикалық шығыстануға өту кезеңі. Сот - құқықтық жүйені реформалауды үкімет қолға алды. Нәтижесінде тек орыс элита емес, сонымен қатар қазақ халқы арасында үлкен пікірталастар мен талқылаулар туғызды. Құқықтық рефоралау кезеңінде қазақ даласындағы ғылыми зерттеулердің сапасынынң жақсарғанын байқаймыз, бұл аймақтағы орыс империясының орнығуы және одан ары инкорпорацияны көрсетеді. Осы мақсатта 1820 жж. - 1890 жж. Ресей үкіметі
басқаруға арналған колониалдық реформалар сериясын жүргізеді, бұл іргелі әлеуметтік мекеме - билер сотына да әсер етті.
Билер институты жайында толыққанды мағлұмат алу үшін екі кезеңге бөліп қарастырсвқ болады: ежелгі билер институты және Ресей империясы тұсындағы трансформациясы.
Ежелгі билер соты зерттеушілерді қызықтырған мәселелердің бірі болды. Алайда зерттеушілер әр түрлі көзқараста болды. Кейбір авторлардың жұмысы идеологиялық көрініс тапты, империяны орнату, ал басқалары танымдық мақсаттармен шектелмей, қазақ қоғамының даму ерекшеліктері мен даму модельдерін түсінуге тырысты, енді бірулері патриархалдық өмірдің, дала экзотикасының және романтизмнің тұтқынында болды.
Алғашқы жиналған деректер сипаттамалық сипатына қарамастан билер туралы ақпараттар болды, олар билерді қазақ қоғамындағы беделді топтпр қатарына кіргізді. Мәселен, П.И. Рычков, өзі болған оқу-ғылыми экспедициясында: «Ордадағы үкіметтік билік көбіне демократиялыққа ұқсайды, егде жастағы және бай адамдарды місе тұтады» [61, 72 б.]. Кейін көшпенділермен танысқан кейін мынадай тұжырымға келді: «үлкендер арасында ақыл-парасатымен және байлығымен сайланған адамдар, тіпті кәрілік жастағы адамдар да сайланады»[62, 5 б.]. Біз осы институттың басқа зерттеушілермен бірдей сипаттамасын таба аламыз: «Халықтың асыл дүниесі: олар төменгі топ өкілдерін қожа деп атайды, ал ортаңғы билер, жоғары топ сұлтандардан тұрады»[63, 123 б.].
XIX ғасырдың басында қазақтар туралы білімді толықтыру көздері кеңейе түсті: тұтқында болғандар, шенеуніктер мен әскерилердің жазбалары, есептері, ескертулері мен баяндамалары, «қиын» көршілері жайында жазбаларынан дайындады. Қазақ даласын қарабайырлық сақталған орын ретінде көрді, дала «экзотикасы», гомогенді сыныпқа дейінгі қоғам, қарапайым өмір таң қалдырды, және дәстүрлі заң мемлекетке дейіггі тайпалық деп түсіндірілді [64, 10 б.] .
Біріншісі осы тақырыпқа қатысты XIX ғасырдың басында Бухарадағы дипломатиялық миссияның басшысы, зерттеуші Я.П. Гавердовский болды. ол билер сотын сипаттап, былай деп жазды: «Халық судьялары билер деп аталады, олар тілге шешен, бай және белсенді болуы керек; олардың үкімдері барынша тиімді, соғұрлым күшті партия, бірақ әділеттілікті анықтау және орындалуы күшті қолға байланысты»[65, 98 б.]. Я.П. Гавердовский би болып сайланушылар арсында сот ісін «өз құзыретіне көшкен» , сондай-ақ, «Бай және тапқырларының», артықшылығы бар.
Я.П. Гавердовский (1803-1804) Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы туралы қызықты материалдар қалдырған. Алайда бұл еңбек қол жетімсіз болды, тек 2007 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аяасында «Дайкпресс» баспасы жариялады. Негізінен көптеген ақпараттар Я.П. Гавердовский еңбектерінде кездеседі, бұл материалдарды қолданған кейінгі авторлар Гавердовскийге сілтеме жасамайды. Мұқият оқыған жағдайда «Тәуке хан заңдары» жинағымен мәндес болып келеді, дәл осы ақпарат басқа да зерттеушілерде кездеседі. Мысалы Гавердовскийдің әдет нормалары жайында жазған материалы: «ұрлықпен ұсталған... үштен тоғыз рет төлейді. Жазаға қанағаттану айбана деп аталды»; «Қылмыскерді соттау үшін талапкер міндетті
үш куәгерді ұсынуы тиіс», «Бір күз айында [Тәуке хан] ақсақалдар, сұлтандар мен хан жиналып сот істерін шешетін болған», «тайпа басшылары істі қараудан жалтарғанда, ренжігендер топ, құпия түрде малын айдап әкетіп отырған, бірақ келгеннен соң бұл жайында ақсақалдарына айтатын болған», «қазаққа қарусыз ашық аспан астына шығуға болмайды; қарусыздардың дауысы есептелмейді және өзінен кішілер орын бермейді» және т.б. осыған жақын мәндес деректер А.И.Левшинде кездеседі : «Ұрлықпен ұсталған үш рет тоғыздан (27) төлейді, бұл жаза Айбана деп аталады», «Қылмысты дәлелдеу үшін кем дегенде екі, кейде үш куәгер талап етіледі».
«Ханның өзі, сондай-ақ барлық сұлтандар, ақсақалдар мен әулет басшылары күзде бір жерде, даланың ортасында жиналып халық істерін талқылаған», «Егер ауылдың басшысы ауытқып кетсе, істі қарау барысында талапкерге ... малды жасырын түрде алып кетуіне құқығы бар, ол үйіне қайтып келгенде өз басшысына жариялауы керек», «бірде-бір қырғыз тұрғындары жиналысқа қарусыз келмеген, келген жағдайда қарусыздардың ешқайсысы дауыс бермеді, ал кішісі оған жол бермеуге құқығы болған»[66, 174-177 бб.].
Мүмкін, келтірілген әдет нормалары өзгермейтіндіктен және біркелкілігімен ерекшеленуі де мүмкін. Алайда А.И. Левшин Я.П. Гавердовскийдің мәтініне редакциялық түзетулер енгізіп, Тәуке хан заңдарынан деректер алып, оған қоса «Собрание киргизских законов и положение на оные Омского временного комитета» (1824г.) жинағын қолданған болып шығуы мүмкін. Мысалы, жинақтың келесі баптары: «87бап. Ата-аналар балаларын өлтіргені үшін оларды жазаға тартпайды, егер әйел некесіз бала тауып оны өлтіретін болса, онда ол өлім жазасына кесілетін болған» немесе «104бап. Кім өз әкесі мен анасына тіл тигізсе, онда ол жиында қара сиырға отырғызылып, оң жағы құйрығына қарай отырғызылып, мойныныа ескі киіз оралады... » [67, 46-49 бб.]. дәл осы А.И. Левшиннің жұмысында кездеседі. «Балаларын өлтірген ата-аналар, олар ештеңені жазаламайды; бірақ баланың ұятына ұшыраған әйел, заңсыз өмір сүрді, өлтірілді » және «ұлы, зұлымдық айтуға мәжбүр немесе әкесін немесе анасын ұрып-соғып, қара сиырдың үстіне, құйрығына жағына қаратып отырғызылып, ескі киізді мойынынаа салынған ... »[66, 174 б.]. Мұны кесіп айту қиын, А.И. Левшиннің Я.П. Гавердовскийдің және Сібір комитетінің материалдарын қайдан алғаны белгісіз. Комитет құрастырған әдеттік заңдар тек 1838 жылдың басында «собственной его Императорского Величества канцелярии» екінші бөлімге ауыстырылған болатын, мүмкін, көшірмелер Орынбор әкімшілігінің қарамағында болғандықтан Я.П. Гавердовский жазбалары Ресей мемлекеттік тарихи мұрағаты болып, Левшин Санкт-Петербургте болған кезінде алуы ғажап емес.
А.И. Левшин жүйелеген эмприкалық мәліметтер қазақтар жайындағы үш томдық еңбектің жарық көруіне алып келді, құндылығы соншалық төңкеріске дейінгі, совет кезеңіндегі, тіпті қазіргі заманғы тарихшылар сілтеме бермей өте алмайды. Алайда әр ғалым өзіне керек тұсын алып, бір жағдайда – қазақ халқын қарабайыр, өткеннің ұшқыны, тіпті жабайылар деп суреттесе; екінші бір жағдайда – Тәуке ханның алтын ғасырының болғанының айғағаын көрсетеді.
Материалдың осы «дуальділігі» автордың позициясына байланысты болды және мұндай ақпараттар XIX ғасырдың алғашқы жылдарындағы мемлекеттік қызметкерлердің жұмысына тән. Бұл әлбетте, өркениеттік трансформация қажеттілігін түсіндіру кезіндегі қажетті материалдар, азаматтық бақылауды бекіту барысында, аз ғана уақытқа керекті материалдарды жинау үшін шекаралық аудандарға шенуніктер мен тілмаштардың бағытталуымен түсіндіруге болады.
Бір жағынан, идеологиялық тұрғыдан негізделген тәртіпті орындау
күрделі болып көрінбеді - ағартудың батыстық өлшемдері жасанды түрде, жергілікті халықпен салыстырды, нәтижесінде, артта қалушылық пен қарапайымдылықтың бейнесімен көшпелі қоғамды суреттеді. Екінші жағынан – көшпенді мәдениетпен танысу, көшпелі өмірдің идеализациясына әкелді: киіз үй – әмбебап тұрғын үй, әдеттегі заң - қарапайым, түсінікті және
әділ, тамақ - қоректік және дәмді және т.б.
Сондықтан, ішкі дихотомия «ақыл / жүрек» революция алдындағы көптеген жұмыстарға қайшылықтар туындатты.
Қазақ қоғамын реформалау және одан әрі Бүкілресейлік заңнаманың орбитасына енгізу, әдет заңдары жайында орталықтандырылған ақпарат жинау және оларды жазба жиынтығы негізінде толықтыру көзделді. 1844 жылдың 14 шілдесінде Орынбор шекара комиссиясына «Орынбор қырғызын басқару басқармасының» заңдық құжатына сәйкес «қырғыздардың салты, ордадағы заңдық күші бар заңы туралы, басшылық және сот процестері, халықтың дәстүрінанықтау тапсырылды».
Нәтижесінде, 1845 жылдың аяғында Орынбор шекаралық комиссиясы
Қазақ даласында қызмет еткен лауазымды тұлғаларды, хатшылық қызметтешілерді сондай-ақ аудармашылар және т.б. қазақ даласындағы заңдық күші бар заңды жинақтап, материалдарды 1846 жылы 1 сәуірде Шекаралық комиссияға ұсынуын талап етті. Орынбордың шекара комиссиясының төрағасы генерал-майор М.В. Ледиженскийдің 1845 жылғы 24 желтоқсанда шекара комиссиясының лауазымды тұлғаларына: «Қазіргі уақыттан бастап үнемі қырғыздаржың ішінде тұрыңдар, тек осы жағдайда, халықтық әдет-ғұрыпы, олардың сот тәртібін зерттей аламыз. Мен сендерге келесі әрекеттерді орындауға міндеттеме беремін: 1) қырғыздардын өз арасында олардың әдет - ғұрыптары мен салт – дәстүрінде айырмашылықтары бар - жоғын анықтаңыз. 2) билер арасында қайсысы беделді, танымал, ақылы мен тәжірибесі жағынан кім белсенді анықтау, оған қоса қыстауы мен жайлауының қай аймақта орналасқанын анықтау» [68, 75-76 бб.]. 1846 жылдан әкімшілікке алғашқы рапорттар келіп түсе бастады.
Көп жағдайларда ақпараттар шекаралық аймақтардан жинақталғандықтан, тиәсінше мәліметтер бұрмаланған, дұрыс емес болып келеді. Кейбір материалдар көбінесе деректердің қайталануын қамтиды
әртүрлі өңірлердің көшпелілерінің құқықтық нормаларын бір типте. Мысалы, Белозеров пен Яковневтің сипаттамасы 1846 жылғы 29 наурызда рапорт берсе, дәл осындай ақпаратты Айтов 1846 жылы 26 ақпанда ұсынған болатын. Бұл, ең алдымен, шенеуніктердің салғырттығы, бар ынтасымен орындамауы, ал ұсынылған ақпарат қызметтік жауап жазу дәрежесінде қалып қойып отырды.
Бірақ бұл материалдардың құны күмән туғызбайды. Орынбор әкімшілігіне ең біріншіесеп берген лауазымды тұлғалардың бірі лейтенант Айтов болды. Өз баяндамасында ол тапсырманы орындауға тырысады биілердің қызметін сипаттайды, билердің беделдісі кім екенін анықтау мүмкін емес екенін атап өтті, өйткені «әрбір би қырғыздың істерін жеке қарастыруға және шешуге тырысады, ежелгі заманнан енгізілген дәстүрден аттамай әділ үкім шығарған. Бийдің әділетсіздігі ашылған жағдайда ол даңқынан айырылып, сенімсіздігі бүкіл халық арасында тарайтын болған. Дегенмен, Айтовтың айтуынша, бұл оқиға өте сирек кездеседі және ең маңызды оқиға ретінде есептеледі».
Орынбор шекарасының төрағасы Генерал-майор М.В. Ледижскийдің арнайы өкілі Д'Андреге былай дейді: «Сіз қырғыз рулары арасында құрмет пен даңққа ие азаматтарға жүгінесіз. Дегенмен, билерді өз білімдерімен танымал азаматтармен, ордалықтармен, байлық және туыстық қатынастармен араластыруға болмайды. Барлық құқықтарды анықтау, халық арасында би лауазымын алу, жалпы очеркте мақала ретінде өте маңызды, сондықтан бұл назардан тыс қалмауы тиіс» [68, 122 б.]. Нұсқаулықтың мәтінін талдай келе, келесідей тұжырмға келуге болады: Ресей әкімшілігінде билер институты жайында біршама деректер болған. Бірақ М.В. Ладыженский әртүрлі мәртебеге ие билерді араластырмауды сұрайды, алайда қолда бар декректер жеткіліксіз болды.
Д.Андре қазақтың әдет-ғұрып туралы заңы туралы ақпаратты жинап, билердің тікелей өзінен жауап алған, осыған сүйене отырып келесідей қорытынды жасады. Сот саласында билер институты хан және сұлтандар сотымен тығыз байланыста болған. «Халықтық заңның негізгі өкілдері ретінде Ордадағы сотты және қудалауды талап ететін барлық істерді билер жүргізеді»/75-76./, - дейді д. Андре. Билердің сот істерін өз көзімен көргеннен кейін оң бағасын беріп, былай деген: «Ұшқыр ой, рухани байлық, тәжірибе мен үлгілі адамгершілік – міне, осындай қаиеттерді бойына сіңіріген жағдайда ғана құрметті би атағын алып жүретін болған». Әрмен қарай «билер – судьялар, олар ешкімге есеп бермейтін болған, барлығы бидің озі мен халқы арасындағы арына байланысты болған, Ордада сұлатандарға берілмеген орындарды билер алып отырған, себебі, ордалықтар билікпен, күшпен немесе байлықпен билерді талқыға сала алмайтын болған, бірақ дала заңын насихаттаушы ретінде жеке ізденістерге мүдделі болған./75-76./
Сонымен қатар, д'Ареренің айтуы бойынша «билер Ордада құрметтен басқа ешқандай құқықтарға ие болмаған. Билердің қарапайым халықтан айырмашылығы халық арасындағы беделі мен мінез-құлықтың мінсіз сипатымен анықталатын болған». Д.Андре билердің көп функционалдылығын айтқанымен, өз ойы бойынша қазақ қоғамында билердің бірнеше типі бар деп есептеген. Ол былай деп түсіндіреді «би – судья, би – қолбасшы мен би – байлалрды шатастырмауды сұрайды. 1. Би-судья - бұл нағыз билер, би атағын алып жүруге толық құқысы барлар, лауазымы халықпен берілген жағдайда, мұндай құрметті өзінің ақылы мен рухани байлығымен ие болғандар. 2. Қолбасшы немесе көшбасшы әскермен ақылды әрекет еткен жағдайда және мақсаты ортақ мүддені көздеген жағдайда би лауазымын ала алады. 3. Ал би – байларға келетін болсақ, олар тек өз ауылдарында ғана осындай атпен туыстары арасында қолданылатын болған»./75-76./
Демек, д'Андре беделді, қоғамда құрметке ие, заңдық әректтерді орындаушы және қоғамға пайдасы бар азаматтарды нағыз билер деп есептеген. Д'Андре билердің қызметіне бүкіл халық баға беретініне баға берді, бұл тиісінше қоғамдық пікірді қалыптастырды.
Д'Андре би – байларды айырықша көрсеткен, себебі, билер тізімі бойынша соңына қойып, саластырмалы түрде жаңа типіне жатқызып ХІХғ. әлуметтік дағдарыстың өрнегін білдіреді. Бұндай материалдық байлыққа негізделген билердің беделі ауыл шеңберінен аспаған. Д'Андре келтірген деректерге қарап би мәртебесін алу тек материалдық байлыққа негізделмеген, сонымен қатар билер институтының ирерархиясында моральдық байлығы, сот билігіндегі тәжірибесі, сөз саптау таланты мен заңдарды толық білуі, дауларды шешудегі объективтілігі басты назарға алынатын болған.
Д'Андре Шекара комиссиясының тапсырмасын орындай отырып, ұзақ уақытқа қазақ сот процесінің тенденциясын анықтап; жинақ систематизация мен әдет – ғұрыпты билердің өзінен жауап алып салыстырмалы анализді қалыптастырды.
ХІХ ғ. шығыстанушы ғалым В.В. Григорьевтің еңбектері билер институты жайында деректерді толықтырды. Көшпенді өмірдің жер иеленушілік өмірден артықшылықтарын айта отырып, ол номадтардың сот жүйесінің артықшылықтарына назар аударды. В.В. Григорьев қазақтарда «өте жоғары сот жүйесі және ұтымды тергеу және сот процесі, тіпті дамыған қоғам мұндай деңгейге жете алған жоқ: заңдылық сезімі мен тәртібі далада шыңдалған, мұндай тәртіп отырықшы халықта қалыптаспаған, оның еркіндігі, атап айтқанда зорлық, зомбылықтан аулақ болу мүмкіндігі.» [69, 64 б.] қазақтардағы ру – тайпалық щығу тегі жайында әрбір ғалымның еңбегінде кездеседі. Ру тек қана қаситті емес, сонымен қатар оның қауіпсіздігінің кепілдігі болған. Осыдын рубасының қызметінің өзектілігі туындайды. Ол өз қызметінде сот төрелігі, қолбасшылық және басқа қызметтерді атқарған. Осыған ұқсас көзқарастарды басқа да ғалымдардың еңбегінен байқауға болады.
Зерттеуші А.И. Крахальев өз еңбегінде билер сотын формасы жағынан ескі деген мінездеме берді. Ол Семей облысы Павладар уездінің биі, өз жерлестерінің өмірі мен әдет-ғұрыптарын сипаттаған Мұса Чормановтың Сөздерін негізге алады. Ол «жиын барысында қырғыздар өткен жылдың шағымдары , даулары мен талаптарын қарап, шешім жасайтын болған. Қырғыздар арасында аталған іске байланысты оң шешім шығарған адамға би атағы берілген. Кейін сол биге барлық қырғыздар әр жақты мәселелермен ақылдасуға, талдауға келген» [70, 25 б.]. А. Крахальевтің материалдарына қарасақ, оған дейнгі ғалымдардың тұжырымдарымен ұқсас: билер ең алдымен адамгершілік және моральдық құндылығына; қазақтар арасында құрмет пен беделге ие, аңыздар, эпостар білетін және қабілетті тұлғалар болған.
Сарапшы А. Леонтьевтің айтуы бойынша. «Қырғыздарда ертеден сот құқығына ие билер, сұлтандар мен хандар және билік пен басқару мәселелеріне қатысы барлар да ғана болған. Билікті бөлу қырғыздарға белгісіз болған» [71, 113-119 бб.] .алымның ойы бойынша, бастапқыда биілер биліктің барлық тармақтарын біріктірген қауымдастықтың мұшелері болған. Билер сот сонымен қатар басқару, ертеде басқарушы жалғыз билік органы функцияларын атқарған. Тек уақыт өте келе билік әскерилердің қолына көшіп, басқарушысы –хан болған. А. Леонтьевтің ойы бойынша дәл осы сәттен бастап билікті бөлісу процесі басталған. Нәтижесінді билердің билігі шектеліп тек сот практикасымен шектеліп қалған болатын.
Шығыстанушы-тюрколог В.В. Радловтың билерге берген мінездемесі қызықтырады. Өзінің тұжырымын академик көпжылдарға созылған зерттеулері нәтижесінде «көптеген ғасырлар ішінде шамалы ғана өзгергендігін» [72, 68-71 бб.] көрсетеді. Аккадемик В.В. Радлов билер жайында кереғар пікірлерден алыс кете алмады. Бір жағынан билер «халықты сотқа тартқан, алайда мүндай билікті оларға ешкім бермеген. Олар жер мәселесі, қыстау мәселесі, сонымен қатар ауыл арасындағы қатынас, жеке басының және басқалардың қауіпсіздігін қадағалайды» [72, 69 б.]. Табиғи – климаттық жағдайларға сәйкес бірнеше ауыл бөлімге бірігуге мәжбүр, «билік қажеттілігі туындағанда ауылдар арасындағы мәселелерді шешіп отырған». В.В. Радлов көшпелі қоғам арасында неге рубасы сот және әкімшілік қызметті атқарады дегенге тоқталып, келесі тұжырымға келеді: «Мұндай билік рулық шығу тегі жағынан құдіретті әрі саны көп, рухани мүмкіндіктері жоғары, әділеттілері таңдалатын болған. Оларды қырғвздар билер деп атайды (би – бей –бек). Алайда бұл билік сайлану жолымен келмеген. В.В. Радлов «билердің билігі барлық кезде танымал ру немесе сол рудың адамы күшпен басып алып отыратын болған».Бұл күшпен басып алынған билікті қолдаушылар көп жағдайда бірен-саран ғана болатын. Осы жағдайда билер әкімшілік және сот билігін басып алушылар болған.
Басқа жағынан алып қарасақ билер институты: «билер үшінші жақта қатысып, даулаусушы тараптардың ортақ шешіміне келуіне жағдай жасаған». Өз еркімен бағыну көп жағдайда би өз руынан шыққан жағдайда болған, еріктілік формальды және заңдық тұрғыда қарастырылған. Дау екі ру арасында туындайтын болса, онда биді екі жақтың мойындамауы мүмкін. Осы кезде таңдау еріктілігі екі тарап үшін де талап етіледі. Бидің қызметі тек қана сот билігі емес, сонымен қатар өзіне бағынышыты рудың барлық өмір салаларын қамтыған.
В.В. Радловтың ойы бойынша «халық толық бағынатын билер бар». Олар өздерінің «әділдігі мен ақылымен» ерекшеленген.билердің қызметі мен әректтеріне сай «оларға ортақ ереже орнатуға болмайды» [72, 60-70 б.] В.В. Радловтың көзқарасы бойынша билер сотына сөзсіз бағынғаны жайында автордың басқа еңбектерінде кездестіреміз.
Билер институтын зерттеуде үлкен үлес қосқандардың бірі Торғай облысының әскери губернаторы А.К. Гейнс. Ф. Гирстың басшылығымен Дала комиссиясында екі жылдан астам уақыт қазақ билік жүйесін зерттеген. Комиссия қазақ жеріне аттандырылып; аймақттың қажеттілігі, қазақ рулары жайында және билер соты жайында ақпарат жинау тапсырылған. Бұл деректер Даланы басқару жайында проектке материал болып табылды. Осы жиналған ақпараттар негізінде «Жетісу мен Сырдария облыстарын басқару жөніндегі проект» әзірленді, құрастырушылардың бірі А.К. Гейнс болды. Қазақтардың дәстүрлі институттарына көп көңіл бөлген А.К. Гейнс, ежелгі қазақ соты жайында өз көзқарасын ұсынды. А.К. Гейнс би атағы мұрагерлік жолмен беріледі деп есептеген. Өз уақытында рубасылары өз қолдарына әкімшілік және сот билігін қол астыларына шоғырландырған. Осылайша «саяси беделге ие болған» және «мұндай жағдай оларды орыс әкімшілік түрлерімен салыстыруға болмайды»-делінген.
Басқа да зерттеушілер сынды қарамақайшы пікір А.К. Гейнсте де кездеседі. Би атағы мұрагерлікпен беріледіи дей отыра, «кез келген адам би болуға мүмкіндігі болған» деп ой түйеді.
А.К. Гейнс билер шешімді мәжбүрлеп орындатқан, «руда судья немесе би болып сол рудың рубасысы сайланған». [72, 624 б.]Билердің шешімдерін орындау немесе қадағалау үшін олардың жасақтары болмаған, сондықтан олар қарапайм халыққа сүйенген. А.К. Гейнс адай руы арасында дау болғанын айтып, бидің шешіміне сөзсіз бағынған, егер бағынбаған жағдайда күштеп болсада бағындыратын адамдар табылған.
Осындай идея И.И. Крафтта да кездеседі. «Би деп қазақтарда өте ақылды, әділ және олар жеке бір рудыңмүддесін қорғамайтын болған, себебі, оларды ешкім сайламаған. Халық арасында кім ақылды, әділетті деп аты шығады, халық соған баратын болған. И.И. Крафт халықтың билерге деген көзқарасын «Батыр дегенді екі қатынның бірі табады, би дегенді ілуде біреуі табады» [73, 108-111 б.] - деген бір ғана мақалмен көрсетеді.
Билер институты жайында жазғандардың бірі Н. Малышев. «Кім халықтың дәстүрі жайында білмесе, ол сол халықты танып білмейді»- деген. «Қырғыздардың әдеттік құқығы толығымен дайындалмаған». Осылайша келесі аргументтерді келтіреді: қазақтар құқық сөзінің орнына «хақ» сөзін қолданады, бұл сөз бірнеше мағына береді: шындық, құдай және бір затты иелену құқығы. «Құқық сөзі түркі халықтарында «заңг» немесе арабтың (адат) әдет сөзімен аталған және моральдық міндеткерлікпен шектелмейді, шаруашылық және әкімшілік алымдар алынады».
[74, 4 б.]. Н. Малышев қазақтардың сот және тергеу формасы артта қалаған және бұны орыс құқығы өзгерте алады деп есептеген.
Қаралған авторлардың ойларын түйіндей келе, билердің беделі халықтың көмегімен анықталған, егер де бидің әділеттілігіне күмән келетін болса билердің беделі төмендейтін болған. Осылайша аталған авторлар билерді анықтайтын критерилерді ұсынды: билер заңды жетік білетін, сөзге шешен, ақылдылық және адамгершілік қаситтерімен анықталған.
Билер институтына деген басқа да көзқарастар болған. Мысалы, А.И. Добромыслов: «билер көпжағдайда күшті рулардан шыққан, олар өздерінің шешімен керек болған жағдайда күшпен орындатқан, ру қаншалықты күшті болса бидің де беделі соншалықты жоғары болған. Билердің ықпал ету аймағы руның күштілігіне тікелей қатысы. Би болып көпжайғдай да рубасы сайланған». А.И. Добромыслов би болып тек ауқатты, беделді және шешімді орындата алатын рудан шыққандар ғана бола алған деп атап көрсеткен. А.И. Добромысловтың пікірінше: «қазақтар жеткілікті атқарушы билігі жоқтарды би деп есептемеген».
[75, 38 б.].
Қазақ қоғамының құқықтық жүйесін зерттеген ғалымдар осындай бір-біріне қарама-қайшы пікірде болған, тіпті бір автордың өзі еңбегінде екі көзқараста болғаны анықталып отыр.
2.2 Қазақ даласының Ресей империясының құқытық кеңістігіне толық ену үдерісі


Ресей империясы қазақ даласын отарлап, хандық билік жойылғаннан кейін саяси реформалармен қоса құқықтық реформалар жүргізілді. 1784 жылғы заңға сәйкес қылмыстық істерді шекаралық сотқа тапсырған болатын. Шекаралық сотта Ресей патшалығының өкілдерінен басқа бір сұлтан, 6 старшин болды. Іске страшиндар қатысқанымен негізгі шешім империяның заңына сәйкес қолданылды. Страшындар 3 жыл көлеміне сайланатын болған.
1822 жылғы 22 маусымындағы Сібір қырғыздарының жарғысына сәйкес: аулдар мен болыстардағы сот қызыметін бұрынғысынша билер атқарды. Сонымен қатар, сот билігі болыста басшы (сұлтан) мен округтік приказда болды. 205-ші заңға сәйкес қырғыздардың сот істері 3-ке бөлінді: 1) Қылмыстық істер, 2) талапкерлік істер, 3) басқармаға шағымдар бойынша. Қырғыздар арасындағы қылмыстық істер деп: адам өлтіру, ұрлық пен барымта, билікке бағынбау қаралды. Қалған істердің барлығы талапкерлік істер деп қаралды.
Қылмыстық істер алдын ала жасалған тергулер негізінде жіргізілді. Қылмыс бойынша шешімді округтік приказ қабылдады. Кей жағдайларда округтік приказдар уездік сот қызметін де атқарған. Заңға сәйкес тергеуге қатысқандар шешім барысында дауыс бере алмайды. Барлық істер Ресей патшалығының заңдарымен және дауыс беру арқылы шешіліп отырған. Қылмыстық істерге сұлтандар тек төраға ретінде қатыса алатын болған. Қылмысқа байланысты шешім қабылданғаннан соң шешім облыстық сотқа қайта қарауға жібіеріліп отырған.
Талапкерлік істерді билер қарайтын болған. Билер болыстар мен ауылдар деңгейіндегі істерге шешім шығарып отырған. Билердің шешім ауызша жарияланатын болған және Ресей құқығы емес дала заңдары мен салт-дәстүрге сүйене отырып шешім шығарған. Мұндай шешімдер сол уақыттан өз күшіне енетін болған. Егерде билердің қабылдаған шешіміне қанағаттанбаған жағдайда жазбаша түрде облыстық басқармаға өтініш жазатын болған. Облыстық басқарма тиісінше округтік приказдар арқылы тергеу жүргізіп дала заңдары бойынша шешім шығарған. Егерде билер негізсіз, қызметін асыра пайдаланғаны анықталған жағдайда оларға сөгіс жариялайтын болған.
1822 жылғы 22 шілде айында қабылданған Шет аймақтарды басқару жөніндегі жарғы Ресей империясының құқықтық кеңістігінің ұлғайғандығын көрсетеді. Жарғыда көшпелілердің құқықтық статусы айқын көрсетілген. Жарғыда көшпелілердің басқару формасы, ққұқықтық негізі көрсетілген. Көшпелілер өздерінің рубасыларымен және құрметті адамдар арқылы басқарылады. Көшпелілер өздерінің заңдарымен және салт-дәстүрімен басқарылады. Көшпелілер қылмыстық істерде жазаланады. Қылмыстық істерге: наразылық, қасақана адам өлтіру, ұрлық пен зомбылық, жалған монета жасау, қоғамдық мүлікті жымқыру жатады. Ресей қалаларында олар жергілікті заңмен жазаланады. Көшпелі халықтың заңына сәйкес былай делінген: көшпелілердің заңы бір негіге салынбаған және әр аймақта әртүрлі ерекшеліктері бар. Осыған қарамастан көшпелі халықтың заңын жинақтап орыс тілінде басып шығарылуы тиіс болған. Жинақталған деректер үкіметтік сенатқа тапсырылып заңмен бекітілуі тиіс. Бекітілгеннен кейін заң жинағы өзгеріске түспеуі тиіс. Көшпелі халықты басқару негізінде өзгеріске ұшырайды, алайда ресей құқығы аясында.
Қарайтын болсақ екі жарғы мәні мен мазмұны жағынан ұқсас болып келеді. Осы кезден бастап сот істерін Ресей патшалығы өз қол астына ала бастаған болатын. Әрмен қарай дәстүрлі қазақ қоғамында әдеттік құқықтық нормаларды ығыстырып шығару болатын 48, 13 б,.
Уақыт өте келе жарлықтар өзгерістер мен толықтыруларға ұшырап отырды.
1837 жылдың 3 қарашасындағы Сібір қазақтарын басқару туралы ережеге толықтыру енгізілді, қабылданған заңға сәйкес енді шекарадан тыс аймақтағы көшпенді халықты және сатқындық, адам өлтіру, ұрылқ пен барымта фактілері тіркелген жағдайда істі әскери сот қарайтын болып бекітілді.
1844 жылғы 14 маусым айындаға Орынбор қазақтарын басқару жөніндегі құжаттан үзінді: Орынбор қырғыздары сатқындық, кісі өлтіру, барымта, орыс және аулдастар арасындағы наразылық әскери сотта қаралған. Айып көлемі 50 күміс рубльден асса комиссия тағайындалып жалпы мемлекеттік заңмен жазаланады. Ал 50 күміс рубльден аз болса онда даулауы таптар жергілікті билердің көмегімен шешетін болған, қазақ заңдарымен қаралатын болған. Іс шекаралық комиссияға жеткен жағдайда дауласушы топтар сол мезетте ауызша шешуге мүмкіндік алатын болған. Бұл жағдай орындалмаған кезде тергеу ұйымдастырылып қазақ заңдарына сүйенетін болған. Ауызша бейбіт сотта дауласушы тараптан басқа шекаралық соттың өкілі және делдалдар болған. Мұндай бейбіт моттың айырмашылығы қабылданған шешім бірден күшіне енетін болған. Бейбіт сот жаңа аталып кеткендей қазақ дәстүріне сәйкес жүрген. Шешімге наразылар Орынбор шекаралық сотына арыздануға мүмкіндігі болған. Комиссия бұл арызды қабылдағаннан кейін ауызша талқылауға салынып, шешім шығарылатын болған.
XIX ғасырдың 60-жылдарының ортасына қарай Қазақстанның территориясы түгелдей Ресейдің құрамына қосылып бітті. 1864 жылы Шымкент, Әулиета, Түркістан қалаларын орыс әскерлерінің басып алуымен Ұлы жүздің жерінің Ресейге қосылуы аяқталды.
XIX ғасырдың 60-жылдары Ресейде де мемлекеттік құрылыс пен қүқық саласында ауқымды реформалар жүргізілді. Ол реформалардың негізінде қарыштап дами түскен жаңа капиталистік қатынастар жатты.
Қазақстанның Ресейге қосылуын занды түрде бекіту және отар аймақты онан әрі игеру мақсатында 1867-1868 жылдары Қазақстанды әкімшілік басқару жүйесінде ірі реформалар жасалды. Реформаның мақсаты отарға айналған қазақ даласының байлығын тереңірек тонау үшін ыңғайлы әкімішлік және құқықтық негіз қалау болды.
XIX ғасырдың 60-жылдары Қазақстанның Ресейге қосыла бастағанына 1,5 ғасыр болған еді. Ресей империясы Қазақстанды ресми түрде отар деп есептеді. Отаршылықтың өрескел көріністері қазақ халқының атын дұрыс атамай оны "қырғыз" немесе "қырғыз-қайсак," Деп кемсітіп атауында және бұл атаулардың ресми қолданысқа кіруінен көрінді. Қазақтар өздерін ресми құжаттарда "қазақ" деп жаза алмай "қырғыз" деп көрсетті. Немесе қазақтарды "түземдіктер", "шет аймақтықтар" деп кемсітті. Патша үкіметі Қазақстан деген саяси-географиялық ұғымды қолдануға да тиым салды. Қазақстанды түрлі атаулармен "Орынбор өлкесі", "Сібір өлкесі", "Дала" кейінірек "Түркістан өлкесі" деген бөлек атаулармен атады. Бұл атаулар Қазақстан деген біртұтас саяси-географиялық ұғымды біржола санадан өшіруге бағытталған еді [76, 315 б.].
1868 жылғы "Уақытша ереженің" §210 бойынша қазақтардың жері Ресей империясының мемлекеттік меншігі деп жарияланды. Бұл ереже 1891 жылғы "Уақытша ережеде" де қайталанды. Осы ережелер бойынша патша өкіметі қазақтардың жері өзіне қоғамдық түрде пайдалануына беріледі деп мырзалық көрсеткен болды.
Осы ережелер негізінде қазақтардың жері жаппай тартып алынып, келімсек мұжықтарға таратылды. 1917 жылдың қарсаңында 47 млн. десятина қазақтың шұрайлы жерлері тартып алынып, оларға мыңдаған орыс поселкелері орналасты. Қазақстанға осы кезеңде 1,5 млн-нан аса орыс, украин және беларус келімсектері көшіп келді. Қазақстанның топонимикасы түгелге жуық орыстанып, ұлттық құрамы үлкен өзгеріске ұшырады. [77, 248 б.].
1867-1868 жылдардағы реформалардан соң қазақ өкілдері губернаторлық, облыстық, уездік дәрежеде басшылық түгілі қатардағы шенеуніктікке де жіберілмеді. Оларда тек орыстар отырды. Қазақтың қол жеткен билігі болыстық болды. Онда да болыстыққа жету үшін казактар орыс өкілдеріне әбден жем болатын.
Қазақстан патша үкіметінің таза шикізат базасына айналды. Мұндағы өнеркәсіп пен сауда, транспорт отаршылық саясатты тереңдету мақсатына қызмет етті. Қазақтар арасындағы оқу-ағарту, денсаулық сақтау ісі туралы айтуға тұрмады. Патша үкіметі қазақтарды қараңғы, тұрмысы нашар тәуелді халық етіп ұстап тұруды мақсат тұтты.
1867 жылгы 11 шілдеде "Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереже", 1868 жылғы 21 қазанда "Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторлықтарының далалық облыстарын басқару туралы уақытша ереже" бекітілді.
Қазақстан территориясы Орынбор, Батыс-Сібір және Түркістан атты үш генерал-губернаторлықтың құрамына кірді. Әр генерал-губернаторлықта екі облыстан барлығы алты облыс болды. Орынбор генерал-губернаторлығында Торғай, Орал Облыстары, Батыс-Сібір генерал-губернаторлығында Ақмола, Семей, Түркістан генерал-губернаторлығында Жетісу және Сырдария облыстары кірді. Бөкей ордасы Астрахан губерниясына қарады. Маңғышлақ приставтығы алдымен Кавказ әскери округіне, кейінірек Закаспий облысына кірді. Генерал-губернаторлықты патша өкіметі тағайындаған генерал-губернатор басқарды. Генерал-губернатордың қолында губернаторлықтағы бүкіл әскерге басшылық ету және азаматтық билік шоғырланды.
Облысты әскери губернатор басқарды. Оның қолында да әскери және азаматтық билік толықтай шоғырланды. Сондай-ақ әскери губернатор облыс жерінде орналасқан казак әскерінің тағайындалған атаманы болды;. Жетісу және Сырдария әскери губернаторлары шекаралық істермен де айналысты. Әскери губернаторлардың жанында облыстық басқарма құрылды. Облыстық басқармада үш бөлім: өкімші, шаруашылық және сот бөлімдері болды. Бөлім бастықтарын генерал-губернатор тағайындады. Облыстық баскарманың кейбір мүшелерін әскери губернатор тағайындады.
Қазақстандағы әскери губернаторларга өте кең өкілеттіктер берілді. Олардың қолында бүкіл әскери, азаматтық, әкімшілік және сот билігі жинақталды. Ресей империясының орталық губернияларыңда губернаторлардың қолында тек азаматтық және әкімшілік билік болды. Олардың билігі әскери-бюрократтық сипатта болды.
Әскери губернаторға бағынышты облыстық басқарманың қолында да үлкен билік болды. Өкімші бөлім облыстық әкімшілік шекарасын бөлумен, үкіметтің облысқа қатысты өкімдері мен заңдарының орындалуын, лауазымды адамдарды әкімшілік жазаға тартумен немесе оларды қылмысы мен тәртіп бұзғандығы үшін сотқа берумен, "қоғамдық өзін-өзі басқару" қызметіне сайлау шешімдерін қараумен, әкімшілік тәртіпті бұзғандарды әкімшілік жолмен шығарып жіберумен айналысты. Шаруашылық бөлімі тұрғындар арасында жер бөлу, қазақтардың алым-салық жинау істерін қадағалады. Сот бөлімі облыстық басқарманың сот палатасы ретіндегі азаматтық және қылмыстық істерді тыңдауын дайындады.
Облыстар уездерге бөлінді: Жетісу облысы 6 уезден, Сырдария облысы — 8, Орал облысы — 4, Торғай облысы — 4, Ақмола облысы — 5, Семей облысы — 6 уезден тұрды. [48, 19 б.]
Уезді уезд бастығы басқарды. Уезд бастығын әскери губернатордың ұсынуымен генерал-губернатор тағайындады. Уезд бастығы әскери, полициялық, азаматтық билікті қолына шоғырландырды. Уезд бастығы әскери адам болды.
Уезд бастығы болыстық сьезді еткізудің орны мен уақытын белгіледі, болысты сайлаған соң оның кандидатурасын бекіту үшін әскери губернаторға ұсынды. Ауыл старшындарын бекітті, орнынан алды. Болысты уақытша қызметінен шеттете алды. Әскери губернаторға болысты орнынан босату туралы мәселе қойды. Төменгі лауазым иелеріне әкімшілік жаза қолданды.
Генерал-губернаторлық, облыстық әскери губернаторлықтың аппаратындағы және уездік бастықтар мен оның төңірегіндегі шенеуніктер түгелдей орыс ұлтынан тұрды [26, 218 б.].
Реформа бойынша басқарудың төменгі жүйесі болыстық және ауылдық жүйе болды. Болысты болыс, ауылды старшын басқарды.Бұлар сайланбалы түрде болып, болысты әскери губернатор, старшынды уезд бастығы бекітті. "Уақытша ережелерде" болысты және старшынды сайлаудың тәртібі көрсетілді. Бұл қызметке сотты, тергеуде болмаған "халықтың құрметі мен сеніміне" ие болғандар сайлануға тиіс болды. Әрине сенім туралы айтқанда олар ең алдымен жергілікті әкімшіліктің сеніміне кіргендер болуы керек еді.
Болыс пен старшынға ұсынылу үшін жасы 25-ке келуі және сол территорияда тұру қажет болды.
Сайлауға барлық халық қатыспады. Старшынды және болысты таңдаушылар сайлады. Старшынды сайлау үшін әр он үй бір таңдаушыны сайлады. Тәртіп бойынша ауылда 100-200 үй болса, тандаушылардың саны 10-20 адам болды. Таңдаушыларды сайлауға тек ер адамдар қатысты. Сайлауға әйелдер егер олар үй иесі ретінде болса ғана қатысты. Мұндай жағдай күйеуі қайтыс болған соң ерге шықпай, үй иесінің ролін атқарып жатқан әйелдерге қатысты болды.
Старшынды сайлауға болыстар міндетті түрде қатысып, өз адамдарын өткізіп отырды.
Әр үш жыл сайын өтетін болысты сайлау үшін 50 үйден бір таңдаушы сайланды. Сонда шамамен болысты сайлау үшін жиналатын болыстық жиынға (сьезге) 20-дан 40-қа дейін таңдаушылар жиналатын. Дауыс беру процесін халық арасында шар салу деп кетті. Болыс боп жай көп дауыс алған кандидат сайланды. Ол тек әскери губернатор бекіткен соң заңды сайланған болып есептелді. Болыстың сайлауға уездік бастық болмағанда оның көмекшісі міндетті түрде қатысты. Болысты сайлау қатты күрес жағдайында өтті. Топ-топқа бөлінген қазақтар болыстық қызмет үшін жанталаса күресті. Пара беру, сатып алу, алдау-арбаудың нешесе түрлі әдістері іске қосылды. Сайлау үшін құрылған топтарды "партия" деп атады. "Партиялар" арасындағы күрес билік үшін күрес болды. Ұлы Абайдың "Болыс болдым мінеки, бар малымды шығындап", "Болды да партия ел іші бүлінді" деген сөздері осыған байланысты туындады. Болыс сайланғаннан соң да оның артынан генерал-губернаторға дейін наразылық хаттар көпке дейін үзілмейтін.
Мұндай сайлаулар халықты әбден жікке бөліп, болыстық және старшындыққа ұсынғандарды жоғарыдағы бастықтарға жем қылып бітірді. Жаңа орынға сайланған болыстар шығындарын халықтан он есе қылып қайтарып алуға тырысты.
Болыстың қолында біршама билік болды. Ол ауыл стар-шындарын сайлауға қатысып, негізінен өз адамдарын өткізді; уезд бастығының тапсырмаларын орындады; халықтың көшіп-қонуын бақылады; үй басы салығының мөлшерін старшындарға жеткізу, ол салықты уезд кассасына өткізу; болыстағы билер сьезіне қатысу; халықтан билерге беру үшін талап арыз қабылдау; тәртіп пен тыныштықты қадағалады; билер сотына жауапкерді, куәлерді жеткізуді үйымдастырды; сот орындаушысының міндетін атқарып билер сотының шешімін жүзеге асырды.
Тәртіп бұзғандарды үш күнге дейін қамауға алып, 3 сомға дейін айып салды.
Болыстар да старшындарда "Ережелер" бойынша "коғамдық өзін-өзі басқару" қызметтері болып саналды. Оларға орталық қазынадан ақы төленбеді. Олардың еңбек ақысы халықтың мойнында болды [48, 50 б.]
Патша үкіметі Қазақстанды саяси-құқықтық жағынан басқаруды тереңдетіп тағы да жаңа ережелер қабылдады.
1886 жылы 2 маусымда "Түркістан өлкесін басқару туралы ереже", 1891 жылы 25 наурызда "Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Семей облыстарын басқару туралы ереже" қабылданды. Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы Дала генерал-губернаторлыгы деп өзгеріп оған Сырдария облысынан басқа бес облыс түгелдей кірді. Сырдария облысы Түркістан генерал-губернаторлығына қарады. Жетісу облысы 1897 жылы қайтадан Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына кірді.
Генерал-губернаторлар мен әскери губернаторлардың билігіне өзгерістер ене қоймады. Жаңа "ережелер" бойынша уезд бастықтарының құқықтары мен міндеттері біршама кеңейтілді. Уезд бастығы уездік исправниктің уездік полиция басқармасының құқығын пайдаланды. Енді ол уездік шаруа істері комиссия төрағасының құқықтары мен міндеттерін қоса пайдаланды. Уезд бастызына болыстар мен старшындардың қазақтардың "қоғамдық өзін-өзі басқаруларына" түгелдей бақылау және оларға тексеру жасауға құқылы болды Уезд бастығы болыс, ауыл, село сьездерінің, жиындарының барлық шешімдері мен үкімдерін қарауға, қажет болғанда оларды өзгертуге, тіпті тоқтатуға құқылы болды. Жеті күнге дейін қамауға алып, 15 сом айып сала алды. Облыстың орталықтары мен ірі қалаларда полиция басқармалары немесе қалалық полицейлік приставтар құрылып уезд бастықтарына бағынды.
Сондай-ақ жер және қоныс аударушыларды орналастырумен айналысатын Қоныс аудару (переселен) басқармалары құрылды.
Жаңа "Ережелерде" "қазақтардың өзін-өзі басқаруына" өзгешеліктер ендірілді, әсіресе оларды сайлау тәптіптелді. Болыстарды сайлайтын әр елу адамнан бір таңдаушыларды енді әрбір елу үй иесі өз алдына емес, бүкіл болыстыққа кіретін үй иелерінің жалпы жиыны сайлады. Ауыл сьезі оған ауылдағы үй иелерінің жарымынан артығы қатысса, ал болыстық сайлау тандаушы — елуіншілердің үштен екісі қатысқан жағдайда занды болып есептелді.
Ішкі істер министрлігінің 1896 жылғы шешімі бойынша әскери губернаторлар енді болыс болып сайланған қазақтардың орыс тілін білуін ескерді. Болыстар мен старшындардың еңбекақысы көтерілді, олардың полицейлік балқылаушылық ролі артты.
Қазақстандағы отаршылық әкімшілік органдары мен «қазақтардың өзін-өзі басқару» деп аталатын болыстық старшындық басқарудың осындай жүйесі 1917 жылға дейін өмір сүрді. Әскери-полицейлік болып табылатын бұл жүйенің басты міндеті жергілікті халықты күшпен басқарып, оның байлығын сарқа сора беру, өкіметке қарсы кез келген қозғалысты басып жаншу еді.
1891 – жылғы “Далалық ереже” және Қазақстанның саяси – құқықтық негіздерінің түбегейлі өзгерістері. Ресей отаршы мемлекеті Қазақстанның территориясына алғаш енгеннен бастап өзінің отарлау саясатын құрып, дамыта түсті. Қазактын барлық жүздері мен олардың көшіп қонып жүрген туған жерін толык бағындырды. Отаршыл империяның отарлау статусы 1867 -1868 жылдардағы «Уақытша ережені» қазақ даласына енгізіп, жерін Ресей империасының меншігіне айналдыруынан көруге болады. Тәжірибе ретінде «Уақытша» енгізілген ереже ұзақ уақыт қолданыста болып, уақыт өте келе онда жасалған оқулықтар көріне бастады. Сонымен қатар, осы тұста қазақ жерін бөлуде көптеген әкімшілік-территориялық өзгерістердің болған. 1882 жылға дейін Ақмола мен Семей облыстары Батыс Сібір генерал-губернаторлығына қараса, кейін 1882 жылғы I мамырда қабылданған «Ақмола, Семей, Жетісу облыстарын баскаруды бір генерал-губернаторлықтың қүзырына біріктіру туралы» жарғы бойынша құрылған Дала генерал-губернаторлығының қүрамына енді.
Сондықтан, ескі заңға жаңа толықтырулар мен қосымшалар енгізуді талап еткен заңды құбылыс болатын. Оның негізінде Қазақстан территориясын бүкіл және жан - жақты отарлау үшін билік басында әскери шендердің құзырын толықтырып, отарлауды күшейту көзделді. 1867 -1868 жылдар аралығындағы (уақытша ереже), бір жағынан дөмпуі бар жағдай сақталып қалған Торғай және Орал облыстарында, екінші жағынан әлеуметтік аумақтық өзгерістер біршама тыныштық жағдайында іске асырылған Ақмола, Семей облыстарында әр - түрлі қабылдауына байланысты болашақ реформаға мұқият, саралап қарауды талап етті. Дала генерал - губернаторлығын әкімшілік басқаруды қайта үйымдастыру жобасын Мемлекеттік Кенес бір жылға жуық қарап, 1891 жылы 25 -інші наурызда ғана император мемлекеттік кенестің Ақмола, Семей, Орал және Торғай облыстарындағы осы облыстарды басқару аппаратынан дала генерал губернаторларлығының құруын қолдады. 1891 жылғы егіннің шықпай қалуы туғызған қаржылық қиыншылық салдарларынан жаңа ережені енгізу 1893 жылы бірінші қазанда ғана мүмкін болды [78].
1891 жылғы далалық ережеде жер мәселесі ашықтан -ашық отаршылдық сипатта болды. Дала тұрғындарының басым көпшілік бөлігінің, қазақтардың материалдық құндылықтарын, шаруашылық құрылымын негізінен қалыптастырған көшпелі тұрмыс саты олардың рулық - патриархаттық дәстүр аясында қауымдық меншіктің ерекше нысаны сияқты көрінетін жер қатынасы туралы қате түсінік туғызды. 1891 жылғы ережені әзірлеген кезде шенеуліктер қазақтардың ақша рыноктык қатынастарға тартылуына байланысты жерге меншік қатынасынан бұрынғы стихиялық көзқарасы күрт өзгергенінің мәнін ұға бермеді. Сөйтіп, 119 - бапты ел мекендейтін де, мекендемейтін де бүкіл жер қорының мемлекеттік меншік деп жариялауы заңдастырылды. Ал жазғы жайлаулар дағды бойынша көшпелілердің пайдалануынды қалдырылды: кен кәсіпшілігіне арналған қысқы қыстаулардағы жерлер жалға берілді. Қазақ әскерлерінің орналасқан жерлерін иелену мен айдалану құқықтары «ерекше ережелермен» анықталды.
Патша үкіметінің Қазақстандағы соңғы жүргізген әкімшілік территориялық реформасы Қазақстанды әкімшілік бірліктер арасына меже бөлеп ол көп өзгертілместен 1917 жылғы қазан төнкерілісіне дейін сақталып келді. Жетісу және Сырдария облыстарының Әулиеата және Яішкек уездері арасындағы шекара әскери министрдің ұсынысымен Қарабалта өзенінің бойымен жүргізілді. Бүрын Пішкек уезінде орналасқан Қарабалта селосындағы орналасқан Қарабалта селосындағы орыстарды Әулиеата уезіне көшіру келісілді. Ақмола және Сырдария облыстары арасындағы шекара 1894 жылғы ерекше комиссияның ұсынысы негізінде Түркістан және Дала генерал - губернаторлығының келісіміне сәйкес белгіленді. Шекара сызығы Белең -ана мекенінен басталып, Сарысу өзені арқылы Қатал - қамыстың үстімен оңтүсгік шығысқа қарай Құтыш моласына, одан әрі Бонты -қарын өзені бойымен Ащыкөлге дейін тартылды. Ащыкөлден қысқа жолмен Жаныс өзенінің бойындағы Томарөткел мекеніне дейін барды. Әрі қарай шекара Жанысты кесіп өтіп, Саумалкөл өзінің өкпе тұсындағы Шоланжал құмдарына; осы жерден Саумалкелді кесіп өтіп Сарытүбек қорына дейін; Сарытүбектен шекара сызығы солтүстік шығысқа Далакелді екіге бөлді. Меже әрі қарай ішкі істер министрлігінің 1895 жылғы 31 наурыздағы ұсыныс негізінде Шу өзені бойымен жүргізілді.
Ресейдің отарлау саясатының "астарлау ойы рулық бірліктің әлсіреуін тездететін шаралар жасады. Торғай және Сырдария облыстарын арасына межі қойып бөлшектеді. Бүл меже Перовский түбегінің ортасынан басталып Терменбес тауына карай Теректі, Қалмас, Мүзбсл, Аққүм, Шүбартөбе тауларын басып өтіп Мойынқүмның оңтүстік шебіне барды. Бұл шекара 1866 жылғы 24 маусымдағы қазақ старшындарының съезінде қабылданған және Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы ережеде көрсетілген [76, 45 б.].
1868 жылғы 21 қазандағы және 1869 жылғы 14 маусымдағы «далалық және Сырдария облыстарын басқару туралы» беқітілген уақытша ережеге сәйкес Жетісу және Семей облыстары арасындагы меже Тарбағатай таулары және оның Сібір қазақтары облысымен Семейдің шектесетін жеріне дейін баратын сілемдері арқылы жүргізілді. Осындай меже Ақмола мен Семей облыстары арасында жүргізілді. Ол Крутоярск бекетінен Оңтүстікке қарай Баянауыл және Қаркаралы округтерін Сібір қазақтары облысынан басқа аудандарынан бөлді.
Ал, Орал мен Торғай шекара сызығы шамамен Орынборгуберниясының шекарасы бойымен бұрынғы Орынбор қазақтары облысының Батыс және орталық бөліктері арасын Мұғалжар тауларына қарай тартылды. Осындай шекара Ақмола мен Торғай облыстары арасынанда өтті. Алабұға және Сібір редуттарының арасындағы қызыл бағаннан деп аталатын пунктан басталып Оңтүстікке қарай Ұлы көлге дейін тартылды. Шекара сызығы әрі қарай Қоянағаш мекенінің Батыс бөлігін қамтып Жарыкөл және Тосқабел арасымен Ұбаған өзеніне дейін созылды.
Ресейді отарлау саясатының негізінде жасалған дала ережесінің 4-шші бөлімінде салық пен бодандық туралы ережелер жазылған. Қазақстанды - отарға, халықты алым алынатын тапқа айналдыру үкіметтін жергілікті тұрғындарға қатысты фискальдық саясатына елеулі түзетулер енгізді. Шаңырақ алымының 2 сом 75 тиын сомасындағы мөлшері ереже бойынша 3 сом 50 тиынға көбейтілді. Ереженің 137 -бабы далалық облыстардың көшпелі халқын қазына кірісінің пайдасыма ор - бір шаңырақтан, үйден, жер төлеген 4 сом есебі мен есептелетін түтін салығын төлеуді міндеттенген. Бұл қазақ халқының орналасқан географиялық ортасына қарамастан белгіленген салық мөлшері болатын. Бұл қазақ халқының онсызда төмен тұрмыс жағдайын төмендетуге негізделген шара болатын [48, 26 б.].
Осылайша, әкімшілік-территориялық құрылыстың өзгеруі қазақ өлкесін басқаруды жақсарту патша отарлау саясатының негізгі мәселесі еді. Қабылданған жаңа заңдар Қазақстандағы Ресей патшалығының билігін бекітті, қазақ халқын және оның табиғи байлығын тонау бір ізге салынды.
3. БИЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ МЕН НЕГІЗГІ САТЫЛАРЫ(ИНСТАНЦИЯЛАРЫ) ЕРЕКШЕЛІГІ МЕН ӨЗГЕРІСТЕР
3.1 Билер Кеңесі


Қазақ халқының саяси өмiрiнде “Билер кеңесi” және “Хан кеңесi” деген екi билiк органы айқындала бастады. Мұнда аттары өзгердi демесең “Билер кеңесi” мен “Хан кеңесi” ертеректегi Тағанақ кеңесi мен Тұрымтай кеңесiнен маңызды дейтiн-дей айырмашылықтары жоқ едi. Өз кезегiнде “Хан кеңесi” мен “Билер кеңесiнiң” ара жiгiн ашып көрсеткен заңгер ғалым, академик С.Зиманов мұны былай деп сипаттап өтедi: “Малый ханский совет (Хан кеңесi /А.Н./) представлял собой своеобразную ближнюю думу хана которая своими советами и решениями помогало правителью в устройстве как личных, так и государственных отношений. Круг вопросов, которыми занимался совет, охватывал самые разнооб-разные проблемы внутренней и внешней политики государства” [108, 118]. Бұл ойын әрi қарай “в большом совете (Билер кеңесi /А.Н./) видную роль играли родоначальники-крупные бии и старшины. В нем часто решались вопросы относящиеся к освоению достижения спокойствия, прекращения барымты, примерения враждующих родов, вопросы отношения с другими государствами, воины и мира” [79, 119 б.].
Көрсетiлген кеңестерде елдiң маңызды деген iшкi және сыртқы саяси-құқықтық мәселелерi көтерiлiп, өз шешiмiн тауып отырды. Қазақ елiнде мұндай құрылтайлар әлсiн-әлсiн жиналып отырды. Құрылтайлар өз кезегiнде Қасым ханның, Есiм ханның ел билеген кезеңдерiнде болып тұрған, тек қана Тәуке хан тұсында мұндай құрылтайлар “Билер кеңесi” деген атпен белгiлi болып, тұрақты түрде жұмыс iстейтiн орган ретiнде қалыптасып, жыл сайын шақырылып тұрды. Мұның себебi де түсiнiктi едi, өйткенi Тәуке хан өз заманында мұндай жиналыстың елдiң iшкi және сыртқы мәселелерiн шешуде тиiмдiлiгiн көре отырып, құрылтайдың (билер кеңесiн) жыл сайын шақырылуын “Жетi жарғы” әдет-ғұрып құқығына енгiзген. Бұл жөнiнде А.И.Левшин өз жазбаларында мынандай дерек келтiредi: “чтобы сам хан, ровно как и все султаны, старейшины и правители родов собирались осенью в одно место, в средине степи, для рассуждения о делах народных” [66, 207]. Әрине, “билер кеңесiне” тек билер ғана кiрген жоқ, оның құрамында сұлтандар да, жыраулар да, батырлар да, ақындар да болды.
Билер кеңесi сол кездегi қажеттi деп табылған iрi-iрi мәселелер-дi қараған. Жиналыстың күн тәртiбiнде қаралған мәселелердiң ең бастыларын мынандай топтарға бөлуге болады.

  1. Жалпыхалықтық хан сайлау. Сайланған ханға бүкiл үш жүз болып түгелдей бағынып, бiртұтас ел болу;

  2. Жалпыхалықтық ұлы пiр сайлау. Бұл пiрге бүкiл қазақ халқы бағынып, оны дiн жолымен қадiр тұту [80, 4 б.];

  3. Елдiң әр түрлi сыртқы мәселелерiн шешу. (бейбiтшiлiк және соғыс мәселелерi, елдiң дипломатиялық қатынаста-рын белгiлеу, елшiлердi сайлау және т.б.);

  4. Күллi қазақ елiне қатысты әдет-ғұрып заңдарын талқыға салу және қабылдау;

  5. Ел iшiндегi болып тұратын және ел бiрлiгiне iрiткi салатын құн дауы, жесiр дауы, жер дауы, мүлiк дауы сияқты үлкен дауларды кеңестiң талқысына салған.

Мұндай кеңестiң шешiмi мiндеттi түрде орындалып отырған. “Билер кеңесі” талқыланған, қаралған мәселе бойынша қайта айналып қарауды қажет етпейтін шешім қабылдау дәрежесіне дейін көтеріле алған. Нақтылы мәселе бойынша қаралған істерінің шешімдері заң күшіне еніп, ханның өзі жоққа шығара алмаған. [81, 14] “Билер кеңесi” елдiң iшкi және сыртқы саясатында ханға ақылшы көмекшi орган ретiнде болған.
Қазақстанның Батыс бөлігін басқару орталығы болған Орынбор қаласында және Орынбор ғылыми мұрағаттық комиссиясында қызмет еткен, қазақ тілін жақсы білген шығыстанушы-ғалым А. Словохотов қазақ билер сотын «халық ақиқатының жаршысы», «дауласушы жақтардың дәнекершісі» деп атаған. Ол Орта Азияның басқа да түркі тілдес халықтарында болмаған осы сипаттас билер сотының көшелі қазақ халқында қалайша қалыптасып, кең қолдау тапқанын анықтауға тырысты. «Быт кочевника настолько точно определен, степная жизнь так резко обособлена, стоит в таком противоречий с бытом зеледельца, что кочевнику – степняку нечего заимствовать от земледельца – поселянина. То, что составляет культурное богатство последнего, чем он гордиться и что создает, не подходит к условиям степной жизни привольного кочевья» - «Көшпелінің тұрмвс-салты анық айқындалып, далалық өмірге бейімделіп, ерекшеленгені сонша, тіпті отырықшы халықтың тұрмысна қарама-қайшы ғана емес, олардың өмірінен алып-қосары жоқ. Отырықшы ойлап тапқан және мақтан тұтатын мәдени құндылықтар емін-еркінкөшіп жүргендердің салтына сәйкес келмейді», - деп жазады ол. Автордың есептеуінше, би – қазылар өз бойларына осы «емін-еркін көшу» өмірінің барлық қасиет – құндылықтарын дарытқан. Оның ойынша, би «халықтың шежірешісі, құқықтық сана – сезімін саралайтын заң маманы» болып табылады. Қазақстандағы отарлау әкімшілігінде он жылға жуық қызмет еткен тағы бір атақты шығыстанушы – ғалым, профессор В.В. Григорьев өз зерттеулері барысында мынандай тұжырымға келген: «Мы видим у киргиз такое превосходное судопроизводство и такие порядки следственного и судебного процесса, каким могут позавидовать многие издавна цивилизовавшиеся народы» - «Қазақтардың саңлақ сот ісі мен соттық – тергеу процестерінің тәртібіне бұрын өркениет еткен елдер қызыға қарар еді» [69, 35 б.]
Би – қазылар, тіпті өз тайпасы жайлаған жерлерден тыс аймаққа және өз Жүзіне ғана емес, басқа Жүзге де танымал болған әйгілі билер де аппарат немесеарнайы білімі бар адамдар ұстамаған, тек кейбіреулері шабармандарды қажет еткен. Жыл мезгілдеріне қарай жер – суды иемдену барысында, күнделікті күйбең тірлік пен шаруашылықта және жалпы көшпелі өмірдің тұрмыс – салтына байланысты туындаған басқа да даулы мәселелер жөніндегі маман да, сарапшы да, бағалаушы да осы билер еді. Олар осындай жан – жақты болу үшін дала мектебінде тәрбиеленіп, шынығатын. Би – қазылар пайымы , тәжірибесі мен даналығы олардың соттық кесім – шешімдерінен айқын байқалады, төменде осы төреліктердің типтік үлгілері көрсетілген. Даулы істерде көбіне үш нәрсе басымдық танытатынн айта кеткен жөн: жылқы, әйел тағдыры және ер адамның қазасы.
«Бота дауы» немесе кейін күллі Орта жүзге танылып, әйгілі би атанған, ал ол кезде жиырма жастағы Төле бидің тәжірибелі би шеше алмаған күрмеуі қиын істі қалай шешкені туралы. Даудың мәні мынандай еді. Көршілес көшпелі қауымның екі тұрғыны аруанадан туған ботаны бөлісе алмай, дауласып қалады.және екеуінің де айтқан уәждері мен дәлелдері сырттай қисынды боп көрінеді. Сөйтіп, олар дау – дамаймен тәжірибелі Әлібек бидің алдына барады. Төленің әкесі Әлібек би жүгіне келгендерді қарсы алып, шағымдарын тыңдап болған соң, екі – үш күн ауылында қонақтауларын өтініп, өзіне мұрсат сұрайды. Осыдан-ақ даулы мәселенің мәнісін анаықтап, ақиқатын ашу және шындық пен әділдікке негізделген нақты шешім шығару жолында бидің солқылдақтық таныиып тұрғаны байқалады. Сондықтан дауласушы жақтардың көңіліне к.дік орнайды. Екі жақтың өзара арыз – талаптары тыңдалған алғашқы сот кезіңіне қатысқан Төле де Әлібек бидің кібіртіктеп қалғанын көреді. Әкесінң мақтан тұтатын жас жігіт алыстан арнайы келгендердің күдігі мен наразылығы әулетінің атағына дақ түсірер деп уайымдайды. Сондықтан ол осы қиын істің күрмеуін шешу үшін әкесінен рұқмат сұрайды. Ұлын сот істеріне баулып жүрген әкесі баласына жол беріп, даулы жақтардың алдынан өтеді. Билер соты алаңында шолпан жұлдыздай жарқырап келе жатқан Төленің беделіне қанық дауласушылар бұған қарсы болмайды. Төле би дәстүрлі ережелерді ұстана отырып, оларды сотқа шақырады. Ботаға таласушы екі жақ кезегімен уәждерән ортаға салып, ботаның иесі екендіктерін дәлелдеуге тырысады. Бота өте бағалы, көшелі қоғамда аңызға айналған біоөркешті , әдемі, әлді әрі сымбатты аруанадан туғандықтан, дау – дамай қыза түседі. Талапкер өз құқығын былайша қорғайды: Әдетте буаз малдар туар алдында оңаша қалғанды қалайды, оның да буаз аруанасы туатын күні жақындағанда табыннан бөлініп, дала кезіп кетеді. Бір апта бойы іздеумен болған иесі ботасын аңсап, мазалы куй кешкен інгенін тау бөктерінен әрең табады. Көзі жасқа, дауысы қайғығы толы аруана шала туған болса немесе қасқырларға дем болса, інген сол арадан алысқа кетпес еді, қайта сол жерді айналшықтап, қан тамған орындарды иіскеумен болар еді. Бірақ ондай нақты орын байқалмағандаықтан, талапкер ботаның ұрланғанын түсініпті. Енді, міне, бірнеше айдан соң жоғалтқан ботасын жауапкердің табынынан табады. Асыл тұқымдыларға тән ерекшелігіне, енесіне ұқсас көқарасы мен дауысына қарап, өз ботасын жазбай таныпты. Бірақ, талапкер бейбіт түрде ботасын қайтарып беруді өтінгенде, жауапкер үзілді-кесілді бас тартқан. Ал жауапты адамның айтуынша, оның да аруанасы жуырда туыпты, сондықтан ботаға таласудың еш қисыны жоқ. Оның үстіне бота енесінің қасынан шықпайды, түйе де оны шеттетпейдң, қайта бауырына басады екен. Жауапкер ертіп келген түйеші де осыны растап отыр. Сөйтіп, екі жақ та ботаға деген құқығынан айырылғысы келмей, отырып алады. Төле би жай ғана кесім емес, дауласушы екі жақ та еріксіз мойындайтын, ақиқатпен ұшталған әділ төрелік айту тиіс еді. Сот процесінің негізгі қатысушылары мен олардың жақтаушыларының куә сөздері сенімді шешім қабылдау үшін жеткіліксіз болды. Оның үстіне екі жақтың айтқан сөздерінің салмағы бірдей болғандықтан, жағдай қиындай түсті. Бағалы жануарды ешқайсысы да қолдан шығарғысы келмейді. Төле би сот өтіпжатқан жерге бота мен екі енесін алдырады. Жас бидің төрелігін тыңдау үшін көрші ауылдардан да ағылған жұрт тына қалған. Төле би қасындағы көмекшілеріне шөккен ботаның артқы сирақ-санын қыл арқанмен қатты қыса байлауларын өтінеді. Осыны ауырсынған бота бақыра бастағанда інгендердің бірінің көзңнінен жас парлап, ботаға қарай жүгіре жөнеледі, ал екінші бей-жайлық танытады. Төле би – қазы ботаның табиғи түйіке еріп, жан даусы шыққан ұрпағын қорғауға ұмтылған түйеге тиесілі екендігін, ал оның иесі – талапкер екендігінжария етеді. Жиналғандар Төле бидің кесімін бір ауыздан қолдайды. Ал жауапкер асыл тұқымдыботаға қатты қатты қызыққандықтан, төлінен айырылған өз түйесіне ертіп жібергенін мойындаған. Осыдан кейін Төле бидің атағы асқақтай түскен екен [2, 138-140 бб.].
«Сөздің атасы кім? Анасы кім?» Ой мен қисынды жаттықтыратын осы тектес сауалдарды талқылап, пікірталас тудыру әрекеттері қазақ қоғамнда жиі көрініс тауып, әдетке айналған.
Кейде мұндай сауалдардың салдарынан дау-жанжал да туындап кететін. Осындай бір оқиға: бірде Қазыбек бидің ауылының маңына бір сауда керуені келіа тоқтайды. Ондағы саудагерлер өзара келісе алмай, жанжалжасқан сайын аралары шиеленісіп келе жатыр еді. Әлгі ауылда әйгілі Қаз дауысты Қазыбек би тұратынын білген олар екі топқа жарған дауларын айтып, бидің алдына баруға бел буады. Бір топты негізінен өзбектер құраса, екінші топта қазақтардың саны басым екен. Олар «сөздің атасы кім, анасы кім?» деген сауал төңірегінде таласып келе жатқан. Өзбектер тобы бірде Сөздің атасы – ислам, анасы – исламға деген сенім екендігін айтса, енді бірде Сөз пайда табудың көзі болғандақтан, оның атасы – манат, яғни ақша, ал анасы – сол ақшаны табу амалы екендігін дәлелдемек болады. Ал қазақтар тобы Сөз атасы – би, анасы – шешендік, яғни қызыл тіл екендігін дәлелдеп бағады. Бұл дау сауда керуенінің бірлігіне қауіп төндіріп қана қоймай, екі жақты қанды қақтығысқа итермелеп тұрған еді. Осы оқиғаны баяндаушылардың айтуынша, Қазыбек би қалың ойға батып, жауабын кешіктіре былай деген: «Сөздің атасы – бірлік, Сөздің анасы – шындық». Даулы жақтар Қазыбек бидің жауабына тәнті болып, араз боп кірген үйден достасып шығады [57, 45 б.].
«Бір әйелге екі еркектің таласы». Бұл оқиғаны Дала аймағының батыс бөлігінде күнелткен қазақтардың ауызынан орыс шенеунігі И. Крафт жазып алған: «Көп жылдар бұрын би алдына бір әйелді ерткен екі еркек келіп жүгінеді. Еркектердің біреуі сол уақыттың өлшеміне сай сауатты екен, өз кезіндегі сауаттылар өздеріе молда санап, ру әміршісінің қасында хатшылық және Бұқара мен Ресей елшілері келгенде, аудармашылық қызметін атқаратын. Ал екіншісі – билеушінің босағасында жүрген сауатсыз малай екен. Соңдарынан еріп келген сымбатты, жалғызбасты әйел де әміршінің сарайында қызмет ететін көрінеді. Әлгі екі еркек осы нәзік жандыға таласып жүр екен. Бұл орайда, олар сұлудың қалауын сұрамастан, би сотына бас ұрады. Билер сотының ережесіне сәйкес, алдымен екі жақ та қазының кесіміне сөзсіз көнетіндерін бекітетін жоралғыларды орындайды. Сосын кезектес, әйелдің тек өзіне тиесілі екендігін растайтын айғақтары мен дәлелдемелерін ортаға салады. Би екі жақты да мұқият тыңдаған соң, әйелді қалдырып, үш күннен кейін келулерін өтінеді. Еркектер кеткен соң би үй шаруасымен айналысып жүрген әйелдің жүріс-тұрысын бақылап, тамақ әзірлеу әдісі мен дастархан жаю мәнеріне назар салады. Және оның жазу құралдарын жақсы жинай білетінін, отырықшылардың өміріне тән астарды даярлауға ұмтылып, «мәдениеттірек» еркекке ұнағысы келетінін байқайды. Осыдан-ақ би әйелдің көшпелі емес ортаның тұрмысына бейімделген сауатты еркек үйінде жиі болатынын түсінеді. Үш күндік мерзімнен кейін қазы түсінікткме бере отырып, өз кесімін айтады, дауласушы екі жақ та қисынды шешімнің әділдігін мойындайды [73, 96 б. ]
«Жорға дауы». ХVIII ғасырда өмір сүрген Кіші жүздегі Сырым би (кейін ұлт – азаттық көтерілістің басшысы болған) өзінің байқағыштығымен танылып, көптеген күрделі сот процестерінің Төбе биі болып сайланған. Бірде оның алдына екі адам келеді: бірі – бидің руласы әрі туысы, ал екіншісі – алыстағы басқа рудан шыққан жергілікті би. Жауапкердің жақын туысы екендігін білсе де, талапкер – кедейлікке ұшыраған жергілікті би Сырым биге жүгінуді ұсынады. Себебі, билер сотының ерекшелігі сол, әсіресе биік деңгейдегі Сырым сияқты билер «тура биде туған жоқ» деген қағиданы қатты ұстанатын. Даулы мәселенің мәні: Талапкер – бидің айтуы бойынша, жергілікті бір қайраткерді еске алу мақсатында ұйымдастырылған ат жарыста бас бәйгені жеңіп алған оның жорғасын атақты атбегілер аса жоғары бағалап, болашағы зор асыл тұқымды ат екендігін болжапты. Бұл жорғаның табыннан бөлек жайылып, түгі қотанға кейде келіп, кейде жайылымда қалатын әдеті бар екен. Бірде ол үйірге мүлде қосылмай, ізім – қайым жоғалады. Екі жыл өткеннен кейін, шағымданушы би шалғай жердегі Әлімұлы руларынң жайлауындағы үлкен тойға қонақ болып бврған екен. Осы мерекеге орай өткізілген ат жарысында ол шабысына, артқы аяғын сілтейтін әдеті мен сыртқы жабу – түгіне қарап, бұрынғы жорғасын таниды. Бірақ жорғаның жаңа иесі жануарды қайтарудан бас тартады. Жауапкер шындықты жасырмастан, өз түсініктемесін береді: ол талапкер – бидің ауылынан алыс жерде табанынан ажырап, қасқырлардың талауына түскен жаралы атты табады. Оның сұлу мүсіні мен отты көзіне тәнті болып, бағып – қағады. Жылқы жазылған соң нағыз жорға екені білінеді. Жауапкер жануарға деген құқығын ежелгі қыпшақ – қазақтардың «Жұртта қалған жұрттікі» деген заңмен бекіте түседі. Табыннан тыс жайылатын жорғаның жоғалуына жануарын ұйір ішінде жүруге үйретпеген өзін айыпты. Және жорға өзге тайпаның жайлауынан, яғни жауапкердің руы жайланған өрістен табылған, сондықтан «Адасқан малдың түбі екі жыл» деген қағидад да аяқ астынан олжалы болған адамның құқын қорғап тұр. Осылайша жауапкер куә беру барысында «Жарғы заңдар жигағына сүйене отырып, жорғаны қожайынына қайтаруға міндетті емес екенін делелдеп бақты. Ал сот қазасы – Сырым би қазақтың «Жарғысын» тереңірек білгендіктен, «Тапқан қуанады, таныған алады» немесе «Тапқан ие, таныған – иесі» деген құқықтық нормаларды келтіре отырып, ұзын – сонар сөзін айтады. Бұл нормалардың күші қалған қағидаларға қарағанда басым еді, бірақ даулы жақтардың жауапкершілік деңгейі жеке – жеке қаралатын. Сырым би де осыны ескере отырып, балама шешім қабылдайды.
а) жауапкер жорғаны бұрынғы иесіне қайтаруы тиіс, ал талапкер екі жыл бойы әлгі атты емдеп, баптап, бәйгеге қосқаны үшін материалдық шығынын және жылқыға бауыр басып қалған жауапкердің жан күйзелісі үшін моральдік өтемақысын төлеуге міндетті;
ә) өтемақының көлемі бір жыл ішінде екі рет өтетін ат жарыстарда берілетін төрт бәйгелік жүлдені, яғни жиырма құнанның құнын құрауы қажет (бір бәйгелік жүлде – бес жылқының құны). Бидің пайымына сай, егер дорға аман болса, екі жылда төрт жүлдені қанжыға ға байлар ед;
б) немесе жорға жауапкерде қалып, ол бұрынгы қожайынына екі жүлдені – он құнанның құнын төлеу тиіс [2, 500 б.]
Жорғаның бұрынғы иесі кейінгі кезде кедейлік күнін кешкендіктен және жануарды баптап, бәйгеге қайта қосу үшін тағы да ұ\уақыт өткізіп, шығындалатынын ойлап, би қазы айтқан талапқа сай тұлпарды жауапкерге қалдыруды ұйғарады. Оның бұл шешіміне жиналған қауым куә болды. Ал Сырым бидің төрелігін халық әділ әрі дөп кесім ретінде қабылдайды.
«Таңбалы ат тұяғынан» халық арасында бұл соттық кесімді әр түрлі билердің меншігіне жатқызады, алайда барлығының мағынасы бір. Би алдына тұлпарға таласқан екі адам келеді. Бір нұсқаға сәйкес, атағы жаңа шыға бастаған биді көре алмағандар, оны халық алдында сүріндіру үшін қасақана дауласқан. Ал келесі нұсқаға сай, керісінше дауласушылар бидің тілектестері болғандықтан, оны жаттықтырып, тәжірибесін шыңдау мақсатымен алдына жорта барады. Жұрттың айтуынша, би – қазы шағымданушылардыңшикілігін іштей сезсе де, өзінің білімі мен дау – дамайды шешу қабілетін көрсетуге бел буады. Он жануарды танудың үш кезеңін өткізеді. Атты өзі тектес бірнеше жылқының қасына қойып, дауласушылардан өз жүйрігін көрсетулерін сұрайды. Екуі де даулы атты нұсқайды. Ендігі кезекте би әлгі жануарлардың бәрін жабулап тастап, жанжалдасқан еркектерден атты аяғына қарап тануларын ұсынады. Бұл жолығы сынақтан да олар сүрінбейді. Ақыры би таласушылардың қасына жақындап, өз жануарының жүгенінен ұстауларын сұрайды. Осы әрекеттердің бәрін жігіт бақылап тұрған би – қазы еркектердің бірі аттың нағыз қожайыны екендігін жария етіп, ал жалған сөйлеген екінші даугерге теріс пиғылы үшін айыппұл салады. Мұндай шешімге би мынандай қисынмен келген еді: алғашқы екі кезеңде ол даулы жануарды екі ер адамның біріне сәл серпіліс танытқанын байқайды, бірақ нақты шешім шығару үшін бұл жеткіліксіз еді. Үшіншіде, даулы жақтар жылқыға жақындап, жүгенін ұстаған шақта, ат иесін анық танып, жылы қабақпен бір тұяғынкөтере түмкен. Өзінің байқағыштық қабілетімен би дұрыс шешім қабылдаған еді [2, 355 б.].
Аты – жөні анық сақталмаған қазының осы ьір соттық оқиғасы (таңбалы ат тұяғынан» деген атаумен ел есінде қалды.
«Елін тапқан нар дауы». Әйтеке бидің төрелігі туралы бұл аңыз 1962 жылы Қызылорда облысында жазып алынған болатын. Әңгімеге сүйенсек, аталмыш сот ісі Әйтке бидің атағы асқақтап тұрған XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басы аралығында көрініс тапқан. Сырдария өзенінң алқабында асыл тұқымды аруана – нарларды өсіріп – өрбітетін әлдебіреу бір түйесін шалғайдағы Түркмения тұрғынына сатады. Араға екі жыл салып, әлгі жануар бір апталық жолды – сулы тосқауылы бар бес жүз шақырымдық жерді басып өтіп, бұрынғы қожайынына қайтып келеді. Бұл оралудың астарында талай қиямет – қайым жатыр еді. Қазақтың көшпелі малшылары осындай асыл тұқымды нарладың қасиет – киесін жақсы білетін. Әсіресе, бұл тұқымның аруаналары өздері туған қотан мен қожайындарына бауыр басатындары соншалық, бөтен жерге біразға дейін бейімделе алмай, кейде тіпті бұрынғы ауылдарын аңсап, қашып келеді екен, халықтың айтуынша, туған жерінде өлгенді қалайтын көрінеді. Бөтен елге сатылған әлгі аруана да осының кебін тартады: оның қасыретті күйін байқаған жаңа қожайыны алғашқы жылы – ақ буаз болған малын әрдайым күзеттіріп қояды. Бұл тұқымдас түйелер буаз кездерінде алысқа ұзамайтын және ботасына сондай үйір келетін. Бір түні туған қорасын аңсаған аруана біраз өсіп, қатайған ботасын ертіп, туған жеріне қарай қашып шығады. Соңдарынан қуғыншы келіп, ботаның мойнына құрық салғанда, ботақан қатты қышқыра бастайды, ал енесі салт атты қуғыншыны таптап, босап шыққан ботасын ертіп кете барады. Жолда оларды үлкен өзен күтіп тұрған еді. Алайда ботақан суға түскенімен дарияның терң жеріне келгенде, қорқыныштан жағаға қайта шығады. Аруана ботасының қасында оралғанда көмескі дыбыстардан қуғыншылар тобының жақындағанын сезіп, төлін өзенне жүзіп өтуге мәжбүрлемек болады, бірақ мұнысынан түк шықпағаннан соң, ботақанын бір теуіп құлатып, қуғыншылардың тұзағына түспесін деп деген оймен таптап өлтіреді, ал өзі арғы жағаға жүзіп өтіп, туған жеріне детеді. Бұл оқиға көршілес – қазақтар мен түркмендердің арасында қарым – қатнасты шиеленістіріп жібереді. Түркмендер қазақтардан аруананы қайтарыпберулерін және мерт болған қуғыншының құнын өтеп, ботаның да орнын толтыруларын талап етеді, себебі аталмыш қайғылы оқиғалар қазақ жерінде орын алған, оның үстіне мұның бәрі – Отанына оралуды аңсаған аруананың ісі , сондықтан «оның Отаны» жауапқа тартылуы тиіс. Қазақтар өз наразылығын білдіріп, түрікмендердің талаптарын орындаудан бас тартады. Бұл даудың өрши түскені соншалық, тіпті түрікмендер мен қазақтар арасында «соғыс» басталу қаупі туындайды. Әйтсе де, екі жақты қанағаттандыратын шешім табыла қоймады. Ақыр соңында олар Қазақстанның оңтүстік батысында ғана емес, басқа да көршілесаймақтарға атағы шыққан Әйтеке биді Төбе би қылып сайлайды [2, 381-382 бб.].
Әйтеке би даурыққан бұқараны басу үшін екі жақтың өкілдеріне, алдымен оладың мүддесін қорғаушы аға билерге, кейін аруананың бұрынғы және жаңа иелеріне, осоын жиналғандарға назар сала, мынандай сауалдарға жауап берулерін өтінед:
а) «Ұрлық жоқ, зорлық жоқ, қорлық жоқ жерде қандай айып түрлері болады?»; ә) «Еліне қайтқан ерге борышты? Жеріне сағағынышпен қайтқан нарға кім борышты?»; б) «Нар тәуекел» басында үлгі болып нардан қалды ма, адамнан қалды ма?»; в) «Ұрпағын жауға қимай өлімге қиса, кім жауапты?».
Әйтек би қалың бұқараның басын қосқан сот процесінің қатысушылары мен жалпы жиналған қауымға жасаған үдеуі арқылы даулы екі жақ арасындағы қатты кернеуші босатып қана қоймай, басты мақсатына да жеткен болатын: ол жиналғандардың өз отбасының жанын пидп ету арқылы туған жеріне ораған жануарға деген аяушылық сезімін тудырып, жандарына түседі. Бұқараның түсінік пайымы мен дауласушы жақтардың жауап, сөздерін мұқият тыңдасымен, Әйтеке би екі жақтың аға билерінің қолдауымен өз төрелігін ортаға салады: а) аруананың алғашқы қожайыны түйені өзіне қалдырып, түрікмен жағына ақшасын қайтарады; ә) ботасын жоғалтқан аруананың жаралы қанын емдеп, жүдеу түрін бұрынғы қалпына қайта келтіру шараларына жұмсалатын шығынның орнын толтыруға түрікмендерге төленетін ақының жартысы алынады; б)құлазыған даладағы қуғыншы өлімі мен асыл тұқымды анасыныңаяғында мерт болған ботаның зауалы – тағдырдың жазғаны. Әйтеке би өз шешімін мына мазмұндас сөздермен бекіткен екен: аруана өзі аңсағандай өмір сүруге лайық және ол өзінің осы бір жанкештілігімен туысқан халықтардың жанын жақындата түсті. Бидің осындай кесімі ұзаққа созылған дау – дамайға нүкте қойды [2, 439 б.].
«Құланнан туған бесті жүйрік ат дауы». Бұл оқиғаның мазмұны мынандай: Жылқы үйірінің айғыры табанынан бір байталды бөліп, айдаладаға қалдырып кетеді. Дала кезіп жүрген әлгі байтал жабайы жылқы – құландар табынына қосылып, келер жылы құлындайды. Дәулетті адамның малын бағып жүрген бір жылқышы далада еркін күн кешкен құнандардың арасындағы құлынды биені байқап қалады. Жылқышы мен оның табынынан үріккен құландар қаша жөнеледі, олармен бірге әлгі бие де кете барады, ал қатты шабысқа қатайып үлгермеген құлыны соңдарынан қалып қояды. Табыншы әкелген құлыншақты бай қожайын дәстүрлі түрде бір биеге теліп жібереді. Сөйтіп, есейген құлын бесті болған шағында талай ат жарыстың бас бәйгесін қанжығаға байлатады. Осындай жарыстардың бірінде тұлпардың иесіне бір адам келіп былай дейді. «Мынау менің жылқымнан шыққан ат. Мұның менікі екендігін сүйегінен таныдым. Атты қайдан алдың?» Жүйріктің қожайыны «Өз жылқымның баласы. Өз биемнен туған. Ел біледі», - деп жауап береді. Екі жақта егесіп, өз дегендерінен қайтпай, бестіге таласып отырып алады. Іс насырға шаба бастағандықтан, дауласушылар әділдік іздеп, сол аймақта атағы жайылған Ақтайлақ бидің (1742-1838) алдына барады. Екі жақтың айтқандарын тыңдаған би, дәлел айғақтары бір – бірінен асып түспегендіктен, «мамыр айында қой қодағанда келіңдер, сонда өз кесімімді айтамын» деп әлгілерді шығарып салады. Көктемде екі жақ Ақтайлақ бидің ауылында қайта бас қосады. Енелерін күткен жүздген қозы қорада қамалып тұрған еді. Қошақанын емізу үшін өрістен қайтып келе жатқан қойлардың бәрін нұсқап, Ақтайлақ би бестіні даулаған адамға былай дейді: «Қамауда тұрған төлдердің ішінен мына қойдың қошақанын тауып алып енесіне әкеліп қос». Талапкер қойдың өзіне тән ерекшеліктері мен белгілерін жіті бағалап болған соң, қошақандарды сұрыптауға кіріседі, сосын көп қозының ішінен біреуін таңдап алып, қойдың қасына әкеледі. Сөйткенше болған жоқ жаңағы қой өз төлін танып, иіскелеп, емізе бастайды сол мезетте Ақтайлақ би істі талапкердің пайдасына шешіп, мынадай төрелік айтады: «Бұл ат иесі енесінен қалған жас құлынды биесіне теліп, өлтірмей мал қылып асырап, қазір міне бәйге ат болды. Мұның еңбегі зор. Сондықтан асыл аттың басын жеті бестіге кесем. Аттың иесі – сен, аттың жарым бағасын төле де атыңды ал, болмаса атты иеленіп жүрген кісіден жиырма басын ал да, сонымен бітісңдер». Жиналғандар Ақтайлақ бидің шешімін толығымен қолдап, әділдік орнағанын айтысты [2, 341-342 бб.].
«Бала дауы». Билер сотындақаралған кейбір дау – жанжалдардың күрмеуі тым уүрделі болғандықтан, қарапайым, дәстүрлі – процесуалдық әдістермен түбіне жету қиын тіпті мүмкін емес еді. Мұндай кездерде, жағдайға қарай, дауласушы жақтарға психологиялық ықпал жасау әдісін пайдаланған. Халықтың тарихи жадында әйгілі Қазыбек бидің (1667-1763) атымен байланысты бір оқиға сақталып қалған. Сот ісін гебер жүргізу өнерімен атағы шыққан қазыбек биге бір балаға таласқан екі әйел жүгінеді. Олардың бірі бұрын сәбиін жоғалтып алып, енді мына әйелдің үйінен тапқанын, бірақ баласын қайтара алмай жүргенін жеткізеді. Екінші әйел бұл баланы өзі туғанын айтумен болады. Екі жақтың да не куәгері, не айнымас айғағы жоқ. Біраз толғанған Қазыбек би баланы екі әйелдің ортасына қойып, қолдарын ұстатқан соң, өткір дауыспен: - Егер сіздер өз еріктеріңізбен баланың нағыз анасының кім екендігінмойындамасаңыздар, мен баланы екіге бөліп тастаймын. Сонда екеуінің де баланы мәңгілік бейнесіне ие болып, ауылдарыңның қасында көміліп жатқан бала бейітіне барып тұрасыңдар, - деп, қылышын қынабынан суырып алады. Осы мезеттебаланы жоғалттым деген әйел жан ұшыра айқайлап, жылап жібереді: - Ойбай, би, баланы жармаңыз, мен одан одан бас тартамын, әйтеуір қайда жүрсе де, аман болсын, - деп баланы өз денесімен қалқалап , бидің сесерінен қорғамақшы болады. Ал екінші әйел: - Ең болмағанда баланың жартысы менікі болсын, - деп қарап тұрады. Қазыбек би аяғының астында жалынып тұрған әйелді тұрғызып, өз орнына барады да, кесімін жария етеді: - Ешқандай ана өзінің туған баласын өлімге қимайды. Сондықтан мына бала «тірі жүрсін, жармаңдар» деп зпр жылаған әйелдікі екені сөзсіз [73, 105 б.].
Бидің бұл дана шешімі туралы әңгіме күллі қазақ даласын шарлап кетеді.
«Ұрғашы түлкі дауы». Әйтеке бидің (1681-1766) алдына түлкіге таласқан екі егде аңшы келеді. «Балам, біздің дауымызды шешіп берші. Мен мына түлкінің терісін иалмақ оймен, жаздың басынан бері жүннің жылтырап өскенін күтіп, інін аңдып жүр едім. Тернің тамаша қалыпқа енуі үшін бір айдай уақыт қажет. Алайда мына адам әлгі аңды інінен жырақ жүрген кезінде атып алыпты», - дейді алғаш сөйлеген даугер. Ал екіншісі: «Мен оның ізіне түсіп, дала кезіп жүрген жерінен атып алдым, сондықтан түлкі менікі», - деп ақталады. Осы жерде аздаған ақпарат бере кетейік Әйтеке ьи XVII-XVIII ғасырларды өмір сүрген ең атақты және данышпан би – қазылардың алғашқы үштігіне кірген. Төле би мен Қазыбек би сияқты ол да халық жадында терең сақталуда, сонымен қатар өткен ғасырлардағы саяхатшылар, шығыстанушылар мен ұлттық қайраткерлердің жазбаларында Әйтеке би жайлы құнды деректер мен әңгімелер, сондай-ақ бірегей соттық төреліктері туралы мағлұматтар жиі кездеседі. Түлкіге қатысты осы оқиғада да оның табиғи көрегендігі айқын байқалады. Ол мәселенің мәніне терең үңіліп, бүге-шүгесіне көз жеткізген соң, түлкінің өлігін қарап шығып, өз кесімін айтады: - Егер түлкі еркек жынысты болса, атып алған аңшының олжасы болар еді, себебі еркек аң қаңғыма өмірді қалайды. Бірақ түлкі ұрғашы болғандықтан, олжа інді аңдып жүрген адамға тиесілі, себебі ұрғашы аң алысқа ұзамай, інін күзетумен болады [2, 80-81 б.]
Бидің қисынды шешіміне ел ғана емес, аңшылардың өзі тәнті болып, ризашылығын білдіріпті.
Билер өз заманында даналық пен көргенділіктің символы деп айтсақ, кем айтпаған болар едік. Билер тек сот процестері ғана емес ақыл-ой, білім, парсат, психолгияны жетік меңгерген мамндар деуге де болады. Билер сотының басқа соттардан ерекшелігі, билер сотты бір ізге салынған процеспен емес, әр іске жеке және терң қарайтын болған. Осы фактор билер сотының басым әрі ұтымды тұсы болған.


3.2 Билер соты


Би – көшпелі қазақ қоғамындағы сот ісінің басты тұлғасы. Тіпті істі басқа жолмен шешу қисындырақ болса да, халық бәрібір билерге, билердің кесіміне жүгінуді жөн санаған. Бұқара санасында тарих пен жұрттың жадына терең бойлаған соттық істер мен дала заңының тасымалшысы және сақшысы ретінде қалыптасқан би – қазылар дауласушы жақтардың дәнекершісі болып есептелінетін болған. XIXғасырда Қазақстанды отарлаған орыс әкімшіліктері органдарында қызмет етіп, көне көз билер қауымының соңғы тұяқтарынкөріп-білген орыс шенеуніктерінің мынандай сөздері сақталған: «Мінсіз адалдығымен көзге түсіп, өзінің табиғи даналығын салт-дәстүрлердегі терең таныммен ұштастыра білген ілуде бір ғана халық санасындағы би лауазымына ие болған. Би – халық шежірешісі, заңгері немесе заң маманы» (Козлов И.). Қазақтардың тұрмыс салтын біліп қана қоймай, тілін де жетік меңгерген А. Леонтьев қазақтардың қарапайым құқықтарына арналған кітабында би – қазылар қызметінің мәнін анықтайтын бірқатар нұсқау-нормаларына тоқталған: «Бидің билігі – жұрттың бірлігі» - «Судебное решение бия служит единению народа»; «Билік айтқан би емес, бітім тапқан би болар» - «творящий только суд не является бием, а бием – судьей является тот, который приводит к примерению и перемерию сторон». «Көп жылдар бұрын «много лет тому назад», - деп жазды Крафт И. – Ұлы даладағы бір бидің даналығы және әділдігімен атағы шығыпты. Оған тіпті шалғайдағы дауласушылар да арнайы келіп, әрқашан әділ жедел шешім алған... Ең ақылды және ең әділ адамдарби болып есептелінетін, олар ресми түрде сайланбағандықтан, жеке бір рудың немесе партияның өкілі емес-тін. Халық арасында кімнің адал және ақылды адам ретінде атағы шықса, дауласушылар соның алдына барып, жүгінетін. Күллі далада үш, көп болса бес би болған шығар және олар әрбір істі ары мен халық дәстүріне сүйеніп қарастырған» [51, 41 б.]
Қазақтарда құрметті би атағы халық тарапынанан қандайда сайлау жолмен немесе халықты билеп отырған өкіметтің бекітіуімен емес, тек сот рәсімін терең білетін, оған қоса шешендік өнерін меңгерген қазаққа ғана берілген. Би атану үшін қазақ халық алдында әлденеше шешендік сайысқа түсіп, өзінің заң-жораны білетіндігін, шешендігін танытатын болған. Мұндай адамдардың есімі желдей есіп, әлейім жұртқа таралып, біріне емес, бәріне де танылған. Сөйтіп би атағы сот пен адвокаттық істегі патентке айналды да, бидің балалары заңнан тәлімі болғандықтан, әке орнына мұрагер болып қала бердәі.
Қазақ халқындағы мұндай мұрагерлік жайында көптеген мысал келтіруге болады. Орта жүздің қаракесек руында ХVII қасырдың ақырында Қазыбек деген атақты би болды, олардың тұқымы осы күнге дейін билікке ие болып отыр: Қазыбек-Бекболат-Тіленші-Алшынбай.
Бұған қарап, қазақтарда би атағы мұрагерлік жолмен берілді деп те ойлауға болмайды. Шорман би қаржас руынан шыққан атақта, әрі бай қазақтың баласы, бидің баласы емес. Ата-бабасында би болмаған Шорман он үш жасында жиын топта топ жарып, дау шешедіде, өле-өлгенше бала би атанып кетті. Әкесі атақты би болсада, ло атаққа балалрының қолы жетпеген талай қазақты білеміз.
Рулық әдет-ғұрыптың заңына байланысты бір рудың адамдары бір отбасының мүшелері сияқты болған да, өз руласы өзге рудың адамдарымен дау шешкенде, билік сұрағанда ол процесте билік жүргізбей, руласына адвокаттық міндет қана атқарған. Қазақтың туыстық қатысы жеті атасынан әрі, тайпалық тармақтарына да тараған. Мәселен, орта жүз: арғын, қыпшақ, қоңырат, найман, уақ, керей болып алты арыс ел аталады, олар өзара бауырлас саналады, сондықтан қоңырат тайпасынынң талапкері арғын тайпасының жауапкерінің процесінде облыстың 15 болысын ғана қамтитын бағаналы, қыпшақ, уақ, керейлердің биінен өзге, яғни Сібір қазағы облысының барлық биін рулас, солардың сөзін сөйлейді деп, сот биігінен шығаруға толық құқы болды. Қазақтың рулық әдет-ғұрпының бұл ерекшелігі – қазақ даласындағы би атаулының, іске қатысы жоғының қайсысын қалаймын десе де толық құқы бар екеніне негіз болды.
Орта Азиядағы ең күшті билеушілердің бірі Барақ сұлтан 1748 жылы Кіші орданың ханы Әбілқайырды өлтіріп, бүкіл қазақ халқынан төрт би жинап, өзіне сот құрады. Оның құрамында Ұлы жүзден Төле би, Кіші жүзден Әйтеке би болды [51, 48 б.]
Көшпелі тіршілік, қонысты жиі өзгертудің салдарынан сол жолда ру мен рудың қақтығысуына себептер табылды, бір жерден екінші жерге жиі қоныс аударуға, бір ру мен екіншісінің жиі қақтығысуына ықпал тигізген көшпенді тіршілік, қазақтың қонақшылығы мен қыдырымпаздық, кезбелік әдеті, билердің дамылсыз съездері және де атақты бидің төрелігіне ұсынуға бұрын да, қазір де мүмкіндік туғызып келеді. Тегінде қазақтар жолаушы билерге жиі қатысатын, соның салдарынан артық-ауысы, жанжалы мол көрші тайпаның биінен гөрі, бейтаныс биге жүгінуді жөн көрді.
Сот ісіндегі орныққан жоралғы бойынша қаралатын іс, жаңа көрген қуғындаушы адамның жеке ісі болғандықтан, айыты адамның би ақысы немесе бидің билігі алынып, биге тарту етіледі.
Биге практикант, ал сотқа жеке іс деп қараудың себебі, қазақ билері істі қабылдап, оны тексеруге кіріскенде, өз бетінше емес, жоқшы адамның өтінішімен немесе әкімшілік өкіметтің хабарлауымен ғана жүзеге асырылады. Сол себептен де өз шешімдерінің жүзеге асырлуынақатыса алмаған.
Би мен сотқа деген мұндай еркіндік көзқарас арызану құқына шек қоя алмады, сондықтан қазақтар қалай арызданамын десе де құқылы болды.
Би сотының ең бір тамаша ерекшелігінің құрамына, әрине, мына әдет де жатады: егер айыпты адамға тікелей айғақ табылмай, бірақ оның кінәлі екеніне күдік басым болса, онда билер айыпты адамның адал туыстарын төрелікке тартып, яғни оларға айыпкерді ант беріп ақтап алуға немесе айыптауына мүмкіндік берген. Бұл «ант берушілердің» саны және оларды тыңдаушылар дәрежесі құралған істің маңыздылығына байланысты болды. Сонымен ант берушілер айыпталушының жақын руласынан, ал кейде сол болыстын немесе бүкіл округтен алынған.
Билер соты ауызша, халық алдында жария жүргізілді, барлық жағдайда да адвокатура араласты. Оның халықтың құрметіне бөленгені соншалық, оған ешқандай да тәртіпке шақыру шарасы бұрын да қазірге дейін де қолданылып көрген емес.
Округтік приказ орнағанға дейін қазақтың Орта ордасынң (орта жүз) қоныстарында қырдағы билер соты осындай болды [51, 48 б.].
Біздің облыстағы қазақтарды қазірге дейін жүргізіліп отырған билер сотын мұқият қарап, аса зер салсақта, біз жоғарыда көрсеткен ежелгі халық сотының үлгісіне қосыоған ешқандай жаңалық, өзгеріс таба алмадық. Орыстың қырық жылдық ықпалында қарамастан жүз жыл бұрынғы, бәлкім бізге дейінгі мың жыл бұрынғы қалпын сақтап қалған. Сонда халықтың ішкі даму күші де, орыс мекемелері мен заңдары да оның ежелгі, қарапайым үлгісін өзгерте алмады. Бұл тараптан орыс үкіметі оған қарапайым да ресми ұйымдық жасап беруді ойластырып та көрді. Осы мақсатпен 1854 жылы жаңа заң шығарылды. Онда былай делінеді «1854 жылы 19 мамырға дейін би аталғандардың атағы өздеріне қалдырылсын: бұдан былайғы жерде бұл орынға сұлтандар және 6 жылға дейін ауыо старшыны міндетін атқарып, жақсы қызмет көрсеткен немесе патша ағзамға қызметімен көзге түсіп наградталған қауым сайлап, округтік приказ бекіткен адамдарға ғана тағайындалады». («Бұратана халықтарды басқару мекемесі», 2-том, 2-бөлім, 92-бап). Чиновниктік мән беріп, бидің дәрежесін арттыру мақсатымен жасалған бұл сәтсіз заңның салдарынан бидің тізгіні халықтың әдет-ғұрпынан төрелік заңнан бейхабар, менмен, тоғышар байлардың қолында кетер еді. Бақытқа орай бұл заң қазақтың халық сотына ықпал ете алмады. Өйткені 19 мамырға дейін би болғандар өз істерін толық бұрынғыдан үлгеріп отыр, сондықтан қазақтар әділ сотқа жүгінуде. Сонымен қазақ даласында ежелгі билердің соты баяғы қалпында, яғни қазақтар орыстың қол астына қарағанға дейінгі қалпында жүргізіліп келді.
Егер қырық жыл қазақ халқының қоғамдық өміріне мүлдеп жаңа құбылыстар енгізген орыс билігі қазақтың ежелгі сот билігіне ешқандай ықпал жасай алмаса, егер сот орыс заңының үйлесімсіз жағдайына (мәселен, 1854 жылғы заң) қарсы тұра білсе, онда бұл қазақ халқының бігінгі даму кезеңіне де сай екені даусыз.
Билер сотының қанағаттандыратынын ресми деректкр айқын дәләлдей алады, атап айтқанда: қырғыз тарапынан орыс заңы бойынша билер қарайтын істерге мүлдем өтініш жоқ та, ал билердің істеріне аздаған ғана шағым түседі.
Округтік приказ ісіндегі мәліметтерге қарағанда Қарқаралы, Көкшетау, Баянауыл округтерінде соңғы үш жылда бидің әдәлетсіз шешіміне және орыс заңы бойынша шешімнің қаулысына өтініш, шағым мүлдем түскен жоқ. Бұл округтерде іс те аз қаралмады, мәселен, Қарқаралы округінде ғана билер соты 1860 жылы – 72, 1861 жылы – 77, 1862 жылы – 22 іс қарады, ал Атбасар приказында 1861 жылы орыс сотының шешіміне байланысты бір ғана шағым түсті, оны жазған қазақ емес, казак еді. Соңғы үш жылдың барысында бидің шешіміне түскен наразылықты орыс, татар, ташкенттіктер және өзге халықтармен шекаралас Ақмола округінен көбірек байқап отырмыз. 1860 жылы Ақмола приказына екі шағым, оның бірі орыс сотының өтінішімен жөнелтілген, ал 1863 жылы – 3, 1862жылы – 4 шағым түсті. Ақмола приказына осы мәселе бойынша келтірілген деректе шағым жасаған адамның тегі, тайпасы көрсетілмеген. Шағым иесі қазақ емес деп ұққан жөн болар. Шынтуайтында, қазақтар орыс сотын қалайтыны жөнінде біршама істерді білеміз, бірақ орыс сотына шағым жолдап отырған бұл ордалықтар халықтың қарғысына ұшыраған, адамгершіліктен жұрдай болған, «халық сотында сәті болмаған», ісін орыс чиновниктері арқылы заңсыз жолмен бітіруге үміттенгендер еді. Сондықтан олар не жоғалтсын! Құсмұрынның белгілі барымташысы Қоржық, Көкшетау округімен өз қазақтарынң көптеген шағымымен, Атбасардың гауптвағында отырған Баубек осындай жолға барды. Бір кезде Кенесарының сыбайласы болған бұл айуанға билер соты бірнеше жылқы төлесін деп үкім шығарғанымен, ол төлеуден үзілді-кесілді бас тартты.Гаупвахтыға отырғызылғаннан кейін орыс сотына шағынды [51, 49 б.].
Билер сотының пайдасына тағы бір тайға таңба басқандай айқын дерек келтірейік. Орыс талапкері немесе жауапкері көптеген жағдайда орыстың тергеу орнынан гөрі бидің сотын артық көрді. Нақтылы дерек бойынша, биылғы жазда Көкшетауда осындай ондаған іс қаралды.
Енді Сібір ведомствасына қарасты қазақ даласының сот реформасы мәселенің ең басты міндетіне, атап айтқанда: қазақ сотының басты элементтерін орыс губерниясына жобаланған, мировой соттың негізгі ережесімен салыстыруға көшейік. Жалпы алып қарағанда; әр түрлі сипаттағы мекеме, бұл екеуінің арасында үлкен ұқсастық, идеясында екеуіне тән құбылыс мол болып көрінгенімен, әрбір тармағын жеке алып талдасақ, тек айырмашылықтарын ғана байқаймыз. Мәселен, ұқсастық дегеніміз істің ауызша, жазбаша, әрі жария қаралуы, бірақ ұңіле қарған адамға мұнда айырмашылқ бар: мировой сот өзінің шешімін қағазға түсіреді, ал билер сот ыәрқашан олай жасамайды; мировой сот азаматтық істі ғана жария жүргіщеді, ал билер соты өз әкімшілігіне қарасты істің бәрін жария жүргізеді (бұл егжей-тегжейді біз заңның баптарымен бірге комитеттің жобасынан алып пайдаланып отырамыз).
Айрмасы мынандай:
а)Сот құрылымы
1. Бидің санына шек қойылмайды. Әрбір округте мировой судья бірнещеу болу керек.
2. Биді ресми түрде ешкім сайламайды да, ресми түрде ешкім бекітпейді де. Европадағы ақындар, ғалымдар, адвокаттар сияқты билердің маңызы жеке беделге негізделген. Шекспир мен Гетені әлейім халқұлы ақын санайды, бірақ олардың ұлылығы туралы пікір үкіметтің декретімен немесе халықтың сайлауына сәйкес негізделмеген. Ал мировой судьяның сайлауында арнаулы тәртіп, нарық бар.
3. Халық қалағанда ғана би билік жүргізе алады. Оның Renomms жүріп тұрғанда ғана оған жүгіне алады, бедел жойылғанда билік те дәрежеден айырылады. Ал мировой судья үш жылға сайланады да, қызмет атқарған мерзімінде тұрақты правосы, міндеті болады.
4. Би қазынадан да, халықтан да ешқандай пұл алмайды, бірақ «биден би ақы» алады, ал мировой судьяға земствоның алым-салығынан белгілі мөлшерде оның тірлігіне, әрі кеңсе шығынына қаражат бөлінеді.
5. Билердің съезі мезгілсіз, кездейсоқ шақырылады, ал мировой судьялардың съезіне белгілі мерзім тағайындалады.
Мировой судья істі жалғыз шеше береді, ал билер соты шағым иесі бір рудың адамы болса, әрі өздері бір үйдің билігін қаласа ғана жалғызжүргізеді [51,54 б.].
б) Сот жүргізу
1. Мировой судья мынандай істі қарайды: қылмысты іс бойынша – қылмыс ісін жүргізудің 19-бабында көрсетілген және азаматтық іс бойынша 500 сомға дейінгі ізденіске (Азаматтық сот ісін жүргізудің 1-бабы) жататын ұсақ-түйек күнә мен жазалық істер. Ал билер 1167-бап., XV т., қылмыс заңының 2-кітабы, осы томның 183-бабына қосымша, Улож. 1-кітап, § 1, 2-тармақ және осы тармақтың екінші тіркемесіне қосымшадан өзге барлық қылмыс пен айыптық істер және қырғыздардың (қазақтардың) өз арасындағы, әрі олардың биге қарайтын жоқтаушылардың ісіне (1177-бап., XV т., Қылмыс заңынынң 2-кітабы және 1133, 1134-бап, Х т.,11 бөлім Азаматтық сот ісін жүргізу) байланысты барлық азаматтық істерді қарайды.
2. Билер жеке адамдардың шағымы және полицияның, басқа өкімет орындарының мәлімдеуі бойынша іс қарауға кірісті, ал мировой судьялар болса, бұл жағдай өзге де қылмыскер мен заң бұзғандар, күнәлілер және өзінің қалауымен күдікті (Қылымс сот ісін жүргізу, 24- бап, 3-тармақ) адамдарға алдын ала іс қозғаған.
3. Билер істі өз әдет-ғұрпымен, заңмен ана тілінде тергеп, үкім шығарады, ал мировой судья болса істі жергілікті тіл ерекшелігімен жүргізіп, ұжданмен немесе империяның жалпы заңның (Қылмыстық сот жүргізу, 28-бап) негізінде жүргізеді.
4. Бидің шешіміне әрқашан да шағым жасауға болады, ал мировой судьяның шешімі белгілі жағдайда ақтық шешім, шағым жасауға жатпайды (Қылмыс заңының 30-бабы, Азаматтық сот ісін жүргізу, 3-бап).
5. Би барлық істі жария жүргізеді, мировой судья болса азаматтық істерді ғана жария жүргізеді. (Азаматтық сот ісін жүргізу, 5-бап).
6. Билер соты қараған барлық іске адвокатура қатыстырылады. Ал мировой соттың іс қарауында адвокат тек азаматтық іске ғана қатыстырылады (Азаматтық сот ісін жүргізу, 5-бап).
7. Мировой судья өз шешімін сол іске белгіленген кітапшаға тіркейді, ал би сотында мұндай кітапша жоқ.
8. Бидің шешімін сұлтандар, старшындар, болыстар жүзеге асырады, мировой судьяның ақтық ұйғарымын мировой судьяның өзі орындайды.
9. билер сотында шешімге «ант берушіні» қатыстыратын жағдай болады, мұны ағылшындар факт туралы мәселе деп қарайды, мировой сот ант берушіні қатыстырмай-ақ шешім қабылдайды [51, 55 б.].
Қазақтың билер сотымен мировой соттың іс жүргізуінің осы салыстырудан байқайтынымыз, адалдықтағы үлкен айырмашылықты былай қойғанда, мировой сотпен қазақтың билер сотының жалпы идеясында, практикалық мақсатында екеуіне де тән ұқсастық мол, бірақ мировой сотта ерен формалдық және бюрократтық белгілер басымдау. Біздің ойымызша, егер өсіп өнудің жоғарға сатысы мен төменгі сатысындағы үйлесімділікті, ұқсастықты ескерсек, мировой соттан билер сотының ең болғанда қазақ үшін кейбір айырмашылығы барына таңдануға болмайды. Дәріптеп жіберіпті деп айтудан жасқанғанымыз болмаса, артықшылығы басым дер едім [51, 55-58 бб.]
Жалпы алғанда, мировой сот пәк таза сот деп айтуға да және қалайда бұл қалпынан артықты күтуге де болмайды. Үлгілі еліміз Англияның өзіндед де, жаңа зерттеу деректеріне қарағанда, көптеген заңгерлер мен мемлекет адамдары ағылшынның мировой сот мекемелерінің бүгінгі жағдайына толық қанағаттанбайтын көрінеді. Блэкстон Гнейст және Шарль Конт өз шығармаларында британ мировой сотының кейбір шамадағы кемшіліктерін көрсетеді.
Біздің пікірімізше, билер сотының басты артықшылығы немқұрайылдық пен әр түрлі ресми кертартпалықтың жоқтығы. Бидің мәні беделге негізделген және бұл атақ сот практикасына деген патент тәрізді. Қазақтар соттың төрелікке ие болған бидің кез келгеніне жүгінуге ерікті, бұл жағынан қарағанда бізде сырқат адамның медецинаның беделдісіне қаралуға, ал айыпкердің белшілі адвокатқа сүйенгісі келетіні сияқты. Ресми сайлау мұндай жағдайдаы қанағаттандыра алмайды, ал біздің қырда рулық әдет-ғұрып заңының ықпалымен өтетін сайлаулар бүгін де рулық тартыспен ғана шектеліп, бай қазақтардың даңққұмар, мәнсапқорлығын қанағаттандыруға, лай суда балықты жақсы орыс чиновниктерінің дәулетін арттыруға қызмет етіп отыр [51, 56 б].
Егер қазақ өз құлқының, қарабасының қамын ойлаған чиновниктермен, малдыбайлардың ырқымен би тағайындауды сайлау арқылы жүргізсе, онда сот әділеттілігі деген кім көрінгеннің қолжаулығы болып, қазір де етек алып отырғандай, ақшамен пұлдап, әр түрлі жылпостық жолмен, біздің сот тәртібімен, юстициялық құқықтың жөн-жосығвн бейхабар малды байлардың, атақты саудагерлердің қолына көшіп кетеді. Ынтық жұрт би атандырған адамдардың ішінен қалауынша сот таңдау-сайлау міндетін толық алмастырды, әуелі дауыспен сайланған соттан гөрі нысанасына дөп түседі. Енді бізде өзінің ықыласты мамандықтармен айналысады, әрі өзінің билігін сақтап қалуға тырысудың да себебі бар. Сайланған чиновник болғаннан кейін жұрттың бәрінен пара алып, өзі де бәріне пара беретін біздің болыстардың оның айырмашылығы болмайды.
Қазіргі жағдайда арман пиғылды соттар ешбір дау-жанжалға ұрынбауы мүмкін, оған ешкім жүгінбесе – сонымен іс бітеді. Ал егер сондай арам пиғылды судья ресми түрде белгілі мерзімге сайланса, қазақтар одан сайлауға дейінгі көкесін таниды. Ақыры судья ауқатты адам болса, халықты оның әділетсіздігінен сайлаудада құтқара алмайды.
Билер сотының артықшылығы, ол істі некен-саяқ болмаса, жалғыз шешпейді; оған қатысатын адамға шек қойылмайды, ал тіпті кейде олар ақтаушы да болып көрінеді, және бидің шешіміне шағым жасауға да мүмкіндігі бар. Бұл тараптан қарғанда мировой судьяларға улкен билік берілген, әрі көп жағдайда да судья ешбір кепілдіксіз, бір ғана ардың заңын басшылыққа алып, шешім қабылдайды.
Қазақтар билер сотының түбегейлі ұтымды болатыны жалпы жобаның басқа баптары, әсіресе мировой сот ісін жүргізудің басты баптары көшренділердің тұрмыс салтына үйлеспейді. Мәселен, қазақты орыс заңымен соттауға болмайды. Оның себебі мынада: біріншіден, өзге тайпалық құрамдағы, өскен ортасы, тіршілігі бөлек қазақтардың қымыспен жат қылыққа көзқарасына, түсінігіне орыстармен, өзге европалықтармен қатар қаруға болмайды; ақыры қазақтар тергеу кезінде орыспен қатар заңды білмейтіндігінен бас тарта алмағандығымен, олар орыс заңдарын білмейді, біле де алмайды. Орысша бір ауыз сөз түсінбейтінқазақ орыс заңын білмеймін деп, аузын аша алмайды! (бұл талаптың қисынсыз, көзсоқырлық екені айқын). Бұл әрине, китаизм, яғни жаратушы иенің тұрғызған асыл мұрасы. Сонда біздің үкіметіміз өз қол астындағы пенделерінен орындауға болатын іс сияқты қисынсз істі талап етіп отырған болып шығады.
Өзіне етене таныс, сонымен тәрбиеленіп, өсіп-өнген заң ғана халық үшін жайлы болмақ. Бұл заң қаншалық олпы-солпы болғанымен, сырттан тіленген немесе жоғпрыдан ұсынылған заңнан гөрі оған етене жақын, тісінікті де айқын екеін ешқандай да күмән жоқ. Тегінде, біз әдетте жиі жүгінетін дамудың жоғарғы сатысының төиенгі сатысымен үйлесімделігін ескергенде, шығарылғанзаңдарға, мысалы, «мұсылман, қытайжәне» орыстың Русскя правдасы заңына қарағанда, қазақтың әдетті құқығының адамгершілік жағы басымдау. Қазақ заңында европалық жаңа кодексте сіресіп тұрған ескертетін, сескендіретін шаралар жоқ. Қазақта тән жазасы ешқандай болған емес. Ру заңы бойынша, туыстардың бірінің ісіне бірі жауап беретін руластық жағдайы ру қатынасында іс жүзінде көп пайда келтіріп отыр.
Өз ұйғарымымен іс бастау қазақ биіне қолайсыздық туғызады. Мұндай құқық қазақ биін сотқа, полицей тыңшысына айналдырып, олар «би ақыны» көбірек алу үшін жұрттың қытығына тигіш, тым міншіл қазымыр болса, ал би шешімін орындатуға қатысу белгілі жағдайда олардың қолына билік те береді. «Соның салдарынан ол адал жеке сот практикантынан полицейге айналып кетер еді». Осындай жалған жағдай да соттың негізгі мақсатына тікелей қайшы келеді.
Бұл келтірілген фактілер мен дәлелдерден мына жағдайды аңғаруға болады:
1. Орыс губернияларына арналып жобаланған мировой соттың бастамасы көптеген жағдайларда қазақ халқының тірлігіне үйлеспейді.
2. Қазақтағы рулық әдет-ғұрыпта, рулық қатыс үстемдік құрып отырған жағдайда, қазргі кезде қызмет көрсетіп отырған билер соты басынан кешкен өмірінде халықтың өзі өндірген өнім есепті, оның елінің ерекшелігінің ықпалымен өсіп-өрендеуінің жемісі есебінде халықтың өркендеуің толық қанағаттандыра алады.
3. Мировой сотпен салыстырғанда билер сотының ең болмағанда қазақ үшін кейбір айырмашылығы бар.
4. Сот реформасы мәселесімен пікір жинағанда, қазақ жұртының басым көпшілігі ежелгі билер сотына ешқандай өзгеріс немесе қосымша енгізбей қолдады [51, 56 б.].
Жоғарыда көрсетілген себептерді ескере отырып, халық өркендеуінің қандай сатысында тұрмасын оның қарапайым өсу жолына: өздігінен даму, өзін-өзі қорғай білу, өзін-өзі басқара білу қажеттілігін басшылыққа ала отырып, бұл бұлтартпайтын қорытындыға келді, яғни билер сотын белгілі мерзімге дейін, 1854 жылы заң шыққанға дейін қалпына қалдырып, бұл заңды немқұрайды қараудың төрешіл кеңесшіліктің идеясының ықпалынан формализммен тәртіп түрінде пайда болғандықтанжою керек . біздің заманымызда регламентация (тәртіп белгілеу) мен формализмге анохронизм ретінде, немесе қытайдың 10 мың салтанатты есебінде қарау керек. Формализм және бюрократизм себепші болды да, бұған дейін қандай да болмасын пайдалы қоғамдық іске қытай қорғаны сияқты тосқауыл жасап, халықтың жасампаз жігерінің талабымен – жиілеп, күн санап құлпырып, жаңа бет бұрыс алған еркін ағымды тоқтатты. Қандай да болмасын өзгерісті ұластырып, орын тептіріп, әрі сақтап қалу үшін біз қабылдағалыотырған реформа сол халықтың мүддесі, пайдасы үшін жасалып отырғандықтан, оның материалдық мұқтажына шақталуы, әрі сол қоғамның ұлттық мінез-құлқына сай келуі қажет. Бұл жағдайдан тыс жасалған өзгереістердің бәрі де зиянды,әрі жағымсызаномал құбылыс ретінде қауымды айықпас дертке шалдықтырып, тұралатып, мешеулетуі мүмкін.
Әрине біздің үкімет осы уақытқа дейін орыстың қылмыс заңымен сотталып, мемлекеттің арнайы бақылауына алынған қылмыс пен бұзақылық істерді соттың билігіне беруге келіспейді. «Сібір қазақтарының қылмысты ісі» дегенге (Қылмыс істерді қарайтын сот заңы, 1857 жылы басыоған, XVт., 2-бөлім, 1167-бабында) мыналар жатады: опасыздық, кісі өлтіру, тонау, барымта, өз руластарын үкіметке қарсы қою, өкімет билігіне ашықтан-ашық бой ұсынбау, мәнсаптылардың қызмет бабындағы қылмысы, мемлекеттік ресми құжаттарды әдйі теріс тәржімелеу және жалған шақа соғу, өрт салу, қаралатын іс бойынша жалған ант қабылдау Ресейдің жалпы заңдарының негізінде қылмысқа тартылады; ал сондай-ақ қазақтар қылмысты қылықтары көші-қонысында емес, қалада немесе елдімекенде жасаса, онда империяның жалпы заңының негізінде қылмысқа тартылады». Біздің ойымызша, кісі өлтіргенді, тонағанды, аюандық жасағандарды міндетті түрде орыс заңымен соттау керек. Бұл жағдайда адамның құнын жүз жылқыға, алты қымбат затқа да бағалайтын қазақ заңы мүлдем қанағаттандырғысыз. Бірақ барымтаға біраз жұмсақ қарап жеңілдік жасау керек болар. Біздің сотта барымта деген өз әрекетінен артық саналып, оған үлкен мәнберіліп, опасыздықпен кісі өлтіруден кейінгі ауыр қылмыс деп есептеген.
Сонымен қатар барымтаның мәні бір ғана аңыз бен ескілік ұғымға негізделген. Криминал фактіге емес, осы сөздің алапат дыбысын негізге алып отыр. Сонда, осы біздің криминалистика барымта деп нені айтады екен? Барымта мәселесі анықталмаған, сондықтан оған дұрыс түсінік алу да мүмкін емес. Облыстық басқарма бірнеше жылдан бері приказдан осы жұмбақты шешуді талап етіп келеді, бірақ одан да қайып болмады. Облыстық басқарманың стряпчиі Кондратович мырза барымтаны кісі өлтіріп, мал айдап кету деп түсіндірді. Әрине бұл түсінік бар болғаны тапқырлық жорамал-ақ болар. Біз барымтаны қазақтың өз ұғымымен түсіндіріп көрейік. Қазақта барымтаға кейде заң жүзінде рұқсат етілген. Ұрлыққа, тонауға, мал айдап кеткенге айып төленеді, ал барымтаға ештеме төленбейді. Барымта дегеніміз – қайтарылатын қалың мал, төленетін құн күші, құнкер адамның малын, немесе затын, жалпы өзгенің жеке меншгін тартып алу. Ертеде былай да болған-ды, күшті рулы қазақ өзінен әлсіз қазаққа кісі өлімі үшін, құн немесе тіл тигізіп қорлағаны үшін айып төлемеген, кісі өлтіріп құнкер бола тұра немесе кешірілмес қастық жасай отырып, сотқа шақырғанда келмегенде. Сонда ру мәжілісінің ұйғарымы бойынша, қорланған, зәбірленген адам барымта алуға аттанып, ауылын шауып, менменсіген әр көкіректі бас идіреді. Екі жақ келісімге келгеннен соң, ешқандай айыпсыз, барымталанған малының шырқы бұзылмай қайтарылады [51, 59 б.]
Барымта тападай тал түсте, қажет болған жағдайда күшпен немесе жасырын, түнделеп жасалады. Жасырын барымталанғанда үш күннен қалдырмай, егескен адамына мәлімдеп, не үшін жасалған себебін айту керек. Өйтпеген жағдайда барымтасы ұрлық саналады. Әдейі жариялап барымтаға шыққанда, қарсы жақ та дайындалып, айбат көрсетіп, жанжал төбелеске ұласып, кісі шығыны да болатын. Әрине мұның бәрі малды айдап әкету болғандаықтан, қылмысты іс деп айыпталмайтын.
Империялық сот енді барымтаны қылмыс деп қарағаны қазақтар арасында біраз дау дамай тудырды. Қазақтар тиісінеш империялық сотты емес билер сотын сақтап қалуға тырысты, алайда процес керісінше жүріп отырды. Алайда облыста сотқа жүгінгендер саны үш жыл ішінде 111-ді құрады. Қылмыстық істер үшін бұл өте аз еді. Соның ішінде шешімін тапқан істерердің саны 103 болды. Көп жағадайда тергеу кезінде тәркіленген малдары мен заттары иелеріне қайтарылмады. Осылайша империялық соттың қазақтар үшін тиімсіздігін көрсетті [51, 63 б.]
Ежелден келе жатқан билер соты өзгеріске ұшырап, ресей құқығы аясына енді. Бұл процес қазақтар үшін жағымды көрініс алды деп айта алу қиынға соқпақ. Себебі, әдет-ғұрыпты ресей құқығы алмастырды. Бұл қазақтарға жат болды, тіпті орысша білмейтін қазақтар түсіне де алмады. Билер сотын сақтап қалуға тырысқанымен, билерді сайлау жүйесі бұл құрылымға кері әсерін берді. Себебі, ендігі жерде әдет заңдарын білетін емес, мансапқор, даңқұмар байлар би болып сайлана бастады. Осындай процестер нәтижесінде билер институтының дәрежесі кеміп, жойылды.

ҚОРЫТЫНДЫ


Қорыта келгенде Ресей империясының отарлауынан кейінгі қазақ даласындағы әдет құқығының жай күйі жайында айтылды. Ең алдымен қазақ билер институтының бастаулары, ерте заманнан тіпті сонау сақ, ғұн дәуірінен бастау алатын билердің құқықтық негіздері жайында айтылды. Сонымен қатар қазақ даласындағы әдет заңдарының жинақталуы, олардың қолданысқа енуі, заңдардың қолданысқа енуіне түрткі түрткі болған жағдайлар қаралды. Билердің би мәртебесін алуы, олардың осы атақты алу жолдары толығымен қарастырылды.


Билер институтының шынайлығы олардың қазақ құқығына қосқан үлестері және де сот ерекшеліктері айтылды. Сан жылдардан бері сақталып келген билер институтының соншама өміршеңдігі мен Ресей құқығының ығыстыруы әдет құқығына орасан зор зиян келтірді. Осы жайында ғалымдардың пікірлері қарастырылды және назарға алынды.
Ендігі бір қаралған мәселе Ресей империясы тарапынан құқықтық нормалардың жинақталуы болып табылады; қазақ даласына келген саязатшылар, экспедиция мүшелерінің пікірлері қаралды. Қорыта айтқанда орыс тарихшылары арасында бір ізге салынған пікірдің жоқтығы анықталды. Әдет құқығын түсінбеуі анық байқалады. Тіпті кей тұстарда терең ойдың жоқтығы көрінеді.
Қазақ даласына жасалған реформалар, олардың нәтижесі мен кереғар тұстары айқындалып баға берілді. Реформаларды жергілікті халықтың түсінбеуі деректермен дәлелденді.
Билердің қызметі, реформаға дейін және кейін қандай жағдайда болды, реформалау кезеңдері қарастырылды. Құқықтық реформалаудың жүргізілуі ұлтық құндылықтарды жоюдың алғышарттары болғаны түсінікті. Билер сотының өту формалары Ш. Уалихановқа негізделіп жасалды. Билер кеңесінің қызметі, онда қаралған мәселелер тереңдете қаралды.
Патша үкiметiнiң қазақ даласында кеңiнен жүргiзе бастаған саяси-әкiмшiлiк реформалары жағдайында, билер институты негiзiнен сырттан таңылған, қазақ қоғамының саяси-әлеуметтiк психологиясына жат құқықтық нормаларға балама тұжырымдар ұсыну және көп ретте өз пiкiрiмен санасуға мәжбүр ету арқылы қазақтың дәстүрлi құқықтық сана-сезiмiн сақтауға, дамытуға ұмтылғанды. XVIII ғасырдың аяғынан бастап билер сотымен қатар қазақ жеріне ресми ресейлік сот билігі кіргізіліп, қазақ халқы өзін-өзі басқару құқығынан айырылды. XIX ғасырдың бас кезіне дейін қазақтардың өздеріне тəн бірегей дəстүрлі билер соты болды. Ол көшпелі жəне жартылай көшпелі өмір салтына бейімделген еді. XIX ғасырдың 20-жылдарынан бастап патша үкіметі билер сотын біртебірте жоя бастады. Империяның саясаты сот құқығы саласында негізгі бағыт қазақтардың билер сотын шектеу, патша өкіметінің заңдарын тереңдеп ендіру. Сот билігі патша өкіметінің əкімшілік аппаратының жазалау бөлігі болды. Осы бағытта ол күшейе түсті. Ресей империясының отарлау саясаты салдарынан билер соты өзінің демократиялық құқықтық институт ретіндегі дəстүрлі мəн маңызын жоғалтты. Үш сатылы билер сотын (жеке-дара сот, болыстық жəне төтенше съездер) сот төрелігінің жаңа жүйесін енгізіп, құқықтық құзіретін шектеу оның қызметін елеулі дəрежеде өзгертті. Ол қазақ даласындағы отаршылдық басқару əкімшілігінің бір тармағына айналды.
Қазақ елінің мыңдаған жылдардан бері ғасырдан - ғасырға ұласып келе жатқан мемлекеттік билігінде билер сотының алар орны ерекше. Шынайы халықтық үлгіде құрылып, ежелден елдік әдет-ғұрыпқа негізделген дәстүрлі құқық нормаларын берік ұстанған бұл сот жүйесі ұлттық санамыздағы ұзақ жылғы даму эвалюциясында тек әділдік пен ақиқаттың айқын көрінісі ретінде мызғымай келді. Ұлтымыздың өзіне тән осындай құқықтық мәдениеті, оның халық алдындағы беделі мен рөлінің жоғары болуына билер сіңірген өлшеусіз еңбекті барлық қырынан танып білу қажет.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ




1. www.akorda.kz/.../memleket-basshysynyn-bolashakka-bagd. 25.05.2018ж.
2. Зиманов С.З. «Қазақ даласында əділ соттың«Алтын ғасыры» // Қазақтың Ата заңдары. 10томдық. III том. – Алматы, 2004. – 616 б.
3. Материалы по казахскому обычному праву. — АлмаАта: Наука, 1948. — 350 с. Материалы по казахскому обычному праву / Сост. З.Ж. Кенжалиев. - Алматы, 1996. – 208 б.
4. Шоқан Уәлиханов. Көп томдық шығармалар жинағы. 5-том. –Алматы: «Толағай группа». 2010.- 528 б. Құнанбаев Абай.
Шығармаларының екі томдық толық жинағы- Алматы, 1957.- 368 б.

5. Бекмаханов Е. Б. Казахстан в 20–40 гг. XIX века. Алма-Ата,1992.; Басин В. Я. Россия и казахские ханства в XVI—XVIII вв.: Казахстан в системе внешней политики Российской империи. Алма-Ата, 1971.; Сулейменов Р. Б., Моисеев В. А. Из истории Казахстана XVIII века. (О внешней и внутренней политике Аблая). Алма-Ата, 1988.; Зиманов С. З. Общественный строй казахов первой половины XIX века. Алма-Ата,1958.
6.Оразбаева А.И.Дәстүрлі қазақ қоғамына тән билер институты. Алматы, Дайк-Пресс, 2004.
7. Қазақтың Ата заңдары. 10томдық. – Алматы: Жеті жарғы, 2004. –2010 жж.
8. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томды. 3 том. Алматы: Атамұра, 2010.-768 б.
9.Бес ғасыр жырлайды. Екі томдық. Алматы,1989.; Байболұлы Қ. Төле би. Дастандар. Алматы,1991.;Төреқұлов Н., Қазбеков М. Қазақтың би-шешендерi. 1,2-кiтаптар. Алматы,1993.;Үш пайғамбар. Алматы,1992.
10. Зиманов С.З., Атишев А.А. Политические взгляды Ч.Валиханова. Алма-Ата, 1965, // Аудармасы: С.Өзбекұлы Барлыбек Сыртанов. Алматы, 1996, 112 б.
11. Радлов В.В. Опыт словаря тюркских наречии. Т.4 часть 2, Москва, 1911.
12. Добросмыслов А.И. Суд у киргиз Тургайской области в XVIII и XIX века. Казань, 1904.
13. Леонтьев А.А. Обычное право киргизов: Судоустройство и судопроизводства. // Юридический Вестник, 1890, №5.
14. Ч.Ч.Валиханов Собрание сочинений в пяти томах. Том1. Алма-Ата, 1984, 430 с.
15.Словоохотовь А.Л. Народный суд обычного права киргиз Малой Орды. Труды Оренбургской ученой архивной комиссии. Оренбург, 1905, Вып.15
16. Бартольд В.В. Бег. //Сочинения. Т.5 Работы по истории и филологии тюркских и монгольских народов, Москва, 1968, 757 с.
17. Бекмаханов Е.Б. Присоединение Казахстана к России. Москва, 1957, 342 с.
18. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Алматы, 1997, 455 с.
19. Толыбеков С.Е. О некоторых вопросах экономики дореволюционного кочевого аула казахов //Вестник АН КазССР. 1951, №8.
20. Аполлова Н.Г. Присоединение Казахстана к России в 30-40-х гг.XVIII в. Алма-Ата, 1948, 254 с.
21. ҚазССР тарихы /көне заманнан бүгiнге дейiн/. V томдық, II том. Алматы, 1983, 440 б.
22. Кляшторный С.Г., Султанов Т.М. Казахстан: летопись трех тысячелетий. Алма-Ата, 1992, 376 с.
23. Ғ.С.Сапарғалиев, Ғ.Ғаббасұлы. “Қазақ көшпелi қоғамының әдет заңдарының бастауы туралы” // Мемлекет және құқық журналы. 2001, №1, Б.19-22
24. Таным тармақтары. (Құрастырған: Қойшығара Салғараұлы) Алматы, 1998, 275 б.
25. Су Бэйхай Үйсiн тарихы. //Қазақ тарихы. 1998, №6, Б.5-8
26. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан мемлекетi мен хұқығының негiздерi.Алматы, 1994, 160 б.
27. Кенжалиев З.Ж. Көшпелi қазақ қоғамындағы дәстүрлi құқықтық мәдениет (теориялық мәселелерi, тарихи тағлымы). Алматы, 1997, 192 б.
28. Айдаров Ғ. Язык орхонских памятников древнетюркской писменьности VII века. Алма-Ата, 1971, 415 с.
29. История государства и права Казахской ССР. Часть 1, Алма-Ата, 1982, 181 с.
30. Гумилев Л.Н. Древние тюрки. Москва, 1967, 526 с.
31. Бернштам А.Н. Социально-экономический строй орхоно-енисейских тюрок VI-VIII веков. Москва, 1946, 946 с.
32. Сүйiншәлиев Х.Ш. Диуани лұғат ат-түрк. Алматы, 1986, 85 б.
33. Махмуд Қашқари. Түбi бiр түркi тiлi. Алматы, 1993, 192 б.
34. Треножкин А.И. Об общественном строе скифов //Советская археология, 1966, №2.
35. Граков Б.Н. Каменское городище на Днепре. Москва, 1954, 235 с.
36. Кадырбаев А.Ш. Сакский воин-символ духа предков. Алматы, 1998, 128 с.
37. Лукиан Самосатский. Анахарсис или о гимнасиях //Хазанов А.М. Социальная история скифов. Москва, 1975, 332 с.
38. Н.Я.Бичурин (Иакинф). Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. Том 1. Москва-Ленинград, 1950, 380 с.
39. Абай Құнанбаев. Шығармаларының бiр томдық толық жинағы. Алматы, 1961, 694 б.
40. Нәрiкбаев М.С. Ұлы билерiмiзден жоғары сотқа дейiн. Алматы, 1999, 192 б.
41. Хара-Даван Э. Чингис-хан как полководец и его наследие. Культурно-исторический очерк Монгольской империи XII-XIV веков. Алматы, 1992, 272 с.
42. Құдайбердiұлы Ш. Түрiк, қырғыз-қазақ һәм хандар шежiресi. Алматы, 1991, 80 б.
43. Өсерұлы Н. Шариат. Алматы, 1996, 352 б.
44. Құрбанғали Халид. Таураих хамса (Бес тарих). Алматы, 1992, 304 б.
45. Қазақ совет энциклопедиясы. Т.1 1972.
46. Бес ғасыр жырлайды. II томдық, // Құрастырған М.Мағауин, М.Байдiлбаев., Т.1 Алматы, 1989, 382 б.
47. Нысанбек Төреқұл. Билердiң сөзi-ақылдың көзi. Алматы, 1996, 240 б.
48. Материалы по казахскому обычному праву. //Сост. Т.М.Культелеев; М.Г.Масевич; Г.Б.Шакаев., Алма-Ата, 1948, Сб.1, 347 стр.
49. Зиманов С.З. Общественный строй казахов первой половины XIX века. Алма-Ата, 1958, 293 с.
50. Самат Өтенияз. Шоқан өскен орта. Алматы, 1995, 200 б.
51. Уалиханов Ш. Таңдамалы. Екінші басылым, Алматы, 1985, 560 бет.
52. Культелеев М.Т. Уголовное обычное права казахов /с момента присоединения Казахстана до установления советской власти/. Алма-Ата, 1955, 300 с.
53. ҚРОММ, 64 қор, “Канцелярия Степного генерал-губернатора”, 1-тiзбе, 2209; 647 iс.
54. Н.Ә.Назарбаев Бiрлiк-бiздiң қасиеттi туымыз. // Егемен Қазақстан, 26.04.1995 Б. 1-2.
55. Қайырғәлиева К. Қазақ ойлау мәдениетiндегi билер сөзiнiң орны, /Қазақ хандығындағы билердiң орны мен қызметi туралы/, //Ана тiлi, 18.09.2000., № 22. Б. 8.
56. Қ.Еламанов Билер қызметi // Фемида, 1997, №11, Б.71-75.
57. С.Сматай Қаз дауысты Қазыбек би. // Үш пайғамбар, Алматы, 1992, 184 б.
58. Есламғалиұлы М. Би дегендi бiле ме бүгiнгi ұрпақ? //Қазақ әдебиетi, 29.10.1993., Б.10-11.
59. Мағзұмов М. Билер институты // Ақиқат, 1995, №9, Б.14-19.
60. Қуандықов Б. Әйтеке Бәйбекұлының қазақтың дәстүрлi би болу мектебiнен өтуi // Заң журналы, 2000, №6, Б. 68-73
61. Рычков П.И. История Оренбургская (1730–1750). Оренбург, 1896. Б. 72
62. РГИА. Ф. 853. Оп. 1. Д. 268. Л. 5
63. Георги И.Г. Описание всех обитающих в Российском государстве народов и их житейских обрядов,
обыкновений, одежд, жилищ, вероисповеданий и прочих достопамятностей. Ч. 2. О народах татарского
племени. СПб., 1776. С. 124; Паллас П. Путешествие по разным провинциям Российской империи. Ч. I–III.
СП)
64. Савва Большой. Записки о приключениях в плену у киргиз-кайсаков в 1803 и 1804 годах // Сын Отечества. Ч.
80. 1822; Барон У-р. Четыре месяца в Киргизской степи // Отечественные записки. 1848. № 10
65. Гавердовский Я.П. Обозрение Киргиз-кайсакской степи (часть 2) или Описание страны и народа киргизкайсакского // История Казахстана в русских источниках XVII–XX веков. Т. V. Алматы: Дайк-пресс, 2007.)
66. Левшин А.И. Описание Киргиз-казачьих или Киргиз-кайсакских орд и степей. Этнографические известия. Ч.
3. СПб., 1832. С. 174–177
67. Материалы по казахскому обычному праву. Сб. 1. Алма-Ата: АН КазССР, 1948. С. 46, 49)
68. Прошлое Казахстана в источниках и материалах. (V в. до н.э. – XVIII в. н.э.) // Под ред. проф. С.Д.
Асфендиарова и проф. П.А. Кунте. Сб. 1. Алма-Ата; М., 1935. С. 75–76
69. Григорьев В.В. О скифском народе саках. СПб.: Типография Имп. Академии Наук, 1871. С. 64
70. Крахалев А.И. Суд и следствие у киргизов Сибири // Юридический вестник. М.: Тип. А.И. Мамонтова и Ко,
1888. № 5. С. 25.
71. Леонтьев А. Обычное право киргиз: Судоустройство и судопроизводство // Юридический вестник. 1890. Т. 5. Кн. 1. С. 113–139.
72. Радлов В.В. К вопросу об уйгурах // Записки Имп. Академии наук. СПб., 1893. Т. 72. С. 68–71.
73. Крафт И.И. Судебная часть в Туркестанском крае и степных областях. Оренбург, 1898. С. 108–111.
74. Малышев Н. Обычное семейное право киргизов. Ярославль, 1902. С. 4
75. Добросмыслов А.И. Суд у киргиз Тургайской области в XVIII и XIX вв. Казань: Типо-литография
Императорского Казанского университета, 1904. С. 38
76. Құдайбердiұлы Ш. Түрiк, қырғыз-қазақ һәм хандар шежiресi. Алматы, 1991, 80 б.
77. Толыбеков С.Е. О некоторых вопросах экономики дореволюционного кочевого аула казахов //Вестник АН КазССР. 1951, №8.
78. Гродеков Н.И. Киргизы и каракиргизы Сыр-Дарьинской области, Ташкент, 1889, Том 1, Юридический быть.
79. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының Орталық кiтапханасының сирек қолжазбалар қоры. // 1884 папка, 16 дәптер, Ұлы жүздiң Қасқа көлге таласуы.
80. Ж.Касымбаев Титулованный убийца /Очерк о жизни и трагедии Барак султана/ // Столичное обозрение, 03.07.1998. С.3.
81. С.Өзбекұлы Көшпелі қазақ өркениетіндегі құқық. Право кочевой цивилизации казахов. Алматы, 2002, 224 б.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет