Үстел ойындарының сипаттамасы Үстел ойыны



Дата08.02.2022
өлшемі15,85 Kb.
#124126
Байланысты:
Документ (3)
жанаманың теңдеуі, Документ (3)

Үстел ойындарының сипаттамасы
Үстел ойыны - үстелге немесе ойыншылардың қолына толығымен орналастыруға болатын заттардың кішкене жиынтығын басқаруға негізделген ойын.
Мамандардың пайымдауынша, үстел ойындарының тарихы кемінде 5500 жылды құрайды. Ең алғашқы үстел ойындары қазіргі Египет, Қытай және Үндістан жерінде пайда болған. Атап айтар болсақ, Ур, Сенет, Домино, Нарды және Шахмат ең көне ойындар түріне жатады.
Үстел ойындары қатарына арнайы алаңшаларда ойнайтын ойындар, карточкалық ойындар, сүйек-тастар, ойыншық-жауынгерлер және т.б. жатады. Осы санаттағы ойындар, спорттық және бейне ойындарға қарағанда, ойыншылардың белсенді қозғалысын, қосымша техникалық күрделі жабдықтардың болуын немесе арнайы нысандар мен ойын алаңдарын талап етпейді. Үстел ойындары негізінен мына мақсаттар бойынша қолданылады:
· Демалу және көңіл көтеру;
· Қарым қатынас, келіссөз жасасу;
· Құмар ойыны, бәсекелестікке түсу;
· Басқатырмалар, миды жаттықтыру;
· Білім алу, үйрену, тренинг үшін.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет