1. Пәннің оқыту бағдарламасы – SYLLABUS
Семестр 15 оқу аптасынан және 3 сессия аптасынан тұрады.
Пәннің көлемі 2 кредитті құрайды:
Курс
|
Семестр
|
Кредит саны
|
Дәрісханалық сабақтар
|
Дәрісханадан тыс сабақтар
|
Барлық сағат
|
Бақылау түрі
|
Дәріс
|
Практикалық/
семинар сабақтары
|
Зертханалық сабақтар
|
СОӨЖ
|
СӨЖ
|
1
|
2
|
2
|
15
|
15
|
-
|
15
|
45
|
90
|
Аралас емтихан
|
Аралық бақылау - семестрдің 8 және 15 аптасы
Балалар әдебиеті – сөз өнерінің жеке бір өзекті саласы. Балаларға арналып жазылатын шығармалардың жасөспірімдердің ой - өрісін, сана – сезімін дамыта отырып, оларға заман талабына сай тәлім – тәрбие беруге бағытталатындығы – осы пәннің айырықша ерекшелігі. Балалар әдебиетінің қалыптасу, өсіп - өркендеу жолы бұрынғы – соңғы зерттеулердің аясында, халық өмірі мен дамуына байланысты қарастырылады.
Әдебиет пәнін оқыту, соның негізінде балаларға жан – жақты тәрбие беру – болашақ мұғалімдердің алдына балаларға арналған фольклор түрлерін, жазба әдебиет үлгілерін терең меңгеріп, іс жүзінде пайдалана білу мақсатын қояды.
Балаларға арналған ірі туындылардың идеялық – эстетикалық қырларын халықтың педагогикалық көзқарастарымен, өмір тәжірбиесімен, қоғам талабымен жазба әдебиетке тигізген әсері, дәстүрлік мәселесі, зерттелу жайы жөнінде оқып білгендерін тұжырымдап, семинар сабақтарында жеткізіп отырулары көзделген.
Балалар әдебиеті жөніндегі соңғы зерттеу еңбектерімен таныстыру, балалар әдебиетінің аударулы мәселесі, басқа халықтар әдебиетімен байланысы жөнінде мағлұмат беруде басты бағыттың бірі.
Балалар әдебиетіпәнінің мазмұнын “Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығының студенттеріне меңгертуде, олардың педагогика, психология, әдебиеттануға кіріспе, халық ауыз әдебиеті, тіл пәндерінен аолған білімдеріне сүйене отырып, солардың өзара байланысын ашып көрсетудің қажеттілігі бар.
Әр кезеңдегі балалар әдебиеті өкілдерінің қаламынан шыққан туындыларын тақырыптық – мазмұндық, көркемдік – эстетикалық тұрғысынан қарастыруда, олардың халқымыздың рухани мұраларымен әлем әдебиетінің озық үлгілерімен дәстүрлік, үндестік жақтарын ашып жеткізуге баса назар аударған жөн.
Курс мақсаты:
Балаларға арналған ірі туындылардың идеялық – эстетикалық қырларын халықтың педагогикалық көзқарастарымен, өмір тәжірбиесімен, қоғам талабымен жазба әдебиетке тигізген әсері, дәстүрлік мәселесі, зерттелу жайы жөнінде оқып білгендерін тұжырымдап, семинар сабақтарында жеткізіп отырулары көзделген.
Курс міндеті:
Жоғарыда атап көрсетілген мәселелерді шешуде мына міндеттерді айқындау көзделеді:
Балалар әдебиеті жөніндегі соңғы зерттеу еңбектерімен таныстыру
балалар әдебиетінің аударулы мәселесі
басқа халықтар әдебиетімен байланысы жөнінде мағлұмат беру
балалар арналған шығармаларды оқыту, тал дату
Курс соңында студент әр кезеңдегі балалар әдебиеті өкілдерінің қаламынан шыққан туындыларын тақырыптық – мазмұндық, көркемдік – эстетикалық тұрғысынан жан-жақты талдай білуі қажет. Халқымыздың балаларға арналған рухани мұраларымен әлем балалар әдебиетінің озық үлгілерімен дәстүрлік, үндестік жақтарын айыра білуі тиіс.
Оқыту әдістемесі:
Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған дәрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізіліп , білім - білік , таным дағдылары , түсініктері бекітіліп отырады. Студенттердің білімін бақылау, бағалау өзін-өзі бағалау критерилері негізінде жүзеге асады.Сабақ барысында оқу-жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау жобасының стратегиялары кеңінен қолданылып , баяндау, сұрақ-жауап, талқылау т.б әдістері арқылы жүргізіледі.
Студенттерге қойылатын талаптар: Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)
1. Сабаққа қатысу
Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.
2. Аудиториядағы тәртіп
Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.
3. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.
4. Жеке тапсырмалар
Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.
5. Бақылау жұмысы.
Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.
6. Пікірлесу. Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.
5. Курстың мазмұны
Бірінші апта
№1 дәрістің тақырыбы: Балалар әдебиеті пәні туралы.
Терминдер мен анықтамалар: Халқымыздың балаларға арналған рухани мұралары
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
Балалар әдебиеті пәні туралы түсінік.Оның мақсат-міндеттері.
Балалар әдебиеті жайында әңгіме қозғағанда, біздің есімізге ХХ ғасырдағы орыс әдебиеті дәстүрі түседі. Қазан төңкерісі жеңіске жеткен алғашқы күндерден бастап-ақ М.Горький балалар әдебиетін дамыту жөнінде пікір айтып, практикалық шараларды жүзеге асыра бастаған. Санкт-Петербургте балалар журналын ұйымдастырған, балаларға арналған сериялық кітапхана жасау керектігін айтып, бағдар сілтеген.
Ойлап қарасақ, ұлы жазушының осы іс-әрекетінде көрегендік жатады екен. Өйткені, балалар әдебиеті – жалпы әдебиеттің дамуы үшін баспалдақ болады. ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін қазақта балалар әдебиеті деген ұғым бола қойған жоқ. Оған қарап, қазақта балаларға арналған рухани қазына жасалмаған екен деп ойлауға болмайды. Қазақтың бай ауыз әдебиеті, халық әдебиеті, жыраулар поэзиясы – тұнып тұрған балалар әдебиеті. Қазақ балалар әдебиетінің түп атасы – Ыбырай Алтынсарин.
Негізі ХІХ ғасырда қаланған балалар әдебиеті ХХ ғасырда С.Дөнентаев, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, Т.Жомартбаев шығармалары арқылы дамып, өрістеді. Жиырмасыншы жылдардың аяғында І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Ө.Тұрманжанов секілді қаламгерлердің тікелей балалар әдебиетімен шұғылдануы, өздерімен бірге қаламдастарын тартып, көптеген мәселелерді ортаға салып, ойласып шешуі - әдебиеттің бұл саласына ерте назар салына бастағанын аңғартады. М.Әуезовтің “Көксерек” философиялық әңгімесі, Ө.Тұрманжановтың “Құмырсқалар, аралар – қиыспас дос, құдалар” мысал-поэмасы, Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” повесі қазақ балалар әдебиетінің табысына айналды.
Қазақ ақын-жазушылары аталған шығармаларымен әлемдік балалар әдебиетінің образдық галлереясын жаңалады, жанрлық байлығын толықтырды дей аламыз С.Мұқанов, Ө.Тұрманжанов, С.Бегалин, С.Омаров секілді аға буын шығармаларынан ХХ ғасыр басындағы, сол жылдардағы балалар тағдырын табамыз. Бертінде Б.Соқпақбаев, С.Бақбергенов, Н.Серәлиев, О.Сәрсенбаев, М.Мағауин, М.Қаназов Отан соғысы жылдарындағы балалар өмірін бейнеледі. Қазақ балалар әдебиеті – қазақ қоғамымен бірге туып, біте қайнасып келе жатқан рухани іргелі сала. Жас балалар өздерінің алғашқы кішкентай ойындарынан бастап-ақ үлкен кісілердің істеріне еліктейді. Жас баланың ой-арманы асқақ келеді. Олар да ұшқыш болып аспанда шарықтасам, суда жүзсем, түрлі машиналар ойлап шығаратын ірі конструктор болсам, мұғалім, ғалым болсам, космонавтар қатарына қосылып, солардай жер жүзін таң-тамаша етсем деп қиялданады. Қалай да тез өсіп үлкендер қатарына қосылуды, даңқты адамдардың қатарында болуды аңсайды. Жасөспірімді дұрыс бағытқа сілтеп, сол үшін ат салысатынның бірі - балалар әдебиеті. Балалар әдебиеті - жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл дамытатын, оларды адамгершілікке тәрбиелейтін өмір оқулығы. Оның мақсаты - мектеп жасына дейінгі үш жасар баладан бастап, он алты жасқа дейінгі оқушыларға көркем әдеби тілде жазылған жоғарғы идеялық қызықты шығармаларды беру. Осының барлығы жас буынды саналы өмір сүруге талпынтады. Оның келешегіне жол ашады, бағыт сілтейді. Ақын Қ.Мырзаәлінің «Сөз сиқыры» сын кітабы, К.Матыжанның қазақ балалар фольклоры, Б.Ыбырайымның қазақ балалар әдебиеті жайында жазған еңбегі, Қ.Ергөбек құрастырған және жазған «Мейірім шуағы», «Сөзстан», «Қазақ совет балалар әдебиеті», «Арыстар мен ағыстар»(1-том) кітаптарын айтуға болады. Бұл саладағы айтулы еңбектер санының саусақпен санарлықтай аз болуы қазақ балалар әдебиетінің зер сала зерттейтін мәселелері әлі де болса жетерлік екендігін байқатады.
Балалар әдебиеті жайында балалар ақыны Қ.Баянбай былай дейді: “Балалар әдебиеті барша әдебиеттің бастауы болуы керек. Балалар әдебиетіне қатынаспаған жазушылар жақсы дүниелер тудыруы мүмкін. Бірақ балалар әдебиетін парақтамаған жазушының бір кемшілігі сезіліп тұрады. Горькийдің балалар жазушысы өзге жазушылардан да сапалы жазуы керек дейтін сөзі бар. Шынында әдебиеттің қайнар бастауы, әрі балаларды әдебиетке әкелетін шығармалардың сапасыз болуға хақысы жоқ”. “Балалар әдебиеті меніңше, барлық әдеби, мәдени ой-санамыздың қалыптасуына тұңғыш ықпал ететін бастау дер едім. Әдебиеттің бастауы фольклор десек, осы фольклордың негізі бесік жырынан басталады. Тақпақ, санамақ, өтірік өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш мұның бәрі үлкен әдебиетке жол салатын балалар әдебиетіне жатады.”- дейді Е.Өтетілеуұлы.
№1 практикалық сабақтың тақырыбы: Балалар әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері. Тапсырмалар: Балалар әдебиеті туралы ой-пікірлер.Балалар әдебиетінің алты өзіндік ерекшелігі.
1- СОӨЖ тақырыбы: Балалар тәрбиесі жөніндегі халық даналығы, мақал-мәтелдер.
Тапсырмалар: жинақтап конспектілеу, талдау.
Есеп беру түрі: Реферат СӨЖ тапсырмалары: Бұрынғы жұмбақтар мен қазіргі жұмбақтардың айырмашылықтары.
Есеп беру түрі: Қазіргі жұмбақтарды жазып келу, олардың танымдық мәнін түсіндіру. Өз ойларынан жұмбақтар құрастыру.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1.Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 1976ж.
2.Адамбаев Б. Халық даналығы. 1976.
3. Нұрұшев С.Н. Қазақтың халық мақалдарының даму тарихынан.
4.Қазақтың мақал-мәтелдері. 2002ж.
5. Қазақтың халық жұмбақтары. – А., 1959.
6. Жеті жүз жұмбақ. – А., 1987.
Екінші апта
№2 дәрістің тақырыбы: Балалар фольклоры.
Терминдер мен анықтамалар: Халқымыздың балалар фольклоры жанрлық құрамы
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
Халқымыздың балалар фольклоры жанрлық құрамы жағынан сан-салалы, соған лайықты олардың атқаратын қызметі де түрліше. Зерттеу еңбектерінде дәстүр бойынша оларды шығу, орындау ерекшеліктеріне қарай үлкендердің балаларға арнап шығарған, бірақ, негізінен, балалардың репертуарында сақталған шығармалар және балалардың өздері таратқан өлең-жырлар деп екі салаға жіктеу қалыптасқан.
Қазақ балалар фольклорын саралап жіктейтін болсақ, олардың ішінде кейбір жанрлардың үлкендерге де, балаларға да ортақ екендігін көреміз. Олар: ертегілер, жұмбақтар, өтірік өлеңдер, төрт түлік жырлары т.б. Алайда осы жанрларға жататын көркем шіғармалардың мазмұны, түр-сипаты, әшкі табиғаты бірдей емес. Олардың ішінде балалар айтатын, өзеріне ғана лайықты өлең-жырлар бар. Қой баласы – қоңырым, Қойдан жуас момыным, Шопан ата түлігі – Қошақаным, қайдасың? Пұшайт, пұшайт! Төлді қалай шақыру, малдың баласын сүюі, бөбектің төрт түлікке айтқан тілегі, қой мен ешкінің айтысы, сондай-ақ шешілуі оңай, құрылысы қарапайым жұмбақтар, ұғымға жеңіл өтірік өлеңдер, бұлардың қай-қайсысы да балалар репертуарында молынан сақталған. Бұл жырларды алғашқы шығарушылары ересек адамдар болуы әбден ықтимал. Балалар фольклорын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, балдырғандарға үйретіп отыратын да негізінен үлкендер болса керек. Демек, үлкендер мен балалар творчествосының тығыз қарым-қатынаста болуы, ауыс-түйіс ортақ шығармалардың екеуінде де ұшырасуы заңды. Алайда ауызша коллективтік творчествоның ерекшелігі сонда, олар көпшіліктің талап-тілегіне лайықты ұзақ сүзгіден өтіп, өңделіп, түрлі сыннан өткен дәстүрлі қалыпқа түспейінше толық мағынасындағы фольклорлық шығарма бола алмайды.
Осы тұрғыдан келгенде балалар фольклоры да о баста кім шығарғанына, қалай пайда болғанына қарамастан балалар коллективінің өзіндік сүзгісінен өтеді. Өз ұғымдарына, түсініктеріне, тіл оралымына, іс-әрекеттеріне сәйкес емес туындылар көпшілік тарапынан қабылданбайды. Ал қабылданған жағдайда балалар творчествосының дәстүріне лайықты іс жүзінде өзгеріп, өңделеді. Оралымсыз тіркестер, ұғымға ауыр шумақтар ұмытылады.
Осы тұста бір ескеретін жағдай - балалар фольклорының кейбір үлгілерінде мазмұнға жеткілікті мән беріле бермейді. Ұйқасы оңай, ойнақы болса, әсіресе, түрлі іс-әрекеттерге айтылуы сәйкес келсе, ондай өлеңдер көбірек қолдау табады. Осындай өзгешелікті біз әсіресе ойын өлеңдерінен анық көреміз. Балалар фольклорының тағы бір ерекшелігі, ауыз әдебиетінің басқа түрлеріне қарағанда коллективтік сипатының басым екендігі. Олардың дені көпшіліктің есінде жүреді. Көбін балалар жаттап алып, жиналған жерде кез-келгені жекелеп те, топталып та айта береді.
Бұған қоса балалар фольклорында поэзияның іс-әрекет, ойыннан, түрлі көне түсініктерден, ырым мен салттан, қарапайым әуендерден, жан-жануарлардың даусы мен қимылына еліктеуден қарасын үзіп толығымен ажырап кетпегендігін байқаймыз. Бұл, сөз жоқ, балалар поэзиясының көп қырлы, ертеректегі синкретті белгісін айғақтайтын құбылыс. Міне, осы айтылған өзгешеліктердің бәрі де жалпы аламзат фольклорының ерте дәуірдегі сәбилік шағына тән белгілер. Рас, балалар фольклоры түрлі тарихи дәуірлерді бастан кешірді, өзгерді, өркен жайды. Сөйте тұра ол осы айтылған дәстүрлі қалыптың аясында дамыған сияқты.
№2 практикалық сабақтың тақырыбы: Балалар фольклорының өзіндік ерекшеліктері. Тапсырмалар: Бөбектерге арналған өлеңдер.Өтірік өлеңдердің бала ойын дамытуда алатын ролі.Балалар жыры
2-СОӨЖ тақырыбы: Қазақ халқының шешендік өнері.
Тапсырмалар: жинақтап конспектілеу, талдау.
Есеп беру түрі: конспект.
СӨЖ тапсырмалары: Әлем әдебиетіндегі балаларға арналған аңыз әңгімелер мен мифтер, жалпы шолу
Есеп беру түрі: Реферат
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Қазақ балалар әдебиеті. 1974ж.
2. Ш.Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі.
3. «Ақ сандық, көк сандық». 1988ж.
4. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 1980ж.
5. Қазақ газет-журналдары (2000-2007жж. аралығындағы нөмірлер)
Үшінші апта
№3 дәрістің тақырыбы: XIX ғасырдағы балалар әдебиеті.
Терминдер мен анықтамалар: халық поэзиясы, фольклор.
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
Жарқын талант,ер жүрек батыр,ісімен де,сөзімен де кейінгі ұрпақтарын таң қалдырған Махамбет Өтемісов қазақ әдебиетінің тарихынан ерекше орын алады. Ол оқырмандарының эстетикалық құмарын қандыратын,ерлік сезімге тәрбиелейтін өзінің асқақ поэзиясын езілуші қара халықтың тілек-мүддесін жырлауға арнады. Сондықтан да оның асыл мұрасы ел жүрегінен орын алды. Әдебиетіміздің өрлеу жолындағы белгілі асқар биігі болды. 18-19 ғасырлардағы қазақ әдебиеті өзінен бұрынғы ауыз әдебиетінің негізінде, оның ежелгі дәстүрін дамыта отырып өсті.
Махамбет - өзіне дейінгі халық әдебиетінің барлық табыстарын толық меңгеріп,кемшілігін қайталамай,өз бетін, өз стилін айқындап,әдебиетте көрнекті үлгі қалдырған ақын.Оның образдары, сөз тіркестері-кейінгілерге көрнекті өнеге.Махамбет поэзиясының идеялық мазмұнының халықтығы,көркемдік ерекшеліктерінің оригиналдылығы және өткір үздіктігі қашан да болса тот баспайтын саф алтын тәрізді.Сондықтан да ол-заманнан заманға жалғаса беретін шығарма,ол өзінің оқырмандарын да,үйренушілерін де жоғалтпақ емес.
Махамбет Өтемісов 1804жылы Батыс Қазақстан облысы,бұрынғы Орда ауданы,Бекетай құмы деген жерде туған Махамбеттің кәрі әкесі-Күлмәлі.Руы жағынан жайық Берішке жатады. Күлмәліден Өтеміс пен Шыбындай туған. Өтемістің баласы көп болған,үлкен ұлы Бекмағамбеттен басқасы түгелдей халық көтерілісіне қатысып,ханға қарсы күресте сөзімен де,ісімен де қару көрсеткен,сол жолда көпшілігі құрбандыққа ұшыраған батырлардың қатарында болған. Махамбет-Өтемістің екінші ұлы.Жасынан бастап-ақ ол өзінің жарқын таланты,әр өнерге қабілеттілігі арқасында айрықша көзге түсіп,ауызға ілінген.Кедей семьясынан шыққан езілуші халықпен біте қайнап бірге өскен, нәзік жанды,жасынан зерделі ақын кедей, шаруаларды әр алуан алым-салықтармен зар қақсатқан билердің шексіз жауыздықтарының түп-тамыры Ордада жатқандығын,олар ұйымдасқан берік бір топ екендігін көзімен көріп,ақын сол ортадан жерініп,зығырданын қайнатып, хан,сұлтанға деген өшпенділігін күшейте түседі.
«Махамбеттің Жәңгірге айтқаны» атты өлеңінде:
Хан емессің,қасқырсың,
Қас албасты басқырсың,
Достарың келіп табалап,
Дұшпаның сені басқа ұрсын!
Хан емессің, ылаңсың,
Қара шұбар жылансың,
Хан емессің,аянсың,
Айыр құйрық шаянсың!-дейді.Бұл ақынның Орда маңында жүргенде,бір үлкен жиында бетпе-бет айтқан сөзі.Сонымен қатар,хан,сұлтан,би-феодалдардың өз тарапынан халыққа көрсеткен рухани қысымшылықтары да аз болмаған.Сәл нәрсені сылтау етіп, ат-шапан сылтау айып алулары өз алдына,ондай жазаға құқықтары болмаса да,дүре соғу шазаларын да қолданған.
Ақын өлеңдерінің халық арасына тарауына Ш.Жарылғапұлы, Қуан ақын, кішкене Кобыланды,Қубала, Лұқпан, Мұрат, Ығылмандар әсер еткен. Алғаш «Мұрат ақынның Тұмар қажы оғлына айтқаны» деген жинақта (Қазан, 1908) Махамбеттің 100 жолдан астам екі толғауы басылды. Ғ.Мүштақ құрастырған «Шайыр яки қазақ ақыңдарының басты шығармалары» жинағында (Орынбор, 1911) Махамбет толғауынан үзінділер берілді. 1939 ж. Қ.Жұмалиев Махамбет өлеңдерінің жинағын шығарды. Ақынның 200 жылдық мерейтойы аталып өтіп (2003), 4 томдық жинағы жарық көрді.
№3 практикалық сабақтың тақырыбы: XIX ғасырдағы балалар әдебиеті.
Тапсырмалар: М.Өтемісовтің патриоттық өлеңдерін жаттау. Абайдың балалар әдебиетіндегі орнын талдау.
3-СОӨЖ тақырыбы: ХІХ ғасырдағы ақындардың шығармаларындағы бала тәрбиесі мәселелері.
Тапсырмалар: XIX ғасырдың бірінші, екінші жартысындағы саяси әлеуметтік жағдай.
Есеп беру түрі: реферат
СӨЖ тапсырмалары: Ертегілер мен аңыздардың танымдық, тәрбиелік мәні. Бастауыш сынып оқулықтарындағы ертегілер мен аңыздарға сипаттама
Есеп беру түрі: баяндама
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Қазақ балалар әдебиеті. 1974ж.
2. .Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі.
3. «Ақ сандық, көк сандық». 1988ж.
4. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 1980ж.
5. Қазақ газет-журналдары (2000-2010жж.)
6.Ахметов.З Абайдың ақындық әлемі.-А,1997
7.Махамбет. Жыр-жебе. А: Дайл пресс, 2003ж
Төртінші апта
№4 дәрістің тақырыбы: Ы. Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы
Терминдер мен анықтамалар: «Таза бұлақ» әңгімесі, «Ақ сандық, көк сандық».
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап шығарма жазған бірінші қазақ жазушы болып табылады. Ы.Алтынсарин 1841 жылы Торғай өңірінде, дүниеге келген. Ол нағашы атасы, Торғай өңіріне белгілі Балқожа бидің тәрбиесінде өседі.
Үміт еткен көзімнің нұры балам,
Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.
Атаң мұнда анаңмен есен –аман
Сүйініп сәлем жазды бүгін саған...
деп он жасар немересі Ыбырайға хат жолдаушы сол атасы еді.
19 ғасырдың ІІ жартысында өмір сүрген қазақ халқының ұлы демократы Ы. Алтынсарин. Ол қазақ жастарын оқыту халықты сауатандыру саласында балаларға жазба әдебиетінің негізінде зор педагог.
Ы. Алтынсарин тұңғыш ағартушы –педагог болуымен бірге, баларға арнап көлемі шағын, мазмұны мәнді ондаған өлеңдері мен әңгімелерін қалдырған жазушы. Ол өзінің Қазақ балалар «Қазақ хрестоматиясы» атты тұңғыш оқулығын «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңімен ашып, онда жастарды оқуға, талаптанып талпынуға, білім алуға шақырады.
Оқысаңдар, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей –ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық,-
деп оқудың пайдасын жастардың санасына сіңіреді.
Бұл өлеңде ақын бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, өмірдің бар қызығы тек байлықта деп ұғатын, оқу, өнер, ғылым –білімге мән бермейтін кертартпа көзқарасқа соққы береді. Өмірде сарқылмас мол байлық –білім екендігін айта келіп, оған қол жеткізу үшін ерінбей –жалықпай еңбектенудің керектігін түсіндіреді.
Ыбырай жастардың білімді адам болудағы мақсат, міндеттері –халқына пайдасын келтіру, өнер –білім меңгерудің арқасында өз елін «тастан сарай салдырған», от пен суды пайдаланып, «отынсыз тамақ пісірген, теңізде кеме жүргізген» мәдениетті елдердің қатарына жеткізу деп біледі.
Келешекке сенімі мол Ыбырай өзі орындай алмаған істерді жастар орындайды деп сенді. Өзін қоршаған ортаның қараңғылығы мен надандығын шеней келіп:
Біз надан боп өсірдік,
Иектегі сақалды.
«Өнер –жігіт көркі», -деп,
Ескермедік мақалды.
Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды....-
деп жастарға зор үміт артты.
Өнер –білім бар жұрттар
Өнер –білім бар жұрттар Мал істейтін жұмысты
Тастан сарай салғызды. От пен суға түсірді,
Айшылық алыс жерлерден Отынсыз тамақ пісірді.
Көзіңді ашып –жұмғанша Сусынсыз сусын ішірді.
Жылдам хабар алғызды Теңізде жүзді балықтай
Аты жоқ құр арбаны, Дүниені кезді жалықпай,
Мың шақырым жерлерге Білгендерге осылар -
Күн жарымда барғызды. Бәрі –дағы анықтай,-
Адамды құстай ұшырды Білмегенге танықтай.
Қазақ балалар әдебиетінде ұлы ақын Абайдың да көрнекті орны бар. Балаларға арнайы еңбек жазып, өзі педагогтік іспен шұғылданбаса да, Абай бала тәрбиесіне, оның келешек қоғам үшін пайдалы адам болып шығуына үлкен зер салған. Ұлы ақын 1845 жылы Бұрынғы Семей(қазіргі Шығыс Қазақстан) облысындағы Шыңғыс тауларында туған. Өзінің туған даласының ақындары мен әншілерінің толып жатқан бай шығармаларының бәрін – түрлі хикая-әңгімелерді, ертектерді, батырлар жырларын, тарихи өлеңдерді ауылында жүргенінде талай рет зейін сала тыңдап, жаттайды.
Ауылдағы молдадан хат танытқаннан кейін Құнанбай сегіз жасар Абайды Семей қаласына жіберіп, Ахмет-Риза имамның медресесінен оқытады. Осы медреседе оқыған үш жылдың ішінде дарынды, зирек бала көп нәрселерді үйренеді. Араб-иран және түрік ақындарының шығармаларын құмартып оқи бастайды. Абай жастайынан-ақ сөз тапқыш, өткір сөзді шешен деген атаққа ие болды. Абайдың ерте кезде жазған өлеңдері біздің заманымызға толығымен жеткен жоқ.
Өмірінің 35 жасында Абай қайтадан өлең жазуға кіріседі. Бірақ бұл кездегі өлеңдерін де ол әлі де болса өзінің жақын жас досы Көкпай Жанатаевтың атынан шығарады. Он-жиырма жылдың ішінде ой-өрісі кеңіп, мәдениеті өсе бастаған Абай халық әдебиетіні, шығыс ақындарының ең жақсы мұраларын, әсіресе, орыстың классикалық әдебиетін оқып үйренеді. Тек 1886 жылы, жасы қырыққа жеткенде ғана ол «Жаз» деген өте көркем өлеңін жазып, осыдан кейін тұңғыш рет өзінің шығармаларына өз атын ашық қоя бастады. Міне, осы уақыттан бастап, оның қалған өмірінің жиырма жылы терең мағыналы ақындық творчествосының қанатты кең жайып, еркін гүлдене бастаған кезеңіне айналды.
№4 практикалық сабақтың тақырыбы:Ыбырай, Абай көрсеткен дана жол. Тапсырмалар: Ы.Алтынсариннің балаларға арнаған өлеңдерін жатқа айту. Абайдың оқуға, білімге шақырған өлеңдерін жатқа айту.
4-СОӨЖ тақырыбы: Абай қара сөздері, афоризмдері, аудармаларының мән-маңызы.
Тапсырмалар: Ы.Алтынсариннің әңгіме-новеллаларының ерекшеліктері, «Қазақ хрестоматиясының» маңызы.
Есеп беру түрі: презентация (слайд)
СӨЖ тапсырмалары: Қазақ балалар әдебиетін дамытудағы Абай шығармаларының маңызы.
Есеп беру түрі: конспект
Әдебиеттер (негізгі, қосымша) :
1. Қазақ балалар әдебиеті. 1974ж.
2. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі.
3. «Ақ сандық, көк сандық». 1988ж.
4. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 1980ж.
5. Қазақ газет-журналдары (2000-2007жж.)
Бесінші апта
№5 дәрістің тақырыбы: XX ғасырдың бас кезіндегі балалар әдебиеті.
Терминдер мен анықтамалар: XX ғасырдың бас кезіндегі саяси әлеуметтік жағдай, оның балалар әдебиетінің дамуына ықпалы.
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
Кезінде репрессияға ұшырап, мерт болған боздақтар қайта тірілді, сөнген жанып, жоғалған табылды. Алыптар қайта оралды. Тұтас буынның төлбасы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым-тілші, әдебиет зерттеуші, түрколог, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынов қалыптасқан дәстүрлі құжаттар бойынша айтқанда, қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы, Сартүбек деген жерде ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1873 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген.
Ахметтің “Өмірбаянында” көрсетуінше: мешін жылы, 1872 жылы туған, № 5 ауыл, Тосын болысы Торғай уезі. Қалың қазақ ортасы, қаймағы бұзылмаған сахара тұрмысы табиғатынан дарынды туған баланың сезім дүниесін, ой әлемін тербеп толқытады. Әділетсіз өмірдің улы зары бала жүрегін он үшінде жаралайды. Әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас қорлық-зорлыққа шыдамай, 1885 жылы 12 қазанда ояз начальнигі Яковлевтің басын жарып жібереді. Мұның арты – дүние-мүлікті тартып алу, түрме, абақты, Сібірге 15 жылға жер аударылу.
Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары әуелі көзіқарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады. 1895 жылдың 1 маусымынан бастап мұғалім болады: Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін күреседі, жуандарға, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылдық саясатын айыптайды. Кейін екі сыныптық мектептерде ұстаз бола жүріп, 1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жинайды. Ел ішінде оқыған, еркін мінезді батыл ойшылдың бедел-атағы өсе бастайды. Полиция тыңшыларының жаласымен күйе жағылып, губернатор Тройницкий жарлығы бойынша Қарқаралыдағы екі сыныптық училищінің меңгерушісі Ахмет 1909 жылы 1 шілде күні Семей абақтысына алынып, сотсыз, үкімсіз, нақақтан нақақ 8 ай бойы азап-қорлық көріп, торығады, қиналып ширайды, күреске белді бекем буады. Бостандық аңсаған, күреске шақырған өлеңдер жазады. Ақыры Қазақстанда тұру құқынан айырылғандықтан, 1910 жылы 21 ақпанда түрмеден шығып, наурыз айында Орынбор қаласына келеді. Бұдан кейін Ахмет Байтұрсынов өміріндегі ең күрделі, қызықты, қажырлы кезеңдер басталып кетеді. 1913-1918 жылдар арасында “Қазақ” газетінде редактор болып, орасан зор әлеуметтік-тарихи қызмет атқарады, халық өмірінің сан-алуан көкейкесті мәселелерін көтереді, елді прогреске, өнер-білімге үндейді.
Алаш қозғалысы тұсында (1918-1919 жылдың басы) Ахмет Байтұрсынов жаңа өткел, соны өріс іздейді. Ұлт азаттығы жолындағы күрес басшыларының бірі болады. Азапты толғаныс, күрес эволюциясынан өтіп барып, 1919 жылдың наурыз айында бұрынғы ұлт интеллигенциясының кейбір өкілдерін өзімен бірге алып, қазақ халқының мүддесі үшін қызмет етеді деген үмітпен Кеңес өкіметі жағына өтеді – Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери революциялық Комитеттің мүшесі ретінде оның жұмысына белсене араласады. Республика халық ағарту комиссары, Бүкілодақтық Орталық Атқару комитетінің мүшесі, Коммунистік партия мүшесі (1920-1926 жылдар), Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі, Ташкент, Алматы жоғары оқу орындарында профессор болады, сөйтіп жаңа заман үшін күреске кіреді.
Арман ақталмайды. Кеңес өкіметі патшаның отаршылық саясатын жалғастырады. Алаш зиялылары қуғынға түседі. Осылайша большевизм қылышынан қан тамған кезеңде Ахмет Байтұрсынов әуелі 1929 жылы бір ұсталып, абақтыға қамалып, лагерь тепкісіне түсіп, ұзақ азап көріп, 1936 жылы қайтып келгенмен, 1937 жылы тағы репрессияға ұшырап, 1938 жылы атылды. Ұлы жүректің ауыр тағдыры осындай, ал толық өмірбаянын жазу үшін көптеген архив деректері, замандас естеліктері, тарихи материалдарға сүйену қажет. Қазіргі қолда бар дүниелердің ішінде оның өзі орысша жазған “Жизнеописание” (1929, 8 наурыз), “Биография” (1929, 21 тамыз) деген материалдар айрықша бағалы. Бұлар Алматы университеті архивінде сақталған.
Ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткерінің өмірі, шығармашылығы, әлеуметтік қызметіне байланысты маңызды еңбектер, негізінен, оның туғанына елу жыл толу мерейтойы тұсында жарияланды. “Қырғыз (қазақ) өлкесін зерттеу қоғамы еңбектерінде” (Орынбор, 1922) орыс тілінде екі мақала басылды. М.Дулатовтың “Ахмет Байтұрсынұлы (биографиялық очерк)” мақаласындағы тарихи фактілер, деректер күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Ақиқатқа жүгінгенде, бұдан кейінгі уақыттарда А.Байтұрсынов өмірбаяны туралы жазған авторлардың бәрі де осы еңбектің материалдарын пайдаланғанын көреміз. Мақалада тұңғыш рет ақын, ғалым, публицист, қоғам қайраткерінің туған уақыты, кіндік қаны тамған жері, ол ортаның басты сипаттары, білім алған ошақтары, қызмет еткен орындары, әлеуметтік қызметтері, саяси-қоғамдық көзқарастарының өзгеруі, сан алуан эволюциясы жан-жақты ашылып берілген. Ал екінші мақалада А.Байтұрсыновтың ғылыми еңбектерін, әсіресе тіл саласында ендірген жаңалықтарын саралауға арналған.
Мәскеуде 1929 жылы “Коммунистік академия” баспасынан шыққан “Әдебиет энциклопедиясының” 1-томында А.Байтұрсынов: “Аса көрнекті қазақ ақыны, журналисі және педагогі... Ол – қазақ тілі емлесінің реформаторы, грамматиканың және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы” деп бағаланып, негізгі өмірбаяны беріледі, қоғамдық-әлеуметтік қызметі айтылады.
Өз уақытының аласапыран құбылыстарын бағалау, болашақ алыс өрістерді көруге келгенде жас Мұхтар Әуезов даналығына таң қалмасқа болмайды. Алмағайып ағыстарға малтығып, қалың тұманда адаспай, Ахмет Байтұрсыновтың тарихтағы орнына қатысты дәл бүгінгі күнмен үндес, орайлас пікір-тұжырымды жігіт-желең, 25-26-лардағы балғын ойшыл қалай тауып айтты екен деп таң қаласың: “Ақаң ашқан қазақ мектебі, Ақаң түрлеген ана тілі, Ақаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны, “Қырық мысал”, “Маса” еңбегі, “Қазақ” газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істелген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты біз ұмытқанда да тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі де біледі. Бұның шындығына ешкім дауласпайды”. (“Ақжол”, 1923, 4 ақпан), – деп жазады ол.
№5 практикалық сабақтың тақырыбы: ХХ ғасырдың бас кезіндегі балалар әдебиеті
Тапсымалар: Шәкәрім және балалар әдебиеті. А.Байтұрсынов және балалар әдебиеті.
5-СОӨЖ тақырыбы: М.Дулатов шығармашылығы. Тұңғыш романшы. Өлең-жырлар мен әңгімелерінің маңызы.
Тапсырмалар: Ш. Құдайбердиевтің, М.Дулатовтың шығармашылығы.
Есеп беру түрі: реферат
СӨЖ тапсырмалары: Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романы мен М.Жұмабаевтың «Жүсіпхан», «Өтірік ертек» поэмаларын мазмұндап талдау.
Есеп беру түрі: баяндама-реферат жазу.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1.Жұмабаев М. Пидагогика, 1993
2.Жұмабаев М шығармалары. А., 1989
3.Аймауытов Ж. Шығармалары. А., 1989
4.Елеукенов Ш. Жаңа жолдан.-А,1989
5Қазақ газет-журналдары (2000-2010 жж.).
Алтыншы апта
№6 дәрістің тақырыбы: ХХ ғасыр басындағы ағартушы-демократ ақын-жазушылар және балалар әдебиетінің дамуы.
Терминдер мен анықтамалар: әдеби үндестік, әдеби байланыс
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
Атақты ақын, ғұлама оқымысты Мәшһүр Жүсіптің көп қырлы талант екені елге мәлім. Қаршадайынан оқыған, оқып қана қоймай, көңіліне мол дүние тоқыған білімдар. Ақынның 1907 жылы үш бірдей кітабы – "Көп жасағаннан көрген бір тамашамыз”, "Хал-ахуал”, "Сарыарқаның кімдікі екендігі” атты жыр жинағы жарық көрсе, "Миғраж”, "Хаятбақшы”, "Қорқыт”, "Гүлшат-Шеризат” деп аталатын қисса-дастандарын, публицистикалық этнографиялық еңбектерін, халық ауыз әдебиетін жинаудағы қыруар жұмысын атасақ та жеткілікті.Біз Мәшһүр Жүсіптің ақындығына тоқталсақ, оның нәзік те отты, ойлы өлеңдері халықтың өз ішінен қайнап шыққан талант екенін көрсетеді. Ел ішінің жағдайына жастай қанық ақын ағайын-туыс, бауырдың жан сырын терең жырлайды, нәзік тербейді. Олардың мінез-құлқын салмақты баяндап, сабырлы түйіндейді. Бір қызығы, әрқайсының мінезі әртүрлі, бірі біріне кереғар, күле салуы да жылдам, ренжи салуы да оңай. Енді ақынға сөз берсек, ол:Аманыңда елжіреп мақтайтын ағайын,
Алыстамай айналып жақтайтын да ағайын.
Ауырыңды жеңіл ғып жоқтайтын да ағайын.
Еркелетіп бетіңнен қақпайтын да ағайын, –десе, бұл күнделікті өзіміз көріп, өзіміз қоян-қолтық араласып жүрген ел тірлігі. Халқымыз "Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол”, – дейді. Ағайынның тағы бір мінезіне ашынып, "Туысқан бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң бере алмайды”, – деп те ашылады. Қалай болғанда да өзіңнің өскен жұртыңа жетері жоқ. Осыны Мәшһүр Жүсіп тіпті әдемі толғайды, ақынға құлақ ассақ: Әуел баста аңдамай тартып жүрме сазайын,
Толып жатыр түрлі сөз қайсыбірін айтайын.
Түсінсе түйткіл сөзімді улы тілмен шағайын,
Өскен ордам жамандап жақсыны қайдан табайын, – дейді.Мәшһүр Жүсіптің осындай жақсы жырларының қатарына оның "Жеті жетім”, "Қажылық иман шарттары”, "Адам екі түрлі”, "Жанайын ба?”, "Дауасыз дерт”, "Күндіз бен түннің айырмасы”, "Сырға сөз” секілді өлеңдерін атар едік. Қазақ ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің ғылымдық бір саласы историография бөлімінде Мәшһүрдің ол түрдегі еңбегіне әрдайым орынды баға берілуі шарт” десе, академик-жазушы С.Мұқанов: "ХVІІІ ғасырда жасаған ақындардың ішінен жыры мол сақталған – Бұқар жырау. Бұқардың жырларын сақтап, тарих алдында ерекше еңбек сіңірген адам – Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Бұқардың жырларын жазып алған Мәшһүр Жүсіп: "Бұқарекең сөйлеген уақытында сөзі мұндай жүз есе, мың есе шығар, бізге келіп жеткен тамыры ғана. "Мес” жинағына қарасаң көңілің тояттайды, оқысаң көзің қуанады. Сиясы әсем көшірілген қолжазба Мәшһүр махаббатына лық толы. Ол көне қолжазбаның әрбір сөзіне дейін жеткізуге, қазақ тілінің алтын қорын шашпай-төкпей сақтауға тырысқан”. Осыған ұқсас пікірді ғалым Ы.Дүйсенбаев та айтқан. Ол: "М.Ж.Көпеев Бұқарға тиісті деген өлең-толғауларды, ел ішіндегі кәрі құлақ қариялардың аузынан жазып алып, ертеректе қағаз бетіне түсірген, екіншіден ол өзінің шамасы келгенше қарт жыраудың мұрасын толық және келіп жеткен қалпында сақтауға тырысқан, үшіншіден өзі де Бұқардың өмірі және шығармашылығымен жете таныс болғандықтан, кейбір жыр-толғауларына түсіндірмелер берумен бірге, басқа да қызықты мәліметтер келтіріп отырған”, – десе, бұл пікірді біз де мақұлдаймыз. Мәшһүр Жүсіп 1858 жылы өзінің айтуынша (қазақша қой жылы, арабша ережеп айында, жұма күні, бесін кезінде), Қызылтауда, Найзатас деген жерде дүниеге келеді. Нәресте туған соң ата-баба салтымен азан шақырып, атын Адам Жүсіп болсын деп қояды. Ал, оның Мәшһүр Жүсіп дейтін атқа ие болуы жайы да қызық. Сегізден тоғызға аяқ басқан шағында қалың топтың алдында бірде-бір мүдірместен мақамына келтіре отырып "Төрт жігіттің өлеңі”, "Ер Тарғын”, "Қозы Көрпеш – Баян сұлу” лиро-эпос дастандарын жатқа толғайды. Жиылған қауым дән риза болып, "баланың аты – Мәшһүр болсын, тіл-көзден аулақ болуы үшін басына үкі тағып қойыңдар”, – дейді. Қара өлең, қайым өлең, жар-жар, аужар, сыңсу, батырлар жыры, лиро-эпос жыры, шешендік сөздің неше алуан түрін жастайынан жаттап өскен Мәшһүр өзі де он бес жасынан бастап өлең шығара бастапты. Біз өз уақтысында "Жалайридың жел жетпес жүйрігі” атанған Бақтыбай мен Сыр бойының ақыны Бұдабайдың түс көріп, түсінде көген емес, өлең алып, ақын боп оянғанын жақсы білеміз”. Ал, Мәшһүр Жүсіптің қалай ақын болғандығы жайлы әңгімесі оның өзінің алдындағы өнерпаздарға ұқсастығымен бірге, айырмашылығының да бар екендігін анық танытады. Мұны "Он бесте шабыттандым жүйрік атша, кеудеме өлең толды сызған хатша” деген жолдардан ұғынуға болады. Одан бұл кезде жазу-сызудың қазақ өлкесіне кең қанат жая бастағанын, Мәшһүр Жүсіптің де сауаттылықты жоғары бағалап, оған құрметпен қарағанын аңғарасың. Бірақ, оның осы тұстағы өлеңдерінің тақырыбы күнделікті тұрмыстық жағдайды суреттеуден әрі асқан жоқ. Ол өзі араласып жүрген айт пен той, әртүрлі адам мінезі, жүріс-тұрыс ерекшелігі, көшу, қону, жаз бен қыс, ас, қыз ұзату сияқты нәрселер еді. Бұл өлеңдерінде кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесіне терең бойлап, талдау жасау жоқтың қасы, бір сөзбен айтқанда, бұл оның шәкірттік, үйрену кезеңі еді. Мәшһүр Жүсіп, өзі айтқандай, он бес жастан кейінгі өмірінің бәрін дерлік өлеңмен сөйлеген. Ақын дүние танымын, адамдармен қарым-қатынасын, нені сүйіп, нені жек көретінін, кімнен үйреніп, кімнен жиренетінін де өрнектеген. Біз оның мұндай туындыларынан сол кездегі адамдардың өмірге деген көзқарасын, ішкі жан дүниесін, тұрмысын жан-жақты танығандай боламыз. Ақын той мен топта, ел мол жиылған аста бай мен болыстан, би мен бектен ығыспаған, олардың қателіктері мен кемшіліктерін тіке айтып, жуанға істеген "жақсылығын”, жіңішкеге көрсеткен "қорлығын” бетіне басып отырған. Осы ақ ниеті үшін артынан опық жеген кездері де аз емес екен. Расында да ол бала болып ойнамаған, бес жасынан бастап оқуға зейін қояды, ержетіп бозбалалық шаққа жеткен соң да ала қағаздан бас алмаған. Ақын шарқ ұрып ізденудің нәтижесінде білімге де, парасатқа да ерте жетіпті. Күннің шуағын бірінші болып қарсы алып, батып бара жатқан шапағын да өзі шығарып салатын заңғар таудың құзар басы сияқты, алдымен не көрсе де білімді жан көрмек. Ақылды, білімді адам өмірдің соққан бар дауылына төтеп бермек. Мәшһүр Жүсіпті де осындай жан деп білеміз. Оның жанының нәзіктігін, көңілінің жомарттығын, "өзім не болсам да мейлі – өзгенің жаны жараланбасын, басқаның басына бақытсыздық, күңгірттік келмесін”, – деп іштей жақсы тілеумен жүретінін айтып жеткізу мүмкін емес.
№6 практикалық сабақтың тақырыбы: С.Торайғыров шығармашылығы.
Тапсырмалар: С.Торайғыров оқу-білімге шығарған өлең-жырлларының мән-маңызы. С.Торайғыровтың поэмаларының танымдық мәні.
6-СОӨЖ тақырыбы: С.Дөнентаев шығармашылығы. Мысалдары. «Көркемтай» әңгімесі.
Тапсырмалар: Бекет Өтетілеуовтің шығармашылығы, ағартушылық жолы. Балаларға арналған өлең-жырларының мазмұнына талдау.
Есеп беру: Баяндама
СӨЖ тапсырмалары: С.Торайғыровтың оқу-білімге шақырған шығармаларының маңызы. С.Дөнентаев мысалдарының мән-мазмұны. С.Көбеев хрестоматиялары.
Есеп беру түрі: баяндама-реферат жазу.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
Қазақ балалар әдебиеті. 1974 ж.
Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі.-А, 1965 ж.
Қирабаев С. Жүсіпбек Аймауытов. А. 1990 ж.
Қазақ газет-журналдары (2000-2010 жж.).
Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. А: 1986 ж.
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті хрестоматиясы. –А,1983 ж.
Омаров І. Әдебиет жайлы ойлар. А. 1980 ж.
Жетінші апта
№7 дәрістің тақырыбы: 1917 жылдан кейінгі кеңес дәуірінің алғашқы жылдарындағы қазақ балалар әдебиетінің дамуы.
Терминдер мен анықтамалар: жаңа қазақ балалар әдебиетінің дамуы.
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері,ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі. Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Абай поэзиясының өшпес маңызын бірден танып, оны “хакім” деп атады, ұлы ақынның “мың жыл жұтса дәмі кетпес” сөзін жаңа жағдайда ілгері дамытты, Батыс пен Шығыстың рухани қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байытты. Жұмабайұлы ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді көтерді (“Шын сорлы”), халқын өнер-білімге шақырды (“Ләззат қайда?”, “Жазғы таң”, “Өнер-білім қайтсе табылар”, “Балалық шақ”, “Қазағым”, “Қарағым”, “Осы күнгі күй”, “Мен сорлы”). Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы әйгілі суреткердің шығармаларымен арада 60 жылдан астам уақыт өткенде қайта табысты. Ол қазақ әдебиетінде көркем прозада алғаш лиризм әкелген, сондай-ақ пейзаждың үздік үлгісін, психологизмнің терең иірімдерін тамыршыдай дәл басқан нәзік стилист суреткер. 1918 —19 ж. М.Әуезовпен бірге Семейде «Абай» журналын шығарып, «Екеу» деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, №2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, №3) деген мақалалар жазды. А-тың көркем шығармалары эстет. бояуының қашықтығымен, көркемдік қуатымен, стильдік даралығымен қазақ әдебиетінде соны бағыт қалыптастырды. А. пед. оқу орындарында қызмет істей жүріп, жас ұрпақтың жан-жақты білім алуын көздеген еңбектер, оқу құралдарын жазды. Оның пед., псих. және методика саласында жазған ірі еңбектері өз уақытында елеулі рөл атқарды. Олардың ішінде «Тәрбиеге жетекші» (1924), «Психология» (1926), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926) т.б. бұл бағыттағы ғылымның бастауында тұрған ірі ғылыми еңбектер Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, құнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансап қорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген. Бұлардың сыртында «Тәрбиеге жетекші» (1924 ж.), «Психология» (1926 ж.), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926 ж.), т.б. ірі ғылыми еңбектері бар. Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған мұралардың қай қайсысы да оның кесек дарын иесі екендігінің, гуманист суреткерлігінің, жалтақсыз ұлтжандылығының жарқын айғағы. Оның шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның, өзі араласқан қоғамның мұқтажын өтеуге, оның ақ қарасын парықтауға арналған. Сөйте тұра көркемдік тегеуріннің қуаттылығы, идеялық ұстанымдарының сонылығы, сөз қолданудағы шеберлігі Жүсіпбек шығармаларының өміршеңдігіне кепіл болмақ. Сұлтанмахмұт Торайғыров (28.10.1893, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы – 21.5.1920, Павлодар облысы Баянауыл ауданы) – ақын, ағартушы. Торайғыровтың 2 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, баянауылдық Әбдірахман молданың (1908) қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болған. 1911 ж. жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. *1912 ж. Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады. XX ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси және тарихи-әлеуметтік оқиғаларға, қазақ, жеріндегі өзгерістерге өзінің азаматтық, ақындық үнін қосқан талантты қазақ ақындарының бірі – Сұлтанмахмұт Торайғыров болды. Ақын өмір сүрген тарихи кезең патшалық Ресей жеріндегі алапат сілкіністер мен төңкерістер заманы еді. Сол себепті де Сұлтанмахмұттың ойсанасы ерте оянды. Жасынан жетімдік пен жоқшылықтың қиындығын көп көрген ол айналасына сергек қарады. Алдына биік-биік мақсаттар қойды. Соған жетуді ойлады. Ілгері ұмтылды. Оқуға, білуге құштар болды. Мақсатын, жүрек қалауын қашанда ашық айтты:
Шындықтың ауылын іздеп түстім жолға,
Разымын, не көрсем де осы жолда.
Шаршармын, адасармын, шалдығармын,
Бірақ бір табамын деп көңілім сонда, – деп өзі айтқандай, ақынның барлық саналы өмірі шындыққа, әділетті заманына жетсем, жақсылықты көрсем, халқыма осы жолда қызмет етсем деген ізгі арманның жетегінде өтті. Сол жолда өзінің қиналатынын, шаршайтынын, адасатынын сезсе де, қайраткер ақын оның бәріне көнуге өзіне-өзі серт береді. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында осындай жігермен алға ұмтылған ол туған халқының тарихындағы от жүректі ақын әрі қоғам қайраткері, ұлтын шексіз сүйген азамат дәрежесіне көтерілді. Өмір жолы. Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 29 қазанда қазіргі Ақмола облысының Қызылту ауданында туады. Екі жасында анасы өліп, әжесінің тәрбиесінде болған оның балалық, жастық шағы Баянауыл өңірінде өтеді. Кедейлігінен "Шоқпыт" атанған әкесі Әбубәкір ақ көңіл, жомарт әрі айтқанынан қайтпайтын қайсар да қайратты адам болады.Сұлтанмахмұт алты жасында әкесінен оқып, хат таниды. Бұдан кейін де Шоқпыт бірде өзі оқытып, енді бірде ауыл молдаларына беріп, баласының оқуын үзбейді. Болашақ ақын 1902-1903 жылдары – Әлі, 1904-1905 жылдары – Тортай, 1906-1907 жылдары Мұқан деген молдалардан дәріс алады. Сұлтанмахмұт үшін әсіресе Мұқан молданың тәрбиесі ерекше болады. Мұқан молда көп оқыған, әдебиеттен хабары бар, өзі де аздап өлең жазатын адам болады. Оқушыларын үнемі қазақ ауыз әдебетінің, шығыс әдебиетінің үлгілерімен таныстыра отырып, шәкірттерін өлең жазуға баулады.Сұлтанмахмұттың он үш жасында жазылған "Секілді өмір қысқа, жарты тұтам" – деп аталатын алғашқы өлеңі, міне, осы Мұқан молданың ықпалымен туған еді.
№7 практикалық сабақтың тақырыбы: І.Жансүгіров және балалар әдебиеті
Тапсырмалар: І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы. Ілиястың табиғат лирикасының ерекшелігі.
7-СОӨЖ тақырыбы: Б.Майлин шығармашылығы. Оқу-ағартуға шығарған өлең-жырлары, әңгімелері, повестері.
Тапсырмалар: Б.Наурызбаевтың «Б.Майлиннің прозасы» атты зеттеуін конспектілеу.
Есеп беру түрі: баяндама
СӨЖ тапсырмалары: 1917-1940 ж. қазақ балалар әдебиетінің ддамуына ықпал жасаған некгізгі жайлар.
Есеп беру түрі: презентация (слайд)
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
Қазақ балалар әдебиеті.-А, 1974 ж.
Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі-А, 1965 ж.
Майлин Б. Бес томдық шығармалар жинағы. А.1986-88 жж.
Биаға естеліктер.- А, 1991 ж.
Қазақ газет-журналдары (2000-2010 жж.).
Наурызбаев Б. «Б.Майлиннің прозасы». А. 1967 ж.
Сегізінші апта
№8 дәрістің тақырыбы: 1940-50 жылдардағы қазақ әдебиетінің дамуы.
Терминдер мен анықтамалар: «Көксерек», «Бүркітші» повестері
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
Сол кездің өзінде Отанға, атамекенге деген сағынышқа, ерлік, батырлыққа арналған өлеңдер жарық көріп жүрді. Баубек Бұлқышевтың 1942 жылы «Комсомольская правда» газетінің 1 май күнгі номерінде «Өмір мен өлім туралы» деген әңгімесі жарияланды. Әңгімеде қазақ жасының . жүрек сыры, жан күйі тербелді. Отанға деген ыстық махаббаты құйылды, ал «Шығыс ұлына хат» атты шығармасын «Менің бұл жазғандарым болашақта біздің осы ұлы күресімізді зерттеушілердің қолына түсіп, үлкен істердің кішкене бір тетігіне тиянақ болуға жараса, менде одан басқа арман да жоқ; ол зерттеушілер біз осы арпалыста жүргенде қайғыра да, жылай да, қуана да, күле де, кектене де білгенімізді ұғынса болды.» - деп аяқтаған еді. М.Хакімжанова өзінің сүйікті кейіпкері Мәншүк жайында, оның ерлік көрсеткен «Мәншүк» поэмасы 1945 ж. жазылған. Соғыс тақырыбына Мүсірепов «Қазақ батырын (қазіргі—«Қазақ солдаты») жазса, Ұлы Отан соғысының ерлік істерінен бір топ поэма туып жатты. Қасым Аманжоловтың «Абдолласы», Диқан Әбіловтің «Майданбек» поэмасы, Мәриям Хакімжанованың «Мәншүк» деген поэмасы; Қапан Сатыбалдиннің «Әлия» деген поэмасы; Ілияс Есенберлиннің «Айша», «Сұлтан» деген поэмасы; Нұрлыбек Баймұратовтың «Ер Төлеген» деген поэмасын мысал етіп атауға болады.Мәриям Хакімжанованың «Мәншүк» поэмасында тіл көркемдік жағы мен Мәншүк пен анасының арасындағы мейірбандықты, Мәншүктің сыртқы тұлғасын суреттеу жағын әдемі-ақ көрсеткен. Қара шашы қара бұлтпен жауғандай
Қара қасы аймен егіз туғандай
Желмен ойнап, желбіресе кекілі
Күн шұғыласы маңдайында тұрғандай.
Меруерт тісті, қызыл ерін, қыр мұрын
Алма бетті, дөңгелек жүз, сөз шырын
Қолдан құйған қорғасындай денесі
Қылығымен қызықтырған көз нұрын,- дейді. Бұлардың көркемдік дәрежесін салыстырғанда, бәрінен жоғары деуге болады.
М. Әуезов – қазақ халқының ғасырға жуық өмірінің рухани шежіресін жазған, ұлт келбетін бар шындық айшықтарымен көрсете алған ірі тұлға. Ол XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірін дүниеге әкелген нағыз кемел шығарманың авторы ғана емес, талғампаз зерттеуші. М. Әуезовтің де ұлт - азаттық тақырыптарға бой ұруы бірнеше таным талқысынан өткен. Әуезов ұлт - азаттық идея сарындарын көркем шығармада сонау ауыз әдебиетіндегі эпос, тарихи жырлар, тарихи оқиғалар, ұлт - азаттық қозғалыстар шындығынан желі тартып уағыздайды. Яғни, өз заманының шындығын беру үшін оны өткен заманның елдік сырлары мен ой - өрісі әрекеттерімен сәйкестендіре отырып, тарихи оқиға желісін шығарма өзегіне айналдырады. М.Әуезов шығармашылығы – ХХ ғасырдың әсемдігімен, ғажайып әсерлілігімен сиқырлы, қайталанбас ұлы құбылысына айналды. Әуезов мұраларынан алатын тағылым ұшан-теңіз. Жазушы шығармаларында өз халқының тыныс-тіршілігін, қам-қарекетін, аяулы арманы мен нұрлы үмітін, тарихи болмысы мен бүгінгі бітімін терең ұғынып бере білген суреткер.Ұзақ жылдарға созылған терең шығармашылық ізденістердің, қажыр-қайратының нәтижесінде күллі әлемге ұлы Абайды танытып қана қойған жоқ, қазақ халқы «Абай жолы» арқылы өзін де тереңірек түсініп таныды. «Абай жолынсыз» қазақ әдебиетін, халқымыздың рухани-көркемдік әлемін көзге елестету мүмкін емес» деп халық жазушысы Ә.Кекілбаев бағалағандай, тек қазақ халқының ғана емес, көшпелі түркі жұртының өткені туралы ең алғашқы кең ауқымдағы шығарма.
Мұқанов Сәбит Мұқанұлы (1900-1973) - қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі. Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Сәбит Мұқанов атындағы ауылда туған. Омбыдағы оқытушылар курсын, Орынбордағы жұмысшылар факультетін, Мәскеудегі Қызыл профессорлар институтының әдебиет бөлімін бітірген.
Ауыл молдасынан оқып, хат таныған. Жасынан ел аузындағы жыр-толғауларды, қисса-дастандарды жаттап, мақамдап айтып үйренген. 14-15 жасынан өлең-жырды ауызша да, жазып та шығара бастайды. 1918-1919 жылдары Омбыдағы оқытушылар курсында білім ала жүріп Мағжан Жұмабаев хатшылық еткен. Оқуды бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болды. 1921 жылы Ақмола губерниясы мемлекеттік саяси басқармасының төтенше әскери бөлімнің жауынгері болды. 1921-1922 жылдары әр түрлі қызметтер атқарып, ел арасында астық жинау жұмысын жүргізген. 1922-1926 жылдары Орынбордағы жұмысшылар факультетінде оқыған. 1926-1928 жылдары баспасөз орындарында қызмет атқарып, республикалық «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеті бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Мемлекеттік баспасының бас редакторы қызметтерін атқарған. 1928 жылы Петропавл қаласының «Кеңес ауылы» газетінің редакторы және Жазушылар бөлімінің жетекшісі болған. 1930 жылы жергілікті ақын-жазушылар шығармалары негізінде «Жарыс» альманағын шығарған. 1932- 1935 жылдары Мәскеудегі Қызыл профессорлар институтының әдебиет бөлімінде оқыған. 1935 жылы республикалық «Кеңес ауылы», «Қазақ әдебиеті» газеттерінің редакторы болып, 1936-1937 жылдары Қазақстан Жазушылар одағын басқарған. 1937-1941 жылдары Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институттың профессоры болып, қазақ әдебиетінен сабақ берген. 1943-1951 жылдары екінші рет Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы қызметін атқарған. 1958-1969 жылдары Дүниежүзілік Бейбітшілікті қорғау комитетінің мүшелігіне, 1965-1969 жылдары Араб елдерімен достық жөне мәдени байланыстар қоғамы қазақ бөлімшесінің төрағалығына сайланған. Сәбит Мұқановтың алғашқы өлеңдері мен поэмалары, мақалалары мен әңгімелері («Көңілім», 1917; «Бостандық», 1919, т.б.) 1917 жылдан жариялана бастады. Ол 1924 жылы өлеңдер мен мақалалардан және аударма шығармалардан тұратын «Совет өкіметі һәм қазақ әйелі» атты тұңғыш кітапшасын шығарған. 20 жасынан поэма жаза бастады: «Балбөпе», «Жетім қыз», «Батырақ», «Қанды көл», «Жүйткі, қара айғырым», 1926-1927 жылдары «Кешегі жалшы мен бүгінгі жалшы», «Октябрьдің еткелдері» поэмалары, «Ақбөпенің сыры» повесі жарық көрген. 1928 жылы «Сұлушаш» дастаны, 1931 жылы «Адасқандар» романы (орыс тілінде «Сын бая», 1934), тағы басқа туындылары жарияланды. «Сұлушаш» дастанында ғашықтық, махаббат мәселесін көтере отырып, әлеуметтік мәні зор түйіндерді толғаған. Ал «Адасқандар» романы қазақ әдебиетіндегі тұңғыш романдардың бірі саналды. Ол бұл романды едәуір өзгерістер енгізіп, 1959 жылы «Мөлдір махаббат» деген атпен қайта бастырып шығарды.30-жылдары «Майға сәлем» (1933), «Сөз - Советтік армия» (1934) атты өлеңдері, «Ақ аю» поэмасы (1935), «Жұмбақ жалау» романы (1938), тағы басқа туындыларынан замандас бейнесі, қоғам кескіні аңғарылады. Одан соң «Теміртас» (1935), «Есіл» (1937) романдары, «Достар» (1937) повесі, тағы басқа шығармалары жарыққа шыққан. «Жұмбақ жалау» (1938, «Ботагөз», 1948, орыс тілінде «Ботагоз») романында Қазақстандағы 1910-1920 жылдардағы күрделі оқиғаларды бейнелеген. 1-дүниежүзілік соғыс, 1916 жылғы көтеріліс, Ақпан революциясы, Қазан төңкерісі, Азамат соғысы, Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы, тағы басқа ірі тарихи оқиғалар роман сюжетіне аркау болған. Романдағы басты тақырып - қазақ халқының, Қазақстанның тарихи тағдыры. «Ботагөз» романы - қазақ халқы өміріндегі төңкерістік ірі кезеңді шебер бейнелеген келелі шығарма. Роман КСРО халықтары тілдерінде және бірқатар шет ел тілдерінде аударылып басылды. «Ботагөз» романына негізделіп пьеса жазылып, Казақстан театрлары сахнасына шықты, кинофильм түсірілген. Сәбит Мұқанов 40-жылдары «Менің мектептерім» романын, «Балуан Шолақ» повесін, «Сырдария» романын, «Поэзия маршалы», «Майданға хат», «Жеңімпаз Қызыл Армия», «Фашизмнің ажалы», тағы басқа прозалық жөне поэзиялық шығармаларын жазды. Прозада ол роман мен мемуарлық әдебиеттің дамуына үлес қосты.
Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы (1902-1985) - қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, әдеби сыншы, аудармашы, Социалистік Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР Ғылым академиясының Абай атындағы және Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты.
Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген. Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат таныған. Ғабит жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебінде, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітірген. Қазақ төңкерісінен кейін үстемдік алған Кеңес өкіметінің жұмысына әжептеуір орысша сауаты бар адам ретінде араласып, түрлі қызмет атқарған. Орыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын оқып білуі, ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет Өтетілеуовтың әсер ықпалы болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізеді. 1923-26 жылдары Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне (рабфак) оқуға түсіп, оны бітірісімен Омбыдағы ауыл шаруашылық институтында оқыған. 1927-1928 жылдары - Бурабай орман шаруашылығы техникумында оқытушы, 1928-1933 жылдары Қазақ мемлекеттік баспасының бас редакторы, 1934-1938 жылдары «Социалистік Қазақстан» (Егемен Қазақстан) газетінің редакторы, Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты өнер секторының меңгерушісі, Қазақ өлкелік комитетінің баспасөз бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Компартиясы саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1938-1955 жылдары бірыңғай шығармашылық жұмыстармен айналысқан. 1956-1957 жылдары - «Ара» - «Шмель» журналының бас редакторы, 1957-1985 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы, КСРО Жазушылар одағы басқармасының хатшысы қызметтерін атқарған. 1958 жылдан КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, өнер және сәулет салалары бойынша Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комитеттің мүшесі болған.
№8 практикалық сабақтың тақырыбы: М.Әуезов пен С. Мұқанов әдебиетінің дамуы.
Тапсырмалар: М.Әуезов өмірі мен шығармашылығы. С.Мұқанов өмірі мен шығармашылығы
8-СОӨЖ тақырыбы: Ғ.Мұстафин шығармашылығы. Әңгіме-повестері, романдарындағы тәрбие, адамгершілік мәселелері.
Тапсырмалар: Жазушы еңбектеріндегі балалар өмірінің суреттелуі.
Есеп беру түрі: реферат
СӨЖ тапсырмалары: Т. Жароков шығармашылығы
Есеп беру түрі: талдау-реферат
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
Қазақ балалар әдебиеті.-А, 1974ж
Дәдебаев Ж. Мұстафин Ғ. А. 1989ж
Мұстафин Ғ. Өмір белестері.
Ахметов.Ш Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. –А,1965
Жароков Т. Таңдамалы шығармалар. А. 1978
Қазақ газет-журналдары (2000-2010)
Тоғызыншы апта
№9 дәрістің тақырыбы: Жаңғыру кезеңіндегі балалар әдебиетінің дамуы.
Терминдер мен анықтамалар: С.Жұбатыров, “Отты өткел”, Н.Мұраталиев, “Жасылкөлдің құпия тұрғыны”
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
1960 – 70 жылдарда Б.Ысқақовтың, Б.Тәжібаевтың, Қ.Ыдырысовтың пьеса, инсценировка жинақтары шықты. Қ. б. ә-нің ең қаулап дамыған кезеңі – 70 – 80 жылдарда балаларға және жастарға арналған шығармаларды жариялайтын “Жалын” баспасы ашылып, баспаның жанынан респ. жабық әдеби байқау өткізіліп, балалар әдебиетінің одан әрі өркендеуіне айрықша игі әсер етті. Т.Нұрмағамбетов, О.Бөкеев, К.Ахметова, М.Қабанбаев, Н.Дәутаев, Қ.Омаров, М.Айымбетов, А.Асылбеков, Т.Сәукетаев, Ө.Ақыпбеков, т.б. ақын-жазушылар Қ. б. ә-н жанрлық-көркемдік тұрғыдан байытуға айтарлықтай үлес қосты. Бұған дейінгі кезеңдермен салыстырғанда, 70 – 90 жылдардағы балалар әдебиеті өмір шындығын қамту өрісінің кеңдігімен, шеберлік деңгейінің биіктігімен ерекшеленеді. Мыс., шытырман оқиғалы шығармалардың төм. сынып оқушыларына арналған үлгілері (С.Жұбатыров, “Отты өткел”, Н.Мұраталиев, “Жасылкөлдің құпия тұрғыны”), таңғажайып оқиғалы повестер (Жұбатыров, “Алыстағы аралдар”, Н.Мұраталиев, “Ғажайып мекенге саяхат”) балалардың қызыға оқитын шығармаларына айналды. Мұндай шығармалар өз кезінің өзекті әлеум.-моральдық мәселелерін балалардың ой өрісіне, талғамына лайықтап, өрнектей білді. Әлімбаев, Мырзалиев, Молдағалиев, Е.Өтетілеуов, т.б. өлеңдері нақтылығымен, әрі қысқа, әрі нұсқалығымен, оқиғалығымен, танымдық мәліметтерінің молдығымен балалар үшін бағалы базарлық болды. Бұл жылдардағы балалар әдебиетінің мәселе қою сипаты да айрықша. Қ.Омаровтың, Р.Әбілқадырованың, Дәутаевтың, Н.Ақышевтың, С.Дүйсенбиевтің, Қ.Түменбаевтың, Ж.Қорғасбектің, т.б. балаларға арнаған туындыларында кейіпкерлер өздеріне етене табиғи ортада танылумен бірге, заманымыздың көкейкесті мәселелеріне араласады, оны шешудің жолдарын іздейді. Қ. б. ә-нің әр кезеңде әрқилы дамуына қоғамдық-әлеум. жағдай, тарихи-саяси талаптар шет ел әдебиеті әсер етті.
№9 практикалық сабақтың тақырыбы: С.Бегалин мен Ө.Тұрманжанов шығармашылығы.
Тапсырмалар: С. Бегалин өмірі мен шығармашылығы. С. Бегелиннің повестері, тәрбиелік мәні.
9-СОӨЖ тақырыбы: Әбу Сәрсенбаевтың өмірі мен шығармашылығы, балаларға арналған өлеңдеріне талдау.
Тапсырмалар: Ақынның балалар әдебиеті туралы ойлары.
Есеп беру түрі: баяндама
СӨЖ тапсырмалары: Сейітжан Омаровтың шығармашылығы туралы баяндама жасау.
Есеп беру түрі: мәтіндік мазмұндау.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
Омаров С. Жомарт жаз.-А,1976
Сәрсенбаев Ә. Бес томдық шығармалар жинағы. А. 1985
Сәрсенбаев Ә. «Ұстаздар мен тұстастар»-А,1986
Қазақ газет-журналдары (2000-2010)
Оныншы апта
№10 дәрістің тақырыбы: 1960 жылдардан кейінгі балалар әдебиетінің дамуы.
Терминдер мен анықтамалар: Б. Соқпақбаев шығармашылығындағы балалар өмірі.
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
Балалар әдебиетінің атасы Сапарғали Бегалиннің Москвада орыс тілінде екі рет басылып шыққан «Сәтжан» атты повесі.Повестегі басты кейіпкер — Сәтжан. «Сәтжан»повесі барлығы 8 бөлімнен тұрады.Әр бөліміне тақырыптар берілген: «Таңбалы таста», «Балапан ұясында», «Тырнақ алды», «Құс қуған бала» , «Жанайдың жаналықтары», «Алғашқы сонарда», «Жорға тауына жорық», «Есею жолында»; «Сәтжан» повесі негізінен аңшылық тақырыбына арналған. Мұның өзі-бала үшін үлкен өнер,бұл оны іскерлікке,икемділікке,алғырлыққа үйретеді.Бұл бір қыры болса,екінші қырынан тау қыранымен аң аулай жүріп,Сәтжан өз өлкесінің барлық сыр-сипатымен,оның байлығымен танысады.Өлкемен танысу Сәтжанға жаңа ой, жаңа қиял туғызады.Көре жүріп үйрену адамды үлкен іскерлікке баулитынын ол өз тәжірибесінен көреді.Жазушының шеберлігі аң аулау жұмысын өлкетану ісімен байланыстыруынан байқалады. Балалар әдебиетінің атасы Сапарғали Бегалиннің Москвада орыс тілінде екі рет басылып шыққан «Сәтжан» атты повесі.Повестегі басты кейіпкер — Сәтжан. «Сәтжан»повесі барлығы 8 бөлімнен тұрады.Әр бөліміне тақырыптар берілген: «Таңбалы таста», «Балапан ұясында», «Тырнақ алды», «Құс қуған бала» , «Жанайдың жаналықтары», «Алғашқы сонарда», «Жорға тауына жорық», «Есею жолында»; «Сәтжан» повесі негізінен аңшылық тақырыбына арналған. Мұның өзі-бала үшін үлкен өнер,бұл оны іскерлікке,икемділікке,алғырлыққа үйретеді.Бұл бір қыры болса,екінші қырынан тау қыранымен аң аулай жүріп,Сәтжан өз өлкесінің барлық сыр-сипатымен,оның байлығымен танысады.Өлкемен танысу Сәтжанға жаңа ой, жаңа қиял туғызады.Көре жүріп үйрену адамды үлкен іскерлікке баулитынын ол өз тәжірибесінен көреді.Жазушының шеберлігі аң аулау жұмысын өлкетану ісімен байланыстыруынан байқалады. «Таңбалы тастағы» әр алуан суреттер мен әр түрлі тастардың табылуы жай нәрсе емес екені Сәтжанды үлкен ойға қалдырған-ды.Балалар үшін жазылған көркем әдебиеттегі ең құнды мәселе-өзінің оқушысын осы сияқты істерге баулып,өмірге үйрететіндей,соған қызықтыратындай уыты болуында.
№10 практикалық сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев шығармашылығы.
Тапсырмалар: Б. Соқпақбаев өмірі мен шығармашылығы. Әңгімелеріндегі балалар өмірі.
Есеп беру түрі: баяндама
10-СОӨЖ тақырыбы: Қалмақан Әдбдіқадыров шығармашылығы. «Қажымұқан» повесі
Тапсырмалар: Балалар әдебиетінің жанрлық өсуі
Есеп беру түрі: реферат
СӨЖ тапсырмалары: Машқар Гумеров шығармашылығы туралы баяндау. «Құпия дәптері», «Бірінші тоқсан» повестерін мазмұндау.
Есеп беру түрі: Баяндап-талдау.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
Қазақ балалар әдебиеті. –А,1974 ж.
Ш.Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті тархының очеркі. –А,1965
Тұрсынбаев Б. Гумеров М. Төрежанов М. А., 1992
Гумеров М. Ортаншы ұл. А., 1990
Он бірінші апта
№11 дәрістің тақырыбы: С. Сарғасқаев, Қ. Қайсенов шығармашылығы
Терминдер мен анықтамалар: Батырлық пен балалық белестері
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
Белгілі балалар жазушысы Сансызбай Сарғасқаевтың есіні жас өспірімдерге жақсы таныс. Ол 1925 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, «Шарбақты» колхозында туған. 1943—1948 жылдары Кеңес Армиясы катарында болған. Армиядан қайтқан соң, «Қазақстан пионері», «Жұлдыз» журналында қызметте болды. КПСС мүшесі. Ол жастық шағын еске алып бірде былай деп жазған еді: «Біз кішкентай үгітшілер едік, бригадалар мен фермаларды аралайтынбыз, газеттер мен журналдарды оқып беретінбіз. Жауынгерлік листоктар шығаратынбыз, концерттер көрсететінбіз. Біз сауатсыздыққа қарсы күрестік, - ауыл шаруашылығының зиянды жәндіктерін құртыстық, масақ терістік. Жорыққа шығатынбыз, жас бөбектер мен қарттарға жәрдемдесетінбіз. Мұны ешқашан да ұмыта алмайсың.
Мойнына ал қызыл галстук тағып пионер болып, жас ұландар ұйымының жұмысына жасынан белсене араласқан Сарғасқаев 1949 жылы республикалық пионер журналының бетінде «Сын» атты алғашқы әңгімесімен көрінді. Осы шағын әнгімесінде ол батыр ағасына еліктеген жас пионер арқылы шындықты сүюді, адал болуды жазды.
Алғашқы қаламын пионерді суреттеуден бастаған жазушы мұнан кейін республикалық «Лениншіл жас», «Қазақстан пионері» газеттері мен «Пионер» журналының беттерінен жиі-жиі көріне бастады.
1953 жылы Сарғасқаевтың «Достар» деген әңгімелер жинағы шықты.
Мұнан кейін Сансызбай 1954 жылы «Сәуленің жаңа достары», «Сұлутөрдін балалары» (1956), «Бір көшенің бойында» (1961), «Сынған тіс» (1963) атты повестер мен «Балалар» (1958), «Шындық» (1964) атты әңгімелер жинақтарын жарыққа шығарды. Жинаққа енген жиырмаға тарта шағын әңгімелер тақырыбы, оқиғасы жағынан алғашқы әңгімелерінен әлдеқайда көркем. Бұлардан жазушының қаламы өткірленіп, шеберлігі арта түсіп, кекселенгендігі бірден байқалады. Әсіресе «Өкініш», «Көз», «Шатақ», «Сабақ», «Жігіт» секілді әңгімелері композициялық шырақтығы, сюжеттік тартымдылығы, бояу нақышының айқындылығымен көзге түседі. Сансызбай Сарғасқаев пионер өмірін толық та жете біледі. Ол жас ұландар өмірін, қызықты істерін жай ғана тіркеуші емес, алға мезеуші. «Мен пионерлерді инитивасы, тапқырлығы үшін, коллективтілігі мен шынайы достықтары үшін жақсы көремін. Міне сондықтан да олар менің шығармаларымның басты кейіпкерлеріне айналды» деуі өте орынды. Балаларға өз өлкесін жақсы таныту үшін жазушылар қолданатын бір шеберлік — пейзажды, жаратылыс сұлулығын әдемі суреттеп, өмірді, қозғалысты толық елестетіп, балалардың уылжыған жас жанына эстетикалық әсер, бойына жігер, қайрат беретіндей етіп көрсету. Оның «Бүршік жапырақ жаяды» повесі жаратылыс сұлулығын-таң шапағын суреттеудең бастаған: «Бүгін де күндегідей еді. Көкжиектің етегін түре таң біліне бергенде «Сұлу-төрдің» сүйір-сүйір шоқыларына қонған боп-боз ақша бұлттар таң шапағымен бойына қан жүгіргендей, ашық қызыл түске еніп, бейне бір күлтеленген гүлдей жұмыр-лана қалғанды. Таң самалы түнгі ауыр ауаны ысырып, әлде бір жадырақ қылықты әкелгендей селоның үстін сипап өтіп, жасыл жапырақтарды баяу тербетеді. «Сұлу-төрдің» найзадай тік қадалған биік шындарына түскен күн сәулесі бірте-бірте оның терең аңғарларына сүңгіп, торланған қос көлеңкенің жамылғысын бұзып өтіп, арғы қабағына шаншыла қалды. Қара-коңыр аспан көкшіл тартып, кең алқапта, қалың ағаштар да ашық сәуле құшағына енді. Енді бірде Бүкіл алқапка мол нұрын шашып «Сұлутөрдің» иығынан отты үлкен шар секілді — күн шыға келді».
Сансызбай адам портреттері мен психологиясын пейзаж арқылы толықтыра суреттеуге шебер. Жалаң пейзаждын ғана емес, оны өмірмен, адам тіршілігімен, еңбек процестерімек байланыстыра суреттейді. Адам — табиғат перзенті. Табиғаттың даму, өзгеру заңдылығы сияқты адамның да сыры, мінезі, іс-әрекеті әр алуан. Жазушы басты кейіпкерлерін табиғат көріністерін суреттеуге байланыстыра гуманизм рухымен тоғыстырған.
Повестің басты кейіпкерлері — Раушан, Мақсұт, Олақ, Ақан. Бұлардың бәрі де бесінші класс оқушылары. Олар не нәрсені болса да қызыға, қуана қарсы алатын, ойындағысын орындағанша тыныштық көрмейтін, таудай талабы бар намыс иелері. Олардың көзге түсерлік елеулі еңбек еткілері келеді. Бірақ оны неден бастау керек? Әң-гіме сонда. Раушан да, Олақ та, Ақан да қаладан жаңа көшіп келген агрономның баласы Мақсұттың Москваға Бүкіл одақтық халық шаруашылығы көрмесіне қалай барғанын білгісі келеді. Олар Мақсұт сияқты Бүкіл одақтық халық шаруашылығы көрмесіне баруды армандайды. Осы проблеманың шешілуін автор тағы да әрекетке, балалар инициативасына, асқақ романтикасына әкеліп тірейді:
Повесте пионерлердің осындай үлкен талаптарын қолдап, соған басшылық ететін биология пәнінің мұғалімі Жомарт Алматаев пен колхоз агрономы Дулаттың образдары солғын шыққан. Олардың қимыл, әрекеті көбіне баяндау тұрғысында шешіледі. Кейбір эпизодтарда ғана кылаң еткені болмаса, көздеген мақсатка жетпей калған. Әрине, бұрын «Сұлутөрдін балалары» деген атпен жарық көрген бұл повесті жазушының біраз жөндегені көрініп тұр. Қосылған тараулар мен толықтырулар әлі де теренірек қарауды қажет ететін секілді.
№11 практикалық сабақтың тақырыбы: Мұқан Иманжанов шығармашылығы.
Тапсырмалар: М. Иманжановтың өмірі мен шығармашылығы.
11-СОӨЖ тақырыбы: Сәуірбек Бақбергенов шығармашылығы, тарихи тақырыптағы шығармалары.
Тапсырмалар: Сәуірбек Бақбергенов шығармашылығындағы өзекті мәселелер
Есеп беру түрі: баяндама
СӨЖ тапсырмалары: Мұхамеджан Етекбаевтың шығармашылығы
Есеп беру түрі: баяндама-реферат
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
Қазақ балалар әдебиеті. 1974ж
Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. 1965
Бақбергенов С. Шығармалар жинағы. А.1987
Қазақ-совет балалар жазушылары А1987
Қазақ газет-журналдары (2000-2010)
6.«Сөзстан» -А,1983
7. Ыбыраймов Б. Ой мен сөз.-А,1985
Он екінші апта
№12 дәрістің тақырыбы: Мұзафар Әлімбаев және «Балдырған»
Терминдер мен анықтамалар: Балалар психологиясы
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
Балалар поэзиясының барынша жатық, тілге жеңіл, көңілге қонымды болуын көп күйттеп, көп іс тындырған ақындарымыздың бірі – Мұзафар Әлімбаев. Баяндалар ой, айтылар оқиға қаншалықты қызықты, әсерлі болғанмен, техникалық жағынан мүлтіксіз орындалмаса, кішкентай оқырман жүрегіне жол таба алмаытыны бесенеден белгілі шындық. Ал ол үшін ақындық талантпен бірге айрықша шеберлік керек.
Мұзафар Әлімбаев – бала психологиясын бажайлап зерттеп, бала мінезін жетік білуге келгенде, үлгі етіп ұстанарлықтай артықшылығы бар ақын. Оның балалар әдебиетіндегі бүкіл творчестволық табысына жан беріп тұрған сиқырлы күштің көзін іздестіретін болсақ, осы ерекшелігіне назар аудармай өту мүмкін емес. Өлеңдерінің дені бала ұғымына бірден қона кететін салмақты ой тудырарлық тартымды оқиға, жеңіл штрихтарға құралады. Бұдан ақынның «арық сөйлеп, семіз шыққанды» ұнататыны, үлкен толғам айтамын деп үстірттікке ұрынбай, қарапайым ғана шындықтан қауқарлы поэтикалық шешім табуға тырысатынын сезінеміз.
Балалар баспа сөзіндегі ондаған жылдарға созылған қызметі, әсіресе 1958 жылдан тұңғыш рет шыға бастаған «Балдырған» журналында бас редактор болуым кішкентайлар әдебиетінің ерекшелігін, өзгешелігін, талап-тілектерін, мұң-мұқтажын зерттеуге себепші болды.
Міне, ширек ғасырдай туақыт ішінде октябряттар әдебиетін қалыптастыру және дамыту мәселелерімен тікелей шұғылданып, белсенді ат салысуыма тура келді. Осының бәрі менің бүлдіршіндерге рухани азық беруге өз үлесімді қосуыма мүмкіндік тудырып, творчествалық қажеттілікке орай, өмірден көріп-біліп алған әсерлеріме, оқып ізднуіме қарай үлкендерге де, балаларға да қатар жазып кеттім. Әрине, үлкендердің сыбағасы қомақтылау болды.
№12 практикалық сабақтың тақырыбы: Сансызбай Сарғасқаев шығармашылығы.
Тапсырмалар: Жазушы еңбектерінің маңызы.
12-СОӨЖ тақырыбы: Фантастикалық шығармалар және балалар әдебиеті.
Тапсырмалар: Ә.Мархабаев «Қолыңды әкел, келешек» еңбегінің маңызы.
Есеп беру түрі: презентация (слайд)
СӨЖ тапсырмалары: Жақан Смақов шығармаларына талдау.
Есеп беру түрі: Баяндама даярлау.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Қазақ балалар әдебиеті. 1974ж
2. Мархабаев Ә. «Қолыңды әкел, келешек» 1973
3. Қазақ-совет балалар жазушылары А1987
4. ҚБӘК. 12-том. Смақов Ж, Кәрбозин Ж, Молдағалиев А. 1992
5.Сөзстан.-А, 1983
6.Мархабаев Ә. Ғарыштағы қымыз.-А,1972
Он үшінші апта
№13 дәрістің тақырыбы:Қадыр Мырзалиев пен Т.Молдағалиев шығармашылығы
Терминдер мен анықтамалар:
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев, Қадыр Мырза Әлі (5 қаңтар 1935 жыл, Жымпиты, Орал облысы - 24 қаңтар 2011 жыл,Алматы) — ақын, Қазақстанның халық жазушысы (1995), ҚР Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары 1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі. «Балауса» баспасының редакторы. Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне екі рет депутат болып сайланды, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды.
Оның тұңғыш туындысы 1954 жылы республикалық «Пионер» балалар журналында жарияланды. Содан бергі уақыт ішінде оның жетпістен астам поэзиялық, прозалық, сондай-ақ әдеби-сын кітаптары жарық көрді, өлеңдері мектеп оқулықтарына енді.
Ал әнге арнап жазылған өлеңдерінің саны екі жүзден асты. Олардың көбі халыққа кең тарады, «Күндер-ай» атты жеке кітап болып басылып шықты. Талантты ақын қаламынан халық фольклорының атақты күлдіргі кейіпкері Алдар көсе жайлы «Сақал саудасы», «Қасқыр қақпан» атты өткір сатиралы комедия мен Махамбеттің ең соңғы азапты күндеріне арналған «Жаралы жолбарыс» атты және «Әмір Темір» кесек драмалық шығармалары да жарық көрді. Тұңғыш жинағы «Көктем» 1959 жылы жарық көрді.
1935 жылы 20 наурызда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, "Жарсу" совхозында дүниеге келді. Тұманбай Молдағалиев - сыршыл лиризмді дамытқан ақын, Қазақстанның халық жазушысы.
1956 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. Өзінің шығармашылық еңбек жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналынан бастайды 1959-1970 жылдар аралығында "Пионер" журналында қызмет атқарады. 1970-1973 жылдар аралығында "Балдырған" журналының жауапты хатшысы болды. 1973 жылдан "Жазушы" баспасы жанындағы Балалар және жастар әдебиетінің бас редакциясы мен "Жалын"-ның бас редакторы болып істеді.
Тұманбай Молдағалиевтың өлең, поэмалары 40-тан астам жинақ болып басылып шықты. 1954 жылы Т.Молдағалиевтін тұңғыш өлеңі "Украина қызына" жарияланды. Алғашқы өлеңдер жинағы "Студент дәптері" 1957 жылы жарық көрді. Т.Молдағалиев нәзік сырлы, ойлы да отты жырлармен танылды. 1960 ж. "Кәмила", 1961 ж. "Көктем таңы" , 1963 ж. "Алатау қызы", 1964 ж. "Ферюза туралы жыр", 1965 ж. "Зулайды күндер", 1966 "Жүрегім менің сапарда" т. б. жинақтары шықты. 1967 жылы жарық көрген "Жаңа дәптер" атты кітабы үшін 1968 жылы "Қазақстан комсомолы" сыйлығының лауреаты атанды. "Ескерткіш" (1969), "Шақырады жаз мені" (1970), "Жүрек ояу қашанда" (1972) атты кітаптары да оқушылардың ілтипатына бөленді. Оның "Қош, көктем" атты таңдамалы өлеңдер кітабы (1971), "Хаттар" атты поэмалар жинағы (1974) жарық көрді. Т.Молдағалиевтің орыс тілінде "Я - сын Семиречья" (1962), "Первая встреча" (1968), "Новая тетрадь" (1969) атты өлеңдер жинақтары шықты. Т.Молдағалиев көптеген ән мәтіндерін жазды. Оның "Құстар қайтып барады" (музыкасы Н.Тілендиевтікі), "Бақыт құшағында", "Әнім сен едің" (музыкасы Ш. Қалдаяковтікі), "Ертіс вальсі" (музыкасы Жамақаевтікі), "Шақырады көктем" (муз. Ә.Бейсеуовтікі) атты әнге жазылған өлеңдері халық арасына кең тараған. Ол байрон, М.Ю.Лермонтов, Т.Г.Шевченко, Туманян, С.Канутикян, Ғ.Ғұлам, Х.Ғұлам, Р.Ғамзатов, Ұйғын, Зулфия, Д.Жалсараев және т.б. ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударды.Ақынның 1990 жылы 13 томдық шығармалар жинағы, 2004 жылы 14 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. 1992 жылы Физули атындағы Халықаралық түркі дүниесі ақындары сыйлығы тапсырылды. Тұманбай Молдағалиев шығармашылығының ең басты ерекшелігі-оның өлеңдері сезімге толы. Ақынның «Қош көктем», «Жаңа дәптер», «Жүрек ояу қашанда», «Махаббат оты сөнбейді», «Жүрегім менің сапарда», «Мен де жиырма жаста едім», «Жүректегі жазулар» т.б. жыр-жинақтарын жазды.
№13 практикалық сабақтың тақырыбы: Мұзафар Әлімбаев шығармашылығы
Тапсырмалар: М.Әлімбаетың өмірі мен шығармашылығы, поэзиясының ерекшелігі, балаларға арналған шығармаларының жанрлық ерекшелігі.
13-СОӨЖ тақырыбы: Т.Молдағалиевтың балалар әдебиетін дамытудағы ролі.
Тапсырмалар: М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесі
Есеп беру түрі: мазмұндап-талдау
СӨЖ тапсырмалары: Қ.Мырзалиев пен Т.Молдағалиев шығармаларындағы өзекті мәселелер.
Есеп беру түрі: реферат
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
Молдағалиев Т. Етекбай атам үйінде. А. 1982 ж.
Мағауин М. «Бір атаның балалары». А. 1980 ж.
3. Мырзалиев Қ. Сөз сиқыры.-А,1987
4. Сөзстан – 1983 ж. А. 1983 ж
5. Ыбыраймов Б. Ой мен сөз.-А,1985
Он төртінші апта
№14 дәрістің тақырыбы: Қазіргі балалар поэзиясының дамуы.
Терминдер мен анықтамалар: әңгіме-мысалдарды мазмұндау
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
Кезінде Бердібек Соқпақбаев, Мырзабек Дүйсенов, Машқар Гумеров сынды қаламгерлеріміз қазақ баласы қызығып оқитын тамаша туындылар жазды. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта балалар прозасында біршама іркіліс бар сияқты. Оның үстіне қалыптасқан қаламгерлеріміздің көбі балалар әдебиетіне қалам тербей бермейді. Бұған қоса, кітап тиражы құлдырап, қаламақы да жойылып кетті. Сұранысы көп болғанымен, машақаты көп балалар прозасына жас қалам иелері де бара бермейді. Дегенмен елімізде «Дарабоз», «Балауса» сынды балалар әдебиетіне қатысты бәйгелер ұйымдастырылып келеді. Сол бәйгелерді жариялау арқылы балалар әдебиетінде көптеген жаңа есімдер белгілі болып, жаңа туындылар дүниеге келіп жататыны ғана көңілге медет. Жалпы, балалар әдебиетін дамытып, оның ішінде балалар прозасына жан бітіру үшін ең алдымен қаламақы проблемасы оңтайлы шешімін табуы тиіс. Бағашар Тұрсынбайұлы, жас сыншы:– Бүгінгі әдебиетімізде балаларға арналған прозалық шығармалар шынымен жоқтың қасы. Егер бұл сұрақты балалар әдебиетін шығарумен айналысып отырған баспаларға қойсаңыз, олар сөзсіз «бар» деп жауап берер еді.Өйткені шығарып отырған кітаптарын кім жоққа шығарсын? Ал олардың сапасын, мазмұндық сипатын, авторға қаламақы төлеп отыр ма, жоқ па, бұл кітаптар дүкендер мен балабақша, оқу орындарына түсіп отыр ма – қадағалап жатқан ешкім жоқ. Өз балаларына қазақ тілінде жазылған жақсы кітап таба алмай қаншама ата-ана сенделіп жүр. Кітап дүкендері болса өзге тілдегі кітаптарға лық толып тұр.Кешегі Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Мағжан Жұмабаев, Бейімбет Майлиндер, одан кейінгі буындар да балаларға арнап кесек шығармалар жазды ғой. Балалар әдебиетінде де, үлкен әдебиетте де үлкен жетістікке жетті. Ал бүгін «мен жазушымын» дейтін ағаларымыз балаларға жазбайды. Меніңше, шын ұлттың жанашыры болған қаламгер балалар әдебиетін айналып өтуге тиіс емес.
№14 практикалық сабақтың тақырыбы: Қ. Баянбаев пен М.Қабанбаев шығармашылығы.
Тапсырмалар: Қ. Баянбаевтың өмірі мен шығармашылығы. М.Қабанбаевтың өмірі мен шығармашылығы.
14-СОӨЖ тақырыбы: Ескен Елубаев шығармашылығы. Балаларға арналған кітапшалары.
Тапсырмалар: Жазушының әңгіме-мысалдары.
Есеп беру түрі: баяндама
СӨЖ тапсырмалары: Мәдіхат Төрежанов шығармашылығы туралы баяндау. Әңгіме, мысалдарын мазмұндау.
Есеп беру түрі: реферат
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1..Қазақ газет-журналдары (2000-2010 жж.).
2.Қазақ әдебиетінің тарихы 10-т.-А,2005
3.Қирабаев С.Тәуелсіздік рухымен.-А,2002
4.ҚБӘК. Тұрсынбаев Б, Гумеров М, Төрежанов М,-А,1992
Он бесінші апта
№15 дәрістің тақырыбы: Қазіргі балалар прозасының дамуы.
Дәріс мазмұны: 1.Балалар прозасының жанрлық түрлері.
2.Балалар жазушылары.
Әдебиеттер:
Қазақ газет-журналдары (2000-2010 жж.)
2. Қазақ әдебиетінің тарихы 10-т.-А,2005
3. Қирабаев С.Тәуелсіздік рухымен.-А,2002
№15 практикалық сабақтың тақырыбы: Қазіргі балалар әдебиетінің жанрлық дамуы.
Терминдер мен анықтамалар: Қазақ газет-журналдары
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конпектісі немесе тезистер)
Жалпы қазақ драматургиясының тууы, дамуы және қалыптасуы дегенде, қазақ балалар драматургиясының өзіндік даму жолын, ерекшелігін сараптау қажеттілігі туады. Қазақ балалар драматургиясының бастау көздерін іздегенде, қазақ ауыз әдебиеті үлгілеріне тірелеміз. Балаларға арналған сұрамақ, қаламақ, айтыс ойындар, мақал-мәтелдер, ертегілер мен аңыз әңгімелердің қазіргі балалар драматургиясының тууы мен қалыптасуына ықпал етті деуге негіз толық. Жаңа үрдіс бір күнде тумайды, ол ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрмен және ұрпақтан ұрпаққа берілетін рухани игіліктің негізінде дамиды. Ұлттық әдебиетіміздің рухани уызы - ауыз әдебиеті балалар драматургиясының да бастау көзі екені белгілі.Балалар драматургиясы қазақ әдебиеттану ғылымында мүлде аз зерттелген, тіпті кенже қалған сала екені анық. Балаларға арналған драмалық шығармалардың зерттеуші ғалымдардың назарынан тыс қалуы балалар драматургиясының кенжелеп дамуымен байланысты деуге де болады. Әйтсе де, қазақ балалар әдебиетіне, қазақ балалар драматургиясына арналған бірен-саран зерттеулер мерзімді баспасөз беттерінен орын алды. Балаларға арналған драмалық шығармалар оқулықтар мен хрестоматияға арнайы түрде кіргізілмесе де мектеп, балабақшаларда ертеңгіліктер мен мерекелерде жас жеткіншектерге жол тауып жатты. Әсіресе, балаларға арналған "Ұлан", "Ақ желкен", "Балдырған" сияқты газет-журналдар арқылы шағын пьесалар, мерекелік қойылымдар балаларға жетіп отырды.Қазақ балалар драматургиясын кенжелеп туды десек те, оның тууы мен дамуына бағдар жасай отырып, балаларға арналған драмалық туындылардың қазіргі кезде қазақ балалар әдебиетінің үлкен бір арнасы болып қалыптасқанына көз жеткіземіз. Жалпы қазақ балалар драматургиясы әлі де сарапталып, балалардың жас ерекшелігіне, шығарманың жанрлық сипатына, көркемдік тұрғыда жан-жақты қарастыруды қажет етеді.Балалар драматургиясын сөз еткенде, әрине оны бүкіл драматургиядан бөліп алып қарауға болмайды. Өйткені, бүкіл қазақ әдебиеті сияқты балаларға арналған пьесалардың да негізгі мақсаты — адамдарның асыл қасиеттерін, рухани байлығын бейнелеу, Отанымыздың қуаттылығы мен ұлылығын мадақтау, жастарды соған баулып тәрбиелеу, не болмаса өмірімізде кездесетін ескілік атаулының барлығынан, жиренішті мінезден, арамдық пиғылдан әлі арыла алмай жүрген адамдардың теріс қылықтарын мейлінше әшкерелеп, одан жастарды бездіру, аулақтату.Шығармасын балаларға арнаған драматургтеріміздің ескеретін тағы бір міндеті — балалардың жастық ерекшеліктеріне байланысты өзіне тән өзгеше қасиеттерін жете меңгеріп, дұрыс түсіну қажеттігі. Қазақ драматургиясы да балаларға арнап шығарма беруде құр қол емес. Ол соғыстан кейінгі жылдары балаларға тәрбиелік маңызы зор «Ыбырай Алтынсарин» (М. Акынжанов) сиякты тарихи такырыпка жазылған пьесасымен қатар «Алтын сақа», «Нұрлы тас», «Әлия Молдағұлова», «Жастық», «Есірткен ерке», «Біздің Ғани» сияқты пьесалар туды. Соғыстан қейінгі жылдары бұлардан басқа да мектеп сахнасына арналған біраз пьесалар «Лениншіл жас», «Қазақстан «пионері» газеттері мен «Пионер» журналында жарық көрді. Мысалы, С. Омаровтың «Портрет», Т. Ахтановтың «Өшпес даңқ», Ш. Ахметовтың «Қолқанат» атты пьесалары 1946—47 жылдары жазылды. Бұлардың қайсысы болса да көркемдік дәрежесі төмен шығармалар еді. Сондықтан да олар театр сахнасын көре алмады.Балалар драматургиясы үшін өміріміздің барлық жақтары да таңдаулы тақырып бола алады. Оған керек образдар да, прототиптер де өзімізбен бірге өміріміздің әр түрлі саласында, мектепте де, заводта да, колхозды ауылда да к құру жолында белсенді түрде ат салысуда. Ұнамды образ да, ұнамсыз кейіпкер де олардың қайсысынан болса да типтік образ жасау мүмкіншіліктері де бізде толық бар.Тақырып жөнінен балалар әдебиетінің ересек адамдарға арналған шығармалардан ешбір айырмасы болмасқа тиіс. Айырмасы, балаларға арнап тақырып таңдай білуде емес, соны балаларға түсінікті, ұғымды етіп, өзгеше түрде жаза білуде болуы керек. А.М.Горький айтқандай, балаларға да «сол туралы тек басқаша етіп» жаза білу керек. Қазақ балалар драматургиясын айтқанда, «Ыбырай Алтынсарин» пьесасын алуға болады. Бұл пьесасында автор шын мәнісіндегі өмір тартысын шебер суреттей алған. Мұнда Ыбырай бастаған өсіп келе жатқан прогресшіл күш пен Найзағара бастаған озбырлық пен зұлымдық күші күреске түседі. Пьесаның алғашкы актысында-ақ шиеленісе бастаған бұл жай окиға аяқталғанға дейін заңды дамып, орынды шешіліп отырады. Барлык іс-әрекет, тартыс-талас нанымды түрде көрсетіледі. Ыбырай ескі күшпен күрескенде жалғыз емес, оны жақтаушы күш— халық. Ыбырай барлық уақытта да өзінің халқына сүйенетіндігімен мықты.
15 практикалық сабақтың тақырыбы: Балалар прозасының жанрлық түрлері
Тапсырмалар: Балалар прозасының ірі өкілдерін талдау.
15-СОӨЖ тақырыбы: Қазіргі кездегі әдебиетінің дамуы, жас ақын-жазушылар шығармашылығы (2000-2010 жж.).
Тапсырмалар: Жас ақын-жазушылар еңбегімен танысу.
Есеп беру түрі: саралау.
СӨЖ тапсырмалары: «Қазіргі кезеңдегі балалар әдебиетінің дамуы қай бағытта» деген тақырыпта шығарма жазу.
Есеп беру түрі: реферат
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
Қазақ газет-журналдары (2000-2010 жж.).
2. Қазақ әдебиетінің тарихы 10-т.-А,2005
3. Қирабаев С.Тәуелсіздік рухымен.-А,2002
4. Сөзстан – 1983 ж. А. 1983 ж
5. Ыбыраймов Б. Ой мен сөз.-А,1985
6. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
Балалар әдебиеті пәнінің зерттеу нысаны.
Пән қай ғасырдан бастап зерттеле бастады?
Балалар әдебиеті жайында пікір білдірген ғұламалардың тұжырымдары.
Бесік жыры
Ертегілердің түрлері
Халық ауыз әдебиетінің бала тәрбиесіндегі атқаратын рөлі
ХІХ ғасырдағы халықтың саяси-әлеуметтік жағдайы
Сол жылдардағы Халық ауыз әдебиетінің өркендеуі
Балалар әдебиетін қалыптастырған жырулар
Ы.Алтынсариннің өмір сүрген жылдары, еңбек жолы.
1879 жылы шыққан «Қазақ хрестоматиясы» қандай мәселелерді қамтиды?
Ы.Алтынсариннің әңгімелері
Балалар әдебиетіне Ұлы Қазан төңкерісімен келген өзгерістерді атап айтыңыз
Ш.Құдайбердиев шығармаларын талдаңыз
20 ғасырдың басында қандай газет-журналдар шыға бастады.
20 ғасырдың басындағы ағартушы-демократ өкілдері.
Сұлтанмахмұттың оқу ағарту ға шақырған өлеңдері.
С. Дөнентаевтің мысал жанрын дамутудағы ролі қандай.
С. Көбеевтің мектеп оқушыларына арнаған хрестоматиясының маңызы неде.
Кеңес дәуіріндегі балалар әдебиеті қалай дамыды.
Б. Майлиннің балаларға арналған қандай шығармаларын білесіз.
І. Жансүгіров балаларға арнап қандай кітапшалар шығарды.
ҰОС кезінде қазақ әдебиетінің қандай дәрежеде болы.
ҰОС кезіндегі балалар әдебиетінің дамуына кімдер ықпал етті.
М. Әуезовтің балалар әдебиетіне қосқан үлесі.
С. Мұқановтің балалар әдебиетіне қосқан үлесі
Ғ. Мүсіреповтің балалар әдебиетіне қосқан үлесі
Ғ. Мұстафиннің балалар әдебиетіне қосқан үлесі
1956 жылғы ХХ съезден кейінгі жылымық кезеңінің әдебиетке әсері қандай болды.
Ә. Тәжібаевтің балалрға арнап жазған өлең-ертегілерінің маңызы қандай,
С.Бегалиннің кеңес дәуіріндегі балалар әдебиетінің дамуына қосқан үлесі қандай.
Ө. Тұрманжановтің балалар әдебитінің дамуына қосқан үлесі қандай.
Қ.Қайсенов ҰОС жылдары қай жерде майданға араласты
Қ.Қайсеновтың партизандар туралы шығармаларының ерекшелігі неде
С.Сарғасқаевтың Шаншатай повесінің кейіпкерлері туралы не білесіз
С.Сарғасбаевтың балалар өмірінен жазған шығармаларының ерекшелігі неде
Қ.Қайсенов ҰОС жылдары қай жерде майданға араласты
Қ.Қайсеновтың партизандар туралы шығармаларының ерекшелігі неде
С.Сарғасқаевтың Шаншатай повесінің кейіпкерлері туралы не білесіз
С.Сарғасбаевтың балалар өмірінен жазған шығармаларының ерекшелігі неде
Қ. Мырзалиевтің туып өскен ортасы
Қ.Мырзалиевтің балалар ақыны болып қалыптасуы қай кезең
3.Қ,Мыззалиевтің «Күміс қоңырау» жинағының жанрлық ерекшелігі неде
Т.Ммолдағалиевтің балалар арналған өлең-тақпақтарының ерекшелігі неде
ТЬ.Молдағалиевтің мысал ертегілердің түрлері
Қазіргі балалар әдебиеті туралы қайдан оқып білуге болады?
Қазіргі балалар поэзисы туралы зерттеулер барма?
Қазіргі балаларға жазып жүрген ақындар кімдер?
Соңғы кезде шыққан қандай балалар жинақтарын білесіз?
Қазіргі қазақ балалар прозасының даму бағыты қандай?
Қазіргі балаларға жазып жүрген жазушылар?
Соңғы кезде шыққан балаларға арналған прозалық шығармалар?
7. Аралық бақылау тапсырмалары (1 және 2)
8. Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар тізімі
9. Бақылау түрі – аралас емтихан (емтихан материалының құрылымы)
10. Бағалау өлшемдері
Достарыңызбен бөлісу: |