10. Карл Маркс: тарих үдерісі
Карл Маркс XX ғасырдың тарихына басқалармен салыстырғанда әлдеқай-
да көп ықпал етті. Оның идеяларын жүзеге асыру үшін сансыз көп жұ-
мысшы тынбастан еңбектенді, революциялық жасақтар оның теориясын
тарату мақсатында ну ормандарды кесіп өтті, студенттер оның филосо-
фиялық идеяларын іске асыру туралы талаптар қойып, баррикадалар кур
ды, әлем көшбасшылары бұл философ туралы ойлағанда мазасызданып,
төсектерінде дөңбекшіді. Бірақ Карл Маркстің өзі ешқашан қолына қару
ұстамаған, ешқашан баррикадаларда тұрмаған және революциялық әскер
қатарына кірмеген. Ол өмірінің едәуір бөлігін Британ кітапханасының оқу
залында өткізді. «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер, сендерде өз
шынжырларыңнан басқа жоғалтатын ештеңе де жоқ!» - бұл оның басты
ұраны болатын. Ал Маркстің өзі кешке үйіне көбіне көк тиынсыз келетін.
Ол Лондондағы Хайгейт зиратына жерленді. Бір кездері Ресейде Маркске
қойылған ескерткіштердің көп болғаны соншалық, кейбіреулердің басына
ол осы елдің тумасы болар-ау деген ой келуі де мүмкін еді. Алайда ол Ре
сейде ешқашан болмаған.
Біз Карл Маркстің өмірін қысқаша қарастырамыз және маркстік филосо-
фияны қалыптастырған идеяларды ашып көрсетіп, олардың қайнар көзін,
алғышарттарын анықтауға тырысамыз. Көп сыншылар Марксті толық мағы-
насында философ деп санамайды да. Себебі олар философия негізінен та-
ным теориясымен тығыз байланысты деп қарастырады: әлдене туралы ха-
барымыз бар екенін біз қайдан білеміз? Маркстің идеяларында философияға
қатысты мүлдем басқа көзқарас көрсетіледі: «Философия - басқаша ойлау
мүмкіндігіне ашықтығымен сипатталатын үздіксіз үдеріс». Маркс, әрине,
«басқаша ойлады» және өзгелердің де дүниеге басқаша қарағанын қалады.
Оның ықпалы, негізінен, саясат пен экономика салаларында сезіледі. Алайда
философтар туралы әңгіме болғанда, жоғарыда айтылғандай, олардың идея-
лары әлдеқайда маңызды саналмақ.
136
Өмірі
Карл Маркс 1818 жылы, қазіргі заманғы Германияның батыс бөлігінде орна-
ласқан Трир қаласында, Люксембургпен шекаралас маңда дүниеге келді (ол
туған үйді сіз әлі де сол жерден көре аласыз). Оның ата-бабаларының кейбірі
раввин болған, алайда оның өз ата-анасы христиан дінін қабылдаған еді.
Маркс Бонн университетіне 17 жасында түсті, алайда біраз уақыттан соң, бір
жағымсыз жағдайлардан кейін Берлин университете ауысты. Ол 1843 жылы
үйленді. Оның әйелі ақсүйек тегінен еді, Маркс оған өмір бойы адал болды.
Көп ұзамай отбасылық жұп Германияны тастап, Парижге көшті. Маркс Фрид
рих Энгельсті алғаш рет сол қалада кездестірді. Сосын революциялық саяси
қызметке қатысуына байланысты Маркстің отбасы Англиядан пана іздеуге
мәжбүр болды. Олардың қалған өмірі сол жерде өтті.
Лондонда Маркс Энгельспен бірлескен жұмысын жалғастырып, екеуі
«Коммунист партияның манифесін» жариялады. Маркс тынымсыз оқыды
және жазды, бірақ оны үнемі жоқшылық пен ауру қинады және уш перзенті-
нің өлімі де қатты қайғыртты. Ол әлеуметтік төңкерістің болуын асыға күтті.
Соған қарамастан, оның жұмыстарының романтикалық реңктен гөрі, ғылыми
сипаты басымырақ еді. Ол әрдайым өз теорияларын растайтын дәлелдеме-
лерге жүгінетін. Маркстің түсінігінде, бүкіл ғаламның қозғаушы күші руханият
емес, материя болды. Карл Маркстің көзі тірісінде оның басты еңбегі - «Ка-
питалдың» («Das Kapital») бірінші бөлігі ғана жарияланды.
Өмір шежіресі
1818 жыл - Карл Маркс дүниеге келді
1830 жыл -Ф ранциядағы Шілде төңкерісі; Бельгия, Грекия, Колумбия, Венесуэла
мен Эквадор тәуелсіздікке қол жеткізді; Франция Алжирді басып алды
1841 жыл - Маркс Берлин университеты бітірді
1842 жыл - Маркс журналист болып жұмыс істеді
1843 жыл - Маркс үйленіп, Парижге көшті
1847 жыл - Маркс Лондонға қоныс аударды; Энгельспен бірлесіп жүмыс істеді
1848 жыл - Маркс пен Энгельс « К о м м у н и ст партияның манифесін» жариялады;
Францияда Екінші республика жарияланды; Италия, Австрия, Венгрияда жэне
бірқатар неміс князьдіктерінде көтерілістер болды
1859 жыл - Дарвиннің «Түрлердің шығу тегі» еңбегі жарық көрді
1864 жыл - Лондондағы Бірінші интернационал
1865 жыл - АҚШ-та қүлдық жойылды
1867 жыл - «Капиталдың» бірінші томы жарияланды
1883 жыл - Карл Маркс дүниеден өтті
Карл Маркс
10-263
138
Ойлары
Марксизм туралы кез келген әңгіме барысында, сөз жоқ, арнайы сөздік
қорды қолданбау мүмкін емес. Сондықтан Маркстің идеяларын қарастыру-
ға кіріспес бұрын, оның зерттеулерінде қолданылатын арнайы терминдер-
ді талдап, сондай-ақ оның көзқарастары қандай философиялық теория-
лардың ықпалымен қалыптасқанын анықтап алуымыз қажет.
Маркс философиясына не ықпал етті?
Маркстің идеяларына үш философиялық ағым елеулі ықпал етті: неміс фило-
софиясы, француз әлеуметтік теориясы және британ экономикалық теория-
сы.
Фридрих Гегель 1770 жылы Штутгартта дүниеге келіп, 1831 жылы Бер-
линде қайтыс болды. Ол Йенада, Гейдельбергте және Берлинде филосо-
фиядан сабақ берді. Оның ғаламның диалектикалық дамуы теориясындағы
үш элемент - логика, табиғат философиясы, абсолюттік рух философия-
сы. Бүл - қайшылықтарды және кереғарлықтар күресін жеңу арқылы жү-
зеге асатын ойлау түрі.
Людвиг Фейербах 1804 жылы Ландсхутте дүниеге келіп, 1872 жылы
Нюрнбергтің маңында қайтыс болды. Фейербах Гегельдің идеализмін қа-
былдамай, физикалық материя философиясын дамытты. Ол дінді және
Құдай ұғымын ұдайы сынады.
Пьер Жозеф Прудон 1809 жылы Безансонда дүниеге келіп, 1865 жылы
Парижде қайтыс болды. Ол анархизмнің негізін қалаушы деп есептеледі.
Ол әлеуметтік әділетсіздікті жою к а п и та л и ст қанауды құртып, өтеусіз
несие деп аталатын жүйені дамытқан кезде ғана мүмкін деп тұжырым-
дады. Прудонның к о м м у н и ст формация жетістіктерінің авторитарлық
әдістерін жоққа шығаруы Маркстің оған деген дұшпандық көзқарасын
тудырды.
Адам Смит 1723 жылы Керколдиде (Шотландия) дүниеге келіп, 1790
жылы Эдинбургте қайтыс болды. Ол экономиканың неғұрлым оңтайлы
принципі - араласпау принципі екеніне сенімді еді. Смит адамдар өз қа-
жеттіліктерін қанағаттандыру арқылы қоғамдық мүдделерді жүзеге асы-
рута елеулі үлес қосады деп сенді. Адам Смит тұтыну және айырбас құны
сияқты ұғымдардың арасын ажыратты.
Карл Маркс: тарих үдерісі
139
Детерминизм
- барлық шешімдер, іс-әрекеттер мен оқиғалар өткен тарихтың
сөзсіз салдарлары деп тұжырымдайтын философиялық ілім. Мұндай бүрынғы
жағдайлар - экологиялық, физикалық және психологиялық факторлар, ол жағ-
дайлар адамның еркінен тәуелсіз.
Араласпау принципі
- мемлекеттің нарық саласына араласпауына негізделген
экономикалық теория.
Тұтыну қуны
- заттын сізге қажеттілігіне байланысты анықталатын құны.
Айырбас қуны
- заттың ақшалай көрсетілген және сіздің оны қандай да бір
басқа нәрсеге айырбастау мүмкіндігіңізге байланысты құны.
Азаюшы кіріс заңы
- к а п и т а л и с т кіріс белгілі бір деңгейге жеткеннен бастап,
жасалған салымдардың мөлшеріне сәйкес азая бастайтынын білдіретін теория.
Қосымша ңұн теориясы
адам еңбегімен жасалған өнімдердің бағасы мен ең-
бекті пайдалануға жумсалған шығындар арасындағы айырмашылыққа негізделе-
Ді.
Давид Рикардо 1772 жылы Лондонда дүниеге келіп, 1823 жылы Глостер-
ширде қайтыс болды. Ол экономист болды, азаюшы кіріс заңын және қосым-
ша құн теориясын жасап шықты.
Диалектикалық материализм
Ғалам дамуының логикалық үдерісі ретіндегі диалектиканың авторы Ге
гель болды.
•
Тезис ұсынылады (идея, дәлел).
•
Бұл тезис қандай да бір адамның мүлде кереғар пікір - антитезис
ұстануына түрткі болады.
•
Тезис пен антитезис арасында қайшылық, қақтығыс болады.
Бұл жанжал тезис пен антитезисті біріктіретін синтез нәтижесінде ше-
шіледі.
Синтез үдерісі тезис пен антитезиске қарағанда әлдеқайда жоғары, ол
құдды осы ұғымдардың үстінде орналасқандай. Синтез біртіндеп жаңа те-
зиске айналады, сол кезде қарсы тұру үдерісі қайтадан басталады. Гегельдің
түсінігінде, бүл рухтың дамуына байланысты үдеріс, ал Маркс материя ғана
нақты деген пікірді ұстанды, сондықтан оның Гегель идеясын өзінше түсінді-
ріп, талдауы диалектикалық материализм деп аталады.
Тарихи үдеріс дамуының маркстік теориясы
Маркс экономикалық және саяси тарих дамуының негізгі принциптерін бы-
лайша түсінеді:
140
•
Абсолютті билікке ие патшалар (билеушілер) болды. Бұл тезис.
•
Екінші тарапта кедейлер (құлдар) болды. Бұл антитезис.
•
Бұл екеуі бірігіп, азаматтық қоғам құрды, оның шеңберінде тарап-
тардың әрқайсысы бір-біріне көмектесіп отырды. Ол феодализм деп
аталды. Дәл осы жерде синтез көрініс тапты.
•
Бұл синтез лордтардың (жаңа тезис) және басыбайлылардың (жаңа
антитезис) қалыптасуына ұласты.
•
Екеуі бірігіп, капиталист қоғам (жаңа синтез) құрды.
•
Капиталист қоғам жұмыс берушілерге немесе капиталистерге (жаңа
тезис) және жұмысшыларға немесе еңбекшілерге (жаңа антитезис)
бөлінді.
•
Жаңа синтез әлемге маркстік коммунизмді беруге тиіс еді.
Маркс материя ғана нақты болады деп ойлады және диалектиканы эко-
номикалық жағдайларға тәуелді етіп қойды. Ол механицизм түсіндірмелері
физика және химия сияқты ғылымдар аясында қолдануға әбден жарамды
деп есептеді. Алайда Маркстің пікірінше, бұл әдістерді тарихи даму үдерісіне
байланысты мәселелерді зерттейтін қоғамдық ғылымдарда қолдану мүмкін
емес. Маркс үшін диалектика - ғаламның үздіксіз ілгері дамуына негізделген
логикалық әдіс. Бұл әдіс тарихи дамудың белгілі бір жолының сөзсіз болаты-
нын көрсетті. Шын мәнінде, диалектика - үздіксіз даму, прогресс теориясы.
Ол тарихи даму үдерісін түсіндіреді және оған баға береді.
Гегель мен Маркс диалектиканы табиғаттың қажетті заңы деп санады,
ол тарихтың жүру бағытын анықтайды деп білді. Диалектика әлемге билік
жүргізді. Маркс пен Гегельдің көзқарастарына сәйкес адамдар тарих үдерісін
өзгерте алмайды. Мұндай жағдайдағы ең жоғары моральдық құндылық - та-
рихтың сөзсіз жүріп отыратын үдерісінің алға жылжуын қабылдау және соған
бойсұну.
Марксшілдер әр жаңа синтез моральдық жағынан барлық алдыңғы син-
тездерден асып отырады деп тұжырымдайды. Осылайша ком мунист қо-
ғамды құруға тырысушылар, марксшілдердің түсінігінше, жетілген адамгерші-
лік құндылықтар үшін күреседі. Ол тарихи детерминизм заңынан туындайды.
Топтарды Марксше түсіну
Әр адам белгілі бір әлеуметтік тапқа жатады. Мұны экономикалық құралдар
мен өндіріс жағдайлары анықтайды. Әр таптың болуы қарсы таптың пайда
болуына әкеліп, олардың арасында араздық басталады. Маркстің пікірінше,
Карл Маркс: тарих үдерісі
141
тап күресі жұмысшыларды қанау болмайтын және өндіріс құралдары еңбек-
шілердің өз қолдарында болатын қоғам құрумен аяқталатын революцияға
ұласқан кезде социализм орнайды, одан кейін жұмысшыларды қанау жоқ, ал
өндіріс қаражатын үйде отырып жумыс істейтін адамдар қадағалап отыратын
тапсыз қоғам дәуірі басталады.
Идеология
Маркс әр «әлеуметтік тап» - ұлт сияқты, адамдардың біртекті тобы деп сана-
ды. Әр таптың ортақ тарихы бар, олар өздеріне тән идеялар мен түсініктер
қалыптастырады. Жеке адамның пікірлері, ұнататын нәрселері мен пайым-
даулары оның табының идеяларын бейнелейді. Тап мүшелері өз тіршілігінде
осы идеяларды басшылыққа алуы тиіс. Осы «ұжымдық ойлауды» адамдар-
дың өздері аңғармайды да. Олардың ойлайтын және сенетін идеялары көбіне
өз «таптарына» тән сенімдердің көрінісі боп келеді.
Идеялар түсіндіру кезінде де бұрмалануы мүмкін. Көбіне олар бастап-
қыдағы әсерінен сәл басқашалау болып шығады: әр таптың идеялары -
сол таптың әлеуметтік жағдайының және экономикалық өндіріске қаты-
насының нәтижесі. Әрқайсысымызға тән белгілі бір идеялар біздің таптың
барлық мүшелерінің де басында бар. Біз бұл идеялардың дұрыс та қажет
екеніне сенімдіміз, себебі олар біздің, яғни табымыздың мүдделерін бей-
нелейді. Өндіргіш күштер өз мақсаттарына қол жеткізуге демеу болатын
иллюзияны шебер жасай біледі. Осылайша әр әлеуметтік тап өзіне тән
идеологияны дүниеге әкеледі. Идеология - қарсы тараппен күресте қуат-
ты қару, оны (марксизмді қоса алғанда) барлық теорияға қарсы қолдануға
болады. Бұл ретте ол кез келген теорияны «мәселені ағат әрі біржақты
түсіндіру» етіп шығара алады.
Маркстің капитализмнен жиренуі
Экономикалық баға - Маркстің пікірінше, тауардың өндіріс барысында анық-
талған және оны адамдардың басқа затқа айырбастау тілегіне негізделген
құны. Тауардың бағасы, Маркстің тілімен бейнелесек, оны өндіру үшін жұм-
салған еңбектің құнының негізінде қалыптасады.
Қарапайым жұмысшыларда капитал жоқ, сондықтан олар өздерінің жұмыс
күшін сатуға мәжбүр. Алайда осындай жолмен өндірілген өнім жұмысшылар-
дың өндірістегі қызметі үшін алатын жалақысынан артық бағаға ие. Тауарды
сату құны мен осы өнімді өндірген жұмысшылардың жалақысы арасындағы
142
айырмашылық қосымша құн деп аталады. Капиталист қосымша құнды иеле-
ніп, оны көптеген тәсілдер арқылы пайдаланады және көбіне мүліктік пайда
көру құралы ретінде қарастырады. Осы қосымша құнның себебінен капитал
мен еңбек, жүмыс беруші мен жұмысшы арасында жанжал пайда болады.
Жатсыну
Маркс «жатсыну» терминін адамның басқа адамдардың тұлғасыздандырыл-
ған тобыры арасында өмір сүруінің мәнсіздігі сезімін сипаттау үшін қолда-
нады. Қазіргі заманғы технологиялық қоғамда адамдардың көпшілігі өндіріс
үдерісінің басынан аяғына дейін қатыспайды. Олар өз қабілеті мен күш-қуа-
тын өндірістің тек жекелеген кезеңдерінде ғана жұмсайды. Мысалы, авто
мобиль зауытының қызметкері күні бойы тұтқаларды автокөлік есіктеріне
бекітумен ғана айналысады, басқа ештеңе істемейді. Сондықтан зауыт жұ-
мысшыларының автомобиль жасап жатырмыз деп ауыз толтырып айтуының
еш мәні жоқ. Олардың дайын өнімді сатуда табысқа жетеміз деп тырысуы да
мәнсіз. Жұмысшылар өздерінің бүкіл өндіріс үдерісінен оқшауланып, оларды
бақылап отыру мүмкіндігінен айырылғанын сезінеді. Мұндай оқшаулану және
айырылу сезімі жатсыну деп аталады.
Көп пайда табу үшін кәсіпкерлер (капиталистер) өзге кәсіпкерлермен бір-
ге әрекет етуге немесе олармен бәсекелесуге ұмтылуы қажет. Сонда олар
үлкен көлемде өнім сата алады және зор пайдаға кенеледі. Мұны жүзеге
асырудың жалғыз нақты әдісі - арзан еңбекті пайдалану. Пайданы ұлғайту
үшін жұмыс берушілер, Маркстің пікірінше, өз жұмысшыларына бірте-бірте аз
төлеуі тиіс. Осылайша капиталистер байи береді, ал жұмысшылар кедейлене
түседі.
Капиталға адамгершілік ұғымы тән емес, адами қарым-қатынастарға кел-
генде ол толығымен азғын. Әуелден азғын жүйе саналатын капитализмді
өндіріс құралдарын бақылау капиталистердің емес, еңбекшілердің қолында
болатын жүйе ығыстырып шығаруы тиіс.
Маркс заманауи индустриялық әлемде адамдар бір-бірінен алыстап, өз-
дерінің табандылығынан айырылады деп болжамдады. Оның пікірінше, біз
осыны өзімізге өзіміз жасадық. Біз техникаға негізделген әлем құрдық, бі-
рақ оны басқаруға қауқарсызбыз. Біз өзімізді өзіміз жатсынып, өз қадірімізді
білмейтін, өзімізді бұрынғыдай бағаламайтын болдық. Маркс осы заманауи
феноменді өзін-өзі жатсыну деп атады.
Капиталист қоғамдағы адамдар фетишизмге ұмтылуға бейім: олар өз-
дері өндіретін нәрсені басқа адамдардан әлдеқайда артық бағалайды. Капи-
Карл Маркс: тарих үдерісі
143
тализмнің ең үлкен залалы мынада: ол адамдарды машинаға айналдырып,
механизм ретінде жүмыс істеуге мәжбүрлейді. Капитализм мойындайтын
жалғыз құндылық - нарық құны. Капитализм адамды бағаламайды.
Маркстік революция
Маркстің тарих философиясы тарихи үдерістің тарихи кезеңдерге экономи-
калық факторлар мен мүдделердің айрықша үйлесіміне негізделетінін көрсе-
теді. Маркстің пікірінше, тарихта мына кезеңдер ерекшеленеді: феодализм
(жериеленушілердің мүдделері басымырақ), капитализм (ең алдымен, жұмыс
берушілердің мүдделері тұрады) және социализм (жұмысшылардың мүдде-
лері айрықша маңызға ие болады). Маркс тапты тарихтың диалектикалық
қозғалысын тудыратын құрал деп қарастырды. Бірақ таза материализмді не-
гізге ала отырып, ол социализм адамгершілік тұрғысынан әлдеқайда кемел
болды деп сенімді түрде айта алмады. Дегенмен социализмді, Маркстің пі-
кірінше, диалектикалық даму туындатты, яғни оның болмауы мүмкін емес-
ті. Диалектикалық дамудың өзі үнемі алға қарай ілгерілеуді білдіргендіктен,
социализм Маркске барынша жетілген моральдық-құндылықты жүйе болып
көрінді. Маркс өзі куә болтан капитализм тұсындағы жұмысшылардың ахуа-
лы мен өмір сүру жағдайларын қатқыл түрде, тіпті кекесінмен дәл суреттеді.
Оның еңбектерінде терең талдау, байсалды пайымдаулар және революцияға
шақырған жарқын үндеулер үйлесімді тоғысқан.
Материализм
- дүниеде материядан басқа ештеңе өмір сүрмейді, адам ойла-
рының, сезімдерінің немесе жігерінің бәрі олардың физикалық нақты дүниемен
байланысы тұрғысынан түсіндіріле алады деген болжамға негізделген филосо-
фиялық теория.
Эмпиризм
- білімнің бірден-бір қайнар көзі - сезімдік тәжірибе (сипай сезу,
көру, есту, дәм сезу, иіс сезу) деп білетін философиялық теория.
Маркс «материализм» ұғымын пайдалануды ғылымилық деп ойлады:
ол әлеуметтік зерттеулердің дәл және айқын бола алатынына сенді. Мате
риализм тек эмпирикалық фактілерге ғана жүгінеді. Маркс өзінің теориясы
мен саяси көзқарастарын аса ауқымды тарихи және экономикалық ғылыми
зерттеулермен нығайта түсті. Маркс материализм! агрессивті атеизмге жақын
еді, ол Маркстің өзі консервативті күш деп есептеген дінді қабыл алмады.
Дін, Маркс айтқандай, «апиын» бола отырып, адамның санасын қияли жұба-
ныштармен толтырды, рационалды ойлауды қиындатып, езілген бұқараны өз
144
жағдайын жақсартуға ұмтылудан айнытты. Маркс діннің белсендіруші әлеуе-
тін (сенім мен нанымға рационалдық пайымдаулардан артығырақ сүйенетін,
адам әрекетінің себебіне айнала алатын, сол арқылы қоғам мен адам сана-
сындағы өзгерістерге әкелетін құндылық) қабылдаудан бас тартты.
Материализм және диалектика, Маркстің пікірінше, революцияға - мем-
лекеттік басқарудың қолданыстағы жүйесін құлатуға әкелуі тиіс. Революция -
жүйені жетілдіруге бағытталған реформаларға қарсы қойылады. ¥лы Француз
революциясы кезінде, Маркстің ойынша, «саяси революция» жүзеге асты. Эко-
номикалық өндіріс құралдары иелерінен құралған орта тап (буржуазия) фео-
далдық ақсүйектерден саяси билікті тартып алды. Диалектикалық материализм
қанаудың және әлеуметтік теңсіздіктің барлық алғышарттарын жоятын жаңа
«әлеуметтік революцияның» болмай қоймайтынын болжамдайды. Бұл - қо-
ғамдық өндіріс жүйесін басқару пролетариаттың (буржуазия қанап отырған
таптың) қолына көшкенде орнайды. Маркс капиталист экономика заңдары-
ның мызғымас және мәңгілік екені туралы түсініктерді батыл терістеді.
«Капитал» (1867)
Маркстің социализмі Гегельді сынаудан пайда болды. Маркстің теориясы - даму
теорияларының бірі: әр экономикалық кезең өзіне тән өндіріс тәсілімен және
тауар алмасумен сипатталады. Тарих диалектикасындағы алғашқы факторлар -
өндірудің және игіліктерді бөлудің айрықша тәсілдері. Бүкіл тарихи үдеріс, Маркс-
тің пікірінше, «диалектикалық»: тарих үдерісінде экономикалық өндірістің жаңа,
қалыптастырушы жүйесі мен қарсыласушы ескі қоғамдық жүйенің идеологиялары
арасындағы сәйкессіздіктер нәтижесінде туындайтын ішкі қайшылықтар шешіледі.
• Материалдық немесе экономикалық күштер - бастапқы күштер. Адамзаттың
дамуы біздің физикалық, материалдық қажеттіліктерімізден туындайды.
• Қандай да бір тарихи кезеңдегі қоғам өмірінің саяси жағдайлары - өндірістік
үдерісті басқарушы таптың қажеттіліктерінің тікелей бейнесі. Олар сол таптың
идеологиясында көрініс тапқан.
• Билеуші тап қоғамның наразылығын қоздырады. Ең соңында, мұның бәрі
«таптық күреске» әкеледі.
• Өндірістік күштер диалектикалық трансформация сәтіне дейін дамуы тиіс.
• Жүйе жоғары дәрежеде детерминацияланған.
• «Пролетариат диктатурасы» түпкілікті орнағанда, ұзаққа созылған әлеуметтік
күрес аяқталады.
• Мемлекет - таптық күрес кезінде қажет болатын мәжбүрлеу құралы. Тап
атаулының бәрі жоғалғанда, мемлекет өзінің өмір сүруін тоқтатады.
• «Пролетариат диктатурасы» өндіріс қүралдарының әлеуметтенуіне алып ке-
леді. Бұл үдерісті революциялық маркстік элита тобы басқаруы тиіс.
Каря Маркс: тарих үдерісі
145
Түйін
Маркстің философиясы XX ғасырдың тарихи оқиғаларына елеулі эсер етті.
Маркстің социализмі оның қаналған халық бұқарасына деген жеке ықыласы-
нан емес, Гегельді сынау негізінде пайда болғанын түсіну маңызды.
Маркстік философияның кейбір қырларына күмән келтірушілер аз бол-
ран жоқ. Бұған кейінгі тарихи оқиғалар да, Маркстің идеяларын сынау да өз
әсерін тигізді. Десек те оның саяси белсенділігі мен ұйымдастырушылығынан
гөрі философтығы (сол кездегі көзқарастарды сынаушы және таным мен се-
німнің жаңа түрлерін ұсынушы) басым болды. Оның еңбектерінде кең ауқым-
ды тарихи талдау жасалды, ол шын мәнінде болашаққа көз тастауға, тарихи
даму заңдарына сүйене отырып, алда не болатынын болжауға тырысты. Біз
болсақ, керісінше, өткенімізді бағалаудамыз. Маркс бұл ретроспективалық
бағалаудан өзіне пайдалы ештеңе көрмеді. Бұл бізге оның теориясының осал
жақтары туралы түсінік алуға мүмкіндік береді.
Маркс капитализмнің әлеуметтік ортаның өзгермелі жағдайларына бе-
йімделу қабілетін жеткілікті бағаламады. Ол капитализмнің өмір сүруі жұ-
мысшылардың өмір сүру деңгейінің прогрессивті төмендеуіне тәуелді деп
санады. Іс жүзінде, капитализм өзінің еңбекақыны көбейту, еңбек жағдай-
ларын жақсарту, жұмысшылардың денсаулығын және әл-ауқатын көтеру, бі-
ліммен қамтамасыз ету сияқты қадамдарға қабілетті екенін дәлелдеді. Соған
қарамастан, дәл сол тарихи кезеңде Маркстің капитализмге қатысты айтқан
көптеген сыни ескертпелері нақты және орынды болды. Кейбіреулер қазіргі
заманғы капитализмнің дамуы, қалай болғанда да, Маркстің әлеуметтік ре
волюция жөнінде қоғамда нақты қауіп туғызған негізді сынына байланысты
деуі мүмкін.
Маркстік идеологияны жақтайтын саяси режимдер аясында өмір сүру
тәжірибесі адамдарды өздерінің жеке көзқарастарынан, мақсаттарынан, ер-
кіндігінен, этикалық сенімдерінен бас тартуына әкелген жоқ. Бұл адамдар
көбіне тіпті диалектикалық материализмдегі «детерминизмді» терістеді және
осы бағытта тәрбиеленді. Еуропадағы коммунизмнің кенеттен күйреуі ішіна-
ра қоғамдағы діни, этникалық және тарихи қайшылықтардың қайта көрінуі-
нен туындады, ал көпшілік бұл қайшылықтар социалист қоғам құрылысы
жолындағы күрес барысында жойылуы тиіс деп ойлаған еді.
Дінді «апиын» ретінде сипаттайтын маркстік сын оның әрекетке итерме-
леушілік қабілетін елемеді. Шын мәнінде, көптеген коммунистік режимдердің
шектен шығуы бейрационалды наным-сенімдер экстремалды іс-әрекеттердің
жойылуына емес, пайда болуына ықпал ететінін және марксизмнің адамгер-
146
шілікті сынды қолдануға немесе осындай бағдарламаларды реттеуге қабілет-
сіз екенін дәлелдеуге өз үлестерін қосты. Бірақ ком мунист режимдер үнемі
Маркстің таза философиясына емес, оның өзгертілген түрлеріне негізделге-
нін атай кету керек.
Теориялық деңгейде Маркс социализмнің көптеген революциялық емес
түрлерін паллиативті және утопиялық деп айыптағанын атап көрсете ала-
мыз. Бірақ оның мемлекеттің қажеттілік болмайтындықтан жойылатыны, тап-
сыз қоғамның орнауы сияқты идеялары да шындыққа жанаспайтын утопия
екенін айтпауға болмайды. Сонымен қатар идеологияның айтарлықтай бұ-
лыңғыр маркстік түсінігі заттарға біржақты көзқарастың формасы ғана сана-
латын маркстік философияның өзіне қарсы бағытталуы мүмкін (мұны дәлел-
деуге болады).
Маркстің таптық күрес туралы түсініктері нақты фактілерді қарапайым-
дандыруға негізделді. Ол екі тапты ғана қарастырды. Ол жалдамалы жұмыс-
шылар және маман-жұмысшылар (жалдамалы жұмысшылардың орта табы)
түптеп келгенде бір ғана пролетариат табына бірігеді деп есептеді. Іс жүзін-
де олай болмады. Осы екі әлеуметтік топты біріктіру үрдісі басқа қырлардан
көрінді. Оның үстіне Маркстің заманында қабылданған «орта тап» терминінің
мағынасы қазіргі заманғы мағынасынан ерекшеленеді.
Сіздің ойыңызша, капитализмге берілген маркстік сынның мәні қандай?
Сіз бұл пайымдауды қайдан түйдіңіз? Мәселені шешудегі сіздің устанымыңыз
қандай? Маркс балама болжамдарға қалай келді? Сіздің әдістемеңіздің Маркс
әдістемесінен айырмашылығы неде?
Қазіргі заманғы әлемде Маркс тарих туралы өзіндік көзқарасы үшін -
тарихтың экономикалық түсіндірмесіне назар аударғаны үшін бағаланады.
Марксизмнің тағы бір жемісі - бүгінгі тарихшылар тарихи оқиғаларды, эконо-
микалық факторларды талдау арқылы түсінуге ұмтылатын болды.
Қазіргі заманғы саясаткерлер өздерінің негізгі мақсаты - жалпы әлеумет-
тік-экономикалық дамуға ықпал ету деп санайды. Олар бұл тұрғыдан алғанда
өздеріне емес, Маркске көбірек риза болуы тиіс.
Ең соңында, тарихи кезеңдердің алдын ала белгілілігі, диалектикалық
материализмнің болмай қоймайтыны туралы Маркстің түсінігі ғылымнан гөрі
оптимизмге, квази-діни сенімге немесе фатализмге әлдеқайда жақын екенін
атап өту қажет.
|