Ұбт тапсыру алдындағы қорқынышты жеңу (тренинг) Мұғалімнің сөзі



Дата01.08.2017
өлшемі110,88 Kb.
ҰБТ тапсыру алдындағы қорқынышты жеңу

(тренинг)
Мұғалімнің сөзі: "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деген сөз бекер айтылмаған. Осы жағдай да әрбір мектеп бітірушіні қандай мамандықты таңдасам екен деген ой мазалайтыны анық. Біреулері ата-анасының айтқанымен мамандық таңдаса, енді біреулері көпшіліктің ниет-қалауының ықпалында кетіп жатады (мәселен юрист, экономист, кеденші). Бастысы жүрек үнін тыңдап, ата-ана, бауырларыңызбен бір ақылдасып алсаңыз ұтылмайсыз. Сарапшы мамандардың пікірінше бүгінгі күнде маркетолог, web-дизайнер, химик, ақпараттық технолог, инженер, механик, құрылысшы, өнеркәсіп саласы мамандары жетіспейді екен. Ғылыми технология дамыған жиырма бірінші ғасырда елімізде техника тілін меңгеретін мамандар санатының аздығынан білікті кадрлар даярлау алға қойылып отырғандығы белгілі. Әйтсе де бұл салаларға сұраныс та мардымсыз. Мамандық таңдау болашақты таңдау болғандықтан сұраныс қай саладан болса, сол салаға қарай ұмтылған маңызды. Еске сала кету керек Қазақстандағы жоғары инстанциялардағы лауазымды тұлғалардың көпшілігі бұрынғы техника саласының мамандары. Оған көпшілігінің өмірбаянына шолу жасап шықсаңыз көз жеткізуге болады. Жаратылыстану пәнінің ауырлығынан көп оқушы бұл саладан іргесін аулақ салатыны белгілі. Алайда, тәжірибе көрсеткендей «басына» көбірек салмақ салған адам ғана жұмыстың ауырлығын көп сезіне бермей, мойымайтындығы да содан шығар. Америка құрама штаттарындағы жоғары оқу орындарында немесе колледждерінде оқып жүрген студенттердің өмірін мысал ретінде алатын болсақ олардың уақыт кестесінің өте тығыздығын байқауға болады. АҚШ жоғары немесе орта оқу орындарындағы студенттер оқи жүріп және екі-үш жерде жұмыс жасауға бейімделген. Нарық қоғамы білім алу мен қоса еңбек етіп ақша табуды да талап етеді. АҚШ студенттері оқу орнын бітіріп шыққаннан соң тек қана бір маман иесі атанып қоймай, сонымен бірге өмірге ысылған, көзі ашық азамат ретінде қалыптасады.

Мамандық таңдаған соң қандай ЖОО – нына құжат тапсыру керек деген сұрақ туатыны белгілі. Әрине сапалы білім беретін оқу орнын іздейсіз. Сапалы білім беретін ЖОО-нын таңдау үшін еліміздегі ЖОО –ның рейтингісін анықтайтын орталықтың мәліметіне сүйенген абзалырақ. Егер оған сенбесеңіз ең тиімді жолы ретінде бірінші курсқа түскендегі түлектер санымен олардың төрт жылдан кейінгі бітіріп шыққандарының санын алсаңыз көп нәрсені аңғаруға болады.

Сапалы білім – тек мықтылардың ғана еншісіне тиетінін ұмытпағанымыз жөн.

Мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналары шалғай да, не сол өңірде орналасқан оқу орнын таңдау жайына келгенде тосылатындығы белгілі. Қазақстан білім жүйесінде оқушы он бірінші сыныпты он алты он жеті жаста бітіретіндіктен жергілікті жердегі оқу орнын таңдағаны дұрыс. Себебі,бұл жаста дүниетанымы әліде жетіліп үлгермеген мектеп түлегіне үлкен ортаға бейімделіп кету үшін де ата-ана көмегінің қажеттігі сезіліп тұрады. Оқу орнын бітіріп бакалавр дәрежесін алғаннан кейінде магистратураға шалғай да орналасқан оқу орындарын таңдап, құжат тапсырса болады.



ҰБТ тапсыру алдындағы қорқынышты жеңу жолдары

11-сынып оқушылары мен ата-аналарын толғандыратын жалғыз мәселе – ҰБТ десек, қателеспейтін шығармыз. Баласы, баласына қосылып ата-анасы «Қалай болар екен? Не күтіп тұр?» деп жыл бойы үлкен үрейде жүреді.

Сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері шәкірттерін биіктерден көргісі келеді. Бұл да сіздер үшін үлкен жауапкершілікті жүктейді.



Шын мәнісінде ҰБТ - 11 жылғы алған білімді саралау ғана. Әрине кейде күтпеген жағдайлар да болып жатады. Үздік оқыған оқушы төмен балл алып, керісінше нашар оқитындардың бағы жанып, грантқа түсіп кетіп жатады.

Сондықтан не істеу керек?

Біріншіден, бала ата-анасымен ҰБТ-ны тапсыра алмай қалған не төмен балл алып қалған жағдайды талқылау керек. Кейбір ата-ана баласын қайрау үшін «қалайда грантқа түсесің!» деген шарт қояды. Екіншілерінің ақылы жоғары оқу орнына түсіруге қаражаты жоқ. Немесе шетелге демалып келуге, машина алып беруге уәде етеді. Қалай дегенде де, ата-ананың ниеті түзу. Баласына барынша көмектескісі келеді. Баласының жоғары мақсатқа, кезінде өзіне арман болған дүниеге жеткенін қалайды.

Екіншіден, күн тәртібін дұрыс құрып, күндіз-түні бас көтермей дайындалу адамды әлсіретеді. Сондықтан тамақты мезгілімен ішіп, ұйқыны қандырып жүрген жөн.

Үшіншіден, дұрыс, жүйелі дайындалған абзал. Мұғалімдермен, бұрынғы бітіріп кеткен оқушылармен ақылдасып, ең оңтайлы тәсілдерді таңдап алу керек.

Төртіншіден, қажетті әдебиеттерді сатып алу керек: тапсыратын пәндерге байланысты анықтамалықтар, тест жинақтары, сызбалар, оқу құралдары.

Бесіншіден, өзіңізді позитивті көңіл-күйде ұстауға тырысыңыз: ҰБТ қорытындысы сәтті аяқталып, тізімде аты-жөніңіздің тұрғанын үнемі елестетіп жүріңіз.

Алтыншыдан, тамақ рационында нәрлі, дәруменді тамақтардың болғаны да күш-қуат береді. Кофе сияқты сергіткіш сусындарды іше беру денсаулыққа зиянды әсер етуі ықтимал.

Жетіншіден, материалдарды жаттамай, түсініп оқуға тырысу қажет, себебі кейде логикалық сұрақтар да кездеседі
Ауданымыздағы он бірінші сыныпты бітіріп, ҰБТ-ға дайындық үстінде жүрген оқушыларға сәттілік тілеп, жоғары балл алып, қалаған мамандықтарына түсуге тілектестігімізді білдіреміз.

МЕКТЕПТЕГІ КӘСІП ТУРАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ


«Мамандықты қателеспей дұрыс таңдау дегеніміз не?», «Осы мамандықты таңдауыма ата-анам себепші болып еді. Енді өз қалауыммен екінші мамандықта оқып жүрмін», — деген сияқты сөздерді жиі есітетініміз анық. Енді, мамандықты дұрыс таңдау үшін не қажет, соған тоқталып жауап іздеп көрсек.
Әрбір оқушының жеке қабілеттері мен ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін, шеберлігін, қызығушылығын ескеріп бағыт-бағдар беру, жекелеген мамандықтар туралы терең білім беру – біздің басты міндетіміз. Ал, мектебіңде қанша оқушы болса сонша оқушының жеке-жеке қабілетін, бейімділігін анықтап бағыт беріп отыру, мамандықты дұрыс таңдауға жол сілтеу – үлкен мәселе. Сондықтан, әр мамандықтың адамға ұсынатын ерекшелігін, талабын алдымен өзіміз жақсы біліп алуымыз керек. Содан кейін ғана оқушыларға сенімді түрде толық ақпарат бере аламыз.
Мектепте бастауыш сыныптардан бастап баланың бейімін анықтау үшін түрлі анкеталар, сауалнамалар, тесттер алынып, диагностикалық картамен жұмыстар жасалады. Осылардың нәтижесіне сүйеніп әр баланың қай мамандыққа бейім екенін білгеннен кейін әрі қарай қандай жұмыстар жасалуы керек? Оқушының таңдаған мамандығына сәйкес дұрыс бағыт-бағдар беру үшін қандай жұмыстар жүргізуге болады? Олардың ата-аналарының пікірін тыңдау маңызды ма? Оқушының таңдаған мамандығы жоғары немесе орта білімді қажет етеді ме? Осы сияқты сұрақтарға жауап іздеп, оқушының дұрыс, өзінің қабілетіне сай келетін мамандықты қателеспей таңдауына, мектеп оқушылары мен ата-аналарына кәсіп туралы білім беруді дамытуға үлес қосуымыз керек.
Сондай-ақ, дұрыс таңдалмаған мамандық – мамандық иесінің өзіне ғана емес, қоғамға да кері әсерін тигізетінін ұмытпағанымыз жөн.
Профессор М.Кон мамандық таңдаудың 4 кезеңін атап көрсеткен:
Бірінші кезең – әртүрлі мамандықтағы адамдарды бейнелейтін балалар ойыны.
Екінші кезең – өтпелі кезеңде балалар арманынан туындайтын керемет мамандықтарды бейнелейтін фантазия.
Үшінші кезең – бүткіл өтпелі кезең мен бозбалалық кездің бір бөлігін қамтиды. Осы кезеңде әртүрлі іс-әрекет түрлері өздерінің мүмкіндіктеріне қарай және құндылықтарына сай жинақталады және бағаланады.
Төртінші кезеңде нақты мамандық таңдау жүзеге асырылады. Бұл кезең екі бөлімнен тұрады: болашақ жұмыстың деңгейі қандай (жоғары не орта білімді қажет етеді ме?) және нақты мамандықты таңдау.
Қазіргі балалар, бақылап қарасаңыздар, ойнамайды. Ойнамаған балада жаңаша ой, идея болмайтыны анық. Сондықтан, баланы ойнау арқылы ойлай білуге үйретуіміз керек. Ол үшін біздің бастауыш сыныптармен жұмысымыздың дені маман болып ойнау, сол мамандықтың жақсы, «жаман» («қиындығын» деген мағынада) жағын оқушымен біріге отырып талдауға қойылуы керек. Бірыңғай тест, сауалнама алу арқылы баланы жалықтырып алмайық!
Мұғалімнің берген мәліметтерінен өзіне қажетін алып, оған өз ойын қосып, тамаша мамандықты ойлап тапқан бала, сол кәсіптің өзі білмейтін жақтарын сұрастырып біліп алуға ұмтылары хақ.
Ауыл балалары үшін, көбінесе, «маңызды» мамандықтар – мұғалімдік пен дәрігерлік. Себебі, ауылдық жерлерде басқа маман жоқтың қасы. Осы жағдай, біздің іс-тәжірибемізде кездесетін қиыншылық десек те болады. Жұмыс істеген алғашқы жылы (2007 жылы) «Кім болғың келеді деген?» деген қарапайым сұрақты 5-11 сыныптың оқушыларына қойып көрдім. Естіген жауабымнан шыққан нәтиже мынау: 5-6-7-сыныптарда 92% — мұғалім, 5% – дәрігер, 3% – белгісіз, 8-9-сыныптарда 83% – мұғалім, 11% – дәрігер, 3% – заңгер, 2% – белгісіз, 10-11-сыныптарда 60% – мұғалім, 16% – дәрігер, 7% – экономист, бухгальтер, 2% – программист, 2% – өнер саласы, 3% – әскери қызметкер, 2% – көлік жүргізушісі, 5% – сауда-саттық, 3% – зоотехния, агрономия салаларын таңдаған. Осылайша әр сыныпты топтап, пайыздық көрсеткішін шығару арқылы менің түйгенім – 5-сыныптан бастап кәсіп туралы ақпарат беру. Әсіресе, менеджмент, дизайнер, адвокат, сертификаттау және стандарттау ісі, журналистика, маркетинг т.б. сияқты ауыл балалары үшін онша таныс емес (атын естігенімен қандай мамандық екенін білмейтін) мамандықтар туралы көбірек ақпар беру. Бұндай мамандықтарды «Жаңа мамандықтар» деп алуды жөн санадым.
Кәсіп туралы ақпарат беру жұмысы оқушылардың оқуын әрі қарай жалғастыру немесе еңбекке араласу мүмкіндіктері туралы мәлімет беруді, кәсіби білім беретін мекемелермен танысуды, әртүрлі жалпы білім беретін мектептер жүзеге асыратын бағдарлы оқыту бағдарламалары туралы ақпарат алуды қарастырады.
Жалпы, кәсіп туралы ақпарат беруді тек қана оқушылар арасында емес, олардың мамандық таңдауына белгілі бір мөлшерде үлес қосатын ата-аналарына да жүргізу керек. Ондай жұмыстар мынандай формада болуы мүмкін: ата-аналар мен оқушылар бірге қатысатын жиын, дөңгелек үстел, ток-шоу, семинар т.б. Мысалы, өз тәжірибемнен алатын болсам, 2008-09 оқу жылының І жарты жылдығында «Мамандыққа барар жол» тақырыбында мектепішілік төрткүндік ісшара өткізілген болатын. Жоспарда: 1-күн: «Мамандық және мен» ата-аналар мен 9-сынып оқушылары арасында өткізілетін тақырыптық кеңейтілген оқу. 2-күн: «Мамандығым – мақтанышым» ауылда бар мамандармен кездесу кеші. 3-күн: «Оқушылардан алынған сауалнамаларды, тесттерді жинақтап, нәтижесін шығару». 4-күн: Қорытынды жиын. Ата-аналар, пән мұғалімдері, оқушылар арасында.
Бұл төрткүндікті өткізерден бір апта бұрын ата-аналарға ісшараның өткізілетіндігі жөнінде хабарландыру таратылды. Және әр ісшараға қатысуға шақыру билеттері берілді. Нәтижесінде қалыс қалып, келмей қалған ата-ана болған жоқ. Одан шыққан қорытынды, 12 жылдық білім беру, бағдарлы білім беру, мамандыққа баулу туралы оқушылармен бірге ата-аналар да ақпарат алды. Яғни, кәсіби ағарту жұмысы жүргізілді. Алдағы уақыттарда да мектеп бойынша ата-аналарды түгелдей қатыстырып отыруды көздедім. Себебі, пайдалы жақтарының көп екеніне көзім жетті.
2009-10 оқу жылында «12 жылдық білім беру жүйесіне көшу — ұлттық мектептің ұлы мұраты» тақырыбында онкүндік іс-шара өткізілді. Мақсаты: Ата-аналар мен оқушылар арасында 12 жылдық білім беру жүйесінің құрылымы мен ерекшеліктерін түсіндіру. 12 жылдық білім беру жүйесі туралы толық мағлұмат беру. Оқушылардың мамандық түрлері туралы білімін толықтыру.

Р/с Атқарылатын іс – шаралар мазмұны Орындалуы мазмұны Өткізу формасы


1 «12 жылдық білім беру жүйесіне көшу – ұлттық мектептің ұлы мұраты» 15-24.ІІ.2010ж Мектепішілік онкүндік іс-шара
2 «Ұлттық мектептің ұлы мұраты»
1-11 сыныптар үшін 15.ІІ.2010ж Жиын. Жоспармен таныстыру. Баяндама.

3 «12 жылдық білім беру – оқушылар көзімен»


5-11 сыныптар үшін 16.ІІ.2010ж Оқушылар шығармашылығы
(эссе жазу, сурет, буклет, газет, өлең шығару т.б.)
4 «Менің балам – жаңа ғасыр баласы»
Ата-аналар үшін 17.ІІ.2010ж Семинар
5 «Мамандықтың бәрі жақсы»
2-8 сыныптар үшін 18.ІІ.2010ж Сахналық қойылым
(әр сынып оқушыларының бір немесе бірнеше мамандықтың иесі болып ролде ойнауы)
6 «12 жылдық білім беру жүйесінің құрылымы мен ерекшеліктері»
8-сынып 19-22.ІІ.2010ж Модулдік оқыту технологиясы бойынша ашық сабақ
7 «Болашақтың тұтқасы – біздің қолымызда» 9-11 сыныптар үшін Ескерту: әр сыныптан 2-ден кем емес оқушы қатысады 23.ІІ.2010ж Таңдаған мамандығына байланысты жоба қорғау
8 Қорытынды 24.ІІ.2010ж Кеш, марапаттау
Осы онкүндік ісшара барысында «Менің балам – жаңа ғасыр баласы» тақырыбында ата-аналар арасында өткізілген семинар-тренингте ата-аналар жас ерекшеліктері мен бітірген мектептеріне қарай 4 топқа бөліп орналастырылды. 1-топ: «7 жылдық мектеп», 2-топ: «10 жылдық мектеп», 3-топ: «11 жылдық мектеп», 4-топ: «12 жылдық мектеп». Алдымен ата-аналар мен оқушыларды 12 жылдық білім беру жүйесінің құрылымымен таныстырып өттім. Содан соң оқушылар тарапынан қатысып отырған ата-аналарға сұрақтар қойылды. Оқушылар: «Сіздер оқыған мектеп қандай еді?», «Қазіргі білім беру жүйесіне қанағаттанасыз ба?», «Немен, неге жаздыңыздар?», «Мұғалімдеріңіз қандай еді?» деген сияқты өздерін қызықтыратын көптеген сұрақтар қойды. 12 жылдық мектеп құрамында отырған «Балбөбек» балабақшасының бүлдіршіндері ән-би, тақпақтарын айтты. Семинар соңында, 7 жылдық мектептің өкілі, ауыл имамы, зейнеткер ұстаз Ізбасқанов Жеткер атамыз ақ батасын берді
Оқушыларды зерттеу барысында түрліше әдістерді қолдануға болады. Жұмыстың бастапқы кезінде әрбір оқушыға белгілі үлгіде жасалынған анкеталарды толтырту, одан соң оның сабақ үлгірімін зерттеу, сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстарын бақылау, мектеп дәрігерінен денсаулығы жайында зерттеу, жекелеген әңгімелер және мамандық таңдау жөнінде бүкіл сыныптармен әңгімелер өткізу. Осылайша алынған мағлұматтар мұғалімдердің және ата-аналардың пікірлерімен толықтырылады. Барлығының нәтижесінде төмендегі мәселелер айқындалады: оқушы мамандық немесе оқу орнын таңдап алды ма, таңдауы оның бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келе ме, таңдаудағы дәлелдері, оның қабылдаған шешіміне мұғалімдер мен ата-аналардың пікірі қандай. Мұғалімдерден әрбір оқушыға оның сабақ үлгірімі, бағалары, мінез-құлқы, ынта-ықыластарының, қабілеттіліктерінің, жолдастарымен өзара қатынасының және т.б. айтылған мінездемелерді алуға болады.
Оқушылардың мамандық әлемімен, техника негізімен және өндіріс технологиясымен танысуы олардың қызығуына, бейімділігіне, белгілі бір жұмысқа ынталануына көмектеседі.
Қорыта келе, мектепте кәсіп туралы білім беруді жетілдіру үшін мына нәрселерді ескеру қажет деп есептеймін:
• КТМ (кәсіптік техникалық мектеп), лицей, колледж, ЖОО-мен үздіксіз байланыста болу. Осы оқу орындарындағы оқытылатын мамандықтар туралы тереңірек білуге ұмтылу;
• Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, арнайы кәсіп туралы білім беру бағдарламасын құру, сонымен жұмыс жасау;
• Тек қана оқушылармен емес, ата-аналармен де ағарту жұмыстарын жүргізу;
• Мектептің мүмкіншілігіне қарай оқу орындарына саяхат жасау т.б.
Менің жобалауымша осы талаптардың орындалған жағдайында біздің мектеп түлектерінің, болмағанда, 90% өзінің мүмкіндіктеріне сәйкес мамандықтарды қателеспей таңдай алады.
Адамның өзіне де, қоғамымызға да пайда келтіретін маман дайындауға үлесімізді қосуға барымызды салайық. Сонда ғана біздің еліміз дамыған елдердің алдыңғы қатарында болып, ешқашан сол тұғырдан түспесі анық

 

Оқушыларға Шанашевтардың отбасын мысалға ала отырып, мұғалім мамандығының қыр – сырын түсіндірді. Ерлі-зайыпты Оразбай мен Бекзат пединституттың студенті болып жүрген кездерінде жұптасқан. Мектепте бірге жұмыс істейді: ері – денешынықтыру пәнінің мұғалімі, ал әйелі- тіл маманы. Олар төрт бала тәрбиелеп өсірген, үшеуі ата-анасының жолын қуып ұстаздық жолына түскен. Ұлы мен қызы денешынықтыру пәнінің мұғалімі болып қызмет істесе, кіші қыздары Әнел «Мектепке дейінгі оқыту» мамандығы бойынша колледжді аяқтағалы тұр.
     «Мен үшін мамандық таңдау қиынға соққан жоқ. Өйткені ата-анам, ағам мен апам маған үлгі бола білді. Менің ойымша мұғалім мамандығы беделді, әрі қажетті. Практикада болып, балалармен араласқанды ұнатамын»-дейді, Әнел. Сондай-ақ Әнел спортпен шұғылданады, ҚР бокс чемпионатының күміс жүлдегері. Әнелдің ағасы Алмаз Шанашев - пединституттың түлегі, бүгінде ПМПИ колледжінде денешынықтыру пәнінің оқытушысы. Алмаз да әке жолын қуған, шыныққан шымыр Дөңгелек үстелге қатысушылар еліміздегі білім беру саласының даму бағдарламасы және оның басты бағыттары, болашақ мұғалімнің қадір-қасиеті туралы сұрады. Оқушылардың барлық сұрақтарына майталман мамандар жауап берді.

Мамандық таңдау- жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдердің бірі.Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек, өйткені әрбір адамның таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Осы тақырыпта қалалық кітапханада мамыр айының 14- де П.Г.Карелин орта мектебінің 10 сынып оқушыларымен «Мамандық- таңдау маңызды іс» дөңгелек үстел өткізілді.



Дөңгелек үстелге қалалық аурухананың дәрігер- психиатр Дацюк Г.С, аудандық «Қалба тынысы» газетінің тілшісі Монастырева З.Н, № 4 лицейдің кәсіптік білім беру шебері Мусаханов М.С. қатысып,өз ойларымен бөлісті.

 
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет