Микрофондарсезімталдығы Қоршаған ортадан түсетін дыбыс толқындары микрофон диафрагмасына эсер еткен уақытта әр түрлі тербелісте болады. Әр түрлі болуы дыбыс толқынының қай жақтан әсер етуіне қарай өзгереді. Сол себепті, микрофон диаграммасын негізі үш типке бөлуге болады:
-дөңгелек, -жүрекше тәрізді және -сегіз санының пішіні түрінде. Бағытталу диаграммасының формалары микрофондардың жұмыс принциптеріне байланысты.
Микрофонның сезімталдығы деген ұғым түскен сигналмен шығатын дыбыс қысымының бірлігімен айқындалады. Ол бірлік децибелмен өлшенеді. Сонымен, микрофонның сезімталдығы ең төменгі электрлі сигнал арқылы анықталады, күшейткіштен дыбыстың шығуы арқылы байқалады. Кейбір бағытталған микрофондардьщ сезімталдығы аса нәзік, егер микрофон өздігінен сәл ауытқитын болса қабылдағыштық қасиеті азаяды. Микрофонға қойылатын өзіндік талаптар бар: берілетін дыбыс деңгейінен электрлі сигнал жасалуы қажет және ол құралдың өзіндік электрлі шуларының деңгейінен аспауы керек; шыққан сигналға кедергілер болмауы тиіс; аппаратқа қосылған соң жиіліктегі дыбыстардың біркелкі берілуі қажет.
3-тақырып Ұялы радиотелефон және адам денсаулығы. Ұялы телефон — радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.
Тарихы 1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.
Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр
Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын.
Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады.
Ұялы телефонның зияны