2. ДӘрістер 1 Модуль Кеміргіштер, жыртқыштар, ескекаяқтылар отрядының систематикасы



бет9/11
Дата15.09.2017
өлшемі8,56 Mb.
#33700
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Америкалық борсық (American badger) денесінің ұзындығы 42-74 см, құйрығы 10-16 см, салмағы 10-12 кг. Канада мен Мексикада таралған. Құрғақшылық, шөлейт бұталармен жабылған жерлерде қоныс тебеді. Белсенді өмір сүруі түнде өтеді. Кеміргіштермен және тағы басқа ұсақ жануарлармен қоректенеді.

Америкалық күзен, немесе қара аяқты күзен (Mustela nigripes) денесінің ұзындығы 45 см, құйрығы үлпілдек, ұзындығы 15 см дейін, салмағы 0,3 кг артық. Денесі тапал, ұзынша өте қысқа аяқтарымен. Үлбірі негізінде ақ, түктерінің ұшына қарай қоюлана береді де, аңның жалпы түсі сарғыш-қоңыр реңді болады. Оның аяқтары мен құйрығының ұшы қара, ал қарааяқты күзен басқа күзендерге тән «қара бет» маскасы болады. Бұл түс оларға мекендеу ортасында байқалмауға көмектесетін түр есептеледі. Ұсақ жануарлармен, ірі жәндіктермен, құстармен қоректенеді.

Бирмалық сасықкүзен борсығы (Burmese Ferret badger) денесінің ұзындығы 33-44 см, құйрығы 15-23 см, салмағы 1-3 кг. Бирма, Қытай, Вьетнам, Тайланд және т.б. жерлерде таралған. Тарақан, қоңыз және шегірткелермен қоректенеді. Өзін қорғау үшін және ортада еркін өмір суру үшін аналь безінің сөлін қолданады. Жүкітілігі 57-80 күнге созылады. 1-3 күшік әкеледі.

Кәмшат (Lutra Lutra) денесінің ұзындығы 55-95 см, құйрығы 26-55 см, салмағы 6-10 кг. Табандары қысқа, жүзу жарғақтары болады. Құйрығы бұлшық етті, үлпілдек емес. Оның тіршілік етуі жартылай суда өтеді, онда сүңгіп, қорегін табады. Орман өзендерінде, көлдерде, тоғандарда мекен етеді. Белсенділігі жыл бойы байқалады. Орта азия, Тянь-Шань, Жетісу Алатауында, Алтайда таралған. Қазақстанда оның екі: cолтүстік және ортаазиялық түрлері бар. Көбінесе балық, ұсақ кеміргіш және құстармен қоректенеді. Жүктілігі жасырын кезеңін қосқанда 270 күнге жетеді. Жүктілік кезеңі 63 күнді құрайды. Екі жылда бір ет күшіктейді де, ұясында 2-5 күшігі болады. Ортаазиялық кәмшат Қазақстанның Қызыл Кітабына тіркелген.

Ақкіс (Mustela erminea) аталығының дене ұзындығы 17-38 см, аналығында 6-12 см, салмағы 70-260 г. Солтүстік Америка, Греция, Турция, Қытай, Жапония, Ресей және Қазақстанда таралған. Қазақстанда 2: тоболь, фергандық түрлері кездеседі. Олар орманды дала, тайга, тундра аудандарын мекен етеді. Су жағасында орнығып, кеміргіш, жәндік және құрғақ шөптермен қоректенеді. Жыныстық жетілуі 2-3 айды құрады. Жүктілігі жасырын кезеңін қосқанда 8-9 айға созылады. Ұясында 3-тен 18-ге дейін күшіктері болады.

Гризон (Galictis vittata) денесінің ұзындығы 47,5-тен 55 см. дейін, құйрығының ұзындығы 13-тен 19 см. дейін, салмағы 1,5-нан 3,8 кг. дейін. Денесі сымбатты, аяқтары қысқа болады. Арқасының түсі сұрғылт-сұр, маңдайдан төменгі тұмсығының бөлімі, мойынының төменгі бөлімі және құрсағы қара түске боялған. Мандайының ақ жолағы мойынының бүйірінен иығына дейін өтеді. Ол Мексика, Боливия, Аргентина және Бразилияда таралған. Тіршілік етуі, көбінесе күндіз, кейбір аумақтарда түнде өтеді. Ең жылы күндізгі сағаттарда жыртқыш, біршама демалады. Паналайтын жеріне щың құз жылғасы, ағаштың қуысы және тамыры, әрі сауытты аңнан қалған індер жатады. Ол көбінесе жерде, сирек ағаштарда болады. Жүктілігі 40 күнге созылады, бірден төртке дейін күшік туады.

Зорилла (Ictonyx striatus) денесінің ұзындығы 28,5-38,5 см. тең, құйрығы 20,5-30 см. Аналығының салмағы 566-880 г., аталығы - 681-1460 г. Африка, Сахара мен Нигерияда таралған. Саванна мен жазық жерлерде орын тебеді. Кеміргіш, жылан, құс жұмыртқаларымен қоректенеді. Түнгі уақытта өмір сүреді. Жауын көрсе, иісі жаман секрет бөледі. Жүктілік ұзақтылығы 36-37 күнге созылады, 1-ден 4-ке дейін күшік табады.

Илька (Martes pennanti) ірі сусардың бірі. Денесінің ұзындығы құйрығын қосқанда 72-120 см., салмағы 2-5 кг. Солтүстік Американың ормандарын мекен етеді, қылқанды орманда жүргенді ұнатады. Тышқан, тиін, құс және балықтармен қоректенеді. Олар ағашта өрмелейді, тәулік бойы белсенділік көрсетеді. Жүктілік мерзімі 11-12 айға созылады, оның 10 айы бойы ұрық дамымайды. Ұясында 5 күшікке дейін саналады. Тіршілік ету мерзімі 10 жылға жетеді.

Калан (Enhydra lutris) денесінің ұзындығы 120-150 см, салмағы 22-45 кг. құрайды. Қиыр Шығыс, Аляска және Калифорнияда таралған. Олар, көбінесе күндіз тіршілік етеді, көп уақытын суда өткізеді. Мұхит экологиясын сақтауда маңызды рөл атқарады, себебі теңіз кірпілері санын бақылайды. Шаян тәрізді теңіз жәндігі - краб, моллюск, теңіз кірпілерімен қоректенеді. Жыныстық жетілуі 3-5 жасында. Жүктілігі жасырын кезеңін қосқанда 7-8 айға созылады.

Колонок (Mustela sibirica) денесінің ұзындығы 28-30см., құйрығы 16,5 см. жетеді. Гималай, Қытай, Жапония, Қиыр Шығыс және Оралда мекен етеді. Орман, елді мекенде орнығуды ұнатады. Кеміргіш, жәндік және өлекселермен қоректенеді. Жүктілігі 28-42 күнге созылады. Ұясында 4-тен 10-ға дейін күшіктері болады.

Балжегіш (Mellivora capensis) денесінің ұзындығы 77 см., құйрығы 25 см., салмағы 7-ден 13 кг. дейін жетеді. Таралу аймағы Африка, Азия, Индия, Непал. Түрлі ауа райы-климат жағдайында, оның ішінде дала, орман және таулы жерде тіршілік етеді. Белсенділігі түнде болады. Қорек іздеп олар жерде жүреді, кейде ағаштарға, әсіресе балға жеткісі келгенде шығады. Кеміргіш, түлкі, жылан және жәндіктермен қоректенеді. 1-ден 2-ге дейін күшіктер туады. 26 жыл өмір сүреді. Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген.

Европалық құндыз (Mustela Lutreola) денесінің ұзындығы 28-40 см., құйрығы 12-20 см., дене салмағы 550-800 г. Европа, Ресей, Германия, Франция, Белоруссия, т.б. елдерде таралған. Бұлақ, өзен және көлдердің жағалаулары бойында қоныстанады. Ұсақ балық, кеміргіш, шаян, бақа және құстармен қоректенеді. Жүктілігі 42-46 күнге созылады. Аналығы 4-7 күшік әкеледі.

Шұбар күзен (Vormela peregusna Guldenstaedt) денесінің ұзындығы 29-38 см., құйрығы 15-22 см., дене салмағы 370-730 г. құрайды. Европа, Азия, Ресей, Қытай, Монғолия және Қазақстанда таралған. Қазақстанда 2: каспийлік, жетісулық түрлері кездеседі. Дала, шөл, таулы жер, өзен мен көлдер маңайларында қоныстанады. Жыл бойы белсенділігін көрсетеді. Саршұнақ, аламан және құстармен қоректенеді. Жүктілігі 11 айды құрады, онда жасырын кезеңді ажыратады. Ұясында 3-тен 5-ке дейін саналатын күшіктері болады. Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.

Құну (Gulo gulo Linnaeus) денесінің ұзындығы 70-86 см., құйрығы 18-23 см., дене салмағы 9-18 кг. құрайды. Америка, Батыс Европа, Сібір және Қазақстанда таралған. Қазақстанда тек бір ғана: европалық түрі кездеседі. Жәндік, қоян, құс және өлекселермен қоректенеді. Екі жылда бір рет 2-ден 4-ке дейін күшіктер әкеледі.

Бұлғын (Martes zibellina Linnaeus) денесінің ұзындығы 56 см., құйрығы 20 см. дейін болады. Терісінің боялуы құбылмалы, сондықтан оның аталуы да ерекше. «Басы» ең қарасы және қымбаты. «Үлбірі» өте ашық түске, құмды-сары немесе қуқыл-сарғылтқа боялған – ең арзаны. Аралық боялғаны: «жағалығы-воротовой» - қоңыр реңді арқасында қою белдігі, бүйірлері ақшыл келеді, тамағында үлкен ашық түсті дағы болады. Ресей, Жапония, Қазақстанның Алтай өңірлерінде кездеседі. Қазақстанда тек бір - Алтайлық түрі ғана кездеседі. Тышқан, тиін, жаңғақ және жемістермен қоректенеді. Жүктілігі 250-290 күнді құрады. 3-тен 6-ға дейін күшіктер әкеледі.

Сарғыш күзен-солонгой (Mustela altaica Pallas) аталығының ұзындығы 21-ден 28 см., аналығы 21см.-ден 26 см., құйрығы 10-нан 15 см. дейін болады. Корея, Индия және Ресейде кездеседі. Қазақстанда екі: түркістандық, алтайлық түрлері кездеседі. Ұсақ кеміргіш, жәндік қоректі, құстармен қоректенеді. Жүктілік ұзақтылығы 30-49 күнге созылады, аналығы жылына екі рет 2-ден 6-ға дейін күшіктер әкеледі.

Тайра (Eira barbara) дарағының дене ұзындығы 56-дан 68 см. дейін, бұл жануардың салмағы 4-тен 5 кг. дейін болады. Америка, Аргентина, Мексиканы мекендейді. Тұлғасы сымбатты, созылыңқы, аяқтары біршама қысқа. Қалың, қысқа түгі қою-қоңыр түске боялған, ондағы басы басқа денесіне қарағанда біраз ақшылдау, ал алқымында, көбінесе сары немесе ақ дағы орналасады. Ол көбінесе түнгі уақытта белсенді тіршілік етеді, ағашқа өрмелеп, бірталай жерден секіріп өтеді. Жүктілігі 70 күнге созылады. Ұясында екі күшіктен болады.

Харза (Martes flavigula) шыршалы, аралас орманды жерді тіршілік ететін ерекше жануардың бірі. Дене ұзындығы 55-80 см., құйрығы 35-44 см., дене салмағы 5,7 кг. құрайды. Индоқытай, Қытай, Гималай және Ресейде қоныстанады. Жүктілігі 120 күнге созылып, ұясында 2-5 күшігі болады.

Сасық күзен (Mustela eversmanni Lesson) денесінің ұзындығы 52-56 см., құйрығы 18 см., сламғы 2 кг. дейін болады. Чехия, Югославия, Азия, Қиыр Шығыс және Қытайда кездеседі. Барлық аумақтарда таралған. Қазақстанда 2: петропавлдық, туркестандық түрлері бар. Түнде, іңірде тіршілік етеді. Белсенділігі күндіз де, түнде де, жалпы жыл бойы байқалады. Кеміргіш, ұсақ құс және өсімдіктермен қоректенеді. Жылына бір рет көбеюіп, 7-ден 14-ке дейін күшіктер әкеледі.

Сұрақтар:



  1. Жыртқыштар отряды, сусар тұқымдасына сипаттама беріңдер.

  2. Жүйеленуін атаңыздар.

  3. Халық шаруашылығында маңызы қандай?

  4. Көбеюі мен өсіп – дамуы қалай жүреді?

Әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10 – 12 (қосымша).
1 Модуль Кеміргіштер, жыртқыштар, ескекяқтылар отрядының систематикасы

10 - тақырып. Жыртқыштар отряды. Мысық тәрізділер тұқымдасы (Felidaе)

Дәріс жоспары:

Мысық тәрізділер тұқымдасына сипаттама.

Мысық тәрізділер тұқымдасының систематикасы, таралуы, көбеюі, халық шаруашылығындағы маңызы.

Жыртқыштар отряды, мысық тәрізділер тұқымдасына қысқаша сипаттама.

Тұқымдасты екі тұқымдас тармағына, төрт туысқа және отыз жеті түрге ажыратады. Мысық тәрізділер – жыртқыштардың ішіндегі өздерінің жемтіктерін баспалап, қарауылдап, сирек аңдып аулаудан ең жақсы әдістенген жануарлардың бірі болып табылады. Денесінің ұындығы 50 -ден 380 см-ге дейін, құйрығы 10-нан 114 см, салмағы 1,5-тен 275 кг арылығында болады. Жыртқыш тістері ұзын, майысқан. Азу тістері өткір және кескіш болып келеді. Барлық мысық тәрізділер жер үсті өмір салтымен өмір сүреді. Олар орман, сирек шөл даланы, саванналар мен тауларды мекендейді. Мысық тәрізділердің арасында жақсы жылдам жүгіретіндері де кездеседі. Олардың барлығы бармақтарымен жүреді. Тек жануарлармен ғана қоректенеді.

Көбінесе дараланып немесе топтап, ал арыстандар 20 дараға дейін немесе одан да көп топтармен өмір сүреді. Буаз болу кезеңі 55-270 тәулікке дейін созылады. Балалары соқыр және әлсіз болып туылады. Көп түрлерінің аналықтары 12-15 айдан кейін жыныстық есейеді. Өмір сүру ұзақтығы 30 жыл.


Орман мысығының суреті


Орман мысығы – Felinae silvestris, кейде еуропалық немесе жабайы мысық деп те атайды. Сыртқы келбеті бойынша кәдімгі сұр мысыққа ұқсайды. Дене тұрқы 75-80 см, құйрығы 30-34 см, салмағы 6 – 10 кг шамасында. Батыс Еуропа, Шотландия, Кіші Азияда, Кавказда таралған. Орман мысығы таулы орманда және аралас ормандарда өмір сүреді. Буаз болу мерзімі 63-68 тәулікке созылады. 3-8 жас мысық туады. 9- 11 күнде өсіп жетіледі.

Дала мысығы- Felinae Lybica. Сыртқы көрінісі бойынша үй мысығына ұқсайды, сәл ғана үлкендеу және реңі басқа. Дене тұрқы 63-70 см, құйрығы сұр-сарғыштау 23-33 см. Қысқы жүнінің жалпы реңі арқасы мен жанында қара дақтары бар сұрғылтым-сарғыш. Құйрығында бірнеше қара сақиналары бар. Таралу ареалы: Орташа және Орталық Азия, Қытай, Армения, Орал, Қазақстан. Қара сексеуіл өсетін құмды шөлдерде, сазды көлдері бар бұталы жазықтықтарда мекендейді. Негізінен ұсақ тышқандармен, ондатрмен, қосаяқтармен және т.б. қоректенеді. Шағылысу мерзімі –қаңтар-наурыз айларында өтеді. 5-10 жас мысық туады.

Шағыл мысығы-Felinae margarita. Мысық тәрізділерге жататын түр. Шағыл мысығы негізінен Арабия, Синай түбегінде, Сахараның солтүстігі мен Пәкістанның құмды жерлерінде кездеседі. Ал Қазақстанда Маңғыстау түбегінің бұйратты құмдары мен шағылдарында және Қызылқұмды мекендейді. Дене тұрқы 40-52 см, салмағы 1,3-3,4 кг. арқасы мен бүйірі құм тектес сарғыш, денесінде айқын емес қара жолақтары болады. Құйрығының ұшы қара қоңыр. Құлағы үшбұрышты, самай сақалы жақсы көрініп тұрады. Табандарындағы тарақ тәрізді қалың қылшықтары олардың құмда еркін жүруіне мүмкіндік береді. Қоңыс тепкен жерлерінде ін қазады, кейде түлкі, қарсақтың ескі індерін де пайдалана береді. Ұсақ кеміргіштермен (қосаяқтар, құмтышқандар), кейде бауырымен жорғалаушылармен, ұсақ құстармен және жәндіктермен қоректенеді. Корегін аулауға түнде шығады. Шағыл мысықтар ақпан-наурыз айларында шағылысып, аналығы сәуір-мамырда 2-5 (көбінесе 3) жас мысық туады. Құмды, шөлді аймақтарда тіршілік ететін болғандықтан аз зерттелген. Шағыл мысығының саны қай жерде болсын аз, Қазақстанда 1952-55 ж. оның 6 дарасы ұсталғаны туралы деректен басқа мәлімет жоқ. Республикада Үстірт және Ақтау-Бозашы қорықшыларында қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Қамыс мысығы-Felinae chaus. Басқа мысықтарға қарағанда ірілеу келеді, мөлшері 73-75 см аралығында, салмағы 16 кг дейін. Денесі салыстырмалы алғанда қысқа, аяқтары биік, құйрығы ұзын емес, құлағында кішілеу шашақтары немесе тұлымы бар. Өзен көл бойындағы қопалар мен тоғайларды мекендейді. Құм қояны кеміргіштер, су құстарымен қоректенеді. Жемін көбіне түнде аулайды. Жылына бір рет қаңтар-сәуір айларында мауығып, мамырда 3-5 мысық табады. 1,5 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Қамыс мысығының терісі аса бағалы емес, сондықтан оның шаруашылық маңызы шамалы. Ауыл шаруашылықтарына зиян келтіреді.

Манул- Felinae manul. Қысқа жуан аяқтары бар үй мысығына ұқсайды. Басы нығырлау келген, құлақтары домалақтанған, құйрығы өте жуан. Дене тұрқы 52- 65 см, құйрығының ұзындығы 21-25 см. Манул санаулы ғана, сол себептен қызыл кітапқа енгізілген.

Пума
Систематикасы (жүйеленуі): Пума және ягуар- Felinae concolor. Пуманың екі түр тармағын ажыратады (флоридтік және шығыс пумалары). Бұл екі түр де Қызыл кітапқа енгізілген.



Сипаттамасы: бұл өте ірі аң, 197 см. ұзындыққа дейін жетеді, құйрығының ұзындығы 82 см, салмағы 105 кг. Пуманың денесі тым ұзарған, басы үлкен емес, күшті, сымбатты аяқтары, ұзын құйрығы бар. Жүні қалың, бірақ қысқа жоғарғы жағы сарғыш-бурыл түске,ал төменгі жағы ақ түске боялған. Мұрнының ұшы ақ түсті.

Таралуы: Канада, Оңтүстік Америка. Таулы ормандарда мекендейді.

Көбеюі және өсіп дамуы: буаз болу мерзімі 90 тәулік. 2-3 бала туады.

Балық аулағыш мысық Оцелот
Балық аулағыш мысық - Felinae viverrina негізгі азығы балық. Денесінің ұзындығы 100-120 см. аралығында толқиды,оның сұр түсті жүні қара ірі дақтармен бейнеленген, ал маңдай бөлігі жолақты. Систематикасы (жүйеленуі): Оцелот – Felinae padalis мысық тұқымдасының ішіндегі көлемі жағынан ең кішісі. Сипаттамасы: Дене тұрқы 135-150 см-ге дейін жетеді, бұның 30-40 см құйрығы алады. Бұл басы үлкен, күшті және сымбатты жануар. Қызыл кітапқа енгізілген. Таралуы: Оңтүстік Америкада.

Көбеюі мен өсіп дамуы: буаз болу ұзақтығы 70 тәулікке созылады. 2-4 бала туады.

Леопард
Систематикасы (жүйеленуі): Мұнарлы леопард – Felinae nebulosa. Дене көлемі бойынша кіші және орташа мысықтардың ортасындағы жануар. Сипаттамасы: дене тұрқы 62-106 см. құрайды, құйрығы 60-90 см., салмағы 16- 23 кг. Денесі ұзыншақ, майысуға икемді, аяқтары қысқа жалпақ табанды, жалаңаш қатты сүйелдері бар. Ағашқа шығуға бейімді, ыңғайлы. Қалың жүнінің түсі сұр немесе сарғыш түсті. Таралуы: Оңтүстік Азияда, Қытайда, Непалда. Нулы тропикалық орманда мекендейді. Көбеюі және өсіп-дамуы: буаз болу мерзімі 86-92 тәулікке созылады. Балаларын кеуекте (қуыста) 2-5-еу етіп туады. Қызыл кітапқа енгізілген.

Сұрақтар:

1. Жыртқыштар отряды, мысық тәрізділер тұқымдасына сипаттама беріңдер.

2. Систематикасын (жүйеленуін) атаңыздар.

3. Халық шаруашылығындағы маңызы қандай?

4. Көбеюі мен өсіп-дамуы қалай өтеді?

Әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)


1 Модуль Кеміргіштер, жыртқыштар, ескекаяқтылар отрядының систематикасы

11 - тақырып. Ескекаяқтылар отряды. Итбалықтар тұқымдасы. PINNIPEDIA.

Дәріс жоспары:

Итбалықтар тұқымдасына сипаттама.

Итбалықтар тұқымдасының систематикасы.

Итбалықтар тұқымдасының таралуы, көбеюі, халық шаруашылығындағы маңызы.



Ескекаяқтылар отрядына қысқаша сипаттама. Ескекаяқтылар — орташа және ірі көлемді жыртқыш жануарлар, сулы ортада мекендейді, бірақ өмірінің белгілі бір кезеңдерінде (көбею және түлеу кезінде) қатты субстратты (организм қоректеніп тіршілік ететін орта) (мұз, құрлық) және ұзақ уақыт бойы ауада болуды қалайды. Ескекаяқтылар- көп емес 30 түр шамасындағы топ. Қысқа мойны біртіндеп біліктей денеге білінбей ауысады. Алдыңғы және артқы аяқтары жүзу ескектеріне өзгерген. Белгілі бұл тұқымдастың артқы ескектері денесінің артына қарай қайырылады және құрлықта жануарлардың қозғалуына ықпал етеді. Кәдімгі итбалықтардікі алдыға қарай қайырылмайды, үнемі артқа қайырылып жүреді және қатты субстратта қозғалуға көмектеспейді. Көбінесе ескекаяқтылар ірі немесе орташа көлемдегі жануарлар, денелерінің ұзындығы 1.2-ден 6,0 м-ге дейін., салмағы 20 кг-нан 20 т-ға дейін болады. Көп түрдің жүн (котиктерден басқасы) қысқа, қатты, аздап түбітті, ал кей түрінде тіптен редукцияланған (морждар). Тістері қоректену ерекшеліктеріне қарай құрлықта өмір сүретін жануарлармен ұқсас, бірақ аздар дифференцияланған. Морждардың жоғарғы күрек тістері үлкен, кескіш тістерінің және азу тістерінің беткей жағы тегістеу келеді. Жануарлар тірі балықпен, ұлулармен, шаянтәрізділермен және т.б. қоректенеді. Ескекаяқтылар суық және қалыпты жылы солтүстік пен оңтүстік жартышарда мекендейді. Тұқымдастың үшеуінен ТМД фаунасында, Қазақстанда тек бір түрі ғана нағыз итбалықтардың (Phocidae) —каспийлік итбалығы (Phoca caspica) мекендейді.


Нағыз итбалықтар тұқымдасы PHOCIDAE



Орташа және кішкентай көлемдегі, біліктей денелі, денесінің астына қарай қайырылмайтын артқы аяқтары бар жануарлар. Ересек жануарлардың түкті жамылғысы қысқа, қатты, түбіті жоқ. Көп түрдің жаңа туған балаларының жүні үлпілдек және қалың болады. Бұл тұқымдастың 10 түрінен Қазақстанда тек біреу-каспийлік итбалық (Phoca caspica ) ғана мекендейді.

Систематикасы (жүйеленуі): каспийлік итбалықтың байкал итбалығымен (Phoca sibirica) және Шығыршықты нерпамен ортақ ұқсастықтары көп.

Каспийлік итбалық Каспий теңізінің бассейніндегі жалғыз түр және географиялық басқа пішіні жоқ. Сипаттамасы: бұл итбалықтың суда өмір сүруге бейімділігі және құрлықты қаламайтыны сыртқы пішініне көп өзгерістер әкелген. Сыртқы пішіні бойынша ұршық тәрізді формалы, денесінің алдыңғы жағы жуандау. Басы үлкен емес, денесі сияқты тығыздалған. Мойны қысқа және денесіне қарай бірқалыпты ауысады, қозғалысы шектелген. Алдыңғы аяқтары редукцияланған, ескектерге өзгерген және де қатты субстратта қозғалу мақсатында қолданылмайды. Олар алдыға, артқа және төмен жоғары қарай бүгілу қабілетін сақтап қалған. Алдыңғы аяқтарындағы бармақтарының мықты тырнақтарымен мұз бетіндегі тыныс алу үшін, мұз бетіне шығу үшін тесіктерді кеңейтеді, қоректерін жұлмалау үшін пайдаланады. Артқы аяқтары денесінің астына қарай қайырылады, Аяқ-қол бөлімдерінің үлкен бөлімі терілі-бұлшық етті қапта орнында болады; дистальді олардың бөлімі ұзартылған және көлденең еркін иіледі - оңға және солға .

Артқы аяқтарының бірінші және бесінші бармақтары ұзындығы бойынша үлкен емес, ал ортаншысы қысқарақ. Барлық бармақтарының арасы жарғақпен қосылған, бұл ескегінің көлемін үлкейтіп тұрады. Итбалықтың артқы аяқтарының табаны жоғарыға қаратылған. Құрлықта өмір сүретін жануарлармен салыстырғанда суда өмір сүруге бейімделгендіктен қаңқасының және бұлшық ет массасы аз болады: дене салмағының 7—10%, тері асты майының — 34-52, қаңқасының — 4,03-7,31, бұлшық етінің— 27,7—30,3%. Итбалықты су астында жүзу кезінде оттегімен қамтамасыз етіп тұратын көптеген механизмдері бар. Бұл олардың сыртқы демалысын уақытша тоқтатып қоюға мүмкіндік береді, бұл дельфиндерде 3-4 реттен аспайды. Жануарлардың қоректену ерекшеліктеріне қарай тістерінің жүйесі тек қоректі ұстап тұруға бейімделген. Азу тістері 3 қырлы, төртінші қыры кейбір особьтерде ғана кездеседі. Тістері астыңғы үстіңгі жақ тістері бір-біріне қосылған кезде құлып сияқтанып жабылып қалады. Бұндай жабылу кезінде көлемі тіптен кішкентай азықтарын да ұстап тұра алады. Каспийлік итбалықтың бас сүйегі жіңішке, созылыңқы. Тұмсық сүйектері маңдай сүйегіне бекітіледі. Оның алдыңғы қырларында үш шығыңқы екі ұзын (шеткі) және қысқалау-орташа жақтары болады. Есту көпіршіктері сәйкесінше үлкен емес және үшбұрыш пішінді. Жынысы жағынан жетілген жануарлардың дене тұрқы 125—160 см-ді құрайды, сонымен қатар аналықтары аталықтарынан едәуір кішкентай болады. Салмағы 100 кг болатын жануарларда кездеседі. Жыл мезгілдеріне байланысты жануарлар ең көп салмақты терең күзгі уақытта және қыс мезгілінің басында жинайды. Итбалықтардың барлық жас мөлшеріне қарай ең аз салмағы төлінен басқасы, түлеу аяқталар шақта көктемде және жаз мезгілінің бастапқы кезінде байқалады. Түлеу: ересек жануарларда түлеу бір – ақ рет болады. Кейбір особьтердің түктерінің толығымен ауысуына 2-3 аптадан 1 айға дейінгі уақыт кетеді. Негізінде түктерінің түсуі көз айналасынан, басының беткі жағынан, ескектерінің алдыңғы жағынан, құйрығының маңайы және артқы ескектерінен басталады. Кейін арқа тұсында басынан құйрығына дейін домалақ және сопақша пішінде дақтар пайда бола бастайды. 7-10 күн ішінде ескі жүннен босаған аймақтары жоғарыдан төмен арқасынан ескектеріне қарай ауыса береді, ол кезге дейін басқа жеріндегі ескі жүндері толығымен түсіп үлгереді. Ең соңында жандарындағы жүндер түседі. Итбалықтар қысқы ұзын жүндерін тастап жаңа қысқа сирек жүндермен қапталады. Бұл кезде жүннің көптеген реңдері болады, және бүкіл денесіндегі бұл реңдер оларды өте сүйкімді, әдемі етіп көрсетеді. Бірақ бұндай әдемі болып жүруі тек 2-3 аптаға ғана созылады.



Таралуы: каспийлік итбалық тек Каспий теңізінің маңын ғана

мекендейді. Жануар сонымен қатар аз мөлшерде Иран территориясындағы

өзен-суларда мекендейді.

Шығыршықты нерпа Тевяк







Хохлач Уздделла итбалығы
Көбеюі және өсіп дамуы: аналық итбалықтар жыныстық жағынан 5-ші жылы ғана жетіледі. Аталықтары да осы кезде шағылысуға түседі. Каспийлік итбалықтың буаз болу мерзімі 11 ай. Халық шаруашылығындағы маңызы: ұзақ жылдар бойы итбалық өндіріс көзінің шикізаты болып келеді. Өйткені құнды шикізат-май береді. Бұл май парфюмерияда және медицинада пайдаланылады. Ірі жануарлардың терісін тері шикізаты ретінде қолданады. Систематикасы (жүйеленуі): құлақты итбалықтар тұқымдасы – Otaridae. 7 туысы бар: солтүстік, оңтүстік, калифорниялық, теңіз мысықтары, оңтүстік теңіз арыстандары, сивучтар, австралиялық теңіз арыстандары, жаңа зенландиялық теңіз арыстандары.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет