Медиакеңістікте және көпшілік алдында ойдағыдай сөйлеу үшін қажетті негізгі дағдылар:
1) Сөйлеу кезіндегі сезімталдығы мен қағылездігі. Тарихтан эмоциялары немесе қағылездігі арқасында әлемге әйгілі болған көптеген шешендер туралы білеміз. Бұл
жерде сезімталдық қана емес, ал сонымен қатар:
аудиторияны бақылауда ұстауыңыз;
ым-ишарат тілін меңгергендігіңіз;
аудиториядағы қозғалысыңыз;
дауыс ырғағыңыз;
бетіңіздің мимикасы маңызды болып табылады.
2 ) Сөйлеу мәнері мен дауыстың қаттылығы. Тыңдаушылардың басқалардың сөйлеу мәнері мен дауыс қаттылығын қабылдауы әртүрлі болады. Сондықтан
егер шешен адам ақырын сөйлесе, ал аудиториядағы адамдар қатты сөйлеуге үйренген болса, онда оған қаттырақ сөйлеуге тырысу керек. Сөйлеу мәнері мен сөз қарқыны туралы да осыны айтуға болады: тез сөйлейтін адамдар
сәйкесінше тез ойланады, тамақты тез жейді, шешімді жылдам қабылдайды. Олар үшін жай сөйлеу
қиындау болып табылады
3) Дене тұрқы. Кез келген шешенді «Қолымды қайда қоямын?» және «Қалай дұрыс тұру керек?» деген сияқты сұрақтар мазалайды. Аудиторияны тыңдаған кезде қолыңызды қатты түсірмеу керек, сөйлегенде қимыл- ишаратпен сөзіңізді жеткізу өте маңызды.
4) Паразит сөздер. Бұл
ешқандай мағынасы жоқ сөздер, егер оларды мүлдем қолданбайтын болсаңыз, сөйлеу мәнеріңіз жақсарады әрі тазарады. Бұл сөздерге: «е-е-е-е», «м-м-м», «не ғой», «былай ғой», «негізі», «жаңағы»,«қысқасы», «яғни» және т.б. жатады.
5) Ойлау икемділігі. Қиын
жағдайлар туындағанда, аудитория тарапынан қитұрқы сұрақтар қойылғанда және мінезі қиын тыңдаушылар болған кездегі келеңсіздіктерден шешен адамның ойлау икемділігіне байланысты оңай құтылуға болады.
6) Сөздік қор. Кейде шешен адамда жоғарыда көрсетілген қасиеттердің барлығы болса да, сөздік қорының болмауы немесе оның тым жұтаңдығы оны ыңғайсыз жағдайда қал- дыруы мүмкін.
Медиакеңістікте және көпшілік алдында ойдағыдай сөйлеу үшін қажетті негізгі дағдылар:
1) Сөйлеу кезіндегі сезімталдығы мен қағылездігі. Тарихтан эмоциялары немесе қағылездігі арқасында әлемге әйгілі болған көптеген шешендер туралы білеміз. Бұл жерде сезімталдық қана емес, ал сонымен қатар:
аудиторияны бақылауда ұстауыңыз;
ым-ишарат тілін меңгергендігіңіз;
аудиториядағы қозғалысыңыз;
дауыс ырғағыңыз;
бетіңіздің мимикасы маңызды болып табылады.
2 ) Сөйлеу мәнері мен дауыстың қаттылығы. Тыңдаушылардың басқалардың сөйлеу мәнері мен дауыс қаттылығын қабылдауы әртүрлі болады. Сондықтан егер шешен адам ақырын сөйлесе, ал аудиториядағы адамдар қатты сөйлеуге үйренген болса, онда оған қаттырақ сөйлеуге тырысу керек. Сөйлеу мәнері мен сөз қарқыны туралы да осыны айтуға болады: тез сөйлейтін адамдар сәйкесінше тез ойланады, тамақты тез жейді, шешімді жылдам қабылдайды. Олар үшін жай сөйлеу қиындау болып табылады
3) Дене тұрқы. Кез келген шешенді «Қолымды қайда қоямын?» және «Қалай дұрыс тұру керек?» деген сияқты сұрақтар мазалайды. Аудиторияны тыңдаған кезде қолыңызды қатты түсірмеу керек, сөйлегенде қимыл- ишаратпен сөзіңізді жеткізу өте маңызды.
4) Паразит сөздер. Бұл ешқандай мағынасы жоқ сөздер, егер оларды мүлдем қолданбайтын болсаңыз, сөйлеу мәнеріңіз жақсарады әрі тазарады. Бұл сөздерге: «е-е-е-е», «м-м-м», «не ғой», «былай ғой», «негізі», «жаңағы»,«қысқасы», «яғни» және т.б. жатады.
5) Ойлау икемділігі. Қиын жағдайлар туындағанда, аудитория тарапынан қитұрқы сұрақтар қойылғанда және мінезі қиын тыңдаушылар болған кездегі келеңсіздіктерден шешен адамның ойлау икемділігіне байланысты оңай құтылуға болады.
6) Сөздік қор. Кейде шешен адамда жоғарыда көрсетілген қасиеттердің барлығы болса да, сөздік қорының болмауы немесе оның тым жұтаңдығы оны ыңғайсыз жағдайда қал- дыруы мүмкін.