Акуинолық Томас: наңты дүниені бірыңғай түсіндіру
71
Құдайдың бар екенінің дәлелдері
Әулие Ансельм (1033-1109) Құдайдың бар екеніне өз дәлелін келтірді. Ол Құ-
дайға дұға формасындағы дәлел арқылы жүгінді. Ансельм Құдайдың - «адам
ұғына алатын ең ұлы тіршілік иесінің» бар екеніне сенімді болды. Егер Құдай
жай идея болып, оны адамдар өмір сүрмейді деп түсінсе, бұл сөзсіз қайшы-
лық болар еді, себебі бар болып отырған Құдай қарапайым адами идеяға
қарағанда әлдеқайда ұлы һәм құдіретті. Құдай «адам ұғына алатын ең ұлы
тіршілік иесі» болса, міндетті түрде өмір сүруі тиіс. Бұл тұжырым Құдайдың
бар екенін растайтын онтологиялық дәлел ретінде белгілі.
Акуинолық Томас бұл дәлелдемені теріске шығарды, себебі Құдайдың
Ансельм ұсынған анықтамасы («адам ұғына алатын ең ұлы тіршілік иесі»)
Құдай туралы жалпы түсінікке сәйкес келмеді. Құдайдың Ансельм ұсынған
анықтамасы қазіргі уақытта кеңінен талқыланбайды және қарастырылмай-
ды: Ансельм ең жетілген мән туралы ғана айтты. Будан басқа, оның осы-
тан ұқсас кемшілігі бар: Құдай «мәні болмыста тұратын» әлдене ретінде
көрсетілген. Екіншіден, Акуинолық Томас Ансельмнің дәлелдемесі пайым-
даудың «реалды ретінен идеалды ретіне» көшуге ұмтылады, ал бұл ло-
гикалық қателікпен байланысты деп есептеді. Үшіншіден, Томас адамның
ақыл-ойында Құдай туралы ешқандай априори білім жоқ деп тұжырымда-
ды. Адамның ақыл-ойы түпкі негіздерге сүйеніп қана Құдайдың бар екенін
дәлелдей алмайды. Осылайша Акуинолық Томас Құдайдың бар екенінің
апостериори дәлелдемелерін түзуге кірісті: ол салдарға сүйеніп, олардың
себебін анықтады.
• Априор дәлелдемелер, тұжырымдамалар, пікірлер немесе пайымдаулар адам
тәжірибесіне де, сезіммен түйсінуге де негізделмейді. Нақты ұғымды априор
дәлелдемелер арқылы алуға болады.
• Апостериор дәлелдемелер, тұжырымдамалар, пікірлер немесе пайымдаулар
өмірлік тәжірибеге және сезіммен туйсінуге негізделеді.
• Туындатушы себеп - материяға (жағдайға) ықпал ететін іс-әрекет немесе уде-
pic. Осы ықпал кеңістікте өзгерістердің пайда болуына әкеледі.
• Мақсатты себеп - субъект өзгерістер басталғанда-ақ пайда болады деп бол-
жамдаған салдар.
Шын мәнінде, Аристотель дәлелдемелердің кейбірін күнілгері болжап қой-
ған еді. Десек те олардың классикалық формасын Акуинолық Томас құрас-
тырды.
72
Акуинолың Томастың бес жолы
1. Кез келген қозғалыстың түпнегізі (алғашқы қозғаушысы) бар. Қозғалыстың
алғашқы себебін табу үшін біз өткенге кері жүре алмаймыз. Өзгерістердің осы
бүкіл тізбегінің қандай да бір бұлжымас бастауы бар, ол - тұрақты. Осы өзгер-
мейтін болмысты біз Қудай деп атаймыз.
2. Туындатушы себеп - бәрінің түпкі себебі. Бұл себеп болмыстың алдында ғана
емес, ол - белсенді туындатушы. Олай болса, бүкіл дүниені өз қалауымен жа-
саған бір түпкі негіз болуы тиіс. Ол түпкі себеп - Құдай.
3. Кездейсоқтық арқылы дәлелдеу. Олардың өмір сүруін, бар болуын ештеңе
қажет етпесе де, көптеген зат өмір сүреді. Олар кездейсоқ, бар болады да,
жоқ болады. Ендеше оларды есепке алу қажеттілігі болмаса, ештеңе өмір сүр-
меген уақыт болған деген сөз. Бар болып отырғанның бәрінің бастауында
түрған, бәрін түсіндіретін тіршілік иесін Құдай деп атаймыз.
4. Бар және жоқ заттардын болмыс деңгейі арқылы дәлелдеу. Метафораны қол-
данып, айналамыздағы кей заттар басқаларына қарағанда нақтырақ деген
кезімізде, біз сол заттардың мазмұндырақ және өзіміз үшін маңызы зор екенін
меңзейміз. Бірақ бар дүниенің, ақиқаттың, мейірімнің өрлеу шкаласында да
белгілі бір шек болуы керек. Бул шек - сол шкаладағы есептелуі мүмкін сапа-
лык көрсеткіштердің ең жоғарғысына ие мән. Ол мәнді біз Құдай деп атаймыз.
5. Мақсаттық себеп арқылы дәлелдеу. Бізге көрініп түрған дүние қандай да бір
ниетке, белгілі бір мақсатқа сәйкес жаралған. Сол ой мен мақсат біз Қүдай деп
атайтын жаратушыны бейнелейді.
Бұл дәлелдемелерді қазіргі заманғы христиандық теолопгер мен дін фи-
лософтары байыптылықпен сынады. Алғашқы төрт дәлелдемеде (қозғалыс,
туындатушы себеп, кездейсоқтық және болмыс дәрежесі арқылы) Құдай дү-
ниеде бар болып отырғанның бірі ретінде ғана бейнеленеді. Дегенмен Құдай
сипаттамасының әрқайсысы жалпы алғанда жарамды. Құдай - бар болып
отырғанның бәрінің өзгермейтін алғашқы қозғаушысы, түпкі себебі, қажетті
мәні. Осылайша Құдай, бейнелеп айтсақ, өзінің бар екенін растауға негіз бо-
латын басқа заттардың, оқиғалар мен құбылыстардың бүкіл көптүрлілігінен
бөлініп шығады. Акуинолық Томастың дәлелдемелері Құдіретті мәннің болуы
бізге нақты өмірде бар заттарды, дүниеде болып жатқан, адамға айқын құбы-
лыстарды қарастырудың арқасында қалай айқындалатынын көрсетеді. Дәл
осы айқын қүбылыстар мен заттардан апостериори дәйектер пайда болды.
(Бұл Кентерберилік Ансельмнің көзқарастарын зерттегенде Томас жасаған
сыни түйіндердің бірі еді.)
Бесінші (телеологиялық) дәлел - басқашалау: барлық заттар белгілі бір
мақсатқа ие, ол мақсатты белгісіз бір aliquis intelligens (ақылды мән) анықтай-
Акуинолық Томас: наңты дүниені бірыңғай түсіндіру
73
ды. Тіпті бұл идея Акуинолық Томастың жазбаларында онша айқын көрінбесе
де, ол оның пайымдауларынан сөзсіз білінеді. Қорытынды нәтиже - Құдай
осы дүниенің туындатушы себебі және саналы билеушісі. Тіпті осы дәлелдер
де Құдайдың бар екенін логикалық түрде растай алмайды деп болжағанның
өзінде де, олар Құдайды жаратушы, билеуші, түпкі себеп және құдірет ретін-
де сипаттайтын монархиялық тұғырнаманы атап көрсетеді. Бұл дәлелдеме-
лер біз «Құдай» деген сөзді айтқанда нені түсінетінімізді айқындай түсіп, оны
айрықша мағынамен толтырады.
«Теология суммасы» (1274)
• Ақиқатты ұғынудағы ұмтылыстарында адамдарға тек қана философия аз-
дық етеді. Кейбір ақиқаттар адам түсінігінің сыртында жатыр. Құдай олар-
дың сырын ашқанда ғана біз ол ақиқаттарды түсіне аламыз. Теология ті-
келей Құдайдан келген білімге негізделеді және жаратылыстану білімдерін
де толықтырады. Қүдайдың бар екені бес жолмен дәлелденеді; дүниедегі
қозғалыс фактісінен, туындатушы себептер арқылы, кездейсоқтық пен қа-
жеттілік, дүниедегі жетілу дәрежелерін қарастыру арқылы, әлемдік тәртіп
пен үйлесім.
• Құдай ғана қозғалыс бастауының, туындатушы себептің шарты бола алады.
Бұ дүниені ретке келтіріп, оны кемел еткен қажетті мән де - сол.
• Біз Қүдайды қарапайым (заттық емес және түрге жатпайтын), анық бар, ке
мел, мейірімді, шексіз, біртүтас, өзгермейтін, ең маңызды мән ретінде сипат-
таймыз. Адамдар, жаратылғандар, Құдай соншалықты рақымды да мейірімді
болғандықтан, осыған өзі ерік бергендіктен ғана оны танып-біле алады. Біз
Құдайдың мәнін ұғына аламыз, бірақ оны түсіну бізге бұйырмаған (біз оны
түсінеміз, бірақ рационалдық ойлаудың көмегімен емес, алдын ала сезіну ар-
қылы ғана).
Аналогия теориясы: біз Құдайды қалай түсіндіреміз?
Біз Құдай түралы не айта аламыз? Егер Құдай - біздің Әкеміз десек, бұл оның
басы, екі қолы, екі аяғы бар және ол ер адам дегенді білдіреді. Бірақ Құдай -
рухани мән, оның тәні мен жынысы жоқ. Ол - тұлға, бірақ ол еркек те, әйел де
емес. Сондықтан көпшілік: «Сіздер Құдай - біздің әкеміз дейсіздер, бірақ бұл
сіздер меңзеген нәрсе емес қой. Онда неге олай дейсіздер?» - деуі мүмкін.
Мұндай сұрақтың себебі - адамдар тілді бір мағынада қолданады. Басқаша
айтсақ, әр сөз алдын ала белгіленген бір мағынаға ие. Сонда адамдар көбіне:
«Оһ, ол бір зат туралы айтып тұр, бірақ сіздің басқа бірдеңеге сенгеніңізді
74
қалайды!» - деп пайымдай бастайды. Бұл - тілдің екі мағынада қолданылуы.
Бұл жағдайда әр сөз екі мағынаға ие. Осындай мәселелерді түбегейлі шешу
үшін Акуинолық Томас өзінің аналогия теориясын жасады.
Біз «демалысты қызыққа толы шипажайда өткізу керек» дей аламыз. Біз
қандай да бір адамды қызуқанды деп сипаттай саламыз. Қызыққа толы ши-
пажай дегенде біз оны қайнаған өмірге, әзілге, күлкіге, биге және тағы басқа
осы сияқты құбылыстарға толы деп ойламаймыз ғой. Біз шипажайда адамның
рақаттануына мүмкіндік беретін объектілер бар және адамдар шипажайға
барғанда рақаттанады деп түсінеміз. Демек, шипажайды сипаттау аналогия-
ға негізделеді. «Қала - қызыққа толы шипажай» немесе «адамдардың белгілі
бір тобы өте қызықты» дегенімізде, осы ұғымдардың мағынасы «бастапқы
аналогтен»: қызуқанды адам дегеннен шығады. Алайда біз алғашқы аналог-
терді Құдайға қатысты қолдана алмаймыз, себебі одан бұрын ештеңе пайда
болған жоқ және онымен салыстыратын да ештеңе жоқ.
Құдай туралы айтуға болатын кез келген тұжырым аналогтарға негіздел-
ген, «Құдай - біздің Әкеміз» дегенде Құдай адами әкеміз сияқты толық ма-
ғынасында көрінеді деп ойламаймыз. Сонымен қатар біз оны жердегі әкеміз
деп те санамаймыз.
Біз пропорционалдық аналогияны қолданамыз, ол жаратылған тіршілік
иелерінің қасиеттері жаратушының қасиеттеріне байланысты делінеді. Со
нымен қатар жаратылмаған нәрсенің қасиеттері жаратылмаған болмыстың
қасиеттеріне ие.
Біз атрибуция аналогиясын қолдана аламыз. Оның көмегімен Құдай мен
оның өзі жаратқандардың арасындағы қарым-қатынас сол жаралғандардың
өзара қарым-қатынасын бейнелеуге қолданылатын ұғымдар арқылы сипат-
талады. Біз Құдай - Эке дегенде, сөзімізде ешқандай антроморфизм (Қүдай-
ды адам ретінде қабылдау) жоқ. Біз символдық бейнеде қолданбаймыз. Бұл
сөйлем жаратылған мен жаратушының сәби мен әкенің арасындағы байла-
ныс аналогиясында көрінетін өзара байланысын ғана көрсетеді.
Акуинолық Томостың философиясы
Жалпы алғанда, Акуинолық Томас философиясы Аристотель философиясы-
мен үндес. Ол Аристотель философиясын христиандық апологетикаға бейім-
деуімен ерекшеленді. Аристотельдің еңбектерін ол жақсы білді және терең
түсінді. Көптеген адамдар оны ерекше ойшыл емес, жүйелеуші деп есептей-
ді. Акуинолық Томастың «Суммаларының» екеуі де - жүйелі және интеллек-
туалды туындылар. Оның еңбектері анық та, шебер жазылған; теорияларды
Акуинолық Томас: нақты дүниені бірыңғай түсіндіру
75
талдауы, тіпті соның ішінде, өзі жоққа шығаруды жоспарлағандарын қарас-
тыруы да жүйелі, анық және қисынды басталады. Ол сенімнен туындайтын
дәлелдемелерді ақылдың көмегімен алынатын дәлелдемелерден айқын
ажыратады.
Схоластордың философиялық әдісі
Схоластар Орта ғасырдағы философия мен теологияның ортағасырлық оқы-
тушылары болды. Интеллектуалдық мәселелерді олар Акуинолық Томастың
және басқа философтардың еңбектеріне сүйене отырып талдады. Бұл ән-
шейін формалды түрде жүретін. Студентке тезисті (аргумент, ақиқатты) құ-
растыру ұсынылатын. Сонан соң ол Киелі кітапқа, дәстүрлерге, сенімге және
magisteriumre (Рим-католик шіркеуінің ресми ілімі) сүйене отырып, осы тезис-
ті дәлелдеуі тиіс еді. Әрі қарай студенттің алдына қарама-қарсы пікірді Киелі
кітапты, шіркеу әкейлерінің еңбектерін және басқа да беделді түпнүсқаларды
негізге ала отырып теріске шығару міндеті қойылатын. Соңында шәкірт өзінің
ой-тұжырымын жасауы тиіс.
Сондай рәсімнің бір мысалын келтіруге болады. Тезис: «Адамды шіркеу
ғана құтқарады». Сонымен, тезис ұсынылды. Енді оны Киелі кітапты қолдана
отырып дәлелдеу керек. (Мысалы, «Иса оған айтты: Мен жолмын да, ақиқат-
пын да, өмірмін де; Әкейге ешкім басқа арқылы келмейді, тек мен арқылы
ғана. Иоанн.» 14:6). Әрі қарай шіркеу әкейлерінің жазғандарынан (Акуино-
лық Томастың туындылары түрлі дәйексөз алуға ыңғайлы дереккөзге айнал-
ды), сонымен қатар папаның еңбектерінен алынған үзінділерге жүгіну қажет.
Енді қарама-қарсы көзқарасты ұсыну керек: «Кейбіреулер сіз қандай да бір
дінге жүгінсеңіз де, жүгінбесеңіз де, бәрібір құтқарыла аласыз дейді». Енді
осы ережені терістеп, жоққа шығаратын себептерді келтіру керек. Біз тағы да
Киелі кітапқа, шіркеу әкейлеріне және папаларға сүйенуге тиіспіз. Ақырында
тезисті ойша жалғастыру қажет: шәкірт еретиктердің, сатқындардың, жол-
дан тайғандардың, шоқынбағандардың қандай күйге тап болатынын, көктегі,
тозақтағы, лимбадағы, ғарасаттағы және т.б. өмірдің қандай екені туралы
ойды дамытуы тиіс. Теорияның мәні - егер де адам сұраққа ақылды жауап
тапса, мәселенің өзі шешілген болып есептеледі.
Томизм
Қазіргі уақытта Акуинолық Томастың философиясы Рим-католик шіркеуінде
айрықша маңызға ие. 1879 жылы папа XIII Лев Акуинолық Томастың еңбек-
76
терін өзгермейтін, тұрақты құндылыққа ие деп жариялап, барлық католик-
терді осы ұлы философтың ойларымен қанаттануға және томизмді қазіргі
заманғы талаптарға сай дамытуға шақырды. Философиялық жүйені ешқашан
теологиядан бөлек елестете де алмаған адамның еңбектерінен сол жүйені
«шығарып алу» үдерісі едәуір ұзаққа созылды. Томас христиан дініне терең
сенді және адамның ақыл-ойының күшін, философиялық ойлау мен қорша-
ған ортаны танып-білудің философиялық формасының құндылығын шын ба-
ғалады. Бүгінгі томизмді объективті деңгейде өмір сүретін нәрсені нақты қа-
былдау әрекеті және оның метафизикалық шарттары мен нәтижелері қатты
мазалап отыр. Қазіргі заманғы томизм ағылшын тілді университеттерде ба-
сымдық берілген аналитикалық философиядан гөрі континенттік теориялық
философияға көбірек қызығады.
Түйін
Акуинолық Томас ойлаудың қосдеңгейлі жүйесін жасады. Ол философия мен
теологияны ажырата бөлді. Теология айналысатын көп мәселелерге фило
софия да тап болып отырады. Бірақ ол тек философияға ғана тән құралдар
жиынтығымен жұмыс істейді, оларға зердеге негізделген еркін ойлау және
дәйектеу жатады. Акуинолық Томас ақыр соңында сенім мен ақыл-ойдың
өзара тұтасып, қабыса алмайтынына сенімді болды. Сіз келісесіз бе? Қалай
ойлайсыз, бұл ұғымдар мүлдем қарама-қайшы, бір-біріне кереғар келе ме,
әлде олар қатар өмір сүре ала ма?
Акуинолық Томас Аристотельдің ізбасары болды; оның пайымдаулары-
ның түпнегізі - сезіммен түйсіну. Сенімді ақыл-ойдан бөлу және сезімдер-
ді адам білімінің бастауы ретінде анықтау - философияның ғылым ретінде
дамуының шешуші алғышарттарына айналды. Оған дейінгі христиан фило-
софтарының бәрі себеп арқылы салдарды түсіндіруге тырысты. Акуинолық
Томас, керісінше салдардан бастады. Ол Құдайдың мәнін оның құдіретті ар-
тықшылығы мен кемелдігіне сүйеніп түсіндіруге тырысқан жоқ. Ол Құдайдың
жаратқандары туралы өзі не білді, содан бастады.
Ерте христиан философтары Аристотельдің философиялық көзқарас-
тарын мойындамады, себебі ғалам табиғатының уақытша екенін Құдайдың
мәңгілігімен қатар қоя алмады. Форма және материя, әрекет және әлеует-
тілік сияқты ұғымдар өзгермелі дүниені сипаттауға арналды. Осы ұғымдар
ғасырлар бойы Құдайдың, оның қасиеттерінің өзгермейтініне қайшы келетін
сияқты еді. Тек XX ғасырда ғана біз осындай терминологияның Құдайға қа-
Акуинолық Томас: наңты дүниені бірыңғай түсіндіру
77
тысты қолданыла бастағанын көрдік. Мұндай қызығушылық қалай және неге
туындады?
Қазіргі заманғы томизм «философия бізге бос форманы беріп қана қояды,
ал сенім оны толтырады» деп тұжырымдайды. Философия үнемі бос форма
бола ма? Философияға қандай да бір оны толықтырушы құндылықтар жүйесі
үнемі қажет пе?
Акуинолық Томастың аналогия принципі сынға жиі ұшырайды; бұл прин-
ципке негізді дәлелдер жетпей тұр. Бірақ Құдай туралы әңгімеде адамның
тілі бейсаналы түрде осы принципті қолданады деп болжамдалады. «Құдай
туралы әңгіме жүргізу» мәселесінің басқа да ұстанымдарын атап көрсетуге
талпыныңыз.
5. Рене Декарт: жүйелі күмәндану -
философиялық әдістің бір түрі
Ертеректе ең маңызды субъект - мемлекет (гректердің қала-мемлекеті)
немесе шіркеу еді. Қазіргі уақытта ол - тұлға және кез келген тұлға емес,
«Мен»! Бүгінгі заманғы мәселелердің ең маңыздысы қалайша «Мен» болып
шыға келгеніне таң қалып турсыз ба? Философтар мұның бәрінің себепкері
Рене Декарт дейді. Бірақ бұл пікір әділ ме?
Өмірі
Рене Декарт 1596 жылы Лаэ деген жерде дүниеге келді. Бұл елді мекен ор-
талық Франциядағы Тур қаласынан оңтүстікке қарай 35 миля қашықтықта
орналасқан. (Қазір сіз бұл жерді картадан таба алмайсыз, себебі оның атауы
өзгерген. Ол бұл күнде ұлы философ және математиктің атында.) Философ
дүниеге келген үй қазір Декарт елді мекенінің Декарт көшесіндегі Декарт
атындағы жиырма тоғызыншы үй және ол шағын мұражайға айналған.
Декарт 8 жасында Ла Флеш иезуит колледжіне (қазір әскери академия)
оқуға жіберілді. Бұл оқу орнында Декарт сегіз жыл болды, логиканы, фило
софия мен математиканы оқыды. Ол өзін өте дарынды, білімқұмар шәкірт
ретінде көрсетті. Бірақ Декарт сәл әлжуаз бала-тұғын, сол себепті еркелеп,
төсекте ұзағырақ жатып алушы еді. Осындай сәттерде ол өрмекшінің өрмекті
қалай тоқитынын бақылап, ақыры осы зерттеулерінің негізінде өзінің әйгілі
координаталардың геометриялық принциптерін жасап шықты. Кейін Декарт
алған білімі үшін иезуиттерге ризашылығын білдірді және бұл білімнің кере-
мет сапалы болғанына кәміл сенді.
Декарт «дүниенің ұлы кітабын» танып-білгісі келіп, әскери қызметін өтеу-
ге бел байлады. Оны Франциядан тыс аймақтардағы әскери қызмет қызық-
тырды. Бұл денсаулығында кінәраты мол әлжуаз адам үшін мүлде қисынсыз
таңдау болып көрінуі мүмкін. Бірақ Декарт әскери қызметке кірісіп, Герма-
нияда, Баварияда, Венгрия мен Чехияда қызмет етті. Декарт тегін қызмет
80
еткен. Ол әскери өмірін математика, философия және музыканы зерттеумен
ұштастыра білді. Декарт ақыр соңында өзін өмірдің негізгі мақсаты ақиқатты
ақыл-ойдың көмегімен іздеу және ұғыну екеніне сендірген бірнеше түс көр-
ген деген пікірлер бар. Жаратқанның осы аянына алғысын білдірмек ниетпен
ол Лоретодағы киелі Құдай-Ана Үйіне тәуап ету үшін Италияға бармақ болды.
Бірақ бұл сапар ойластырған уақыттан кейінірек жүзеге асты. Декарт біраз
уақыт Парижде тұрды, алайда оны өзінің ғылыми қызметі үшін онша қолайлы
жер деп есептеген жоқ.
Декарт бірнеше кітап жазды. Ол кезде ғалымдар еңбектерін латын тілін-
де жазатын. Декарттың кітаптары француз тіліне біршама тез аударылды.
Оның еңбектерінің арасында «Дүние туралы трактат», «Әдіс туралы пайым»,
«Алғашқы философия туралы толғаныс» және «Жан құмарлықтары туралы»
сияқты туындылар ерекше көзге түседі. Декарт «Дүние туралы трактатты»
жариялауға асықпады. Мұның басты себебі - инквизицияның Галилео Га-
лилейді жалған ілім таратты деп айыптауы еді. Декарт Голландияға қоныс
аударды, себебі Еуропаның басқа мемлекеттерімен салыстырғанда бұл елде
цензура жұмсақтау болатын.
1649 жылы Декарт швед патшайымы Кристинаның шақыруын қабыл
алып, сарайға келді. Патшайым заманауи философияны зерттеуге қатты құ-
мар болды. Бірақ шведтің қатаң қысы Декарттың денсаулығына жақпады.
Және патшайым Декарттың сабақтарды таңғы бесте өткізгенін қалады! Бұл
байғұс философ үшін өте қиын болды: ол төсекте ұзағырақ жатқанды жақсы
көретін және кеш тұратын. Декарттың ыстығы қатты көтеріліп, ауырып қалды.
Ол 1650 жылдың 11 ақпанында, Швецияға қоныс аударғаннан кейін бес айдан
соң, безгектен қайтыс болды. Декарт ешқашан үйленбеген. Ол сабырлы да
қарапайым, тәрбиелі, өз қызметшілеріне мейірбан және қайырымды джентль
мен еді. Декарт Рим-католик шіркеуіне шын берілген діндар болса да, бүкіл
өмірін тек адамның ақыл-ойы ғана шеше алатын сұрақтар мен мәселелерге
арнады. Ол жаңа философиялық жүйе жасауға саналы түрде бел байлады.
Интуиция - ақиқатты лезде, ақыл-ойдың көмегінсіз ұғыну.
Дедукция - қорытындыны алдын ала анықталған белгілі фактілерге сүйене оты-
рып шығару; белгілі бір ережелер бойынша құрастырылған, аксиомаларға негіз-
делген және логикалық қорытындымен аяқталатын пікірлер реті.
Эпистемология - философияның танымның тарихын, әдістерін және принципте-
рін зерттейтін бір саласы.
Онтология - бар болып отырғанның бәрінің болмысы туралы ілім.
Картезиандың әдіс - Рене Декарттың философиялық әдісі. (Декарт = Картезий)
Рене Декарт: жүйелі күмәндану - философиялық әдістің бір түрі
81
Өмір шежіресі
1591 жыл - математикалық өлшемдерді белгілеу үшін әріп таңбалары қолданыла
бастады
1592 жыл - Галилео Галилей термометрді ойлап тапты
1596 жыл - Декарт дүниеге келді
1603 жыл - I Елизаветаның өлімі
1604-1612 жылдар - Декарт Ла Флеш колледжінде оқыды
1614-1626 жылдар шамасы - Декарт солдат және философ
1614 жыл - Непер логарифмдері
1618 жыл - Отызжылдық соғыс басталды
1619 жыл - (10 қараша) «Пештегі күн»
1620 жыл - Френсис Бэконның «Жаңа Органоны»
1626-1628 жылдар шамасы - Декарт Парижде
1628-1649 жылдар - Декарт Голландияда
1637 жыл - Декарттың «Әдіс туралы пайым»
1638 жыл - Галилео маятник қозғалысының заңын жасады
1641 жыл - Декарттың «Алғашқы философия туралы толғанысы»
1643 жыл - XIV Людовик Францияның королі атанды
1649 жыл - Декарттың «Жан құмарлықтары туралы» трактаты
1649-1650 жылдар - Декарт Швецияда
1650 жыл - Декарт дүниеден өтті
Ойлары
Қазіргі заманға ұзақ жол
Қайта өркендеу дәуірі мен XIX ғасыр арасындағы уақыт мөлшерінде шіркеу
мәдениетке жургізіп отырған билігін ақырындап жоғалта бастады, ол мемле-
кеттің қолына көшті. Мемлекет қоғамдық өмірдің барлық саласына ықпалын
үздіксіз күшейте түсті. Көптеген ұлттық мемлекеттер өз корольдерін орнынан
тайдырып (олар билікті Құдайдан тікелей қабылдайды деп есептелді), басқа-
рудың жаңа формаларына ауыстырды. Сауда-саттықпен айналысатын әлеу-
меттік таптардың билікті өз қолдарына шоғырландыруы жиіледі. Жаңа мә-
дениет, жалпы алғанда, либералды болды. Жаңа институттар ортағасырлық
шіркеу сияқты емес, философтарды бақылап отыруға ешқашан ұмтылмады.
Осы дәуірде жаңа дүниетаным қалыптасты. Жаңа қоғамдық санада бір-
тіндеп, ретімен болып жатқан екі айқын өзгеріс байқалды. Бірінші өзгеріс -
6-263
82
шіркеу беделінің түсуі, әсіресе Рим-католик шіркеуі (бірақ тек ол ғана емес)
беделінің төмендеуі. Екінші өзгеріс - ғылым беделінің артуы.
Жаңа ғылым ақыл-ойға жүгінді. Бұл біртіндеп, рет-ретімен жасалған жа-
ңалықтар дәуірі еді. Ол енді бұрынғыдай ғажайыптар жүйесі болудан қалды.
Ортағасырлық шіркеудің ресми догматтары абсолюттік ақиқат сияқты жа-
рияланса, жаңа, ғылыми ақиқаттар болжамды түрде, ықтималдылық негізін-
де тұжырымдалды және түзетулер мен өзгертулерге ашық болды. Ақылдың
жаңа ғылыми түрінің сипаты авторитарлықтан гөрі көбіне ізденімпаз, әрекет-
шіл, жаңаға ұмтылғыш еді. Осындай құндылықтарды қабылдауда қоғам бір-
тіндеп динамикалық сипатқа ие бола бастады, қозғалыссыз салалар азайды.
Ғылыми көзқарас этикалық бейтараптыққа бейім болды.
Субъективтілікке бейімділік қазіргі заианғы философияда әлі күнге дейін
бар. Бұл, әрине, өзінің барлық білімін өзіндік өмір жолы негізінде қалыптас-
тырған Декарттың еңбектерінен де айқын байқалады.
Қазіргі заманғы философияның негізін қалаушы
Декартты қазіргі заманғы философияның негізін қалаушы деп жиі айтады.
Бұл - әділ пікір. Ол зияткерлік қабілеті өте жоғары алғашқы философ бол
ды, оған жаңа физика мен астрономияның дамуы ықпал етті. Декарт өзінің
еңбектерін оқытушы емес, зерттеуші сияқты жазды. Оның жазу мәнері өткір
болды және еш зеріктірмейтін еді.
Өз зерттеулерінде тек ақыл-ойға ғана жүгінген және алдыңғы философ-
тардың беделіне сене беруден бас тартқан Декарт философияны қайта аш-
қандай еді. Ол болжамдар мен тұспалдардан аулақ болуға талпынып, айқын
және нақты нәрселерге ғана сүйенді. Рене Декарт өзінің дәл және абст-
рактілі идеялармен жұмыс істеуге тиіс екеніне сенімді еді. Интуиция мен
дедукция ілім-білімге жетудің ең айқын жолдары болып көрінді. Декарт үшін
болмыстың құрылымын емес, білімнің құрылымын іздеуге ұмтылу маңызды
еді. Оны онтология емес, эпистемология көбірек қызықтырды. Осылайша
философияның заманауи дәуірі Декарттан басталды деп сенімді түрде ай-
туымызға болады.
Пеш үстіндегі бір күн
Қазіргі заманғы философия 1619 жылдың 10 қарашасында, Декарт оны пеш
үстінде өткізген күні дүниеге келді. Ол одан «ақиқатқа жетудің әмбебап әдісі
идеясымен» шықты.
|