Өзекті әлеуметтік мәселелер



бет1/3
Дата07.10.2022
өлшемі4,91 Mb.
#152160
  1   2   3
Байланысты:
Дербес студент әлеуметтік жобасы
Эко үй Нурсауле, Жаркент қаласындағы Уәлибай мешіті және Әулиағаш Бал5ын001, Естаева Меиргул дүниетану, Дыбыстар әлемінде тарауына әдістемелік талдау

“дербес студент” әлеуметтік жобасы

Әлеуметтік жобаның негіздемесі:

Елдің әлеуметтік жағдайының тұрақсыздануына алып келетін қаржылық дағдарыс, бірінші кезекте студенттерге әсер ететіні сөзсіз. Әсіресе, әлеуметтік топқа кіретін отбасылардан шыққан ақылы бөлімде оқитын студенттер қаржылық қиындықтарға көп тап болады. Аталған мәселе студенттердің оқу төлемақысын төлей алмауына байланысты оқудан шығып қалуына немесе оқу нәтижесінің төмендігіне алып келуде. Осы мәселені шешу үшін біз “дербес студент” әлеуметтік жобасын ұсынамыз.

Жобаның мақсаты:

  • Ақылы бөлімде оқитын әлеуметтік топтағы студенттердің еңбегін пайдалана отырып, қызмет түрлерін ұсыну және сол арқылы қаржылық қиындықтарды еңсеруге көмек беру.

Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер орындалады:

  • Университет студенттерінің әлеуметтік жағдайы мен “төлем” ақысын жақсарту;
  • Студенттерді кәсіби тұрғыда дамытатын тәжиірбе алаңын қалыптастыру;
  • Университетке “имидждік жарнама” жасау арқылы қоғамдық сұранысты арттыру;
  • Жекелеген қызмет түрлерін ұсыну арқылы университет пен жұмыс беруші мекемелер мен ұйымдар арасындағы интеграциялық байланысты күшейту;

Әлеуметтік жобаны жүзеге асыру жоспары:

  • Аталған жоба университет аумағында “Дарынды студенттердің қызмет көрсету орталығын” ашу арқылы жүзеге асатын болады. Аталған орталықта 3 бөлім жұмыс істеп, жекелеген қызмет түрлерін ұсынады:

Білім және тәрбие бөлімі

Абаттандыру және саяхат бөлімі
  • Гүл шаруашылығы және көгалдандыру
  • Табиғи және тарихи танымдық экскурсия(Алматы қаласы/облысы)

Компьютерлік дизайн және өнер бөлімі
-”Жас дизайнер”
-”Домбыра шебері”
-Жас аспазшы-кондитер -Компьютерлік қызметкер
FastCopy орталығы

1-бөлім. Білім және тәрбие бөлімі

“Сенімді тәрбиеші”

Үй тапсырмасы

Пәндер бойынша репетиторлар

Аударма бюросы

Бұл қызмет түрін көрсететін кешкі уақыт немесе демалыс күндері бала күтуші болып жұмыс істейді. Бұл қызметке алынатын студенттер арнайы дайындықтан өтеді. Мысалы, университетте ұйымдастырылатын “дайындық мектебінің мұғалімі” қосымша білім беру курсынан өтіп, сертификат алады.

Университет қызметкерлері мен жақын жерде орналасқан мекемелердегі қызметкерлдердің балаларын сабақтан кейін, үй тапсырмасын орындауға көмектеседі.

Арнайы пәндер бойынша, университеттің үздік студенттері балалардды бейіндік пәндер бойынша оқыту және ұлттық бәріңғай тестіне дайындау және т.б қызметтер көрсете алады.

Ағылшын тілін жетік меңгерген және шет тілі мамандығының студенттері тапсырыспен аударма жасайды. Ол үшін университеттегі “Филолог-аудармашы” курсынан дайындықтан өтеді

2 бөлім. Абаттандыру және саяхат бөлімі

Гүл шаруашылығы және көгалдандыру

Табиғи және тарихи танымдық экскурсия

Жаратылыстану бағытында оқитын студенттер арнайы әдістермен гүл түрлерін өсіріп, арнайы мекемелерден тапсырыс алып, көгалдандыру жұмыстарымен айналысады. Ол үшін университетте жыл сайын ұйымдастырылатын “Гүл шаруашылығы” курсынан өтеді

Университеттегі география және туризм мамандығының студенттері туристерге және қала қонақтарына жол сілтеуші, гид және т.б экскурсия бағыттары бойынша қызмет көрсетеді. Жас экскурсоводтар университеттегі жыл сайын өтілетін “Экскурсовод-гид” курсында дайындықтан өтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет