Өнер-өмір шындығын көркем образдар жүйесі арқылы бейнелейтін қоғамдық сана мен адам іс-әрекетінің өзіне тән ерекшеліктерімен дараланатын формасы. Көркемдік образдар құрылымының ерекшеліктеріне қарай өнер туындылары бірнеше түрге бөлінеді. Көркем сурет, скульптура, графика, көркем әдебиет, театр, кино өнері-өмір құбылыстарын тікелей бейнелесе, музыка, би, сәулет өнері (архитектура) оларды суреткердің ішкі идеялық–сезімдік толғаныстар арқылы береді. Сөздің кең мағынасындағы өнер ұғымына технологиялық және эстетикалық жақтарынан аса шеберлікпен орындалатын адамның практикалық қызметінің барлық түрлері жатады. Өнердің өзіне тәні пәні-өмір шындығына адамның эстетикалық қатынасы, ал басты мақсаты- дүниені көркемдік түрғыдан бейнелеу. Сондықтан да, өнер туындыларының төрінде қоғамдық байланыс, басқа адамдармен қарым-қатынасы, өмірі мен қызметі тұрады. Осы тұста өнер туындыларының бір саласы музыкаға тоқталайық.
Қоғамнан тыс өнер, мәдениет жоқ болғандықтан, әдебиет сияқты музыка да таптық, практикалық роль атқаратын қоғамдық құбылыстардың үні. Қоғамнан тыс музыка жоқ. Музыканы тыңдай білу, оны түсініп, ұғыну жеке адамның біліміне, көңіл күйіне, оның өмірден алған тәжірибесіне байланысты. Әдебиет сияқты, музыка да барлық кәсіп иелерінің сусындай ләззат алатын өмір талшығы. Ләззатты тек таңдаумен ғана емес, таңдалған музыкалық үнді сезімге түйсіну арқылы ала алады. Бірақ, музыкалық әуенді ұқпайтын, оны сезбейтін оған елеңдемейтін есту мүшелері жоқ. Есту мүшесінің бір құлақ болса музыканы тек құлақ арқылы тыңдаймыз. Оны біз барлық ішкі сезімімізбен тыңдап ұғылады. Психологиялық жүйелерінің өзара қатынасымен бірде қабылдап, бірде еске түсіріп, бірде көз алдына елестетіп, қайтадан жаңғыртып, түйсік сезіміне жеткізу арқылы музыканы түсіне аламыз. Музыка құр шуын, жай ызың емес болғандықтан, оның ішкі бейнелі үшін сезіммен тыңдауға дағдыланған жөн.
Қазақ халқының өнері – оның тарихи болмысының құрамдас бөлігі. Рухани өнердің өмірге келуі, біртіндеп дамуы, халықтың сипат алуы, оның біртұтас бөлінбейтін құбылыс екенін аңғартады. Қазақ қоғамының мәдениеті мен өнерінің іргетасы тым ерте кезеңдерден бастап қаланған.
«Өнер–оның өзіне тән сезімталдылығымен, шабытымен және көпшілік шеберлерінің сезімтал қасиеттері мен дағдыларының арқасында әрқашан алда жүреді. Сондықтан да халық атты композитор көп бейнелі барлық өнер әлеміне бүкіл жан–жақтылығымен әсер етеді»-деп, музыкатанушы Б.Асафьев қазақ өнерінің өміршеңдігін атап көрсетті. Қазақ халық музыкалық шығармашылығының тағы бір үлкен саласы–би өнері. Би – өнер атаулары ең ежелгісі. Оған негіз алғашқы қауымдық құрылыстың өзінде би элементтерін қолдану арқылы адамдар өздерінің тіршілігіне қажетті мәселелерді шешіп отырған. Жалпы би арқылы жеке бір халықтың ғасырлар бойы тұрмыс–тіршілігінен, кәсібінен, салт–дәстүрінен мағлұмат алуға болады, ал қазіргі кезде жастар (қазіргі заман талабына сай құрылған дискотекаға) көбірек көңіл бөледі. Мектептегі дискотеканы белгілі бір мерекелік іс-шара өткізу барысында, концерт соңында құруға болады. Дискотека жастарға тынығу жұмыстарының бір түрі-демалыс ретінде өткізіледі.
Музыка–эстетика саласынан оқушыларға тұрақты білім беру дегеніміз-өнер жөнінен, оның ішінде музыка саласының білім беріп, ән айту, музыкадан күйлер тыңдау дағдыларынан үйретіп, музыканың өзі практикалық іспен, еңбекпен пайда болатын сезіндіру, дүние әлемінің тынысын байқау, аңғару, оқушының сана сезіміне әсер етіп, оларды білгірлікке, тапқырлыққа өнерге деген сүйіспеншілігін одан ары тереңдетіп, адамгершілік бағытында тәрбие беру.