Ибрашев Батырхан Мамайханұлы 1988 жылы Арыс қаласында қарапайым отбасында туылған. Әкесі теміржолшы анасы есепші болып қызмет атқарған. 1996 жылы №4 бастауыш мектебінің 1-ші сынып табалдырығын аттады. 2000 жылы Ә



Дата08.02.2022
өлшемі11,77 Kb.
#117257
Байланысты:
биография
биография, МАД 1 күндік сабақ

Ибрашев Батырхан Мамайханұлы 1988 жылы Арыс қаласында қарапайым отбасында туылған. Әкесі теміржолшы анасы есепші болып қызмет атқарған. 1996 жылы № 4 бастауыш мектебінің 1-ші сынып табалдырығын аттады. 2000 жылы Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектептің 5 сыныбын тәмамдап, 2004 жылы Түркістан қаласындағы ТГТК Түркістан гуманитарлық техникалық колледжіне оқуға түседі. Аталған оқу орнын бітіріп, 2008 жылы Түркістан қаласындағы С.Ерубаев атындағы мектепке музыка жетекшісі болып қызметке орналасады. Сол жылы Халықаралық Қазақ Түрік университетіне оқуға түсіп, қосымша музыкалық мамандығы бойынша қызмет атқара жүріп, 2011 жылы оқу орнын Б.С.О маманы бойынша бітіріп шығады. 2011 жылы Арыс қаласындағы Е.Молдабаев атындағы мектепке музыка пәнінің оқытушысы болып қызмет атқаруға келеді. Аталған мектепте жастар ұйымының төрағасы болып сайланады. Студент кезінен қоғамдық жұмысқа белсене ат салысып, жайдарман ойындарының чемпионы болды. Сонымен қатар, шәкірт дайындап, Арыс қаласының 2012 2013 2014 2019 жылдар аралығында 4 дүркін чемпион болды. 2013 жылы үздік жастар ұйымының жетекшісі ретінде әкім марапатымен марапатталады. 2014 жылы Астана қаласында өткен «Жайдарман Жас ұлан» сайысына Жастар орталығының және Арыс қаласы әкімдігінің қолдауымен қатысады. Жайдарман сайысындағы жетеістіктері: 2016 жылы Әулие ата лигасының финалисттері, 2018 жылы Ашық лигасының чемпиондары, 2018 жылы Алматы қаласындағы мектеп аралық жайдарман ойындарының чемпиондары, 2018 жылы үздік мұғалім номинациясы және Елбасы алғыс хатымен марапатталды. Осы уақытқа дейін жастар арасында құқық бұзушылық жайлы 2 фильм түсіріп, жергілікті каналдан көрсетті. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, Арыс қаласының гүлденуіне өз үлесін қосып келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет