Жоспар: 1.Кіріспе 2.Негізгі бөлім 3.Қорытынды 4.Пайдаланылған сілтемелер,әдебиеттер
Өнер-өмір шындығын көркем образдар жүйесі арқылы бейнелейтін қоғамдық сана мен адам іс-әрекетінің өзіне тән ерекшеліктерімен дараланатын формасы.Өнер адамзат өмірқамының ең ертедегі формаларының бірі болып табылады. Алайда бүгінде өмірдің дәстүрлі түсінігі қайта қарастыруды қажет етеді. Өйткені өнер еңбектің, моральдың, діннің қызмет етуін қамтамасыз ететін әрекет түрлерінен жоғары тұрады. Сондықтан да, ең алдымен, өнердің нені білдіретінін ұғынып алу қажет.. Көркемдік образдар құрылымының ерекшеліктеріне қарай өнер туындылары бірнеше түрге бөлінеді. Көркем сурет, скульптура, графика, көркем әдебиет, театр, кино өнері-өмір құбылыстарын тікелей бейнелесе, музыка, би, сәулет өнері (архитектура) оларды суреткердің ішкі идеялық–сезімдік толғаныстар арқылы береді. Сөздің кең мағынасындағы өнер ұғымына технологиялық және эстетикалық жақтарынан аса шеберлікпен орындалатын адамның практикалық қызметінің барлық түрлері жатады. Өнердің өзіне тәні пәні-өмір шындығына адамның эстетикалық қатынасы, ал басты мақсаты- дүниені көркемдік түрғыдан бейнелеу. Сондықтан да, өнер туындыларының төрінде қоғамдық байланыс, басқа адамдармен қарым-қатынасы, өмірі мен қызметі тұрады.[1]
Өнер - адам өмірінің маңызды салаларының бірі. Ол бізге көптеген керемет Мәңгілік туындыларды: әсем музыканы, сәулеттің ұлы жауһарларын, ойлы кітаптарды және т.б. сыйға тартты. Осы тұста өнер туындыларының бір саласы музыкаға тоқталайық. Қоғамнан тыс өнер, мәдениет жоқ болғандықтан, әдебиет сияқты музыка да таптық, практикалық роль атқаратын қоғамдық құбылыстардың үні[2]. Тіпті музыкат немесе суретші өз ойын жеткізу үшін техникалық құралдарға жүгінеді. Адам өнері мен талантты шығарма тудыру сәтінде не нәрсенің мәнді рөл атқаратынын білу маңызды. Бұл үшін дарындылық пен эстетикалық сұңғылалық қажеттігі айдан анық. Қоғамнан тыс музыка жоқ. Музыканы тыңдай білу, оны түсініп, ұғыну жеке адамның біліміне, көңіл күйіне, оның өмірден алған тәжірибесіне байланысты. Әдебиет сияқты, музыка да барлық кәсіп иелерінің сусындай ләззат алатын өмір талшығы. Ләззатты тек таңдаумен ғана емес, таңдалған музыкалық үнді сезімге түйсіну арқылы ала алады. Бірақ, музыкалық әуенді ұқпайтын, оны сезбейтін оған елеңдемейтін есту мүшелері жоқ. Есту мүшесінің бір құлақ болса музыканы тек құлақ арқылы тыңдаймыз. Оны біз барлық ішкі сезімімізбен тыңдап ұғылады. Психологиялық жүйелерінің өзара қатынасымен бірде қабылдап, бірде еске түсіріп, бірде көз алдына елестетіп, қайтадан жаңғыртып, түйсік сезіміне жеткізу арқылы музыканы түсіне аламыз. Музыка құр шуын, жай ызың емес болғандықтан, оның ішкі бейнелі үшін сезіммен тыңдауға дағдыланған жөн.[3]
Өнердің арқасында адам шабыттандырады, рухани ашылады, өз сезімдері мен ойларын басқа адамдарға жеткізе алады. Мысалы, қазір "абстракционизм" стиліндегі заманауи суреттер сәнге айналды. Көптеген адамдар кенепте қандай да бір хаотикалық дақтар көп ақша талап ететінін түсінбейді, оларда не әдемі? Бірақ егер сіз мұқият қарасаңыз, суреттің көңіл-күйді қалай жеткізетінін сезесіз. Күңгірт дақтар меланхолияны, ойлауды немесе агрессияны тудырады, керісінше жарқын: қуаныш, көңілді немесе тіпті құмарлық. Дәл осы сезімдер үшін білушілер "сезімді түстермен суреттей"алған суретшіге керемет ақша төлеуге дайын. Суреттер шынымен де керемет сұлулыққа ие, олар оларға қарап дем алады және бұл фотосурет емес екеніне сенбейді. Керемет пейзаждар, Жануарлар, адамдардың портреттері. Әдемі сурет салу мүмкіндігі-бұл өнер.[2]
Қазақ халқының өнері – оның тарихи болмысының құрамдас бөлігі. Рухани өнердің өмірге келуі, біртіндеп дамуы, халықтың сипат алуы, оның біртұтас бөлінбейтін құбылыс екенін аңғартады. Қазақ қоғамының мәдениеті мен өнерінің іргетасы тым ерте кезеңдерден бастап қаланған. «Өнер–оның өзіне тән сезімталдылығымен, шабытымен және көпшілік шеберлерінің сезімтал қасиеттері мен дағдыларының арқасында әрқашан алда жүреді. Сондықтан да халық атты композитор көп бейнелі барлық өнер әлеміне бүкіл жан–жақтылығымен әсер етеді». Қазақ халық музыкалық шығармашылығының тағы бір үлкен саласы–би өнері. Би – өнер атаулары ең ежелгісі. Оған негіз алғашқы қауымдық құрылыстың өзінде би элементтерін қолдану арқылы адамдар өздерінің тіршілігіне қажетті мәселелерді шешіп отырған.[4] Жалпы би арқылы жеке бір халықтың ғасырлар бойы тұрмыс–тіршілігінен, кәсібінен, салт–дәстүрінен мағлұмат алуға болады, ал қазіргі кезде жастар (қазіргі заман талабына сай құрылған дискотекаға) көбірек көңіл бөледі. Мектептегі дискотеканы белгілі бір мерекелік іс-шара өткізу барысында, концерт соңында құруға болады. Дискотека жастарға тынығу жұмыстарының бір түрі-демалыс ретінде өткізіледі.[3]
Қорыта айтқана өнер материалды және рухани мадениет жиынтығы. Өнер туындылары арқылы өмір шындығын көрсетудің әр түрлі тарихи кезеңдерге тән өзіндік көріністері бар. Соларды саралай отырып, адамзат баласының көркем қиялмен ойлау жүйесінің даму, жетілу жолдарын аңғарамыз.
Пайдаланылған сілтемелер,әдебиеттер: http://stud.kz
http://meldeme.kz
http://wikipedia.org
Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.”