Реферат Тақырыбы: Ұлттық ойындар Орындаған: Буртаева Ақбөпе Тобы: Мб -9-22-2г Қабылдаған



Pdf көрінісі
Дата24.05.2024
өлшемі353,08 Kb.
#202848
түріРеферат
Байланысты:
Ақбөпе
Нағашбек Сәбит Үнді мәдениеті, Сабит 6, Эссе Пед Нағашбек Сабит, Нағашбек С. Реферат, Нағашбек С. 3-АПТА МӨЖ, Философия Силлабус, «Электрондық қор оқулық, құрал тағы басқа жасақтау технологиясы» атты облыстық семинар тақырыбы «Электрондық оқулықты электронды оқыту кешеніне айналдыру талаптары», жобалау 8 апта Дихан М (копия), доклад Ахмет Байтурсынов


Қазақстан Республикасы Білім және Жоғары Ғылым 
министрлігі 
«Болашақ» жоғары колледжі 
 
Реферат 
Тақырыбы:
Ұлттық ойындар

Орындаған:
Буртаева Ақбөпе 
Тобы:
Мб -9-22-2г
Қабылдаған:
Ускенбаев Мейрамхан Таубаевич 
 
Шымкент 2024 


Асық ойындары — Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. 
Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік-экономикалық 
жағдайларына байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық 
ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы 
мал шаруашылығы болғандықтан қазақ халқының ұлттық ойындары да 
осыған икемделеді. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының 
көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары 
ұлттық ойындарының ішіндегі ертеден келе жатқан ойындардың бірі болып 
табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйесін шыңдап, 
оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Асық ойынын 
еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған.Сақа — 
асықтың үлкен әрі шымыр түрі. Бұл асық жеткен еркек қойдан (серкеден) 
немесе қошқар-текеден алынады. 
Кеней — көпшілік ойнауға арналған қарапайым асықтар. 
Шүкейт — жас малдың асығы. 
Қойлық — қойдың асығы. 
Ешкімек — ешкінің асығы. 
Құлжа — құлжаның асығы. 
Көктабан — қорғасын құйылған салмақты сақа асық. 
Топай — сиырдың асығы. Жабай — ірі асықты айтады. 
Қолқар — арқардың асығы 


Асықтың атаулары: 
Алшы — асықтың тәйкеге қарама-қарсы жағы яғни алшы тұруы. 
Тәйке — асықтың алшыға қарама-қарсы жағы. 
Бүге — асықтың дөңес жағының жоғары қарап түсуі. 
Шіге — асықтың қуыс жағының жоғары қарап түсуі. 
Омпы — асықтың ашасы немесе мұртша жағы жоғары қарап түсуі немесе тік 
тұрып қалуы. 
Шоңқай — асықтың омпаға қарсы жағымен тік түсуі. 
Асық ойыны барысында қолданылатын құралдар мен әдістер Көн киіз — 
асықтың «тақта» ойыны барысында қолданатын жұқа әрі икемді асық атуға, 
қаржуға қолайлы құрал. Бұл асық ойынының түрлеріне байланысты 50×50, 
80×80, 100×100 см көлемінде болады. Көн киіздің дөңгелек шеңбер түрінде 
қолдануға болады. Ондай жағдайда көн киіздің диаметрі 50, 80, 100 см. Көн 
киіздің жиегін жіңішке ұлттық нақышты оюлармен көмкерген дұрыс.
ҚЫЗ 
ҚУУ - ұлттық ат спорт ойыны. Бағзы заманда қызға үйленбек болған жігіт 
батылдығы мен күшін, ептілігін көрсететін түрлі сыннан өткізілген. Соның 
бәрінен мүдірмей өткен жігітке «енді қызды қуып жетсең қаПодпись: 
ҢЫЗТЕКЕлыңдығың болады» деген талап қойылған. 
Осы «езде қыз куу спорттың бір түріне айналды. Қыз қуудың бұрын тұрақты 
ережесі болмаған. Қыз қуудан Қазақстанда алғашқы спорттық жарыстар 1923 
жылы ұйымдастырылды. Содан бері мейрам, түрлі мерекелердің 
программаларына енгізіліп жүр. Жарыс ұзындығы 300-400 м, ені 30-40 м 
тегіс жерде өтеді. Мәре мен сөре бір жерде болады. Айналып қайтатын жерге 
жалау қадалады. Қыз жігіттің алдында 10 м жерде тұрады, бұдан кейін 
төрешінің белгісі бойынша жарыс басталады. 
Жарыста жігіт айналып қайтатын жерге дейін қызды қуып жетсе, оны ат 
үстіңде құшақтап сүйеді. Бұл - жігіттің жеңгейі. Ал қуып жете алмаса, 
қайыра қайтқанда қыз сөреге дейін жігітті және оның атын қамшының 
астына алады. Бұл - қыздың жеңгені. Жарыс барысында өз атын 
қарсыласының алдына тоқтатуға, қаптал сызықтан өтіп кетуге, айналып 
кайтатын жерге жетпей жарты жолдан қайтып оралуға болмайды. Ережені 
бұзған спортшылар жарыстан шығарылады. 


Кыз қуу жарысына қатысушы командалар саны соңғы жылдары көбейіп 
келеді. Мыс., 1958 жылы 1-бүкіл одақтық ат спорты жарысына Қазақстан 
командасы ғана қатысқан болса, соңғы жылдары Кырғызстан, Өзбекстан, 
Тәжікстан, Түрікменстан, Азербайжан спортшылары да қатыса бастады. Сол 
алғашқы жарыста жамбылдық Ж. Жапбарбаева 1-орынға шықты. Ал 
командалық есепте азербайжаңдықтаралда болды. 1959 жылы Лейпцигте 
өткен халықаралық жәрмеңкеде СССР-де кең тараған ұлттық ойындардың 
бірі ретінде Қыз қуудан жарыс еткізілді. Мұнда алматылық Райхан 
Аблахатова жеңіске жетті.
Аударыспақ — спортшыдан үлкен ептілікті, 
күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін ұлттық спорттың бір түрі 
(екі салт атты бір-бірін аттан аударып алуға тырысады). 
Аударыспаққа тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, 
тиянақты дайындығы бар спортшылар ғана қатынаса алады. Ал дайындығы 
жеткіліксіз, тәжірибесі аз спортшылар үшін бұл өте қиын. Сондықтан қазіргі 
тәртіп бойынша сайысқа 18 жасқа толғандар ғана қатынастырылады. 
Сайысқа қатынасушылар үш салмақтық категорияға бөлінеді. Аударыспақ 
салмақтық категорияға бөлінеді. Аударыспаққа салмақтың категорияны 
енгізудің мақсаты — қатынасушыларға неғұрлым теңдік жағдай туғызу. Оны 
спорттың сайыстың бір түріне айналдыру үшін бір-біріне тең келетін 
салмақтық категорияны көбейту дүрыс. Бұл категорияға бөлу соңғы кезде 
қалыптасты. Ертеде кез келген тілек білдіруші өз еркімен қатынаса беретін 
болған. Амал қанша, спорттық жарыстарда сол үш категорияның өзі де 


көбіне әлі де сақтала бермейді. Спорттың бұл түрінің дамуымен бірге, сөз 
жоқ оның салмақтық категориясы да көбейе, кеңейе беретіні күмәнсіз. 
Ойында аты белді, жарамды, өзі мықты, атқа отырысы мығым, білікті 
жігіттер жеңіп шығады. Сайып келгенде, аударыспақта негізгі рольді ат пен 
ойыншы жігіттер атқарады. Оспадарлық, жұла қашу, салып қалу, қол қайыру 
сияқты айла-амалдарды қолдануға болмайды. Аударысу ат пен жігіттің 
үндескен қимыл-бірлестігіне сүйене отырып, күш-жігердің басымдығын 
көрсететін қалыпты, байсалды шеберлікке үласып жатуы шарт. [1] 
Аударыспақ – салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы. 
Бұл ойынға қайрат-күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат 
құлағында ойнай білетін жігіттер қатысады. Ежелгі заманнан келе жатқан 
бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап, қылыш шабатын жауынгерге 
қажетті қасиеттерді қалыптастырған. Аударыспақ кәзіргі кезде де шопандар 
тойында, мерекелерде спорт ойынның бір түрі ретінде көрсетіліп жүрОйын 
аға төрешінің ысқырығымен басталады және тоқтатылады. Тартыс бес 
минутқа созылады. Егер осы уақыт ішінде олар бір-бірін жеңе алмаса ұпай 
санына қарап бәйге беріледі. 
Спортшы жарақаттанған немесе киімі қолайсыздық туғызған жағдайда ғана 
жекпе-жек әр спортшы үшін бес минутқа тоқтатылады. Егер бес минуттан 
асып кетсе немесе жалғастыра алмаса ол спортшыға жеңіліс жарияланады. 
Спортшы ойынды қайта-қайта тоқтата берсе оның тоқтатқан уақыты 
қосылып есептеледі, ол бес минуттан аспауы тиіс.Жарысқа қатысқан 
спортшы бас төрешінің шешімі бойынша мынадай жағдайларда екі ескерту 


алғаннан кейін үшінші рет ескерту жасау керек болғанда, тыйым салынған 
әдістерді қайталап қолдануға әрекет еткенде, қарсыласына, төрешілерге, 
көрермендерге, т.б. тартқанда, екінші рет шақырылғаннан кейін 3 минут 
бойы шеңберге шықпағанда, қарсыласына жекпе-жекті одан әрі жүргізе 
алмайтындай етіп, тыйым салынған әдісті қолданғанда жарыстан 
шығарылады.Жарыстан шығарылған спортшы жеңілді деп есептеледі, оған 0 
ұпай, ал оның қарсыласына 2 ұпай беріледі.Жекпе-жек барысында аттан 
сүйреп түсірген немесе аударып тастаған (егер оның денесінің бір мүшесі 
жерге тиген болса) спортшыға беріледі. Таза жеңіске 3 ұпай, жеңіліп қалған 
сайысшыға 0 ұпай есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет