Бағдарламасы аясында іске асырылды derek johnston a brief history of philosophy from socrates to derrida



Pdf көрінісі
бет1/19
Дата08.11.2019
өлшемі136 Kb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
51421

Дерек ДЖОНСТОН
ФИЛОСОФИЯНЫҢ 
ҚЫСҚАША ТАРИХЫ
СОКРАТТАН ДЕРРИДАҒА ДЕЙІН
A BRIEF HISTORY OF PHILOSOPHY
FROM SOCRATES TO DERRIDA
S5 
РУ Х А Н И  
Ж А Ң Ғ Ы Р У
%
э д Й я
ЖАҢА ГУМАНИТАРЛЫҢ БІЛІМ. ҢАЗАҢ ТІЛІНДЕГІ

л> 
РУХАНИ 
З Д   ЖАҢҒЫРУ
«Жаңа  гуманитарлық білім.  Қазақ тіліндегі  100 жаңа  оқулық» 
жобасы  Қазақстан  Республикасының Туңғыш  Президент -  
Елбасы  Нурсултан  Назарбаевтың бастамасымен 
«Рухани жаңғыру»  мемлекеттік 
бағдарламасы аясында 
іске асырылды

DEREK JOHNSTON
A BRIEF HISTORY 
OF PHILOSOPHY
FROM  SOCRATES 
TO  DERRIDA
Л
c o n tin u u m

ДЕРЕК ДЖОНСТОН
ФИЛОСОФИЯНЫҢ 
ҚЫСҚАША ТАРИХЫ
СОКРАТТАН ДЕРРИДАҒА 
ДЕЙІН
ULTTYQ
AY'DARMA 
Ш
В  
b i y
'
r o s y
  R B O B
« W H i n v n n n o »
QOG AMDYQ QORY
Астана
2018

Ә О Ж  1/14 (075.8) 
К Б Ж  87.3я73 
Д 37
«Жаңа  гум ан и тарлы қ біл ім . 
Қазақ тіл ін д егі 100 жаңа оқулы қ» 
ж о б а с ы н ы ң  р ед акци я л ы қ алқасы :
Редакциялык алканың төрағасы  -   Тәж ин М.М.
Төрағаның орынбасары  -   С агад и ев Е.К.
Жауапты хатшы  -   Кенж еханүлы  Р.
Кітапты баспаға әзірлеген: 
Ұлттык аударма бюросы
А лт аев Ж. А. 
А лш анов Р.А. 
Ж ам анбалаева Ш .Е. 
Ж олдасбеков  М.Ж. 
Қ асқ аб асов С.А. 
Қарии Е. Т. 
Күрмапбайүлы Ш. 
М асалим ова Ә.Р. 
М үт анов Ғ.М. 
Н ұры ш ева Г.Ж. 
Н ы сан баев Ә.Н. 
Ө м ірзақов С.Ы. 
С аң гы лбаев О.С. 
С ы ды қов Е.Б.
Аудармашылар 
-   Ә бдірасы п ова ГЛ.
Н ұры ш ева Г.Ж.
Әдеби редактор 
-   См аділ Қ.
С ыбанбай  С.Ә.
Жалпы рсдакциясын 
баскарған
Жауапты шыгарушы 
Пікір жазгандар
Әл-Фараби атындағы  Қазак ұлттык 
университетінің Философия  кафедрасында 
ғылыми редакциядан өткен
Н ұры ш ева Г.Ж. 
Ж еңісүлы Е. 
И үрмұрат ов С.Е. 
Сабит М.
Copyright ©  Derek Johnston, 2006
All  rights  reserved.  No part o f this publication may be  reproduced  or transmitted  in  any  form 
or  by  any  means,  electronic  or mechanical,  including  photocopying,  recording,  or any  information 
storage or retrieval  system, without prior permission  in writing  from  the publishers.
This  translation  is  published  by  arrangement  with  Bloomsbury  Publishing  Pic.  Copyright  ©  
2 0 17  by  «¥лтты к  аударма  бюросы»  коғамдық  коры  ("National  Bureau  o f Translations"  Public 
Foundation). All  rights reserved.
Джонстон Д.
Д37 
Философияның қысқаш а тарихы:  Сократтан Дерридата дейін. -  Алматы: 
«Ұлттык аударма бюросы» қогамдық коры, 
2018
. -  
216
 бет.
ISBN   9 7 8-601-7943-05-9
Дерек  Джонстонның  «Философияның  қысқаша  тарихы»  атгы  бұл  енбегіне  философия- 
лык  ойдьщ  даму  тарихына  айрықша  үлес  косқан  танымал  15  ойшылдын  шығармашылығы 
топтастырылған.  Автор  Батыс  дәстүріндегі  кернекті  философтардың  негізгі  ецбекгері  мен 
теорияларын  окырмандарға  кезең-кезеңмен  таныстыруды  көздейді.  Кітап  тарауларында  фи- 
лософтардын  өмір сүрген  дэуіріне  шолу жасалып,  сөз  болатын  шыгармалардын  негізгі  идея- 
ларын талдауға басымдық берілген.
Сондай-ак  жинакта  философтардың  омір  деректері  мен  басты  еңбектерінің  тізімі,  сол 
дәуірдсгі ғылыми жацалыкгар меи тарихи оқиғалар, философиялык, әдеби жэне көркем туын- 
дылар да камтылған. Әр шығармаға арналып оның туйінді идеясын білдіретін ыкшам аныкга- 
ма дайындалған. Такырыптар хронологиялык ретпен баяндалса да, материал кез келген тарау- 
дан  бастап  гүсініп оқи беруге лайыкталып, эркайсысы жеке бітіммен  кұрастырылган.
Ә О Ж   1/14 (075.8) 
К Б Ж  87.3я73
ISBN  978-601-7943-05-9
© Derek Johnston, 2006 
© «Ұлттык аударма бюросы» ҚҚ, 2 0 18

...Біздіңм ақсат ым ыз айқын, баш т ы м ы з белгіпі, ол - элем дегі ең дсш ы- 
ган 30 елдің қат арына цосылу.
М ақсатқа ж ет у  үшін  біздің  санам ыз  ісім ізден  озып  ж үруі,  ягни  одан 
бүрын  ж аңгы рьіп  отыруы  тиіс.  Бүл  саяси ж эн е экономикалық ж ацгы ру- 
ларды  толықтырып қана қоймай,  олардың өзегін е айналады.
Біз алдагы  бірнеш е ж ы л да гуманитарлық білімнің барлық бшгыттары 
бюйынша  элем дегі  ец  ж ақ сы   100  оқулықты  эртүрлі  т ілден  қазақ  тіліне 
аударып,  ж аст ар га  дүниеж үзіндегі  таңдаулы  үлгілердің  н егЫ нде  білім 
алуга мүмкіндік ж асайм ы з.
Ж аңа  м ам андар  ашыцтық,  прагматизм  мен  бэсекелест ікке  қабілет 
сияқты  сананы  ж аңгырт удыц  н егізгі  қагидаларын  қогам да  орнықтыра- 
тын  баст ы   күшке айналады.  О сылайш а болашақтың  н егізі білім ордала- 
рының аудит орияларында қаланады...
Қазакстан  Республикасының Президенті 
Н.Ә.  Назарбаевтың
«Болаш акка бағдар:  рухани  жацғыру»  атты  еңбегінен

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 
9
1.
  Сократ пен  Платон: 
от  пен  кун 
14
2. 
Аристотель: 
ақы лды   пайы м дау 
31
3.
  Эпикур мен Зенон: 
ж ақсы  өм ірдің сыры 
49
4. 
Акуинолық Томас: 
нақты  дүниені  біры ңғай түсіндіру 
63
5. 
Рене Декарт: 
ж үйелі  күмәндану -  ф илософ иялы қ
әдістің бір түрі 
78
6. 
Локк және Монтескье: 
либерал  м ем лекет 
90
7. 
Бенедикт Спиноза: 
тиянақты   ой  ж әне байыпты
тұж ы ры м  
104
8. 
Дэвид Юм: 
эм пирикалы қ  растау 
114
9. 
Иммануил  Кант: 
ақылға  сын 
124
10. 
Карл  Маркс: 
тари х үдерісі 
135
11. 
Фридрих  Ницше: 
билікке  қүш тарлы қ 
147
12. 
Людвиг Витгенштейн: 
тіл  ж әне  нақты дуние 
157
13. 
Мартин Хайдеггер: 
біз  болмы сты   ұм ы тты қ 
168
14. 
Жан-Поль Сартр: 
экзистенциалистің азабы 
179
15. 
Жак Деррида: 
нақты дүниені деконструкциял ау 
190
ҚОРЫТЫНДЫ 
204
СІЗГЕ  ҚЫЗЫҚ КІТАПТАР 
211

СУРЕТТЕР ТІЗІМІ
2.1
Аристотель
32
3.1
Эпикур
51
4.1
Акуинолық Томас
64
5.1
Рене Декарт
79
6.1
Джон Локк
93
9.1
Иммануил Кант
125
10.1
Карл  Маркс
136
11.1
Фридрих Ницше
148
14.1
Жан-Поль Сартр
180
15.1
Жак Деррида
191

Кіріспе
Сіз  философия  кітабын  қолыңызға  алдыңыз,  демек,  сіз  философияның  не 
екенін  білуге  қызығып  тұрсыз.  Адамдар  «философия»  сөзін  әртүрлі  жағдай- 
ларда  қолданады.  Абстрактілі  ойлау  оны  түсінудің  бір  тәсілі  болуы  мүмкін. 
Менің  күнделікті  өмірімді  айқындап  тұратын  идеялар жиынтығы -  оның бас- 
қаша  мәні.  Ал  тіршілік түйткілдерінен  бой  тартқым  келетіні  -   «философия» 
сөзін  қолданудың  үшінші  тәсілі.  Философияның  осы  анықтамаларының  бәрі 
адамның өмірлік бай  тәжірибесінен  алынған.  Философия  (үлкен әріппен жа- 
зылатын нағыз философия) -  ойлауға тікелей байланысты ғылым.  Бірақ кәсі- 
би  мамандардың өзі  мұндай анықтамамен үнемі  келісе бермейді.
Философия дегеніміз не?
Бұл  кітапта  философияның бірыңғай  қабылданған  анықтамасы жоқ.  Сіз бел- 
гілі  философтардың  осы  мәселеге  қай  қырынан  келгенін  мысалдар  арқылы 
таба  аласыз.  Философияның  бірнеше  негізгі  тармағы  белгілі  бір  кезеңдерге 
қатысты баяндалады.
Эпистемология  -   философияның  заттарды  қалай  танып-білетіні  тура- 
лы  бөлімі.  Біз бірдеңе білеміз деп  қай уақытта айта аламыз? «Білемін» деген 
сөз нені  білдіреді? «Білемін» сөзіне назар аударсаңыз,  ол түрлі сөйлемдерде 
түрліше қолданылады:
Екі жердегі екінің төрт екенін білемін.
Жердің Күнді айналатынын  білемін.
Джонды білемін.
Лондонды  жақсы  білемін.
Банкоматты  қалай  қолдануды білемін.
Бөлмеде он  бес адам  бар екенін  білемін.
Кейде  «білемін»  сөзі  әлдекіммен  немесе  әлденемен,  мысалы,  мінез-құ- 
лық ережелерімен,  қандай да  бір іс-әрекет машығын  меңгерумен,  бір сөзбен

10
айтқанда,  өзіміз  тексеріп,  түсінген  нәрселермен  жақын  таныстықты  білдіре- 
ді.  Кейде  ол  тұрақты,  өзгермейтін  нақты  дүниеге,  кейде  уақытша,  тұрақсыз 
істерге  қатысты  қолданылады.  Бұл  мағыналар  өте  нәзік  өлшемдер  арқылы 
ажыратылады.
Логика -  ойларымызды белгілі бір ретпен -  мұқият және батыл түзуіміз- 
ге көмектесетін ережелерге қатысты ғылым. Логика ғылымы ойлау ережеле- 
рін  қашан және қалай  қолдануымыз қажеттігін анықтайды.
Метафизика  көз алдымыздағы  болмысты зерттейді.  Метафизика -  бол- 
мыстың  шығу,  пайда  болу  себептері  мен  принциптерін  зерделейтін  ғылым. 
Ол  заттарды  жеке  зерттей  отырып,  біздің  санамыздан  жоғары  дүниелерге 
ақыл-ой көзімен қарап, мәнін ұғынуға тырысады.  Бұл -түсінуге күрделі ұғым. 
Ең  дұрысы,  осы  кітаптың  әр  тұсында  келтірілген  мысалдардың  қалай  және 
қашан  қолданылғанына  назар аударып отыру керек.
Этика  ненің  дұрыс,  ненің  бұрыс  екенін  түсінуге  тікелей  байланысты. 
Қандай  іс-әрекеттер дұрыс, ал  қайсысы  бұрыс?  Мүны  қайдан білемін? Дұрыс 
өмірлік  мақсат дегеніміз  не?  Соған  жетудің  оң жолы  қандай?  Мақсат-ниетім 
дұрыс болса, бұған қалай жететінім маңызды ма? Міндеттерім қандай? Пары- 
зым  ше?
Саяси  философия -  этиканың бір саласы.  Ол біздің қауымдаса өмір сү- 
руімізді зерттейді.  Саяси философия  басқару формаларын байыптайды және 
кімнің заң шығаруға  құқы бар,  мұндай құқық қайдан  шықты деген сипаттағы 
сұрақтарға  жауап  іздейді.  Жалпы  міндеттер,  сондай-ақ  азаматтар  мен  мем- 
лекеттің міндеттері қандай? Азаматтардың құқықтары қандай? Құқықтар мен 
міндеттердің өзара  байланысы  қалай  көрінеді?  Кіи  басқаларға  билік жүргізе 
алады?  Қандай жағдайларда  билік өкілеттігін  қолдануға болады?
Эстетика -  өнерге және  әдемілікке,  сонымен  қатар адамның  осы  ұғым- 
дар жайлы түсінігіне байланысты  ілім.
Бұлар -  философияның негізгі бөлімдері.  Философияның мұнан да басқа 
бөлімдері  бар.  Солардың  бірі  -   ғылым  философиясы.  Көптеген  теориялық 
және  техникалық  ғылымдар  да  бір  кездері  философияның  бөлігі  саналды, 
бірақ  уақыт  өте толығымен  тәуелсіз  салаға  айналды.  Осы  қатарға  психоло- 
гияны,  математика  мен лингвистиканы да  қоса  кеткен дұрыс.
Философтар  айналысатын  түрлі  мәселелерге  көбірек  тоқталып  отырға- 
нымызды  байқаған  шығарсыз.  Әрине,  берілген  жауаптардың  көбіне  фило- 
софтардың  бәрі  бірдей  келіспеуі  мүмкін.  Тіпті  олар  қандай  сұрақтарға  ба- 
сымдық беру керегі жөнінде де бір келісімге  келе  қоймайды.  Философияның 
бізді баурай түсуінің бір себебі де осы -  онда:  «Дәл солай! Сұраққа бұлжымас 
жауап  таптық!»  деген  бір  көзқарасқа  келу  мүмкіндігі  тіпті  жоқ.  Ендеше  ма-

Кіріспе
11
засызданудың  қажеті бар ма? Иә,  бар.  Философтар мұнымен толық келіседі. 
Бірақ философия  не нәрсеге мазасыздануға, ой жүгіртуге тиіс? Түрлі ойшыл- 
дар  бұл  сүраққа  әртүрлі  жауап  береді.  Сондықтан  сіз  бул  сұрақты  оқып, та- 
нысу кезінде жауап жұптауға тиіссіз.  Мұнда мен тек екі себепті атап көрсете- 
мін:  өмірдің барлық саласында біз ұсынған ұсыныстар әрқашан сыни тұрғыда 
қарастырылуы  керек.  Одан  бөлек,  біз  басқаша  ойлануға  дайын  болуымыз 
қажет.
Методология  туралы  бірер  сөз.  Философтар  жүйесіз  және  орынсыз  әре- 
кетке  бармайды.  Олар:  «Сізбен  келіспейтінімді  сезіп тұрмын  және  келісе са- 
лайын  деген  ниетім  де жоқ.  Сіз де бұған  ештеңе  істей  алмайсыз.  Міне,  осы- 
лай!» -  деп ешқашан айтпайды.  Философия -  айқын және парасатты ғылым. 
Философия  мәселе  туралы  терең  толғанудан,  сол  мәселені  жан-жақты  қа- 
растырудан,  мұқият бағалай  отырып  сынаудан  тұрады.  Бұл  жағдайда  сынға 
теріс қарамау керек:  сын -  ой-пікірді таразылауға көмектеседі және қисынды 
қорытындыларға  жетелейді.  Бұл  жерде  ең  бастысы  -   ақыл-ой,  өйткені  біз 
адам  көңілінің құбылуы туралы емес, логика жайында айтып  отырмыз.
Сіз бұл  кітаптан  не табасыз?
Бұл  кітап  әлемге  танымал  он  бес  философ  жайлы  баяндайды.  Олардың  әр- 
қайсысы философияға маңызды үлес қосты немесе философия туралы көзқа- 
расымыздың өзгеруіне ықпал етті. Бұл ойшылдар философиялық қызметтерін 
өздеріне дейінгі  философтарды  сынаудан  бастаған.  Олар  философияның өз 
көзқарастарына  қайшы  келетін анықтамасымен  мыңдаған жылда да  келіспес 
еді.  Себебі  ойлау әдістері әртүрлі.
Философия туралы бірдеңе білетін адам осы  кітапты ашып:  «Мыналарды 
қалай  іріктеген?  Мен осы он  бес философты ешқашан таңдамас едім!» -  дер 
еді.  Иә,  келісемін.  Бірақ неге осы  он  бес ойшыл?
Философтарды таңдағанда  үш  өлшемді  қолдандым.  Біріншіден, ұлы  фи- 
лософтардың  Батыста дәстүрлі  ілімге айналған  негізгі  идеяларын  оқырман- 
ның  көпшілігіне түсінікті  тілмен  баяндап бергім  келді.  Сондықтан  белгілі  бір 
философиялық  бағыттан  кемі  бір  ойшылды  қосуға тырыстым.  Философтар- 
дың  бәрінің  ойларын  қамту  мүмкін  емес  еді,  сосын  әйгілі  он  бес  ойшылға 
ғана  тоқталуды  жөн  деп  таптым.  Маған  осы  сан  оңтайлы  көрінді.  Осынша 
ойшылдың  теорияларына  үңілу  негізгі  философиялық  идеяларды  тез-тез 
баяндап  қана  шықпай,  философиялық  ойдың  дамуын  бағамдауға  мүмкіндік 
береді.  Дегенмен  кей  тарауларда  бір  емес,  екі  бірдей  ойшылдың теорияла-

12
ры  мен  идеялары  қамтылған  (кез  келген  философқа  байыптап  қарасаңыз, 
олардың өздері  айтқандай,  соншалықты  қатал емес екенін  байқайсыз).  Осы 
кітаптың он  бес тарауы  жаңа  идеяларға  парасат тұрғысынан  қарау  керекті- 
гін  білдіреді.  Өйткені  сыни  ойлау белсенділігі  аз адам  философиямен  айна- 
лыса  алмайды.
Екіншіден,  оқырмандарды  әртүрлі  философиялық  бағыттардың  негізгі 
ұғымдарымен  таныстырғым  келді.  Сондықтан  бұл  міндетті  орындауға  көмегі 
тиетін философтарды таңдадым.
Үшіншіден,  өзімнің  жеке  қалауыма,  білімім  мен  білігіме  басымдық  бер- 
дім.  Таңдалған  философтардың  бәрін  бірдей  жақсы  көремін  дей  алмаймын. 
Олардың бір-екеуі  мені зеріктіріп те жіберді.  Бірақ олардың бәрі біз үшін  ма- 
ңызды  деп  білемін.  Өйткені  бұлар  біздің  Батыс дүниесі  туралы  түсінігіміздің, 
санамыздың қалыптасуына қомақты үлес қосты және қазіргі  қалпымызға же- 
туімізге көмектесті.
Көп  адамдар  мен  ұмыт  қалдырған  нәрселерге  көңілі  қалып,  ренжитіні 
анық.  Менің айтарым:  қолымнан  келгені  осы  болды.  Көпшілік оқырман  үшін 
кітап  пайдалы  болады,  білімін  жетілдіре  түсуге  ынталандырады,  уақыт  өте 
келе  өз  көзқарасын  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді  деп  үміттенемін.  Мен 
қолданған  өлшемдерді  «негізделген  субъективтілік»  деп  сипаттауға  болады 
деп  есептеймін!
Кітаптың  құрылымын  біркелкі  етуге  шамам  жеткенше тырыстым.  Әр  та- 
рауда  ойшылды  және  ол  өмір  сүрген  дәуірді  таныстыруға  арналған  кіріспе 
бар.  Әрі  қарай философтың өмірі туралы  қысқаша айтып өтеміз.  Бірақ фило- 
софтар туралы  айтқанда,  оның  идеялары  жөнінде  сөз  қозғаған  дұрыс.  Сон- 
дықтан әр тараудың негізгі бөлігі  идеяларға арналады.
Философтың  негізгі  идеялары  әртүрлі  кітаптардың  немесе  жазбалардың 
негізінде,  байыппен  және  ретімен  баяндалады.  Осылайша  идеялар  айдар- 
ларға  жіктеледі.  Сонымен  қатар  шағын  анықтамаларда  (анықтамалық  мәлі- 
меттерде) түрлі ойшылдардың бірқатар еңбектеріндегі негізгі идеялар көрініс 
тапқан.
Түрлі тарауларда әр философтың зерттеуіне қатысты негізгі идеялар мен 
терминдер  берілген  (қысқаша  түсіндірмелер  беретін  анықтамалық  мәлімет). 
Анықтамалар  қажетті  мәліметті  іздеп,  қыруар  бетті  босқа  парақтамас  үшін 
қайталанып беріледі. Материал хронологиялық ретпен баяндалса да, кез кел­
ген  бетін  ашып, зерттеуге  кірісуге  мүмкіндік беретіндей  етіп  құрастырылған. 
Арнайы терминдер өте аз,  кездескен жерден-ақ оның түсіндірмесін табасыз.
Әр  философтың  «өмір  шежіресі»  бар.  Мұнда  оның  өмірінің  маңызды  ке- 
зеңдері және негізгі еңбектерінің тізімі көрсетіледі. Сонымен қатар сол дәуір-

Кіріспе
13
де жазылған  философиялық,  әдеби және көркем туындыларға, ғылыми  ізде- 
ністерге, тарихи оқиғаларға сілтеме жасалуы  мүмкін.
Әр тарау өзінше түйіндеумен  аяқталады.  Бұл  түйіндеу сіз сол  ойды  ғана 
дұрыс деп  қабылдауыңыз  қажет дегенді  білдірмейді.  Олар сіздің  идеяларды 
қабылдауыңызға  немесе  терісгеуіңізге,  философиялық  түрғыда  пайымдай 
бастауыңызға  көмектесетін әдістерді ғана аңдатады.
Сіз  осы  еңбекте  әйел  философтар  туралы  сөз  болмағанын  байқайсыз. 
Мәселе Батыс философиясында әйелдердің жаңашылдар ретінде көп таныл- 
мауында.  Дегенмен  біртіндеп  олар  философияда  маңызды  орынға  ие  бола 
бастады.  Философия өткен дәуірде де тоқтап  қалмаған,  бүгін де тоқырамай- 
ды.  Ал  болашақтың философиясы -  әйелдердің  маңызды  үлес  қосатынымен 
ерекше  әрі  қызықты.  Бұл  үрдіс  қазір теологияда  байқалады.  Оның дамуына 
әйелдер елеулі үлес қосып  келе жатыр.
Философия  -   адамның  ойлау  тәсілдерін  сыни  бағалауды  жүзеге  асыру- 
дың және «түрліше ойлаудың» жаңа  мүмкіндіктерін ашудың тұрақты үдерісі. 
Кітаптағы қызықты оқиғалар мен баяндаулар оқырманды өзіне баурап әкете- 
ді деп ойлаймын. Дегенмен бұл еңбек -  ауқымды жұмыстың бастамасы ғана. 
Философияны  зерделеу  үшін  сіз  көп  уақытыңыз  бен  қажыр-қайратыңызды 
арнауыңыз керек.  Жұмсаған  күш-қуатыңыз бекер кетпейді деп үміттенемін.

1.  Сократ пен  Платон:  от пен  кун
Платон  -   өз  еңбектерінде  қазіргі  заманғы  тоталитарлық  мемлекеттің  тео- 
риялық  негіздемесін  тужырымдаған  және  ер  балалардың  дәстүрлі  мектеп- 
интернаттарының  орындылығын  алғаш  болып  дәйектеген  философ.  (Осы- 
ның барлығын б.д.д. төртінші ғасырда айтып кеткен.) Шын мәнінде, ол бұдан 
да  көп  іс тындырды:  Платон таным теориясын бірінші болып ұсынды.  Платон 
мен  оның  ұстазы  Сократ -   адамгершілік  мәселелерін  шешу  үшін  ақыл-ойды 
қолдануды алдымен айтқан адамдар.
Ежелгі  Грекия
Философия  әлеміне  саяхатқа  аттанбас  бұрын  ежелгі  Грекияға,  үш  ұлы  фи­
лософ  өмір  сүрген  дәуірге  көз  жіберіп  көрейік.  Бұл  -  биік таулар  қоршаған, 
құнарлы  жазирасы  да  бар,  аумағы  шағын,  табиғаты  қатал  аймақ  еді.  Бұл 
жерлерді  тәуелсіз,  ержүрек  және  денсаулығы  мығым  адамдар  мекендеді. 
Саяхаттың ең  қарапайым тәсілі -  теңіз жолы  еді.  Қалалар бір-біріне  өте жа- 
қын орналасқанымен,  араларын  күрделі  рельефтер бөліп тұрды.  Гректер кө- 
көніс пен жемістің бірнеше түрін ғана өсірді.  Балық қоры солтүстік аймақтар- 
дағыдай  мол  болған  жоқ.  Ешкі  еті  негізгі  тағам  ретінде  көп  пайдаланылды. 
Барлық жерде зәйтүн ағаштары жайқалып өсіп тұратын, зәйтүн майы, шарап 
мол  болды.  Ауа  райы  ыстық,  жазы  өте  құрғақ,  ылғалы  аз  еді.  Аптап  ыстық 
адамды  қалжырататын.  Осындай аймақты «мықты,  іскер, алғыр және зерек» 
деп си патта лған  адамдар мекендеді.
Ежелгі  Грекия  қазіргі  мемлекеттердей  біртұтас  болған  жоқ.  Әр  қала 
тәуелсіз  құрылым  еді.  Афина  қаласы  шамамен  240  000  адам  мекендеген 
мемлекет  болды.  Тұрғындарының  басым  бөлігі  құлдар  еді.  Қаланы  тәуелсіз 
азаматтардың  халықтық  жиналысы  басқарды.  Афина  сәулет  өнерімен,  му- 
зыкасымен,  әдебиетімен  және  философиясымен  танылды.  Ал  Спарта  мүлде 
басқа  ел  еді,  ол  қатаң  әскери  мемлекет  болатын.  Мұнда  сәбилерді  ата-ана 
құшағынан  алып  кетіп,  әскери  ортада  тәрбиеледі.  Спарта  әдебиетті,  сәулет

Сократ пен  Платон: от пен кун
15
өнерін  немесе  өнердің  басқа  да  түрлерін  бағалаған  жоқ.  Экономикасы  құл- 
дар еңбегін  пайдалануға  негізделді.  Ал  барша ер-азамат тек әскери  істі ғана 
меңгерді.
Сократ
Біз ұлы  ойшылдардың бірі  Платон туралы  баяндағанда,  оның досы  және ус- 
тазы  Сократты  айтпай  кете  алмаймыз.  Сократ  философияның  бастауында 
тұрған  жанның  бірі  болды.  Оны  философия  үшін  зардап  шеккен  ең  алғаш- 
қы  адам  деуге  де  болады.  Ақиқат  жолындағы  табандылығы  мен  адалдығы 
Сократты  өлімге душар етті.  Сократ «Афина жастарын  азғындатты,  қаланың 
құдайларына  құлшылық  етпей,  жаңа  құдайларға  табынуға  шақырды»  деп 
айыпталды.
Өмір шежіресі
(Барлық даталар -  біздің дәуірімізге дейінгі)
Шамамен  470 жыл -  Сократ дүниеге келді
460 жыл -  Олимпиядағы Зевс ғибадатханасының қурылысы басталды 
458 жыл -  Эсхил  «Орестея» туындысын  жазды
Шамамен  450  жыл  -   Көне  Інжілдегі  «Әндердің  әні»  кітабы  жазылды:  Рим  құқы- 
ғының ең алғашқы жиынтығы -  он екі кесте жасалды; темір дәуіріндегі  Еуропада 
кельт мәдениеті -  латен  мәдениеті дүниеге келді
447-432 жылдар -  Афинада -  Акрополь,  соның ішінде,  Парфенон  салынды
431-404 жылдар -  Спарта  мен Афина арасындағы  Пелопеннес соғысы
430-420 жылдар -  шамамен осы уақыт аралығында Сократ үйленді
430 жыл -  Софокл «Эдип  патшаны» жазды
420-399 жылдар -  Сократ Устаз ретінде әйгілі болды
404 жыл -  Афина  империясының ақыры
399 жыл -  Сократ өлім жазасына  кесілді
Өмірі
Сократ  шамамен  б.д.д.  470  жылы  дүниеге  келді  (біз  оның  б.д.д.  399  жылы 
өлтірілгенін  білеміз).  Жастық  дәурені  мен  балалық  шағы  Афина  қаласының 
ықпалы  артып,  мәдени  дамуы  шарықтау  шегіне  жеткен  кезеңіне  туспа-тус

16
келді.  Сократ Афина  армиясында  гоплит  қызметінде  болды.  Түр-келбеті  өте 
ұсқынсыз  болған.  Бір  замандасы  оның  Сатирға  ұқсайтынын  айтыпты.  Енді 
бірі  Сократтың  жүрісі  суда  жүзген  құсқа  ұқсайтынын,  көзі  аударылып-төң- 
керіліп  тұратынын  айтады.  Ол  қысы-жазы  бір  киіммен  және үнемі  жалаңаяқ 
жүретін.  Сократ  өте  ыңғайсыз  қалыпта  ұзақ  уақыт  бойы  қозғалмастан  тұра 
беретін.  Сірә,  бұл  оның  ақыл-ой  тұңғиығына  бойлауының  ұзаққа  созылған 
сәттері  болса  керек.  Дельфилік  сәуегей  тірілер  ішінде  Сократтан  асқан  ке- 
меңгердің  жоғын  айтыпты.  Сократ  өзінің  дана  екенін  түсінді,  өйткені  өзінің 
ештеңе білмейтінін білді. Ол -  адамгершілік туралы толғаған мысқылшыл фи­
лософ.  Сократтың  негізгі әдісі -  адамдардан  олардың өз пікірлерінің дұрысы 
мен  ақиқат екенін  қайдан  білетінін  сұрау болатын.  Демек,  ол  -  философия- 
лык жүйе жасаушы емес, басқа адамдардың ойларын қатаң сынаушы. Сократ 
этика  (өмірлік  оң  мақсаттарды  және  оларға  жетудің  мүмкін  жолдарын  таң- 
дау)  ұғымын  бірінші  болып  тұжырымдады.  Философ  ішкі  ұят  оған  ешқашан 
не  істеу  керегін  айтпайтынын,  бұрыс  іс  істегенде  белгі  беріп,  ескертетінін 
айтты. Сократтың өмірі туралы бізге жеткен мәліметтер бойынша, оның әйелі 
Ксантиппа  долы,  тілі  ащы  жан  болған.  Осы  мінезін  еш  тайсалмай 
күйеуіне де  көрсетіп  отырған.  Бірақ бұл  болмысы  оның  күйеуімен  тайталаса 
өмір сүруіне мүмкіндік те берді.


Сократ пен  платон:  от пен күн
Аристотель: аңылды  пайымдау
Акуинолық томас: наңты дүниені бірыңғай түсіндіру
Рене декарт: жүйелі күмәндану — философиялың әдістің бір түрі
Билікке ңұштарлық
Людвиг витгенштейн: тіл және нақты дүние
Жак деррида: нақты дүниені деконструкциялау


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет