Бағыты: Эстетикалық Пәні: Технология Тақырыбы: «Ағаш бөлшектерін біріктірудің қарапайым технологиясы»Сыныбы: 7 Қатысушы: Үшағаш ауылы Үшағаш негізгі орта мектебі Технология пәні мұғалімі :Тапауов Мұратбек Төлеуғалиұлы 2014-2015 жыл
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ағаш бөлшектерін біріктірудің қарапайым бұйымды құрастырып бекітудің тиімділігін меңгерту.
Білімділік: қолда бар ағаш матералдарын дұрыс пайдаланып бөлшектерді біріктіруге үйрету;
Дамытушылық: оқушының шеберлік деңгейін дамытып , шығармашылық қабілетін ұштау;
Тәрбиелік: Шеберліктерін пайдалана отырып топпен жұмыс істеуге , бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар,ағаштан жасалған бұйымдар.
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері,сызу,математика.
Материалдық-техникалық жабдықталуы:
Дайын өнім үлгісі.
Бұйымның фотосуреттері , жобалары.
Жабдық құрал-саймандар.
Ағаш бұрғылау білдегі.
Сабақтың құрылымы
Сабақтың құрылымы (жоспар)
Сабақтың бөлімдеріне уақыттың бөлінуі
Сабақты ұйымдастыру
2 мин
Жұмыс киімін , сабаққа дайындығын тексеру
2 мин
Үй тапсырмасы бойынша білімін жүйелеу
2 мин
Оқушыларғды ағаш бұйымдарын біріктіру арқылы екі топқа бөлу
2 мин
Жаңа тақырыпты баяндау
7 мин
Ағаш бөлшектерін дайындаудың үлгісін көрсету
2 мин
Ағаш бөлшектері туралы теориялық білімін жинақтау
4 мин
Сарамандық жұмыс
Еңбек қауіпсіздік шараларын,жарақат алмау жолдарын қарастыру
10 мин
Технологиялық әдіс жолдарды жүйелі орындарды көрсету
2 мин
Еңбек амалдарын дұрыс орын орындалуын,жұмыс тәртібінің технологиялық бірізділігін қадағалау
6 мин
Жұмыс барысында жақсы орындағанға бал қою
2 мин
Үй тапсырмасын беру
2 мин
Қорытынды
2 мин
45 мин
Ағаш бөлшектерін шегемен құрастырып-бекіту
а) құрастырып-бекітудің әр түрлі жағдайларында шеге қағылатын орындарды белгілеу,
ә,б) шегелерді бір жағына қарай еңкіш етіп қағу;
в) тік қағылып,тесіп өткен шегенің ұшын қапсыра қайыру;
г) бұйымды айналдыра,әр түрлі тәсілмен (бүрлі шеге) қағып бекіту.
Топса арқылы біріктіру
Бұрама шегенің түрлері
а) қатырма қалқандарды бекіту;
ә) 1.топсаның қалың бөлігі;
2.бөлшектің қабырғасы.
Ағаштың тік кесілген шетін,бұйірлерін және көлденең кесінділерін желімдеу арқылы құрастырып-бекіту
а) бүйірлері
ә) көлденең кесінділері
б) желімдеу арқылы құрастырып-бекіту.
Топтастыру
Ұштастыра топтастыру,
2.”мұртынан матастыра”топтастыру,
Ағашты жартылай жарып топтастыру,
Тігінен салынған жапсырма құлып арқылы топтастыру,
Қиғаш жапсырма құлып арқылы топтастыру,
Тігінен салынған керілме құлып арқылы топтастыру,
Қиғаш салынған керілме құлып арқылы топтастыру.
Ұластыру
Елеусіз жасырын тиекті-кертікті тетіктермен ұштастыра ұластыру;
Тура тартылған тарақ тәріздес тетіктермен ұштастыра ұластыру;
Ағаш бөлшектерді жартылай жару арқылы бұрандамен бекітіп ұластыру.
1.Ағаш бөлшектерін жартылай жарғандағы бұрыш арқылы құрастырып бекіту;
2.Жартылай шеңберді тетік арқылы құрастырып бекіту;
3.Таба ұстағыш тәрізді тетіктің көмегімен бұрыш арқылы құрастырып-бекіту.
Бұрыш арқылы құрастырып-бекіту
1.Шпунт;
2.Тарақ тәрізді тетік;
3.Шкант(тиекті-кертікті дөңгелек тетік);
4.Тиекті-кертікті жалпақ тетік;
5.Тесік көз(құлақша); 6.Жалпақ ұя;
7.Дөңгелек ұя.
Тиекті-кертікті тетіктер арқылы құрастырып бекітудің элементтері
1.Ұзындығ бойынша үшкіл тікенек тістеуікпен;
2.Ұзындығы бойынша өткір емес тікенек тістеуікпен;
3.Ені бойынша тік бұрышты бекіту тетігі мен тараққа;
4.Ені бойынша трпецияға ұқсас тетік пен тараққа;
5.Ені бойынша алмалы салмалы білте тақтайшаға бекіту.
Ұзындығы мен ені бойынша тиектеп бекіту
1.Ағаш бөлшектерін біріктіруге қандай құралдар қажет?
а) шеге
ә) бұрама шеге
б) желім
в) топса
2.Ағаштан қандай бұйымдар жасауға болады?
а) отырғыш
ә) парта
б) шкаф
в) стол
Оқушыларды топтастыру
Жаңа сабақты мазмұндау:
Ағаш ұсталығы мен ағаш шеберлігі саласындағы жұмыстарды атқару барысында бөлшектерді біріктіру,топтастыру,құрастыру,ұластыру,желімдеу және бұрыштартарды байланыстыру сияқты шараларды жүзеге асыруға тура келеді.
Ағаш бөлшектері мен тетіктерді шегемен құрастырып-бекіту және тәсіл түрінде де, кедір-бұдырлы, кертікті-тиекті тәсілдер мен желім арқылы құрастырып бекіту түрінде де қолдана береді.
Ағаш бөлшектерінің төрттен бір бөліктің тиісті тетік енгізілетін тереңдігі бірігетін бөлік қалындығының жартысына тең болуы,ал екі бірігетін бөлік енінің жартысынан аспауы керек.Төрттен бір бөлік тәсілімен топтастыру,тап осындай топтастырудың басқа да түрлері сияқты,өте тиімді үнем жасауға мүмкіндік береді,ағаш матералдарының қажеттен тыс орынсыз жұмсалып,ысырапқа ұшырауын болдырмайды.
Сарамандық жұмыс.
Орындық жасау. Жасаған бұйымдарын қорғау.Жарнамалау.
. Сабақты қорыту.
Бүгінгі сабақта не үйрендік? Шеңбер құру
Бағалау
Үйге тапсырма.
Өзіндік талдау
Өзіндік талдау
Бұл сабақтың мақсаты оқушыларға ағаш бөлшектерін біріктірудің қарапайым бұйымды құрастырып бекітудің тиімділігін меңгерту. Ағаш материалдарын дұрыс пайдаланып,бөлшектерді біріктіруге үйрету.
Сабақта АКТ-нің әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, (интерактивті тақта, флипчарт) еңбекке деген қызығушылықтарын арттыру, сүйіспеншілікке баулу. АКТ-нің мүмкіндіктерін қолдану мұғалімнің жұмысын жеңілдетуге, оқушының білімге құштарлығын арттыруға ықпал етеді.
Шеберліктерін пайдалана отырыптоппен жұмыс істеуге,бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу. Жаңа сабақты меңгерту.
АКТ-ні қолдану барысында оқушылар ағаш бөлшектерін құрастырудың әдіс-тәсілдерін үйренеді.Сол арқылы жақсы жетістіктерге қол жеткізеді.