Мәліметтер қоры. Негізгі түсініктер.
Мәліметтер қоры дегеніміз – белгілі түрдегі сипаттамаға (құрылымға) ие өзара байланысқан сақталатын ақпараттың жиынтығы.
Мәліметтер қоры бірнеше ортақ қасиеттерге ие көптеген элементтерден тұратын объектілерді суреттеуге арналған. Мысалы, объекті болып өндірістік ұжым табылуы мүмкін. Бұл объектінің элементтері (адамдар) тегі, аты-жөні, әкесінің аты, туған жылы, мекен-жайы және т.б. қасиеттерге ие болады.
Мәліметтер қорында келесі түсініктер қолданылады:
өріс – объектінің белгілі бір қасиетін сипатайтын ең кіші ақпарат бірлігі;
домен – өріс қабылдайтын көптеген мағыналар;
мәліметтер қорының құрылымы – өрістердің жиынтығы;
жазба – объектінің бір элементіне арналған өріс мағыналарының жиынтығы;
мәліметтер қорының файлы – сипатталатын объектінің элементтеріне сәйкес келетін көптеген жазбалар.
МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫНЫҢ модельдері
Мәліметтер қорының көмегімен шешілетін түрлі есептер мәліметтер қорын құрылымдау мен мәліметтердің өзара байланысын ұйымдастырудың түрлі әдістерін құрастыруға әкеп соқтырды. Соның нәтижесінде мәліметтер қорының бірнеше модельдері пайда болды. Мәліметтер қорының модельі деп мәліметтер қорын логикалық жағынан ұсынуды атайды. Бастапқы кезде
- иерархиялық,
- желілік,
- реляциялық мәліметтер қорының модельдері пайда болды, олар кейіннен классикалық, негізгі моделдерге айналды. Кейінгі кезде солардың негізінде –
- постреляциялық,
- көпөлшемдік,
- объектілі-бағытталған жаңа модельдер пайда болып, барынша дамып, іс-тәжірибеге енгізіле бастады.
Мәліметтер қорының хронологиялық дамуын келесі диаграмма түрінде көрсетуге болады:
1960 Мәліметтер қорының иерархиялық үлгілері
Желілік үлгілер
1970 Кодтың реляциялық үлгілер бойынша жұмыстары
Мәліметтер қорының реляциялық үлгілері
1990- Мәліметтер қорының үлестерілуі, клиент/сервер технологиясы
2000 Объектілі-бағытталған мәліметтер қоры
Кесте мәліметтердің тікелей «сақтаушысы» ретінде қарастырылады. Реляциялық жүйелерде кестені қалыптасқан дәстүр бойынша қатынас деп атайды. Кестенің жолын кортеж десе, бағанын артибут деп атайды. Оған қоса артибуттардың бірегей атаулары (қатынас шеңберінде) бар.
Қатынас үшін бірегей идентификатор қолданылады, яғни мәндері бір уақытта бірдей болмайтын бір немесе бірнеше атрибуттар, мұндай идентификаторды алғашқы кілт (түйінді өріс) деп атайды. Домен дегеніміз осы немесе басқа атрибут үшін мүмкін біртекті мәндердің жиынтығы болып табылады. Сонымен, домен ретінде аталынған мәліметтер жиынтығын қарастыруға болады, бұл жиынтықтың құрамдас бөліктері логикалық бөлінбейтін бірліктер (домен ретінде, мысалы, мекеменің қызметкерлерінің фамилияларының тізімі бола алады, алайда кестеде барлық фамилиялар болмауы да мүмкін) болып табылады.
Қатынас екі бөліктен – тақырыбы (аты) және мазмұнды бөліктен тұрады. Тақырыбы атрибуттардың шектеулі жиынтығын, ал мазмұнды бөлік (қатынас денесі) атрибут атының жұптары мен оның мәндерінің жиынтығын қамтиды. Мысалы келесі суретте тақырыбында келтірілген KOD, NAME және SUMM, атрибуттар болып табылады, ал SUMM-25000 немесе KOD-5216 қатынас денесінің элементтері болып табылады.
KOD
|
NAME
|
SUMM
|
5216
|
Асанов Н.Д.
|
25000
|
5217
|
Даулетов М.М.
|
17000
|
1-сурет. Реляциялық МҚ ұғымдарын түсіндіру кестесі
Реляциялық мәліметтер қорының (МҚ) басқа модельдерден ерекшелігі – пайдаланушы қалай істеу керектігін емес, оған қандай мәліметтердің қажет екендігін көрсетеді. Осы себепті реляциялық жүйелердегі МҚ бойынша орын ауыстыру және навигация процестері автоматты түрде болады, бұл міндетті МҚБЖ-да оптимизатор атқарады. Сонымен оптимизатор мәліметтердің қандай кестеден таңдалып алынатынын, мұндай кестелерде ақпараттардың қаншалықты көп екендігін, жазбалардың кестеде физикалық реті қандай екендігін және олардың қалай топтасқандарын және т.б. анықтай білуі қажет.
Сонымен қатар, реляциялық МҚБЖ каталог қызметінде атқарады. Каталогта МҚ құралған барлық объектілердің – кестелер, индекстер, триггер және т.б. сипаттамалары сақталады. Бұл бүкіл жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне өте қажет, себебі оптимизатор өз жұмысында каталогта сақталынатын ақпаратты пайдаланады. Каталогтың өзі де кестелер жиынтығы болып табылады, сондықтан МҚБЖ ерекше әдістер мен тәсілдерге сүйенбей-ақ, дәстүрлі құралдарды пайдалана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |