1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе



Pdf көрінісі
бет60/61
Дата04.11.2022
өлшемі4,71 Mb.
#156557
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
1-ші та ырып. аза станны азіргі заман тарихына кіріспе

1.
 
Мәңгілік Ел, бұл – Тәуелсіздік және Астана. 
Біз Тәуелсіздікті нығайтудың тарихи ұлы миссиясына адал боламыз. 
Біз Астананы халқымыздың гүлденуі мен қуатының жарқын белгісі 
ретінде әрқашан мақтан тұтатын боламыз. 
2.
Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім

Біздің Отанымыз бір, ол – Тәуелсіз Қазақстан, біздің еліміз бір – 
тағдырымыз ортақ. Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне адал халықтың 
ғұмыры мыңжылдықтарға жалғасады. 
3.
 
Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият. 
Азаматтық және рухани құндылықтардың бірлігі бізге өз жолымызды 
табуға және өзімізді бүкіл әлемге мәшһүр етуге мүмкіндік берді. 
Біз еліміздің бірегей рухани келбетін айқындайтын діндер мен 
өркениеттердің жаһандық үнқатысуын одан әрі жан-жақты дамытатын 
боламыз. 
4.
 
Индустриаландыру 
және 
инновация 
негізінде 
тұрақты 
экономикалық өрлеу. 
Біз мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын 
дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, 


қоғамда білім мен ғалымдық культін елдің зияткерлік іргетасы ретінде 
бекітетін боламыз. 
5.
 
Жалпыға ортақ еңбек қоғамы. 
Елдің барлық табыстары мен жетістіктері – барша қазақстандықтардың 
күн сайынғы қажырлы еңбегінің нәтижесі. Біз елдің әрбір азаматының 
жасампаздық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып
еңбексүйгіштік және жауапкершілік, Еңбек Адамына құрмет сынды 
құндылықтарымызды нығайтамыз. 
6.
 
Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы. 
Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақтайтын боламыз. Біз Қазақстан 
халқының мәдени әралуандығын арттыра түсеміз. Біз мемлекеттік тілді 
қоғамды біріктірудің негізі, үштілділікті Елдің бәсекеге қабілеттілігінің 
басты шарты ретінде дамыту қағидатын ұстанатын боламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет