Атлах-Талас шайқасы



Дата06.02.2022
өлшемі146,56 Kb.
#81487
Байланысты:
00045ade-b43e6413 (1)

Атлах-Талас шайқасы

Талас шайқасы – алғашқы одақтас түрік және ислам әскерлері мен қытай әскерлері арасында болып өткен соғыс. Ислам дінін әлі қабылдамаған түркі халықтары Орта Азияға ислам дінін алып келген арабтармен бірігіп, Қытайларға қарсы соғысқан. Бұл Талас соғысы, себебі мен нәтижесі тұрғысынан өте жоғары маңызға ие болды.

  • Талас шайқасы – алғашқы одақтас түрік және ислам әскерлері мен қытай әскерлері арасында болып өткен соғыс. Ислам дінін әлі қабылдамаған түркі халықтары Орта Азияға ислам дінін алып келген арабтармен бірігіп, Қытайларға қарсы соғысқан. Бұл Талас соғысы, себебі мен нәтижесі тұрғысынан өте жоғары маңызға ие болды.

Түрік қағанатын құлатқан Қытайдағы Таң әулеті (618-906) дәуіріндегі Хиванг-Чжанг (713-755), түрік хандықтарының қол астындағы Ташкент (Шаш) қаласын алуды жоспарлайды. Осы мақсатпен Ташкентке жорыққа аттанған Гао Сянь-чжи арадан көп ұзамай Ташкенттің билеушісі Бахадур ханды тұтқынға алып, Қытай императорына жібереді.

  • Түрік қағанатын құлатқан Қытайдағы Таң әулеті (618-906) дәуіріндегі Хиванг-Чжанг (713-755), түрік хандықтарының қол астындағы Ташкент (Шаш) қаласын алуды жоспарлайды. Осы мақсатпен Ташкентке жорыққа аттанған Гао Сянь-чжи арадан көп ұзамай Ташкенттің билеушісі Бахадур ханды тұтқынға алып, Қытай императорына жібереді.
  • Қытай-дерек көздерінен мынадай хабарларды көреміз: «Екі жақ бес күн бойы шайқасты, қарлұқтар жаппай бет бұрып кетті де, арабтарға болысып, екіжақтап Таң армиясын қыспаққа алды. Шиянжыны (Гау Шиянжыны - Ә. Д.) ойсырата жеңді».
  • Таң әскері бірін-бірі таптай, түн жамыла қашады «Жол тар, адам мен ат көлік жолға кептеліп калды. Ферғаналық қалың әскерлер алдымен қаша жөнелді, қаптаған ат пен түйе адамдарға жол бермеді. Гау Шиян жының бір генералы Ли сыие қолына жуан таяқ алып, алдыға шығып, адам мен ат көліктің өлігінен тазалап, жол ашып отырды. Гау Шиян жыға ерген қалың тобырдың өтіп кетуіне жағдай жасады». Генерал Гау аздаған адаммен Ән ши бекінісіне аман-есен жетеді.
  • Атлах-Таластағы масқара жеңілістің Таң империясы үшін қандай ауыр соққы болғанын тарихшы Шуе мырза былай бағалайды: «Төртқалашықтың таңдаулы армиясы түгелдей дерлік жоқ болды: Осы соғыстан кейін Таң патшалығының абыройы түсті, бұрынғы құдіретінен айрылды. Сөйтіп, Таң патшалығының дәурені өтіп, құлдырауы басталды».

Бахадур хан өлтірілгеннен кейін ұлы Туен, қарлұқтардан бастап сол аймақтағы бүкіл түркі тайпаларын Қытайға қарсы соғысқа шақырады. Бірақ Көктүрік мемлекетінің құлдырауынан соң бастары біріге алмаған түріктер, Қытайға қарсы соғыса алмайтындарына көздері жеткендіктен Аббасилерден көмек сұрайды. Зияд бин Салих басшылығында келген ислам әскерлері түріктермен бірігеді. Бұдан хабар алған Қытай әскерінің қолбасшысы Гао Сянь-чжи 100 мың әскермен Талас қаласына келіп, одақтас түрік және араб әскерлерімен соғысады.

  • Бахадур хан өлтірілгеннен кейін ұлы Туен, қарлұқтардан бастап сол аймақтағы бүкіл түркі тайпаларын Қытайға қарсы соғысқа шақырады. Бірақ Көктүрік мемлекетінің құлдырауынан соң бастары біріге алмаған түріктер, Қытайға қарсы соғыса алмайтындарына көздері жеткендіктен Аббасилерден көмек сұрайды. Зияд бин Салих басшылығында келген ислам әскерлері түріктермен бірігеді. Бұдан хабар алған Қытай әскерінің қолбасшысы Гао Сянь-чжи 100 мың әскермен Талас қаласына келіп, одақтас түрік және араб әскерлерімен соғысады.
  • 751 жылдың шілде айында басталған соғыс бес күн жалғасады. Соғыстың соңғы күнінде Қытай әскеріне арттан келген қарлұқтар ауыр соққы береді. Гао Сянь-чжи аз қалған әскерімен өлімнен әрең аман қалады. Соғыс нәтижесінде Қытайлардың елу мың әскері өліп, жиырма мың әскері тұтқынға алынады.
  • Қарлұқтар Талас шайқасынан 15 жылдан кейін 766 жылы Тянь-Шянь тауының батысында және Шу өзенінің жағасында тәуелсіз мемлекет құрды. Түркі халықтары мен мұсылман арабтар арасында еркін сауда және достық қарым-қатынастар басталды. Түріктер мұсылман арабтармен танысып, ислам дінін жақыннан тану мүмкіндігіне қауышты. Ислам дінінің үстемдіктері, мұсылмандардың көркем мінезі, адалдық, ахлақ ұстанымдарынан әсерленген түркілер Исламды көңіл разылығымен қабылдауына себеп болды. Осылайша ХХ ғасырдың басына дейін түркі халықтары жаппай ислам мәдениеті шеңберіне енді.
  • Талас шайқасының жеңіспен аяқталуы түрік, қытай, ислам және әлем мәдениетінде өте маңызды әсерлер қалдырды. Қытайлар Талас соғысында жеңіліске ұшырағаннан соң ХХ ғасырға дейін Тянь-Шянь тауының батысына өте алмады. Осылайша түркі елдері Қытай қауіпінен құтылды.
  • Атлах-Талас шайқасына 29-шілдеде 1265 жыл толды.
  • Назарларыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет