Людвиг Витгенштейн: тіл және нақты дүние
159
барлық мәселелеріне сай келетін шешім тапқанына сенімді болды. «Мен ай-
налысуға лайық ештеңе жоқ» деп есептеген Витгенштейн мектепте мұғалім
болуға шешім қабылдады. Ол бірнеше бастауыш мектепте сабақ берді. Фи
лософ түсінуге қиын математиканы балалардың, ұлдар мен қыздардың да
игеруін талап етті, бұл сол кездерде айтарлықтай ерекшелік-тұғын. Білім
беру саласының басшылары Витгенштейннің дарынды мұғалім екенін сезді.
Ол шәкірттерге түрлі сұрақтар қойып, олардан түрлі модельдер мен меха-
низмдерді құрастыруды талап етті. Өкінішке қарай, ол өзінің шыдамсыздығы
мен қызбалығын жиі байқатып алатын. Витгенштейнге «балалар бірдеңені
түсінбегенде, оларға қол көтерді» деген айып тағылды. Жергілікті тұрғын-
дар оны мейірім мен түсініктен ада, бірбеткей ақсүйек деп санады. Шынында
да, ол кез келген ортада қиындыққа тап болатын, себебі айналасындағы
адамдармен тіл табыса алмайтын. Мектеп мұғалімі ретіндегі сәтсіз қызметі
философтың санасында елеулі із қалдырып, монастырьге уақытша кете тұру
туралы ойға да берілді.
Витгенштейн ұстаздық қызметтен бас тартып, Венаға оралды. Ол ғи-
мараттарды заманауи мәнерде жобалауға қызығушылық таныта бастады,
әпкесіне үй салып берді. Оның таза функционалды қолданысқа сай болуын
қатаң қадағалады. Бұл үй Венада әлі де бар. Витгенштейн Венада жүргенде
әпкесінің швейцариялық құрбысы Маргаританы кездестіріп, оған ғашық бол
ды. Үйленгісі келген Витгенштейн оны Норвегиядағы үйіне шақырды. Фило
соф түндерінің басым көпшілігін дұға оқуға арнағандықтан, қыз оның өзіне
деген ықыласының аздығын сезінген болар, екі аптадан кейін кетіп қалды.
Олар дос болып қала берді, бірақ Витгенштейн ешқашан үйленбеді.
Осы кезде Витгенштейн ғылым философиясына қызығушылығы зор бір
топ ойшылдан құралған Вена үйірмесімен байланыс орнатты. 1929 жылы ол
Кембриджге қайта оралып, онда өзінің «Трактатын» диссертация ретінде
ұсынды. Мур мен Рассел одан емтихан қабылдады. Диссертациясын қор-
ғап сөйлеген сөзінің соңында Витгенштейн екі ғалымның арқасынан қағып,
олардың бұл еңбекті бәрібір түсіне алмайтынын, сондықтан аса қатты уа-
йымдамауларын өтінген екен. Кейінірек Мур емтихан комиссиясының есе-
бінде: «Меніңше, Витгенштейн мырзаның диссертациясы - данышпанның
еңбегі; бірақ қалай болғанда да, ол Кембридж университетінің философия
докторы ғылыми дәрежесін алуға қажетті барлық талаптарға сай», - деп
жазды.
Сол уақыттан бастап Витгенштейн Кембриджде философия пәнінің оқы-
тушысы атанды. Ол өте қарапайым өмір сүрді. Оның бөлмесінде жиһаз атау-
лыдан үсгел, бірнеше шезлонг және жиналмалы кереует қана болған!
160
Витгенштейннің дәрістері жалпы қабылданған шарттарға сәйкес емес-ті.
Ол ойларын бір орында қозғалмастан дауыстап айта беретін және қолында
ешқандай қағазы болмайтын. Кейде дәрісханада ұзақ уақыт үнсіздік орнай-
тын. Витгенштейн ақымақтығы үшін өзінің жер-жебіріне жететін, сонымен ка
тар тыңдаушыларымен керісіп, дауласып қалатын. Студенттер өздерін терең,
маңызды және сирек кездесетін ойлау үдерісіне қатысып отырғандай сезіне-
тін. Диплом жұмысын қорғауға дайындық кезінде олар қайтсе ұстаз талап-
тарына сай бола алатынын білмей, бас қатыратын. Әрине, Витгенштейннің
бұл мінезі мен әдістері ешкімге үнамады. Алайда ол студенттердің «басында
болмаса да, қолдарында болсын» деп, өз жазбаларының екі топтамасын да-
йындады. Олар «Көгілдір» және «Қоңыр» кітаптар деген атаулармен жарық
көрді. Бұл кітаптардың атаулары олардың мәтіні бастапқыда көгілдір және
қоңыр қаптамаларда болуына байланысты еді.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Витгенштейн философияны оқытудан
бас тартып, оның орнына Лондондағы госпитальдардың бірінде санитар бо-
лып қызмет етті.
1947 жылы Витгенштейн қызметін тастады. Осы сәттен бастап ол Ирлан-
дияның батыс жағалауындағы үйінде оқшау ғұмыр кешті. Бүкіл өмірінің басты
туындысы - «Философиялық зерттеулерді» сол жерде жазды.
Көп ұзамай ол сырқаттанып қалды. Витгенштейнге қойылған диагноз -
қуық безінің қатерлі ісігі. Ол 1951 жылы Кембриджде дүниеден өтті. Өзінің
философиялық мәселелерді шешуге арналған еңбегін ол өлім сағаты соққан
күнге дейін, ақылынан біржола адасқанша жазумен болды.
Ойлары
Логиканың маңыздылығы
Логика Аристотель үшін де, сондай-ақ ортағасырлық схоластикалық фило-
софтар үшін де зор маңызға ие еді. Ол философтардың анық та дәл ойлар
тұжырымдауына, ықтимал дәлелдер келтіріп, күмәнсіз түйіндер жасауына кө-
мектесетін «құрал» болатын. Ойшылдар логиканы он тоғызыншы ғасырдың
соңына дейін ұзақ уақыт бойына ескермей келді, себебі логиканың барлық
мәселелері толық шешіліп бітті деп есептелген-ді. Бірақ XIX ғасырдың соңы
мен XX ғасырдың басында логика философияның басты мәселелерінің бірі
ретінде қайта оралды. Осы уақыттан бастап Британия және Америка кол-
ледждерінде оған көбірек мән берілетін болды.
Людвиг Витгенштейн: тіл және нақты дүние
161
Өмір шежіресі
1889 жыл - Людвиг Витгенштейн Венада дүниеге келді
1903 жыл - Витгенштейн Линцтегі мектепте оқыды
1906 жыл - Витгенштейн Берлинде инженердің оқуын оқыды
1908 жыл - тәжірибе жинаушы студент ретінде Манчестерге келді
1911 жыл - Кембридж университетінің Тринити колледжіне оқуға түсгі, мұнда
Расселді кездестірді
1913 жыл - әкесі өмірден өтті. Витгенштейн Норвегияға кетіп, жалғыз өмір сүрді
1914-1918 жылдар - Бірінші дүниежүзілік соғыс; Витгенштейн әскерге өз еркімен
кетіп, тұтқынға түсті
1917 жыл - Ресейдегі революция
1918 жыл - Витгенштейн ауылдық мектептің мұғалімі қызметін бастады
1921 жыл - «Логикалық-философиялық трактат» жарияланды
1926 жыл - Витгенштейн ауылдық мектептің мұғалімі қызметін тастады
1929 жыл - Кембриджге оралу; Уолл-стрит биржасы күйреді
1939-1945 жылдар - Екінші дүниежүзілік соғыс; Витгенштейн Лондонда санитар
болып жұмыс істеді
1947 жыл - Витгенштейн Ирландияның батыс жағалауында түрды
1951 жыл - Витгенштейн Кембриджде дүние салды
1958 жыл - «Көгілдір» және «Қоңыр» кітаптар, сонымен қатар «Философиялық
зерттеулер» жарық көрді
Логика саласындағы революцияны бірінші болып Готлоб Фреге бастады.
Фреге математика мен тілді ортақ сыры көп құбылыстар ретінде қарастырды.
Оның айтуынша, сандар өздігінен зат бола алмайды, бірақ сол заттарды си-
паттайтын ұғымдар болып саналады. Ұғымдар қоршаған ортаның объектіле-
рі емес, бірақ осы объектілерді сипаттауда қолданылады. Ұғымдар тіл және
адам сөзі деңгейінде өзара үйлесіп, сөз тіркестерін қалыптастыра алады. Дәл
осылай математикада да (логикада да) ұғымдар өзара үйлесіп, пікір (енді
пайымдаулар деп аталып жүр) құрай алады.
Фреге мағына мен мән туралы ой қозғады. Оның пікірінше, мағына бізге
белгілі бір сөйлем хабардар етіп тұрған нәрсемен шендестірілуі тиіс: мысық
пен белгілі бір әрекет - мысықтың төсеніште болуы - тұтас бір сөйлемге бі-
рігеді: «Мысық төсеніште отырды». Мән - осы ұғымдардың бір-бірімен қалай
қабысатынында.
Фрегенің айтуынша, біз тіл мен математиканың арақатынасын сөйлем-
дердің немесе пайымдаулардың мазмұнын мұқият зерттемейінше түсіне ал-
маймыз. Сөйлем элементтерінің нені білдіретіні емес, олардың қалай бірге
162
орналасып, тұтастыққа бірігетіні маңызды. Сондықтан Фреге олардың көме-
гімен сөйлемдердің барлық элементтерінің бірге орналасуын сипаттауға қа-
жетті символдардың үлкен бір жиынтығын жасады.
Мәселен, «мысық төсеніште отырды» және «ит төсеніште отырды» идея-
ларының құрылымы бірдей. Бірақ сіз: «Бүкіл комитет баяндаманы тыңдап,
жиналыста отырды», деген пікір туралы не айтасыз? Бәлкім, Витгенштейн
бізге осы сұрақтың жауабын табуда көмектесетін шығар. Әзірше Фрегеге
қайта оралайық.
Дәл осы құрылымды - барлық қажетті элементтер бірігіп, бір сөйлемде
тоғысатын тәсілді - біз белгілі бір дәлел логикаға сай ма, жоқ па деген сұ-
рақты қойған кезде қарастырамыз. Бізді жекелеген пайымдаулардың әрбірі-
нің мағынасы толғандырмауы керек. Бұл символдық логика деп аталады. Ол
бізге дәлелдерді Аристотель ойлап тапқан әдіске қарағанда дәлірек тәсілдің
көмегімен талдауға мүмкіндік береді.
Витгенштейннің бастапқы философиясы
Витгенштейн логика мен нақты дүниенің құрылымы бір екенін дәлелдеуге
тырысты. Осы теорияға қатысты өз дәлелдерін ол «Логикалық-философия-
лық трактат» еңбегінде жариялады. Бұл - философтың адам тілінің табиға-
тына қатысты таза кәсіби көзқарасын көрсететін өте-мөте нақты әрі терең
ғылыми жұмысы. Бұл кітап адам дәл жеткізе немесе айта алатын заттарға
қатысты қандай да бір шектеулерді ысырып тастайды деуге болады. Вит
генштейн тілдің логикаға негізделмеген түсініктерінің бәрін сынға алды. Ол,
сонымен қатар, бар екені дәлелденбеген заттар, мысалы, өнер, метафизика,
этика туралы қандай да бір ақпаратты айтуға бағытталған кез келген талпы-
ныстарды да сынады. Олардың бәрі бар болып отыр, бірақ сол құбылыстар
айғақтап отырған құндылықтар тәуелсіз, күмәнсіз және талассыз негіздерге
ие ме?
Қандай да бір тұжырым тек дүниедегі нақты бар объектілермен айқын
түрде үйлескенде ғана мағынаға ие бола алады. Витгенштейн мағынасы бас
ка фактілерге тәуелді емес фактілер саналатын әлдебір «логикалық атом-
дар» туралы айтты. Витгенштейннің пікірінше, «логикалық атомдар» одан да
ұсақ, тәуелсіз бөлшектерге бөліне алмайды. Бұл жағдайда Витгенштейннің
ойы Фреге «мағына» деп атаған ұғымның төңірегіне шоғырланатынын атап
өте аламыз.
«Трактат» бізге, негізінен, тіл туралы, элем, логика және математика ту
ралы әңгімелейді, бірақ зерттеу сонымен қатар этиканы да, тіпті мистицизмді
Людвиг Витгенштейн: тіл және нақты дүние
163
де қарастырады. Витгенштейннің бұл еңбегі органикалық біртұтастыққа ие.
Кітап негізгі жеті бөліктен тұрады; өз кезегінде әр бөлік бөлікшелерге бөлін-
ген. Мұның бәрі сауатты да мұқият жүйеленіп, нөмірленген. Бұл жұмыстағы
әр пікір қалған пікірлерді құптайды және өзі де солар арқылы мақұлданады.
Кітаптың алғашқы сөздері:
1. Дүние - болып жатқан оқиғаның бәрі.
1.1. Дүние - объектілердің емес, фактілердің жиынтығы.
Соңғы сөздері:
6.54. Менің пайымдауларым мынадай жағдайға түсіндірме болады: мені
түсінуге тырысқан адам пайымдауларымды баспалдақ ретінде қолданып, бә-
рін басып өткенде, олардың мәнсіз болғанын ұғады. (Басқаша айтқанда, ол
баспалдақпен жоғарыға көтеріліп болған соң оны лақтырып тастауы қажет.)
Ол осы пайымдауларды жеңіп, олардың шегінен шығуға тиіс. Сол кезде
ол дүниенің шынайы бейнесін көреді.
7. Айту мүмкін емес нәрсе туралы үндемеген абзал. *
•
Логика
- дұрыс ойлау туралы ғылым; дәлелдер арасындағы ішкі үйлесімді сақ-
тау үшін қолданылатын әдістеме.
Референциал теория
- сөздердің дүниеде бар объектілермен өзара байла-
нысты екенін көрсететін мағына теориясы; мәселен, біз «қалпақ» сөзін қалпақ
туралы айту үшін қолданамыз.
Пайымдау
- қандай да бір сөйлем жеткізетін мағына. «Өте қараңғы болды,
әлденені анық көре алмадым» және «қараңғы болғандықтан, мен әлденені көре
алмадым» - екітүрлі сөйлем, бірақ бір пайымдау.
Метафизика
- болмысты бар болу ретінде зерттеу; бар болып отырғанның мәні
туралы пайымдаулар; нақты дүние негізделетін алғашқы себептер мен принцип-
тер туралы ілім; бізді қоршаған нақты дүниені рационалды тану; адамды қорша-
ған заттар, олардың тереңдігі мен мәні туралы рационалды білім.
Этика
- дурыс пен бұрысты реттейтін принциптерді зерттеу. Этика «ізгілік»,
«міндет» және «парыз» сияқты ұғымдармен тығыз байланысты.
Эстетика
- сұлулық және біздің оған көзқарасымыз туралы ғылым.
«Логикалық-философиялык трактат» (1921)
• Дүние сансыз көп атомдық фактілерден қүралған. Атомдық фактілер - қара-
пайым, ұсақ фактілерге бөлінуі мүмкін емес фактілер.
164
• Пайымдаулар мен пікірлер - фактілердің логикалық образдары. Пайымдау
мен ол бейнелейтін факт ортақ (логикалық) құрылымға ие.
• Бірақ пайымдау бізге болуы мүмкін фактінің формасын ғана көрсетеді; факті-
нің өзін бейнелемейді. Егер адам пайымдауларға қандай да бір жалпы форма
бере алса, онда ол бізді қоршаған дүниедегі барлық объектілердің мәнін тұ-
тас анықтай алады. Біз нақты пайымдауды (1) көптеген қарапайым, жай па-
йымдаулардың жиынтығынан шығарып алу арқылы және (2) түрлі логикалық
амалдарды қолдану арқылы тиянақтай аламыз.
• Философия - заттардың мағынасын айқындауға көмектесетін үдеріс. Жара-
тылыстану ғылымдарындағы тұжырымдар мағынаға ие. Бірақ этика, эстетика
немесе метафизика аясында мағына туралы ештеңе айту мүмкін емес. Мұндай
талпыныстар дүние туралы одан тысқары бола тұрып бірдеңе айту мүмкін
еместігіне тап болады.
Витгенштейн дүниені объектілердің емес, фактілердің жиынтығы ретін-
де қарастырды. Фактілер - логикалық объектілер немесе мәндер. Оларды
растауға немесе теріске шығаруға ғана болады. Фактілердің өздері қатты,
қызыл, дөңгелек және т.б. болмайды. Заттар кеңістікте және уақытта өмір
сүреді: олар форма, түс, тығыздық және тағы сол сияқты сипаттарға ие.
Фактілер біз елестеткеннен мүлде басқаша бола алады: заттар белгілі бір
жағдайлардың бар немесе жоқ болуына тәуелді болмауы мүмкін. Фактілер-
дің тілімізде бейнеленетін образдары бізге олардың мағынасын көрсетеді.
Витгенштейн дүние бір-біріне шынжырдың буындары сияқты тұтаса біріккен
қарапайым объектілерден тұрады деп түсінді. Бұл объектілер күнделікті тір-
шілігімізді, өмірлік қызметімізді қалыптастырады деп есептеді.
Витгенштейннің ойынша, философияның мақсаты - ойымызды логика-
лык тұрғыдан тазалау және айқындау. Философия - іс-әрекет; ол қандай да
бір ғылым емес. Біз қандай да бір заттар туралы білімімізді айқындағанда,
философиялық тұрғыдан пайымдаймыз. Логика бізге логикалық формалар
береді, бірақ ол дүниеде өмір сүріп отырған заттар туралы ештеңе айтпайды.
Абсолютті құндылықты бейнелеуге ұмтылыстарымыздың бәрінде біз әр-
түрлі тілдік шектеулерге тап боламыз. Витгенштейн осы шектеулерді көрсе-
туге тырысты. Оның түсінігі бойынша, олар мынадай деңгейлерде көрінді:
(1) біз дүниенің ақиқат болмысына таң қалатын өмір сүру деңгейінде;
(2) болып жатқан жайттарға толығымен немқұрайды қарауымыз мүмкін
емес субъективті деңгейде;
(3) рұқсат етілген шектен шығып кетуімізге байланысты кінәлі болып
есептелгенімізде, бірақ біз барлық мүмкін жағдайларда сөзбен жеткізе ал-
Людвиг Витгенштейн: тіл және наңты дүние
165
майтын белгісіз бір абсолюттік талапқа сай әрекет еткенімізді түсінетін этика
деңгейінде.
Біз тілдің немесе дүниенің шекарасын ұғына алмаймыз.
Витгенштейн әр пайымдаудың, сондай-ақ ол сипаттайтын нәрсенің ло-
гикалық формасы болу керек деп санады. Бірақ дұғаның, этикалық ұйға-
рымдардың немесе ар-намысты қорлайтын ишараның логикалық формасы
қандай? Жоғарыда сипатталған барлық құбылыстар сөйлеуге қатысты бол-
ғандықтан, олардың лингвистикалық формасы болуы тиіс. Бірақ оларға жол
беріле ме? Бәлкім, Витгенштейн тіл арқылы білдірілуі мүмкін немесе мүмкін
еместің шеңберін өте қатты тарылтып жіберген шығар?
Витгенштейннің кейінгі философиясы
Бұл жаңа философияда Витгенштейннің ойлары Фреге мән деп атаған ұғым-
ға басымдық береді. Витгенштейн сөйлемнің мағынасы (тілдің мағынасы) -
адамның сөздері сыртқы дүниеде байланысатын жайттарға барабар емес деп
түсінді. Ол сөздердің бір-бірімен байланысуына көмектесетін тәсіл сөйлемнің
мағынасы болады деген қорытындыға келді.
Тіл мінсіз логика ретінде әрекет еткендіктен емес, адамдар оның жұмыс
істеу үдерісін үйлестіріп, реттеп отыратындықтан белгілі бір тәсілдер арқылы
жұмыс істейді. Бұл үйлестіру формалды сипатта емес. Тіл ұжымына енген
адамдар оны еріксіз жүзеге асырады.
Мен: «Жас бұзақы мұғалімді алдап жүр және мұнысы үшін еш жазалан-
бай, құтылып кетті», - дей аламын. Бұл сөйлемнің мағынасының «алдап
жүр» немесе «құтылып кетті» тіркестерінің логикалық құрылымымен ортақ
ештеңесі жоқ. Бұл тек тіл ұжымының аталған сөз тіркестерін белгілі бір зат-
тар, оқиғалар мағынасында қабылдайтынына байланысты. Витгенштейн тіл
ойындарын зерттеуге осылайша келді.
Енді біз, шамасы, «мысық төсеніште отырды» және «бүкіл комитет баян-
дама тыңдап, жиналыста отырды» деген сөйлемдердің мағынасын қалай қа-
растыру керегін тусіне алатын шығармыз. Бұл сөйлемдерде бірдей логикалық
құрылым жоқ. «Отырды» сөзі осы екі сөйлемде әртурлі құбылыстарды білді-
реді. Және де бұл айырмашылық айтарлықтай елеулі. Тіл өзі қатысып отыр-
ған тіл ойындары туралы еріксіз хабардар. Сонымен қатар ол бұл ойындарды
қабылдайды. Витгенштейннің кейінгі философиясы оның бастапқы филосо-
фиясына белгілі бір дәрежеде қайшы келетінін атай кетейік.
Тілден тысқары нақты дүниені тіл арқылы жеткізе алмаймыз. Біз тілді
сол туралы айтуға ғана қолдана аламыз. Сол тілде сөйлейтін кем дегенде
166
екі адам бар кез келген тіл өмір сүре алады. Ешқандай «жеке тілдің» болуы
мүмкін емес.
«Философиялық зерттеулер» - Витгенштейн оны жазуға көп күш жұмса-
ған кітап. «Трактатқа» қарағанда ол онша өткір де нақты емес. Бұл еңбектегі
пікірлердің көлемі үлкен, сондай-ақ диалогтер берілген, әртүрлі көзқарастар
ұсынылған. Кітапта логикалық символдар жоқ.
«Философиялық зерттеулер» бізге мән түсінігін ашады, сонымен қатар бі-
лімді қалай ұғатынымыз туралы, пайымдаулар мен логика, математика жөнін-
де, түсіну мен ұғыну күйлері хақында және көптеген басқа да ұқсас қырлар ту
ралы баяндайды. Витгенштейн тіл мен өмір салтының арасындағы байланысты
іздеді. Тілдік шатасудан қашып құтылу мүмкін емес. Бізде ондай шатасу бала
кезден бар, себебі біз өз ойларымызды белгілі бір тәсілдермен тұжырымдап
үйренгенбіз.
«Философиялың зерттеулер» (1958)
• Тіл
- сөздерді қурал ретінде қолданатын әрекет.
• Сөздер түрлі жолдармен қолданылады. Олар қолданылатын шеңбердегі «тіл
ойындарына» қатысқан кезде біз оларды түсінеміз. Сөздер - заттарға қолда-
нылатын жапсырмалар емес.
• Сөздің мағынасы
- оның тілдегі қолданылу тәсілі.
• Біз сезім туралы әңгімені түсінеміз, өйткені сезімнің белгілі бір «граммати-
касы» бар. Тіл ойындарынан хабардар адам бұл грамматиканы түсіне ала
ды. Біздің зердемізде бар дүниенің бәрі тек осындай тәсілмен ғана мәнге ие
болады.
• Үміт, жорамал, еске түсіру
- адам өмірінің тілдің бар болуының арқасында
ғана болуы мүмкін құбылыстары.
• Тілдің өзі - өмір салты.
Түйін
Витгенштейннің бастапқы философиясының мақсаты - біздің зердеміз-
ден жасырын заттар мен құбылыстардың мәнін анықтау болды. Ал Витгенш-
тейннің өзі терапияның формасы ретінде қарастырған жаңа философиясы
адам санасынан жасырын ештеңе жоқ екенін түсіндіруге тырыспады. Мұның
мақсаты - біздің алдымызда тұрған және айналамызда болып жатқан оқиға-
ларды анықтау.
Людвиг Витгенштейн: тіл және нақты дүние
167
Витгенштейн сынауға тырыса отырып, ақылымызды тілді асыра бағалау-
дан құтқаратын ойлау машығына үйретеді.
Ешқандай да таза ой жоқ. Біз ойларымызды тілдік құрылымға салмаймыз.
Алайда біз тілді меңгермей, ойлай алмаймыз.
Витгенштейн «ақиқатты» тіл ойынының түрі ретінде қарастырды. Біз тіл
туралы ойлағанда, өзімізді одан тысқары тұрмыз деп елестетеміз. Сонымен,
бір жағынан, тіл бар, екінші жағынан, нақты дүние бар. Кәдімгі кітапқа қара-
ңызшы. Қанша объектіні көріп тұрсыз? Біреу ме? Ал оның мұқабасы қанша?
Алмалы-салмалы, шаңнан қорғайтын мұқабасы бар ма? Кітаптың қанша беті
бар? Осының бәрі әртүрлі объекті ме? Сіз мақұлдай немесе терістей аласыз.
Бұл сіздің дәл осы уақытта тілді қалай қолданбақ болғаныңызға байланысты.
Витгенштейн «аналитикалық философия» немесе «лингвистикалық фи
лософия» деп аталатын салаға зор үлес қосты. Аналитикалық философтар
континенттік философтарды (Франция мен Германияда кең таралған фило-
софиялық ағымдардың көптеген идеяларын қабыл алған және Гегель және
Маркс сияқты ойшылдарға қарыздар философтар) өз ойларын анық-қаны-
ғын айту қиынға соғатын мәселелерге шоғырланғандары үшін жиі сынай-
ды. Олар әлеуметтану, психология, бейсана күй және саяси күрес туралы
ой толғайды. Аналитикалық философтар бұл мәселелерді өздерінің зерттеу
салаларынан алып тастауға ұмтылады. Континенттік философтар бұл зат-
тардың белгісіздігі олардың пайдасыз және маңызсыздығын білдірмейді деп
қарсы пікір айтады.
Біз этика, дін, эстетика және метафизика сияқты салаларда болуы шүбә-
сіз, нақты білімге ие бола аламыз ба? Егер ие бола алатын болсақ, онда осы
білімге қалай келу керек, оны қалай игеру қажет? Егер ие бола алмайтын
болсақ, бізге этика, дін, эстетика және метафизикаға қатысты талқылаулар-
ды аяқсыз қалдыруымыз керек пе? Олардың маңызы бар ма? Олардың құн-
дылығы қандай?
13. Мартин Хайдеггер:
біз болмысты ұмыттық
Мартин Хайдеггер - XX ғасырдың ең жұмбақ, еңбектері ең көп талас тудыр-
ған философтарының бірі. Оның философиялық ойлары көптеген ойшылдар-
ға, негізінен, континенттік Еуропа философтарына өлшеусіз ықпал еткені уа-
қыт өте айқын болып отыр. Бул ықпал уақыт өткен сайын күшейе түсуде. XX
ғасырдың екінші жартысында оның нацизммен ымыраластығы сорақы факт
ретінде кеңінен айыпталып, еңбектері біраз уақыт бойына ұмыт қалды.
Хайдеггер Сартрға, сонымен қатар кейбір теологтерге де күшті ықпал
етті, олардың арасынан Карл Ранер мен Джон Макуарриді (олар Эдвард Ро
бинсон үшеуі Хайдеггердің еңбектерін ағылшын тіліне аударды) атап өтуге
болады. Хайдеггердің философиясы терең ықпал еткен ойшылдардың ката-
рында - Жак Деррида, Мишель Фуко, Ганс Георг Гадамер, Жак Лакан бар.
Достарыңызбен бөлісу: |