Біз, Жібектің ұстаздары, оның болашақта жақсы маман болатынына сенім білдіреміз



Дата27.07.2020
өлшемі17,96 Kb.
#75617
түріСабақ
Байланысты:
Мінездеме



Мінездеме

Төленді Жібек Ержанқызы 11 тамыз 2003 жылы туылған, ұлты қазақ, ҚР азаматы. 2020 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданы Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келген . Осы ауылда Жаңатұрмыс орта мектебін жалпы орта білім курсы бойынша бітіріп шықты. Толық, көпбалалы отбасында тәрбиеленген.Әлеуметтік жағдайы жақсы.Жібек мектепте білім алған жылдары өзін жақсы жағынан көрсете білді. Білімі жақсы. Сабақтардан себепсіз қалмайтын, қоғамдық бағыттағы пәндерге, әсіресе тарих, әдебиет пәндеріне қызығушылығы жоғары. Өзіне тапсырылған істерді жоғары жауапкершілікпен атқаратын. Мектепте өткізілген мәдени және тәрбиелік іс-шараларға белсене қатысты. Көбіне іс-шаралардың жүргізушісі міндетін атқаратын. Сынып сағаттарында жасаған баяндамалары мазмұндылығымен ерекшеленетін. Сыныпта тазалық секторы қызметін атқарған.Ата-анасымен, бауырларымен қарым-қатынасы өзара сыйластыққа негізделген, оларға ерекше құрметпен қарайды. Сыныптағы оқушылармен де, мұғалімдермен де жақсы қарым-қатынас орната білді. Ұстаздарын сыйлайды. Мінезі ашық, ұстамды, сабырлы, толерантты, кішіпейіл. Өзге адамдармен тез тіл табысады. Қамқор, көмегі қажет болған адамдарға қол ұшын беруге даяр тұрады. Ақкөңіл, үнемі күліп, көңілді жүреді. Оның ашуланған сәттері сирек байқалады. Сыныптастарының арасында сыйлы, беделді. Мектептің ішкі ережесі талаптарын сақтайтын. Жеке тұлғалық көзқарасы қалыптасқан. Өз ойын, пікірін ашық, анық жеткізеді. Өзіндік ұстанымын дәлелдей алады. Алдына нақты мақсат қойып, оған жету үшін күресе біледі. Сыныпта туындаған қиындықтарды жеңуде дұрыс шешім қабылдайтын. Шығармашылық қиялы дамыған.


Біз, Жібектің ұстаздары, оның болашақта жақсы маман болатынына сенім білдіреміз.

Мектеп директорының у.м.а Тайғараева Г.


Сынып жетекшісі Базарбаева К.М.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет