Пәннің мақсаты: Білім алушыларға бастауыш сыныптарда «Дүниетану» пәнін оқытуға қажетті теориялық және практикалық білім мен дағдыны меңгерту. Бастауыш мектепте «Дүниетану» сабақтарын ұйымдастыруға қажетті кәсіби іс-әрекетті жүзеге асыру үшін жалпы, мәдени және кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру.
Пәнді оқудың негізгі міндеттері: - қоршаған дүние және ондағы адамның орны туралы оқушыларда тұтас көзқарасты қалыптастырудың мәнін түсіндіру; «Дүниетану» пәнінің қазіргі білім беру жүйесіндегі орнын түсінуге ықпал ету; кіші жастағы оқушыларды қоршаған әлеуметтік-табиғи ортамен таныстырудың кешенді тәсілдері туралы білімді меңгерту;
- мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына қол жеткізу үшін оқыту мен тәрбиелеудің тиімді нысандарын, әдістерін, құралдарын дұрыс және ұтымды таңдау қабілетін дамыту;
- жаратылыстану, қоғамтану, тарих, география ғылымдарының қарапайым бастапқы ұғымдары мен осы ғылымдардың заңдылықтары туралы білімнің маңызын анықтау;
- пән бойынша оқу бағыттарын анықтау. Болашақ маман қандай ақпаратты оқушыға жеткізуі керек, сабақ соңында нені үйренуі керек деген сұрақтарға толық жауап беруі қажет. Осы сұрақтарға жауап бере отырып, пәннің метапәндік және пәндік мазмұнын, оқу бағдарламасының ерекшеліктерін, оқу материалын ұсыну үлгілерін, сондай-ақ оқытудың белгіленген нормативтік негіздерін анықтау.
Оқу нәтижелері: Нәтижесінде ««Дүниетану» пәнін оқыту әдістемесі» курсын меңгеру үшін білім алушыларға келесі білім-білік, дағдылар қажет:
• білім берудің белгілі бір деңгейінде қолданылатын әдістер мен тәсілдерді, ақпараттық технологияларды білу;
• қазіргі әлемдегі қоршаған ортаны қорғаудың маңызын, технологиясын, кіші мектеп оқушысының экологиялық мәдениетін қалыптастыру жолдарын білу;
• базалық және элективті курстардың оқу жоспарын құрастыра алу;
• оқу процесінің сапасын қамтамасыз ету үшін білім беру ортасының мүмкіндіктерін пайдалана алу;
• бастауыш ғылыми білім берудің теориялық негіздері мен технологияларын қолдану;
• кіші жастағы оқушылардың ғылыми дүниетанымының алғы шарттарын қалыптастыру;
• оқушылардың бақылау, талдау, жалпылау қабілеттерін дамыту жолдарын меңгеру.
• гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық ғылымдар саласында кәсіби міндеттерді шешуде теориялық және практикалық білімдерін пайдалану жолдарын меңгеру;
• оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктерін, тәрбиелеу және тұлғаны дамыту міндеттерін ескеру, заманауи педагогикалық технологияларды игеру;
«Дүниетану» пәні оқыту әдіснамасы негізгі үш ғылымға негізделеді: