· Автор:Карабалина Р.Б
Ырысы тасып, ынтымағы ұйыған ел!
Ынтымағы мен ауызбіршілігі жарасқан ,ел болып елдігін танытып отырған ,Үшсарт ауылында Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арналған «Бабаларға құрмет-ұрпаққа міндет» ұранымен үлкен той ұйымдастырылды.
Тойдың мақсаты Ұлы Отан соғысына қатысып,ерлік көрсеткен,хабарсыз кеткен жерлес жауынгер аталармызды еске алу.Салауатты өмір салтын насихаттау.Қазақ спортын халық арасында насихаттау.
Елді мекеннің 70 жылдық мерейтойына мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.Үшсарт ауылы аудан орталығынан 35 шақырым жерде орналасқан. Қазіргі кезде 175-тен астам адам тұрып жатыр. Ауылдың мақтанышы – негізгі мектеп.Тойдың алдында мектеп ауласына он шырша отырғызылды. Шыршаны мектебіміздің бұрынғы түлегі Борин Жақсыкелді сыйлады.Шыршаны Ауған соғысының ардагері Омаров Нұрлыбек Мажитұлы отырғызды. Мектеп оқушылары аудандық,облыстық байқаулар жеңімпаздары. Кейін қонақтар басты салтанатты тамашалады.
Мереке сағат 10-да ауылдың сыртында тігілген он екі қанатты бес киіз үйдің қасында орнатылған үлкен сахнада жиналыстан басталды. Тойды Үшсарт ауылынан шыққан ауылдас ағамыз Имашев Болат Оңғарбайұлы бастады. Алдымен Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлес аталарымыздың есімдері аталып,бір минут үңсіздікпен еске алды. Аруақтарға құран бағышталды. Ауылдың мерейтойын атап өтуге көптеген қонақтар келді. Бұрын ауылда тұрған тұрғындар да көптеп келді. Сонымен қатар,Үшсарт ауылында басқарма болған Ерсейітов Абизат,Тығынбаев Жақсыкелді,Қыдыраш ағайлар келіп,өздерінің игі тілектерін халыққа білдірді.
Құттықтау сөз шежіреші ағамыз Ағрабиге берілді. Ол тұрғындар мен қонақтарды шын жүректен құттықтап, толағай табыстар тіледі. Ол Үшсарт ауылының тарихына тоқталды. Келесі болып сөз алған ауыл ақсақалдары Мұсылманбек ата,Диханбай ата,Алматы ата,Серік аталарға берілді.Ауылдың барлық үлкен ата-әжелерімізге амандық тілеп,ұйымдастыру алқасы иықтарына шапан жапты.Сонымен қатар, арамыздағы жалғыз қалған соғыс ардагерінің жұбайы Өтешева Мүсалия әжеге сөз берілді. Ұйымдастыру алқасы әжемізге амандық тілеп,иығына шапан жауып, үлкен теледидар тарту етті.
Елін, жерін әспеттеп осындай дүбірлі той өткізуге басқа ауылдарға үлгі-өнеге боларлықтай деңгейде өткен мерекенің концерттік бағдарламасы да халық көңілінен шықты. Тойдың әсерлі өтуіне Астана қаласынан арнайы шақырылған әншілер мен қатар Үшсарт негізгі мектебінің талантты жастары, мың бұралған бишілер тобы қатысты.
Үлкен жиыннан кейін келген қонақтарға үлкен ас берілді. Қонақтар арнайы тігілген бес киіз үй мен үш палаткаға кірді. Ауыл тұрғындары келген қонақтарға зор ілтипат көрсетіп, қонақтарды күтті. Қонақтар ас ішіп, ауылдың айран -көжесін ішіп, қазан толы палаудан ауыз тиді.
Мерекенің ресми бөлімінен кейін ауыл тұрғындары мен қонақтар спорттық жарыстарға және ұлттық ойындарға қатысты. Қазақтың спорттық ойындары аламан бәйге,қазақша күрес,аударыспақ,гир көтеру,көкпармен жалғасын тапты.Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздары берілді.
Үшсарт ауылының мерейін арттырған осынау торқалы той өте жоғарғы дейгейде өтті деп тарасты көпшілік.
Достарыңызбен бөлісу: |