Кіріспе қазақстанның болашағы қазақ тілінде


Танымдық бағыттағы жұмыстар



бет2/2
Дата08.07.2018
өлшемі216 Kb.
#48325
1   2

Танымдық бағыттағы жұмыстар. Танымдық әрекет – шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл – ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады.

Осы бағытта «Әр адамда болу керек құдіретті төрт ана» атты қабырға газетін шығардық. Газетте М.Шахановтың өлеңінде айтылған құдіретті төрт ана ұғымын сөзжұмбақтар, шахмат жүрісімен өлең құрастыру, мақалды дұрыс жалғау арқылы тани түседі және Қорқыт ата бейнесі- Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,


Нүрлы жұлдыз - бабам тілі, сен қалдың!- деп Мағжан ақын айтқандай ана тілімізді паш етеді. /қосымша-2/

Тіл жанашырлары оқушылар арасына өзі қалаған тақырыбына буклеттер шығаруға конкурс жариялайды. Конкурсқа 10 оқушы жұмысы ұсынылды. Ең үздік буклет 9 «А» сынып оқушысы Сұраған Амангүлдің «Жай сөйлемдер» тақырыбына арналған айтыс /қосымша-3/ деп танылды. Осы буклет оқушылар арасында таратылды. Буклет әдеби көркем сөз өнерінің тапқырлығын паш етер айтыс ретінде жазылғандықтан, оқушылар жүрегінен жол таба білді.



Жинақ сандықшасы Жинақ сандықшасы

Екі сандықша ілінді.

Бірінші сандықшаға 48 оқушы ғаламтордан, көшедегі жіберілген қателіктер, телеарна, диалогтар, баспасөз беттерінен түрлі мысалдар жинақтады. Нәтижесінде мағынасыз сөздерден аулақ болу үшін «Мағынасыз сөздік» атты шағын жинақ журнал шығарылды. /қосымша-4/

Екінші сандықшаға жүректерінен шыққан ең көркем ойларын қағаз бетіне түсіріп құттықтау ретінде /72 оқушы/ сандықшаға жинады. Нәтижесінде ең үздік деп танылған құттықтауларға ғаламтордағы мектеп сайтына жариялау мәртебесі бұйырды. Орыс тілінде оқитын сыныптар ерекше белсенділік танытты.
Жарнамалық жұмыстар.

Видеоролик /қосымша-5/

Видеоролик түсіру мақсатымыз балаларға өздерінің сөйлеу үлгілерінен мысал келтіре отырып одан бас тартуға ой салу. Екінші бөлімде сол келтірілген мысалды сөз тазалығын сақтай отырып жеткіздік. Бұл видеороликте тіл туралы ұлағатты ойлар мен пікірлер берілген. Оқушыларға әр көрініс өзіндік дұрыс таңдау жасауға жетелейді.

Осы видеороликті көрген оқушылардан қуантарлық пікірлер түсіп жатты. 9-сынып оқушылары Абулгазина Раушан, Зиядляева Мағира, Шаймерденова Айсұлу, Шаймерденова Әселдердің пікірінше осындай видеороликтер жастарға жақсы ой салатынын айтады және өздері тілдегі жаргондармен сөйлеудің әдет болып бара жатқаны тіл мәдениетінде ешқандай сән емес, ерекше жағымсыз көрінетінін айтады. Кейбір оқушылар кез-келген пайдасыз видеоларды ұялы телефонға жүктегенше, осындай пайдалы материалдар керек екенін айтты. Ал 9 сынып оқушысы Толағайұлы Қуаныш осы бейнебаян өзіне ой салғанын айта келіп, ұялы телефондағы қоңырау әуендерінің мәтіндерінің сапасыз екеніне қынжылады.



Сахналық қойылым. /қосымша-6/

Мың рет естігеннен-бір рет көрген абзал. Тіл жанашырлары «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жырынан 9 актілі сахналық көріністі көрермен назарына ұсынды. Халық ауыз әдебиетінің көркем туындысы балаларға қазақтың салт-санасы, әдет-ғұрпынан тәрбие береді, мәнерлеп сөйлеу, сөз жүйесі, шешен тіл, тапқыр ой тек тіл байлығы арқылы іске асатынын ұғындырады. Сахналық қойылымға қатысушылар-10, көрермендер-83.



«Сөз шебері» байқауы. /қосымша-7/

Байқауда 5-11сыныптар арасынан еш дайындықсыз, өз еркімен кез-келген қатысушы таңдаған тақырыбы бойынша көркем әдеби тілде 3 минут бойы ой толғайды. Сөйлеу шеберлігін таныту үшін мақал-мәтел, өлеңнен үзіндіні мысал ретінде қосып сөйлеуіне болады.

Байқау оқушыларға сөз саптаудағы өзіне деген сенімділігін, талабын ояту мақсатында өтті.

Пікір-сайысқа мектеп директоры Жунусова Д, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жаканова А.А, әділқазылар мүшесі болып қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Омирзах Д., Жаканова А.А, іс-шараға барлығы 40 адам қатысты.

Сайыстың шарттары:

Қатысушы төмендегі тақырыптардың бірін таңдап алып, көркем әдеби тілде тақырып бойынша 3 минут бойы ой толғайды. Сөйлеу шеберлігін таныту үшін мақал-мәтел, өлеңнен үзінді, өзі жазған шығармаларынан үзіндіні мысал ретінде қосып сөйлеуіне болады. Қатысушы егер тақырыптан ауытқыса, сөзіне мағынасыз сөздер, жаргондар немесе басқа тілден енген сөздер қосса, сайыс тоқтатылады. Сайысқа кез-келген оқушы қатыса алады

Сайыс қызықты өтті. Сайыс барысында оқушылар таңдаған тақырыптары бойынша өздері жазған ой толғау, өлең, шығармаларын қолдана отырып ой толғап, мемлекеттік тілге деген құрметтерін білдірді. Сайыс соңында әділқазылар шешімімен I-орынға 11-сынып оқушысы Толағай Айнұр, II-орынға Азат Анаргүл, III- орынға Сұраған Нартай иеленді. Сайыс соңында тіл маманы Жаканова А.А өзінің сөзінде ана тілінде сөйлеу өз халқының салт -дәстүріне, туған өлкесіне, отанына деген құрмет екендігін айтып өтті.

«Тіл тағдыры – ел тағдыры!» Кез-келген атқарылған істің нәтижесі болары сөзсіз. Ұлы Абай: «Ғылым-білімді әуелі бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпен яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша. Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады»-деген екен. Яғни жоғарыдағы жүргізілген жұмыстар балалардың таза сөйлеуге  ынтасын арттырады, өз тілін  менсінбейтін  қазақ  жастарына ой салады,  өзге ұлт  өкілдерінің  де ынтасын оятады. Жоба басында оқушылардың тіл деңгейлерін білу мақсатында сауалнама жүргізілсе, жоба аяғында пікірлерін ашық білдіру мақсатында пікірталас өткізген ыңғайлы болады. Әркім өз ойын еркін жеткізеді, таза, көркем сөйлеуге тырысады және ой дәлдігін шебер тілмен бейнелейді.

«Тілін құрметтегенді, елі де құрметтер» /қосымша-8/ атты ток-шоу.
Осы іс-шараға барлығы 83 оқушы қатысты. Әр адамның жүрегі тіл дегенде тебіренетіні анық. Кез келген ата-ана мен баланың, қала берді қоғамның тілге қатысты көкейінде мазалайтын сұрақтар ток-шоу барысында талқыланды.
Тіл тазалығын сақтау қажет пе? Тіл тазалығын сақтаудың-ой тазалығына әсері бар ма? Тіліміздің болашағы қандай? Ол болашақта  дағдарысқа ұшырайды ма? Өміріміздегі ең асыл нәрсе –тілді түзеу үшін нендей жағдайлар жасау керек? Осындай сұрақтар қай-қай адамның көкейінен, өмірден жауап іздейтіндіктен ток-шоу барысында оқушылардың ортасына салдық. Ток-шоу барысында жоғарыдағы сұрақтар бойынша талқылаған оқушылардың ұтымды ойларын ұсынамыз.

-Тіл тазалығын сақтау қажет пе?


11-сынып оқушысы Захан Жансая: -Тіл тазалығын сақтау керек. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»,-деп ұлы ақын Қадір-Әлі жырлағандай, өзге тілді білу қажет, ал өз тілімізді одан да артық білген жөн. Баланы бала бақша табалдырығынан  бастап ана тілін құрметтеуге шақырып, насихаттау керек. Әрине, мектебімізде жүргізілген бір жобаның өзі қаншама істі атқарды. Бұл елемізде тіл мәртебесін көтеруге арналған қаншама игі бастамаларға қосылған бір үлес. Бұл үлесті жағдай тілді дамыту үшін істеліп жатқан игі істер. Нәтижесі оң болары сөзсіз.

-Тіл тазалығын сақтаудың-ой тазалығына әсері бар ма?

11-сынып оқушысы Толағайқызы Айнұр: -Жастар көркем сөйлей алмаса,ойын қайдан көркем жеткізе алсын. Мәдениетті ортада қойыртпақ тілмен сөз бастаса, естімек түгілі түгелдей безіп кетер еді. Күнделікті ауызекі сөйлескенде әркім өзін дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу керек. «Өзіңді өзің сыйласаң, жат жанынан түңілер»-деген мақал бар.

10-сынып оқушысы Омирзах Арғынбек: -Кей кезде көше бойында кетіп бара жатқан екі қазекеңнің туған тілімізде  емес, өзге тілде сөйлесуі қынжылтады. Оны көріп тұрған біздер ескерту жасаудың орнына, үндемей  қаламыз. Ең алдымен балаларымызды ана тілімізге дәріптесе, онда осындай дәрменсіз жағдайға келмес едік. Біз тіліміз арқылы дінімізді, мәдениетімізді дәріптейміз, өнеге тұтамыз. Халықта «мәңгүрттік» деген бар. Өзінің тілін, мәдениетін, дінін мүлдем өз өмірінен сызып тастағандарды «мәңгүрт» деп қорқынышты атаумен атаған. Ал осы  «мәңгүрттік» деген жан түршігерлік сөзден аулақ болу үшін, жастайынан тілге деген құрметті оятуына қолдан келер жағдай жасалу қажет. Ел болашағы -  балаларымыз.

-Тіліміздің болашағы қандай? Ол болашақта  дағдарысқа ұшырайды ма?

11-сынып оқушысы Алтаев Қанат:- Біз сияқты жастары бар тіліміздің болашағы жарқын болады деп үлкен сеніммен айта аламыз.Тілсіз өмірді елестету қиын. Сондықтан, болашағымызды бұлыңғыр қылуға жол бермей, тіл дағдарысына төтеп беріп, тілімізді қастерлеу біздің қолымызда. Тіл - барша адамзаттың ең басты қазынасы. Ол жоғалса, халық та, ел де жоғалмақ. Сондықтан өзіміз байқағандай, тілімізге  өзге тілдің араласуы – ана тілімізге жасалатын үлкен кесел. Оны ескерген жөн. Сол себепті де «Тар жол тайғақ кешу жылдары» жалаң аяқ жар басып, біреудің босағасына қашып, қиындықпен алған ата  - бабамыздың қайтпас қазынасын құрметтейік. Тіл үшін үлкен тірек болар - сол тілде сөйлейтін адамдар, яғни біздер. Ал, тілін құрметтегенді, сөз жоқ елі де құрметтер. Тіліміз де дағдарысқа ұшырамайды.

-Өміріміздегі ең асыл нәрсе –тілді түзеу үшін нендей жағдайлар жасау керек?

9-сынып оқушысы Абишева М:- Ғаламтордағы тіл мәдениеті төмен мәліметтер қосылған сайттар ғаламтордан алынатыны жайлы ескертілетін ғаламторға жүгіртпе жолдар қосу керек.

5-сынып оқушысы Аманжол Нұрсұлтан:- осы ғылыми жоба барысында өзіміздің сыныптастарымыз арасында мектепі шілік газеттер шығарып, қызықты буклеттер үлестіріліп, сахналық қойылымдар қойылып т.б. қазақтың бай тілінің құдіретін түсіндіре түсетін шаралар көп ұйымдамстырылды. Игі іс бізден басқа мектептерде де жалғасын тапса тіл тазалығын сақтау деген күрделі мәселе болмас еді. Тәуелсіздік бізге еркін ой бостандығын берді. Ендеше неге оны пайдаланбасқа?

Омирзах Арғынбек: Ғаламтор арқылы байланыс құралдарына, ұялы телефондарға автоматты түрде тегін қызмет жасайтын «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» ықшамдалып енгізген дұрыс. «Қазақ тілінің толық түсіндірме сөздігінің» Онлайн энциклопедиясын құрастырып ғаламтор арқылы кез-келген адамға тегін ұсынылса.

«Тіл-халық жанын танудың кілті»-екенін ұмытпайық-деген пікірлер отырған жұртшылықпен бөлісілді. Жоба барысында қазақша сауатты, мәдениетті, таза,көркем сөйлейік деп толық қол көтеріп, құптағандарын білдірді.

Ұлттық тіл - әр халықтың өзіне тән ой – санасын парасатты бүкіл болмыс – тіршілігі мен сезім – түйсігін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін күретамыр. Қазіргі уақытта қазақ тілі – Қазақстанның мемлекеттік тілі. Біріншіден қазақ халқының салт-дәстүрі мен тұрмысын әдет-ғұрпын, мәдениетін, тарихын білуге жол ашты, екіншіден көпұлтты халықтың қарым – қатынасындағы өндірістік әрі тұрмыстық қажеттілікті іске асыруға, халықтардың достық қарым-қатынасын күшейтудің құралына айналды.

Ток-шоу соңында К.Оразалиннің «Алғыстар, ақ тілектер» /қосымша-10/ атпен топтаған жылы сөздерін көрермендерге үнқағаз ретінде үлестірдік.



Қорытынды.

Қорыта келе, осы ғылыми жобада басты нысана етіп, тілдің дұрыс, әсем қолданысын үйретуді алып, оны жүзеге асыру үшін оқушының сөйлеу, жазба тілдерін жетілдіріп, тіл мәдениетін көтеру[1,145 б.] мақсатында мынадай жаңалықтар ашылды:



1.Оқушылар тіл деңгейлері мен тіл тазалығының төмендеу себептері анықталды.

2. Әрбір іс-шара оқушыға өз еркімен қызығушылығын оятып, ойын қазақ әдеби тілінде жеткізуге мүмкіндік берді.

3. Мағынасыз сөздердің қолданылуы азайды.

4. «Тіл жанашырлары» тобы оқушыларға үлгі, ұйтқы болып, ауызекі сөйлеу мәдениетінің жоғарлауына әсерін тигізді.

Оқушыларды тіл (сөйлеу) мәдениетіне тәрбиелеуде қойылатын мақсат – ана  тілінің мәні, тарихы мен бүгіні, көркем сөйлеу өнерінің алуан түрлі сипаттары туралы мағлұматтар бере отырып, оқушылардың сөз мәдениетін жетілдіру, тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуге үйрету, интеллектуалдық қабілеттерін арттыру.


Осы мақсатқа сай туындаған негізгі міндеттердің нәтижесінде тіл тазалығы арқылы көркем ойлауға орай төмендегі әрекеттер жүзеге асты :
-сөйлеу мәдениеті негіздерін меңгеру;

-сөз қолданудың ұлттық дәстүрлерін жаңғырта отырып, ұлттық көркем сөз әдебінің нормаларын меңгеру;


- шешен сөйлеуге төсемді тілдік дағдыларын қалыптастыру;

-тілді шұбарлап сөйлеуші жастарға ой салып, таза сөйлеуге ынталарын ояту, «Бөтен сөзбен былғаса сөз арасын, ол-ақынның білімсіз бейшарасы»-деп Абайша ескерту.

Яғни әркім өз бетімен ізденгенде, қызығушылығын оянса, топпен бірлесіп нәтижелі істерді қолға алса, тіл мәселесі шешуін таппас жұмбаққа айналмайды. Тіл тазалығына қатысты өз жіберген қатесін өзі іздеп табу, өзін шешендік тұғырында сынап көру, өздері сомдаған бейнелерден үлгі алу немесе жирену, ашық пікірін жасқанбай ортаға салу барысында оқушылар баға үшін емес, ана тілінің мәртебесі үшін бақ сынаулары рухани жан дүниелерінің серпілуіне, оянуына зор ықпалын тигені рас. Осы арада бүкіл түркі әлемінің асыл перзенттерінің бірі Мұстафа Шоқайдың: «Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігі болуы мүмкін бе? Тарих ондайды көрген жоқ та, білмейді де. Ұлт азаттығы – ұлттық рухтың нәтижесі. Ал ұлттық рухтың өзі ұлт азаттығы мен тәуелсіздігі аясында  өсіп дамиды, жеміс береді» дегенін де еске сала кетсек, артық болмас. 

Жобаның діттегені де осы еді.

Айтқанымыз дәлелді болу үшін зерттеу басындағы сауалнама қорытындысы мен зерттеу соңындағы ауызекі әңгімелер мен еркін пікірлер, дауыс берулер нәтижесін салыстыра отырып диаграммамен ұсынамыз.






    Сонымен мемлекеттік тілдің тағдыры ұлттық оң болмыстың оянуын қажет етіп отыр. Шынтуайтына келгенде, мәселеге тереңірек үңілсек, істің тетігі, яғни қазақ тілінің тағдыры қазақтың өзінің қолында. Өркениетті елдерде тіл тағдыры көбіне-көп бұқараның белсенділігімен, биліктегі қазақ азаматтарының ұлтжандылық қасиеттерінің биіктігімен шешіледі. Біздің ең басты жолымыз да осы болуға тиісті.

Жарқын болашақтағы қазақ тілінің мәртебесін баяндайтын «Бауырсақ» ертегісіне салынған суреттер тізбегінен көрме ұсынылды. Бауырсақ-ана тіліміз ал, тілімізге көлеңкесін түсірген талай жылдарды жылан, аю, түлкі, қасқыр бейнесінде көрсетіп диалогтар құрастырдым.

Ешқайсысы бауырсақты жей алмайды, жарқын болашақтағы барысқа кезіккенде мәртебесі биіктеп өз тұғырына көтеріледі.Бұл өнер туындысы ана тіліміздің ертеңі жөнінде туған менің қиялым. Қазақ тілін ту етіп тігіп, «көзіміздің қарашығындай сақтап» кейінгі ұрпаққа тапсыруға тырысайық! 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.    Балақаев М. Қазақ тілінің мәдениетінің мәселелері / М.Балақаев.-
Алматы:Қазақстан,1965.-186 б.
2.    Сыздық Р. Тіл мәдениеті және оның проблемалары / Р. Сыздық
// Тілдік норма және оның қалыптануы.-Астана: Елорда,2001.- 230 б.
3.    Қазақстан Совет энциклопедиясы.- Алматы: ҚазССР Ғылым
Академиясы,1977.-631 б. Т.11.
4.    Мейірманқұлова Т. Отбасы және тәрбие / Т. Мейірманқұлова //Ұлт
тағлымы.-2001.-№7.-Б.3-6
5.   Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасы». (1998 жыл 5 - қазан).
6.   Тілдерді   қолдану   мен   дамытудың   2001-2010   жылдарға   арналған мемлекеттік бағдарламасы.
7.  Уәлиев Н. Сөз мәдениеті / Н. Уәлиев.-Алматы,1984

http://www.kitaphana.kz/ru/downloads/referatu-na-kazakskom/23

tili/2907--til-madenieti.



http://audaru.soylem.kz/

http://russian-kazakh.translate.ua/

http://translate.sanasoft.kz/

http// anatili.kz/



http://sagym.wordpress.com

http://www.altynsarin.ru/news/l

www.aktobegazeti.kz





Каталог: 887344EE9999D2F9 -> 6dd8c063cae0f9b40261c56fbef3d0d8
887344EE9999D2F9 -> «математикалық сандық» ойыны
887344EE9999D2F9 -> Астрахан №1 орта мектебінің мектеп жанындағы жазғы «Күншуақ» лагерінің II кезеңінің жұмыс жоспары 2014-2015 оқу жылы
887344EE9999D2F9 -> Сабақтың түрі: Сабақтың өту барысы: Аралас сабақ Оқушыларды ұйымдастыру
887344EE9999D2F9 -> Ата аналарға арналған сауалнама
887344EE9999D2F9 -> Орта мерзімді сабақ жоспары
887344EE9999D2F9 -> Педагогтың шығармашылық Өсу картасы
887344EE9999D2F9 -> 7 модуль бойынша білім беруді көздейді
887344EE9999D2F9 -> Сабақ тақырыбы Сағат Зертханалық сарамандық жұмыстар Кіріспе


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет