2. ДӘріс тезистері



бет8/28
Дата18.11.2022
өлшемі136,83 Kb.
#158806
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Байланысты:
Лекция тезистері

Сөздік әдіс
Біз сөздік әдіс тобына әңгіме, әңгімелесу, түсіндіру, пікірсайыс диспут, оқулықпен жұмыс, лекцияларды жатқызғанмен, бастауыш сыныптарда лекция әдісі қолданбайтыны белгілі.
Оқытудың әдістемелік жүйесі жаңартылып отырған жағдайда оқыту әдістерінің ең басты мақсаты - базалық білімді саналы меңгерту, пән аралық байланысты күшейту. Бастауыш сынып оқушыларында ұғымның қалыптасуына жағдай жасайтын - тиімді қолданылған оқыту әдістері.
Бастауыш сынып оқушыларының маңайымен қарым-қатынасқа төселуіне, өз ойын тұжырымдап айтуға жаттықтыратын әңгімелесу әдісі. Кіріспе әңгіме кезінде мұғалім оқушылардың шашыраңқы ұғымдарын жинақтайды, солардың ішіндеДүниетануұғымын жекелеп, өткен сыныптарда меңгерген ұғымдарын да қайталайды, жаңғыртып естеріне түсіреді. Мәселен, күздегі табиғат, күзгі адам еңбегі, өсімдіктер, жануарлар тіршілігі жайында бұрыннан алған білімдерін жаңа тақырыппен байланыстыруға мүмкіндік туады.
Адам, қоғам блоктарын оқығанда адам мен адам, қоғам мен адам арасындағы қатынастарды, байланыстарды ашуда берілетін ұғымды түсіндіріп баяндаудан гөрі, проблемалық сұрақтар қою. ситуациялар тудыру арқылы әңгімелесу басым болуға тиіс.
Бақылау әдісі
Жаратылыстанудан білім беру барысында қолданылатын әдістердің ерекше бір түрі - бақылау. Бақылаудың білімдік деңгейі жоғары. Оқушылар әр заттың, құбылыстың айырмасын, ұқсастығын, не солардың өздеріне ғана тән ерекшелігін бақылау нәтижесін де айыра алады. Бұл оқушылардың логиалық ойының дамуына әсер етеді.
Бақыланатын объектінің түрі мен мақсатына қарай бақылау ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді болып бөлінеді. Түрлі көрнекіліктер, түрі не өлі табғат заттарының жеке өріністері, тірішілік ерекшеліктері қысқа мерзімде бақыланады, ұзақ мерзімді бақылаулар бүкіл жыл бойына созылады. Жыл мезгілдерінің табиғат ерекшеліктерін, өсімдік, жануарлар тіршілігін, адам еңбегін бақылау - ұзақ мерзімді қажет етеді.
Ұзақ мерзімді бақылау нәтижесі және кезеңдерге бөлініп, сыныпта талқыланады, талдап қорытылады. Бақылаудың тиімділігін арттыру үшін бірнеше жұмыс түрлері ұйымдастырылады:
- Оқушылардың нені бақылайтынын білу;
- Бақылаудың мақсатымен танысу
- Бақыланатын заттың, не құбылыстың көлемін анықтау;
- Оқушылардың зейінін бақыланатын объектіге аудару;
- Салыстыру, жіктеу, топтау әдістерін бақылау нәтижесін қорытуда кеңінен қолдану. Осылардың нәтижесінде оқушылардың шашыраңқы ұғымдарын жүйеге келтіруге, жинақтап, табиғи заңдылықтарды меңгертуте мүмкіндік туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет