Күні: 02. 05. 2017 ж Сыныбы: 7 Тақырыбы: Өлмейтін ерлігіңді дәріптейміз,Өнеге өміріңе еліктейміз! Мақсаты



Дата02.07.2018
өлшемі21,89 Kb.
#45703
Бекітемін:

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары: Б.Баяхметова

Күні: 02 .05.2017 ж Сыныбы: 7

Тақырыбы: Өлмейтін ерлігіңді дәріптейміз,Өнеге өміріңе еліктейміз!

Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Жеңістің қаншалықты қиыншылықпен келгенін түсіндіру. Елін, жерін, Отанын қорғауға оны суюге тәрбиелеу. Патриоттық сезімге баулу. Ауыл ардагерлерін құрметпен еске алу.

Көрнекіліктер: ерлік туралы нақыл сөздер. Батырлардың суреттері, альбомдар, буклеттер. Ауыл ардагерлерінің суреттері, бейнеролик көрсету.

Түрі: Өнеге сағаты

Әдісі: қайталау, еске түсіру, түсіндіру

Барысы: І.Ұйымдастыру («Жылы жүрек»бір –бірлеріне жақсы тілек тілеу)

ІІ. Үй тапсырмасы

«Біз Қазақстандықтар бірегей халықпыз» тақырыбына шолу жасау.

Мұғалім:

Естідім – ау жеңіс үнін.

Гүрлідейді көк пен жер,

Қуанышпен қағып күлім,

Ойнақтайды қуанған ел.

Шықты ойнап жас ұландар,

Мәз- мәйрам боп күліп сақ-сақ,

Қуанышты барлық жандар,

Жеңіс атты жетті алтын шақ.

Жеңіс күні адамзат аңсап күткен күн. Жеңістің туын тіккен – 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні.Гитілершілер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай самалетті, 3700-дей танкті, 50 мыңдай орудия мен минаметті шабуылға шығарады. Жерімізге басып кірген жау іскерлерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жеті.Балалар, осынау сұрапыл соғысқа Кеңіс Одағының басқа да республикаларымен бірге жауды талқандап, Жеңіске жету ісіне біздің Қазақстан да өзінің лайықты үлесін қосты.. Біздің халқымыз Александр Матросов ерлігін қайталаған Сұлтан Баймағамбетовтың қазақтың батыр қыздары Алия Молдағұлова мен Мәншүк Маметованың «жау жолбарысына» қас қақпай қарсы шауып, гранатамен қоса жарылған Қарсыбай Сыпатаевтың есімдерін мақтанышпен атайды.

Ән: «Әлия» Тоқтауова Айназ бен Серікбекова Жанар

Халқымыздың Москваны қайсарлықпен қорғаған 28 панфиловшы батырларды ғұмыр бойы құрметпен еске сақтайды.Жеңіс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 28 панфиловшылардың 23-і қаза тапты, ал 28-дің 22-сі өз қазақстандықтар еді.Иә, балалар бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Отан соғысына қатысқанда Әди Шәріпов, Нүркен Әбдіров, Сергей Луганский, Жұмағали Сайын, Талғат Бегелдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Григорий Булатов, Сабалақ Оразалинов сияқты есімдері аңызға айналған ағаларымызды, әкелерімізді, апаларымызды тарих бетерінде «Батыр» деп жазып кетті.



IIІ. Ауыл ардагерлері – асыл қазынам

Ия, балалар осы біздің кішкене осы Көктүбек ауылынанда Ұлы Отан соғысына қатысқан ауыл ардагерлері аталарымыз болды. Олардың қан майданнан мүгедек болып елге келіп, Отанымыздың бейбітшілігі үшін еңбек етті. Олар: Садыханов Бейсенбек және Хамзин Кәржікен деген аталар.

Бүгін олар болмаса да олардың ұрпақтары, сүйген жарлары ошақтарының отын сөндірмей түтетіп отыр.

Оқушылар ауыл ардагерлері жайында мәліметтер оқиды.

Қортындылау:

Соғыс үмітсіз жесірлікпен балалардаң жетімдігін әкелді. Фашистердің істеген қылмысын Кеңес адамдары ешқашан ұмытпайды. Ұмытпайиын себебіміз- біздің халқымыздың көрген қайғы қасіретінің адамзат баласының ұрпақтары еді ешқашан көрмесе екн деп тілейміз. Міне, Ұлы Жеңіске 72 жыл толып отыр . Ел- жұртымыз аман, берекелі заман болсын балалар.! Жақсы оқып , ілтипатты, тәрбиелі .Отанын сүйетін нағыз азаматшалар болып өсе беріңдер.

Ән: «Отан» барлығы бірге

Үйге тапсырма: «ЕРЛІКТІ ДӘРІПТЕУ - ҰРПАҚ БОРЫШЫ» тақырыбында шығарма жазу

«Көктүбек орта мектебі» КММ

Өлмейтін ерлігіңді дәріптейміз,

Өнеге өміріңе еліктейміз!

(Өнеге сағаты)



Сынып жетекшісі: Гульмира Нугыманова
Каталог: uploads -> doc -> 0f43
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f43 -> Қауіпсіздік техникасының ережелері


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет