Калиева Назерке Багдатовна,
Қарағанды қаласы химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-ұйымдастырушы-кураторы
Тақырыбы: Адамгершілік құндылықтар арқылы толерантты тұлға қалыптастыру
Мақсаты:
|
Толеранттылық ұғымын мектеп құндылықтарымен байланыстыра отырып ашып көрсету;
Адамгершілік құндылықтарды сыйлауға қабілетті жауапкершілігі зор азаматтар тәрбиелеу мақсатында оқушы бойындағы толерантты тұлғаның қасиеттерін дамыту;
|
|
|
|
|
Уақытты жоспарлау
|
|
|
Кіріспе бөлім
3 мин
Топқа бөлу
2 мин
4 мин
|
«Амандасу ритуалы» (әр түрлі елдің салтымен).
Балалар, әр халықтың өзіне тән амандасу салты қалыптасқан. Біз бүгін басқа халықтар ретінде өзімізді көрсетіп басқа халықтар сияқты амандасып көрейік!!! Сіздер алдын-ала өздеріңіз таңдап алған фигуралар арқылы ішкі және сыртқы шеңбер құрамыз. (домалақ-сыртқы, төртбұрыш-ішкі)
Қатысушылар екі шеңбер құрады, ішкі шеңбер орынында қалады, ал сыртқы сағат тіліне сәйкес жылжып отырады.
Геометриялық фигуралардың көмегімен қатысушыларды топқа бөлу;
Топқа бөліну барысында қатысушылар таңдаған фигураларына байланысты мінездемелерімен танысады. Өздері туралы жақсы пікір, позитивті көңіл-күй сыйлайды.
Тақырыпты ашу «Миға шабуыл»
http://mediakurs.kz/kz/video/223-toleranttylyq_degenimiz_ne
Куратордың кіріспе сөзі:
Адамзаттың бәрін сүй «бауырым» деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті ...Абай атамыз жырлағандай бүгінгі кураторлық сағатымызда ұлы Абайдың осы сөздерін эпиграф ретінде алып отырмыз.Осы шумақтан нені түйдіңіздер?
-Иә, барша адамзатты нәсіліне, ұлтына , ұстанатын дініне қарамастан жақсы көріп, түсіністікпен қарап, өзіңдей қабылдау қасиетін бір сөзбен толеранттылық дейміз.
Толеранттылық – бұл қайырымдылық.
Толеранттылық – бұл аяушылық таныту.
Толеранттылық – бұл құрметтей білу.
Толеранттылық – бұл мейірімділік таныту
Толеранттылық – бұл шыдамдылық.
Толеранттылық – бұл достық
Бұл - келісім мен ынтымақтастыққа апаратын жол
|
Презентациялық көрсетілім
Геометриялық фигуралар көрсетілген карточкалар
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігінің
видео-сабақ порталы
|
Негізгі бөлім
10 мин
7 мин
|
Топтық жұмыс барысында «Толеранттылық» түсінігін психологиялық, діни және саяси жақтарынан қарастырып талдайды
Қатысушылар 3 топқа бөлінеді: дінтанушылар, психологтар және саясаттанушылар;
1-топ «Дінтанушылар»
2- топ «Психологтар»
3-топ «Саясаттанушылар»
«Толерантты тұлға сипаттары»
Оқушыларға күннің шуақтары салынған конверттер таратылады. Ол шуақтарда тұлғалық сипаттар жазылған. Оқушылар өздерінің ойларынша толерантты тұлғаға сәйкес келетін қасиеттерді таңдаулары тиіс.
1 Конверт : мейірімділік, сыйласымдылық, эгоизм, түсіністік, ашу, қатігездік, жан ашырлық, өзара түсіністік, сараңдық, шынайылық, махаббат;
2 Конверт : қолдау көрсету, жала, аямшақтық, кеңпейілділік, қызғаныш, теңдік, келісім, қайырымдылық, ызақорлық, бейбітшілік, кешірім, бірлік, бауырмалдық, әдепсіздік;
3 Конверт: құрмет, ынтымақтастық, көпшілдік, жауапкершілік, өмір бойы білім алу, ашықтық, азаматтық жауапкершілік, адалдық.
Оқушылар күннің суреті салынған плакатқа толерантты тұлғаның қасиеттері жазылған күн шуақтарын жабыстырады.
Сұрақтар:
Ал енді ойланыңдаршы, біздің барлығымыздың бойымызда осы құндылықтар бар деп ойлайсыңдарма? Қиын сәттерде бір-бірімізді түсініп қақтығыстарды бейбітшілік жолмен шеше аламызба?
Біз өзімізді өзгерте аламызба? Аталған құндылықтарды өз бойымызда тәрбиелей аламызба?
|
Постермен жұмыс
Күн шуақтары салынған конверттер
|
Қорытынды бөлім
7 мин
|
«Ойлан, жұптас, пікірлес» - интербелсенді әдісі
“Толерантты болу дегеніміз........» берілген сұраққа әрбір топ оқушысы жеке өз ойларымен пікірін берілген уақыт ішінде қағазға түсіреді. Содан кейін топ мүшелері жазылған сөздерін 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі, қорытындылайды. Сыныпқа жариялайды;
|
Аудиотыңдалым
Постермен жұмыс
|
|
Рефлексия
4 мин
|
«Бес саусақ тәсілі»
Оқушылар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді,осыдан соң олар сабақ туралы мынадай сұрақтарға жауап беріп салынған саусақтарына жазады.
Бас бармақ- басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?
Екінші саусақ- бірлесу. Мен топта, жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?
Үшінші саусақ-ойлану. Мен бүгін қандай біліммен тәжірибе алдым?
Төртінші саусақ- шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
Бесінші саусақ- көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?
глобустың жан-жағына жабыстырады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |