Сократ пен Платон: от пен күн
27
болуы әбден мүмкін. Пікір - болмыс пен бейболмыстың арасын байланысты-
рушы ғана. Пікір - жекелеген заттардың қасиеттерін сезіну әлеміне қатысты
ұғым. Философ, керісінше, білімге ие. Ненің бар, ал ненің жоқ екені туралы
білімнің қате болуы мүмкін емес. Білім - сезімнен жоғары, мәңгі және шексіз
дүние.
Платонның формалар теориясы деп те аталатын «Идеялар теориясы» -
оның бірегей туындысы. Бұл - ұғымдардың жалпы жіктемесінің маңызын көр-
сететін теория. Мысалы, «үстел» сөзі қазір өзім жұмыс істеп отырған үсгелді
немесе мәған қарсы орналасқан үстелді емес, жалпы «үстел» атаулыны біл-
діреді. «Үстел» - нақты дүниені бейнелейді. Екінші жағынан, маған қарсы
орналасқан үстел немесе сізге жақын жердегі үстел - үстелдің «идеясының»
немесе «формасының» жеке көріністері.
Философ үстелдің «формасын» немесе «идеясын» қарастырады. Фило-
софтар жекелеген үстелдерді, иттерді, мемлекеттерді және т.б. зерттеумен
айналыспайды. Философия - ең үздік, ең таза және ең асқақ атаулыға деген
махаббаттан туындаған ақиқат туралы интеллектуалды пайымдау.
Спартоның Платонғо ықпалы
Платонның мінсіз мемлекет туралы теориясына Спарта үлкен ықпал етті. ¥зақ-
қа созылған соғыста Спарта Афинаға күйрете соққы берді. Афиналықтарды
Спартаның табысты да тиімді (көрінген) мемлекеттік құрылымының қатаңды-
ғы мен қарапайымдығы таңғалдырды. Спарта азаматтары үнемі соғысқа да-
йындық жағдайында өмір сүрді. Мемлекеттік құрылымының өзіндік мақсаты -
жеңілмейтін жауынгерлерді дайындау болды. Қыздар да ер балалар сияқты
шыңдалды. Олардың негізгі міндеті дүниеге ұрпақ әкелу еді. Құлдар жерді
өңдеп, азық-түлік өндірді (олардың да ұрпақтары болды). Жер азаматтардың
арасында тең бөлінді; кедейлер мен байлардың арасындағы айырмашылық
мардымсыз болды. Бәрі бірге тамақтанатын. Балаларды оқыту мен тәрбиелеу
қатаң жүйеге негізделді. Ұрпақ көбейтуге барынша қолдау көрсетілді. Бала
лар ата-анасының емес, бүкіл қоғамның перзенті болып есептелді.
«Мемлекет»
«Мемлекетте» Платон мінсіз мемлекеттің құрылымын егжей-тегжейлі сипаттай-
ды. Сократ (Платонның басты кейіпкері және оның ойларын жеткізуші) әділетті-
ліктің әділетсіздіктен жоғары екенін және әділеттілікті, әйтеуір өмірде бар болға-
ны үшін емес, елге тигізер пайдасы үшін қолдау қажеттігін көрсетті.
28
Сократ жекетұлға деңгейіндегі әділеттілікті емес, мемлекет деңгейіндегі әділеттілікті
қолдайды. Сондықтан әділет үстемдік ететін мемлекетті суреттеуге талпынды.
Мінсіз мемлекетте қоғам азаматтардың үш табына бөлінуі тиіс: билеушілер, жауын-
герлер және өндірушілер. Билеушілер (ерлер де, әйелдер де - т е ң дәрежеде) - ақыл-
ойы басым тұлғалар. Олар мемлекетті басқаруы тиіс, бірақ ойы мен денесін үзақ уа-
қыт шынықтырып, дайындықтан өткен соң ғана. Платонның пікірінше, дайындықтың
ең жақсы тәсілі - еңбек. Адамдар бірге тұрып, ешқандай жеке мүлікке және байлық
жинауға қызықпауы тиіс.
Оқытудың алғашқы бір жылынан соң мамандандыру басталады - оқушылар не би-
леушіге, не жауынгерге айналады. Жауынгерлер рухани жігері мықты деген шәкірт-
тердің арасынан таңдап алынады. Олар бойларындағы батырлық лен батылдықты
шыңдап, мемлекетті қорғауды және сақтауды жүзеге асыру үшін жаттығуы тиіс.
Өндірушілердің негізгі қасиеті - жан қалауын қанағаттандыруға ұмтылу. Олар
мемлекетті қажетті материалдық игіліктермен және азық-түлікпен қамтамасыз
етті. Осылайша Платонның мінсіз мемлекетінде еңбектің қатаң бөлінісі бекітілді.
Мінсіз мемлекет әділетті, себебі - әр тап өзі бейімі бар, арнайы машықтанған мін-
деттері мен қызметтерін атқарды. Бір таптан екінші тапқа ауысу мүмкіндігі болды.
Мемлекет білім беру ісін қадағалауы тиіс. Ақиқат және игілік әкелуші нәрсе ғана
оқытылуы керек. Ақындар шындыққа жанаспайтын, адамды аздыратын жайларды
суреттеуде әдемі тіл мен бейнелі сөздерді қолданады. Қарапайым адамдар олар-
дың жылтыр сөзінен, жыландай арбаған тілінен улануы мүмкін. Сондықтан Пла
тон ақындарды мінсіз мемлекетінің құрылымынан шығарып тастады. Ерлер мен
әйелдердің арасындағы неке, мезгіл-мезгіл уйымдастырылатын бұқаралық шара
болуға тиіс. Бірақ ерлер мен әйелдердің ең озықтары ғана жуп құрап, сапалы
ұрпақ беретіндей етіп таңдалуы қажет. Бұл болашақ азаматтардың денсаулығы
мен күш-қуатының мығым болуына септігін тигізді. Балалар дүниеге келген бой-
да ата-аналарынан тартып алынып, қоғам тәрбиесіне берілді. Олар өздерінің на-
ғыз ата-анасының кім екенін білмеуі тиіс болды. Жалпы алғанда, мінсіз мемлекет
жекетұлғаның игілікке жетуінен гөрі әлеуметтік игілікке жетуге негізделді; тұлға
екінші сатыға ысырылды.
«Симпозиум»
Бул еңбек махаббаттың ең жоғарғы формаларын зерттеуге арналды. Сіз пла-
тондық махаббаттың неге осылай аталғаны туралы ойланған кезіңіз болды ма?
Платон өзінін «Симпозиум» еңбегінде махаббаттың осы формасын қорғайды.
(«Симпозиум» грек тілінен аударғанда «той» деген мағына береді. Тойда адам
дар түрлі мәселелер бойынша ойларын ортаға салып, бір-бірімен пікір таласты-
ратын. Сондықтан қазіргі ағылшын тілінде «симпозиум» сөзі танысу мақсатында-
ғы кездесуді білдіреді.)
Сократ пен Платон: от пен күн
29
Федр ізгі ерлер мен балғын жастардың арасындағы махаббат - махаббаттың ең
жоғарғы көрінісі және бекзат өмірдің басты қозғаушы күші деп түжырымдайды.
Павсаний бір жағынан тән махаббаты мен екінші жағынан ізгілікті философиялық
махаббаттың арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Оның пікірінше, ізгілік пен
философияға негізделген махаббат - нағыз құдіретті махаббат.
Эриксимахтың ойынша, махаббат - адам тәніндегі бір-біріне қарсы бөліктердің
бәрін татуластырып, тыныштандыратын үйлесімділік ережесі. Аристофан осын-
дай салмақты пайымдауды мысқылдап, алғашында адамның денесі дөңгелек,
қолы төртеу, құлағы төртеу, беті екеу және т.с.с. болды дейді. Кейін, Аристофан
айтқандай, Құдайлар бізді жазалап, әр адамның денесін екіге бөлді. Сол кезден
бастап осы екі жарты бір бүтінге айналу үшін бір-бірін іздеп келеді.
Агафонның айтуынша, махаббат - әйел қүдайлардың арасындағы ең жасы және
ең әдемісі. Оның бойында ізгілік атаулының бәрі бар.
Сократ адам тән сұлулығына деген қарапайым махаббаттан бастап, әдеміліктің
мінсіз рухын тануға дейін тереңдейді деп тұжырымдайды. Адам дәл осы тәсіл
арқылы қүдіретті махаббат күйін бастан кешеді.
Түйін
Платонның арқасында біз философияның ойлаудың ежелгі діни және мифо-
логиялық типтерінен алшақтауға батыл қадамын жасағанын көреміз. Бірақ
философия, сонымен қатар ойлаудың бурынғы тәсілдерінен ешқашан толық
бастартқан жоқ. Платон редукционизмді қолдаған емес, ол адам танымының
өрісін шектемеді. Ол адам қазір білетінінен де көбірек танып-біле алады деп
үнемі атап көрсетіп отырды. Платонның ойынша, осыған дейінгі біліміміз бен
жетістіктерімізден асып түсу жолындағы біздің ұмтылыстарымыз шексіз. Сон-
да бұл не: күш пе, әлде әлсіздік пе?
Үстірт және көзге көрінетін дүниені ғана емес, нағыз ақиқатты танып-
білу мүмкін екенін негіздей отырып, Платон сол әлемді білетін, ерекше ка-
тегориядағы адамдарға ғана кіруге рұқсат берілген нақты өмір бар деген
болжамға келеді. Бірақ көзге көрінетін дүниеден сырт жатқан нақты өмірдің
Платон ұсынған дәлелдерінен басқа дәлелдер бар ма? Платонның жанның
бөліктерге және мінсіз қала түрғындарының белгілі бір қоғамдық қызмет-
терді атқару қабілеттеріне негізделіп таптарға бөлінуі туралы теорияла-
ры тұрпайы. Оларға философиялық айқындық пен анықтық жетіспейді.
Бұған қоса Платон суреттеген мінсіз мемлекет қүрылымы мүндағы халық-
тың тұрмысы, байлыққа көзқарасы, қызығушылығы, көксеген тілегі әртүрлі
болуы мүмкін екенін ескермейді. Оның үстіне, мысалы, жауынгерлер өнерді
30
мүлде бағалай алмайды, ал философтар ештеңеге қызықпайды және бұған
қарап олардың ешқандай қалау-тілектері жоқ деп айтүға болмайды.
Оның «Идеялар теориясын» метафизикалық теория емес, белгісіз ірі объ-
ектілердің логикалық жіктемесі (логика және тіл мәселесі) теориясы десек,
қисындырақ болар еді.
Платонның идеялар теориясы оның өзгермелілік пен тұрақтылықты біз-
дің қалай сезінетініміз бен танып-білетінімізді түсіндіру талпыныстарын көр-
сетеді. Платонның ойынша, қандай да объектінің немесе құбылыстың өзгер-
мелілігін біз әуелі түйсігіміз арқылы сезінеміз, содан соң ғана, болып жатқан
өзгерісті ақыл-ойдың көмегімен саналы түрде түсінеміз. Оқып отырған ке-
зіңізде осы сұрақтарға қатысты басқа ұстанымдарға да назар аударып, бул
туралы өз болжамдарыңызды тұжырымдаңыз.
Біз жалпылама әнгіме барысында, абсолютті ақиқат, әдемілік және әді-
леттілік ұғыидарын қолданғанымызда өзіміз де аңғармай, Платонның идея
лар теориясын пайдаланатын болғанымыз ба?
Платон демократияның әлсіз тұстарын өз көзімен көргендіктен де бұған
сенген жоқ. Платон демократияны қалай жетілдіруге болады деп те қызықпа-
ды. Бұл оның баяндау мәнерінен көрініп тұр: әділеттілік әділетсіздікке әкеле
алмайды. Дегенмен сақ адамның кейбір жағдайларда сасқалақтап қалатыны-
ның немесе епті адамның жекелеген жағдайларда ебедейсіз және сауатсыз
болып көрінетінінің және т.б. эмпирикалық дәлелдері бар. Платонның әмбе-
бап жалпы анықтамаларға қызығушылығы тілді жеке категорияларға айқын
бөлуге мүмкіндік бермейтін тәсілдер бойынша қолдануды қаламауының ал-
ғышарты болды.
Платонның Спартаға (және оның соңғы жетістіктеріне) тамсануы Спарта-
ның мемлекеттік және әлеуметтік құрылымындағы көптеген жағымсыз сипат-
тарын байқамауына себеп болды.
«Әділеттілік әлеуметтік таптардың үйлесімді қызмет атқаруының негізі
болды» деген түсінік - біз үшін ақылға қонбайтын пікір. Десек те Ежелгі Гре-
кия заманында қоғамның этикалық институты мемлекет болды. Ортағасыр-
лық Батыс Еуропа қоғамының этикалық бағытын шіркеу анықтайтын. Қазіргі
заманда - этикалық институтты жекетұлғаның өзі белгілейді. Бұл жақсы ма,
жаман ба: біз одан не ұттық, не жоғалттық?
2. Аристотель: ақылды пайымдау
Аристотель бүкіл Батые Еуропаның тұтас мыңжылдық ойлау салтын анық-
тап берді. Оның еңбектері өте жоғары деңгейде қастерленді, мұндай құрмет
оның тұжырыидарының ақиқат және дұрыс екеніне күмәндануға негіз бер-
меді. Галилео Галилей (1564-1642) Жер Күнді айналады дегенде, күпіршілік
жасады деп айыпталды. Неге? Оның көзқарастары Інжілге қарсы келген-
діктен емес, Аристотельге қарсы шығуға батылы барғаны үшін! Талай адам
табына дәріптеген осы бір таңғаларлық тұлға кім еді? Аристотель Афинада
оқыды, еңбектерін де сонда жазды. Ол адам сенгісіз терең және зор парасат
иесі болды. Оны бәрі қызықтырды. Аристотель өзінің ұлы ізашары Платонның
мистицизмінен арылды. Оның жазбалары жүйелі, баяндау мәнері салиқалы
болды. Қазіргі заманғы түсініктеме берушілердің бірі айтқандай, ол профес
сор сияқты жазды. (Сіздің мектепте жазған рефераттарыңыз кіріспеден, үш
бөлімнен және қорытындыдан тұрды ма? Оның себебі - Аристотель!)
Өмірі
Аристотель б.д.д. 384 жылы Ежелгі Грекияның солтүсгік-шығыс бөлігінде ор-
наласқан Стагир қаласында дүниеге келді. Оның әкесі дәрігер еді. Аристотель
17 жасында Афинаға кетіп, Платонның Академиясына оқуға түсті. Бұл - ұстазы-
ның ойына философиямен кірігіп кеткен мистицизм мен дін едәуір ықпал еткен
кез еді. Шамасы Аристотельді, негізінен, өзін қоршаған заттар мен құбылыстар-
ды бақылау және оларды сипаттау көбірек қызықтырған секілді. Біз бүгін мұны
эмпирикалық ғылымдар деп атаймыз. Аристотель кейін Платонның көзқараста-
рынан бас тартқанына қарамастан, ол бұл қадамға ұстазын ұнатпағандықтан не-
месе оның жақсылығын бағалай білмегендіктен барды дей алмаймыз. Керісінше,
Аристотель Платонның істеріне тәнті екенін ашық айтты.
Платон дүниеден өткен соң Аристотель Академиядан кетті. Біраз уақытын
ол Кіші Азияның солтүсгік-батысында орналасқан Ассоста өткізді, сол жерде
жергілікті Академияны құрған болуы да мүмкін. Осында ол жергілікті билеуші
Аристотель
Аристотель: аңылды пайымдау 33
Гермийдің жиен қарындасы Пифиадаға үйленді. Пифиада билеушінің көңіл-
десі екен деген қауесет шықты. Бірақ Гермий әтек болған сияқты, сондықтан
бұл оқиғаның шын екеніне күмән бар. Кейінірек Аристотель әйелімен Түркия
жағалауларына жақын Лесбос аралына аттанды.
Көл ұзамай македониялық Филипп патша Аристотельді солтүстік Грекияның
таулы аймағына шақырды. Аристотельдің басты міндеті - он үш жастағы ма-
кедон ханзадасы, кейін ұлы Александр атанған Ескендір Зұлқарнайынға білім
беру еді. Аристотель патша оқытушысы қызметін төрт жыл атқарды. Әйтсе де
осындай қызметте болғанына қараиастан, империяны мемлекеттіліктің ең жо-
ғары идеалы етіп көрсетуге қулықты болмады. Аристотель үшін гректің қала-
мемлекеті мінсіз саяси құрылым болып қала берді.
Б.д.д. 335 жылы Аристотель Афинаға оралып, қаланың сыртында өз мекте-
бін - Ликейді ашты. Оқу орнының атауы оған жақын орналасқан Ликейлік Апол
лон ғимаратымен байланысты сияқты. Бұл мектепте дәрістер оқылды. Сонымен
қатар Ликей ғалымдар мен ойшылдарды жинаған ерекше орталыққа айналды.
Уақыт өте онда тамаша кітапхана пайда болды. Ликейдің шәкірттері йен ұстаз-
дары көбіне көлеңкелі гулзарлар мен галереялардың бойымен қыдыра жүріп әң-
гімелесетін, оқитын және ойға шоматын. Аристотельдің философиялық ойлары
кейде «перипатетикалық» деп аталады, яғни «Ликей шәкірттері дәріс алып, фи-
лософиялық әңгімелер жүргізілген сондай серуендер барысындағы пайымдаулар
нәтижесінде пайда болған» деген сөз. Аристотель өз кітаптарының басым бөлігін
дәл осы кезеңде жазды. Ликей Платонның жартылай діни және мистикалық Ака-
демиясына қарағанда маңыздылау оқу орны еді.
¥лы Александр б.д.д. 323 жылы дүниеден өтті. Оның өлімі Грекия же-
рінде македон үстемдігіне қарсы күшті наразылық туындатты. Бұл қоғамдық
бүліктен Аристотель де жапа шекті. Оның Афинадан кетуі дұрыс қадам еді.
Аристотель б.д.д. 322 жылы 62 жасында ауырып қайтыс болды.
Өмір шежіресі
(Барлық даталар - б.д.д)
431-404 жылдар - Спарта мен Афина арасындағы Пелопоннес соғысы
400 жыл - Гиппократтың медицина тақырыбындағы еңбектері
384 жыл - Аристотель дүниеге келді
367 жыл - Аристотель Академияға оқуға түсті
359 жыл - II Филипп Македонияның патшасы атанды
350 жыл - Грекияда Эпидавр театры салынды
347 жыл - Платон дүниеден өтті
3-263
34
347 жылдан кейін - Аристотель Афинадан тыс жерлерде сабақ берді
345 жыл шамасы - Аристотель үйленді
343-339 жылдар - Аристотель Ескендір Зұлқарнайынды оқытты
341 жыл - Эпикур дүниеге келді
335 жыл - Зенон дүниеге келді
335 жыл - Аристотель Ликейді ашты
334-323 жылдар - Ескендір Зұлқарнайынның Персияға, Египетке және Үндістан-
ға үлы жорығы
323 жыл - Ескендір Зүлқарнайынның өлімі
322 жыл - Аристотельдің өлімі
321 жыл - Александр империясының күйреуі
300 жыл - Евклидтің «Элементтері»
Ойлары
Физика және метафизика
Платонның идеялар теориясына адамдардың бәрі бірдей таңдай қағып, там-
сана қараған жоқ. Бұл теория қоршаған дүниені екіге қақ бөлгендей болды.
Оның мақсаттарының бірі - дүниеде бар болған заттар мен құбылыстардың
көптүрлілігін түсіндіру еді. Бірақ мұның бәрі материалды объектілердің көп-
теген формаларының қатар тіршілік етуін тіпті де түсіндіре алмады. Егер
заттар белгілі бір формаға ие болғандықтан тіршілік етер болса, бұл жайт
осы заттардың өзгеру немесе жойылу үдерістерін түсіндіре алмайды. Пла
тон фориалардың өздері анықтайтын заттарға қатысын түсіндіруге тырысқан
сәттерде ақындық образдармен сөйлеп кететін.
Аристотель Платон іліміндегі әлсіз тұстардың бәрін өзінің универсалия-
лар теориясында түзету қажет деп шешті.
Физика - табиғат туралы ілім. Бұл термин гректің табиғат дегенді білдіретін
«physis» сөзінен шыққан. Бұл жағдайда «табиғат» даму және жетілу үдерісі ре-
тінде қарастырылады.
Метафизика - болмысты бар болу тұрғысынан зерттеу; бар нәрсенің мәні тура
лы пайымдаулар; алғашқы себептер мен принциптерді зерделеу; бізді қоршаған
нақты дүниені рационалды тану; адамды қоршаған заттар, олардың тереңдігі
мен мәні туралы рационалды білім.
Аристотель: ақылды пайымдау
35
Универсалиялар
Кейбір сөздер қайталанбас, бірегей заттарды білдіреді. Мысалы, «Тәж-Ма-
һал» немесе «ҒаламатЖак». Қайсыбір сөздер көптеген ортақ белгілері бар
заттарды білдіреді: «кереует», «кресло», «ит», «қара», «тәтті». Универ
салиялар осы соңғы сөздерге ұқсайды. Аристотель осылайша субстанция,
яғни қайталанбас, бірегей мен универсалияның, басқаша айтсақ, жалпының
арасындағы айырмашылықты көрсетті. Субстанция - жеке атаумен белгіле-
нетін зат. Универсалия - біртекті объектілер тобын білдіретін атау немесе
сын есім. Мұндай атау тектік белгілерімен мәлім затты білдіреді, бірақ нақ-
ты затты білдіре алмайды. Универсалия кейбір заттардың ортақ белгісін
білдіреді. Үстелімнің қасындағы кресло, иен отырған кресло, кереуетіме
қарсы орналасқан кресло және бақтағы кресло - бұл ұғымдардың бәрі
әртүрлі және бәрі әртүрлі материалдардан жасалған. Осы заттардың бәрін
креслолардың қатарына жатқызуымызға иүмкіндік беретін ортақ нәрсе,
шын мәнінде, универсалия болып шығады. Қазіргі уақытта біз осы ұқсас-
тықтар туралы айту нақты дүниені талдаудан гөрі адамның сөйлеу сөзінің
ерекшелігіне көбірек байланысты және метафизикаға еш қатысы жоқ деп
түюге бейімбіз.
Мән
Бұл - Аристотельдің ізбасарлары қолданатын тағы бір термин. Мән дегеніміз
тіпті де универсалия емес. Мән - қандай да бір заттың ішінде жатқан нәр-
се немесе әлдебір құбылыстың, оқиғаның табиғаты. Ешбір зат және ешбір
құбылыс, өмір сүруін тоқтатқанда болмаса, өз табиғатын жоғалта алмайды.
Объект бар бол май тұрғанда-ақ онда мән болады.
Форма жэне материя
Егер мен пластилиннің кішкене бөлігін алып, оны дөңгелектеп илесем, бұл
жағдайда материя, эрине, пластилин болады. Сол материяны мен домалақ
формаға айналдырдым. Форма материяға субстанцияға айналу мүмкіндігін
береді.
Аристотель: «Жан - тәннің формасы», - дейді. Адамның жаны тәнге
форма береді, оны киген тән өмір сүреді, тән солар үшін өмірлік мақсаттар
қояды, оның міндетін анықтайды. Аристотель заттың формасы - оның мәні
36
және алғашқы субстанциясы, ал универсалиялар маңызды емес деп тұжы-
рымдайды. Заттың формасы мен материясы ол зат жасалғанға дейін-ақ бар
болады.
Формасыз материяда тек потенциал (әлеуеттілік), яғни затты жасау мүм-
кіндігі ғана бар. Заттың өзектілігі (актуальділік) оның формасына тікелей
тәуелді. «Потенциалды» және «актуальді» ұғымдары дүниедегі өзгерістерді
түсіндіруге тырысушы Аристотель үшін өте маңызды болды.
Болмыс біртекті емес, оның өзіндік иерархиясы бар. Тегістелмеген тас, мы-
салы, тегістелген тасқа қатысты алғанда потенциалды күйде, яғни онда тегіс-
телу мумкіндігі бар. Тегістелген тас тегістелмеген тасқа қатысгы алғанда өзекті
күйде. Дегенмен ол да, айталық, үйге қатысты алғанда әлеуетті күйде болады.
Дүниеде болып жатқан өзгерістерді Арисготельдің қалай тусіндіретінін ұғыну
үшін біз ең әуелі оның «себеп» деген ұғымды қалай түсінетініне назар аударуы-
мыз керек.
Себеп
Аристотель себептердің біртұтас жіктемесін жасауға ұмтылды. Ол себептер-
дің төрт негізгі түрін бөліп көрсетеді.
(1) Материалды себеп - сөзбен тұтасатын дыбыстар, логикалық ой-тұ-
жырымдар түзетін дәлелдер тәрізді объект қалыптастыратын заттың, нақты
дүниенің негізі.
(2) Формалды себеп - қоршаған дүниеде қандай да бір объект өмір сүре
алу үшін қажет болатын форма. Мысалы, доп резеңкеден жасалуы тиіс, себе-
бі резеңке оның материалды себебі немесе түпнегізі. Бірақ доп, сонымен бірге
домалақ болуы тиіс, домалақ болу - оның формалды себебі.
(3) Туындатушы (қозғаушы) себеп - қандай да бір үдерістің басталуы
және дамуына немесе оқиғаның пайда болуына эсер етер себеп. Мысалы,
біреуге айтылған кеңес оның инженер боламын деген шешімін туындатушы
себеп бола алады. Адамның бойында ұстазының ықпалымен пайда болған
шабыттану оның поэзияға деген қызығушылығын туындатушы себеп болуы
мүмкін. Автомобильдің терезесінен лақтырылған темекі тұқылы орман өртінің
туындатушы себебі бола алады.
(4) Мақсатты себеп - адам жетуге ұмтылатын ниет немесе мақсат. Мы
салы, түскі тамақтан кейінгі жаттығудың мақсатты себебі - келесі аптадағы
матчта жеңіске жету.
Аристотель: ақылды пайымдау
37
Телеология
Біз себепті өзінен кейін өрбитін оқиғаға дейін болатын нәрсе деп түсінуге
әдеттендік. Мысалы, оттың пайда болу себебі - сіріңке қорабына сіріңкені
шағып, жағу. Аристотель мақсатты себепті ең маңызды себеп ретінде жиі
қарастырады. Адамның жылынғысы келген әрекеті оттың себебі болды.
Бұл жағдайда себеп (жылыну) оқиғадан кейін болып отыр. Мұнда себеп
от жағудың мақсаты ретінде көрінеді. Бұл - телеологияның еншісіндегі
нәрсе. Табиғатты біз машина секілді деп ойлаймыз. Аристотель табиғат-
ты өз идеясын жүзеге асыруға талпынған суретшіге немесе туындыгерге
ұқсатты.
Енді біз Аристотельдің форма, материя және себеп ұғымдарын қолдана
отырып, өзгерісті қалай түсіндіретінін ұғына аламыз.
Табиғаттағы кез келген өзгеріс аясында екі тарапты атап көрсетуге бо-
лады: біріншіден, объектінің жекелеген ерекшеліктерінің өзгермейтіні (тіпті
сол ерекшеліктер қандай да бір өзгерістерге ұшыраса да), екіншіден, барлық
қасиеттердің нағыз өзгерісі.
Материя әртүрлі формаларда бола алады. Қандай да бір заттың немесе
оқиғаның дәл осы сәттегі формасы - зат формаға ие болған сәтте туын-
даған оның әлеуеттілігі. Мәселен, қарапайым ұрықты алайық. Бірақ ұрық
белгілі бір әлеуетке ие. Эр затты немесе оқиғаны олардың материясы мен
формасын қарастырудың көмегімен түсінуге болады: олар қалай қозғала-
ды немесе өзгереді, қалай бір формадан басқа формаға өтеді. ¥рық гүлге
айналады. Эр зат немесе оқиға үнемі белгілі бір халде және басқа күйге
ауысу үдерісінде болады. Форма - өзгермелі тарап, материя бұрынғы қал-
пында қалады.
Аристотельдің осы мәселелер туралы пайымдаулары өзінің «Физика»
және «Метафизика» кітаптарында баяндалған. Ол бірінші болып сөздік қорға
«метафизика» сөзін енгізді. Осы кітабында Аристотель «материялылықтан
тыс» болып жатқан құбылыстар туралы ойларын жинақтап көрсетеді, «Мета-
физиканың» зерттелуі «физикадан кейін» болғанның бәрін дерлік қамтыды.
Екі мағына да «метафизика» сөзінің өмірге келуіне негіз болған ұғым ретінде
қарастырылады.
Логика
Аристотельдің логика туралы еңбегі қазір ескірген деп саналады. Бірақ өз
кезінде ол ерекше бағаланды. Аристотельдің зор беделге ие болғаны сонша:
38
«Неге оның теориясы дұрыс?» - деп ешкім сұрай да алмайтын. Эрине, бұл
тіпті де философиялық ойлау тәсілі емес, бірақ солай болғаны рас. Арис-
тотельден кейінгі екі мың жыл бойына логика дамыған жоқ. Аристотельді
көбіне дедуктивті ойлау қызықтырды. Дедуктивті ойлау дегеніміз - жалпы
фактілерден жеке қорытынды немесе тағы бір жалпы қорытынды шығару.
Ойлаудың осы әдісін қолдану үшін Аристотель силлогизмді пайдаланды.
Ойлаудың бұл типінің мәні мынада: дәлелдер немесе алғышарттар ақиқат
болса және оларды баяндау мәнері дұрыс болса, қорытындылар да ақиқат
болуы тиіс.
Аристотель шығармаларының алғашқы редакторлары оның логика жө-
ніндегі еңбектерін «Органон» деп аталған жеке жинаққа біріктірді. Бұл сөз
«құрал» дегенді білдіреді. Аристотельдің өзі логиканы танымның негізі ре-
тінде қарастырмады, бар болғаны ой құрау үдерісі ғана деп есептеді. Ол
мазмұнына қарамастан өзі жұмыста қолдана алатын үдерісті, нақтырақ айт-
қанда, ойлау процедурасын тапқысы келді.
Дедуктивті ойлау
Енді біз кейбір арнайы терминдерге жақындадық.
Пайымдаулар - субъект пен предикаттан тұратын сөйлемдер: «Ит маза-
сызданып тұр». Бұл жерде субъект - біз не туралы айтып тұрсақ сол: яғни
«ит». Ал предикат - субъект туралы айтып тұрғанымыздың мәні: «мазасыз-
данып тұр». Пайымдаулар белгілі бір формаларды қабылдауға тиіс: бір кате-
горияға кіретін уғымдар басқа категорияға да кіре алады (немесе кіре алмай-
ды). Мысалы, «ит» категориясына жататын әлгі хайуан «мазасызданушылар»
категориясына да жатады.
Пайымдаулардың төрт типі бар:
Адамдардың бәрі ажалды.
Кейбір адамдар ажалды.
Кейбір адамдар ажалсыз.
Ешбір адам ажалды емес.
Пайымдаулар ақиқат немесе жалған болады.
Ес т е с а қ т а ң ы з : пайымдаулар жалған немесе ақиқат, ал тұжырымдар
қисынды немесе қисынсыз болады.
|