Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаты мен міндеттері



Дата18.03.2017
өлшемі79,88 Kb.
#11825
Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаты мен міндеттері
Маликова В.Қ.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің

1-курс магистранты, Талдықорған қаласы,

vera.malikova.87@mail.ru

Ғылыми жетекшісі-т.ғ.к.,доцент Байгабатова Н.К.

.
Бүгінгі таңда қазақ елі қабырғасы қатайған, ұлттық саясаты орныққан, сөзіне халықаралық қауымдастық өкілдері құлақ асатын беделді елге айналып отырғаны баршамызға аян. Еркіндікті аңсаған ата-бабамыздың мақсат-мұраттары жүзеге асып, Алаштың ең асыл мұраты - тәуелсіздікке қол жетті. Қазіргі таңдағы Ұлы дала елінің атқан егемендік таңы ең алдымен, алып та дархан даланың төсін қасық қанымен қорғаған, терісі сөгіле қызмет еткен ата-бабаларымыздың қасиетті күресінің заңды да нақты жеңісінің көрінісі.

Еліміз бүгінгі күні, еңселі ел болудың даңғыл жолына түсті, әлеуеті артып, дәулеті еселеніп отырғаны әркімге де аян. Біздің елдегі бірлік пен қоғамдық келісімнің бастауы - Қазақстан халқының ортақ тарихы. Ғасырлар бойы тағдыр талайына ұшыраған халықтарды құшағына сыйдыра білген қасиетті Ұлы Дала көптеген ұлыс пен ұлттың құтты қонысына айналған құтты мекен. Соның дәлелі ырысы мен ынтымағы жарасқан, бірлігі мен тірлігі жарасқан ел тарихының бөлшегіне айналған Қазақстан халқы Ассамблеяның құрылу мақсатының түп тамыры да осында жатыр.

Есімізде болса, тарих қойнауына енген 2015 жылдың басты оқиғаларының бірі де бірегейі Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық тарихы. Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа арналған Жолдауында «Ассамблеяның құрылуының 20 жылдығын атап өту арқылы біз қазақстандықтардың рухани күш-қуатын арттырамыз және толеранттылығын еселейміз» деген еді[1].

Еліміз егемендік алғалы бір шаңырақтың астында жүзден аса этнос өкілдері тұрақтылық пен бірлікті сақтап, тату-тәтті өмір сүріп келеді.

2015жыл Қазақстан халқы Ассамблея жылы, яғни, татулық, бірлік, бейбітшілік, келісім - қазақ елі үшін ең асыл істер атқарылды.Қазақстан азаттығы мен тәуелсіздігін жариялап, іргесін берік қалағаннан бері осы ұранды ту етіп, өзін басқа әлем елдеріне мойындатып келеді. Ассамблея дербес қоғамдық институт болып құрылғанына да биыл 21 жыл толмақ. «Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсат-міндеттері қандай болды?»- деген сұраққа зерттеуші Ж.Х. Джунусова Ассамблеяның міндеттері қойылған мақсаттардан туындады жəне келесідей анықталды деп санайды:

- Қазақстан ұлыстарының рухани жаңаруы мен дамуына жəрдемдесу;

- этносаралық сипаттағы мүмкін болатын шиеленістер туралы ескерту жəне

бірлесіп шешімін табу;

- этносаралық сан алуандықты ескере отырып, қоғамдық-саяси өмірді зерттеу жəне

талдау;


- ұлттық саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау;

- этникааралық қатынастар тақырыбында Президентке нақты, тəжірибелі

ұсыныстар беру[2].

Ал, бұл сұраққа саясаттанушы Т. Исмагамбетовтың пікірінше, Ассамблеяның қызметі келесі міндеттерді шешу үшін бағытталған:

- республикада этносаралық жəне конфессияаралық келісімді, қоғамдағы

тұрақтылықты сақтау үшін жəрдемдесуге;

- Қазақстанның аумағында тұратын этнос өкілдерінің арасындағы ынтымақтастық

қарым-қатынасын дамытуға мүмкіндік туғызатын, олардың рухани-мəдени

жаңғыруына жəне теңдік қағидасын сақтау негізінде дамуына жəрдемдесу үшін,

мемлекеттік саясатты өткізу бойынша ұсыныстар дайындау;

- өркениетті жəне демократиялық қағидаларға сүйенетін азаматтардың саяси

мəдениеттерін қалыптастыру;

- мемлекетпен жүргізілетін ұлттық саясатта əр алуан ұлттық мүдделерді есепке

алуды қамтамасыз ету;

- қоғамда пайда болатын əлеуметтік қайшылықтарды шешу үшін, ымыраларды

іздеу [3].

Қазақстан халқы Ассамблеясы бірінші құрылған күннен бастап-ақ елдегі этносаралыққатынастардың мəселелерін тікелей талқылап, мемлекеттің бірінші тұлғасына жеткізу мақсатында, сұхбаттасу алаңы болуы үшін жасалды.

Яғни, бүгінгі таңда,Қазақстан халқы Ассамблеяның негізгі мақсаты – қазақ халқының топтастырушылық рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық біркелкілікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде республикадағы этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады және бұл іс, өз кесегінде жүзеге асырылып жатқаны баршамызға аян.

Ал енді, Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихына көз жүгіртсек, Қазақстан Халқы Ассамблеясын құру идеясы алғаш рет еліміздің Президенті Н.Ə.Назарбаевпен 1992 жылы Тəуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған, Қазақстан халқының Бірінші Форумында айтылды [4].

Қазақстандағы барлық этностардың рухани тұрғыда қайта жаңғыруы мен дамуын қамтамасыз ете отырып, өркениеттік және демократиялық ұстанымдарға, мемлекеттік ұлттық саясатта барлық этностардың мүддесіне деген құрметке негізделген этносаралық қатнасмәдениетін қалыптастыру болатындығы дәлелденді. Осы мақсатта барлық облыстарда кіші Ассамблеялар құрылып, олардың сессияға 260 делегат сайланды. Бірінші сессия отырысында „Біздің ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісім үшін“ 1995жылы 24 наурыз айында Алматы қаласында өтті және оның құрамына 40 ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері кірді. Сессия отырысында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев баяндама жасап, Ассамблеяның ұйымдастырушылық құрылымдары мен мақсат-міндеттері белгіленді.

Ғылыми-тəжірибелік конференцияда Қазақстан халқы Ассамблеясы

төрағасының орынбасары, профессор, философия ғылымдарының докторы

Ж.А.Алиевтің баяндамасында, мемлекеттік саясаттың таяудағы болашаққа арналған ең

басты міндеттерінің бірі, елде этносаралық шиеленістерді болдырмау, стратегиялық

болашағында – ел азаматтарының азаматтық, саяси жəне мəдени сəйкестендірілуінің

жиынтығы ретінде «саяси ұлт» түсінігін беретін, ашық азаматтық қоғам идеалдарына

сай келетін – этникалық, əлеуметтік жəне саяси ортақтық «мемлекет-ұлттарын»

қалыптастыру керек деп айрықша атап өтілді [5, с.125].

2008 жылы 20 қазанда „Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы“ ҚР Заңы қабылданды. Бұл Заңның қабылдануы Қазақстан халқы Ассамблеясының дамуы жаңа кезеңге қадам басқанын жария етті. 1995-2008 жылдары Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдық және қызметтік мәселелерінің көбі Мемлекет басшысының жарлықтарымен бекітіліп әрі реттеліп отыратын.

Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ҚР Заңы Ассамблеяның мәртебесін қалыптастыру мен ұйымдық жұмысының тәртібін белгілейді; Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметін мемлекеттік ұлттық саясатты жүргізуге, елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік және азаматтық институттардың әрекеттестігінің тиімділігін арттыруға бағыттайды [6].

Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі мақсаты мен міндеттері оның этносаралық қатынастар саласында таяу перспективаға арналған қызметінің базалық және басшы бағдарларының жүйеленген жиынтығы болып табылады. Олар мынандай принциптерде түзілген халықтың не мемлекеттің мүдделерінің басымдығы, заңның үстемдігі және тіліне, ұлтына, дініне,қандай да бір әлеуметтік топқа жататынына қарамастан, адам өмірінің құқықтары мен бостандығының теңдігі, ұлттық мәселені әділ шешудің негізі ретінде қоғамның тұрақтылығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының қалыпты жұмыс істеуіне өзіндік бөгет болатын іс-әрекеттеріне қатысты сөз айту мен пікірлерді алдын алу және бодырмау болып табылады.

Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеяның негізгі міндеттері болып табылады:

1) этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

2) халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту;

3) қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;

4) азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру;

5) Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;

6) Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады.

Қойылған мақсат пен міндеттердің жүзеге асырылуында біраз жұмыстар жүргізіліп, өз нәтижесін көрсетіп жатыр.

Қазақтардың мәдени – этникалық дәстүрлерінен мұра болағн рухани саладағы төзімділік пен шыдамдылық, татулық пен бірлік қазіргі таңда да, келешекте де азаматтық әлемді сақтаудың темір қазығы болып табылады. Бүгінгі күнде елімізде 40-тан астам конфессия өкілдері, сондай–ақ 130 этнос өкілдері бейбіт және өзара түсіністікті ту етіп, бейбіт өмір сүріп жатыр.Қазақстандағы әрбір ұлттың өзінің этноқұрылымдары бар, 22 республикалық және аумақтық ұлттық-мәдениет орталықтары құрылып, жұмыс істеуде.Олар: әзірбайжан, грек, ингуш, неміс, шешен, поляк, т.б. халықтарының ұлттық мәдени орталықтары жанында жексенбілік мектептер де жұмыс істеуде.

Республикамызда:


  • Өзбек, тәжік, украин тілдерін оқытуда 88 мектеп;

  • 108 мектепте этникалық топтардың 22 тілде сабақтар оқытылады;

  • 30 этникалық тілдерді зерттеу үшіін 195 тіл орталықтары жұмыс жасайды;

  • ТВ шоу 7 тілде жүргізіледі;

  • 35-тен астам этникалық газет-журналдар шығарылады[7].

Cонымен, жоғарыда аталған мақсат-міндеттеріміз Ұла Дала елін қоныстаған әрбір ұлтөкілдерінің ауызбіршілігі мен бейбітшілігін, қарым-қатынасы мен әрекеттерін қамтамасыз ете отырып, ел бірлігі мен тыныштығын сақтап отырғаны белгілі. Ендеше, Қазақстан халық Ассамблеясы халықтық, саясатүстілік өкілдіктің ерекше тетігі ретінде транспарентті мемлекеттің қоғамдық бақылау жүйесінде маңызды рөл атқаруы тиіс.

Aссамблея алдында бұрынғысынша этносаралық қатынастар саласын саясаттандыруға жол бермеу міндеті тұр. Біз қай тараптан шыққанына қарамастан, ұлттық радикализмнің кез келген пішінінің жолын қатаң кесетін боламыз. Біздің қоғамда қазірдің өзінде қандай да бір радикалды үндеулер мен араңдатушылыққа қарсы белгілі бір иммунитет қалыптасып үлгерді. Бірақ Қазақстан халқы Ассамблеясы қолын қашанда қоғамның тамыр соғысында ұстап, тиісті мемлекеттік органдармен бірге алдын алу шараларын қабылдауы керек. ҚХА үшін оның мемлекеттің ішкі саясатын жүзеге асыруға қатысуын қамтамасыз ететін, барлық этностарды жалпымемлекеттік міндеттер кешенін шешуге жұмылдыратын арнайы бағдарлама жасалатын болуы тиіс. Бізге Ассамблея туы астында «Үлкен ел–үлкен отбасы» жалпыұлттық акциясын ұйымдастыру керек, деді Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзінде.

Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заңының қағидалары мен нормаларын дамыту, Қазақстан халқы Ассамблеясы міндеттерін орындау мен мақсаттарына жету үшін ҚР Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі Жарлығымен ҚХА туралы жаңа Ереже, ал 2013 жылғы 18 сәуірдегі №552 Жарлығымен ҚХА дамуның (2020 жылға дйінгі)тұжырымдамасы бекітілді[7].

Eндеше, алға қойған мақсаттар мен міндеттеріміздің орындалып, елміздің әлем көгінде еш кедергісіз қалықтап қанат қағуына, ел бірлігі мен тыныштығын қорғайтын, ұлтаралық татулықты бекем бекітетін батыл да батыр жас ұрпаққа артар сеніміміз мол.




әдебиеттер:

1. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауы, - Астана, 11 Қараша 2014.

2. Джунусова Ж.Х. Республика Казахстан: Президент. Институты демократии. – Алматы: Жетіжарғы, 1996. – 118 с

3. Исмагамбетов И. Ассамблея народа Казахстана: статус и возможности // http:

www.assambleja.kz.

4.Тоғжанов Е.Л., Кан Г.В., Калашникова Н.П., Коробков В.С., Шаяхметов Н.У. Қазақстан халық Ассамблеясы:жиырма жылдық тарих.- Алматы: «ҚАЗақпарат»,2015. -342б.

5. Арын Р.С., Иренов Г.Н. Этнополитология. Учебное пособие. – Павлодар: ЭКО,

2008. – 285 с.



6. Этносаяси сөздік. – Астана, 2014. – 400 б.

7.http:www.assambleja.kz.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет