Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Секция: Бастауыш
Тақырыбы: Асық ойыны
Жобаның авторы: Сейлова Бағлан Кеңесовна
Бастауыш сынып мұғалімі
Қызылжар ЖОББМ КММ-і
2017 жыл
Мазмұны
Аннотация 3
Кіріспе 4
Негізгі бөлім
1.1 Асық ойындарының түрлері 6
1.2 Асық ойындарының пайдасы 8
1.3 Асықтың түрлері 8
1.4 Асық ойындары 10
Қорытынды 16
Пайдаланған сілтемелер 17
Аннотация
Мақсаты: - асық ойындарының шығу тарихын зерттеу, қазіргі күнде жастар санасын улап жатқан түрлі интернет ойындарына қарағанда асық ойындарының жас ұрпақтың дамуы үшін аса пайдалы екендігін насихаттау; ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, сақтай білуге үндеу.
Міндеттері: – асық ойындарының шығу тарихын зерттеу арқылы тарихымызбен таныстыру; асық ойындарының денсаулық үшін пайдасы көп екендігін ғылыми тұрғыда дәлелдеу.
Болжам: – асық ойындары түрлерінің балалардың даму үрдісінде аса пайдалы екендігін ғылыми тұрғыда тұжырымдау.
Кіріспе
Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады. Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар,тәйке,омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б. Мысалы, құмар ойынға 2 – 4 адам қатысады. Олардың жақсы жонылып, табаны қайралған төрт асығы болуы керек. Ойыншылар өзара келісіп жеңімпазға жүлде тағайындап алады да кезек-кезек төрт асықты иіреді. Егер иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт алшы, не төрт тәйке түсірсе, жүлденің жартысын алады, төрт асық төрт түрлі түссе, онда тігілген жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса береді. Асықты мұртынан не жамбасынан тұрғызуды омпы дейді. Омпы ойыны тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішінде де ойнала береді. Ойыншы саны неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты өтеді. Мақсат – көп асық ұтып алу. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көмбе сызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді. Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар кезек-кезек сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп, асық ұтып алуға кіріседі. Егер атушы омпыға бірден тигізсе, онда тігілген бар асықты сол алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біреуіне тигізсе, сол асықты ғана алады. Асық жаңартыла тігіліп, ойын жалғаса береді. Асық ойынының халық арасына кең тараған, басқа да түрлері бар.
Асық ойыны қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Ұсақ малдың (қой, ешкі) асықты жілігінен алынған жұмыр сүйек - асықтай ойналады. Иіргенде түскен алпына қарай асық - алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арналған арнайы қорғасын құйылып жасалғаны- сақа, оң қолмен атуға ыңғайлысы - оңқы асық аталады.Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар, тәйке, омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б.
Кеңес өкіметі кезеңінде, ұлттық ойындар оның ішінде асық ойыны еріккеннің ермегі, ойын балаларға тәрбие бермейді деп есептелді. "Асық ойнаған, азар, доп ойнаған тозар -деп мақалдап та жүрдік. Коммунистік партия еңбекке тәрбиеледі, әсіресе қара жұмысшының еңбегін жоғары бағалады. Содан болар ауырдың үсті, жеңілдің асты деген сөз тіркестері тәрбие барысында жиі қолданатын. Ерікті ел боған кезде, Қазақстанның жетістіктерін шет ел мойындай бастаған уақытта, ұлттық құндылықтарымызды жаңарту кезеңі келді. Асық ойыны туралы қазіргі қарттардан сұрастырып көрсек. Нақтылы талдап айтып беретін адамдар аз. Қытайдан келген азаматтардан сұрастырып көгенде де мардымды жауап ала алмай жүрмін. Ол жақта тұрмыс ауыр болды асық ойнап қызық куатын уақыт болған жоқ дейді. Орыс тілді азаматтар "Алчики" деп асық ойнадық деп еске алады. Шеңберге асық тіземіз де, сақамызға сым орап ауырлатып алып көздеп ататынбыз дейді. Онысы рас қала балалары ойлап тапқан "Алматинка" немесе "Шымкент" деген ойын түрлері 1970 жылдары пайда болды. Кейбір жерлерде осы ойынды қазақшалап "Табан" деп те атайды. Бұған келісе қойған жөн болмас. Тар жерде ойналатын. Шеңберге тігіп ойнайтын қаланың кеңес дәуіріндегі шығарған асық ойындары. Сақа арқардың асығы болуы шарт. Ертеде бай қуаттының балалары ұстайтын, "Қоңқар" немесе "Құлжа" арқардың еркегінің асығы. Салмақты қолға қолайлы және ойнағанда мерейің жоғары болып жүреді. Тиген асықтар быт-шыт болып жан-жаққа бытырай ұшады. Мықты ойнайтын кедей кепшіктің балалары "қой асығы демеңіз, қолға жақса сақа тұт, жасы кіші демеңіз ақылы асса аға тұт" - деп қулана мақалдап та қоятын. 60-70 жылдары ойнаған ойынымыз "Өріс" деп аталатын еді. Кең далада ұзындығы 20 метрден кем болмайтын. Қазағымның кең пейіліндей сары арқа даласында көсіле жазықта ойнағанға не жетсін. Кемі екі баладан бастап қанша бала ойнасаң да болады. Үлкен мен кіші бір-біріне қамқор болып келісіп ойнасаң да, құрдас пен -құрдас бір- біріңе бәсекелесіп ойнасаң да, үлкен мен кіші бір біріңді сынай ойнасаң да әбден болады. Жүгіресің, секіресің, көздейсің, тигізесің, ерегесесің, жеңесің, жеңілесің, ұтасың, ұтылысың, асыққа бай боласың, жоқ боласың. Таза бәсеке, таза тәрбие. Өтірігі, арамдығы, жалғандығы жоқ. Болмайды да. Ұлттық тәрбие. Ұлттық ойын. Спорт ойыны, спорттық бәсеке. Шеберлікке, мергендікке, батылдыққа, шешімдікке, ырымға ырысқа-тәрбиелейді. Міне асық ойынының кереметі деп осыны айт!
Негізгі бөлім.
1.1. Асық ойынының түрлері
Асық ойындары негізінен екіге бөлінеді: далада ойнайтын және үй ішіндегі ойындар. Дала ойындарына негізінен асықта сақамен алыстан атып ойнайтын түрлері жатады. Асық ойындарының түрлері өте көп. Олар: шыр, шеңбер, үш табан, арқаласпақ, әйзік, атқақпыл, шығу, төрт асық, омпы, сасыр, алшы, қақпақыл, бес асық (бес тас), хан, ханталапай, қора, құмар, таған, бүк-шік, иірмекіл, жемекіл және т.б.
Осылардың ішінен халық арасында кең тараған түрлеріне тоқталып өтейік. Асық ойынында тігілген асықтарды атуға жарамды сақа таңдап алынады. Сақа болатын асық салмақты, ірі болуға тиіс. Ол көбінесе еркек қойлардың, не қошқарлардың асығы болып келеді. «Алшы ойыны» сақаның салмақты да алшы тұрғыштығына байланысты. Бұл ұту үшін өте қажет. «Алшы ойынын» ойнаушыларға шек қойылмайды. Ойын басталар алдында, ойын жүргізуші, барлығының сақаларын жинап алып, ойында әркімнің кезегін белгілеу үшін, яғни, кімнен кейін кім асық ату керектігін анықтау үшін, сақаларды иіреді. Иірген кезде кімнің сақасы алшы түссе, сол бірінші, тәйке түссе екінші, бүк түссе үшінші, шік түссе одан кейін асық ататын болады. Атқан кезде сақасы мен асығы бір жақты түссе, атқан асығын алып, әрі қарай ата береді. Енді бірде асық атқан кезде сақасы алшы түсіп, асық кез келген жағында жатса да асықты алады, тағы атады, ал сақа мен асық екеуі екі түрлі түссе, онда алмайды. Ол атуды тоқтатып, кезекті келесі ойыншыға береді. Екінші ойыншы өз кезегінде сақасын иірген кезде тәйке түссе, онда өзінен кейін кезекте тұрған ойыншы көмбеде тұрып оның тәйке түскен сақасын атады, тигізсе, сақа иесі ойыннан шығып қалады, тигізе алмаса, өзі ойыннан шығады. Кезек алу үшін сақаларын иірген кезде бүк, шік түскен ойыншылар өз кезектерімен көнге тігілген асықты ата береді. Осы ретпен көндегі асықты атып тауысқанға дейін ойнайды да, асықтарын қайта тігіп, ойынды жалғастыра береді.
Асық ойынының бір түрін «Омпа» деп атайды. Бұл ойынды көбінесе бозбалалар ойнайды. Оны таза ауада алаңда, не үлкен бөлмелерде ойнауға болады. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойынның мақсаты — асық ұту. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көн сызады да біріншісіне төрт бұрыш жасайды (оның көлемі өзара келісіледі) дәл ортасындағы сызыққа әрбір ойыншы өздерінің асықтарын тігеді. Тігілген асықтардың ортасына бір асық мұртынан «Омпа» тұрғызады. Ойнаушылар екінші белгіленген жерден бірінің артына бірі тұрып әркімнің өз кезектері бойынша, қолдарыңдағы сақаларымен «омпаны» ата бастайды. Егер кімде-кім омпаға тигізсе және оны төрт бұрыштың шетіне шығарса, онда көндегі асықты түгел алады. Ал омпаға тимей, жанындағы асықтарға тисе, оны да төрт бұрыштың шетіне шығара алса, онда сол атқан асығын ғана алады. Асық таусылған сайын, көнге асық қайтадан тігіліп отырылады. Ойын жалғаса береді.
Асықпен ойналатын ойынның тағы бір түрі — «Ханталапай». Балалар бұл ойынды үлкендердің басшылығымен ойнайды. Ойынға қатынасушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады. Ойын жүргізуші қолындағы асықты «ханталапай» деп ортаға қарай шашып жібереді. Отырғандар тез-тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі. Ойынның мақсаты — балалардың жылдамдығын жеделдету, жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда саңтау қабілеттерін жетілдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |