1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе


 Қазақстанның ТҮРКСОЙ ұйымымен қарым-қатынасы



Pdf көрінісі
бет58/61
Дата04.11.2022
өлшемі4,71 Mb.
#156557
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
1-ші та ырып. аза станны азіргі заман тарихына кіріспе

6. Қазақстанның ТҮРКСОЙ ұйымымен қарым-қатынасы 
Қазақстан үшін Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Түрікменстан, 
Қырғызстан тәрізді түркі әлемі елдерімен тығыз ынтымақтастықта болу 
ерекше маңызға ие. 
Тығыз қарым-қатынаста болуымызға тілдік және конфессиялық туыс-
тық, тарихи-мәдени мұраның ұқсастығы негіз болды. Сондықтан 1993 жылы 
түркітілдес мемлекеттер ТҮРКСОЙ түркі мәдениетінің халықаралық ұйымын 
құрған болатын.
ТҮРКСОЙ аясында мәдени ынтымақтастық белсенді дамыды. Қазақ 
жазушыларының шығармалары түрік тіліне аударылды, мәдениет күндері 
өткізілді. ТҮРКСОЙ түркі әлемі үшін өзіндік ЮНЕСКО іспетті болды. 2008 
жылы ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшылығына еліміздің мәдениетіне елеулі үлес 
қосқан қазақстандық қайраткер Д.Қасейінов тағайындалды. Әзербайжан 
астанасында 2005 жылдың мамырында «Баку-Тбилиси-Жейхан» мұнай 
құбырының іске қосылуына байланысты өткен жоғары деңгейдегі кездесу 
түркітілді мемлекеттер арасындағы қатынастыңқарқынды дамып келе 
жатқанын көрсетті. 
2006 жылдың қарашасында, бес жыл үзілістен кейін, Анталияда түр-
кітілдес мемлекеттердің VIII саммиті Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, 
Түркияның қатысуымен өтті. Кездесудегі басты оқиға – Түркітілдес 
мемлекеттердің парламенттік ассамблеясын құру туралы мен көтерген 
бастама болды. Кешікпей ол да жүзеге асты. Жаңа құрылымның алғашқы 
жиналысы 2009 жылдың қыркүйегінде – Бакуде, екіншісі 2011 жылдың 
сәуірінде Астанада өтті. 
Түркі ынтымақтастығының дамуында түркітілдес мемлекеттер басшы-
ларының 2009 жылдың қазанында Әзербайжанның Нахичеван қаласында 
өткен IX саммитінің маңызы жоғары болды. Онда Елбасы Н.Ә. Назарбаев 
өңірлік бірлестік ретінде – Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық 
кеңесін жәнеТүркі академиясын құруды ұсынды. 
Түркия президенті А.Гүл саммиттен кейін өткен кездесуде бүкіл түркі 
әлемі туысқан түркі халықтарының бірлігі, ортақ тарихымызды зерттеу, 
мәдени байланыстарды дамыту ісіндегі Қазақстанның бастамаларын жоғары 
бағалайтынын айтты. 
2010 жылдың мамыр айында Астанада Еуразиялық ғылыми форум өтті. 
Форум барысында Түркия президенті А.Гүл мен Елбасы Н.Ә. Назарбаев 
халықаралық Түркі академиясын ашты. 
2011 жылдың қазанында Алматыда Түркітілдес мемлекеттердің ынты-
мақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) I саммиті өтіп, оған Елбасы төрағалық 
етті.
Саммитте сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтас-
тықты кеңейту мәселесі талқыланды. Түркі кеңесі саммиті жыл сайын өт-
кізіліп тұратын болды.


Тәуелсіздік 
жылдарында 
Қазақстан 
әлемдік 
қауымдастықтың 
толыққанды мүшесі болды, оның бастамалары тәжірибе жүзінде әрқашан кең 
қолдау тапты және нақты іс жүзіне асырылып отырды. Бүгін біздің еліміз 
халықаралық дәрежеде танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілді.
Еліміздің сыртқы саясаттағы күш-жігерінің арқасында орасан зор тарихи 
маңызы бар міндеттер орындалды. Қазақстан дүниежүзілік қауымдастықта 
лайықты өз орнын алды. Бүгінгі күні Қазақстан Орталық Азияның 
көшбасшысына, халықаралық құрметті әріптеске, халықаралық лаңкестікке, 
есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың таралуына қарсы белсене 
күресетін мемлекетке айналды.
Тәуелсіздік жылдары еліміздің сыртқы саясаттағы күш-жігерінің 
арқасында орасан зор тарихи маңызы бар міндеттер орындалды. Қазақстан 
дүниежүзілік қауымдастықта лайықты өз орнын алды. Бүгінгі күні Қазақстан 
Орталық Азияның көшбасшысына, халықаралық құрметті әріптеске, 
халықаралық лаңкестікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың 
таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет