2 есептеу теориялық БӨлім


Тесттік тапсырмалардың типтері



бет2/10
Дата17.12.2019
өлшемі1,11 Mb.
#53663
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-23252

2.2.2 Тесттік тапсырмалардың типтері

Тестілеу жүйесінде 4 түрлі тесттік тапсырмалар қолданылады:



  1. ашық типті

  2. жабық типті

  3. сәйкестікте орнатылған тапсырмалары

  4. реттпен орнатылған тапсырмалары

Ашық типтіге екі түрлі тапсырмалар – қосымша тапсырмалар және еркін мазмұнды тапсырмалар. Еркінді мазмұнды тапсырманың ерекшелігі – сынақтағылар өздері бір немесе бірнеше сөз жазады (сандар, әріптер, сөз тіркестер, тіпті сөйлемдер). Олар тапсырма бойынша өз еркінмен жауап жазады. Жауапқа белгілі бір шектері де қойылмаған. Бірақ тапсырманың нысаны бір жауап қана қайтаратындай болу керек. Мұндай еркін мазмұнды тапсырмалар психологиялық, әлеуметтану, сонымен қатар интеллектік тесттерде қолданылады.


Білім жетістіктерінің деңгейін анықтау мақсатында компьютерлік тестілеу кезінде үлгілі жауаптар нұсқалары міндетті түрде болуы керек.

Ашық типті тапсырмаларды құру кезіндегі ең басты мәселесі – бір мағыналы дұрыс жауаптарының болуы. Жауаптарды бір мағыналы етіп нысандандыратын бірнеше тәсілдері бар. Қосымша тапсырмаларды құрудың жағымды жақтары:



  1. . ықшамдық және бір мағыналық;

  2. . жауаптарды еске түсіру;

  3. . бірнеше нұсқалы жауаптарды іздеудің керексіздігі;

  4. . сұрақтарды нысандандырудың қарапайымдылығы;

  5. . тексерудің қарапайымдылығы;

  6. . жауапты табудың мүмкінсіздігі.

Бұл тапсырмалардың негізгі артықшылығы – жауапты табу мүмкінсіздігі, ал кемшілігі – дұрыс жауапты нысандандырудың қиындығы. Сонда да бұл форма формулалармен немесе есеп шығарумен жауап бергенде ыңғайлы.
2.2.3 Тапсырмаларды құрудың принциптері:
І. Тапсырма мазмұнын логикалық анықтау принципі: тапсырмалар логикалық анықталған болып табылады, ойлау үрдісін ұйымдастырады. Логикалық анықтау принципін бұзған кездегі мысалдары:

(1) жалға алу келісім шарты болып табылады – (жауап – «өзара»)

Бұл жердегі сұрақтың қателігі келісім шарттың «қандай» емес «не» болу керектігі немесе жауаптар нұсқаларын дұрыс құру керек.



(2) келісім шарт бойынша өзара міндеттер орындалу керек – (жауап – «бір уақытта»)

Бұл жерде сыналушылар сұрақты түсінбеуі мүмкін: қандай сұраққа жауап беру керек «қалай орындалу керек» әлде «кім орындау керек».



(3) бірінші әлеуметтік-демократиялық партияның құрылуы – (қашан және қай жерде).

Сонымен, әрбір сұрақты оқығаннан кейін бастапқыдан-ақ түсінікті болуы қажет.



ІІ. Тапсырманың вариациялық (фасеттік) мазмұны. Фасет – бірдей сұрақтардың жауаптары әртүрлі болу формасы. Бұл форма бақылау кезінде бір-бірінен көшіруге жол бермейді.

(4) {t} секунд уақытында өткізгіш {R} арқылы өткендегі ток күші {I} - Джоуль жылуды шығарады.

Бұл тапсырмада 3 символдық фасет анықталып тұр, мұнда Джоуль-Ленц заңының қолдана алуын тексеру үшін берілген нұсқаларда ток күші, уақыт пен кедергіге кез-келген комбинацияларды қоя беруге болады. Мұндай фасеттерді барлық физикалық заңдылықтарды тексеру, сонымен қатар практикалық және лабораториялық жұмыстарды орындау үшін қолдануға болады.



ІІІ. Параллельдік принципі. Бұл принциптің бір-бірімен кумулятивтік (жиын) қатынаспен байланысқан 3 түрлі ұғымы бар:

- тапсырмалардың мазмұн бойынша параллельденуі;

- мазмұн және форма бойынша параллельденуі;

- мазмұн, форма және тапсырманың қиындығы бойынша параллельденуі.

Тапсырмалардың мазмұн бойынша параллельдігі фасеттік принципін және қайтымдық принципін қолдану арқылы жетілдіріледі.

ІV. Қайтымдық принципі. Мысалға:

(5) функцияның туындысын табу – болып табылады

Қайтымдық:



(6) табу операциясын дифференциалдау деп аталады –

Тағы бір мысал:



(7) дифференциалды функциясының туындысы деп аталады – функцияның дәлелге үстелуі

Қайтымдық:



(8) функцияның дәлелге үстелуінің туындысы - функциялар

Кейде бір тесте қайтымдық тапсырмалар қайталана береді:



(9) интегралды табу опреациясы болып табылады –

(10) бастапқыны табу опреациясы болып табылады –

Егер сыналушылар оқу материалынан хабардар болса мұндай жағдайда бірдей жауаптарын ұсына алады.

Тапсырмалардың дербестігін сақтай отырып мұндай жағдайдан құтылуға болады. Мысалы:

(11) әр түрлі нейтрондар саны бар ядролар мынаған жатады –

(12) изотоптарға әртүрлі саны бар ядролар жатады –

Осы тапсырмалардың біреуін былай өзгертуге болады:



(13) изотоптарға мынадай ядролар жатады –

- әр түрлі нейтрондары бар

- бірдей нейтрондары бар

Сөйтіп, 1 тапсырмадан 3 параллельді тапсырма болып шықты.

Тағы бір мысал:

(13) А. Байтұрсыновтың туған қаласы –

(14) А. Байтұрсыновтың туған қаласы

- Торғай

- Алматы

- Верный

- Көкшетау

- Ақмола
Немесе:

(15) Волга мына теңізге құяды –

(16) Волга_____теңізге құяды

- Каспий

- Балтық

- Қара

- Азов

Егер бірнеше фактілерді тексеру қажет болса, онда сәйкестіктерді орнату тапсырмасын қолдану керек:



(22). Теңестір


Волга

Каспий

Нева

Балтық

Дон

Азов

Днепр

Қара


V. Қысқалық: тапсырма құрамындағы сөздердің аз да, түсінікті де, жеңіл болуы. Атап айтқанда «деп аталады», «болып табылады» т.б. сөздерді түсіріп тастаса да тапсырма мазмұны түсінікті болып тұрады.

VІ. Терістеу принципі. Тапсырманың құрамында терістеу сөздерін қолданбауға кеңес беріледі. Мысалы:

(23) банкалар мынадай дене бөлігіне қойылмайды – (омыртқа)

Бірақ банканы тек омыртқаға ғана емес, басқа дене бөлшектеріне қойылмайды.



(24) – нүктеде болмайды (жауап – бөлшектер)

Бұл тапсырмада логикалық ережелер бұзылып тұр. Сыналушылар нүктенің иісі, салмағы, дәмі, ұзындығы т.с.с. болмайды деп жауап жазуы мүмкін.



VІІ. Түсінікті анықтау көлемінің анықтаушының көлеміне сай келетін логикалық принципі.

(25) қабырғалары тең төртбұрыш – (жауап – ромб)

(26) тұңғыш космонавт – (жауап –Гагарин)

Автор бұл сұраққа Гагарин деп жауап береді деп күтуде, алайда сыналушылар жауап ретінде «орыс адам», «кеңес азаматы», «Тоқтар Әубәкіров» және т.б. жауап беруі мүмкін. Сондықтан ашық типті тесте тапсырманы нақты етіп құру керек: «Әлемдегі тұңғыш космонавттың аты».

Ашық типті тапсырмалардың құрылымында міндетті түрде келесідей элементтері болуы керек:

1. сыналушыларға арналған нұсқаулар. Бұл «толықтыру», «ілік септікте көрсету», «үтір арқылы көрсету» т.с.с. сөйлемшелері болуы мүмкін.

2. тапсырманың мағыналық негізі.

3. сұрақтарға жауап. Салыстырыңыз:



(27) - табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын қаражат

Немесе:

(28) Табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат –

Ашық типті тесті дұрыс жауап беру ықтималдығын азайту мақсатында қолданылады. Сондықтан бұл тесттің түрі тест құрастырушыларға да, сыналушыларға да қиын болып саналады. Сонда құрастырушылардан тапсырманы жете құруды, көптеген ережелерді сақтауды, ал сыналушылардан нақтылы білімін талап етеді [22].

Жабық типті тапсырмаларға: альтернативті жауаптар және көптік таңдаулар жатады. Жабық типті тестік тапсырмаларда бірнеше жауаптар қарастырылады: бірнеше жауаптардың ішінен тек дұрысы таңдалады. Дұрыс емес жауаптар бірақ дұрыс жауапқа өте жақын болатын тесттер дистрактор деп аталады. Бұл ағылшын тілінен аударғанда – алаңдату. Алайда дұрыс жауапқа ұқсайтын дұрыс емес жауаптардың саны біреу болу керек. Атап айтқанда, бір дұрыс жауап оған тағы бір жауап ұқсайды делік, екеуінің арасында қарама-қайшылық туындайды, ал егерде үшінші жауап ұқсайтын болса, онда сыналушылар барлық «жауап дұрыс» немесе керісінше «дұрыс жауап жоқ» деп жауап беруі мүмкін [23].


2.2.4 Тапсырманың альтернативті жауаптары
Барлық пәндерде дихотомиялық оқу элементтері кездеседі. Бұл дегеніміз дүниені екіге бөлу: ақиқат және жалған; үрдістің, фактінің, әдістің дұрыс немесе дұрыс еместігін анықтау; жақсы немесе жаман; қандай жағдайда болмасын жасауға болмайды немесе керісініше болады. Екі жауабы бар тестік формалы тапсырмалар осындай білімдерді тексеруге арналған. Альтернативті тестте екі жауап беріледі. Сыналушылар екі жауаптың бірін таңдау керек: «ия немесе жоқ», «дұрыс немесе дұрыс емес» және т.б.

Мысалы:


(29) ҚР Ішкі істер министрлігі Жол поли­циясы комитеті мамандарының айтуын­ша, мотоцикл, мотороллер және басқа да мотокөлік құралдарын («А» санаты) басқару құқығы 16 жасқа толған адам­дарға -  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет