2. ДӘрістер 1 Модуль Кеміргіштер, жыртқыштар, ескекаяқтылар отрядының систематикасы



бет8/11
Дата15.09.2017
өлшемі8,56 Mb.
#33700
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Сипаттамасы: ұзындығы 110-140см, салмағы 65кг. бұл қысқа мұрынды мықты жануар аяқтары ұзын, табаны жалпақ денесі қара қысқа жүнмен қапталған кеудесінде ақ немесе жирен түсті таға тәрізді белгісі бар таралуы Бирма, Үндіқытай, Тайланд мемлекеттерінде таралған. Ағашқа жақсы өрмелеуге бейімделген. Көбеюі және өсіп дамуы: моногамдарға жатады, аналық 2 бала туады. Қысқы ұйқыға кетпейді.

Ерінді аю (медведь губач).

Сипаттамасы: туыстағы жалғыз түр, малайлық аюдан үлкен, денесінің ұзындығы 1,4-1,8 метр, салмағы 130 кг. Аяқтары ұзын, тырнақтары үлкен, мұрыны ұзын, жүні қатты сабалақ әсіресе иық арасында, түн мезгілінде белсенді, күндізгі уақытта көбінесе ұйықтайды. Индостан ормандарынан Шриланкаға дейін таралған.

Көбеюі және өсіп дамуы: буаз болу ұзақтығы 7 ай. 1- 3 бала туады. Қызыл кітапқа кіргізілген.

Сұрақтар:

  1. Жыртқыштар отряды аю тәрізділер тұқымдасына сипаттама берініздер

  2. Систематикасын атаныздар.

  3. Халық шаруашылығындағы маңызы қандай?

  4. Көбеюі мен өсіп дамуы қалай жүреді?

Әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)

9 - тақырып. Жыртқыштар отряды. Сусарлар тұқымдасы (MUSTELIDAE).
Дене тұлғасы, қағида бойынша, күшті ұзарған, аяқтары қысқа, табаны немесе жартылай табанын тигізіп жүреді, бес саусақты, көбінесе тырнақтары иілмеген. Аяқ білезігі мен табаны түкпен қапталған, жаланаш жастықшасы болып, өте сирек тіпті жалаңаш болады. Кейбір түрлерінің бармақтары арасында жақсы дамыған, әсіресе артқы аяқтарында жүзу жарғақтары болады. Басы сәл созылынқы, тұмсұғы үшкірлеу, кейде жалпақ. Құлақтары кей түрлерінде үлкен, үшкірленген, басқаларында кішілеу, домалақтау, тағы бір түрлерінде тіпті жойылған, есту жолдары тұйықтала алады. Мойны қысқа. Құйрығы өте қысқадан ұзынға дейін түрленеді. Түк жамылғысы әдетте қалың, жібек тәрізді, кейде сирек, қылшықты. Оның түсі әртүрлі келеді. Бір түске боялуымен қатар, арасында өте түрлі-түсті ашық тарғыл сүретте кездеседі. Жылына 1 немесе 2 рет түлейді. Кейбір солтүстіктегі түрлерінің түк жабыны қыста ақ болады. Бас сүйегінің құрылысы мен мөлшері аса әртүрлі, ол жануарлардың көлемі мен тіршілік етуіне байланысты. Көптеген түрлер бас сүйегінің көлемі үлкен емес, бет жағы қысқа, ми қабығы қампайған. Ірі түрлерінің бас сүйегінде қырлары жақсы көрінеді. Төменгі күрек тістерінің саны екіге, жоғарғы және төменгі тіс түбірінің алдындағы екіге, тіс түбірінің төменгі артқысы бірге дейін қысқаруы тек аз түрлерінде байқалады. Жыртқыш тістері жақсы дамыған. Көптеген түрлердің азу тістері өткір дөңестеу, ал кейбірінде қоректенуіне орай мұқал төмпешікті болады. Сезім мүшелері ішіндегі ең дамығаны есту және иіс сезу ағзалары. Қағида бойынша, олар жылына 1 немесе 2 ұрпақ береді, олардың саны 1-ден 10-ға дейін жетеді, кейде одан да көп болады. Көптеген түрлерінде жасырын сатысы байқалады, ол бірнеше күннен бірнеше айларға созылады. Сусарлардың практикалық маңызы зор, себебі оның көптеген түрлері аса құнды кәсіптік аң терілі хайуандарға жатып, аң шаруашылықтарында өсіреді. Бұл тұқымдастың көптеген түрлері өте пайдалы, өйткені олар зиянды кеміргіштерді, жәндіктерді, олардың дернәсілдерін (личинка) жояды. Тұқымдас жүйесі әлі толық анықталмаған. Тұқымдаста 24 туыс, онда 64 түр, Қазақстанда олардың 6 туыс және 14 түрі кездеседі.


Түрлері

Атауы

Американдық борсық

American badger

Американдық сасықкүзен 

Mustela nigripes

Бирмалық сасыққүзеннің борсығы

Burmese Ferret badger

Кәмшат

Lutra lutra Linnaeus

Ақкіс

Mustela ermine

Гризон

Galictis vittata

Зорилла

Ictonyx striatus

Илька

Martes pennant

Теніз қамшаты

Enhydra lutris

Сары күзен

Mustela sibirica

Тас сусары

Martes foina Erxleben

Итаю

Mellivora capensis

Орман сусары

Martes martes Linnaeus

Аққалақ

Mustela nivalis Linnaeus

Еуропа қара күзені

Mustela Lutreola

Шұбар күзен

Vormela peregusna Guldenstaedt

Бұлғын

Martes zibellina Linnaeu

Кұну

Gulo gulo Linnaeus

Сарғыш күзен

Mustela altaica Pallas

Тайра

Eira Barbara

Харза

Martes flavigula

Сасық күзен

Mustela еversmanni Lesson


Ласка (Mustela nivalis Linnaeus) денесі ақ тышқандай жіңішке, ұзын, қысқа табанды, онда өте өткір тырнағы болады. Басы сопақша, кішкентай құлақтары домалақтанған, танауының ұшы доғал және біраз қосарланған. Құйрығының негізінде бездері бар, олар жағымсыз иісті сұйықтық бөледі. Бастың үсті, арқасы, бүйірлері, құйрығы және аяғының сыртқы жағындағы жазғы үлбүрінің түсі қоңырша-қоңыр, ал тамағы, жоғарғы ерінінің жиегі, төсі, құрсағы және аяқтарының ішкі жақтары таза ақ түсті болады. Үлбүрінің қалыңдығы жазда да, қыста да бірдей, бірақ жазғы түгі қысқа, қыстағыдан жіңішке. Америка мен Африкада таралған, Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Қазақстанда оның 2: сібірлік, шөлдік түрлерін ажыратады. Жыл бойы белсенді болады. Ол шапшаң, жылдам жүгіреді, жақсы өрмелейді, малтиды, батылдылығы және басқаға шапқындық жасауымен ерекшеленеді, әрі барлық ұсақ жануарлардың қауіпті жауы саналуда. Олар кеміргіштер, балапандар, бақалар және жәндіктермен қоректенеді. Буаздығы 5 жұмаға созылады. Ұясында 4-тен 8-ге дейін ұрпақтары болады. Олардың тіршілік ұзақтығы орташа 20-30 жыл.

Тас сусары (Martes foina Erxleben) Қазақстанда, оның тек 1 түрі: орта азиялық тас сусары ғана кездеседі. Еуразия, Монғолия, Гималай, Ресей, Тянь-Шань, Алтайдың көп бөлімдерінде таралған. Кеміргіш, құс, өсімдік және жемістермен қоректенеді. Жыныстық жетілуі 15-27 айларда жүреді. Буаздық мерзімі бір айға созылады, 3-4 күшік әкеледі. Орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 10 жыл. Қазақстанның Қызыл Кітабына тіркелген.

Орман сусары (Martes martes Linnaeus) Еуропа, Азияның батыс бөлігін, Батыс Сібір, Кавказ, Испания және Скандинавияны мекендеп, ең бастысы орманды жерлерде қоныс тебеді. Қазақстанда тек бір: оңтүстік орал орман сусары ғана таралған. Оның түгі сарғылт немесе қою-қоңыр түске боялған. Қысқы үлбірі ұзын, жібек тәрізді, жазда ол қысқарақ және қатты. Денесі сопақша, біршама қысқа аяқтары және түк жамылғысымен. Құйрығы біршама ұзын, жібек тәрізді, оның басты қызметі сусар өрмелеп, секіргенде тепе-теңдігін сақтау. Басында үшбұрышты, сары жолақпен көмкөрілген құлақтары орналасқан. Талғаусыз қоректенетін аң, бірақ ұсақ сүтқоректілерді, құстарды, олардың жұмыртқаларын жеуді ұнатады. Жыныстық жетілуі тіршілігінің екінші жасында басталады, бірақ олар алғаш рет, үш жасында шағылысады. Жылына бір рет көбейеді, 2-ден 4 күшікке дейін әкеледі. Қазақстанның Қызыл Кітабына тіркелген.
Сусарлар тұқымдасы (Mustelidae)



Американдық борсық

(American badger)



Американдық күзен 

(Mustela nigripes)




Бирма борсық

(Burmese Ferret badger)


Қамшат

(Lutra lutra Linnaeus)



Ақкіс

(Mustela erminea)




Гризон

(Galictis vittata)



Зорилла

(Ictonyx striatus)


Илька

(Martes pennanti)



Теніз қамшаты

(Enhydra lutris)


Сары күзен

(Mustela sibirica)





Тас сусары

(Martes foina Erxleben)



Итаю

(Mellivora capensis)


Орман сусары

(Martes martes Linnaeus)





Аққалақ

(Mustela nivalis Linnaeus)


Еуропа қара күзені

(Mustela Lutreola)




Шұбар күзен

(Vormela peregusna Guldenstaedt)




Бұлғын

(Martes zibellina Linnaeus)

Құну


(Gulo gulo Linnaeus)



Сарғыш күзен

(Mustela altaica Pallas)



Тайра

(Eira barbara)



Харза

(Martes flavigula)

Сасық күзен



(Mustela eversmanni Lesson)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет