2 Ертіс жалпы орта білім беру мектебі бойынша 2019-2020 оқу жылының бірінші жартыжылдығында тәрбие бойынша атқарылған жұмыстар туралы анықтама



Дата11.06.2020
өлшемі14,32 Kb.
#73108
түріБағдарламасы
Байланысты:
Тәрбие жұмысы есеп 2019-2020


2 Ертіс жалпы орта білім беру мектебі бойынша

2019-2020 оқу жылының бірінші жартыжылдығында тәрбие бойынша атқарылған жұмыстар туралы анықтама

№2 Ертіс жалпы орта білім беру мектебінің тәрбие ісі жұмысының жылдық жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін басшылыққа алынып  әзірленді.



Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу. 

Міндеттері: 

1.     Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.

2.     Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.

3.     Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.

4.     Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету. 

5.     Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық  ойлауы мен кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту. 

6.       Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
2019 жылдың қыркүйек айынан мектептің тәрбие жұмысы 8 бағытта жұмыс жасап келеді. Олар:

1. Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие

2.     Рухани-адамгершілік тәрбие

3.     Ұлттық тәрбие

4.     Отбасы тәрбиесі

5.     Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

6.     Интеллектуалдытәрбие, ақпараттықмәдениеттітәрбиелеу 

7.     Көпмәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбие

8.     Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты 

Тәрбие жұмысының жүйесі келесі нормативтік-құқықтық құжаттармен реттеледі:

1.ҚРПрезидентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы No 205 бұйрығымен бекітілген, ҚазақстанРеспубликасы білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

2.ҚазақстанРеспубликасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі No 145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері;



3.ҚазақстанРеспубликасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі No 145 бұйрығымен бекітілген, 2019-2024 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерін іске асырудың іс-шаралар жоспары;

4.ҚазақстанРеспубликасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы No 525 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың Тұжырымдамалық негіздері.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет