КІРІСПЕ
Қазақстанның болашағы қазақ тілінде.
Н.Ә.Назарбаев
Тіл байлығы - әр елдің мақтанышы.
Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңында: «Тіл-ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі, ұлттық мәдениетінің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы – тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты» делінген.
Әрбір елдің күші, байлық-бақыты экономикалық даму денгейімен ғана емес, сонымен бірге мәдени, рухани өрісімен айқындалады. Ал мәдени өре, рухани талғам деген халықтың ақыл-ойының көрінісі тілге тікелей тәуелді екені белгілі.
Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз-қазақ тілі.
Бірақ қазір көптеген жастар тілімізді шұбарлап, өз ана тілінде тұрпайы сөйлейді. Мұндайларды көргенде, К.Г. Паустовскийдің: «Туған тіліне жаны ашымаған адам-жәндік» деген сөзі ойға оралады.
Ахмет Байтұрсынов «Сөз өнерінің ғылымы» атты еңбегінде сөз талғамының бірден бір шарттары ретінде Сөз дұрыстығы мен Тіл тазалығын алға қояды. «Тіл тазалығы дейтініміз,-дейді А.Байтұрсынов,-ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау»... .
ХХІ ғасырда ақпараттар тасқыны тасып тұрған заманда әлем халықтарының алдында әр түрлі мәселелер туындай бастады. Ұлттық құндылықтар мен рухани байлықтан гөрі ақшаны басты деп санаушылар да жетіп артыла бастады. Міне, осы кезде рухани байлығымыз-ана тіліміздің басына да қатер төнуде. Әлемде кейбір ұлттардың тілі жұтылып, жойылып жатыр. Қазір болашағын ойлаған әрбір ұлт өз ана тілінің тазалығын сақтап қалу мақсатында күресіп жатыр. Бірақ, сан мыңдаған жылдық шежіресі бар қазақ тілінің басына жұтылу қаупі түспесе де, шұбарлану арқылы жаңарып санаға сол қалпы сіңісіп бара жатыр. Бұл біздің әдеби тілімізге төнген қауіп болып отыр.
Оған дәлелді алыстан іздемедім. Күнделікті достарымыздың ортасындағы қарым-қатынас тіліне қарасам, мағынасы таяз қысқа жауаптар, кең толғанып ойын еркін, анық жеткізе алмайды, достарымен сыр бөлісудің өзі шұбар тілмен ғана жүзеге асады.
Егер бұл мәселеге салғырт қарайтын болсақ, тілдің буылуы, ойдың тұйықталуына әкеліп соғады. Тұйықталған ойдан тыңғылықты іс, салиқалы жауап, салмақты пікір, селт еткізер сөз, ұшқыр қиял, ең бастысы сапалы білім шықпайды, себебі барлық білім-ғылым тіл арқылы жүзеге асары баршамызға аян. Бабалардан қалған ұлағатты асыл сөздерімізді терең түсінер адам саусақпен санарлық болып қалуы мүмкін екенін білгеніміз жөн.
Таза сөйлеу –ой айқындығының белгісі. Сөзі дұрыстың-ойы да дұрыс болмақ. Шешендікті қадірлеген халық «Адам аласынан сөз аласы жаман, от шаласынан сөз шаласы жаман» дегенде, ана тілінің байлығын бағаламай, туған тілінде тілінде таза сөйлей алмаған адамдардың қойыртпақ тіліне қынжылып айтса керек.
Осы мәселенің маңыздылығы маған зерттеу жұмысыма «Тіл тазалығы-ой тазалығы» атты тақырыпты таңдауыма себеп болды және зерттеу нысаны ретінде мектеп оқушыларының сөйлеу тілі қарастырылады. Себебі, елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: « Елімізді 2030 жылы барысқа айналдыратын күш-бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар мен жастар»-деген
Зерттеу мақсаты: оқушылардың тіл мәдениетінің төмендеу себебін, деңгейін анықтау, тіл тазалығын сақтауды насихаттау арқылы көркем ойлауды дамытуға арналған тиімді тәсілдерді табу.
Зерттеудің міндеттері:
тіл мәдениетінің төмендеу деңгейін анықтау;
оқушылардың тіл мәдениетінің төмендеу себебін анықтау;
тіл тазалығын сақтау мәселесінің тиімді шешімдерін қарастыру;
тіл тазалығын сақтауда ұсынылған тәсілдердің тәжірибе жүзінде нәтижелі екенін тексеру.
ТІЛ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Тіл мәдениеті ұғымына түсінік.
Тілдің көмегімен өнерді, білімді, ғылымды игереміз, өткен-кеткенімізді саралап, сабақ аламыз. Тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз, өзіміз танып қана қалмай, сол асыл қазыналарымызды әлемге танытамыз, әлемді танимыз. Сондықтан адам баласының байлығының бірі-сөз өнері. «Өнер алды-қызыл тіл» деген аталы сөздің астарында қаншама сыр бар?!
Тіл мәдениеті ұғымына Қазақ Совет энциклопедиясында мынадай анықтама берілген: «Тіл мәдениеті-кісінің бойындағы мәдени қасиеттердің бірі, қоғамдық мәдениеттің бір компоненті. Тіл мәдениеті ауызекі тілдің орфоэпиялық нормасын, сөз қолдану, сөздерді тіркестіру заңдылықтарын, сөйлем құрау ерекшеліктерін дұрыс пайдалану және жазба тілде емлеге, тыныс белгілерін қолдануға байланысты ерекшеліктерді толық сақтап, сауатты жазу мәселелерін де қарастырады.»[6,261б.].
Зерттеуші М.Балақаев өзінің тіл мәдениетін тереңінен зерттеген еңбектерінде тіл мәдениетінің негізгі принципі деп сөйлемдердің, жеке сөздердің тыңдаушыға, оқушыға бірден түсінікті болу керектігін көрсетеді. Зерттеуші жазуда, сөйлеуде адам ойына қажетті сөз таңдағанда олардың стильдік ерекшеліктерін ескеруді айтады. Тілдік норманы қалыптастыру, сауаттылық, тіл тазалығы, сөздерді дұрыс айту, дұрыс жазу тіл мәдениетінің басты талаптары ретінде тұжырымдалады.[2, 27б.]
«Тіл мәдениеті дегеніміз - сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық», - деп анықтама береді Н.Уәлиев өзінің
«Сөз мәдениеті» атты еңбегінде. [2,17б.].
Ал тілші-ғалым Р. Сыздықова: «Тіл мәдениеті дегеніміз - сөздерді дұрыс орнымен қолдану (лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), тілді әсерлі етіп жұмсау(лингвостилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру», - дейді [3,24-25].
«Тіл мәдениеті» негізінен «Сөз мәдениеті», «Сөзді орынды қолдану» деген ұғымды білдіреді. Өйткені, тіл мәдениетінің негізгі зерттейтін объектісі - сөз, сөздің дұрыс айтылуы, дұрыс жазылуы, дұрыс қолданылуы, сол арқылы ойдың айқын, әсерлі жетуі, екі ұштылықтың, күңгірттіктің болмауы.
1.2 Тіл байлығы - сөз байлығы. Ал сөз байлығы әр адамның лексикасындағы қолданылатын сөздердің санымен байланысты болғанымен, негізгі байлық – ой байлығы, сол сөздерді қиюластырып, әсем де әсерлі ой мұнарасын қалай білуде. Себебі сөзді көп біліп, бірақ оны орынды, ойлы, образды жұмсай алмасаң, одан не пайда? Ал сөзге көп мағына сыйғызып, әр сөздің парын, мән-мазмұнын, стильдік бояуын дөп басып беру ойлау қабілетімен, оның шығармашылық сипатымен ұштасып жатады. Ал ой байлығына жету үшін тіл дамуының кешегісі мен бүгінгісін, лексикалық қабаттың баю, толығу жолдарын, тілде пайда болған жаңа құбылыстардың өміршеңдігін, бір сөзбен айтқанда, тілдің ішкі, сыртқы мүмкіншілігін жақсы меңгеріп, оған қамқорлықпен, жанашыр көзбен қадағалап отыру керек. Яғни, тіл үнемі дамып, жаңарып, көнеріп отырады. Бірақ тіл өзінің тереңнен нәр алған тазалығын сақтап отырған. Қазіргі таңда қазақ тіліндегі лексиканың өзгеру себептерін төмендегі сызбадан көре аламыз.
Елбасы: «Қазақстан халқы үш тілді жетік меңгерген және барлық әлемге жоғары білімді ел ретінде танылуы керек» деген еді.
Ендеше осы жетік меңгеру деген сөзді санамызға сіңіре алмай тіліміздің шұбарлануына жол берудеміз. Ал қазақ халқының тілінің келешегі мектеп оқушыларында. Көптеген ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді, мерзімді баспасөз ақпараттарын талдап-зерттей келе, бүгінгі күнгі оқушылардың сөз саптауы көңіл аударарлық, көпшілігінің тіл мәдениеті төменгі деңгейде деген қорытынды жасауға болады. Олар өз ойларын дұрыс, түсінікті етіп жеткізе алмайды, «жаңағы», «әлгі», «немене», «неғып», «мысалы» деген басы артық бос сөздерді көп қолданып, ойын шашыратып жібереді. Кейбірі орысша сөздерді қосып, араластыра сөйлесе, бірі жаргонмен, диалектілермен сөйлегенді сән көреді. Бұл мәселе туралы көптеп айтылып та, жазылып та жатыр. Мысалы педагогика ғылымының докторы И. Нұғыманов пен 3. Қашқынбаева: «Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, сөйлеу мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазіргі кездегі көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады» - дейді.
«Ана тілін жақсы білу - әркімнің азаматтық борышы. Егер әр бір сөзді орнымен жұмсай біліп, айтқан ойы мазмұнды, нысанаға дәл тиетіндей ұғымды шығып, тыңдаушысын баурап алардай әсерлі болса, ана тілінің құдіреті сонда ғана сезілер еді. Ал мұндай шеберлік тек тіл мәдениеті жоғары адамдардың ғана қолынан келер жайт» - деп тұжырымдайды М.Балақаев.[2, 27б.]
«ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫ АРҚЫЛЫ КӨРКЕМ ОЙЛАУ»
ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС
2.1 Оқушылардың тіл нормалары деңгейіне сипаттама.
Зерделеудің келесі кезеңінде қазіргі мектеп оқушыларының арасында тіл нормасы қандай деңгейде екенін анықтау мақсатында төмендегідей сауалнама жүрілді.
Қатысушылар саны: 76
Оқу тілі: орыс тілі-15; қазақ тілі-61
Ана тілің: қазақ
|
1. Аты-жөні:
2. Сыныбы:
3. Оқу орны:
|
№
|
Сұрақтары
|
Иә
|
Жоқ
|
1
|
Сабақта толық қазақша сөйлейсің бе?
|
61
|
15
|
2
|
Үзілісте достарыңмен таза қазақша сөйлесесің бе?
|
14
|
62
|
3
|
Отбасыңда таза қазақша сөйлесесің бе?
|
33
|
43
|
4
|
Кештік дискотекаларда қазақ тілінде сөйлесесің бе?
|
7
|
69
|
5
|
Әдеби кітап, көркем әдебиет оқисың ба?
|
13
|
63
|
6
|
Ұялы телефондардың бағдарламасы қазақ тілінде ме?
|
5
|
71
|
7
|
Сөйлегенде жаргондар қолданасың ба?
|
76
|
-
|
8
|
Қазір оқушылар арасында қазақ тілі деңгейі ауызекі сөйлеу тілінде жоғары ма?
|
|
76
|
Бұдан оқушылар арасында тіл тазалығы деңгейінің төмендеу құбылысы жоғары екенін байқауға болады.
Жазушы Ә. Әбішев жастардың тіл мәдениеті туралы былай дейді: «Жастар ізденбейді, ағаларын оқымайды, олар қазақ әдебиетін оқымайды... Жастар сөйлемді әдейі бұзып жазады, олар ерекшеліктің белгісі түсініксіз жазу деп ойлайды... Тіл мәдениетінің төмен болуына ғылыми-техникалық прогрестің де әсері бар"[8,5 б.]
И. Нұғыманов: «Оқушылардың тілінде болатын кемшіліктердің себептері:
1. Ортаның әсері; а) оқушының сөйлеуіне жергілікті тіл немесе басқа тіл әсер етеді, ә) көшенің әсері (дөрекі, былапыт тіл),
2. Сөйлеу дағдыларының жоқтығы (мектептің тіл дамытуға немқұрайлы қарауы);
3. Жекелеген оқушы тіліндегі кемшілік (сақаулық, быдықтық, мыңғылдық, т.б.)» - деп көрсетеді.
Оқушылардың тілінде болатын кемшіліктердің себептерін тереңдеп талдау үшін төмендегі сұрақтар негізінде №2 сауалнаманы жүргізу керек./қосымша-1/
|
Сұрақ
|
Жауаптар көрсеткіші
|
1
|
Қандай әдеби кітап оқисың?
|
Толық шығарма-25
|
Үзінді-52
|
2
|
Сол көркем шығармадан ұнаған кейіпкер бар ма?
|
Иә- 77
|
|
3
|
Қандай балаларға арналған басылымдарды оқисың?(газет, журнал)
|
Ақжелкен-8
Балдырған-9
Айгөлек-10
|
Жоқ-50
|
4
|
Қазақстандық қазақ тіліндегі сериалдарды көресің бе?
|
Жоқ 77
|
|
5
|
Қай елдің телесериалдарын көресің?
|
Түрік, корей, орыс, шетел сериалдары
|
|
6
|
Күнделікті сөйлеу тілінде мақал-мәтелдерді қолданасың?
|
Иә-23
|
Жоқ-54
|
7
|
Ең көп қолданатын мақал-мәтеліңді жаз.
|
Жазған-29
|
Жазбаған-48
|
8
|
Кімге еліктейсің? Неге?
|
Қазақ жұлдыздарына-58
|
әртүрлі-19
|
9
|
Қандай киноларды жақсы көресің?
|
Шетел кинолары-60
|
Қазақ кинолары-17
|
10
|
Сөйлегенде орыс тілінен сөздер қосасың ба?
|
Иә-77
|
0
|
11
|
Жаргондарды қайдан үйренесің?
|
достарымнан
|
студенттерден
|
12
|
Ғаламторда қазақ тіліндегі сайттарды көп қолданасың ба?
|
Жоқ
|
|
13
|
Агентте қай тілде сөйлесесің?
|
Шұбар тілде-70
|
Таза қазақша-7
|
14
|
Жаргондармен сөйлеуге қалай қарайсың?
|
Құптаймын-25
Сәнді-20 Қызық үшін-22
|
Құптамаймын-10
|
15
|
Мәдени орындарға көп барасың ба?
|
Жауап толық емес
|
|
16
|
Өтілген ісшаралар туралы достарыңмен пікір алысу деңгейі қандай?
|
орташа
|
|
17
|
Шұбар тілмен сөйлегеніңе ата-анаң қалай қарайды?
|
Ұнамайды-23
|
Бәрібір-31
Қарсы емес-23
|
Нәтижесі: жаргондармен сөйлеуге қарсылар саны-10,
Жаргондармен сөйлеуді құптаушылар саны:67
Оқушылардың жауаптарын салыстыру мақсатында ғаламторды шарлауға тура келді. Әр түрлі мысалдар қарастырып, тіл тазалығы тақырыбындағы мақалалармен таныстым. Ғаламтордағы пікірлесу бөлімдеріндегі жастардың әңгімелері тұнып тұрған грамматикалық қате, оңды-солды қолданылған мағынасыз сөздер. Ең сорақысы осыған ешкім ескерту жасамайтыны қынжылтады. Сөз бостандығы дегенде жеткен жеріміз осы болды.
Көптеген зерттеуші, ғалымдардың еңбектерін, мерзімді баспасөз ақпараттарын талдай келе, оқушылардың тіл мәдениеті деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген сауалнама, әңгімелесу, байқауларды негізге ала отырып, оқушы жастардың тіл мәдениетінің төмен болуының себептері деп, төмендегідей саралауға болады:
1. Көркем әдебиет оқуға деген оқушылардың қызығушылығының төмендігі. Тіл мәдениетіне жастарды тәрбиелеу көркем әдеби шығармаларын көптеп оқумен байланысты. Көркем әдебиетті аз оқитын адамның сөздік қоры аз болады, соған орай олардың сөйлеу мәдениеттілігі мен өз ойын логикалық баяндауы да төмен екендігі байқалады;
2. Мәдени орталықтарға бару, ол туралы пікірлесудің өте сирек кездесетіндігі;
3. Ата-аналардың балаларының тіл мәдениетіне жете мән бермеушілігі;
4.Тілдік ортаның әсері;
5. Отбасы тәрбиесінде ұлттық педагогиканың, халық ауыз әдебиеті үлгілерінің тар шеңберде қолданылуы;
6. Қазір компьютер, ұялы телефон сынды байланыс құралдарындағы үнсіз байланыс, қысқа жауап баланың кең ойлап сөйлеуін тежейді.
Оқушылар ортасында ауызекі сөйлеу тілі мәдениетінің төмендеу себептерінің қысқаша кестесі /қосымша-1/
|
Негізгі әсерлер
|
Түрлері
|
Сөз қолданыс аясы
|
Мысал
|
1.Орта әсері
|
а) оқушының сөйлеуіне жергілікті тіл немесе басқа тіл әсер етуі яғни еліктеу
|
Ауызекі сөз қолданысы
|
-Маги (Мағира) трубаңды берші, маяк тастайын.
-Труба дегенше мобила демейсің бе?
|
|
ә) көшенің әсері (дөрекі, былапыт тіл),
|
Көшедегі диалог
|
-Ренжухаңды лақтырмашы!
(сен маған ренжімеші)
|
|
б) ғаламтор немесе ғылыми-техникалық прогрестің әсері
|
Ғаламтордағы сұхбат
|
-Туиттерде бір ссылка (қазақша, плиз?) көзіме түсті. Ол кісімен өзім де бір әңгіме жазамба деп ойлайтынбың.
-Сорри, қазақтар, мақала үлкен, буковмного.
|
|
Баспасөз немесе телеарналар әсері
|
КТК телеарнасынан «Қызық радиосы» деген бағдарламаның жүргеніне біраз болды.
|
«Курметты балдар мен кыздар жане олардың атаналары! Быздын изучение казахского языка методом «Шала қазақтар» в конец кетып баратыр. Казак тілін окыныздар. Ойткені бүгин онсыз нереально. Сыздермен болған Даут
|
2.Сөйлеу дағдыларының жоқтығы
|
тіл дамытуға немқұрайлы қарауы
немес отбасы әсері
|
Отбасындағы әңгіме
|
Әкесі: - Бүгін қандай баға алдың?
Баласы: -Мен бүгін алдым бестік. Сіз маған не бересіз?...
|
3.Жекелеген оқушы тіліндегі кемшілік
|
сақаулық, быдықтық, мыңғылдық, т.б.
|
---
|
---
|
Осы әсерлердің дағдыға айналуына психологиялық тұрғыдан төмендегідей мінездеме беруге болады.
Психологиялық тұрғыдан сараптама. /қосымша-1/
Әсерлер
|
Психологиялық әсеріне мінездеме
|
Қандай өзгерістер болады?
|
1.Орта әсері
|
Бала басқалардың сөйлеуіне еліктейді, осылай сөйлеуді сән көреді, өзі де қолданып көреді, ешкім ескерту жасамағадықтан солай сөйлей береді. Айтқанды қазақша түсінсе де, орысша жауап беруге тырысады. Ойын кең түсіндіріп, таза қазақша жеткізе алмайды.
|
Өз ортасының лексикасын құрады, ортақ түсіністік пайда болады. Өзара тез тіл табысады. Жаңа сөздер құрастырып, қолданысқа енгізе береді.
|
2.Сөйлеу дағдыларының жоқтығы
|
Бала қазақ тілінде сөйлемейтін отбасында, достар арасында болады, яғни үйренгенін дамыта алмайды, бірнеше рет өзі талап қойып көреді, кейін өзі де өзгерусіз қала береді. Қазақ тілінің қажеттілігін толық сезінбейді.
|
Оқушының сөздік қоры азаяды, қазақ тілінде ойын еркін жеткізе алмайды, қазақша еркін ойлай алмайды.
|
3.Жекелеген оқушы тіліндегі кемшілік
|
Оқушы басқалармен қатынасқанда дұрыс айта алмауынан қысылады, мазақтайды деп қорғалайды. Ойын жеткізе алмайды.
|
Оқушы тілі толық дамымайды, өзінің тілін, сөйлеу мәнерін жаттықтыра, шынықтыра алмайды.
|
2.2. Топпен жұмыс ұйымдастыру - тіл тазалығы кепілі.
Қазіргі кездегі басты талап – сөйлеу тілінің дұрыстығын сақтау, тілдің тарихи қалыптасқан жүйесін сақтау. Сондықтан, қазақта «Сын түзелмей, мін түзелмейді»-деген сөз бар. Біздің тілімізге, тіл тазалығын сақтамаушыларға талап керек, сын керек.
Ең алдымен біз жіберілген қателерді түзетуіміз керек. Мұғалімдер бізбен әр жіберген қателерімізбен жеке жұмыс жүргізеді. Дәл қазір бізге «қатемен жұмыс» керек. Оны жөндемей алға қадам баса алмаймыз, артқа айнала береміз, айнала береміз.Осы бағытта жұмыстар жасау үшін оқушылар ортасынан «Тіл жанашырлары» тобын құру(құрамы10 оқушы). «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»-дегендей «Тіл жанашырлары» тобы №1, №2 сауалнама барысында жағымды жауап берген оқушылардан таңдалады. Тіл жанашырларымен бірлесе отырып тіл тазалығын сақтау мақсатында әр-түрлі іс-шаралар өткізуге болады. Біздің тәжірибелік жұмысымыз мектебіміздегі 5-11 сынып оқушылары арасында жүргізілгендіктен, тіл жанашырлары да осы сынып оқушыларынан таңдалды. Тіл жанашырларының атқарған жұмыстарын сызба түрінде былай топтастыруға болады. /қосмыша-1/
Тіл жанашырлары арқылы атқарылатын жұмыстар оқушыларға міндеттеліп жүктелмейді, әркім өз қалауымен, қызығушылығымен еркін қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |