Тұнба – ерітінді жүйесіне басқа күшті элеткролитті қосса осы жүйедегі нашар еритін тұздардың ерігіштігі артады (ерігіштігінің артуын тұздық эффект дейді). Түрлi күштi электролит ерiтiндiлер кейде тұнбаның ерiгiштiгiн арттырады. Мысалы, PbSO4 ерiгiштiгi нитраттар (NаNO3, КNO3) қатысында артады. Қорғасын сульфатының қанық ерітіндісіне NаNO3, КNO3 ерітіндісін қосса сульфаттың ерітігішітігі артады және қосылған тұздың конц. ұлғайған сайын ерігішітігі арта түсетінін И.В.Тананаев және И.Б.Мизецкая анықтаған.
Сол сияқты таллий хлоридіне К2SO4 н/е КNO3 ерітіндісін қосса таллий хлоридінің ерігіштігі артады. Ал AgSO4-ң ерігішітігі NaCI н/е НNO3 қосқанда қатты артады екен. Mg(NO3)2қосқанда одан азырақ, ал КNO3 қосса одан да азырақ ериді екен.
Ерiтiндiдегi бөгде электролиттiң әсерiнен (басқа тұздың) тұнбадағы заттың ерiгiштiгiнiң өсуiн – тұздық эффект дейдi.
Тұздық эффекті ЕК тұрғысынан түсіндіруге болмайды, бірақ оны ерітіндінің иондық күші және ионның активтілігімен түсіндіруге болады.