2. ДӘріс тезистері


Аналитикалық химияның жалпы теориялық негізі



бет2/31
Дата07.02.2022
өлшемі277,63 Kb.
#86660
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
АХ Тезисы лекции

Аналитикалық химияның жалпы теориялық негізі.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Аналитикалық химияның анализ әдістері, жіктелуі
2. Сапалық, сандық анализдер.
3. Химиялық, физикалық, физика-химиялық анализ әдістері
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Сапалық талдау заттардың қандай элементтерден, иондардан, атом топтарынан немесе молекулалардан тұратынын анықтайды. Сандық талдау заттар құрамындағы элементтердің, иондардың сандық мөлшерін анықтайды. Қазіргі кезде қолданылып жүрген аналитикалық химия әдістерін үш топқа бөлуге болады: химиялық, физикалық және физика-химиялық әдістер.
Химиялық әдіс заттар арасында жүретін химиялық реакцияларға негізделген. Бұл реакция кезінде әр затқа (элементке, ионға) тән ерекше қасиеттері арқылы, яғни түсінің өзгеруі, тұнбаның түсуі, газдың бөлінуімен анықталады. Айрықша қосылыс түзетін реакциялар аналитикалық деп аталады.
Физикалық әдіс – элементтің, ионның физикалық тұрақты қасиеттері – түр-түсі, спектрі, тығыздығы арқылы заттың құрамын анықтайды.
Физика-химиялық әдіс бойынша, алдымен химиялық реакция жүргізіп, анықталатын затқа тән айрықша қосылыс алынады. Содан соң оны физикалық әдіспен зерттейді. (М: бөліп шығарған спектр сәулелерін өлшеу, жарық сіңіруін (калориметрия) өлшеу).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет