20. «Неміс классикалық философиясы». И. Кант фил-сы.
Философиялық сөздікте классика деген ұғымға – сlаssіcus (латынша) – тыныштыққа, салмақтылыққа, реттілікке, айқындыққа, үйлесілімділіккё үмтылу; үлттық және әлемдік мәдениет үшін баға жетпес қүндылық бо-лып есептелетін ең озық, үлы туындылар, классика қызуқандылыққа, рет-сіздікке, қараңғылыққа қарама-қарсы деген анықтама берілген. Неміс философиясына классикалық атауының берілуі оның дүниежүзілік философия тарихында алатын орнының аса маңызды, көрнекті екенін көрсетіп түр. Сөз жоқ, неміс классикалық философиясы – тарихи феномен, ол фундамент қана емес, маңғаз ғимарат, оның әрбір өкілі қай-таланбас тұлға, тендесі жоқ құндылық. И.Кант, И.Фихте, Ф.Шеллинг, Г.В.Гегель, Л.Фейербах және тағы басқа философия тарихында өшпейтін
із қалдырған ойшылдар. Неміс классикалық философиясының әлеуметтік-мәдени алғы шарттары: Германия үшін ХVІІІ-ғасыр – Агартушылық Дәуірі. Ағартушылар соқыр сенім-наным, фанатизмге, халықты алдауға бітіспес күрес жүргізді. Ағартушылық өкілдерінің басым көпшілігі осы мектептен өтті. Мысалы, Кант авторитеттер деген жоқ, жаңа кезеңнің уақыты туды, қайшылықтарды көрсете отырып, біржақтылықтан арылу қажет, жаңа шешім беру, бірақ жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, жеңу емес, бітімге келтіру керек деп жариялады. Философияның басты объектісі – адам, оның ақыл-ойының мүмкіндіктері мен шекарасы. Иммануил Кант (1724-1804) – неміс философиясының негізін қалаушы. Ой еңбегіне арналған өмірін өзі дүниеге келген Кенисберг (қазіргі Калининград) қаласында өткізген. Ол философия пәнін оқытушы ретінде де танымал болды. Дауысының әлсіздігіне қарамастан оның лекцияларына адам көп жиналатын. Фи-лософиядан басқа математика, физика, құқық, этика, физикалық география, антропология, рациональдік дінтану курстарынан лекциялар оқыды. Бірақ Інжілді бұрмалады деген айып тағылып, соңғы пәннен лекция оқуға тиым салынды. Лекция оқу егде адамның ісі емес деп, жасы үлкейе келе лекция оқуды тоқтатты, бар назарын барлық ғылымдардың энциклопе-диясын қамтитын үлкен еңбек жазуға бұрды, бірақ ойлау қабілетінің бірте-бірте төмендеуі себепті бұл еңбек үзінділер күйінде қалды. Өзінің ғылыми-философиялық қызметін ең жоғарғы міндеті деп түсінген Кант басқа нәрсенің бәрін осы міндетке бағындырды. Оның философиясының негізгі мәселесі – табиғат, дүние, қоғам емес, субъектінің танымдық қызметі. адамның ақыл-ойының мумкіндіктерінің шекарасын анықтау. Яғни, онтологияның орнын гносеология, субъектінің танымдық қабілеттерін сыни сараптау алмастырды. Сыншылдық кезеңі – Кант философиясынан басталады. Ол ақыл-ойдың өмірдегі мәнін анықтауға ұмтылды, оны таным теориясының шең-берінен шығарып, практикалық ақыл-ойдың адамгершілік заңдарын қалыптастырудағы рөлін көрсетті. Канттың осы соңғы ұстанымы оның адам туралы философиясынан айқын көрінеді. Ол өзінің философиясы туралы: «адамға аса қажет білім болса, ол мен оқытып отырған, адамға дүниеден өз орнын табуға көмек-тесетін ғылым және одан адам болу үшін не істеуді үйренуге болады» , -деп жазған болатын. Кант адам философиясын теория жүзінде сипаттаушы, насихаттаушы болып қана қойған жоқ, өзі осы принциптерді іс жүзінде мүлтіксіз орын-даушы болды. Осы ретте оны Сократпен салыстырган дұрыс. Философиясы қаншалықты адамгершілікке толы болса, Канттың өзі де соншалықты кіршіксіз, қиянатсыз өмір сүрді. Қарсыластары парыз идеясын абстрактылық идея деп санағанмен, оның бұл философиясының оның замандастарына, өзінен кейінгі философиялық ағымдарға әсері мықты болды. М.Әуезовтің өзі: «Канттан бергі философия көзгетүсерлік жол тауып кете алған жоқ*»,- деп. оның философиясын үлкен көрегендікпен өте жоғары бағалаған еді. Осы сөздердің маңызы қазіргі заманда арта түсіп отыр десек, қателеспейміз. Қорыта айтсақ Кант өзіне дейінгі Жаңа Дәуір философтарының ілшіндегі еркіндік, әсірссе, ақыл-парасат еркіндігі идеяларын әрі-қарай дамытты.
Достарыңызбен бөлісу: |