Бағдарламасы аясында іске асырылды derek johnston a brief history of philosophy from socrates to derrida



Pdf көрінісі
бет9/19
Дата08.11.2019
өлшемі6,72 Mb.
#51421
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

Ө м ір  ш еж іресі
1632 жыл -  Локк дүниеге келді 
1642 жыл -  ағылшын азаматтық соғысы
1648-1653  жылдар  -   Фронда:  француз  ақсүйектері  король  билігіне  қарсы 
көтерілді
1649 жыл -  I  Карлды жазалау;  Англиядағы  Кромвель протектораты
1651  жыл -  Гоббстың «Левиафаны»
1652 жыл -  Локк Оксфордта
1658 жыл -  Кромвельдің өлімі
1659 жыл -  Локк Христ шіркеуі  жанындағы ғылыми  қызметкер атанды
1660  жыл  -   монархияны  қайтадан  қалпына  келтіру;  II  Карлды  король  етіп 
тағайындау
1661  жыл -  Спинозаның «Этикасы»
1665 жыл -  Локк шетелде дипломат болып  жұмыс істеді
1666 жыл -  Лондондағы Ұлы  өрт
1675-1680 жылдар -  Локк денсаулығына  байланысты  Францияда тұрды
1681  жыл -  И  Карл Англияны  парламентсіз басқарды
1683-1688 жылдар -  Локк саяси  қудалаумен  Голландияда
1685 жыл -  II  Карлдың өлімі; таққа  Рим-католик шіркеуінің өкілі II Яков отырды
1687 жыл -  Ньютонның «Табиғи философияның математикалық негіздері»
1688  жыл  -   «Ғажайып  революция»:  Орандық  III  Вильгельм  Англияға  қоныс ау- 
дарды.  II Яков тақтан тайдырылды
1689 жыл -  Локктың «Толеранттық туралы  хаттары»
1690 жыл -  II Яковты III Вильгельм  Бойндағы шайқаста күйретті; Локк «Адам па- 
расаты туралы тәжірибе» және «Басқару туралы екі трактат» еңбектерін жазды 
1693  жыл -  Локк «Тәрбие туралы  кейбір ойлар»  және  «Христиандық  парасаты» 
сияқты туындыларын жазды
1704 жыл -  Джон Локк дүниеден өтті.
Англиядағы саяси тұрақсыздық
Шефтсберимен  жақын  араластығының  арқасында  Локк  мемлекетте  елеулі 
лауазымдарға  ие  болды,  бірақ  қамқоршысының  қызметінен  кетуімен  бірге 
оның да  мансабына  нүкте  қойылды.  Зейнеткерлікке  шыққан Локк  Оксфорд- 
тағы  ғылыми  қауымдастықтармен  байланысын  үзді.  Денсаулығының  нашар- 
лауына  орай,  ол  1675  жылдан  1680  жылға дейін  Францияда  тұрды.  Англия- 
ға  оралған  соң,  оны  тағы да  Шефтсбери  қамқорлығына  алды.  Шефтсбериге 
саяси қысым көрсетіліп, қудалана бастағанда ол Голландияға қашуға мәжбүр 
болды. Локк та өзінің өміріне қауіп төніп тұр деп есептеп, шетелге кетті. Оған

Локк жэне Монтескье: либерал мемлекет 95
Монмунт  көтерілісіне  қатысы  бар  деген  күдік  тағылып,  іздеу  жарияланды. 
Белгілі  бір уақыттан  соң барлық  күдіктер сейілді,  бірақ бұған  қарамастан  ол 
шетелде  жасырынуын  жалғастырып,  лақап  есіммен  өмір  сүрді.  Ол  Англияға 
Орандық III Вильгельм таққа отырған соң ғана оралды. Локк денсаулығының 
нашарлығын  сылтау  етіп,  елші  қызметінен  бас  тартты,  бірақ  ақыр  соңында 
ол сауда және колониялар мәселелері бойынша  комиссар лауазымын  иелен- 
ді.  Жаңа  қызмет Лондонға  жиі  баруды  қажет етпейтін.  1691  жылы  Локк сэр 
Френсис Мэшемнің отбасының қонағы ретінде Эссекс графтығындағы Отс қа- 
малына  көшті.  ¥лы  философ  1704 жылы  дүниеден  өтті.  Өлім  сағаты  Мэшем 
ханым оған  псалмалар оқып отырған  кезде соқты.
Локктың басты туындыларының арасынан «Толеранттық туралы хаттар» 
(1689 ж.),  «Адам  парасаты туралы тәжірибе»  (1690 ж.),  «Басқару туралы екі 
трактат»  (1690  ж.)  еңбектерін  ерекше  бөліп  көрсетуге  болады.  Бір  жылдың 
ішінде ол  (1693 ж.) «Тәжірибе туралы  кейбір ойлар» және «Христиандық па­
расаты» сияқты еңбектерін жариялады.
Ойлары
Саясат  философиясының  бұдан  ертеректеу  кезеңдегі  өкілі  Томас  Гоббс 
(1588-1679) адамның өмірі табиғи  күйде «жалғыз,  кедей, жексұрын,  қатыгез 
және қысқа» болуы тиіс деп есептеді. Локк табиғи  күйдегі өмір өзінің сипаты 
бойынша  әлеуметтік,  бірақ  жеткілікті  дамымаған,  жетілдіруді  және  «бейбіт- 
шілікті,  мейірімділікті,  өзара  көмекті,  қауіпсіздікті»  қажет етеді деп  басқаша 
пайымдады.  Адамдар  әрқашан  ақыл-ойдың  заңына  бағынады,  ол  қоғамның 
басқа  мүшелерінің өмірі  мен  мүліктеріне  құрметпен  қарауды үйретеді.  Соғыс 
пен зорлық адамдар мен көсемдер осы заңды ұстанудан бас тартқанда пайда 
болады. Дегенмен осы заңды түсіндіретін жогары тіршілік иесі немесе мекеме 
жоқ.  Осылайша  Локктың  пікірінше,  адамдардың  бәрі  ақыл-ой  заңын  өздері 
қалай түсінсе,  солай түсіндіруге мәжбүр.  Бұл  ретсіздік туындатады.
Табиғи құқықтар
Локк «өмірге, еркіндікке және жекеменшікке» табиғи құқықтар бар деп тұжы- 
рымдады.  Бұл табиғи құқықтар әр адамға тиесілі. Табиғи құқыққа ие адамдар 
қоғамды  құрайды,  өз құқығының бір бөлігін қоғамға  береді.  Яғни осы  құқық- 
тар қоғамның өзінен әлдеқайда  бұрын  пайда болады.  Бұл  адамдардың таби- 
ғи  құқықтары  қоғамдық құқықтардан ертерек қалыптасады дегенді білдіреді.

96
Қоғам  табиғи  құқықтарды  қалыптастырмайды.  Сондықтан  кейбір  жекелеген 
жағдайларда болмаса, оларды  реттей алмайды.
Жылжымайтын  мүлікке  немесе  жалпылама  алғанда,  жекеменшікке Локк 
«адам еңбек қызметін жүзеге асырудың нәтижесінде жинаған белгісіз бір мү- 
лік»  деген  анықтама  береді.  Егер  адамдардың  қоршалған,  өңделген  және 
күтіп-баққан жер телімдері болса, онда олар осы адамдардың меншігі болып 
саналады. Табиғи жағдайда бүкіл мүлік -  ортақ. Әр адамның табиғи ортадан 
өзіне қорек өндіруге құқығы  бар.  Бірақ азаматтық қоғам  құру жекеменшіктің 
пайда болуына әкелді, ол индивидуумдердің арасында туындауы  мүмкін бар- 
лык қайшылықтарды бәсеңдетуі  керек еді.
Қоғамдық келісім
Локк  мемлекет  -   адамдар  арасындағы  келісім  арқылы  пайда  болды  деген 
пікірді  ұстанды.  Баршаға  ортақ  табиғи  заң  қалыптастыру  үшін  әр  адам  өзі- 
нің  табиғи  құқықтарын  қоғамға  беруге  келісті.  Адамдар  өзара  ерекше  «ке- 
лісімшарт»  жасады.  Бұл  келісімшарттың  мәні  -   адамдардың  өз  құқықтарын 
қоғамға  беруінде және одан  кейін  адамдардың  игілігі  мен  қоғам  қауіпсіздігін 
қамтамасыз ету үшін олар берген құқықтардың атынан билікті жүзеге асыра- 
тын азаматтық ұйымның -  мемлекеттің құрылуында.
Азаматтық  билікке  заңдар  дайындау  және  оларды  бұзғаны  үшін  жаза- 
ларды белгілеу құқығы беріледі. Осының арқасында ол жекеменшікке байла- 
нысты  қатынастарды  реттейді,  сонымен  қатар  қоғам  сеніп  жүктеген  билікті 
қолдана  отырып,  жеке  адамдарға  қолжетімсіз  тәсілдердің  көмегімен  жеке- 
меншікті  қорғайды.
Мүны  қоғамның  барлық  мүшелерінің  жалпы  игілігіне  жету  үшін  ғана 
қолдануға  болатынын  және бұл  биліктің  шектеулі  екенін  атап  өту  маңызды. 
Келісімшарт  абсолютті  емес,  ол  нақты,  қатаң  белгіленген  мақсаттарға  жету 
үшін жасалады.  Келісімшарт бойынша адамдардың бірлесе өмір сүруіне және 
социуиның  қалыпты  жұмыс  істеуіне  қажетті  құқықтар  ғана  беріледі.  Мем- 
лекеттің  жалғыз  мақсаты  -   «өмірді,  еркіндікті  және  жекеменшікті»  қорғау. 
Осылайша азаматтық қоғам қүрылған сәттен бастап қоғамдық қатынастарды 
реттеудегі  басымдық  көпшіліктің  шешімімен  қабылданатын  ақыл-ой  заңына 
беріледі.
Сонымен  әр  азаматтың  мемлекет  алдында  міндеті  бар,  ол  мемлекеттен 
пайда  көреді.  Егер  әлдене  ойдағыдай  болмаса  келісімшарт  бүзылып,  күшін 
жояды.  Оған азаматтың келісім  беруі міндетті емес.
Әрине,  мүның бәрі -  ойдан  шығарылған  нәрсе.  «Алғашқы  келісім-шарт»

Локк жэне Монтескье: либерал мемлекет
97
деген ешқашан болмаған. Бұл қиял бізге мемлекеттің пайда болуы үдерістерін 
түсіндіру үшін  қызмет етеді.  Сонымен  қатар адамдар осындай келісімшартты 
бұзып,  басқа жерде өмір сүруге кете алмайды.  Қоғамға  қосылған  кез  келген 
адам осы алғашқы келісімшартты қабылдайды. Джон Локк келісімшарттың не 
екенін  анық  айтпайды:  қоғам  құру  туралы  адамдардың  арасындағы  келісім 
бе, әлде азаматтар мен  мемлекеттің арасындағы  келісім бе? -  ол белгісіз.
Билік тармақтарын бөлу
Локктың  мемлекет теориясы  «билік тармақтарын  бөлу» деп  аталатын ұғым- 
мен байланысты.  Мемлекет билікті үш тәсілмен жүзеге асыруы тиіс:
(1)  Билік  заңдар  жасау  арқылы  жүзеге  асырылады;  ол  тәсіл  қазір  заң 
шығару билігі  ретінде белгілі.
(2) Заңға негізелген қандай да бір шешімдер өмірде нақты орындалғанда 
билік жүзеге  асырылады.  Атқарушы  билік деген  осы.  Локктың  кезінде атқа- 
рушы  билік  өте  шектеулі  болды.  Оның  құзыретіне тек  қоғамдық тәртіпті  қа- 
дағалау,  қаржы  айналымы  саласын  басқару,  салықтарды  тағайындау,  елдің 
мүдделерін  шетелде  қорғау (дипломатия) және соғыс жүргізу ғана  кірді.  Қа- 
зір бұл тізім  кәдімгідей кеңейді:  денсаулық сақтау,  әлеуметтік қамсызданды- 
ру,  білім  беру,  экономика  және  нарық саласын  реттеу,  ауыл  шаруашылығы, 
халықаралық сауда, теңіз  ресурстары,  экологиялық  қауіпсіздікті  қамтамасыз 
ету, транспорт және т.б.
(3)  Соңында  мемлекетте сот билігі жүзеге асырылады.  Соттар азаматтар 
мен ұйымдар арасындағы дауларды  шешкенде сот билігі жүзеге асады.
Локктың теориясы мемлекеттік биліктің жоғарыда аталған үш формасы -  
заң шығару, атқару және сот -  ешқашан да бір уақытта бір қолда шоғырлан- 
бауы тиіс деп болжамдайды.
Батыс демократияларының басым көпшілігінде сот билігі атқарушы және 
заң шығарушы  билікке  мүлдем тәуелді  емес.  Атқарушы  және заң  шығарушы 
биліктің  арасындағы  шекараның  айқындығы  әлдеқайда  азырақ.  Бул  парла­
мент™ демократиялардың  көпшілігінде  байқалады,  себебі  олар үкімет  пар- 
ламентті  қадағалап  отырғанда  ғана  жүмыс  істей  алады.  Осы  айырмашылық 
АҚШ-та анық көрінетін сияқты.
Локк  үшін  мемлекет  пен  қоғам  -   әртүрлі  ұғымдар.  Мемлекет  тек  қана 
қоғамдық  игілік үшін  өмір сүреді.  Егер де мемлекет қоғам  берген  сенімді  ақ- 
тамаса, ол өзгертіле алады және өзгертілуі тиіс.  Биліктің атқарушы тармағы, 
король  немесе  парламенттік үкімет болсын,  қанаушылық сипат ала  бастаса, 
билік қоғамға  қайтарылып, халық мемлекеттің балама түрін ұсынады.
7-263

98
Түйін
Локктың саяси  теориясы  біршама  бұлдыр  күйінде  қалды.  Ол  өзі  өмір  сүрген 
кездегі  нақты  оқиғалар заңды  және дұрыс  болды  деп  пайымдады.  Сонымен 
қатар  Локк  қоғамдық  келісімшартты  толыққанды  сараптаудан  өткізуге  ты- 
рыспады.  Келісімшарт  бір  қарағанда  жасанды,  ойдан  шығарылған  құбылыс 
болып  көрінеді.  Алайда  қазіргі  заманғы  көптеген  адамдар  оны  іргелі  миф 
ретінде бағалау қажет деп санайды.
Бүгінде  «миф»  сөзі  жалған  немесе  ойдан  шығарылған  нәрсені  белгілеу 
үшін  қолданылады.  Алғашында  бұл  ұғым  ертегіні  немесе  аңызды  білдірді. 
Жазу-сызу  шыққанға  дейінгі  қоғамда  мифтер  белгілі  заттардың  табиғатын 
түсіндіруші хикаялар туралы баяндады. Осылайша «миф» бірдеңені маңызды 
түсіндіруді  қамтыды  немесе «ақиқат» қызметін атқарды.
Қоғамдық  келісімшарт  идеясы  қазіргі  заманғы  либерал-демократиялық 
мемлекет  азаматы  болу  дегеннің  не  екенін  түсінуіңізге  көмектесе  ала  ма? 
Оның салдарлары  қандай?
Локк мемлекеттік басқаруды  келісу ұғымына -  біртұтас жалпы ерік қалай 
келісілуі  және  білдірілуі  тиіс  екені  туралы  (мысалы,  сайлау  өткізу тәсілдері; 
жалпы  ерікті  білдіру  мүмкіндігі  кімге  және  қаншалықты  ұзаққа  беріледі)  -  
ұғымға да жеткілікті  көңіл  бөле алмады.
Локктың барлық адамдар өз еркіндігін сақтай отырып, оның бөлігін мем- 
лекетке  бере  алады  деген  идеясы  сол  кезде  (кейбір  адамдар  үшін)  нақты 
көрініс тапты. Локк дәуірінде қоғамдық келісімшартты  қабылдаудан бас тар- 
тып, Америкадан кетіп, шөлейтте белгілі бір дәрежеде еркін өмір сүре алатын 
еді.  Бұл  қазір мүмкін бе? Сіз қайда  кетіп қала аласыз? Тіпті кетіп қалуға бола 
ма өзі?
Қоғамдағы  азшылықтың  құқықтары  немесе  азшылықтың  мүдделерін  ес- 
керу бойынша қоғам мен мемлекетгің міндеттері және бұл міндеттерді ең кең 
мағынасында жүзеге асыруға тырысу туралы Локктың ешқандай түсінігі бол- 
мады.  Азшылықтың  құқықтарының  маңыздылығы  туралы  бізге  XIX  ғасырда 
Джон Стюарт Милль өз еңбектерінде дәлелдеді.
Локк қоғамдық игілік ұғымына аса  көңіл бөле қоймады.  Ол жекеменшікті 
қорғау мен  қоғамдық игілік тең ұғымдар деген  пікірді ұстанды.  Қоғамдық игі- 
ліктің сізге ең маңызды және ең қажетті болып  көрінетін  құрамдас бөліктері- 
нің тізімін жасап  көріңізші.
Десек те Локк адамдарды  көбірек ойлануға  мәжбүр етті.  Қазіргі заманғы 
либерал мемлекет келбетінің біртіндеп қалыптасу үдерісі көп жағынан алған- 
да  осы  ұлы  философтың  идеяларының  негізінде жүзеге асты.  Замандастары

Локк жэне Монтескье: либерал мемлекет
99
Локкты  көзінің  тірісінде-ақ  түсінді  және  оның  идеяларын  қызу  қолдады.  Ол 
өз елі  монархтың билігін  шектеуге, тұрақты  өкілеттік ұйымдар  құруға,  авто- 
ритаризмнің нашар элементтерінен  арылуға,  сенім бостандығын жариялауға 
ұмтылған  ғаламат саяси  өзгерістер  кезеңінде өмір сүрді.  Локк осы  ұмтылыс- 
тардың озық үлгісі болды.
Шарль Луи де Секонда, барон де Монтескье
Өмірі
Монтескье  1689  жылы  Бордоның  оңтүстігінде  Ла  Бред  қамалында  дүние- 
ге  келді.  Оның  әкесі  дворяндар  тегінен  шықты  және  кавалерия  капитаны 
болды.  Монтескьенің  әкесінің  інісі  танымал  заңгер  еді.  Монтескьенің  өзі  де 
оның  жолын  қууға  тиіс  болатын.  Тынымсыз  оқудан  соң  ол  табысты  заңгер 
болса  керек еді,  бірақ ондай  өмір оны  қызықтырмады.  Құқыққа  байланысты 
қызметке  Монтескье  немқұрайды  қарады.  Оны  эксперименталдық ізденістер 
саласы  көбірек  қызықтырды.  Бордо Академиясында  ол  анатомияны  зерттеу 
бойынша  сыйлық тағайындады  және өзі де дауыс желбезегін,  жаңғырықтың 
себептерін,  массаның қасиеттерін және тағы басқаларды зерттеуге арналған 
бірқатар ғылыми еңбегін ұсынды.
Нағыз танымалдыққа  ол  өз заманындағы  француз  өмірін,  абсолютизмді, 
монархияның  тым  орталықтандырылуын,  қатаң  цензураны  сынаған  «Парсы 
хаттары» (1721) деп аталған еңбегін жасырын атпен жариялаған соң ие бол­
ды.  Бұл  еңбек Францияға  келген  парсы  қонақтарының хаттары  іспетті баян- 
далды.  Отанына  жазған  хаттарында  шығарманың  кейіпкерлері  парсы  оқыр- 
мандарына  Франциядағы  өмір туралы әңгімелейді.  Мұнда  Монтескье,  әрине, 
көпшіліктің  назарына  француз  мемлекетінің  құрылымы  мен  француз  қоға- 
мының өмір салты  туралы  өзінің өткір,  кейде тіпті тым ащы  пікірлерін  ұсыну 
мүмкіндігін  құр жіберген жоқ.
Монтескье  құқықтың  тарихы  мен  философиясы  бойынша  еңбектерін  де 
жариялады.  Бұл  еңбектерде  ол  француз  конституционализмінің  теориялық 
принциптерін  қарастыруға  ерекше  назар  аударды.  Осы  туындыларда  Мон- 
тескьенің  Еуропада  жалпыға  бірдей  монархия  құру идеясына айқын  қызығу- 
шылығы  байқалады.  1728  жылы  ол  Француз  академиясының  мүшесі  болып 
сайланды.  Осы  жылы  Монтескье  Еуропаға  саяхатқа  аттанып,  Германияға, 
Австрияға,  Венгрия  мен  Италияға,  Голландияға  барды.  Азаматтарының  ер-

100
кіндіктеріне  кепілдік  беретін  Конституциясы  өзін  таңғалдырған  Англияда  да 
болды.  Дегенмен  Монтескье  ағылшындардың  парламент™  жүйесінің  жем- 
қорлығын айыптады.
Үйіне оралған соң Монтескье құқықтың табиғатын және мемлекеттік заң- 
дардың біртұтас жүйе аясында  бірге  қызмет етуін зерттеуге арналған  ірі  ең- 
бегін жазуға  кірісті.  Бұл үшін оған өте көп оқуға тура  келді.  Осы туындысына 
Монтескье өмірінің соңғы жиырма жылын арнады және парламент пен акаде- 
миядағы  қызметінен аулақтанып, сол  кезде сәнге айналған  қоғамдастықтар- 
дың әлеуметтік шеңберінен алыстады.
Монтескьенің  «Заңдар  рухы»  («L'Esprit  des  lois»)  еңбегі  Женевада  1748 
жылы  жарық  көрді,  ол  31  том  болды.  Осы  ғаламат  туындыны  жазуға  Мон­
тескье  бар  күш-қайратын  жұмсап,  әбден  титықтады.  Үнемі  оқығандықтан 
оның  көру  қабілеті  әжептеуір  бұзылып,  денсаулығы  енді  оңалмастай  қатты 
нашарлады.  Монтескье  1755 жылы  Парижде дүниеден өтті.
Өмір шежіресі
1661  жыл -  XIV Людовик корольдің Франциядағы  билігі  басталды
1671  жыл -  Парижде Декарттың философиясына тыйым  салынды
1673 жыл -  XIV Людовик парламенттік органдардың биліктегі өкілеттігін шектеді
(заң шығарушы  органдар,  олардың  мақсаттары -  корольдің жарлықтарының дұ-
рыстығы  мен заңдылығын  қадағалауды жүзеге асыру)
1689 жыл -  Монтескье дүниеге келді.  I Петр Ресейдің дара билеушісіне айналды
1690 жыл -  Джон Локктың «Басқару туралы екі трактаты»
1721  жыл -  Монтескьенің «Парсы хаттары» жарияланды
1723  жыл  -   Корольдік  кеңес  жойылды;  XV  Людовик  кәмелетке  толған  деп  жа­
рияланды
1728  жыл -   Монтескье  Француз  академиясының  мүшесі  болып  сайланды;  Еуро- 
паға саяхат
1738 жыл -  Дэвид  Юмнің «Адам табиғаты туралы трактаты»
1743  жыл -  XV Людовик патшалық етті
1748 жыл -  Монтескьенің «Заңдар рухы туралы» еңбегі жарияланды
1749 жыл -  Дидро турмеге қамалды
1750 жыл -  Вольтер ¥лы Фридрих сарайында; «Энциклопедия» жазу туралы ұсы- 
ныс
1751 жыл -  «Заңдар рухы»  кітабы тыйым салынған туындылар қатарына жатқы- 
зылды
1753 жыл -  парламент Парижден  қуылды 
1755 жыл -  Монтескье дүниеден өтті

Локк жэне  Монтескье: либерал  мемлекет
101
Қуақы  және  жеңілтек,  күмәншіл  һәм  өркөкіректеу  Монтескье  біртіндеп 
сабырлы,  басқаларды  түсінуге  қабілетті және  оптимист адамға  айналды.  Ол 
өзін  қоршаған  нәрселердің  бәріне  зор  қызығушылық  танытты.  Жинаған  бі- 
лімдері  мен  мәліметтерін жалпылай  қорыту едәуір  қажыр-қайратты,  тыным- 
сыз да  ауыр еңбекті талап  етті.  Оның идеялары тиянақты және айқын.  Мон- 
тескьенің барлық шығармалары жоғары деңгейде дамыған құқықтық сананы, 
адамның  ар-намысына  деген  қамқорлықты,  сонымен  қатар  осы  ар-намысты 
кемсітуге жол бермеуді еске салады.  Монтескье философиясы -  Ағарту дәуі- 
рінің  бастапқы  кезеңіне  тән  ойлау  салтының  жарқын  үлгісі.  (Ағарту  дәуірі 
туралы ақпаратты  116-беттен қараңыз.)
Ойлары
Монтескье  табиғи  құқыққа  негіз  болған  теориялық  принциптерді  жасады.  Ол 
табиғи  құқық  заттардың  табиғатының  өзінен  туындайтын  қажетті  қоғамдық 
қатынастарға  сай  деп  есептеді.  Іс  жүзінде  ол  табиғи  құқық  уғымын  қолдана 
қоймаған  шығар,  бірақ  оның  түсініктеріне  сәйкес,  табиғи  құқық  -   бастапқы- 
да  әртүрлі  жағдайлардағы  бірқатар  факторлардың  әсерінен  пайда  болып,  өз 
қызметін атқарады.  Соның нәтижесінде әртүрлі халықтарда және әртүрлі геог- 
рафиялық  аймақтарда  мемлекеттік  құрылымның  әртүрлі  типтері  қалыптасты. 
Монтескье  өз  еңбегінде  түрлі  халықтардың  мемлекеттік  құрылымын  зерттеу 
арқылы  алынған  орасан  зор эмпирикалық тәжірибені жалпылап  қорытты.  Бұл 
еңбекте дәлсіздіктер,  тіпті  қандай  да  бір  бұлдыр,  фантастикалық  нәрселер де 
жиі  кездеседі.  Десек те  Монтескье  ілімінің  негізгі  мәні  -  әрқилы  халықтардың 
мемлекеттік  құрылымы  мен  құқығының  олар  өмір  сүріп  отырған  жағдайларға 
тікелей тәуелді екенінде.  Мұндай жағдайларға:  әдет-ғұрыптар, нормалар, өмір 
сүру аумағы, климаттық факторлар, тіпті топырақ ерекшелігі жатады.
Монтескье  жасаған  екінші  қорытынды  -  абсолюттік  монархияның  Фран­
ция  конституциясын өрескел бұзғаны соншалық,  қоғамның қарапайым адам- 
дарының еркіндігі тіпті  мүмкін  болмай қалды.
Монтескье  мемлекетті  басқаруды  үш  негізгі типке жіктеді  және олардың 
әрқайсысы  белгілі бір принциптермен сипатталатынын атап  көрсетті:
•  республика өз азаматтарының азаматтық адамгершілігіне тәуелді;
•  монархия  өз әскерлерінің ар-ожданына тәуелді;
•  деспотизм  қол астындағылардың үрейі  мен  құлдығына тәуелді.
Ол  республика  -   шағын,  монархия  -   орташа,  деспотизм  -   ірі  мемлекет 
болуы тиіс деп есептеді.  Неге бұлай болуы  керек -  оны  ешкім білмейді.

102
Монтескье  абсолюттік  монархияны  деспотизм  формаларының  бірі  деп 
есептеді. Ол өзі өмір сүрген дәуірдегі Францияны деспотизмі үшін айыптады. 
Француз деспотизмі король мен халық (заңды қолданушы) арасын байланыс- 
тырушы  аралық  билік  құрылымдарын  толығымен  жойды.  Осылайша  құқық- 
тың өзі жоғарғы биліктің еркіне теңбе-тең саналды.  Ол Англияның құқық үс- 
темдігіне, адамның жеке құқықтарын  мойындауға және сақтауға  негізделген 
сауатты  монархия деңгейіне жеткеніне сенімді  болды.
Монтескьенің  негізгі  мақсаты  -   қоғамдағы  еркіндікті  өзіне  тәуелді  еткен 
жағдайларды  қарастыру және талдау еді.  Ол осы еркіндікті Францияда қайта 
қалпына  келтіргісі  келді.  Монтескье  Англияда  еркіндік  «билік  тармақтарын 
бөлуге»  сүйенді  деп  есептеді:  заң  шығарушы  билік,  атқарушы  билік  және 
сот билігі  әртүрлі  адамдардың  қолында  болды;  мемлекеттік  биліктің осы  үш 
тармағы  арасындағы  тепе-теңдік  дәл  осылай  сақталды.  Ол  абсолюттік  әді- 
леттілік табиғаттың өзінен туындады  және  позитивті  құқықтан  бұрын  болды 
деп болжады.
Позитивті ңұқың 
-  біздің күнделікті  өмірімізді  реттейтін  құқық нормалары  (сол 
жақты қозғалыс,  20 пайыздық салық төлеу, тұрғын аймақтар аясында ең жоғары 
жылдамдықты  сағатына  50  шақырымға  дейін  шектеу  және  тағы  басқа  көптеген 
нормалар -  позитивті құқықтың қазіргі заманғы мысалдары).  Бұл заңдарды адам- 
дар жасайды  және адамдардың өздері-ақ өзгертеді.
Абсолюттік әділеттілік 
-   позитивті  қуқықтың  алдында  болады,  біздің  ол  ту- 
ралы  түсініктерімізден  тәуелсіз  өмір  сүретін  белгісіз  бір  идеалды  әділеттілік;  біз 
осындай үғымдарды олар туралы теориялық түсініктеріміздің аясында ғана «қол- 
данамыз».  Біз  «заңдылық»,  «құқықтағы  теңдік»,  «кінәсіздік  презумпциясы»  де­
ген базалық принциптер дәл осы  категорияларға жатады деп болжаймыз.
Түйін
Монтескьенің заңдар  мен  институттарды эмпирикалық зерттеуі дәл емес:  ол 
дәлелденбеген  мәліметтерді жиі қолданды.
Оның  идеялары  көбіне  Рим  республикасын  идеалдандырудан  туындады 
және өзі өмір сүріп отырған дәуірдегі ұлттық мемлекеттермен ортақ тұстары 
аз болды.
Монтескьенің көзқарасы  релятивизмге бейімдеу еді, себебі, оның пікірін- 
ше,  құрылған  және  сақталып  отырған  кез  келген  мекеменің  маңызды  негіз- 
дері  бар,  сондықтан  «рационалды».  Мұндай  көзқарасты  тіпті  Монтескьенің

Локк жэне Монтескье: либерал мемлекет
103
өзі  жек  көрген  француз  абсолюттік  монархиясының деспотизмін  ақтауда  да 
қолдануға  болады.  Релятивизмнің  осындай  формалары  Монтескье  бар  еке- 
нін  мойындаған абсолюттік әділеттіліктен туындайтын кез келген  моральдық 
нормалардың  өзін-өзі  ақтауы,  мемлекеттік  заңдардың  өзгермеуі  ұғымдары- 
мен  міндетті түрде соқтығысуы тиіс еді.
Монтескье адами заңдарды  рационалдық деп есептеді. Олай болса,  «жа- 
ман  құқық» бар ма? Сіз оны  қалай түсіндіре аласыз? Адами  құқық рационал- 
ды  ма және рационалды болса,  қандай дәрежеде?
Монтескьенің  философиялық  көзқарастарынан  туындайтын  маңызды 
идея:  құқық -  факторлардың тұтас кешенінің әсерінен пайда болып, дамиды. 
Құқық өзі  соның аясында әрекет етіп  отырған  қоршаған  ортаның жағдайла- 
рына тәуелді.  Мұндай тұжырымдарға  қатысты  нені атап  көрсетуге болады?
Монтескье,  сонымен  қатар  кез  келген  мемлекет  жетілмеген,  бірақ  оған 
дейін  мінсіз,  ізгілікті  мемлекет болды,  ол  қазіргі  заманғы  кез  келген  мемле- 
кетті жетілдіруге шабыт береді деп санады.
Монтескьенің  ойынша,  құқықтық еркіндік -  «заңмен  рұқсат етілген  нәр- 
сенің бәрін жасау құқын беретін еркіндік».  Бұл егер де заң сізге бірдеңені жа- 
сауға  мүмкіндік  берсе,  сіздің  іс-әрекеттеріңізді  ешкім  тоқтата  алмайды,  сізді 
жүріс-тұрыстың алдын  ала тағайындалған үлгісін ұстануға  ешкім  мәжбүрлей 
алмайды дегенді білдіреді.  Себебі заң сізге іс-әрекеттер еркіндігін береді.
Монтескье Англияда  оның жүзеге асқанын  өз  көзіммен  көрдім деп  ойла- 
ған  «билік  тармақтарын  бөлу»  идеясы  ғылыми  жолмен  жасалған  принцип- 
терге  негізделмеген.  Ол  -   мемлекеттік  тетіктің  біртіндеп  және  ұзақ  уақыт 
бойы эволюциялық дамуының нәтижесі.  Монтескье мемлекеттік тетіктің «те- 
пе-теңдігі»  ұғымын  жасап,  теорияға  өзіндік үлес  қосты.  Ақыр  соңында  АҚШ 
пен Францияда осы теориялық түсініктерге үлкен маңыз берілді. Тежеу және 
қарама-қарсылық ұғымы  АҚШ  конституциясы  (1787  ж.)  мен  Адам  және аза- 
мат құқықтары декларациясында  (1789 ж.)  көрініс тапқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет