Бағдарламасы аясында іске асырылды derek johnston a brief history of philosophy from socrates to derrida



Pdf көрінісі
бет6/19
Дата08.11.2019
өлшемі6,72 Mb.
#51421
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Түйін
Стоицизмді бір-біріне қарсы үғымдарға -  ерік еркіндігі мен детерминизмге жа- 
қындығы  үшін  сынауға  бола  ма?  Бір жағынан,  Зенонның  ілімі  космологиялық 
детерминизмге  негізделген.  Екінші  жағынан,  философ  «ізгі  қасиеттер  адам 
еркінің өмірде жүзеге асуының көрінісі» деп түжырымдады.  Ерік еркіндігі  мен 
детерминизмді үйлестіру мәселесі стоицизмде ғана  көрініп  қойған жоқ.  Бұл -  
жалпы  философияның,  этиканың және христиандық теологияның ең  күрделі 
мәселелерінің бірі.  Ол ұзақ уақыт бойы  шешілмеген  күйде қалып  келеді.
Стоицизм  бізге  дүниеде  болып  жатқанның  бәрі  -   жапырақтың  түсуі,  екі 
пойыздың  соқтығысуы,  Иракта  соғыс  бастау  шешімі  -   алдын  ала  шешілген 
нәрсе дейді.  Біз ештеңені де өзгерте алмаймыз. Яғни белгілі бір іс-әрекеттер- 
ден  сырт  қалу,  мінезімізді  өзгерту  мүмкін  емес.  Бұл  сіздің  өз түсініктеріңізге 
сай  келе  ме? Сай  келмесе,  бұған  қарсы  қандай  негізделген  пікіріңіз бар?

Эпикур  мен Зенон: жаңсы өмірдің сыры
61
Осы  мәселе  қазіргі  заманғы  психология  үшін  де  өзекті  және  бұл  қыл- 
мыстық  құқықта  да  жиі  туындайды.  Біздің  іс-әрекетіміздің  бәрі  алдын  ала 
шешіліп  қойған  болса,  Джо  Блоггс  өз  көршісін  өлтіргенінде  стоицизм  ұста- 
нушысы:  «Бүл  оқиға  болмай  қоймайтын  еді  және  ол  Джоның  өткен  өміріне, 
өскен  ортасына,  тегіне,  сол  қауіпті  сәтте ол  тап  болған  жағдайға  байланыс- 
ты,  кісі  өлтіруші  өзінің  іс-әрекеттеріне жауапты  болған  жоқ», -  дер еді.  Бас- 
қаша айтқанда, еркіндіктің сыртқы көрінісіне қарамастан, Джо Блоггс бәрібір 
еркін  болмады.  Және  біздің  ешқайсысымыз  да  еркін  емеспіз.  Бірақ  біз  ерік 
еркіндігі  мәселесін  қарастырсақ,  сәл өзгеше түйін  жасаймыз.  Сонымен  қатар 
«еркіндік»  деген  сөз  алдыңғы  тарауда  әртүрлі  мағыналарда  қолданылады. 
Егер «еркіндік» және «еркін» сөздері жекелеген жағдайларда әртүрлі ойлау- 
ды  және  іс-әрекет жасауды  білдіретін  болса,  жоғарыда  келтірілген дәйектер 
аздап  қисынсыз.
Мен  «еркінмін»  дегенде,  бұл  сөзбен  нені  меңзеймін? Дәл  қазір еркінмін, 
сондықтан бір қорап кәмпит сатып ала аламын. Сөйтуге еріктімін, оған толық 
мүмкіндігім  де,  бос  уақытым  да  бар.  Бірақ,  екінші  жағынан,  мен,  мысалы, 
ұша алмаймын. Себебі,  қанатым жоқ. Демек,  мен еркін емеспін.  Көршілерімді 
өлтіруге еріксізбін:  заңдар мен моральдық қағидалар менің ондай әрекет жа- 
сауыма тыйым  салады.  Яғни  мен  еркін  емеспін.  Сонда,  сайып  келгенде,  мен 
еркінмін  бе,  жоқ  па?  Қорыта  айтқанда,  адамдардың  бәрі  бірдей  заң  немесе 
мораль  нормаларын  бұза  алмайды  деп  түюге  бейімбіз.  Сіз  «еркін»  сөзінің 
басқа мағыналары туралы кеңінен ойлана алдыңыз ба? Ол мағыналарды қан- 
дай жағдайларда  қолданған жөн?
Стоицизмнің  немқұрайдылық теориясына  әлі  де  болса  тереңірек  бойлау 
жетпей  тұрған  сияқты.  Немқұрайдылыққа  бой  үйрету,  сонымен  қатар  басқа 
адами  сезімдер  мен  құндылықтардан  қалыс  қалу дұрыс  па?  Мысалы,  жақсы 
көретін және бағалайтын  адамдарымыз  қиын  кезеңдерді бастан  кешіп  отыр- 
ғанда оларға  немқұрайды  қарауымыз дұрыс  па?  Бәлкім,  онда тіпті теріс әре- 
кеттің өзі,  мәселен, ұрлық «немқұрайдылықпен»,  оған селт етпей,  жанымыз 
ауырмай жат пиғылмен жасалса, ол да «моральдық» әрекет болып  шыға ма?
Шамасы,  стоицизм  философиясын  өзгеше  төтенше  жағдайларда  ғана 
қолдануға  болатын  сияқты.  Философияның  көпшілік мақулдаған  этикаға  ай- 
налуы  әбден  мүмкін  екені  сондықтан  болар?  Егер де біз әдеттегіден  өзгеше, 
өте  күрделі  жағдайға  тап  болсақ,  мысалы,  кепілдікке алынсақ,  немқұрайды- 
лық бізді  қорғай алар еді.  Бірақ ер адамның немесе әйелдің осындай жағдай- 
да  әрі  қарай  не болатынына  немқұрайды  қарауы  дұрыс болар  ма  екен? Егер 
адамдар  жай  ғана  үйлерінде  отырып,  отбасы,  балалары,  достары  және аға- 
йындары  туралы  қам  жемейтін  болса,  мұны  моральдық  прогресс деп  атауға

62
бола  ма? Олар кепілдікке алынған адамдарға  қатысты  алғанда толық немқұ- 
райды  күйде болуы тиіс пе?
Не болса да,  бұл  жерде өте қызықты,  бірақ бір қарағанда  байқалмайтын 
астарлы ой  бар. Төтенше,  шұғыл жағдайларды  шешу жауапкершілігі жүктел- 
ген адамдар болған  жайттарға тым эмоциялы  қараса,  қызметтерін тиімді  ат- 
қара  алмайды.  Олар  күрделі жағдайда  айрықша  қажыр-қайрат,  жинақылық, 
төзімділік көрсетіп, өзін-өзі ұстай білуге тиіс.  Бұл  полицейлер, өрт сөндіруші- 
лер,  медицина  қызметкерлері өмірде жиі тап болатын қалыпты жағдаяттарға 
қатысты  екенін атап өту қажет.
Екінші жағынан, егер өмірде бәрі жақсы болса, немқұрайды болу ақымақ- 
тық сияқты,  өйткені ондай сәттерге рақаттану керек қой.
Стоицизм  -   жүбату  философиясы.  Апостол  Павел  түрмеде  отырғанда: 
«Қандай  халде  болсам  да,  өмірден  қанағат табуды  үйрендім»,  -  деп  жария- 
лаған болатын.  Ол  мұны  нағыз ержүрек стоик сияқты айтты.

4. Акуинолың Томас:  нақты дүниені 
бірыңғай түсіндіру
Акуинолық  Томас  есімі  тілге  оралғанда,  біз  оны  христиан  әлемінің  ұлы  фи- 
лософтарының  бірегейі  ретінде  еске  аламыз.  Христиан  әлемінде  Акуинолық 
Томас  пайда  болғанға  дейін  де  (кейбіреулер  бұл  жерде  Медиоландық  Амв­
росий,  Стридондық  Иероним,  Аврелий  Аугустин  және  I  ¥лы  Григорий  сияқ- 
ты  философтарды  есіне түсіре  алады;  төртеуі  де  батыс христиан  шіркеуінің 
ұстаздары  ретінде  белгілі),  одан  кейін  де  ойшылдар жеткілікті  болды.  Бірақ 
Акуинолық  Томастың  ілімі  мен  еңбектері  батыс  христиан  білімінің  негізіне 
айналды.  Әсіресе  Рим-католик  дәстүрінде  болашақ  дін  өкілдерін  дайындау 
осы  ілімге сүйеніп жүргізілді. Акуинолық Томас философиясын «томизм» деп 
те  атайды.  Оның  қазіргі  қалыпқа  сай  жарияланған  еңбектері  бірнеше  кітап 
сөресін  толтырады.  Осыған  қарамастан,  философ  олардың  бәрін  айтарлық- 
тай аз уақытта -  жиырма жылдың ішінде жазып шықты (деп болжамдалады). 
Акуинолық  Томастың  есімі  doctor  angelicus  құрметті  атағының  иегері  ретін- 
де  жиі  айтылады  (бұл  жердегі  «доктор»  сөзінің  медицинаға  қатысы  жоқ,  ол 
латынның  «оқытушы»  дегенді  білдіретін  ескі  сөзінен  туындайды;  жоғарыда 
айтылған  сөз тіркесі  «періште доктор»  деп  аударылады).  XXI  ғасырда  оның 
еңбектеріне  қызығушылық  айтарлықтай  өсті,  оның  философиялық  әдістері 
қазіргі заманның ағымына қарсы келмейді. Сондықтан әлі күнге белсенді түр- 
де  қолданылады.  Акуинолық Томастың  негізгі  идеяларын  қамтыған  филосо- 
фиялық ағым  неотомизм  ретінде белгілі.
Өмірі
Акуинолық Томас Неапольге жақын қамалда  1225 жылы дүниеге келді. Әйгілі 
христиан  философының  әкесі  Акуино  қаласының  графы  еді.  Білім  алу үшін 
Томасты бес жасында  Монте-Кассинодағы  Бенедикт монастыріне жіберді.  Ол 
сол жерде  1239 жылға дейін болды. Томас он терт жасында  Неаполь универ- 
ситетіне оқуға түсті. Жиырма жасында ол доминикандықтар орденінің мүшесі

Акуинолық Томас

Акуинолың Томас:  накты дүниені  бірыңғай түсіндіру
65
атанды.  Бұл жайт оның отбасын қатты қамықтырды, ақыры ағалары болашақ 
философты  ұрлап  әкетіп,  отбасылық  қамалда  бір  жыл  бойы  күштеп  ұстап 
отырды.  Бірнеше жылдан  кейін  Акуинолық Томастың отбасы тән  рақаттары- 
на тамсанып, тақуалық таңдауынан бас тартар деген үмітпен оның бөлмесіне 
жас әрі әдемі қызды әкелді.  Бірақ жаратылысы өзгеше жас жігіт діни жырлар- 
ды  жатқа айта отырып,  қызды бөлмесінен  қуып  шықты.
Таңдауына адал болуға бекінген Томас бәрібір үйінен қашып, оқуын жал- 
ғастырды,  бұл  жолы  Париж университетінде  оқыды.  Оның  мұндағы  тәлімге- 
рі  -   өте  білімді  және  интеллектуалдық  қызығушылығы  мол  ұстаз  ¥лы  Аль­
берт  еді.  ¥лы  Альбертті  әсіресе  Аристотельдің  еңбектері  қызықтырды.  Бұл 
Акуинолық Томастың философиялық ойларының дамуына едәуір ықпал етті. 
Кейбіреулер Томас ұстазы  сияқты  өте  білімқұмар емес еді  деп  жорамалдай- 
ды,  бірақ  оның  бойында  алған  білімін  жинақтау және  жүйелеу  сияқты  біре- 
гей  қабілет бар-тын. Акуинолық Томас христиандық идеяларды жеткізу үшін 
Аристотельдің  философия  ұғымдарын  қолданып,  табысқа  жетті.  XX  ғасырға 
дейін  Акуинолық  Томастың  ілімі,  сондай-ақ  Аристотельдің  философиялық 
теориялары  Рим-католик  шіркеуінің  іліміне  нәр  берген  және  ең  маңыздысы, 
оны тікелей айқындаған қайнар көз болып келді.  Бірақ бул ұлы философтар- 
дың еңбектерін бұрыс тәпсірлеушілердің де болуы  мүмкін еді.
Акуинолық Томас  Парижде  1248  жылға  дейін  өмір  сүрді,  сосын  сол  ша- 
мада  доминикандықтар  орденінің  жаңа  мектебі  (studium  generale  -   уни- 
верситеттің  көне  аты)  пайда  болған  Көлнге  көшіп  барып,  онда  1252  жылға 
дейін  тұрақтады.  Парижге  оралған  соң  ол  Інжілді  зерттеуін  жалғастырып, 
1256 жылы Ломбардтық  Петрдің «Сентенцияларына» түсіндірмелерін жазып 
бітті.  Бұл жұмысты жүзеге асыру Акуинолық Томасқа теологиядан дәріс оқу- 
ға  рұқсат  беретін  ғылыми  дәрежені  -  лиценциат™  алу  үшін  қажет еді.  Сол 
жылы оған магистр дәрежесі  берілді.
1259 жылы Акуинолық Томас Италияға аттанып,  біршама уақыт Папа  ку- 
риясының жанындағы Studium generale оқу орнында теологиядан сабақ бер- 
ді. Ол  1268 жылы Парижге оралып, онда  1272 жылға дейін болды. Неапольде 
ол  1272  жыл  мен  1274  жылдың  арасында  тағы  бір  Studium  generale  ашты. 
Томас кейін Лионға шіркеу кеңесіне қатысуға шақырылды, алайда соған бара 
жатқан сапарында,  қырық тоғыз жасында  қайтыс болды.
Акуинолық Томас өзінің бүкіл  өмірін  Рим  католицизмінің  ортодоксиясын 
зерттеп,  қорғауға  және  католиктік  ақиқатты  қатаң  жүйелеуге  арнады.  Ол 
ойларын  әдетте  үш  хатшыға  (кей  дереккөздерге  сенсек,  олар  төртеу  бол­
тан) дауыстап оқып отырып жаздырған  көрінеді. Үздіксіз үнемі оқып-жазып, 
қимыл-қозғалысы  аз  болғандықтан  оның  дене  бітімі  тым  толық  еді  деседі.
5-263

66
Сол себепті философтың жазу үстелінің үстіңгі жағынан оның қарны сыятын- 
дай жарты  шеңбер тәрізді ойық жасалса  керек.  Кей дереккөздер Акуинолық 
Томасты бойшаң, семіз, ауыр денелі, жалбыраған  ақсары  шашты,  өңі  қоңыр- 
қай,  басы  қасқалау  кісі  еді  деп  сипаттайды.  Бірақ толықтығына  қарамастан, 
оның қайраттылығы соншалық,  Неапольден Парижге, одан Көлнге жетіп, сол 
жақтан Парижге қайта соғып, сонан соң Римге барып,  қайтадан тағы да  Неа- 
польге оралып, жиыны  15 000  шақырымды (жаяу) жүріп өткен екен.
Діни қауымның өкілі болғандықтан Акуинолық Томас өте діндар адам бол- 
ды,  бүкіл  өмірін  Исаның  мейірбандығы  мен  Қасиетті  бірігуге  сенуге  арнады. 
Томасты  әулие  санатына  қосуды  қолдаушылар  оны  ылғи  жымиып  жүретін, 
елгезек,  мейірімді  де  ашық,  қарапайым  да  шыдамды,  басқаларға  ешқашан 
жаман  сөз  айтпайтын  жан  деп  суреттейді.  Рим  папасы  IV  Урбан  Акуинолық 
Томасты  Исаның тәні  мен  қаны  мерекесіне  арналған  күн  сайынғы  сыйынуға 
шақырды,  бұл  рәсім  аясында  Исаның  тәні  мен  қанының  бірігу  тылсымында 
болуы  немесе жүзеге  асуы  тойланатын  (мерекені  өткізу  1264 жылы  міндетті 
болды).
Акуинолық  Томастың  екі  негізгі  еңбегі  -   1258-1260  жылдары  шыққан, 
христиан дінінің ақиқаттылығын  ең әуелі  христиан  емес ойшылдарға  (шама- 
мен,  мұсылман-арабтар)  қарсы  бағытталған  дәлелдер  келтіру  арқылы  жа- 
рия  еткен  «Summa  contra  Gentiles»  («Пұтқа  табынушыларға  қарсы  сумма», 
«Философия суммасы»  ретінде де белгілі) және «Summa theologiae»,  немесе 
«Summa  theologica»  («Теология  суммасы»,  1265-1274  жж,),  Акуинолық  То­
мас философиялық теорияларын жасап, еңбектерін жазған кезең -  исламның 
христиандыққа  қарсы тұра бастаған уақыты еді.  Христиан  ілімі исламнан  көп 
нәрсені  қабылдап,  көп  нәрсені  үйренуге  тиіс-тін.  Акуинолық  Томастың  ұлы 
философиялық жетістіктері  мен еңбектері -  соның дәлелі.
Акуинолық Томас Тулузада, Якоб шіркеуінде (Eglise des Jacobins) жерлен- 
ді.  Оны  1323 жылы XXII  Иоанның шешімімен  канондады  (әулиелер қатарына 
қосты).  Акуинолық  Томасты  7  наурызда  еске  алады,  бірақ  бұл  күн  қазір  28 
қаңтарға ауысты.
Өмір шежіресі
1180-1170 жылдар -  Аверроэс (Ибн  Рушд -  аудармашылар) Аристотель ілімдері-
не түсіндірме жасады
1215 жыл -  Еркіндіктердің ¥лы Хартиясы
1217 жыл -  Бесінші  крест жорығы басталды
1225 жыл -  Акуинолық Томас дүниеге келді

Акуинолың Томас:  наңты дүниені бірыңғай түсіндіру
67
1226 жыл -  Қасиетті  IX Людовик Францияның королі  атанды 
1230 жыл -  Акуинолық Томас Монте-Кассинода тәрбиеленді 
1239 жыл -  Акуинолық Томас Неаполь университетінде болды
1245 жыл -  Акуинолық Томас доминикандықтар орденіне кірді, оны өзінің отбасы 
«ұрлап әкетті»
1246 жыл -  Акуинолық Томас Парижде ¥лы Апьберттің шәкірті  атанды 
1248 жыл -  Акуинолық Томас ¥лы Альбертпен бірге Көлнде
1256 жыл -  Акуинолық Томасқа ғылыми атақтар берілді
1257 жыл -  Акуинолық Томас Папа  куриясы жанындағы  мектепте сабақ берді 
1265-1274 жылдар -  «Теология суммасы» еңбегін  жазды
1271  жыл -  Марко  Поло өзінің Қытайға саяхатын басгады
1272 жыл -  Акуинолық Томас Неапольде мектептің негізін  қалады
1274 жыл -  Акуинолық Томас шіркеу кеңесіне қатысу үшін Лионға бара жатқанда 
дүниеден  өтті
Ойлары
Христиан философы
Ең  алдымен,  философия  және  теология  ұғымдарының  мағынасын  анықтап 
алғанымыз өте пайдалы болар еді.
Теология  -   діни  теориялардың  негізгі  ережелерін  жүйелеу  талпынысы. 
Ал дін -  бізді қоршаған  нақты дүниенің ақиқат ішкі мәнін  көруіміздің бейнесі: 
оның кейбір элементтері  рационалды,  кейбірі  бейрационалды  (ескерту:  бей- 
рационалды  дегенде,  біз  оларды  ұғынуға  ақылымыз  жетіңкіремейді  дегенді 
меңзейміз;  бірақ  бұл  ол  элементтер  иррационалды  деген  сөз  емес).  Діннің 
бейрационалды  элементтеріне  интуиция,  яғни  ақиқатты  түп  негізінен  тіке- 
лей  ұғыну,  эмоция  және  адамның  Құдайға  құлшылық  ету  қадамы  жатады. 
Мұндай  элементтер  діндегі  «аянға»  мықтап  тәуелді.  Аян  немесе  Құдіретті 
нұрға  бөлену,  әлде  көріпкелдік  қандай  да  бір  мәлімет  немесе  білім  адамға 
Құдіретті негізден келеді дегенді білдіреді. Сонан соң белгілі бір адамдар осы 
элементтерді  -   «аяндарды»  -   сыни  тұрғыдан  қарастырады,  олардан  негізгі 
құндылықтарды  шығарып  алып,  бір  кездері  қасиетті  ұстаздардың  аузынан 
шыққан  немесе  қасиетті жазбаларда  бар  ілімдердің шамалас маңыздылығын 
айтады,  жаман  мен жақсының, дұрыс пен бұрыстың парқын  қарастырып  ше- 
шеді,  шіркеу қызметінің ғұрыптық жағын дамытуға  ықпал  етеді.  Осының бә- 
рін  бұл  адамдар өз ойлары  мен түсініктерінің негізінде жасайды.  Демек,  осы 
айтылғанның бәрі діннің рационалды элементтеріне жатады.

68
Теологияның арқасында  ғана  дін  бұрынғыдан  тиянақтырақ бола  түседі, 
сонымен  қатар таза  адами  қызметке  айналады.  Теологияның  басты  негізі -  
сенім  және  оның  қағидалары  (бейрационалды).  Теология  діни  идеяларды, 
олардан  біртұтас  рационалды,  логикалық  және  реттелген  жүйе  құра  оты- 
рып,  жинақтайды.  Теологияның  басты  мақсаты  -   сенімнің  мән-мағынасын 
зерттеу,  оны  ақылмен  танып-білу  және  оның  ақиқаттары  мен  құндылықта- 
рына  қайшы  келетіннің бәрін сүзгіден өткізбей тастау.
Философия  өмірлік тәжірибеден  алынып,  жиналған  мәліметтердің  бәрін 
рационалды  әдістердің  көмегімен  зерттеу  қажет деп  пайыидайды.  Филосо­
фия  біз өмір сүріп  отырған дүние  мен  біздің өмірлік тәжірибемізді  реттеуге, 
үйлестіруге,  жинақтауға ұмтылады.  Оның «аянмен» ісі жоқ. Ақыл-ойдың кө- 
мегімен жүзеге асырылады.  Ойлаудың осы екі -  діни және философиялық -  
түрінің  арасында  едәуір  айырмашылықтар  бар.  Дін  өзінің  басты  көрінісі  -  
қандай  да  бір  жоғары  объектіге  (Құдайға)  беріле  қызмет  ету  деп  түсінеді. 
Ал  философтар толық дәлелденбеген теориялар  мен  гипотезаға ессіздікпен 
беріле  қызмет етуге болады деп есептемейді.
Десек те философия  мен теология  кейбір  мәселелер тұрғысынан  алған- 
да  біршама  жақын.  Теология  рухани  негіз  -   дүниеде  бар  болып  отырған- 
ның бәрінің  ақиқат  көзі  деп  тұжырымдайды.  Бұл  жоғары  рухани  негіз  өзіне 
тәуелдінің  бәріне  қамқорлық  пен  мейірім  сыйлайды.  Сондықтан  теология 
діннің  нағыз  рухани  маңызы  бар  элементгері  мен  жай  ғана  дәстүрлі  және 
эмоциялық  құндылықтарға  ие элементтерінің  ара-жігін  дәл  айқындауы  (на- 
ғыз философиялық әдістермен) тиіс.  Философ зерттеудің ғылыми әдістеріне 
басымдық  береді  және  ғылым  адам  өмірінің  қандай  да  бір  құндылықтары- 
на  жатпайтынын  атап  көрсетеді.  Біз  интуиция  мен  адамгершілік  қағидала- 
рын  өзіміз  зерттеп-танығымыз  келетін  нақты  дүниенің  құрамдас  бөліктері 
деп  қабылдағанда  ғана  дін  философиясының  бар-жоғы  сұрақ  туғызбайтын 
болады.
Жуйеленген христиандық философияның  дамуы
Платон  қайталанбас және терең  ойлы  философ  болды:  ол  өзіне дейінгі  ой- 
шылардың  идеяларын  жинақтап,  қорыта  білді,  сондай-ақ  сол  идеялардың 
негізгі  мәнін  анықтап,  олардан  әлдеқайда  терең  мағына  таба  алды.  Ол  өз 
философиясын  ретті  жүйеге  келтірген  жоқ.  Платон  философиясы  қарама- 
қайшылықты,  ішкі үйлесімі  жоқ  идеялардың  қарабайыр жиынтығы  емес еді. 
Десек те Платон беймәлім, күмәнді немесе түсіндірілмеген тұстары жоқ, аяқ- 
талған  философиялық жүйе құруға ұмтылды.

Акуинолың Томас:  наңты дүниені бірыңғай түсіндіру
69
Ерте  христиандықтың  әкейлері  Платон  еңбектерінен  өздеріне  пайдалы 
көп  нәрсе тапты.  Олар  платонизм тілін  жақында  пайда  болған христиан дү- 
ниетанымының  негізгі  идеяларын  бейнелеу  үшін  қолдануға  ұмтылды.  Олар 
Платонның сезім  әлемі  мен  мәңгілік формалар дүниесін  ажыратуға  қатысты 
көзқарастарын  жоғары  бағалады.  Оларды  Платонның  адамгершілік тазалы- 
ғы,  адам  жанының ұлы  міндеті -  ізгілікке ұмтылыс деген  пікірі қызықтырды. 
Шіркеу  әкейлері  Платонның  кейбір  идеяларын  теріске  шығарғанын  да  атап 
өту керек (бұл теория бойынша адамның жаны бұрынғы өмірлерде өмір сүр- 
ді,  ал  христиан діні  бойынша,  Құдай әр адамды  бірегей  және  құндылық деп 
бағалайды).  Олар Платонның білімге еске түсіру арқылы жету теориясы  мен 
христиандықтың  Қайта  тірілу  іліміне  қарсы  келетін  ажалсыздық  теориясын 
да  қабылдамады.
Христиан  шіркеуінің әкейлері Аристотельді жоғары бағалай  қойған жоқ. 
Себебі  оларға  Аристотельдің  материализмге  бейімділігі  ұнамады.  Аристо­
тель  іліміне  сәйкес,  ұстамдылық  пен  бірқалыптылыққа  негізделетін  ізгі  қа- 
сиеттер христиандықтың  махаббат туралы  идеясына  (Caritas)  қайшы  келді. 
Аристотельдің  Құдайы  (болмыстың алғашқы  себебі)  өзінің жақсы  көріп  жа- 
ратқан  қауымынан  өте  алыс  болды.  Осылайша  ерте  христиандықтың  өкіл- 
дері Аристотельдің іліміне күмәндана  қарады және оның еңбектерін  елеме- 
ді.  Көп ұзамай бұл еңбектер жоғалып  кетті. ¥лы философтың аз ғана еңбегі 
сақталып,  еуропалықтарға  белгілі  болды.  Бірақ  қолда  қалғаны  сапасыз  кө- 
шірмелері  ғана  еді.  Аристотельдің  ең  маңызды  еңбектерінің  басым  көпші- 
лігі  Араб дүниесінің  көрнекті  кітапханаларында сақталды.  Бұл христиандық 
Еуропаның  араб  Шығысымен  жемісті  байланыстары  басталып,  Аристотель 
еңбектерінің ең жақсы  нұсқалары  кеңінен танымал  болғанға дейін  еді.  ¥лы 
араб  ойшылдары  Авиценна  (Ибн  Сина  -   аудармашылар)  (980-1037)  мен 
Аверроэс (Ибн  Рушд -  аудармашылар) (1126-1298) Аристотель философия- 
сының  кейбір  элементтерін  Платонның  ойларымен  араластырғаннан  кейін 
Батыс Аристотельдің еңбектеріне  қызыға  бастады.  Аристотель философия- 
сына  назар  аударған  және  осы  арқылы  оған  Еуропаның  қызығушылығын 
оятқан  алғашқы  Батыс  ойшылы  ¥лы  Альберт  еді.  Оның  ісін  Акуинолық То­
мас жалғастырды.
Акуинолық  Томастың теологияға қосқан  үлесі
Акуинолық Томас сенім мен ақылдың түрлі өлшемдер екеніне сенімді болды. 
Ақиқат  сенімнен  туындаған  жағдайда,  ол  -   Құдіретті  аянның  сыйы.  Ақыл 
уғынған ақиқат та -  Құдіретті аянның сыйы.  Бірақ Акуинолық Томас адамның

70
ақыл-ойы  Құдіретті  аян  сәулесінің  көмегінсіз  де  ұғына  алады  деп  есептеді. 
Томастың  ойынша,  Құдай  жанға  жарығын  түсіріп,  нұрландырады.  Тек  осы 
жағдайда ғана жан мәңгілік ақиқаттарды өз ақылымен қабылдауға қабілетті. 
Осылайша  Құдайдың  жаратушы  күшін,  Құдайдың  мәңгілігін  және  Құдіретті 
күшті  аянның  көмегінсіз-ақ дәлелдеуге болады.  Құдірет табиғатын  адам  се- 
зім арқылы танып-біле алар еді.
Томас танымның Аристотель ұсынған  принципін  ықыласпен  қабылдады. 
Бұл  принцип  бойынша  кез  келген  танымдық  үдерістер  сезіммен  түйсінуден 
басталады:  «Nihil  in  intellects  quod  non  prius  fruerit  in  sensu»  («Адамның 
ақылында  әуелгі  кезде оның сезімдерінің  көмегімен  қабылданбаған  ештеңе 
жоқ»).  Акуинолық  Томас  Құдайдың  бар  екенін  қисынды  түрде  дәлелдеуге 
негіз  бола  алатын  бес  жолды  дайындады  (оларды  теистік  дәлелдер деп  те 
атайды).  Томас  бұл  дәлелдерді  адамның  ақыл-ойына  аса  қажет деп  қарас- 
тырды.  ¥лы философтың ойынша,  оның себебі біздің Құдай туралы біліміміз 
бен  түсініктеріміздің  көмескілігінде,  шатасқанында,  сол  себепті  де,  Құдірет 
табиғаты туралы анық та ұғынықты пайымдай алмаймыз. Томастың бүкіл дә- 
лелдері  апостериор  (яғни  тәжірибеден  туындайтын)  болды:  олар  салдарды 
негізге алып, оны туындатқан себепті анықтады.
«Пұтңа табынушыларға  қарсы сумма» (1260)
•  Даналар ғаламды  оның бастауынан, түпкі  себебінен,  аяқталуына дейін ұғына- 
ды.  Ақиқат -  ақырғы  мақсат.  Егер  адам  кез  келген  заттың,  кез  келген  құбы- 
лыстың  басы  мен  соңын  танып-білгісі  келсе,  ол  таным  үдерісін,  ең  алдымен, 
Құдірет табиғатын түсінуден бастауы тиіс.
•  Сенімнің адам ақылына белгілі  принциптерге қайшы ақиқатгары жоқ.
•  Біздің  заттарды  түсінуіміз  тұрақты  емес,  ол  уақытша  және  өзгермелі.  Құдай- 
ды түсіну -  мәңгілік және өзгеріссіз.  Құдай  объектіні тікелей  емес,  бәрін  бірге 
және бірден тусінеді. Ол жалпыны  қалай жақсы білсе, жекені де сондай жақсы 
біледі.
•  Құдай  еркінің  қандай  да  бір  көріністерін  туындататын  жалғыз  себеп  -   Оның 
даналығы.  Құдайдың еркіне сырттан ештеңе ықпал ете алмайды.  Құдайды сүю 
керек,  Құдай адамдардың басқа бірдеңені  қастерлегенін  қаламайды.
•  Құдай әлеуеттіліктен ада:  Құдай -  белсенді  күш.  Өзінің мәнінде  Құдай  шексіз; 
Құдайдың білімі және болып жатқан жайттарды тусінуі де шексіз.
•  Адамдар  рационалды  жан  иесі  болғандықтан,  олардың  нағыз  бақыты  -   Құ- 
дайды  пайымдау,  оның  мәнін  ұғыну:  Құдіреттің  табиғатын  ұғынуды  адам  бұ 
дүниеде аяқтай алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет