Рене Декарт: жүйелі күмәндану — философиялың әдістің бір түрі
83
Ол пеш үстінде күні бойы қалай отырды? Бұл оған не үшін қажет болды?
Осы туралы бірнеше болжам бар. Мүмкін, ыстық пеш тұрған бөлме үйдегі
жалғыз жылы бөлме болған шығар. Тағы бір пікірге сүйенсек, пеш бөлмеге
қарай шығып тұрған текшеде орналасқан болса керек. Осылайша текшеге,
яғни пеш сөресінің астындағы тақтаға жайғасқан адаи отқа жақынырақ оты-
рады екен. Қалай болғанда да, бұл қазіргі заманғы философия дүниеге кел-
ген жерге айналды.
Германиядағы дәл осы пеште Декарт схоластикалық философиядан
біржола бас тартуға, оны сызып тастап, бәрін қайтадан бастауға бел бай-
лады. Осы мақсаттары оның алғашқы философиялық және ғылыми еңбе-
гінде, ғылым әлемі үшін үйреншікті емес, жаңа тілде (латынша емес, фран-
цузша) жазған еңбегінде жүзеге асты. Декарт «өзінің табиғи ақыл-ойын
ғана қолданатындарға» осы кітаптың түсінікті болғанын қалады. Бұл кітап
«Әдіс туралы пайым» деп аталды. Декарт осы еңбегінде өз зерттеулеріне
негіз болған төрт ережені бейнеледі. Біз енді соларға нақты назар аударып
көрейік.
К а ртези ан д ы ң ереж ел ер
Адамның көптеген ережелерді ұстануы көп ретте оның ақиқатты жете ұғына
алмауының себебіне айналады деп атап көрсетті Декарт. (Мемлекетте заң аз
болса, оны басқару әлдеқайда тиімді болатынын ол түсінді). Сондықтан ол төрт
ереже ғана ұсынды. Қазіргі заманғы саясаткерлер «мемлекеттік реттеуді бәсең-
дету» туралы айтқанда, өздері байқамастан, Рене Декарттың ойларын қайта-
лайды.
1. Ол ақиқат деп ақиқаттығы айқын нәрсені ғана қабылдады. Нені болсын өзі-
нің лайымдауларында анық және айқын түсінбегенше, күмәндануға ешқандай
негіз қалмағанша, Декарт ештеңені қабылдамады. Оның тек қана айқын және
дәл идеяларды қарастыру ережесі осыдан анық көрінеді.
2. Декарт әр мәселені өз мүмкіндіктерінің аясында, көптеген қарапайым бөлік-
терге бөлді. Бұл бөліктер мәселені тезірек және дұрыс шешу тұрғысынан ал-
ғанда, қажеттілік принципі бойынша ажыратылып көрсетілді. Осы ереже ана
лиз (талдау) деп аталады.
3. Оның барлық ойлары белгілі бір рет бойынша баяндалды. Декарт пайымдау-
ларын түсінуді жеңіл қарапайым идеялардан бастады. Әрі қарай ойлау реті
анағұрлым күрделене түсті. Пайымдаудағы қарапайымнан күрделіге қарай
біртіндеп жылжу ережесінің мәні де - осы.
4. Ол жиі-жиі толық шолу жасап отырды, бұл оған ештеңені ұмыт қалдырмауға
мүмкіндік тудырды. Бұл - синтез ережесі.
84
Қандай да бір мәселе туралы пайымдаулар ақылдың маңызды екі әрекетіне: ана-
лизге және синтезге байланысты екенін атап өту маңызды.
• Сараптау, анализ - мәселені жіліктеп, түсінуге ыңғайлы элементтерге бөлу.
• Синтез - барлық элементтерді адам тұтас картинаны көре алатындай етіп
шоғырландыра біріктіру.
Жуйелі күмәндану әдісі
Жаңа философияны жасауға қажетті толық қауіпсіз негізге ие болу үшін Де
карт күмәндануға болатынның бәрін күмәнді ой елегінен өткізу қажет деп
шешті. Ол біздің сезімдеріміз алдамшы болуы мүмкін екенін ескертті. Үстелім
кейде қарақоңыр, кейде ашықтау болып көрінеді; бұл жағдай көбіне жарық-
тың түсу бұрышына және оның түсінің ашықтығына байланысты. Үстелімнің
түсін қалайша дұрыс сипаттауға болады? Адам тәнінің табиғатын қарастыр-
ғанда біз адасуымыз мүмкін. Мысалы, қандай да бір себептермен аяғынан
немесе қолынан айырылған адамдар сол жоқ жерлерінің ауырғанын немесе
қышығанын сезгендей болады. Оларды тән сезімдері адастырады. Матема-
тиканың зерттеу мәнін қарастыра отырып та алданып қалуға болады. Біздің
бәріміз бір кездері есептен қателестік! Мүмкін, мен осы дүниеде өмір сүруіме
қатысты алғанда да алдаудың құрбаны шығармын? Күмән туғызбайтын нәрсе
бар ма өзі?
Мен ойлоймын, демек, өмір сүремін
Декарт, қанша дегенмен, күмән туғызбайтын бір нәрсенің бар екенін ашық
айтты. Мен мұнда отырмын және бәріне күмәнданамын. Егер мен күмәндан-
сам, онда мен өмір сүріп отырмын деген сөз! «Мен ойлаймын, демек, мен
бармын» («Je pense, done je suis»). Француз тілінің ең әйгілі сөз тіркестерінің
бірі бүкіл әлемге өзінің латын нұсқасында таныс: «Cogito, ergo sum». Адам-
ның өмір сүруінің ақиқаттығын ашатын осы дәлел көбіне жай ғана «Cogito»
деп айтылады.
Бірақ бұл жағдайда бір мәселе туындайды: біздің білімімізден тәуелсіз
өмір сүретін нәрсе бар ма? Декарт «ойлау - адамның өмір сүретінін дәлел-
дейтін талассыз іргелі факт» деп сендірді. Бұл - алдын ала белгілі жалғыз
дәлел, әрі қарайғы пайымдаулардың бастапқы нүктесі. Осылайша дүниедегі
бүкіл болмыс өмір сүрудің адам түсінігіндегі ең қарапайым формасы болып
есептелетін ойлаудың бар болуына тәуелді. Декарт: «Ойлау - бірден-бір тура
Рене Декарт: жүйелі күмәндану - философиялық әдістің бір түрі
85
шындық еді»,- деп қуана мәлімдеді. Оның ізбасарларының кейбірі ой - жал-
ғыз ғана нақты дүние деп тұжырымдады!
Декарт ақыл-ойды материядан да анық және айқын етті. Оның көзқа-
расы бойынша, менің ақыл-ойым (мен үшін) басқалардың ақыл-ойларынан
айқынырақ. «Cogito» дәлелінің дұрыс екеніне Декарт неге соншалықты се-
німді болды? Себебі ол айқын және дәл еді. Декарт «ойлау» ұғымы деп нені
түсінді? «Ойлау - біздің қабылдауымызға байланыстының бәрі: түсіну, қалау,
елестету, тіпті сезіну де ойлаумен бірдей».
«Әдіс туралы пайым» (1637)
• Дұрыс философиялық әдіс - айқын және дәл, яғни күмәндануға жатпайтын
идеяларды қабылдау; күрделі сұрақтарды қарапайым сұрақтарға бөлу; па-
йымдауларда қарапайымнан күрделіге қарай жүру; осы жолдағы барлық ке-
зеңдерді шолу.
• Адам осы әдісті іс жүзінде қолданған кезде, ой-пікірдің бәріне де түгел күмән-
мен қарауға тиіс. Күмән туғызбауға тиіс жалғыз пікір: «Ойлаймын, яғни өмір
сүріп отырмын».
• «Мен» - Құдай идеясын қамтитын ойлаушы субстанциямын. Мен кемелдік
идеясын өз бетіммен, өзімнің өмірлік тәжірибеме сүйене отырып игере алмай-
мын. Сондықтан Құдай осы идеяның бастауы ретінде бар болуға міндетті. Же-
тілмеген тіршілік иелері кемел болмыссыз өмір сүре алмайды. Құдай міндетті
түрде өмір сүруге тиіс. Егер ол жоқ болса, онда оның кемел болмағаны.
• Дүниеде бар Құдай сыртқы элем туралы біздің біліміміздің негізін береді, бірақ
біз Қүдайдан алынған дәл, айқын және күмәнсіз идеяларға ғана сенуге тиіспіз.
Қүдайдан берілетін тек осындай идеялар ғана - біздің сезімдеріміз бен ақыл-
ойымыз игеретін нақты білімнің себептері болмақ.
Тән және ақыл
Декарт өзін ең жоғары деңгейде ойлайтын тіршілік иесімін деп түсінді. Осы-
дан туындата отырып, ол өзінің жаны немесе ақыл-ойы (оның тұлғасының
ойлау үшін жауап беретін құрамдас бөлігі) тәннен толығымен бөлінген және
оқшауланған деген қорытынды жасады. Декарттың пікірінше, тәннен гөрі
жанды танып-білу және түсіну әлдеқайда оңай.
Ол «жан мен тән қатар жүреді, бірақ бір-бірімен байланыссыз» деп па-
йымдады. Оның идеясын түсіну тәсілдерінің бірі - қатар тұрған екі оятқыш
сағатты ойша елестету. Бірінші сағаттың қоңырауы жоқ, бірақ сағат тілдері
бар. Екінші сағаттың, керісінше сағат тілі жоқ, бірақ қоңырауы бар. Бірінші
86
оятқыш белгілі бір уақытты көрсеткенде, екінші сағаттың қоңырауы сыңғыр-
лайды. Бірақ олар бір-бірімен байланыссыз. Ақыл-ой мен тән де солай. Олар-
дың бір-бірімен байланысы жоқ, бірақ бірге өмір сүреді.
Бір кесек балауызды көз алдыңызға елестетіңіз, дейді Декарт, оның си-
патын қол тигізу арқылы айқындауға болады. Бұл сипаттар әртүрлі жағдайға
байланысты өзгереді: балауызды қыздырсаңыз, ол жұмсарады, салқындатса-
ңыз, қатаяды. Сипаттың түрліше өзгеруі дәл осы балауызға тікелей қатысты
дегенді білдірмейді. Біздің алдымызда балауыз тұрғанын біз ақылымызбен
түсінуіміз керек, бірақ сезім арқылы қабылдамаймыз. Сондықтан қандай да
бір қубылыс немесе зат туралы білім сезім арқылы емес, ақыл-ойдың көмегі-
мен пайда болады.
Құдайдың бар екенін дәлелдеу
Декарт сыртқы дүниеге қатыстының бәріне күмәнмен қарады. Ол тек өзінің
нақты өмір сүріп отырғанын ғана терістемеді, себебі оның негізі - өзінің ой-
лау қызметін жүзеге асырып отырғаны. Оның бар болып, өмір сүріп отырғаны
ойлау үдерісімен дәлелдене алады. Ал сезімнің көмегімен қабылданатын нақ-
ты дүниеге қатысты не айта аламыз? Оның өмір сүріп отырғаны да көрнекі
дәлелденуі тиіс. Декарт нақты дүниенің өмір сүретінін Құдай ұғымына жүгіне
отырып дәлелдеді. Айналадағыларды алдаиайтын кемел тіршілік иесінің бар
болуы ғана оны сыртқы дүниенің өмір сүруі елес емес екеніне сендірді.
Декарттың Құдайға сенімі қандай философиялық принциптерге негіз-
делді? Егер адам бірдеңеге күмәнданса, ол өзі күмәнданып тұрған нәрсе-
нің жетілмегенінен дейді Декарт. Біз қателік жасағанымызды түсінген сәтте
ғана жетілмегенімізді санамызбен ұғынамыз. Бірдеңенің жетілмегені туралы
хабардар екеніміздің өзі жетілген кемелдік идеясының бар екенін білдіреді.
Кемелдік идеясы жетілмеген мәнде пайда бола алмайды. Шексіз және жетіл-
ген жан иесі ғана кемелдік идеясын тудыра алады.
Жоғарыда көрсетілген түсініктердің бәрі - алғаш рет Кентерберилік Ан
сельм ұсынған ортағасырлық ескі идеяның бір нұсқасы ғана. Бұл идеяның
мәні мынада: бар болу, өмір сүру - кемелдіктің ажырамас бөлігі. Егер де
бірдеңе жетілген бола тұра дүниеде өмір сүрмесе, онда оның онша кемел
болмағаны. Яғни жетілген зат міндетті түрде өмір сүруі тиіс, олай болмаған
жағдайда бұл заттың болмысы Декарт ұсынған ұғымдарға қайшы келеді. Бұл
Құдайдың бар екенінің онтологиялық дәлелі деп аталады.
Жетілмеген тіршілік иесі (мысалы, адам), әрине, жетілген тіршілік ие-
сінің (мысалы, Құдай) билігінде. Жетілмеген тіршілік иелері өз болмысы-
Рене Декарт: жүйелі күмәндану - философиялық әдістің бір түрі
87
ның ең басынан бастап және уақыттың әр кезекті сәтінде жетілген тіршілік
иесіне тәуелді.
Рационализм дегеніміз не?
Декарт рационалист философ болды. Рационалистер эмпириктерге қарсы
қойылады (біз эмпиризм туралы 8-тарауда, Дэвид Юмнің философиялық
идеяларын қарастырғанда айтамыз). Рационализм дегеніміз не?
Кез келген жағдайда ақиқат болатын белгілі бір тұжырымдар бар - олар
жалған бола алмайды. Сонымен қатар міндетті түрде жалған болып санала-
тын тұжырымдар бар. Мысал келтірейік: «Адам бір уақытта екі жерде бола
алмайды». Бұл - сөзсіз ақиқат. Оны ақиқат етіп тұрған не? Себебі бұл бізге
априори белгілі. Басқа сөзбен айтқанда, осы тұжырым барлық жағдайда да
ақиқат болуы тиіс. Осы тұжырымның мағынасы туралы ойдың өзі оның ақи-
қаттығын көрсетіп отырады.
Басқа бір тұжырымдар ақиқат болуы мүмкін. Бірақ олардың ақиқаттығы
әуелден ықтимал ғана және белгілі бір жағдайларға тәуелді. Сіз осы кітапты
оқып отырған уақытта бөлмеде неше адам бар? Сан әртүрлі болуы мүмкін. Сөз-
сіз ақиқат болуы тиіс бір де бір сан жоқ. Кітаптан басыңызды көтеріп, санап шы-
ғыңыз! Қазір сізбен бір бөлмеде отырған адамдардың санын соның көмегімен
анықтауға болатын жалғыз тәсіл - осы. Мұның бәрі осы сәтте сізбен бір бел-
меде отырған адамдардың саны сізге апостериори белгілі дегенді білдіреді: сіз
санын анықтадыңыз және осыған дейін қойылған сұраққа жауап бере аласыз.
Априори тұжырым жағдайында кітап оқуыңызды үзіп, адамдарды санамай-ақ
қоюыңызға болатын еді. Осындай тұжырымның ақиқат немесе жалған болуы
тиіс екені сізге алдын ала белгілі. Орныңыздан тұру және санау - эмпирика-
лык тексерудің мысалы. Априори тұжырымдар эмпирикалық тексеруді қажет
етпейді.
Априори тұжырымдар бізге жаңа ақпарат бере ме, әлде жай ғана бір
кездері айтылғанды анықтаудың тағы да бір тәсілі ме? Осындай тұжырымдар
аналитикалық деп аталады: «Ит дегеніміз - ит. Шаршының төрт жағы бар.
Төртаяқты жануардың төрт аяғы бар». Бұл тұжырымдар ертеректе айтылған
және бізге жақсы таныс ақпаратты қайталап айтады. Біз квадраттың төрт
жағы бар екені туралы да, терт аяқты жануардың терт аяғы барын да бұ-
рыннан білеміз. Аналитикалық тұжырымдар бізге белгілі нәрсені түрлі сөзбен
қайталап айтып қана қояды. Олар бізге жаңа ақпарат бермейді.
Синтездік тұжырымдарда біз үшін жаңа ақпарат бар: «Америка Құрама
Штаттарына 50 штат кіреді. Наполеон 1815 жылы жеңіліске ұшырады. Тәж-
88
Маһал Үнді жерінде орналасқан». Осы тұжырымдардың ешқайсысы біз бір
кездері алған мәліметтерді қайта баяндамайды. Бұл тұжырымдардың ақиқат
болуы міндетті емес. Олардың бәрі бізге ақпарат беріп қана қояды (тексері-
ңіз, көз жеткізесіз!) және синтездік тұжырымдардың қатарына жатады.
Синтездік тұжырымдардың бәрі апостериори жолмен ұғынылатын ықти-
мал тұжырымдар ғана ма? Алдын ала анықталған, бізге априори белгілі син-
тездік тұжырымдар бар ма? Бізге жаңа ақпарат беретін, бірақ міндетті түре
ақиқат болуы тиіс синтездік тұжырымдар бар ма?
Эмпириктер синтездік априори тұжырымдар мүлдем жоқ деп пайымдай-
ды. Рационалистердің пікірінше, синтездік априори тұжырымдар бар. Рацио-
налистер әртүрлі заттар туралы белгілі бір білімді өмірлік тәжірибемізден
аламыз дейді: бірақ оларды осылай алған соң «ақылдың алғырлығының»
көмегімен осы заттарды алдын ала қалай елестетсек, шынында да, сондай
екенін көреміз. Декарт рационалистік көзқарастарды көбірек ұстанды. Ол,
шындығында, заманауи рационалистік дәстүрдің өкілі болған алғашқы ұлы
ойшыл еді.
Жоғарыда атап көрсетілген ұғымдар Дэвид Юм мен Иммануил Канттың
философиялық идеяларын қарастыруға көшкен кезде біз үшін аса маңызды
болады.
Түйін
Бұрынғы философиялық дәстүрлерден біржола қол үзуге бел байлағанына
қарамастан, Декарт ортағасырлық схоластикалық философияның бірқатар
ұғымдарын қабыл алды. Бұл оның сыртқы дүниенің физикалық объектілері-
нің өмір сүретініне сенімділігін дәлелдеу үшін Құдай идеясын қолданғанынан
көрінеді. Десек те оның философиясының өзегі жаңашыл, радикалды, батыл
болды.
Оның анализ, синтез, ойлардың айқындығы, сонымен қатар қарапайым-
нан күрделіге қарай логикалық алға жылжу ережелері бұрынғыша пайдалы.
Ойлау үдерісі аясында өте рационалды және жүйелі болып көрінетін кез кел-
ген адамды біз әлі күнге дейін картезиандық көзқарасқа ие адам деп түсіне-
міз. Бірақ Декарттың ережелерін ойлауды шектейтін қатып қалған шеңбер
сипатында емес, өз ой қызметімізді іске асыру жолындағы тірек ретінде қол-
дануымыз керек.
Бәрін бірдей күмән елегінен өткізу мүмкін емес. Декарт кез келген ради
калды скептикке қалай жауап беру керегін білді. Егер адам бәріне кумәндан-
Рене Декарт: жүйелі кумәндану - философиялың әдістің бір түрі
89
са, оның сұрақтары мән-мағынасын жоғалтады. Күмән тоқтайтын нүкте, шек
болуы тиіс. Осы нүкте - оған күмәндануға болмайтын факт және олар туралы
сұрақ туындамайтын логикалық ережелер. Басқа ойшылдардың осыған ұқсас
мәселелерді қарастырудағы ұстанымдарына назар аударыңыз. Олар күмән-
данудан өткізу мүмкін емес фактілерді және күмән туғызбайтын логикалық
ережелерді таба алды ма?
Декарттың тән мен ақыл-ойды түбегейлі бөлуі жан тәннен тәуелсіз өмір
сүреді деген пікірге итермелейді. Осы көзқарасты сол кездегі христиандық
ой қолдауы тиіс еді. Бірақ мұндай бөлу нақты өмірлік бақылауларға, адаии
тәжірибеге, әсіресе заманауи психология жинақтаған тәжірибеге сәйкес кел-
мейді.
¥лы математик, философ және теолог А.Н. Уайтхед бірде былай деген:
«Антика дүниесінің еңбегі - оның адам санасына дүниенің трагедиясын се-
зінуді бергенінде, ал қазіргі заман қоғамға адам жанының ішкі трагедиясын
көрсетті». Бұл жетілдіру болып санала ма? Мүның біз үшін, жиырма бірінші
ғасыр адамдары үшін маңызы қандай?
Рене Декарт ақыл-ойды материядан және менің ақыл-ойымды басқалар-
дың зердесінен әлдеқайда маңызды етті!
6. Локк жэне Монтескье:
либерал мемлекет
Бұл тарауда бір-біріне мулде ұқсамайтын екі ойшылды қарастырамыз. Мұ-
ның себебі тіптен қарапайым: олардың екеуі де біз қазір либералды мемле
кет деп атап журген саясат философиясын зерттеді. Олар қоғамдық келісім,
табиғи құқық және билік тармақтарын бөлу теориясына байланысты фило-
софиялық идеяларды зерделеді. Сол себепті оларды келесі беттерде бірге
қарастырамыз.
Локк ағылшынның орта табынан шықты және XVII ғасырда өмір сүрді.
Оның теориялары 1688 жылғы ағылшын саяси революциясында жүзеге асты,
нәтижесінде король II Яков тақтан құлап, таққа Орандық III Вильгельм отыр-
ды. Монтескье французша noblesse de robe (мантия дворяндығы, яғни Орта
ғасыр дәуірінен кейін дворян атанған буржуазия қауымынан шыққандар) деп
аталатын отбасынан шыққан француз еді. Монтескье XVIII ғасырда өмір сүр-
ді. Көзінің тірісінде оның идеялары еш жерде, соның ішінде, Францияда да
жүзеге аспады. Бірақ ол жариялаған барлық идеялар АҚШ тәуелсіздігі үшін
соғыстың (1775-1783 жж.) рухына айналып, Американың 1787 жылғы Конс-
титуциясына тікелей ықпал етті.
Платон мен Аристотельден кейінгі саяси ілімдер
Саяси философияның Платон мен Аристотель ұсынған ұлы жүйелері ерек-
ше жағдайларға - гректердің қала-мемлекетіне тәуелді еді. Уақыт өте келе
олардың орнын Ескендір Зұлқарнайын империясы басты, кейін оның орнына
жеделдете жаңа басқыншы - Рим империясы келді. Ұланғайыр империядағы
нақты билік жаңа және өте тиімді қызмет ететін әлеуметтік құрылымның -
католик шіркеуінің қолына тиді, Ескі саяси теориялар мен идеялар енді уақыт
рухына сәйкес келмейтін еді. Олар қолданыстан шықты, себебі тарихи орта
түбегейлі өзгерді.
Ежелгі Грекия мен Рим дінінің жаңа формалары тұлғаның ажалсыздығы,
Локк жэне Монтескье: либерал мемлекет
91
мәңгілігі туралы түсініктерді алдыңғы қатарға шығарды. Ажалсыздық идея-
лары көбіне өлгелі жатқан құдаймен мистикалық түрде байланыстырылды.
Адамдар бұл дінге арнайы салттарды атқару арқылы кіре алатын. Аристо-
тельден кейін философия жаңа қызметтер атқара бастады, біз қазіргі уақыт-
та оларды діннің міндеттері деп қарастырамыз. Философия адамның қалай
жақсы өмір сүруге болатыны туралы ерекше нұсқаулардың жиынтығына ай-
налды. Ол мінез-құлықтың этикалық нормаларын, сонымен қатар адамның
күнәларын ақтаудың және оны жұбатудың формаларын бекітті. Мистикалық
сезімдер мен түйсіктерге толы осындай философия адамды тәубеге келуге,
күнәсін мойындауға мәжбүрлейтін көзқарасқа көбірек ұқсай бастады. Фило-
софиядағы бұл үрдіс христиандық шіркеуге - адамдардың бойында осындай
көзқарасты қалыптастыратын қоғамдық құрылымға байланысты болды. Көп
адамдар осындай эмоциялық қолдаусыз өшпенділікке толы орасан зор әлем-
ге қарсы тұруға дәрменсіз еді. Мұндай көзқарас гректің қала-мемлекетінің
азаматтарына бейтаныс-туғын.
Империя - мемлекеттің өлі формасы. Империя аясында мемлекетті ша-
ғын топ басқарады. Халық бағынышты, дауыс құқығы жоқ. Ол толығымен құ-
қықсыз және әлсіз. Ортағасырлық қуатты шіркеуді империялық кезеңдегідей
қарапайым адамдар басқарды. Діни сана негіздерінің біртіндеп күйреуі және
Папа ықпалының бәсеңдеуі жаңа қобалжулар туындатты, бірақ тың мүмкін-
діктер де әкелді.
Адамдардың алдында - жеке, бөлектенген тіршілік иелері бола отырып,
жалпы табиғаты ортақ екенін саналы түсіну арқылы қауымдастықта қалай
бірге өмір сүруге болады деген сұраққа жауап табу міндеті тұрды. Енді сая-
си ой өзіне жеке өмірге ие индивид пен адамның әмбебап табиғаты туралы
идеяны қамтуы тиіс еді: әр индивидтің бойында жалпы адами табиғат бар. Екі
ұғым - «адам құқығы» және «мінез-құлық нормасының әділеттіліктің өмірде
жүзеге асуымен әмбебап байланысы» - Батыс өркениетінің саяси ойының екі
негізіне айналды.
Табиғи ңуқық
Құқықтың екі ұғымы - жергілікті заң және ақыл-ойдың жалпы заңы біртін-
деп дами бастады. Жалпы құқық негізгі заң болды. Осы құқықтың әрекет
етуінің нәтижесінде мінез-құлықтың жалпы нормалары белгіленді. Жергілік-
ті әдет-ғұрыптар жалпы құқыққа қайшы келмеуі тиіс болды, себебі жалпы
құқық табиғи, жаратылысты негіздерге сүйенді. Табиғат барлық заңдардың
92
ішкі базисі болуы тиіс еді. Адамгершіліктің негізі, яғни адамның нені істе-
гені және нені істемегені жөн екені туралы түсініктер адам мәнінің ішінде
жатыр - адамдардың табиғатында белгісіз бір ішкі моральдық заңдар бар,
олар қалай өмір сүру керегін айтып отырады. Адам - «нені істеген дұрыс
және нені істеу қажет» дегенді түсіну қабілеті берілген бірден-бір тіршілік
иесі. Заң адамдардың пікірталастары мен дау-дамайларының, шешімдерінің,
қаулыларының нәтижесі емес. Табиғи құқық - біздің шешімдерімізге дейін
нақты бар нәрсе.
Джон Локк
Өмірі
Джон Локк 1632 жылы Англияның оңтүстік-батыс бөлігінде, Бристоль қала-
сына жақын жерде дүниеге келді. Оның әкесі, пуритан, Кромвельдің про
тектораты кезінде парламентте қызмет атқарған заңтанушы болды. Бозбала
Джон Локк 1646 жылдан 1652 жылға дейін Вестминстер мектебінде оқыды.
Сонан соң ол Оксфорд университетінің Христ шіркеуіне оқуға түсті. Ғылыми
дәрежелер (бакалавр, магистр) алғаннан кейін Локк колледжге жұмысқа қа-
былданып, грек философиясынан, риторикадан, этикадан сабақ берді. Окс
форд университетінің философия курсы ескірген схоластикаға толы еді, бұл
Локктың жанына жақпады. Көбіне пайымдаудың осы түріне жататын сұрақ-
тардан ол тіпті ешқандай мән көрмеді.
Схоластикаға батыл қарсы шыққан Декарттың еңбектерін оқып отырып,
Джон Локктың нағыз, терең философияға деген қызығушылығы оянды. (Де-
генмен болашақ философ Декарттың еңбектерін өз бетімен оқыды. Мұндай
материалды зерттеу, әрине, университет бағдарламасына кірмеді.) Универ-
ситетте Локк көп таныс тапты. Оның достарының арасында, атап айтсақ, сэр
Роберт Бойль (Бойль заңының авторы) болды. Локк университеттегі үнемі
өсіп, дамып отырған заманауи ғалымдардың, сынақ жүргізушілердің және
математик ойшылдардың көбімен таныс еді. Сонымен қатар ол дәрігер де
болды, бірақ медицина саласындағы білімдерін іс жүзінде қолданған жоқ.
Көп ұзамай Локк Оксфорд университеты тастап, біршама уақыт беделді ко
там қайраткерлерінің бірталайының хатшысы болып жұмыс істеді. Сонан соң
ол Англиядан кетті. Қайта оралғаннан кейін ол біраз уақыт I Карл сарайының
лорд-канцлері граф Шефтсбериге қызмет етті.
Джон Локк
|