Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1 B



Дата07.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#83968
түріСабақ
Байланысты:
5ghfl


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1 B



Мектеп: №29 НЖББМ



Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бигазиева С.М

СЫНЫП: 8

Қатысқандар саны:



Қатыспағандар саны:

Тақырып

Химиялық формулалар бойынша есептеулер

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

8.2.3.1 Заттың құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу, элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын шығару.

Сабақ мақсаттары

- бинарлы қосылыстардағы құрамындағы элементтердің массалық үлесін, элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын шығара
білу.
-күрделі заттардың құрамындағы элементтердің массалық үлесін тауып, элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын шығарады.
-есептеу есептерінде массалық үлеспен формула құру дағдыларын жинақтайды.



Бағалау критерийлері

-Заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін табады, элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын шығарады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика және терминология
Химиялық элементтердің массалық үлестері, химиялық қосылыс, өлшем бірліктері, салыстырмалы атомдық масса, салыстырмалы атомдық масса,
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • Массалық үлесті табу үшін...................

  • Заттың формуласын шығару үшін--------------

Құндылықтарды дарыту

Көшбасшылық, өзара сыйластық, өмір бойы оқу.

Пәнаралық байланыстар

Математика

Бастапқы білім



7.1.2.12 Химиялық қосылыстардағы формула бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы


7 мин

Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, түгендеу, топқа бөлу
Оқушыларды түгелдеп, сабаққа назарын аудару.
Отырғышқа жапсырылған қызыл және көк стикерлер арқылы топқа бөлінеді.
«Бинго» ойыны арқылы өткен тақырыпты еске түсіру.
1. Химиялық формуланы құрастырудың элементтерін атаңыз?.
2. Тотығу дәрежесі дегеніміз не?
3. Қандай жағдайда тотығу дәрежелері 0-ге тең?.
4. Тотығу дәрежелері 3-ге тең қосылыстарға мысал келтіріңіз?.
ҚБ Мұғалім қолпаштау сөздері арқылы бағалайды. Жақсы, жарайсын, тамаша


«Ой қозғау» әдісі. Жаңа тақырып бастағанда оқушыларға бірнеше негізгі сөздер беремін. Ол сөздерді қаншалықты білетініне немесе білмейтініне қарай жұлдызша арқылы түстерін көтереді.
Негізгі сөздер. Химиялық формула , индекс, коэфициент, өлшем бірлігі, бинарлы қосылыстар, салыстырмалы атомдық масса, салыстырмалы молекулалық масса.
Жасыл – білемін, сары- сенімді емеспін,қызыл білмеймін.
«Стоп кадр» әдісі арқылы жаңа тақырып ашылады.



Суреттен не байқап тұрсыздар? Оқушылар өз ойларын білідіреді.





Амандасу

Қызыл және көк стикерлер

Интербелсенді тақта


Көрнекілік





Сабақтың ортасы
30 мин

«Түртіп алу » әдісі арқылы оқулықпен жұмыстанады. Оқулықтан алған мәліметтерін түртіп алып отырады.
Оқушыларға түрткі сұрақтар қою арқылы оқулықтан не түсінгендерін тексеріп аламын.
«Сұрақ ілмегі» әдісі

  • Массалық үлес дегеніміз не?

  • Массалық үлесті қандай әріппен белгілейміз?

  • Массалық үлестің өлшем бірлігі қандай?



«Қара жәшік » әдісі арқылы топтарға есептер беріледі.
Жұптық жұмыс
І топ.
1-тапсырма.
Берілген бинарлы қосылыстардың құрамындағы элементтердің массалық үлесін табыңыз.
СuO , H2O, MgO , CaO
Дескриптор:

  • Элементтердің салыстырмалы атомдық массасын табады.

  • Элементтердің салыстырмалы молекулалық массасын табады.

  • Элементтердің массалық үлесін табады.

2-тапсырма. Массаларының қатынастары m (S) : m (O) = 2:3 болса, зат формуласы қандай?


Дескриптор:

3-тапсырма
Қосылыстың құрамындағы магнийдің үлесі 0,015, ал оттектің 0,662, сутектің 0,025 болса, оның формуласы қандай?
Дескриптор:
-Есептің шартын жазады
-Элементтердің молярлық массасын табады.
-Элементтердің зат мөлшерін есептейді
-Қорытындысын жаза алады
ІІ топ.
1 –тапсырма Берілген күрделі заттардың құрамындағы элементтердің масалық үлесін табыңыз.

СаSO4 H2SO4 MgSO4 CuCO3


Дескриптор:



  • Элементтердің салыстырмалы атомдық массасын табады.

  • Элементтердің салыстырмалы молекулалық массасын табады.

  • Элементтердің массалық үлесін табады.

2- тапсырма.


Массалық қатынастары m(H): m(S ): m(O) 1:32:24 болса, осы заттың формуласын қандай?

Дескриптор:



  • Есептің шартын жазады

  • Элементтердің молярлық массасын табады.

  • Элементтердің зат мөлшерін есептейді

  • Қорытындысын жаза алады

3-тапсырма
Қосылыстың құрамындағы магнийдің үлесі 0,014, ал оттектің 0,552, сутектің 0,034 болса, оның формуласы қандай?



  • Есептің шартын жазады

  • Элементтердің молярлық массасын табады.

  • Элементтердің зат мөлшерін есептейді

  • Қорытындысын жаза алады

ҚБ. Смайликтер арқылы бағаланады.

Оқулық, және т.б, маркерлер

М.Қ.ОспановаҚ.С.Аухадиев,Т.Г.Белоксова Химия 8 сынып оқулығы


М.Қ.ОспановаАлматы «Мектеп» баспасы




Сабақтың соңы
3 мин

Рефлексия: «Чемодан. Ет тартқыш. Қоқыс жәшігі » әдісі. Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша кері байланыс береді.




Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау











Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет