Тақырыбы: «Қатігездік қайдан пайда болады?» Мақсаты



Дата09.08.2017
өлшемі97,91 Kb.
#23112
Тақырыбы: «Қатігездік қайдан пайда болады?»

Мақсаты:

Қатыгездіктік басты себептері имансыздықта, мейірімсіздікте екенін ұғындыра отырып оны болдырмау жолдарын талдап түсіндіру; балалар бойындағы имандылық, ибалық қасиеттерді нығайта түсу; Ислам діні имандылықтың негізгі екенін айта келе оқушыларды ізгі қасиеттерге тәрбиелеу.



Көрнекілігі:

Ислам дініне байланысты ұлы адамдардың ұлағатты сөздері, арнайы тапсырмалары жазылған плакаттар, сауалнамалар, газет-жұрналдар, «Дін ислам» туралы дискеттер, видеороликтер, слайдтар.



Мұғалім:

Армысыздар,құрметті қонақтар мен ұстаздар! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың «Қатыгездік қайдан шығады?» деп аталуы да жайдан жай емес. Бұл сұрақ бүгінгі заманның өзекті мәселелерінің бірі болып тұр.

Имансыздық-қатыгездік, себебі

Қатыгезге жоқ қой оның қорегі.

Ешбір жанға ашымайды жанын да

Мейірім де кездеспейді қанында

Өтірік сөз айтқандары үнемі

Әке-шеше деген оған кім еді?

Көздерінде ыза мен кек тұрады,

Айта алмаймын: «Дұрыс сөзді ұғады».

Еш нәрсеге шүкіршілік етпейді,

Игі іс жасау санасына кірмейді.

Ақылды да санасына ілмейді,

Құдайдан да қорқуды ол білмейді.

Тәрбие сағатымыз басталмас бұрын оқушылармен, ата-аналармен сауалнама жүргізіп жауаптарын алғым келеді.

1. Қатыгездің басты себебі неде?

а) имансыздықта

ә) еріккендік

б) ерегесте



2. Қатыгездің бойында мына қасиеттердің қайсысы жоқ?

а) ақылдылық, жасқаншақтық

ә) мейрімділік,кішіпейілділік б) білімділік,ибалық

3. Қатыгезді мына сөздің қайсысы сипаттайды? а) ұстамды, сабырлы

ә) ерке шолжаң

б) қаныпезер, жаны ашымайтын

4. Қатыгездің аузынан қандай сөз көбірек шығады?

а) ақыл айту

ә) өтірік сөз

б) өсиет сөз



5. Қатыгездің көзінен нені көруге болады?

а) ыстық-ықылас

ә) мейірім-шапағат

б) ыза-кек


6. Қатыгез адам кімге сенеді?

а) өз күшіне

ә) Алла тағалаға

б) әке-шешесіне


7. Қазіргі жастарымыз неге қатыгез болып барады?

а) имансыздықтан, мейрімсіздіктен

ә) түсініспеушіліктен

б)ақылдылықтан



1-жүргізуші:

Неге дінім өгейленіп барады,

Тоқтатуға қандай амал табамын?

Тіл шұбарлап, дінін сақтап пенденің

Күннен-күнге көбеюде санағы.

Неге дінім өгейленіп барады?


2-жүргізуші:

Ислам діні рухыңды бай қылар,

Басқа дінде адасқан жүр, қайғы бар.

Исламда берік болсаң айнымай,

Жолдас қылып иманыңды сай қылар.
1-жүргізуші:

Ұлтымызды, соның ішінде әсіресе жастарымызды тілінен, дінінен, салт-дәстүрінен бездіріп, қоғамымыздағы түрлі қылмыстардың өршуі, бала тәрбиесінің тым нашарлап кетуі, елімізде әділетсіздіктің белең алуы және берекесіздіктің болуының тікелей себептерінің төмен дәежеде екендігінен.



2-жүргізуші:

Олай болса жастарымызға имандылық сыйлайтын, тәлім-тәрбие беретін Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінен үзінді тыңдаңыздар. (Интеративті тақтадан видеоролик тамашалау).



1-шүргізуші:

Біздің құрбыларымыздың дайындаған «Мың сауал» атты аңызынан үзінді көріңіздер.



Автор: Жігіт «Зұлхия» атты кітапты оқып шығып, қызға келіп кездескен екен. Сонда «Ауаның құбылысы да неше түрлі құбылып, кейде теңізді аласапыран етіп, кейде кемерінен шығарып жібермей ме? Сондай-ақ ер адамдардың да өзі үшін, халқы үшін көңілі неше түрлі ойды ойлап,көп нәрсені еске ала бермей жүретінін еске саламын. «Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді»деген халық мақалын қару етіп сіздің қоятын сауалыңызды шешуге арнайы келіп отырмын» дегенде қыз іркілместен қабылдап, сауалдарын бастайды.

Қыз: Теңізден терең, жерден ауыр не?

Жігіт: Теңізден терең ғылым мен білім, жерден ауыр- жақсылыққа жамандық еткен.

Қыз: Дүниеде өлмейтін не?

Жігіт: Өлмейтін- ұрпақтан ұрпаққа қалған ғалымның хаты, халыққа еңбек еткен жақсының аты.

Қыз: Кішіпейілдікті қайдан үйрендің?

Жігіт: Түйеден.

Қыз: Дәлел керек.

Жігіт: Түйе кімге бұйдасын байласаң еріп жүре береді.

Қыз: Ақырып сөйлеушіге не дер едің?

Жігіт: Ақырып сөйлеу тек есекке тән дер едім.

Қыз: Удан ащы не?

Жігіт: Удан ащы сыртыңнан айтқан өсек пен өтірік.

Қыз: Есі бар адамға не керек?

Жігіт: Қайырымдылық, мейірімділік, білім керек.

Қыз: Жұрттың өзіңе көмегі болады деген үш нәсе не?

Жігіт: Қайырымдылықтың өмірге, көмек берудің денсаулыққа, ақыл айтудың адамшылыққа көмегі тиіп алғыс алады.

Қыз: Неден сақтану керек?

Жігіт: Үш нәрседен: рақымсыз жыртқыштан, әділетсіз әкімнен, ұятсыз әйелден.

Қыз: Адам не нәрсеге асығу керек?

Жігіт: Жолға талап етсе жүруге, уағдасын орындауға, берешек болса беруге, жасы толса үйленуге, өлсе көмуге асығу керек.

1-оқушы:

Ислам діні – дүние жүзіне кең тараған діннің бірі. Дүние жүзінде 6 млрд адам бар, соның 1,5 млрд астамы- мұсылман. Мұсылман дінінің негізін салушы- Мұхаммед Пайғамбар. Бұл діннің қасиетті кітабы- Құран. «Құран сөзі- Құдай сөзі» деп үйретеді мұсылман баласы. Құран- мұсылман баласының қалай өмір сүруі керектігі жайлы жазылған заң шарттарынан тұратын кітап.



2-оқушы:

Исламның басқа діндерден айырмашылығы – ол соңғы әрі қақ дін. Бұған біз дәлелді Құраннан аламыз. Алла Тағала Құранда «Алланың құзырындағы дін- Ислам» деп анық айтқан.



3-оқушы:

Ислам дейтін атаудың мағнасы бейбітшілік деген ұғымды білдіреді. Ал мұсылман сөзі «мойынсұнушы, көнбіс» деген мәнге ие, яғни Ислам дініндегілер- бейбітшілікке мойынсұнушылар.



4-оқушы:

Дін-ғылымның анасы,

Дін- ғылымның әкесі.

Дін-ғылымның бабасы,

Дін- ғылымның көкесі.

Дін белгілі заңдылықтардың жүйесі. Оны қоғамның әрбір мүшесі орындауға тиіс. Мұсылман дінінің заңдылықтарын өмірге кеген мұсылман оқып білуге міндетті. Оқымаса – ол Алла Тағаланың әмірін тыңдамағаны.



5-оқушы:

Имандылық нан, сен деген мағына береді. Иман келтіру- ислам дініндегі бес парыздың бірі.



1-жүргізуші:

Әділет, байқаймысың, біздің құрдастарымыздың Ислам діні туралы хабары бар екен.



2-жүргізуші:

Иә, Гүлнұр, байқадым. Енді Ислам дініндегі бес парыз туралы не біледі екен?



6-оқушы:

Исламдағы бес парыз мыналар: Алланың барлығына, Мұхаммед Пайғамбарға сену, намаз, ораза, зекет, қажылық.



7-оқушы:

  1. Алла Тағалаға иман келтіру. Алла біреу, періштелерге иман келтіру.

  2. Намаз – мұсылманның екінші парызы, дін діңгегі иманның тәні.

  3. Ораза. Әр мұсылман рамазан айында отыз күн ораза ұстауға міндетті.

  4. Зекет- бұл табысынан құдай, дін жолына берілетін салық.

  5. Қажылық- Меккеге барған адамға берілетін діни атақ. Қажылыққа жағдайы келетін әрбір мұсылман баруы керек.

8-оқушы:

Ислам діні ауырсаң да емдейді,

Намаз оқы, ораза тұт сен дейді.

Ислам діні бес парызды жүктейді,

Жаман жолда жүруіңе көнбейді.

Ислам діні-мұсылманның тірегі,

Айнығанды ақыретте кешпейді.

9-оқушы:

Ислам діні діндердің ең асылы,

Айтыңдаршы, бар ма басқа басымы?!

Ислам дінін ардақтаймын мақтана,

Сол дініммен көңілім жай табады.

Ислам діні – діндердің ең керегі,

Түзуөскен,қисаймағантерегі. 10-оқушы

Ислам діні жамандықтан қағады,

Мұсылмандар сауапты көп табады,

Ислам діні жұмақтарға кіргізсе,

Бал – шырының өзен болып ағады.

11-оқушы

Ислам діні ашуыңды бастырар,

Осы дінде имандылар, жақсылар.

«Ислам діні діннің ең тазасы»

Деп күмәнсіз мойындаған «бастылар».

Ислам дінін қуаттаған жапон да,

«Дін асылы»деген еді атам да.

Ислам діні берекеңді кіргізер,

Ынтымағың болса берер отан да

12-оқушы:

Ислам діні әлсіренкіреп қалып ед,

Мұсылмандар «Не болар?» деп налып ед.

Ислам діні қайта күшке енуде,

Қуат бергей, я Тәңірім қазірет.

Ислам діні нашар болса егер де,

Басқа діннен Исламға кірмейді.

13-оқушы: Құран сөзі «оқы» деген мәнге ие екен. Хадистердің бірінде «Арқаң жел бесікке тигеннен жер бесікке тигенше іздегенің білім-ғылым болсын» деген екен. Мұғалімнің әрбір берген сабағы бір күн намаз оқығанмен бірдей.

2-жүргізуші:

Құрбыларымыз кешегі өткен ойшыл ғылым Иссауидің, ұлы ақын Абай мен оның ізбасары Мұқағалидың, тағы да басқа ұлы адамдардың дін туралы пікірлерінен айтып хабардар етіп жатыр. Бүгінгілер не сыр айтар екен?



1-жүргізуші:

Елімізде әлі де дінін, тілін ұмытпағандар баршылық. Себебі мұны уағыздаудың басында Елбасының өзі тұр емес пе? Ендеше Президентіміз Назарбаевтың Ислам туралы көзқарасын тыңдаңыздар.



14-оқушы:

Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың ислам туралы көзқарасынан: «Біз – тегіміз түрік, дініміз – Ислам екенін ұмытпауымыз керек. Ол үшін қасиетті кітап – Құран кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз қажет. Шыншыл, иманды болу, адамдарды әділдікке, мейірімділікке шақыру – өте жақсы іс, бұған менің сенімім кәміл» дейді біздің Елбасымыз. Бұған тоғыз ғасыр бұрын өмір сүрген Иассауидің пікірі осымен орайлас. Имандылық дегеніміз – адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, адам бойындағы имандылықтың ең басты көрінісі мейірімді, кешірімді, өзгелерге жанашырлықпен қарау болып табылады.



15-оқушы

Ислам діні қорғап қалар оқтан да,

Бір аллаға мінажат қыл қашанда.

Ислам діні шын тілесең Құдайдан,

Алып шығар аман-есен оттан да.

Рахматы кең құдіретке сенеміз,

Жарылқаса пейіштен жай береді.

2-жүргізуші:

Әділет сыныптастарымызға мынадай тапсырма берсек.

«Қатегіздік» дегенді қалай түсінеді екен?

Үшінші тапсырма дін бізге нені үйретеді?



1-жүргізуші:

Ақбота мен енді ортаға Биболат ағайымызды шақырсақ деймін, қалай қарайсың?



1-жүргізуші: Иә, Әділет, шақырайық. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың қорытындысын сол кісі айтсын.

Мұғалім: Құрметті әріптестер, мыны тест сұрақтарының бәрін бердей оқып тоқталмай-ақмен осы сауалнамадағы 7-сұраққа тоқталып өтейін. «Қазіргі жастарымыз неге қатігез болып барады?» деген сұраққа көпшілігі «Имансыздықтан, мейірімсіздіктен» деп жауап беріпті. Осы жауап бүгінгі тәрбиесағатымызға берілген жауап болсын. Сөзімді өлеңмен бастап едім, соңында да өлеңмен аяқтасам деймін.


Ұрпағымыз кешегі өткен асылдың,

Мен мақтанып соларменен тасыдым.

Инабат жоқ жастарымызда қазіргі,

Қатыгездік індеті ме ғасырдың?

Мейірімді бол, бөленерсің шуаққа,

Сол шуақтан бойындағы қуат та.

Қай кезде де иманды бол, адал бол,

Есте сақта жүрсең дағы жырақта.


Темір Масин атындағы орта жалпы білім беретін мектебі

Ашық сабақ.
Тақырыбы:

«Қатігездік қайдан пайда болады?»



Өткізген: Ситкереев Б.Ж.

2013-2014 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет