2. ДӘріс тезистері


Сапалық анализ әдістері. Сапалық талдаудың реакцияларына сипаттама



бет4/31
Дата07.02.2022
өлшемі277,63 Kb.
#86660
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
АХ Тезисы лекции

Сапалық анализ әдістері. Сапалық талдаудың реакцияларына сипаттама.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Сапалық талдау. Сапалық талдау әдістері
2.Сапалық реакцияларды орындау әдістері.
3.Реакциялардың сезгіштігі
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Ортақ және жеке аналитикалық реакциялар. Кұрғақ және дымқыл талдау әдістері. Сапалық талдаудың химиялық және физикалық әдістері. Макро-, жартылаймикро- және микроәдістер.Аналитикалық химиялық реакциялар және олардың типтері. Сапалық реакцияларды орындау әдістері. Реакциялардың сезгіштігі және олардың өзіне тән белгілері. Реакциялардың сезгіштігін арттыру әдістері. Қосатұну, экстракция әдістері.
Аналитикалық химияда элементтерді немесе иондарды анықтауда көптеген реакциялардың ішінде тек өзіне тән аналитикалық өзгерістері болатын реакциялар қолданады. Реакцияның аналитикалық өзгерістеріне – газдың бөлінуі, нашар еритін қосылыстар тұнбасының түзілуі, анықталып отырған ерітіндінің түсінің өзгеруі, ерітіндінің әсерінен жалынның түстінің өзгеруі жатады. Айрықша қосылыс түзетін реакцияларды аналитикалық деп атайды. Химиялық өзгерістерге себеп болатын заттар – реактивтер немесе реагенттер деп аталады.
Аналитикалық реакциялардың негізгі сипаттамасы оның сезгіштігі мен даралығында. Белгілі заттың анықтау шегі немесе сезгішітігі деп – берілген реактив көмегімен анықталатын заттың (ионның) ең аз мөлшерін айтады. Осы көрсеткіш (шек) неғұрлым төмен болса, реакция соғұрлым сезімтал болады.
Сапалық талдауда қолданылатын анализдік реактивтер топтық, селективті (таңдамалы), спецификалық (ерекше) болып бөлінеді.
Сапалық аналитикалық реакцияларды, олардың орындалуына әдістеріне байланысты «құрғақ» және «дымқыл н/е ылғалды» деп екіге бөлуге болады. Ылғалды реакцияларды жүрзізу үшін реакцияға түсуші заттар міндетті түрде ерітілген болуы керек. Құрғақ реакциялар қатты заттармен жүргізіледі.
Зерттелетін ерітіндінің мөлшеріне, ерітіндінің көлемі мен арындалу әдістеріне қарай анализдік әдістер макро-, микро- және жартылай микро- әдістер болып жіктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет